Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
1 слайд
Тақырыбы:
«Еліміздің өзен, көлдері»
2 слайд
Мақсаты:
Айналадағы ортаның ластану жолдары,ондағы қоғамның рөлін қарастыру,қазіргі кездегі экологиялық проблемаларды шешу жолдарына,экологиялық мәліметтерге оқушылардың назарын аудару.
Оқушылардың экологиялық көзқарастарын,табиғатқа жанашырлық және жауапкершілік сезімдерін қалыптастыру.Рухани сезімінің,танымдық табиғат алдындағы жауапкершілік сезімін дамыту.
Экологиялық сауаттылыққа тәрбиелеу.
3 слайд
«Қазақстан -2030» Бағдарламасында Елбасы Н.Ә. Назарбаев «2030 жылы Қазақстан мөлдір сулы, жасыл желекті, ауасы таза аймаққа айналады. Өндіріс қалдықтары мен радиация бұдан былай біздің үйіміз бен бақтарымызға енбейтін болады. Біздің балалар кінаратсыз толыққанды өмір сүретін болады», -деп атап көрсеткен еді. Қазіргі таңда экология өзекті мәселеге айналып отыр. Сондықтан, қоршаған ортаны қорғау-әрбір адамның төл міндеті
4 слайд
Су-табиғат айнасы
Су табиғатының негізгі мәселелері
Су деген тіршіліктің қамы емес пе,
Су деген табиғаттың жаны емес пе,
Су жоқ жерде өмір жоқ, ол – ақиқат
Күміс су қара жердің сәні емес пе?
5 слайд
Су мәселесі
Табиғаттың көркін ажарландырып, жер бетін саялы баққа айналдырып байлық көзі – су. Жер бетінде тіршілік ең алғаш сулы ортада пайда болды. Су – тіршілік иелерінің негізгі құрамдас бөлігі. Сусыз өмір жоқ дейміз де, сол судың қадір – қасиетін білмейміз. Тек 1988 жылдың өзінде ғана өзен – көл суларына 340 млн. текше метр өндіріс қалдықтары ағызылған.
6 слайд
Арал мәселесі
Бүкіл әлем назарын аударған Қазақстанның ең шиеленіскен экологиялық проблемасы – Арал теңізінің проблемасы. Кешегі шалқыған Арал теңізі апатқа ұшырады. Сырдария суы азайды. Аралдан ұшқан тұз жаңбыр жауып жерді улады. Теңіз деңгейі 16 метрге төмендеп, жағалау 150 метрге шегінді. Жердің құнарлығы төмендеді, егіс өнімі азайды, судың сапасы нашарлап кетті,жергілікті халықтың денсаулығына кесір келтірді. Таралған тұз Арал маныңдағы ауа ғана емес, су мен топырақ ластанды. Теңіз маныңда жас балалар өлімі күрт көбейіп кетті, ересектер арасында ауыр аурулар пайда болды. Әсіресе тыныс алу органдары мен жүйке – қан айналым жүйесі аурулары көптеп кездеседі.
Арал тағдыры – адам тағдыры, бүгінгі таңда балдырған баладан бастап, қарияға дейін ойландыратын мәселе.
7 слайд
Арал теңізінің өзгеруі.
8 слайд
9 слайд
Каспий көлі
Каспий теңізі — әлемдегі ең үлкен көл деп есептеліп теңіз атағына ие. Еуропа мен Азия аралығында орналасқан жер шарындағы ең үлкен тұйық көл. Каспий теңізінің тірі табиғатына өте үлкен қауіп төнуде. Қазіргі уақытта Каспий теңізінің түбінен мұнай тауып алу жөнінде дайындық жұмыстары жүргізілуде. Осыған байланысты Каспийнің эндемик балығы бекіре қырылып қалу қауіпінде. Теңіз кескіні S әрпіне тәріздес. Каспийнің қазіргі жағдайын келесі суретте бақылауға болады.
Каспий теңізі
10 слайд
Каспий мен Аралдың
ғарыштан түсірілген бейнесі
11 слайд
Балқаш көлі
Балқаш көлі – Каспий теңізі мен Арал теңізінен кейінгі ірі көлемді және ағынсыз су қоймасы. Балқаш көлінің ерекшелігі – оның жіңішке бұғазбен жалғасып жатқан батыс пен шығысы әр түрлі бір жағы ащы екінші жағы тұщы. Балқаштың негізгі мәселесі Жезқазған Мыс комбинатының Балқаш суына төгілетін зиянды заттар. Көлдің бір жағы тұзды болып келуіне байланысты сол жердің балықтары қырылып қалу жағдайында.
12 слайд
Тасты көлі.
Қостанай қаласының жанында, Заречный ауылынан 3 шақырым жерде Тасты көлі орналасқан. Ол ежелден Тобол өзенінің жалғасы болып саналады. Қала тұрғындары Тасты көліне келіп дем алады, өзінен кейін бүкіл қоқыстарын тастап кетеді. Негізгі мәселе осы. Бұл көлдің тазалығын тек Жас экологтар ғана ойлайтын сияқты.
13 слайд
Тасты көлі.
14 слайд
Қайраңдағы кемелер
15 слайд
Жер бетінің 71% су алып жатыр. Осы жатқан суды біз - адамзат қорғауымыз керек. Ол үшін біз келесі міндеттерді есте сақтау қажет:
Өзіміз өзен – көлдер жағасында қоқыстар тастамау;
Өзен – көлдер жағасында зиянды зауыттар салуды тоқтату;
Су жағалауында малдарды жайламау;
Егер өз қоршаған ортамызды, өлкемізді, тіпті мынау көлімізді мемлекетімсізді таза ұстап ластануда қорғай білсек, онда болашақ ұрпағымызға келешек өмірін сақтай аламыз
16 слайд
Топырақ - Ана
17 слайд
Топырақ жамылғысының ластануы
Топырақ жамылғысының ластануы
Жер – табиғаттың басты байлықтарының, тіршілік көзінің бірі. Жер байлықтары адамның тіршілігі және шаруашылықтың барлық салаларына қажет.
Жердің шөлге айналу процесі шамамен сағатына 7 км2 немесе жылына 6,7 млн га жылдамдықпен өтеді. Тұрмыс қоқыстарының шоғырлану проблемасы да барған сайын күрделене түседі. Қоқыс мәселесі уақыт өте келе адамдардың әрекетімен таралып кетеді. Табиғатта өлген өсімдіктер мен жануарлар топыраққа сіңген бактериялар арқылы беріледі. Бірақ соңғы кездері адам синтетикалық заттарды көп шығарып, онымен көптеген шіріту бактериялары күресе алмайды.
I
I
I
18 слайд
19 слайд
Халықтың көбеюі және өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының дамуы, болашақта қоршаған ортаның өзгеруінің басты проблемасы. Яғни ортаның ластануы жоғарылайды, табиғи ресурстар азаяды, көптеген табиғи бірлестіктер жасанды түрге ауыстырылуы әбден мүмкін. Келесі суретке назар аударып қоқыс неше жыл өмір сүретінін анықтайық.
20 слайд
“Қоқыс неше жыл өмір сүреді ?” кестесімен танысыңыз.
21 слайд
Құрылыс жүргізу және кен қазу жұмыстарының барысында миллиондаған гектар жерлер бұзылған.
Өз өнімділігінен түгелдей немесе түгелге жуық айрылған. Мұндай жерлер құрлықтың 1 % алып жатыр.
22 слайд
Бүгінгі тіршілік үшін, азын-аулақ қаражат үшін табиғат – ананы жұлмалауды
тоқтататын кез келді.
Табиғат-ананың аң-құсы, судағы тіршілік иелері, өсімдіктер әлеміне
төніп тұрған қауіпті ел болып, жер болып шешпесек ертең кеш қаларымыз анық.
Табиғатты қорғайық!
23 слайд
Таза ауа - өмірлік өзегі
24 слайд
Табиғат байлықтарының ішіндегі тіршілік атаулының өмірлік өзегі – таза ауа.
Болмасын ауа ешкімнің арман мұңы,
Ауадан артық ас жоқ жалғанда ұлы.
Ойлашы кімге керек боламыз біз?
Жұтудан таза ауаны қалған күні.
Адам ауасыз өмір сұре алмақ емес. Сол ауамыз ластанған. 2002 жылы бір ғана Жезқазған мыс зауытындағы газдармен бірге ауаға 39,9 мың тонна күкірт таралған екен. Еліміздегі алып кәсіпорындар жылына ауаға 980 мың тоннаға дейін зиянды зат таратады.
25 слайд
Еліміздің тарихындағы қайғылы парақтардың бірі – Семей ядролық сынақ полигонының өмірге келуі. Алғашқы атомдық жарылыс дауысы 1949 жылы тамыздың 29-ы, таңғы сағат 7-де естілді. Семей ядролық полигоны ауданында 450-ден астсм жер үсті және жер асты ядролық сынақтарының өткізілуі нәтижесінде радиоактивті материалдар шығарылды. Тек Семей ядролық полигонының ғана емес, соған жақын жатқан орасан үлкен аумақтар да радиоактивті ластануға ұшырады. Соларға: Павлодар, Қарағанды,Шығыс Қазақстан, Жезғазған облыстары және Ресей Федерациясының Алтай өлкесі кірді.
26 слайд
Өнеркәсіптің, көліктің жұмыс істеуі, әртүрлі отындардың жануы нәтижесінде атмосфераның ластануы.
27 слайд
Өндіріс орындарының және автомобильдердің қалдық газдары атмосфераға араласып қышқыл жаңбыр пайда болады.
Қышқыл жаңбырдың әсерінен пайда болған көрініс.
28 слайд
Мұржадан шыққан түтін атмосфераға қосылып, ондағы көмірқышқыл газының көбеюіне ықпал етеді.
29 слайд
Қайда барсақ та, теңізде, құрлықта, тауда, жер астындағы үңгірлерде барлық жерде ауа болады. Адам бар жоғы 1-2 минут қана дем алмай тұра алады. Сол себепті де халықта « Ауадай қажет » деген нақыл бар.
Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
6 653 461 материал в базе
Настоящий материал опубликован пользователем Байкенова Маржан Сайлаубековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт
Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
Удалить материалВаша скидка на курсы
40%Курс повышения квалификации
72/108/144 ч.
Курс повышения квалификации
72 ч. — 180 ч.
Курс повышения квалификации
36 ч. — 144 ч.
Мини-курс
6 ч.
Мини-курс
4 ч.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.