Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Презентации / Презентация Дүниетану сабағынан 4 сынып

Презентация Дүниетану сабағынан 4 сынып



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Начальные классы
Психологиялық дайындық Ең алдымен қолымыздан ұстап, шаттық шеңберіне тұрайық...
Балалар шеңбер жасап тұрайық, өз бойларыңдағы жақсы қасиеттеріңді ой елегінен...
Бағалау бетшесі “5” - 19-20 ұпай “4” - 10-18 ұпай “3” - 5-9 ұпай Оқушының аты...
Үй тапсырмасы Өткен өмір Тарихшы ғалымдар Археологтар Мұрағаттар Музейлер Та...
Графикалық диктант 1.Адам – табиғаттың баласы, өйткені ол – табиғаттың бір б...
 Қызығушылығын ояту “Ойлан тап” Ребус Ә ,, -нің 7 ,, ,,,,, ,
Фильмнен үзінді
Мағынаны тану -Бейнетаспадан не көрдік? Мысыр пирамидалары Галикарнас кесене...
«Ойлан - жұптас – талқыла» 1-жұп: Мысыр пирамидалары 2-жұп: Галикарнас кесен...
Жеті кереметтің ең ежелгісі де, әрі біздің бүгінгі дәуірімізге жеткені де –...
Галикарнас кесенесі Кіші Азиядағы шағын қалалардың бірі Галикарнастың әкімі п...
Артемида ғибадатханасы Ғибадатхана гректердің аңшылық құдайы болған. Артемид...
Фаростық мұнара шам Фарос аралының шығысындағы Египеттің эллиндік орталығы Ал...
Семирамиданың аспалы бағы Тигр және Евфрат жарыса аққан қосөзен аңғарын жайла...
Зевс мүсіні Әлемнің жеті кереметтерінің бірі – Зевс мүсіні Олимпия қаласының...
Мүсінші Харестің қолынан шыққан күн құдайы Гелиостың алып мүсіні – Родос ара...
Топтардың өзара бағалауы Өте жақсы Жақсы Дайындалуым керек
Талдау Жинақтау
Ой қорытындылау Рефлексия «Аяқталмаған сөйлемдер» Бүгінгі сабақта менің түсі...
Бағалау бетшесі “5” - 19-20 ұпай “4” - 10-18 ұпай “3” - 5-9 ұпай Оқушының аты...
Қорытынды: Алған әсеріңіз қандай ? Өте жақсы! Жақсы! Бір қалыпты! Онша емес!...
1 из 21

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 Психологиялық дайындық Ең алдымен қолымыздан ұстап, шаттық шеңберіне тұрайық
Описание слайда:

Психологиялық дайындық Ең алдымен қолымыздан ұстап, шаттық шеңберіне тұрайық. Мен сіздермен кездескеніме өте қуаныштымын. Қане, бәріміз бір-біріміздің қолымыздан ұстап шеңбер құрайық. Осы дөңгелек шеңберді неге шаттық, жылулық шеңбері деп атаймыз? Қалай ойлайсыздар? Шеңберге тұрудың үлкен бір қасиеті бар. Шеңберіміз — көктегі жылу беретін күн сияқты дөңгелек. Шеңберге тұрып, бір-бірімізді жақсы көре аламыз, жақсылық пен жылулығымызды сыйлай білуге үйренеміз.Міне, сондықтан бұл шеңберді жылулық, шаттық шеңбері деп атаймыз. Енді бәріміз жақсылық тілеп, шаттана қуанып, күлкімізді сыйлайық.

№ слайда 2 Балалар шеңбер жасап тұрайық, өз бойларыңдағы жақсы қасиеттеріңді ой елегінен
Описание слайда:

Балалар шеңбер жасап тұрайық, өз бойларыңдағы жақсы қасиеттеріңді ой елегінен өткізіңдер, содан кейін өз аттарыңды атап өзіңнің жақсы қасиеттерің туралы кезек-кезек айтып беріңдер. "Кел, жақынырақ танысайық" "Ойын"

№ слайда 3 Бағалау бетшесі “5” - 19-20 ұпай “4” - 10-18 ұпай “3” - 5-9 ұпай Оқушының аты
Описание слайда:

Бағалау бетшесі “5” - 19-20 ұпай “4” - 10-18 ұпай “3” - 5-9 ұпай Оқушының аты-жөні Үй тапсырмасы графикалық диктант “Ойлан тап” Мағынаны тану Жаңа сабақ Жинақтау Талдау Жалпыұпай Баға

№ слайда 4 Үй тапсырмасы Өткен өмір Тарихшы ғалымдар Археологтар Мұрағаттар Музейлер Та
Описание слайда:

Үй тапсырмасы Өткен өмір Тарихшы ғалымдар Археологтар Мұрағаттар Музейлер Тарихи тұлғалар Қазба жұмыстары

№ слайда 5 Графикалық диктант 1.Адам – табиғаттың баласы, өйткені ол – табиғаттың бір б
Описание слайда:

Графикалық диктант 1.Адам – табиғаттың баласы, өйткені ол – табиғаттың бір бөлігі. 2.Адам – табиғатты билеп-төстеуші, бағындырушы. 3.Ежелгі адамдар табиғат құбылыстарынан қорқып, соларға табынған. 4.Тұрмыс заттары, құрылыстар, қолжазбалар, кітаптар, монеталар- “тарихи ескерткіштер” 5.Тарих – адамдардардың өткен өмірі туралы ғылым. -Егер берілген пікірмен келіссеңдер, үшбұрыш белгісін - , ал келіспесеңдер, төртбұрыш белгісін - қойыңдар Жауаптар:

№ слайда 6  Қызығушылығын ояту “Ойлан тап” Ребус Ә ,, -нің 7 ,, ,,,,, ,
Описание слайда:

Қызығушылығын ояту “Ойлан тап” Ребус Ә ,, -нің 7 ,, ,,,,, ,

№ слайда 7 Фильмнен үзінді
Описание слайда:

Фильмнен үзінді

№ слайда 8 Мағынаны тану -Бейнетаспадан не көрдік? Мысыр пирамидалары Галикарнас кесене
Описание слайда:

Мағынаны тану -Бейнетаспадан не көрдік? Мысыр пирамидалары Галикарнас кесенесі Артемида ғибадатханасы Фаростық мұнара шам Семирамиданың аспалы бағы Зевс мүсіні Родос алыбы “Әлемнің жеті кереметі”

№ слайда 9 «Ойлан - жұптас – талқыла» 1-жұп: Мысыр пирамидалары 2-жұп: Галикарнас кесен
Описание слайда:

«Ойлан - жұптас – талқыла» 1-жұп: Мысыр пирамидалары 2-жұп: Галикарнас кесенесі 3-жұп: Артемида ғибадатханасы 4-жұп: Фаростық мұнара шам 5-жұп: Семирамиданың аспалы бағы 6-жұп: Зевс мүсіні 7-жұп: Родос алыбы

№ слайда 10 Жеті кереметтің ең ежелгісі де, әрі біздің бүгінгі дәуірімізге жеткені де –
Описание слайда:

Жеті кереметтің ең ежелгісі де, әрі біздің бүгінгі дәуірімізге жеткені де – осы Мысыр пирамидалары. Пирамидалар Нілдің солтүстік батыс жағалауындағы сансыз қабірлер мен ғибадатханалар тұрғызылған өлілер қаласының үстіне салынды. Пирамидалардың ең көнесі – 5000 жыл бұрын тұрғызылған Джосер пирамидасы. Сәулетшісі ежелгі Египетте дәрігерлік, философиялық және ғылыми еңбектерімен танылған Имхотеп атты шебер еді. Мысыр пирамидалары Джосер пирамидасы – көп сатылы құрылыс. Сансыз басқыштар арқылы аспанға өрлей береді. Мұның идеясы перғауындардың жердегі қарапайым халықтан биік, құдіретті екенін бар әлемге паш ету еді. Қаншама қажырлы еңбек пен адам өмірі жұмсалған бұл құрылыс Хеопс, Хефрен және Микрен пирамидаларымен жалғасын тапты. Көлемі жағынан ең үлкен пирамида – Хеопспирамидасы. Бүкіл жиған-тергеніне көзінің тірісінде Хеопс перғауын 20 жыл ішінде осы пирамиданы салдырды. Оның жанында биік жартастан қаша сфинкс мүсіні жасалған. Сфинкстың басы адамға, денесі арыстанға ұқсайды.Алып құрылыстар осы күнге дейін көрушісін қайран қалдырады. Осы пирамидалар Әлемнің жеті кереметінің біріне кіреді.

№ слайда 11 Галикарнас кесенесі Кіші Азиядағы шағын қалалардың бірі Галикарнастың әкімі п
Описание слайда:

Галикарнас кесенесі Кіші Азиядағы шағын қалалардың бірі Галикарнастың әкімі патша Карий Мавсол біздің заманымызға дейінгі 351 жылы дүние салады. Патша мұрагерлері жер-жерлерден әйгілі құрылысшы, қол өнершілерді шақыртып, патшаның зиратын тұрғызады. Кесене салу ісінде шығыстың құрылыс стилі мен гректің ионикалық стилі байланыстырылған. Кесене екі қабаттан тұрады, биіктігі 40-45 метр. Ол тек биіктігімен емес, грек еліне белгілі Скопас, Леохар, Бриансид, Тимофей секілді әйгілі мүсіншілердің қолынан шыққан әр алуан мүсіндер арқылы көркемделуімен де ерекшеленеді. Мавзолей шамамен алғанда 1800 жыл сақталып келді. Ағылшын археологы Ч.Т.Ньютонның айтуынша, ХV ғасырда крестшілер мавзолейді бұзып, оның құрылыс материалдарын Эгей теңізінде қасиетті Петр сарайын (қазіргі Түркияның Бодрум қаласы) салуға пайдаланған. Мавсол патша мен оның әйелі Артемисаның табыттары, мүсіндері және басқа дүниелері қазір Лондондағы Британ мұражайымен Ыстамбұлдың археологиялық мұражайында сақтаулы.

№ слайда 12 Артемида ғибадатханасы Ғибадатхана гректердің аңшылық құдайы болған. Артемид
Описание слайда:

Артемида ғибадатханасы Ғибадатхана гректердің аңшылық құдайы болған. Артемида құрметіне б.з.д. VII-VI ғасырларда Эфес жерінде салынған. Херсифрон атты сәулетші ғибадатхананы сол кездегі құрылыс әдістерінің бірі – ионика ордерінің стилімен тұрғызған болатын. Оның жан-жағы бағандармен қоршалған, төбесі мәрмәр таспен жабылған үлкен ғимарат. Алайда Артемида ғибадатханасының ғұмыры ұзаққа бармады. Біздің заманымызға дейінгі 356 жылдың 21 шілдесінде атаққа шөлдеген есер Герострат деген біреу түн ішінде ұрланып келіп, сәулетті сарайды өртеп жібереді. Аңыздар желісі бойынша, Ескендір Зұлқарнайын дәл осы ғибадатхана жалын құшағына оранған түні өмірге келеді. 25 жылдан кейін Ескендір патша ғибадатхананы қайта тұрғызуға әмір береді. Ғибадатхананың ауданы 110х55 метр, құрылысты қоршап тұрған бағаналардың биіктігі 18 метр болған. Әйгілі грек шеберлері құрылысқа белсенді түрде ат салысқан. Бұл ғибадатхананың да ғұмыры ұзаққа барған жоқ. III ғасырда, дәлірек айтсақ, 263 жылы Кіші Азияға басып кірген гот тайпалары ғибадатхананы қиратып кетеді. 1869 жылы ағылшын археологы Вуд жүргізген қазба жұмыстары кезінде ғибадатхана болған жерден тірек тақталар мен сарайға әкелінген біраз нәрселер табылған. Олар қазір Лондон музейінде сақталуда.

№ слайда 13 Фаростық мұнара шам Фарос аралының шығысындағы Египеттің эллиндік орталығы Ал
Описание слайда:

Фаростық мұнара шам Фарос аралының шығысындағы Египеттің эллиндік орталығы Александрия қаласының маңында орналасқан. Қала атын әлемге таныт-қан Фарос маягы біздің заманымыздың III ғасырында салынды. Тұтастай мәрмәр тастан қашалған, асқан шеберлікпен қаланған маяктың биіктігі – 150 метр. Сол заманда бұдан биік құрылыс жоқ еді. Бүкіл грек әлеміндегі мұндай үлкен көлемдегі құрылыстың авторы – Книдтен шыққан Сострат. Мәрмәрдан соғылған құрылыстың бір қабырғасына ол: «Книдтен шыққан Дексифананың ұлы Сострат, бұл құрылысты теңізшілерді құтқарушы құдайларға арнадым», - деп ойып жазған. Оның үстіне саз балшықтың жұқа қабатымен патша Птоломей Состердің жорық жырынан үзінді келтірген. Уақыт өте келе сылағы түсіп қалған соң, ұлы инженердің аты белгілі болады. Маяк құрылысын салу кезінде Александрия ғалымдары ойлап тапқан құрылғылар пайдаланылған. 120 метрлік үш қабатты мұнараның төменгі қабаты төрт қырдан тұрады. Бұл төртеуі төрт бағытқа – батысқа, шығысқа, солтүстікке және оңтүстікке қараған. Екінші қабаттың сегіз қыры сегіз жақтан соққан жел бағыты-на ыңғайластырылған. Үшінші қабатта биіктігі жеті метр Посейдон мүсіні мен күмбез арасын жалғаған шырақ тұр. Металл айналардың күрделі жүйесі шамның шырағын ұлғайтып, жарқырата түседі. Бұл теңіз кеңістігін бақылауға мүмкіндік берді. Бұл ғажайып құрылыс ХIV ғасырға дейін сақталып келген.

№ слайда 14 Семирамиданың аспалы бағы Тигр және Евфрат жарыса аққан қосөзен аңғарын жайла
Описание слайда:

Семирамиданың аспалы бағы Тигр және Евфрат жарыса аққан қосөзен аңғарын жайлаған Месопотамия өз қойнауында талай кереметті жасырды. Тарихы бай Шумер мен Аккад мәдениетінің керемет туындысы – Вавилон патшасы Навуходоносордың (б.з.д. 605-562) сүйікті жары Семирамидаға арнап салдырған аспалы бағы. Оның тарихы былай еді: кәмелетке толған Навуходоносор патша алыстағы тау елі – Мидияның ханшасы Шамурматқа құда түсіп үйленеді. Сүйікті жарымен бірге Вавилон шаһарына оралады. Бірақ көркіне ақылы сай ассириялық ханша сол елге келгелі бір жадырап күлмейді, ешкіммен сыр ашып сөйлеспейді. Жатса-тұрса елін, жерін аңсайды. Көк шалғын желектері мен хош иісті райхан гүлдерін, кәусар бұлақ суларын сағынады. Ал Вавилон шаһарында аңызақ жел мен аптап ыстықтан өзге ештеңе жоқ. Күндіз де ыстық, түнде де ыстық. «Қайткенде сүйіктімнің бабын табам» деп көп ойланған патша «туған жерін көз алдына келтірем» деп, айрықша әсем бақ салуды бұйырады. Сөйтіп, патша сарайының кең ауласында кірпіштен әсем террасалар орнатылады. Кірпіш үстіне жанартаудың лавасын құйып, оның үстіне қорғасын плиталар қояды, оған қоса құнарлы май топырақ төгіледі. Құнарлы топыраққа әлемдегі бар әдемі жасыл желекті отырғызады. Мыңдаған құлдар күн сайын төменнен жоғарыға су айдап, жасанды тоғандарды толтырады. Бақшаның беті солтүстік батысқа қарайды, күнбатыстан соққан самал жел Семирамида ханшайымның жабырқаған көңілін жадыратады... Вавилонның құлдырауынан кейін сутасқыны бүкіл елді шайып кетеді. Кейіннен 1898 жылы Роберт Кольдевейдің қазба жұмыстарының нәтижесінде аспалы бақтың қалдықтары Ирактағы Хилла қаласынан табылады.

№ слайда 15 Зевс мүсіні Әлемнің жеті кереметтерінің бірі – Зевс мүсіні Олимпия қаласының
Описание слайда:

Зевс мүсіні Әлемнің жеті кереметтерінің бірі – Зевс мүсіні Олимпия қаласының орталық алаңындағы Зевс ғибадатханасында болған. Оны әйгілі грек мүсіншісі Фидий піл сүйегі мен алтынды қиыстырып жасаған. Мүсіннің биіктігі 17 метр. Кейіпкердің бір қолында жеңіс құдайы Никаның шағын мүсіні, ал екінші қолында алтын мен піл сүйегінен жасалған қасиетті қыран бейнеленген ұзын балдақ бар. Құдайлардың құдайы Зевстің отырған орынтағының арқасы мен аяғы піл сүйегінен жасалған әр алуан өрнектермен әдіптеліп қана қоймай, онда Олимп құдайларының бейнелері алтынмен безендіріліп салынған екен. Балдақтың төменгі жағында әйгілі суретші Панэн шығармалары мен билеп жүрген Никалар бейнеленген. Еденге қара көк элевсин тастары төселген. Піл сүйегін құрғап кетуден сақтау үшін зәйтүн майы құйылған арнайы су алабы салыныпты. Мүсінді көру үшін Грекияның түкпір-түкпірінен халық таңның атысы, күннің батысы ағылып келіп жататын болған. Сол заман жазушыларының айтуына қарағанда, Зевс мүсінін көрген жан жарасынан жазы-лып, дертіне шипа табады деген сенім болған. Зевс мүсіні ІV ғасыршамасында Константинопольдағы орталық ипподромға көшіріліп, үлкенбір өрт кезінде жойылып кеткен деген жорамалбар.

№ слайда 16 Мүсінші Харестің қолынан шыққан күн құдайы Гелиостың алып мүсіні – Родос ара
Описание слайда:

Мүсінші Харестің қолынан шыққан күн құдайы Гелиостың алып мүсіні – Родос аралында салынған теңдесі жоқ ескерткіш-тердің бірі. Родос тұрғындары Гелиосқа айрықша табынған. Күн құдайы Гелиос аралды өз қолымен теңіз түбінен алып шыққан деген де аңыз бар. Бұл мүсіннің әлемнің жеті кереметтерінің бірі ретінде саналуы тегін болмаса керек. Аралдың кіре берісінде орналасқан биіктігі 35 метр болатын мүсін құрылысы 12 жылға созылған. Родос алыбы Мүсін негізінен балшық пен металлдан жасалған. Ал жоғары жағы қоламен көмкерілген. Мұндай алып мүсінді тұрғызуға шамамен 13 тонна қола мен 8 тонна темір пайдаланылған көрінеді. Зор ескерткіштің кереметтігі соншалық, алып мүсіннің екі аяғының арасынан үлкен желкенді кемелер еркін өтетін болған. Бар-жоғы 56 жыл «өмір сүрген» мүсін біздің заманымызға дейінгі 220 жылы аралда болған қатты жер сілкінісі кезінде қирап қалды. 977 жылы Родос аралын жаулап алған арабтар алып мүсіннің қирандыларын бір бай көпеске сатып жібереді.

№ слайда 17 Топтардың өзара бағалауы Өте жақсы Жақсы Дайындалуым керек
Описание слайда:

Топтардың өзара бағалауы Өте жақсы Жақсы Дайындалуым керек

№ слайда 18 Талдау Жинақтау
Описание слайда:

Талдау Жинақтау

№ слайда 19 Ой қорытындылау Рефлексия «Аяқталмаған сөйлемдер» Бүгінгі сабақта менің түсі
Описание слайда:

Ой қорытындылау Рефлексия «Аяқталмаған сөйлемдер» Бүгінгі сабақта менің түсінгенім... Мен үшін белгісіз және жаңалық болғаны… Бүгінгі сабақта маған ұнағаны және ұнамағаны... Сабағымызды мына өлең жолдарымен аяқтайық: Бақытты жансың сөнбесе күнің көгіңде, Бақытты жансың тіршілік еткен кезіңде, Бақытты жансың өмірді сүйе білгенде, Бақытты жансың бағалай білсең өмірде!

№ слайда 20 Бағалау бетшесі “5” - 19-20 ұпай “4” - 10-18 ұпай “3” - 5-9 ұпай Оқушының аты
Описание слайда:

Бағалау бетшесі “5” - 19-20 ұпай “4” - 10-18 ұпай “3” - 5-9 ұпай Оқушының аты-жөні Үй тапсырмасы графикалық диктант “Ойлан тап” Мағынаны тану Жаңа сабақ Жинақтау Талдау Жалпыұпай Баға

№ слайда 21 Қорытынды: Алған әсеріңіз қандай ? Өте жақсы! Жақсы! Бір қалыпты! Онша емес!
Описание слайда:

Қорытынды: Алған әсеріңіз қандай ? Өте жақсы! Жақсы! Бір қалыпты! Онша емес! Жаман!



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 11.10.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Презентации
Просмотров311
Номер материала ДВ-051118
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх