Инфоурок Другое Научные работыПрезентация доп обр "Поход"

Презентация доп обр "Поход"

Скачать материал

 Қазталов аудандық балалар жасөспірімдер туризмі және экология орталығы

 

 

эмблема копия

 

 

 


                    2016 жылдың 25 -30 шілде аралығында өткен

Казталов ауылы-Бірік ауылы-Нұрсай  ауылы - Күйгенкөл ауылы -Өнеге ауылы- Мұратсай ауылы – Хан Ордасы ауылы- Мұратсай ауылы-Өнеге ауылы

бағытындағы I-ші  қиындық категориясындағы

 велосипедшілер  жорығының

ЕСЕБІ

 

 

                                                                       

                                                                           Маршруттық бет:  

 

                                                     Топ жетекшісі:  Сәрсембиев А. А

                                                    Мекен -жайы:   Батыс Қазақстан облысы,     Казталов ауданы, Казталов  ауылы.

 Ихсанов көшесі,  №7/1 үй.

 

Бағыттық-біліктілікті айқындайтын комиссиясының шешімі бойынша

 І қиындығы бар категориялық жорықты тексере отырып, жорыққа қатысқан қатысушылар және жетекші жорығы сыналды деп есептелді

 

вело жорық есебі кітапханада сақталады_____________________________

 

 

 

Казталов  ауданы- 2016 ж.

 

Мазмұны.

 

I.    Кіріспе

II.     Анықтамалық мәлімет (экспедициялық жорықтың төлқұжаты)

Ұйымдастырушы мекеме (атауы, мекен жайы, телефон) Ел, республика, өлке, облыс, аудан, массив (өтетін жері). Маршрут туралы жалпы аныктамалық мәлімет. Жорыққа қатысатын мүшелерінің аты-жөні, мекен-жайы,  телефоны

III.        Жорық есебінің мазмұны.

 - Жорықтың жалпы  мазмұны. Бару және қайту жолдары.  

 - Қозғалыс бағытының кестесі. Техникалық сипаттама.

 - Маршрут бойындағы қызықты және тарихи кұндылықты жерлер.

 -Тамақтану, тұру, құрал-жабдықтардың құны.

 - Жорық жайында қосымша деректер.

 - Қорытынды, шешім, ұсыныстар.

 - Қосымша.


І. Кіріспе:

Табиғат! Осы бір жүрекке жылы, көңілге қонымды естілетін салиқалы сөзде қаншама терең ой, мағына, ұлағатты мол ұғым тұжырымы кең ой жатыр десеңізші! Табиғат күллі тіршілік атаулының құтты коныс-мекені, алтын ұя бесігі, кұт-берекесі. Адам үшін табиғат- ең қасиетті де, қастерлі ұғым. Өйткені адамның өзін дүниеге келтірген аяулы анасы, сондықтан да адамның табиғатты Ана деп кұрметтеуінде өте үлкен мән жатыр.

Қазақ халқының бар өмір - тіршілігі табиғатпен етене байланыста. Сан ғасырлар бойы халқымыз сол өзін аялаған табиғат кұшағында тіршілік ете жүріп оның сан алуан кұпия сырларына көңіл бөлді және сол туралы орынды тұжырым, пікірлерге келді. Халкымыздың табиғат жөнінде ой-пікірлері оның құбылыстарымен, зандылықтарымен үнемі үндесіп жатты. Халык өзін табиғаттың бір бөлінбес бөлігі, құрамдас тобы деп есептеді. Сондыктан да, табиғатпен бірлікте өмір сүру қажеттілігін ерте кезде-ак сезінді.

Табиғаттың қатаң жағдайына, түрлі өзгерістеріне сай көшіп-қонып жүріп өз шаруашылыгын табиғатпен үйлесімді жүргізіп отырды.

Вело-маңызды экологиялык ресурска жатады және ол тірі организмдердің кұрамды бөлігі. Туған өлкеге аялы алақан, жылы жүрек сезімі, көздің қарашығындай қамқорлық керек екеніне ерекше мән берген.

Халқымыз тарихтың кіндік тамыры саналған Хан Ордасы жерін ежелден тарих пен мәдениеттің ордасы ретінде қастерлеп келеді. Сонау XIX ғасырда еңсе тіктеген Ішкі Орда жұртшылығының күнделікті тірлігі қазіргі күні ел тарихының бетіне қатталғаны баршамызға мәлім. Бөкей мен Жәңгір хандардың Исатай мен Махамбеттің күй атасы Құрманғазы мен күй анасы Динаның  дәулескер күйші Дәулеткерей мен  белгілі этнограф ғалым М.С.Бабажанов сынды өзгеде алыптардың есімдері қасиетті Орда топырағын қаймана қазақтың бұрыш-бұрышына танытты. Хан Жәңгірдің 22 жылдан астам уақыт Ішкі Орда үшін төккен тері, жас ұрпақтың тарихтан алатын ілім-білімдерінің тереңдей түсуіне мол септігін тигізді. Болашақтың қамы үшін Жасқұс мекенінен хан ставкасын салдырып, су көзі тапшы құм даласына питомниктер есебінен орман көшеттерін отырғызды. Оның сыртында мектеп, дәріхана, ветеринариялық бекет, сынды өзгеде игі істер ханның беделін көтеріп, өңірдің тарихи мән-маңызын жоғарылатты. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесі қарсаңында біздің ауданымыздың туризм және өлкетану ісіне жауапты педагог мамандары тарихтан тамыр тартатын өңірді көзбен көріп, әрі халық арасында спорттың бұқаралығын жоғарылату мақсатында туристік саяхат жорығын ұйымдастырған болатын. Таза ауадағы кеңістікте велосипед пен Бөкей жеріне барған туристік топтың қызметі көпшілік қауымға ой салған ұтымды қызмет болды деген ойдамыз.    


                                                І. Саяхат туралы анықтама

 

 

А) Маршрут  төлқұжаты

 

1. Саяхат ауданы: Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Қазталов ауданы, Жәнібек ауданы, Бөкей Ордасы ауданы.

 

 

2. Маршрут тізбегі: Әжібай ауылы- Нұрсай ауылы-Күйгенкөл ауылы- Өнеге ауылы- Мұратсай ауылы-  Хан Ордасы ауылы-Мұратсай ауылы-Өнеге ауылы

 

3. Маршруттың жалпы ұзындығы:  280  км.

Соның ішінде: вело 280  км.

 

 

4. Саяхаттың ұзақтығы: 6 күн,

маршруттың белсенді бөлігінде 6 күн.

Далада қону 5 күн.

 

 

5. Саяхат уақыты: 2016 жылдың 25- 30 шілде  аралығы.

 

 

6. Туризм түрі: вело жорығы.

 

 

7. Категориялық қиындығы: бірінші  (І).

 

 

8. Маршрут Батыс Қазақстан облыстық балалар-

жасөспірімдер туризм және экология орталығының ББАК (МКК) қаралды_________________________________________________________________

Маршруттық бет №

 

 

9. Бағытты растайтын ББАК (МКК) мөрі_____________________________________

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Б) Топ құрамы туралы мәлімет:

Аты жөні

Туған жылы

Туристік тәжірибе

Жұмыс орны, оқу орны

Мекен жайы, телефон

Топтағы міндеті

1

Сәрсембиев Аслан Абаевич

31.10.1985

5 жыл

БЖТжЭО директоры орынбасары

БҚО Қазталов ауданы  Казталов ауылы.  Лукманов көшесі  41

Жетекші

 

Казначей

 

2

Төлеуғалиев Асылхан

05.01.1992

1 жыл

БЖТ ж ЭО бөлім меңгерушісі

 

БҚО Қазталов ауданы Көктерек ауылы. 

 

3

Мананов Дархан

1987

1 жыл

БЖТ ж ЭО үйірме жетекшісі

БҚО Қазталов ауданы Қазталов ауылы 

Штурман

 

Эколог

4

Карабалин Миржан

12.10.1987

2 жыл

Қараөзен мектеп-лицейі үйірме жетекшісі

БҚО Қазталов ауданы  Қараөзен ауылы. Қараөзен к-сі 17/1

Гидролог  Картограф

5

Тілепқали Аманер

12.09.1997

машықкер

М.Әуезов ат ОЖББМ 10 класс

БҚО Қазталов ауданы Әжібай ауылы. 

Өлкетанушы Фотограф

6

Нигметова Назерке

30.06.1998

машықкер

 

БҚО Казталов ауданы Казталов ауылы

 

 

 

 

 

 

 

ІІ. Маршруттың жоспарланған жұмыс-кестесі

Жорық мақсаты: Қиын жорықтар негізінде туристік тәжірибені арттыру, туристік дағды және тұрмысты қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау, оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану. Оқушылар категориялық жорыққа алғаш шығулары болғандықтан алдымен дәріс түрінде түсіндірілді. Велосипед пен жүру  техникасы, қарапайым кедергілерден өту, спорттық деңгейлерін көтеру сияқты мәліметтер берілді.

Келу, кету бағыттары: Бағыт сызықты жол болды. Қазталов ауылы  - бағыттың бастапқы нүктесі. Ал бағыттың соңғы нүктесі – Өнеге ауылы. Жорық Өнеге ауылында аяқталды.

Бағыттың апатты және қосымша  жолдары: Апатты жолдарды барлық кездескен ауыл елді мекендерінен  кездестіруге болады.

Күні

Маршрут нүктелері

Басы-                  соңы

Жүрілген

 жол

 (км)

Жылжу тәсілі

Метеожағдай

1.

25.07

Казталов а. – Нұрсай а. 

35 км

велосипед

Күн: +290С ашық

Түн: +200С ашық

2.

26.07

Нұрсай а.  – Күйгенкөл а.

70 км

велосипед

Күн: +300С ашық

Түн: +190С бұлтты, жел с.б.

3.

27.07

Күйгенкөл а.-Өнеге а.

27 км

велосипед

Күн: +260С ала бұлтты, жел с.б.

Түн: +210С ашық

4.

28.07

Өнеге а-Мұратсай а.

24 км

велосипед

Күн: +310С бұлт

Түн: +260С бұлт

5.

29.07

Мұратсай а-Хан Ордасы а

50 км

велосипед

Күн: +320С ашық

Түн: +210С ашық

6.

30.07

Хан Ордасы-Мұратсай-Өнеге

74 км

велосипед

Күн: +340С ашық

Түн: +390С ашық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Шартты белгілер:

 

        -   түнеген  жер

 

 

 

 

                          

                                         ІІІ Саяхатты ұйымдастыру

     Жорықты ұйымдастыру алдында әзірлік жұмыстары жүргізілді: жорықтың өтетін уақыты белгіленді, жорықтың маршруты анықталып, жол сызбасы жасалынды. Жорыққа  қатысушылардың тізімі анықталып бекітілді. Жорықшылар қауіпсіздік ережесімен таныстырылды. Жолға керек жеке және топтық құрал-жабдықтарды жинастырды. Тамақтану ас мәзірін жазып, күнделікті тағамдардың мөлшерін анықтадық. Жорықшылар медициналық тексеруден өткізілді. Жолға керек медициналық қобдишаны дайындадық, қайықты жөндеу құралдарын алдық. Кездескен көріністерді фотоға түсіру үшін фотоаппарат алынды. Велосипедтер мен жол дорбалар дайындалып, қатысушылардың топтағы міндеттері  бөлінді. Вело жорығының маңызы, денсаулыққа пайдасы (дәріс) оқылды, түсіндірілді.

Жорықшыларға Хан Ордасы  жөнінде төмендегідей мәліметтер берілді:

1801 жылғы 11 наурызда Ресей патшасы I Павелдің рұқсаты мен Бөкей Нұралыұлы бастаған 5 мың түтінге Жайық өзенінің оң жақ бөлігіне өтуге рұқсат берілді. Ішкі Орда жері Жайық пен Тобылдан бастап, Сырдарияның төменгі ағысына дейінгі 850000 шақырым аумақты алып жатыр. Орда топырағында 1803 жылғы деректерге қарағанда мұнда 7500 түтін, ал 1825 жылы 10490 үй есепте болды. 1845 жылғы статистикаға мән берсек: 52129 қоныс Орда өңірінде түтін түтетіп үлгерген. 1771 жылы Жоңғарияға үдере көшкен Еділ қалмақтарынан босаған Жайықтың оң жақ бөлігі 30 жыл бойы мал мен адам тұяғынан босап, біраз демалып тыныққан болатын. Алғашқы қоныстанушылар легі Бөкей Ордасы хандығының іргесінің қалануына себепкер болды. Алғашында елді сұлтандық дәрежеде басқарып келген Бөкей 1812 жылы хан атағына ие болды.  Араға үш-ақ жыл ғана салып, 1815 жылы қайтыс болған кезде артында інісі Шығай және үш ұлы Жәңгір, Әділгерей, Меңдігерей қалды. Ата дәстүрі бойынша билік үлкен ұлы Жәңгірге тиесілі болатын. Бірақ небары 14 жастағы Жәңгір әлі хан тағына отыруға лайықты емес еді. Сондықтан билік Шығай сұлтанның қолына өтті. Хандықты 1815-24 жылдар аралығында Шығай сұлтан басқарған соң жасы толысқан Жәңгір (шын аты Жиһангер)  1824 жылы Орал қаласы маңындағы Хан тоғайында Ішкі Орданың ханы болып сайланды. 1845 жылғы 11 тамыз күні Жәңгір Бөкейұлы қайтыс болғанға дейін 22 жыл бойына билікті өз қолында ұстады. 1827 жылы 12 биден тұратын билер кеңесі құрылып, Жасқұста хан ставкасы салынды. Ішкі Орда әлеуметтік-экономикалық жағынан өркендеп, аталмыш өңірде хан тоғайы, мешіт, дәріхана, мектеп салынып, елде дінге, медицинаға, халық ағарту ісіне аса зор мән беріле бастады. Әсіресе халық арасында кеңінен таралған жұқпалы аурулардың алдын-алуға аса зор мән берілді. Оның сыртында жұртшылық арасында айырбас саудасының ықпалын жоғарылатып, халықтың күнделікті тұрмысын түзеу мақсатында 1832 жылы Орда топырағында алғаш болып, сауда жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Намазын қаза қылып көрмеген Хан Жәңгір жұма сайын сұлтандар мен бірге мешітке барып, ата-бабаларының аруағына зиярат етуді дәстүрге айналдырған. Рамазан айы мен Ораза кезінде таң атқанша мешітте болған. Оқу жылында 3 рет мектептегі сабақтарға өзі қатысып, өз қаражаты есебінен жылма-жыл 10 баланы Ресейдің жоғарғы оқу орындарына жіберіп отырған. 1845 жылы өмірден өткен ханның артында 6 ұлы 3 қызы қалған.     

 

 

 

ІҮ.Маршруттың техникалық сипаттамасы

 


Жорық күні:      1 күн. 25.07.2016жыл.                                                    

Жүрген жол:Казталов-Бірік-Нұрсай35км                                        +29         +18

Маршрутың шығу уақыты11 сағ.00 мин                                                

Түнеуге тоқтау  уақыты: 21 саг. 12 мин

Жүру уақыты– 3сағат 0 минут                   

                                Орташа жылдамдығы – 10 км/сағ

 

25 шілде күні аудандық БЖТ және ЭО-нің қосымша білім беру педагогтарынан  жасақталған тобымыз «Казталов-Хан Ордасы» жорық басталатын күні Казталов ауылынан күндізгі сағат 11:00-де аудандық БЖТ және ЭО-ның базасынан 5 велосипед жорығымызды бастадық. Казталов-Бірік-Нұрсай бағытындағы алғашқы 35 шақырым жолды жүріп өттік.   Ауа-райы жақсы, жел жоқ, сапар барысында ауыл тұрғындарымен әнгімелесіп,   ауыл туралы қысқаша мәліметер алдық. Бірік ауылы Сарыөзеннің сол жақ жағасында орналасқан, ауылда 150 үй және 2004 жылы  салынып, бітіп пайдалануға берілген типтік жобадағы екі қабатты орта мектеп бар. 2009 жылы Әжібай ауылына мемлекеттік «Таза су» бағдарламасы бойынша су құбыры тартылып, ауыл көшелеріне су колонкалары орнатылды. Одан бөлек Әжібайда 2007 жылы ауыл балалары үшін есігін айқара ашқан «Ақтілек» балабақшасы және типтік жобадағы екі қабатты Мәдениет үйі мен соңғы үлгіде салынған әкім аппаратының ғимараты халыққа қалтқысыз қызмет етуде. Ал Нұрсай ауылына аялдағанымызда бұл ауылдан да оңды өзгерістердің куәсі болдық. «Жұмыс пен қамтудың жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде күрделі жөнделіп жатқан орта мектеп үйін, «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында Республикалық бюджеттен бөлінген қаржыға тартылып жатқан ауыз су желісінің жұмыстарын көзіміз бен көрдік. 2010 жылы салынып бітіп пайдалануға берілген ауылдағы Мәдениет ошағы да заманға сай бой түзеген әсем ғимараттардың бірі екен.

 

1 фото                                                           2 фото

                                                          

 

 

                    

 

 

 


Жорық күні:     2 күн. 26.07.2016 жыл.

Жүрген жол: Нұрсай-Күйгенкөл  70 км                                    +30          +19

Маршрутың шығу уақыты:  09 сағ.15 мин

Түнеуге тоқтау  уақыты:  19 саг. 125 мин

 

Жүру уақыты– 7 сағат 30 минут                   

                                Орташа жылдамдығы – 10  км/сағ

         Сағат 7 30 ұйқыдан тұрып таңғы асымызды әізірлеп ішіп, шатырларымызды  жинап, сағат 9-да жорығымызды жалғастырдық.Таңертеңгі ауа райы біздің термометр

 +160С  көрсетіп тұр және оңтүстік жақтан жай жел соғып тұрды.Біз шамамен 10 шақырым сағатына жүріп табиғаттын көркемділігін қарап, Казталов-Жәнібек бағытындағы күре жол бойындағы табиғаттың флорасы мен фаунасына экологиялық көзқарасты ұлғайтып және суретке түсіріп күнделікке енгіздік. Жол сапар барысында жердің ойлы-қырлы екендігін, биік таулы, жартасты жерлердің көп екендігін байқадық. Жол бойында Казталов ауданы аумағындағы «Ащысай өзені» үстіндегі көпірде, және Жәнібек ауданы шекарасында командамыз бен фото суретке түсіп, дерек қорымызды молайтып отырдық. Оның сыртында жол бойы кезіккен Құрсай, Көлтабан елді мекендерін бағыттайтын жол белгілеріне фото суретке түсіп, шағын ауылдар жайлы тарихи деректер жинақтадық. Күйгенкөл ауылында (бұрыңғы Т.Жароков атындағы совхоз) 2007 жылы салынып бітіп пайдалануға берілген Ө.Сахипов (сол өңірде 1950 жылдары ел басқарған колхоз төрағасы) атындағы екі қабатты типтік жобадағы орта мектеп үйіне аялдап, мектеп тарихы мен таныстық. Мектеп алдында және мектеп ауласындағы дауылпаз ақын Тайыр Жароковқа арнап тұрғызылған ескерткіш кеуде тұғырдың алдында естелікке фото суретке түстік. Жалпы ауыл өмірінің өркендеп, бүгінгі заман талабына сай тұрмыс күйттеуге ұмтылған ауылдықтардың тамаша тірлігіне саяхат барысында толықтай көз жеткіздік. Сөзімізге кешегі өтпелі кезеңде еңсесін түсірмей, ешқандай тұрғын үйлері бұзылмаған Күйгенкөл ауылының жалпы сыртқы көрінісі, заманға сай жаңғырған жеке дүкендер мен әкім аппараты мектеп сынды үкімет ғимараттары нақты дәлел бола алады. Ауыл төңірегіндегі сай-саланы жағалаған мүйізді ірі-қара мен қой-ешкінің әдемі дауыстары мен ширақ қимылдары Күйгенкөлдіктердің ата кәсіп-мал шаруашылығын өркендетуге бет бұрғандықтарын дәлелдеп тұрғандай. Аты аталған ауылдағы «Бағлан» сауда дүкенінен таусылуға жақындаған кейбір азық-түліктеріміз бен басқа да қажетті заттарымызды сатып алып, қорымызды толықтырдық. Туристер тобының механигі А.Тілепқали аялдаған елді-мекендерде аз-кем ахауы бар велосипедтерді жөндеп, іске қосып отырды.      

             3 фото                                                           4 фото

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Жорық күні:   3 күн. 28.07.2016 жыл.

Жүрген жол: Күйгенкөл  а.-Өнеге а 27 км

Маршрутың шығу уақыты: 09 сағ.45 мин                                  +16      +14

Түнеуге тоқтау  уақыты: 17 саг. 30 мин

 

Жүру уақыты– 3 сағат 45 минут                   

                                Орташа жылдамдығы – 10 км/сағ

 

Түндегі дауылды жаңбырдан кейін, таңертең Сағат 7: 30 ұйқыдан  тұрып, айналамызды жинастырдық, таңғы асымызды әзірлеп ішіп, шатырларымызды  жинап, экспедицияның  жетекшісі А.Сарсембиев барлық команда мүшелерін жинап, бүгінгі күні істелетін жұмыстар жөнінде шағын нұсқаулық берді.  Сағат 9-да жорығымызды жалғастырдық. Ауа райы +15°С  жел жоқ. Жол жүру барысында Күйгенкөл ауылы маңындағы алма бағының үстінен өттік. Өнеге- Жәнібек ауданының Күйгенкөл ауылдық округіне қарасты шағын елді мекен.  Шағын ауылда тұрғын халық үшін бастауыш мектеп, ауылдық клуб пен кітапхана, ФАП қызмет жасайды. Елді-мекенді Жәнібек-Казталов бағытындағы Республикалық маңызы бар көлік дәлізі және жергілікті маңызға ие Өнеге-Бисен-Сайқын бағытындағы облыс ішілік жол тарабы қиып өтуде. 30-40-қа тарта тұрғын үйі бар шағын ауылдың тұрғындарының негізгі кәсібі төрт түлік мал өсіру ісі екен.

5 фото                                                             6 фото

                                                          

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Жорық күні:   4 күн. 28.07.2016жыл.

Жүрген жол: Өнеге ауылы- Мұратсай ауылы  24 км

Маршрутың шығу уақыты: 09 сағ.30 мин                                   +18        +12

Түнеуге тоқтау  уақыты: 18 саг. 00 мин

 

Жүру уақыты– 4 сағат 10 минут                   

                                Орташа жылдамдығы – 3-4 км/сағ

Сағат 07.30- да ұйқыдан  тұрып, айналамызды жинастырдық, таңғы асымызды әзірлеп ішіп, шатырларымызды  жинап, Бөкей Ордасы ауданының аумағына қарай жолға шықтық.  Казталов-Жәнібек бағытындағы көлік жолы бойымен жүріп келген велосипедшілер тобы Өнегеден сол жақ қапталдағы далалық жолға түсіп, Мұратсай  ауылын бетке алған экспедиция тобы Өнегенің төңірегіндегі зиратқа бет сипап, жорығымызды әрі қарай жалғастырдық. Жолай кездескен қазіргі замандағы шаруа қожалықтары қоныстанған қос бірдей  малшы-шопан қыстақтағының  үстінен өтіп, діттеген уақытымызда Мұратсай ауылдық округіне де, табанымыз тиді. Ежелден құмды өңір саналатын өңірдің ісі де, сөзі де ірі екен. Ауылдастың бақуатты тірлігі ауылға кіріп келе жатқан қақпадан-ақ көзге оттай есті. Әкім аппараты, мектеп, дәрігерлік амбулатория, жатақхана сынды әлеуметтік ғимараттар түгелге дерлік жаңарып, заманауи жөндеу жұмыстары жүргізілген. Кеңестер Одағының батыры жерлесіміз Ахмедияр Хусайынов атындағы орта мектеп-балабақшасының жанынан жылыжайға дейін ашылып,  жас ұрпақтың биология, технология пәндерінен алған білімдерін өндірістік тәжірибемен сабақтастырып, білім ұясынан еңбек тәрбиесін алуларына дейін ойластырылғанын көріп, қуанып қалғанымызды жасыра алмаймыз. Мұратсай ауылындажергілікті халық үшін тіс емдейтін жеке «Стоматологияға» дейін жұмыс жасайды екен.     

           7 фото                                                                    8 фото

                                                                       

 

 

 

Жорық күні:   5 күн. 29.07.2016 жыл.

Жүрген жол: Мұратсай  ауылы – Хан Ордасы ауылы 50 км

Маршрутың шығу уақыты: 08 сағ.30 мин                                    +27        +21

Түнеуге тоқтау  уақыты: 19 сағ. 15 мин

 

Жүру уақыты– 7 сағат 30 минут                   

                                Орташа жылдамдығы – 5-6 км/сағ

 

Ауа- райы ашылды.. Сағат 8.30- да таңғы аспен тамақтанып велосипедтерімізді  жөнге келтіріп, заттарымызды тиеп,келесі көрсетілген  бағытымызға қарай жолға шықтық . Құм азды-көпті кедергі жасап, велосипедтеріміздің жүрісін тежеген мен алған бағытымыздан қайтпай кедергілерді артқа тастап, алға қарай жылжи бердік. Мұратсайдан шыққан соң, даладағы малшы-шопан қыстағына кезіктік. Өрісте жайлып жүрген малы үшін жер құдықтан су сорып, жатқан шаруа адамына жолығып, жөн сұрастық. Аптығымызды басып су ішіп, бактерімізге жолымызға қажетті су құйып алдық. Онан соң  Әжен елді-мекеніне аялдадық. Шағын ғана түтіні бар ауылдағы ағайынның да тірлігі уақыт талабына сай алға қарай ілгерілеп келе жатқанына көз жеткіздік. Жаздың шаруаға қолайлы мерзімін ұқыпты пайдалана білген шағын елді мекен тұрғындарының құрлыс жұмыстарын жүргізіп, шөп тасып, үй жөндеп жатқан әдемі тірліктеріне жол бойы өтіп бара жатып, куә болдық. Нарын құмы бойымен жылжыған вело жорықшыларға келесі болып кезіккен елді-мекен Қарасу ауылы. Хан Ордасы ауылдық округіне қарасты бұл елді-мекен бұрыңғы  «Орда» қой совхозының мал фермаларының бірінің орталығы болған шағын ауыл екен. Мұнда да, шамамен 30-дан астам тұрғын үй, бастауыш мектеп, ФАП, клуб ғимараттары бар. Шағын ауыл болса да, газ құбырына қосылған құм бойындағы шағын ауылда да, болашақ бар екеніне көз жеткіздік. Келесі болып, Хан Ордасы ауылына тірелген жорық мүшелері алдымен ауылға 3 шақырым қашықтықта орналасқан Жәңгір хан, Дәулеткерей, М.С.Бабажанов сынды ұлт қайраткерлеріне 1997 жылы Ақтаудың керамзит тасынан тұрғызылған кесенелерге аялдадық. Хан кесенесі мен дәулескер күйші Дәулеткерей бабамыздың және этнограф ғалым М.С.Бабажановтың мәңгілік мәкәндары болған тарихи мекендерге аялдау барысында тарихымызға қатысты Орда топырағындағы бірқатар жәйттарға осы жерде душар болып, өз көзіміз бен көрдік. Орда ауылына кіре берісте қаз-қатар сапқа тұрған велосипедшілер тобы жол бойы қалыптасқан әдетімізше фото суретке түстік. Бүгінгі замандағы тың технология негізінде тұрғызылған заманауи су жаңа қонақ үйге орналасып,  ас пісіріп, кешкі тамағымызды іштік. Бөкей Ордасы аудандық БЖТ және ЭО-нің иелігіндегі қонақ үй Хан тоғайының етегіндегі құмды жерге 2013 жылы бой көтерген. Туристер мен саяхатшылардың мекеніне айналған Орда ауылына еліміздің түкпір-түкпіріндегі қандастарымыз бен қатар алыс-жақында орналасқан шет мемлекеттерден де, саяхаттап келушілер қатары көбею үстінде екен. Қонақ үйге бір түнеп шыққаннан кейін екінші күні тарихи мекенге саяхатымыз басталды. Алдымен  Бөкей Ордасы аудандық тарихи-өлкетану мұражай кешенін аралап таныстық. Бірнеше ғимараттан тұратын тарихи мекенді аралау кезінде Казначейство, Тәуелсіздік сарайы, Хан үйі сынды  өзгеде ел шежіресіне қатысты ескі орындарды өз көзіміз бен көріп, халқымыздың бай тарихи мұрасына қатысты ақпараттарға көз жеткіздік. Мұражай кешенінің ауласы мен аула сыртында естелікке фотоға түсіп, бірқатар тарихи деректерге қанық болдық. Мұражайдан соң Жәңгір хан орта мектебін, Мәдениет үйін аралап, білім мен мәдениет ошағының аулаларындағы тарихи қайраткерлерге арнап тұрғызылған ескерткіштерге тәу етіп, естелікке фотоға түстік. Жәңгір хан, Сейтек Оразалыұлы, Бисен Жәнікешев, Мәншүк Маметова сынды ұлтымыздың ұлыларына арналып тұрғызылған ескерткіш бюсттарда да, біраз тарихи мән-мағына жатқанын жаза кетудің әбестігі жоқ деген ойдамыз. Туристік саяхатымызды аяқтап, вело механигіміз Аманер Тілепқали велосипедтерімізге аз-кем жөндеу, майлау жұмыстарын жүргізген соң, өз ауданымызға қарай жолға шықтық.    

9 фото                                                                 10 фото

                                                                  

 

 

     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Жорық күні:   6 күн. 30.07.2016 жыл.

Жүрген жол: Хан Ордасы ауылы-Өнеге ауылы

Маршрутың шығу уақыты: 08 сағ.30 мин                                   +23         +31

Түнеуге тоқтау  уақыты: 13 саг. 15 мин

 

Жүру уақыты– 3 сағат 30 минут                   

                                Орташа жылдамдығы – 10  км/сағ

 

Таңғы асымызды ішіп, ауқаттанғаннан кейін 30 шілде күні Өнеге ауылы бағытына жолға шықтық. Нарын құмының бойы мен Орда ауылының тарихи-сәулеттік жағынан тамаша жерлерін, Хан Тоғайын, және ауыл маңындағы 3 шақырым жердегі Хан кесенесі сынды тарихи нүктелерді тамашалап, келген жолымыз бен кері жолға шықтық. Жолай кездескен Қарасу, Әжен сынды шағын комплектілі ауылдардың және ауылдық округ орталығы Мұратсай ауылының үстінен өтіп, Мұратсай су қоймасына аялдадық. Сол жерде палатка құрылып, аз-кем суға шомылып, тынықтық. Даладан ас мәзірін дайындау үшін отын әкелініп, от жағылып, табиғат аясында табиғи тамағымызды іштік. Сол жерде су көзінің іргесінде өліп жатқан балықты көріп, өлескені фото суретке түсіріп алдық. Заттарымызды жинақтап, Мұратсайдан 25 шақырым қашықтықтағы Өнеге елді мекеніне далалық жайын жолдар мен жол тарттық. Өнегеге жеткен соң, вело жорықшылар тобы  (топ басшысы А.Сарсембиев)  велосипедтерін, іс-сапар кезінде қолданған өзге қажетті заттарын жинақтап,  Сол Өнеге елді мекенінде велошылар жорығы өз мәресіне жетіп, (Казталовтан Жәнібек бағытына қарай 114 км) ауылға (Казталов) аудан орталығынан барған авто көлікке барлық туристер мінгізіліп, бір апта бойы жолда жүрген жас турист-өлкетанушылар үйлеріне қайтты. 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды, шешімдер, ұсыныстар.

 

1.     Қорытынды:

Маршрут кезінде вело кедергіден  қатысушылардың бәрі түгелдей өтіп шықты. Жол бойы ешқандай қауіпті, не қолайсыз жайттар болған жоқ.  Жорық барысында жорыққа қатысқан ұстаздар мен машықкерлер туған өлкенің табиғатымен, Ащысай өзені мен Мұратсай су қоймасының жағдайымен және туған өлкенің тарихи құндылықтарымен танысып, экологиялық және тарихи зерттеулер жүргізіп, туған өлкеге деген көзқарастары қалыптасты деген ойдамыз.

 

2.     Шешімдер:

Маршрут техникалық жағынан І қиындық категорияға  жатады деуге болады. Маршрут бойындағы кедергілер жорық мүшелерімен толықтай өтілді, сондықтан бұл маршрутқа жаңа бастап, шығып жатқан жас турист-өлкетанушы-велосипедшілерге  арнайы әзірліксіз шығуға болмайды.

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ.

Қортындылай келе Бөкей Орда елі мен оған жақын орналасқан аудандар еліміздің ата тарихының  қайнар көзі немесе Жайық өңіріндегі кішкене бөлшегі саналады. Кім-кімде туған елінің ата тарихын білмесе, қастерлемесе, тарихқа деген отаншылдық құрметі қалыптаспаса, бұл дүниеде адал адам болмайтынын баршамыз жақсы білеміз.  Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2014 жылғы 24 тамыз күні Ұлытау төрінде журналистерге берген сұхбатында «Қазақтың тарихында қазақ ұялатын ештеңе жоқ»,-деп осыдан тура екі жыл уақыт бұрын қадап айтқан болатын. Бірнеше ғасыр мен әлденеше мыңдықтарға жалғасқан ел тарихы жөнінде құнды да маңызды пікір айтқан Елбасы сөзінде үлкен тәрбиенің көзі жатыр. Шын мәнісінде де, жүріп өткен жолымыздың бәрінде де, ата-бабаларымыздың ізі сайрап жатыр. Сол жолда қасиетті Орда елінің тереңде жатқан бай тарихын меңгеріп, әрі алдымен өзімізден білім мен тәрбие алып жатқан өскелең ұрпаққа, одан қалды өзіміз бен қатар еңбек етіп жүрген замандастарымызға үлгі өнегемізді көрсетіп қайтқан жайымыз бар.

Сапар барысында тарихқа талғам мен қарап құрмет қалыптастыру мен бір мезетте спорттың бұқаралығын арттырып, облысымыздың шеңберінде  өзге ағайындардың велосипед тебуге деген қызығушылықтарын ояту болатын. Сол жолмен іс-сапарға шыққан туристер тобы, Орда өңірін бетке алған жолда туристік походтар ұйымдастырып, алыс жолға шыққанда ауыз бірлікте, ынтымақтастықта татулық жағдайында бір үйдің балаларындай тату тәтті тұрмыс күйттедік. Осындай сапарлардың адам баласын бірлік пен татулыққа тәрбиелеуге қосатын үлесі қомақты деген ойдамыз.               

 “Тәрбие бесіктен басталады”- дегендей болашақ ұрпақты алдымен тарихи  сауатты, спорт жағынан шыныққан шымыр, елжандылық рухы биік азамат етіп тәрбиелеу жолында педагог атаулы үшін осындай жорықтардың тигізетін септігі молынан болмасына кім кепіл. Әрі туған өңіріміз бен өлкеміз үшін отаншылдық пен елжандылықты халық арасында кеңінен нәсихаттап, вело спортының маңызын жоғарылатуда осындай тарихи-жорықтардың тигізер септігі биік деп есептейміз.Туристер жорығы туралы экспедиция мүшесі Миржан Қарабалиннің авторлығы мен Казталов аудандық «Ауыл айнасы» газетінің 2016 жылғы 12 тамыздағы №33 (8333) санына «Шерлі де, шежірелі Орда» тақырыбымен мақала басылып шықты.      

 

              Бағытта кездескен қауіпті жерлер (кедергілер, құбылыстар)

Велосипед пен келе жатқанда қауіпсіздік техникасы мен сақтық ережелерін сақтаған жөн, себебі жолда неше түрлі жағдайлар кез болуы мүмкін. Жолда жүріп келе жатқанда абай болу қажет. Әсіресе Казталов-Жәнібек бағытындағы көлік жолы бойында жолда авто мәшинелер көп кездеседі. Шапшаң жылдамдық пен келе жатқан авто көліктерден мұқият болу шарт.  Өнеге елді мекенінен кейін Мұратсай бағытындағы жайын жолда жүріп тұрудың қиындығы бар. Әсіресе Мұратсай мен Орданың  арасында жердің құмды болуына байланысты велосипедтің қозғалысы туристерге қиындық келтірді. Әрі елді мекендер арасының қашықтығы, далада су көздерінің сиректігі тағысын-тағы кедергілер адам баласының аса сақ болуын талап етеді.    

 

 

 

 

Ү.Жорық қорытындысы

Маршрут ұзақтығы 6 күн және І- ші қиындық категориясындағы жорыққа сәйкес келді. Маршруттың жалпы ұзындығы 280 км. жорық Казталов аудандық БЖТ және ЭО-нің қосымша білім беру педагогтары қатысты. Топ мүшелері жорық барысында қауіпсіздік ережелерін сақтап, жинақы жүрді. Жорық Бөкей Ордасы елінің тарихын терең танып білу, өлкетану және вело туризмі техникасын жетік меңгеру мақсатында ұйымдастырылды. Маршрут жоспар бойынша ойдағыдай өтті. Топ мүшелері өздеріне жүктелген міндеттерді толықтай атқарып шықты. Велосипед пен жолда жүру техникасын барынша меңгеріп, далалық жағдайда кездесетін қиындықтарды жеңуге дағдыланып, өздерінің туристік біліктіліктерін жетілдірді деуге толық негіз бар.

Топ мүшелері барған елді мекендермен танысып, ауыл тұрғындармен кездесулер өткізді. Топ мүшелері өлкетану бағытында барған ауылдарынан құнды өлкетану ақпараттарын жинақтады. Экспедиция өлкеміздің табиғаты тамаша жерлерінде ұйымдастырылды. Атап айтсақ жолда кезіккен Әжібай, Тереңкөл, Күйгенкөл, Мұратсай ауылдық округтеріндегі игі істер мен Хан Ордасы елінің ғасырлардан бері қалыптасқан бай тарихы вело туристер тобын ерекше қызықтырды. Жорықта жиналған және зерттелген материалдар слетте қолданылады. Басқа  жорықшылар  тобына кеңесіміз жаз кезіндегі  құбылмалы ауа-райын  ескере отырып, қандайма-қандай туристік жорықтарға аса сақтық пен мұқият шығуға, жол бойы қажет болады деген құрал-жабдықтарды толықтай ұмытпай алып шығуға кеңес береміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жеке құрал- жабдықтар

Топтық  құрал- жабдықтар

 

 

Атауы

Саны

1.

4 орындық шатыр

2 дана

2.

Шәйнек

1 дана

3.

Тамақ пісіретін құралдар.(темір ілмек,)

1 дана

4.

Брезент қолғап

1 дана

5.

Туристік балта

1 дана

6.

Пышақ

2 дана

7.

Тақтай

1 дана

8.

Фонарик

1 дана

9.

Карта,сызбалар

1 дана

10.

Компас

2 дана

11.

Ара

1 дана

12.

Фотоаппарат

1 дана

13.

Полиэтилен-6м.

1 дана

14.

Дастархан

1 дана

15.

Термос

1 дана

16.

Төсеніш

6 дана

17.

Шырпы

6 дана

18.

Дәрігерлік қобдиша

1 дана

19.

Жөндеу құралдары

1 дана

 

 

 

 

 

Дәрігерлік қобдиша

 

Атауы

Саны

1

Стерильді бинт

2 дана

2

Мақта

200 гр

3

Лейкопластырь

2 дана

4

Термометр

1 дана

5

Йод

1 дана

6

Маргонцевка

1 дана

7

Зеленка

1 дана

8

Медициналық сприт

200 гр

9

Ас содасы

1 дана

10

Аммиак

1 дана

11

Анальгин

2 дана

12

Парацетамол

2 дана

13

Антигриппин

2 дана

14

Нафтизин

1 дана

15

Валидол

1 дана

16

Жгут

1 дана

17

Қаз майы

100 гр

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жөндеу құралдары

 

Атауы

Саны

1

Балға

1 дана

2

Қысқаш

2 дана

3

Отвертка (набор)

1 дана

4

Резина желімі «Лодка»

1 дана

5

Желімдеуге арналған резина

1 дана

6

Ине

1 дана

7

Жіптер

1 дана

8

Сым

1 дана

9

Изолента

2 дана

10

Қайшы

1 дана

11

Егеу

1 дана

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өлкетану жұмыстары мен материалдары

Жәнібек ауданы Күйгенкөл ауылдық округі

Жәнібек ауданы Күйгенкөл ауылы

Күйгенкөл ауылдық округінің жер схемасы

Географиясы мен топонимиясы.

Күйгенкөл - Жәнібек ауданындағы ауыл, әкімшілік округ орталығы.Аудан орталығы- Жәнібек ауылынан шығысқа қарай 72 км. жерде, өзімен аттас көлдің жағалауында, ақжусан, еркекшөп, көкпек, қаражусан өскен бозғылт- қоныр, сортаңдау қоныр топырақты қуан шөлейт белдемеде орналасқан. Тұрғыны 0,88 мың адам (2004), іргесі 1963 жылы Т.Жароков атында қой өсіру кеңшарын ұйымдастыруға байланысты қаланды. Ауыл 1993 жылға дейін Ворошилов деп аталған.

         Күмәнді Долана- раушангүл тұқымдасына жататын бұта немесе ағаш. Биіктігі 3м. Бұтағы қызғылт-қоңырқай, жас шыбығы бедерлі. Тікеннің ұз. 0,5-1,5 см. Жапырағы жалпақ, жұмыртқа тәріздес. Сағағының ұз. 1-3 см.Гүлінің диам. 1,5 см. Жемісі шар тәрізді немесе қысқа эллирс тәрізді. Жемісінің диам. 11-14 мм. Жайық ө.  Аңғарынан Барановка кенті, Нарын құмына дейін тараған. Тұқымы және тамырымен көбейеді. Мамырда гүлдеп,құркүйекте жеміс береді. Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
Күйгенкөл-қыстау. Жасқайрат ауылының солтүстік-шығысында 14 км. жерде. Жәнібек ауданында. Ащыөзек өзен аңғарында. Маңында Қызылоба, Бесқашар, Ғайса, Бақа қыстаулары орналасқан. Сұрғылт қоныр, сортаң топырақ жамылғысында жусан, бетеге аралас астық тұқымдас өсімдіктер өседі. Мал жайылымына пайдаланылады.

Күйгенкөл ауылының тарихы

Күйгенкөл ауылы тарихының жарқын беттерінің бірі –ауылдың 1955 жылы миллионер колхоз деп танылуы болды.Колхоз төрағасы Өтепқали Сақыпов еңбектегі ерлігі үшін  екі рет «Еңбек қызыл Ту»орденімен марапатталып, ХІХ сьезде делегат болды. Күйгенкөл совхоз болып 1963 жылы қайта құрылды. 1993 жылға дейін Ворошилов ауылы деп аталды. Күйгенкөл ауылдық округінің құрамына 1994 жылы 4 сәуірде Жасқайрат,Көлтабан,Өнеге кірді. Орталығы-Жасқайрат ауылы .Қой өсіру шаруашылығымен айналысқан Күйгенкөл ауылы жерлес ақын Т.Жароковтың есімімен аталды. Қазір онда 46 шаруа қожалығы жұмыс істейді. Ауылдық округте Ө.Сақыпов атындағы орта мектеп, бастауыш мектептер, Мәдениет үйі, дәрігерлік емхана мен фельдшерлік-акушерлік пункт бар.

Күйгенкөл ауылдық  кітапханасының тарихы

Күйгенкөл ауылдық кеңесі ХІХ партия сьезі атындағы колхозда 1954 жылы «Қызыл отау» деген атпен құрылды. Сол жылдардан бастап кітапхана көпшіліктің сүйікті орнына айналып, қоғамдық өмірге белсене қатысып, рухани қазыналар ордасы бола білді. 600-дей кітап қорымен ашылған кітап қоры бүгінде 19 мың данаға жетіп ауыл тұрғындарының рухани дәрежесін көтеруде қызмет көрсетуде
1954 жылдан 1959 жылға дейін Күйгенкөл ауыл советі ХІХ партия сьезі атындағы колхозда «Қызыл отау» меңгерушісі болып  Рысқалиев Асан жұмыс істеді. 
http://www.zkolib.kz/zkolib/kaz/zhanubek.png1968 жылдан 1976 жылдары совхоздың кітапханасында кітапханашы болып Жұматова Табила жұмыс істеген. Ол істеген жылдары кітап қоры 6000 данаға жетіп, оқырман саны 300, кітап берілімі - 3000 данадай болды. 
1971 жылы «Ең үздік кітапханашы» атағын алды. Ұлы Жеңістің 30 жылдығына «Ер есімі, ел есінде» стенд шығарып , осы көрме үшін  облыстық мәдениет бөлімінен мақтау қағазымен марапатталған. Облыстық әйелдер сьезіне бірнеше рет қатысып,  1974 жылы  кітапхана  облыстан «Үздік кітапхана» атағына иеленді 
1976 жылы Күйгенкөл ауылдық кітапханасына 6000-ға жуық кітап қорымен Губашева Тойған қабылдап алғанда, 300 оқырман есепте тұрған. Тойған  өз ісінің шебері, білікті маман ретінде бірнеше мәрте облыстық мәдениет  бөлімінің  аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінен мақтау қағаздарымен марапатталған. 2006 жылы облыстық Ж.Молдағалиев кітапханасынан «Мамандығын  мәртебелі еткендер» 2-ші шығарылымына енді. 2009 жылдан зейнеткер жасында.


http://www.zkolib.kz/zkolib/kaz/zhanubek1.png1972 жылғы кітапхананың сыртқы көрінісі.

60 жылдар шамасында Қазақ Совет әдебиетінің  Орал  облысындағы апталығы кезінде Ғабит Мүсірепов, Хамза Есенжанов, Қуандық Шаңғытбаев, Ғафу Қайырбеков,  Сағи Жиенбаев бастаған ақын жазушылар тобы Жәнібек ауданында  болып, Күйгенкөл аулының кітапханасында оқырмандармен кездесті.

http://www.zkolib.kz/zkolib/kaz/zhanubek2.png 

1960 жылы Ғ.Мүсірепов Күйгенкөл ауыл тұрғындары арасында қолтаңба беруде.

1978 жылы ақын Т.Жароковтың 70 жасқа толуына байланысты ақынның жанұясы мен ақындар Жұбан Молдағалиев пен Хамит Ерғалиевтер  ауылда үлкен шарада  оқырмандар кездесулері ұйымдастырылды. 
1981-82 жылдары көрнекті жазушы Тахауи Ахтанов пен  жерлес ақынымыз Ақұштап Бақтыгереевалар болып ақын ескерткішіне тағзым етіп ауыл тұрғындарымен кездесті.
Ақын Жұбан Молдағалиев ауыл кітапханасында болып кітапхана меңгерушісі  Губашева Тойған апайға «Кітап жаршысы бола бергейсін» деп тілек қалдырып, кітапханаға 3 томдық жинағын /өлеңдер/ тарту еткен.
1988 жылы  ақын Т.Жароковтың 80 жасқа толуын ауыл жұртшылығы ақынның жанұясымен және ақын Сағынғали Сейітов пен жазушы  Әкім Таразының қатысуымен атап өтті. Осы кеште «Ақын, азамат, патриот» стендісі шығарылып, «Халқы  сүйген қаламгер» атты кітап көрме, альбомдар шығарылды.

http://www.zkolib.kz/zkolib/kaz/zhanubek3.png1988 жылы Ә.Тарази ауыл кітапхнасында қолтаңба қалдыру сәтінен.

1998 жылы ақын Т.Жароковтың 90 жылдығына арналған кездесу өтті. Оған ақын Айтқали Нәріков филология ғылымының кандидаты ғалым  Серікқали Шарабасовтар  қатысты.  Баяндамалар оқылып, Т.Жароков поэзиясы тұжырымдалды. Кездесуде облыс ақыны Мұтиғолла Ғаниев, талапкер ақын Нұрлан Сәдіровтер жүрек жарды  жырларын оқыды. 
Күйгенкөл ауылына өнертанушы ғалым, профессор, күйші Айтжан Тоқтағанов, жерлес ақын Қайрат Жұмағалиевтер келіп, Т.Жароков ескерткішінің жанында оқырмандармен кездесіп қолтаңбасын қалдырды.

2003-2005 жылы «Ауыл жылы» жариялануына байланысты ауылдық  кітапханада  «Ауылым-асыл қазынам» көлемді көрме жасақталып, ауыл оқырмандары арасында ауылға арнап шығарған өлеңдерінен «Ауылым-арналады саған өлең жырым» атты сайыс өткізілді. «Ауылым атамекенім» атты альбом жасақталып, оған ауылдың өткені мен бүгінгі  кезеңдерінің суреттері жинақталып ауыл тарихы жазылды. Кітапханада осындай мәдени көпшілік жұмыстардың өтуіне байланысты оқырман саны http://www.zkolib.kz/zkolib/kaz/zhanubek5.pnghttp://www.zkolib.kz/zkolib/kaz/zhanubek4.png780-ге, кітап берілімі - 25000 данаға жетті. Кітапхананың осындай дәрежеге жетуіне аудандық орталықтандырылған кітапхана мамандарының әдістемелік көмектері  мен әдістемелік құралдары көптеп қолданылды.       
2007 жыл 26 желтоқсанда Күйгенкөл ауылдық кітапханасы   «Модельді ауыл кітапханасы» статусын алды.

 

 

Мұратсай ауылдық  округі  ауданның солтүстік - шығыс бөлігінде орналасқан,  территориясы - 235,1  мың га.  01.07.2015 ж. күніне халық саны - 1073 адам,  аула саны -  242.  Ауылдық округ батыс жағынан Сайқын ауылдық округімен, шығыста - Бисен ауылдық округімен, оңтүстікте - Орда ауылдық округімен, солтүстікте және солтүстік - батыстан  Жәнібек ауданымен, Ресей Федерациясының  Волгоград облысымен шекараласады.  Округ орталығы - Мұратсай  ауылы, аудан орталығынан 62 шақырым қашықтықта орналасқан. Ауылдық округте 3 елді мекен бар (Мұратсай, Әжен, Тайғара). 

Тұрғындардың негізгі кәсібі - мал шаруашылығы.   01.07.2015 ж.  мал басы: ірі қара-2321 бас, қой мен ешкі -7108 бас, түйе - 9,  жылқы - 329 бас.

Шаруа қожалықтары саны - 33, жеке кәсіпкерлер - 15.

Округте  1 фельдшерлік-акушерлік пункт, 2 медициналық пункт, А.Құсайынов атындағы орта мектеп,  2 бастауыш мектеп, 1 ауылдық мәдениет үйі, 1 клуб,  3 кітапхана жұмыс істейді. Ауылдық округ Округ  аумағында Мұратсай су қоймасы бар.

 

 

Орда ауылдық  округі   ауданның солтүстік - шығыс  бөлігінде орналасқан,  территориясы - 328,0  мың га.   01.07.2015 ж. күніне халық саны - 3172 адам,  аула саны -  723.  Ауылдық округ батыс жағынан Сайқын ауылдық округімен, оңтүстікте - Атырау облысы Құрманғазы ауданының Сүйіндік ауылымен, шығыста - Бисен ауылдық округімен, солтүстікте Мұратсай ауылдық округімен  шекараласады.   Округ орталығы - Хан ордасы  ауылы, аудан орталығынан 55  шақырым қашықтықта орналасқан.  Ауылдық округте 5 елді мекен бар (Хан ордасы,  Қарасу, Үштерек, Сейтқали, Макар).

Тұрғындардың негізгі кәсібі - мал шаруашылығы.   01.07.2015 ж.  мал басы: ірі қара-18344 бас, қой мен ешкі -16110 бас, түйе - 726,  жылқы 5915 бас.

Шаруа қожалықтары саны - 104, жеке кәсіпкерлер - 63.

Округте  1 дәрігерлік амбулатория, 1 фельдшерлік-акушерлік пункт, 3 медициналық пункт, Жәңгір хан атындағы жалпы білім беретін орта мектеп,  3 бастауыш мектеп, 1 ауылдық мәдениет үйі, 3 клуб, 4 кітапхана жұмыс істейді.  Сонымен қатар Орда тарихи-мұражай кешені, Орда орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі бар.

 

Асыл тұқымды қазақтын айыр өркешті түйе өсіретін «Хан-Ордасы» жауыпкершілігі шектеулі серіктестігі

Орда орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі 

Жәңгір хан кесенесі

Аудан тарихы

Кең байтақ қазақ даласының батыс бөлігінде орналасқан шежіресі бай, табиғаты сұлу өлке - Бөкей ордасы ауданы. XIX ғасырда мәдениет, өнер, білім орталығы болған ғажайып өлкенің тарихы тереңнен бастау алады. 
1801 жылы Нұралы ханның екінші ұлы Бөкей сұлтан Орыс патшасына бос жатқан Еділ мен Жайық өзендері аралығындағы атамекеніне көшіп - қоныстануға рұқсат сұраған өтініш жолдайды. Ресей императоры Павел I Бөкей сұлтанның өтінішін қабыл алып, 1801 жылдың 11 наурызында "Қырғыз - Қайсақ Кіші ордасының Хан кеңесінің төрағасы Бөкей сұлтан Нұралы хан ұлын өзіме ризашылықпен қабылдаймын, өзі қалаған жеріне көшіп жүруіне рұқсат етемін және менің рахым етуімнің белгісі ретінде қара лентамен мойынға тағатын өз суретім бар алтын медаль тағайындаймын" деген жарлық-рескриптісін шығарады. Сол жылдың күзінде Бөкей сұлтан өзіне қарасты 5 мың түтін ауылымен Жайықтың ішкі бетіне көшіп-қоныстанады. Тарихта Ішкі Қазақ немесе Бөкей ордасы аталған өлкенің іргесі осылай қаланады. 

1806 жылдың 19 мамырында Патшалық Үкіметтің арнайы жарлығымен хандықтың территориялық көлемі 6500 мың десятина болып бөлінеді. Жарлықта: "Бөкей сұлтанның қол астындағы қазақтарға Үлкен және Кіші өзендерінен Богда тауларына дейін, одан Чапчачи арқылы Дудацк немесе Телепнев ватагаларына және теңізге дейін көшуге рұқсат беріледі" деп көрсетіледі. 
1808 жылы 17 шілдеде Бөкей хандығы Астрахан әскери губернаторының және Орынбор шекара комиссиясының құзырына бағынышты болып бекітіледі. 
1812 жылы Александр I патшаның арнайы жарлығымен Бөкей сұлтан Ішкі Қазақ ордасының ханы болып тағайындалады. Бөкейді ақ киізге көтеріп хан сайлау Орал қаласының маңындағы тоғайда өтеді, кейін ол жер "Хан тоғайы" деп аталады. 1815 жылдың 21 мамырында Бөкей хан қайтыс болады. Тақ мұрагері Жәңгір жас болғандықтан, хан тағына уақытша сұлтан Шығай Нұралы хан ұлы отырады. 
1823 жылы Жәңгір Бөкейұлы хан тағының мұрагері болып танылып, 1824 жылы 22 маусымда "Хан тоғайында" ақ киізге көтеріліп, хан сайланады. 
Ішкі Орданың іргесі бекіп, ішкі әлеуметтік - шаруашылық жағдайы қалыптасып, нығайған тұсы 1823 - 1845 жылдары Жәңгір хан басқарған кезең болатын. Көзі ашық, көкірегі ояу, орыс, татар, араб, парсы тілдерін жетік меңгерген Жәңгір Ресей үкіметінің көптеген наградаларымен марапатталып, алтын тәжбен безендірілген I дәрежелі Әулие Анна орденінің кавалері атанып, генерал - майор шеніне дейін көтерілген тұңғыш қазақ ханы.

Жәңгір 1924 жылдың күзінде Орынбор муфтиі Мұхамеджан Хусейновтың қызы Фатимаға үйленеді. Фатима европаша білім алған, тілдерді жетік меңгерген, би, музыкаға жақын болатын. 
1926 жылы хан Жәңгір жұбайы Фатима ханшамен Орыс патшасы Николай I-нің таққа отыру рәсіміне шақырылады. Мәскеу қаласында өткен салтанатта Фатиманың білімділігі мен мәдениеттілігіне орыс интеллигенциясы, Фатиманы биге шақырған Николай патшаның өзі де, оның орысша таза сөйлеп, билегеніне тәнті болады. 
1927 жылы Жәңгір хан патшаға ерекше шеберлікпен жасалған киіз үй сыйға тартады. 1929 жылы императрица Александра Федоровна Фатима ханшаға бразилия топаздарымен безендірілген алтын диадема, тарақ және сырға сыйлайды. 
Жәңгір ең алдымен қазақтарға ыңғайлы әрі тиімді тұрмыстың үлгісі етіп, 1827 жылы Нарын құмының Жасқұс деген жеріне Хан сарайын салдырады. Жәңгірден үлгі алған би - сұлтандар, кейін қарапайым халық үй тұрғызып, Хан ставкасы саяси-экономикалық маңызға ие орталыққа айналады. 
1828 жылы өз үйінің бір бөлмесіне әулеттік - династиялық құнды заттарды, ат әбзелдерін, жауынгер қару - жарағын жинастырып, қару - жарақ палатасын ұйымдастырады. Бұл - қазақ жерінде ашылған тұңғыш музей болатын. 
Жәңгір өз қоластындағы халқының денсаулығына да үлкен көңіл бөліп отырған. 1825 жылы С.Жәнібеков деген қазақты шешекке қарсы екпе жұмысын жүргізуді үйрену үшін оқуға жібереді. 1826 жылдан бастап Ордада шешек ауруына қарсы екпе жұмыстары жүргізіледі. 1832 жылы Жәңгір ханның шақыртуымен Хан ставкасына дәрігер А.А.Сергачев келеді. Кейін 1839 жылы тұңғыш дәріхана ашылады. Осы кезеңдерде Ордада В.Ф.Евланов, Пупорев, т. б. дәрігерлер қызмет атқарады. 1852 жылы Ордада 16 кереуеттік қоғамдық аурухана ашылады. Бүл аурухана күні бүгінге дейін сақталып, халыққа қалтқысыз қызмет етіп келе жатыр. 
1832 жылы хан Жәңгір халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру, сауда - саттық саласын дамытып, жолға қою мақсатында жәрмеңке ұйымдастырады. Жәрмеңке көктем және күз айларында өткізіліп, оған Ресейдің Саратов, Мәскеу, Новгород, т.б. губернияларынан саудагерлер келген. 1846 жылы көктемгі жәрмеңкеге 3883 адам қатысса, 1851 жылғы тауар айналымы 1,5 миллион күміс ақша құраған. 
Жәңгір бөкейлік қазақтардың өз дінін жоғалтпай, сақтап қалуы үшін 1835 жылы өз үйінің ауласына ерекше архитектуралық үлгімен мешіт салдырады. Ел ішінде оны "Хан мешіті" деп атаған. 
Хан Жәңгір Бөкей ордасындағы мал басының санын көбейтіп қана қоймай, оның тұқымын асылдандыруға, әсіресе, жылқы малына үлкен мән береді. Хан ставкасында, Ресейдің Орск, Элиста қалаларында ат көрмелері өткізіліп, ат жарыстары ұйымдастырылып тұрады. 
Бөкей ордасы тарихында маңызды орын алатын оқиға - И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы бастаған 1836-1838 жылдардағы халық көтерілісі. Бүл - патша әкімшілігі мен хан-сұлтандарға қарсы көтерілген халықтың азаттығы үшін бастаған бой көтеруі болды. 
1840 жылы Жәңгірдің шақыртуымен Ордаға ветеринар К.П.Ольдекоп келеді. Осында қазақ жеріндегі түңғыш ветеринарлық бөлім ашылып, алғаш мал ауруларына қарсы екпе, тәжірибе - зерттеу жұмыстары қолға алынады. 
Ел болашағының білімде екенін түсінген Жәңгір 1841 жылы 6 желтоқсанда қазақ даласындағы ең түңғыш қазақша - орысша білім беретін мектеп ашады. Бұл мектептен есімі елге танылған талай тұлғалар білім алды. Солардың бірі - қазақтан шыққан ғалым - этнограф Мұхамедсалық Бабажанов. Оның қазақтар жөніндегі зерттеулері, тарихи мұралары туралы басылымдары жоғары бағаланып, 1862 жылы Орыс географиялық қоғамының күміс медалімен марапатталады. Жәңгір мектебінен білім бастауын алған жүзден астам ғалым - зерттеушілер, Асан Тайманов сынды жиырмадан астам академиктер шықты. 
Кезінде Жәңгірдің өзі де Қазан университетінің кітапханасына араб, парсы, түркі тілдерінде жазылған маңызды қолжазбаларды сыйға тартады. Оның ағартушылықты таратуға деген еңбегін құрметтеп, 1844 жылы университеттің ғылыми кеңесі Жәңгірді "Қазан университетінің құрметті мүшесі" етіп сайлайды. Жәңгір орыс басылымдарын, газет-журналдар, әртүрлі кітаптар алдырып, бай кітапхана қорын жинақтаған.
Оның үйіндегі жеке кітапханасында "Северная пчела", "Отечественные записки", "Современник" басылымдары, Шинкелдің "Архитектура XIX ст.", Гогольдің "Мертвые души" кітаптары болған. 
Хан Жәңгір Бөкей ордасына келген ғалым - зерттеушілерді ерекше құрметпен қабыл алған. Осы өңірде болған Г.С.Карелин, В.И.Даль, т.б. хан үйінің қонақжайлылығына ризашылықтарын естелік - зерттеулерінде жазып көрсетеді.Бұлардан басқа Бөкей ордасында 100 - ден астам орыс және шетел зерттеушілері болған. 1842 жылы Жәңгірдің өтінішімен белгілі картограф, Орыс географиялық қоғамының мүшесі Я.В.Ханыков Бөкей ордасының территориялық картасын жасайды. Сол кездегі хандықтың құрамына қазіргі Батыс Қазақстан облысының Жәнібек, Казталовка, Жаңғала, Орда аудандары, Атырау облысының Махамбет, Құрманғазы аудандары, көршілес Ресейдің Волгоград облысы Палласовка ауданының, Астрахан облысы Құмөзек, Володар, Қарабайлы аудандарының бір бөлігі енген. 
1841 жылы Хан ставкасы мен Черный Яр қаласының аралығына пошта - телеграф байланысы орнатылады. 
1845 жылы 11 тамызда Бөкей ордасының саяси, мәдени, экономикалық жағынан дамуына жол бастап, бұл өлкенің басқару ісіне көптеген өзгерістер енгізген ұлы реформатор, қазақ даласының ұлы жаңартушысы Хан Жәңгір Бөкейұлы қайтыс болады. 
Хан Жәңгір дүние салғаннан кейін Бөкей ордасындағы хандық басқару құрылымы жойылып, жаңа әкімшілік - Уақытша Кеңес құрылады. Уақытша Кеңес 1845 - 1917 жылдар аралығында билік жүргізеді. 
1860 жылы Бөкей ордасы 7 әкімшілік бөлікке бөлінеді. Олар: Тарғын, Қалмақ, Нарын, Қамыс - Самар, Талов қисымдары және I, II Теңіз жағалауы округтері. Әрбір әкімшілік бөлікті әкім - правительдер басқарады. 

1862 жылы Хан Ставкасында кітапхана ашылады. Кітапхана қорында О.Бальзактың, У.Шекспирдің, Г.Гюгоның, Т.Шевченконың кітаптары, сондай - ақ Ресейдің басылымдары болған. 
Хан жәрмеңкесіндегі сауда саласының дамуына байланысты, ақша капиталын реттейтін әрі сақтайтын орын "Казначейство" мекемесі 1867 жылы ашылып, банк қызметін атқарады. 
1869 жылы 5 адамнан тұратын өрт сөндірушілер командасы және жылжымалы обоз жасақталады. 1870 жылы Ресейден ауа - райын бақылайтын аспаптар әкелініп, метеорологиялық станция жұмыс жасайды. 
1832 жылы Жәңгірдің бастауымен отырғызылған Орда орманын мемлекет тарапынан қорғау 1890 жылдан бастап қолға алынады. 1908 жылы Орда орман шаруашылығы мекемесі жанынан питомниктер жасақталып, зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Соның нәтижесінде - Нарын қарағайы дүниеге келеді. 
1908 жылы қазақ даласындағы ең түңғыш Оба індетіне қарсы күрес станциясы кұрылады. Бүл станцияда Халықтық денсаулық сақтау комиссарының орынбасары М.Шомбалов, оба індетін емдеуге маманданған дәрігерлер И.А.Деминский, А.Михайлов, кейін медицина ғылымының докторы Н.Доброхотова жұмыс жасады. 
1911 жылы қазақ баспасының қарлығаштарының бірі - "Қазақстан" газеті белгілі ақын Ғ.Қараштың ұйымдастыруымен Ордада басылып шығады. 
Қазақстандағы ең тұңғыш Ұлы Қазан революциясы орнаған жер - Орда болатын. 1918 жылы тұңғыш комсомол ұясы құрылады. 1918 жылы тұңғыш кеңестік баспахана ашылып, онда "Дұрыстық жолы", "Киргизская правда", т.б. газет - журналдар басылып шығады. 1918 жылы Ордада Қазақтың I үлгілі атты әскер полкі жасақталады. Осы кезеңдерде мәдени өмірге де көп көңіл бөлінеді. "Жігер" жастар ұйымы кұрылып, орыс, татар, қазақ труппалары, белгілі күйші М.Бөкейхановтың ұйымдастыруымен ұлт - аспаптар оркестрі жасақталады. Белгілі драматург И.Меңдіхановтың пьесалары көрермен назарына ұсынылады. 
1941 - 1945 жылдары Ұлы Отан соғысы жылдары Орда ауданы Қазақстандағы соғыс жағдайына келтірілген бірден - бір аудан болды. Ордалық 2000-нан астам азамат туған Отанын қорғауға аттанды. 
Соғыстан кейінгі кезеңде ел шаруашылығын көтеріп, нығайтуда аянбай еңбек еткен 25 ордалыққа Кеңес Одағының ең жоғарғы наградасы - Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. 
Орда тарихының қасіретті беті - Капустин Яр полигоны. 1948 жылы полигонға берілген аудан аймағында жер асты, жер үсті сынақтары жүргізіледі. 1952 жылы ауданның 19 колхозы күшпен өзге аудандарға көшіріледі. 1990 жылдың мамырында Т.Махимовтың жетекшілігімен "Нарын" қоғамдық қозғалысы құрылады. 
Орда - талантты ұлы тұлғалардың мекені. Осы өлкеден қазақтың белгілі күйшілері Құрманғазы, Дина, Сейтек, Науша, домбырашылар Ж.Теміралиев, Е.Қазиев, Халық артисі, актриса Х.Бөкеева, қазақтың тұңғыш дирижері Ш.Қажығалиев, халық композиторлары Б.Жұманиязов, М.Сағатов, медицина саласының озық қызметкерлері А.Герасимов, Х.Бөкейханов, білім беру ісінің үздіктері Ғ.Зарипов, М.Кульбацкая, Орда музейін ұйымдастырушы А.Тажетдинов, ауыл шаруашылығының озаттары К.Меңдәлиев, Р.Егізбаев, ақындар Т.Жароков, С.Даумов, Қ.Жұмағалиев, т.б. шықты. 
XX ғасырдың бас кезінде Бөкей ордасы көптеген өзгерістерді басынан өткерді. 1925 жылы Бөкей губерниясы таратылып, Орал губерниясының құрамына енгізілді. 1928 жылы Бөкей уезінің аты Орал облысының Орда ауданы болып өзгертілді. Осы уақыттан бастап Бөкей ордасы атауы жойылды. Тек тәуелсіздік алғаннан кейін ғана, ел еңсесі көтеріліп, етек - жеңі жиналып, тарихымызға көз жіберіп, кім екенімізді таныдық. 2001 жыл ордалықтар үшін екі бірдей қуаныш әкелді. Оның бірі - Тәуелсіздіктің 10 жылдығы болса, екіншісі - Орданың 200 жылдығына орай Бөкей ордасы атауы қайтарылып берілді.

 

 

 

 

Казталов ауданынан шығар беріс Сарыөзен.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                                                                                                                                            

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бірік ауылдық округі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жәнібек ауданы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Хан Ордасы Бөкей Орда ауданы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Презентация доп обр "Поход""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Землеустроитель

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 160 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.10.2016 876
    • DOCX 1 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Малаев Ербол Махсотович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Малаев Ербол Махсотович
    Малаев Ербол Махсотович
    • На сайте: 7 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 945
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой