Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / Презентация для воспитателей детского сада на тему "Саусақ ойындары арқылы балалардың тілін дамыту"

Презентация для воспитателей детского сада на тему "Саусақ ойындары арқылы балалардың тілін дамыту"


  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

Алматы облысы , Талғар ауданы, Белбұлақ ауылы

10 мектептің «Балдырған» шағын орталығының тәрбиешісі

Битакова Салтанат Акпаровна


Саусақ ойындары арқылы балалардың тілін дамыту       

  «Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып,

  оның шығармашылық қабілетін дамытады

Ойынсыз ақыл- ойдың қалыптасуы мүмкін  емес».

В.А. Сухомлинский

Халқымыз ерте заманнан өлең жолдарымен бірге жасалатын саусақ жаттығуларының бала дамуына өте қажетті екенін білген. Оған дәлел ретінде ауыз әдебиетінде кездесе- тін «Қуыр, қуыр, қуырмаш», «Қасқыр келсе, қорқасың ба?» деген саусақ ойындарын атаймыз. Балалардың анық та айқын сөйлеуі - олардың толық әрі кең салалы дамуына қойылатын талаптардың негізгісі.           Балалардың сөйлеу құзыреттілігі дұрыс және сөздік қоры бай болса, оларға өз ойын жеткізу оңайға түседі, қоршаған ортаны танудағы мүмкіндіктері кеңейеді, психология- лық дамуында белсеніс күшейеді. Сондықтан баланың сөйлеу құзыреттілігін қалып-тастыруды уақытылы қолға ала отырып, анық әрі дұрыс сөйлеуін қадағалау керек. Балалардың сөйлеу құзыреттілігінің дұрыс өз дең-гейінде жетілуі, оның ата-аналарын да, тәрбиешілерін де толғандыру қажет.   Балалардың сөйлеу құзыреттілігі жоғары деңгейде қалыптасуы ұсақ моторика тәсілдері мен құрылымына байланысты. Қол саусақтары қимылы алғаш дами- тынын, содан кейін сөйлеу құзыреттілігі дами бастайтынын ғалым М.И. Кольцова жүргізген зерттеу жұмыстарында көрсеткен. Саусақ бұлшық еттерін дамытуға балалар ойнайтын асық ойынның да әсері көп болған. Бүгінгі таңда пайдалылығын ғалымдар да дәлелдеп отырған ұсақ қол қимылдарын дамытуға арналған жаттығулардың бала дамуына тигізетін әсеріне тоқталсақ: - есте сақтау қабілеті артады; - елестету арқылы қиялын дамытады; - әр кейіпкердің рөлінеенуді үйреніп, еркін сөйлеуге жаттығады; - саусақ бұлшық еттерін жаттықтыру арқылы қолын жазуға дайындайды; - тілін дамытуға өлшеусіз үлес қосады, қимыл арқылы берілгендіктен балалар өлең жолдарын түсініп, жаттап алады; - айтылуы қиын дыбыстарды дұрыс айтуға ойын түрінде жаттығады - «биік», «аласа», «төмен», «жоғары» терминдерін қолдана отырып, алғашқы математикалық түсініктері қалыптасады; саусақтарын бүге отырып, дұрыс санауға дағдыланады; Ол үшін фланеллеграфты да қолдануды ұсынамын.

D:\Pictures\2016-02-04 детский сад и ислам 04.02.16\детский сад и ислам 04.02.16 1145.jpg D:\Pictures\2016-02-04 детский сад и ислам 04.02.16\детский сад и ислам 04.02.16 1146.jpg Ғалымдар балалардың саусақтарын жаттықтыруды бір жасқа толмай тұрып бастауға кеңес береді. Бұл кезіңде саусақтарын үқалау, бетті, қолды үгу, дидактикалық ойын- дар,табиғи заттармен ойындар, алақанын ашып-жұмғызу жаттығуларын үздіксіз жасау керек. Бала өскен сайын күрделене түсетін жаттығулардың тиімділігі арта түсу үшін оларды жүйелі түрде, оңай түрлерінен бастап жасау ұсынылады. Аталған жаттығулар балаларға күш түсірмейтіндей, қиындықсыз жасалатындай болу керек. Ата – аналар бала саусағын арнайы жаттығулар арқылы емес, күнделікті тұрмыста да жаттықтыра алады. Ол үшін төмендегі қарапайым тапсырмаларды орындауды ұсынуға болады: - жер жаңғақты аршу; - тіс пастасының ауыздарын бұрап ашу, жабу;

- күріштің арасынан күрмекті тауып, алып тастау; - аяқкиімінің бауын байлау, т. б.

D:\Pictures\2016-02-04 детский сад и ислам 04.02.16\детский сад и ислам 04.02.16 1165.jpgD:\Pictures\2016-02-04 детский сад и ислам 04.02.16\детский сад и ислам 04.02.16 1170.jpgD:\Pictures\2016-02-04 детский сад и ислам 04.02.16\детский сад и ислам 04.02.16 1157.jpg

Балаларға саусақ жаттығуларын жасату барысында мына ережелерді есте сақтаған жөн: - оң қол мен сол қол саусақтарын бірдей жаттықтыру керек; - әр жаттығудан кейін қолды төмен түсіріп, бос ұстап, шамалы тынықтырып алу керек; - саусақ жаттығуларының әсері көп болғандықтан, оны барлық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде жасатқан дұрыс болады.

Енді шыңығып көрейік.

«Құлпы» Ілген есік сыртына,

Ұқсайды ма құлпыға? Екі қолыңның саусақтарын құлпыға ұқсатып айқастыр . hello_html_8e5c7f7.png



Ашқың келсе аямай, Екі қолыңды екі жаққа күшпен тартып, құлпына Қатты тартып жұлқыла. ашуға тырыс.

D:\Pictures\2016-02-04 детский сад и ислам 04.02.16\детский сад и ислам 04.02.16 1176.jpg



«Моншақ»

Саны болар оншақты, Саусақтарыңмен моншақтың санын көрсет. Шашып алдым моншақты.

Шымшып, теріп аламын, Бір қолыңның саусақтарын түйістіріп, «шашылған Қорабына саламын. моншақтарды» екінші қолына жина.



 Саусақ қимылдарының дамуы сөйлеу құзыреттілігінің дінгегін қалыптастырады. Ғылыми деректерге сүйенсек қолдың  саусақ қимылдарын және сөйлеу мүшелерін бақылайтын бастағы ми қыртыстары бір-біріне жақын орналасқан. Қолдың саусақтары қимылынан жүйке бастағы ми қыртысына импульс жібереді де, оған жақын орналас- қан сөйлеу аймақтарын белсендіреді.Қол саусақтар жаттығулары есте сақтау және на- зар аудару қабілетін дамытатындығын барлық психологтар айтып кеткен. Тақпақты саусақтар жаттығулары ырғаққа ілесіп қимылдауына және баланың сөйлеу ырғағының қалыптасуына көмектеседі. Саусақ ойындары сөйлеу лексикасың, сөздердің өзара байланысының шыңдалуына себепші. Өлендерді жаттау, жан-жануарлардың дыбыс- тарын салу арқылы балалар айтылуы қиын ызың, үнді дауссыз дыбыстарды анық айтып үйренеді.

«Қоңыз» Қоңыз болып (Ж) дыбысын айтып көр:

Мұндай сұмдық бола ма? Келе салып сонаға. Гүжілдеді: «Бұл ж-ж-ж-жерге Енді қайтып ж-ж-ж-жолама!»

«Шегіртке» Шегіртке болып (Ш) дыбысын айтып көр: Ш-ш-ш-шегірткемін ш-ш-ш-шырылдақ, Ән саламын ш-шырылдап: -ш-ш-ш-ш-ш Жоқ тұрақты мекенім, Ш-ш-ш-шөпті қорек етемін. -ш-ш-ш-ш-ш

«Масалар» ойыны. Балалар жартылай шеңбер құрып отырып, өлеңнің алғашқы екі жолын айтады. Маса рөліндегі бес-алты бала ызылдап ортада жүреді. Отырған балалар өлеңнің соңғы екі жолын айтып болған соң, қолдарындағы орамалдарын желпіп «масаларды» қуады. «Масалар» ызылдай жүріп ортадан кетпеуге тырысады. Ызыңдаған масалар, Кешке бізді мазалар -з-з-з-з-з. Масахана құрайық, Қансорғышты қуайық -з-з-з-з-з. Саусақтарымен әртүрлі жаттығуларды орындай отырып, балалар ұсақ моторикасының дамуында жақсы нәтижеге жетеді. Сурет салуға, жазуға дайындаудан бөлек сөйлеу құзыреттілігін дамытады. Қолдың басының қозғалу икемі жақсарады. Бұл балалар жазу, сызуды сенімді түрде орындайды. Жоғарыда айтылған жаттығулар мен ойындар балалардың мектепте жақсы білім алуына әсер етеді. Сол себепті қолдың саусақтарының қимылдарын қалыптастыру үшін  күнделікті ұйымдастырылған оқу іс- әрекеттерде, серуенде әртүрлі ойындар мен жаттығулар қолдануды ұсынамын.

Пайдаланылған әдебиеттер: 
• Бардышева Т. Ю. Сәлем, саусақ. Саусақ ойындары. 
• Большакова С. Е. Ұсақ қол моторикасын қалыптастыру: Ойындар мен жаттығулар. 
• Пименова Е. П. Саусақ ойындары. 2007. 
• Тимофеева Е. Ю., Чернова Е. И. Саусақ қадамы. Ұсақ қол моторикасын дамытуға арналған жаттығулар. 2007. 
• Цвынтарный В. В. Саусақпен ойнаймыз және сөйлеуді дамытамыз, 1996.

Абдрахимова Г. Д. Саусақ және тіл жаттығулары. 2013.


Автор
Дата добавления 12.02.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров152
Номер материала ДВ-447226
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх