Елбасы
- елдіің тұтқасы
Мақсаты: қазақ халқының президенті
Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір жолы, туып өскен, оқып білім алған, қызмет еткен
жерлері туралы мағлұмат беру, елбасының өмір жолдарын үлгі ете отырып Отанын,
халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
Нұрсұлтан Назарбаевтың суреті, кітаптары, интерактивті тақта.
Барысы:
1-жүргізуші:
Тұманбай
Молдағалиев.
Сөйлесіп
бір жүрген қай сөзіңде де халықты биік қоясың,
Халықпен
бір ашығасың да,халықпен бірге тоясың
Жастықтың
жалынды шақтарымен бірге айтып арман әндерін,
Қазақстанның
бақтарымен бірге жапырақ жаясың.
2-жүргізуші:
Тұңғыш
президентіміздің өмір жолы қиын да қайталанбас көп қырлы. Бұл небір қиындықтар
мен қатерлі тосқауылдарды жеңе білген және қиын кезеңдердің өзінде табыстарға
қабілет күші жеткен нағыз қажыр қайрат иесі, талантты адамның өмір жолы.
Қазақстан
Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналған
«Елбасы елдіің тұтқасы» атты ашық сынып сағатын ашық деп жариялаймыз.
Қазақстан
Республикасының әнұранын айту
1-жүргізуші:
Құрметті
ұстаздар мен оқушылар, бүгінгі сынып сағатымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың
өмірі мен қызметі, шығармашылығына арналады.
Балалық
шағы
Өскен
ортасы
Шығармашылығы
Балалық
шағы
1- оқушы: Өмір деген
бірде толы , бірде бос ала қоржын емес пе.. Қуанышы да, реніші де қатар жүреді.
Тату тәтті, бақытты жас отаудың іргесінен сыз өткендей біртіндеп ызғырық
есетін болды.
Тұрмыс
құрғанына үш жыл болса да, Назарбаевтың шаңырағынан іңгәлаған нәрестенің үні
естілмей қапаланды. қазақ үшін бұдан асқан қасірет бола ма? Әбіш пен Әлжан ата
баба аруағына сыйынып, Алладан бала тілеуді жөн көрді. Содан екеуі Райымбек
бабаның басына барып құрбандық шалып, малдың етін жұртқа үлестіріп беріп,
моланы жеті рет айналып шығады. Екуі де Алладан бір ғана ұл тілейді.
«
Құдай шын тілегіңді береді» деген рас екен. Сол түні Әлжан ана таң ата түс
көреді. Түсінде үлкен теңіз көреді. Буырқанып, дөңбекшіп жатқан мұндай теңізді
бірінші көруі. Түсуге жүрексінеді, бірақ бір күш суға қарай дедектете сүйрей
жөнеледі. Әуелі су тізесіне келеді. Одан кейін белінен, мойнынан асады.. Бір
кезде басы көрінбей кетеді
«
Тұншығамын ау» деп қорқады. Бірақ бір ғажабы еркін тыныстап келе жатыр. Аяғы
теңіз түбіне бір тиіп, бір тимейді. Өстіп келе жатып теңіз түбінен мылтық тауып
алады. кәдімгі аңшының ұзын мылтығы «Жақсы бол ғой, Әбішке апарып беріп
қуантайын» дейді де мылтықты иығына асынып алады. Сол кезде мылты иіліп екі
басы да жерге тиеді. Әлжан мылтықты тастамай , аршындай басып теңізідің екінші жағынан
шыққан екенмін дейді. Бұл түсін еті жақын туыстары «Алла жар болсын, түсің
жақсы екен. Құдай ұл береді сендерге» деп жориды. Қате айтпапты Құдай жарылқап
Назарбаевтар әулетіне Нұрсұлтандай ұл беріпті.
2- оқушы:
Нұрсұлтан Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы,
шамалған ауылында, Үшқоңыр жайлауында дүниеге келген. Балалық шағы таршылық
жағдада өтті.Үлкендердің мал бағуына, бау- бақша өсіруіне көмек көрсету керек
болды, шөпшек теріп, отын жарды.Өзі еске алғандай, аз-маз өнімдерін сатып, үй
ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол
стансасына бару деген керемет мереке саналатын. Мектепті жақсы оқып, жақсы
білім алды. Ата-анасын қатты құрмет тұтты.
3- оқушы: Ол ерте
есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды
металлугия комбинатына жұмысшы болып аттанды. Жұбайы Сара Алпысқазы
халықаралық «Бөбек» қорын басқарды. Елбасымыздың үш қызы бар: Дариға,
Динара,Әлия.
Өскен отасы
4- оқушы: Ия,
Нұрсұлтан Назарбаев балалық шақпен қоштасып үлкен өмірге қадам басты. Құрыштай
қайнаған Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді. Шойын құюшы, домна
пештің көмекшісі қызметін атқарды.
5- 1967 жылы
Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бітіреді.
6- оқушы: Сол
жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінеді.1969-1973 жылдары Қарағанды
қаласындағы пария- комсомол жұмыстарына жауапты қызметтер атқарады.
1973-1977
жылдары-
Қармет комбинатының партком хатшысы.
1977-1979
жылдарҚарағанды
облыстық партия комитетінің 2-хатшысы.
1979-1984
жылдары
Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы.
1984-1989
жылдары-Қазақ
КСР Минитрлер кеңесінің төрағасы.
1989-1991 жылдары-Қазақстан
Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы.
1990
жылы
ақпан-сәуір аралығында КСР Жоғары Кеңесінің төрағасы болды.
6-оқушы 1991
жылдың 1-желтоқсанында жалпы халықтық сайлау өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан
Назарбаев басым бауыспен (98,7) пайыз жеңіске жетті.
1999 жылы 10-қаңтарда 79,78 пайыз, 2005 жылдың 4-желтоқсанында 91,5 пайыз
дауыс алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.
7*-
оқушы:
Содан бергі уақыт шінде Қазақстанның Президенті не
тындырды?»
деген сұраққа жауап берер болсақ, ол былайша өрнектелер еді.
Қолда бар ядролық
қару- жарақты жойып, Орталық Азияда ядролық қарусыз аймақ құруды қамтамасыз
етті.
7- оқушы:
Қазақстанның уран өнеркәсіб бейбіт мақсатта пайдалану кешенін
қалыптастыру ісін
жеделдетті. Қазір Қазақстан ядролық отын өндірісі саласында АҚШ,Франция,
Жапония, Қытай және Ресейдің алып компаниялары бірлескен жоба бойынша жұмыс
жүргізуде. Бұл ұлттың сапалық көрсеткіші іспетті.
9-оқушы Дүниежүзі Қазақстанды нарықтық және зайырлы мемлекет
ретінде танып қоюмен шектелмей толық мойындады. Қазақстан халықаралық
мәселелерді шешуге тікелей қатысатын, сөзі өтімді, белсенді мемлекетке айналды.
Еуропадағы Қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына ТМД аумағынан,Ислам әлемінен
төрағалық жасап отырған тұңғыш мемлекет-біздің ел. Біздің елді АҚШ,Ресей,
Қытай, Еуроодақ, Жапония стратегиялық әріптес деп таниды.
10-оқушы: ТМД
көлемінде тұрғындардың тең құқылығын, ауызбірлігі мен ынтымағын сақтау
мақсатында халықаралық ассамблеясын құрған тұңғыш және жалғыз
мемлекет-Қазақстан. Соның нәтижесінде 24 жылдан бері елімізде баянды тыныштық
орнаған. Бұған әлем жұртшылығы таңданыспен және ризашылықпен қарайды.
11-оқушы: Бұкіл
әлемдік дағдарыстан қысқа мерзімде шығып, экономиканы тұрақты даму арнасына
сала алған да- Қазақстан. Елбасы осы кезде Дамудың «Қазақстандық жол»
бағдарламасын ұсынып бүкіләлемдік қаржы дағдарысына жас мемлекеттің қиналмай
шығуын қамтамасыз етті.
12-оқушы 2010 жылдан
бастап қазақстан- индустриялды-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыруға
кіріскен ел. Бұл- тұтастай алғанда ұлттың, мемлекеттің сапалық жаңғыруы.
13-оқушы: қазақстан
басшысы әлемде бір-біріне қарама-қарсы тұрып келген, кейбір жағдайларда қанды қақтығыстарға
барған діндердің басшыларын Астанаға бір дастархан басында жинап, оларға
«Бәріміздің жаратушымыз бір, сондықтан да келісіп бейбіт қатар өмір сүруге
болады» дегізе алған адамзат тарихындағы және әзірге жалғыз мемлекет басшысы.
2-үргізуші: Ендіше біздің
Елбасымыз-өзінің білім- білігімен, тәжірибесімен, парасатты саясатымен жоғарыда
есімдері аталған бірқатар ұлттардың көшбасшылары тындырған істерден де ауқымды,
маңызды жүк арқалап, өз елін ғана емес, бүкіл адамзатты бақытты болашаққабейбіт,
интеграциялық жолмен баруға шақырған үлкен тұлға. «Қилы кезеңде» осындай
көшбасшысы болған қазақ ұлты,Қазақстан халқы шын мәнінде бақытты.
Әлемелдерінің
басшылары мен саясаткерлерінің Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев турылы
айтқан лебіздеріне құлақ түрейік.
1-жүргізуші: «Замандастар көзімен»
Джорлж Буш-
Америка Құрама
Штаттарының бұрынғы президенті.
«Құрметті
Нұрсұлтан Назарбаев»
Сіздің
басшылығыңызбен Қазақстан жаппай қырып жоятын қаруды таратпау ісінде әлемнің
жетекші елдерінің біріне айналды. құрама Шттар, сонымен қатар Қазақстанға
терроризмге қарсы жаһандық күресте көрсеткен достығы мен ынтымақтастығы үшін,
соның ішінде «Қазбаттың» Ирактағы үздік қызметі үшін ризашылығын білдірді.
2004 жыл желтоқсан.
Ким Дэ Чкун-
Корея
Республикасының Президенті.
!Оның
демократиялық, саяси және экономикалық өзгерістерді ойдағыдай іске асырып
жатуының айғағы олардың әлемдік қоғамдастықтың кеңінен тануы болып отыр.
Президент
Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан жан-жақты дамып келеді»2002жыл
21-қазан
Кофи Аннан-
БҰҰ-ның Бас
хатшысы.
!Қазақстанның
ТМД-ның басқа елдерінен айырмасы сонда-бұл елде бейбіт өмір мен тұрақтылық
орнап, экономикалық өрлеу байқалады.
Қазақстан түрлі
ұлттар өмір сүріп жатқан, этникалы саналуандық тартыстың емес, қайта татулық
нышанына айналған мемлекеттің үлгісі бола алады. 2002жыл 18-қазан
Шығармашылығы
Елбасы-туған халқын, сайын даласын жанындай сүйетін кісі. Мұны сезімімен де,
ісімен де, жүрегін жарып шыққан өлеңдерімен де дәлелдеп келеді.
Әндері «Үшқоңырым»,
Кітаптарымен таныстыру:
Еліміздің
әлемдік өркениет көшіне ілесу кезеңінде биік мінбелер мен шаршы топтар алдында
қазақ мүддесін қорғап шығу да қиын іс еді. Осы жылдардағы Елбасымыздың аузымен
айтылған жалынды сөздері мен толғанысты тіркестерден тағылымдық ой түзеуге
болады. Олай болса, балалар, Елбасымыздың әр кезеңдерде айтқан ой- пікірлері
мен қанатты сөздеріне тоқталайық.
..... Тәуелсіздік-
ата-бабаларымыздың жүздеген жылдармен өлшенетін арман –аңсарының жүзеге асқан
ақиқат.
Қиындық атаулыны жеңетін бір-ақ күш бар, ол-бірлік. Еліңді, жеріңді қорғау
үшін бірлік қаншалықты қажет болса, Тәуелсіздік жемістерін, бүгінгі қол жеткен
табыстарымызды сақтап қалу үшін де ол сондай қажет.
«Өз тарихын
сыйламаған халық өзін де сыйламайды».
Елдің бетінде, желдің өтінде жүрген адамға сынақ көп.
Менің атам да,
анам да-қазақ. Қазақпын деп айтуға ешқашан намыстанғант кезім жоқ.
Намыстанбаймын да. Қайта маған тіл,,діл, өмір, тіршілік сыйлаған Туған халқыма
бар есті тірлігімде қарыздар болып өтуге бармын.Ұлттың ұлы болмай тұрып
адамзаттың перзенті болу мүмкін бе? Мүмкін емес.
Құдай қазаққа
қырын қарамаған: Пейіліне сай етіп ұланғайыр жер берген, асты-үстін толтырып
кен берген, мейірбан, ақ көңіл, адал ел берген, жаны үшін малын, ары үшін жанын
садаға ететін ер берген.
Сөз бастағанды
шексіз емес.
Ол табындыратын
ғана емес,
Талқандайтын да
қуатты күш
Қорытынды:
Жүргізуші «Жан
шуағы» атты шағын жыр жинағында Елбасы ең ыстық сезімдерін, перзенттік тілегін
туған жеріне, халқына арнайды:
Тәуелсізбін! Бар
ма мұң?
Тәләйлі болсын
талғамыи!
Өркені өсіп
қазақтың,
Осы -менің
арманым!
Күн тұрғанда
тұратын,
Жұрты сайран
құратын
Қала болса Астана,
Осы -менің
мұратым!
О,Ақорда, Ақ
шатыр,
Ұлысыма бақ шатыр.
Баянды болсын
Азаттық,
Осы- менің
мақсатым!
Халқым- менің
тірегім,
Құрбан жаным,
жүрегім!
Атымыз озсын
бәйгеде,
Осы -менің тілегім!
Хор: «Үшқоңырым»
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.