Инфоурок / Химия / Презентации / Презентация, химия пәні бойынша "ХИМИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ОРТАСЫН ҚҰРУ" тақырыбында баяндама

Презентация, химия пәні бойынша "ХИМИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ОРТАСЫН ҚҰРУ" тақырыбында баяндама


Напоминаем, что в соответствии с профстандартом педагога (утверждён Приказом Минтруда России), если у Вас нет соответствующего преподаваемому предмету образования, то Вам необходимо пройти профессиональную переподготовку по профилю педагогической деятельности. Сделать это Вы можете дистанционно на сайте проекта "Инфоурок" и получить диплом с присвоением квалификации уже через 2 месяца!

Только сейчас действует СКИДКА 50% для всех педагогов на все 184 курса профессиональной переподготовки! Доступна рассрочка с первым взносом всего 10%, при этом цена курса не увеличивается из-за использования рассрочки!

ВЫБРАТЬ КУРС И ПОДАТЬ ЗАЯВКУ
библиотека
материалов
Жакудина Әлия Ерғалиқызы Алға ауданы Тоқмансай негізгі мектебінің химия-биол...
3 1. химия сабағында денсаулыққа қажетті бөлімнің мазмұнын оқып,түсіну; 2.жек...
Сабақ үрдісі кезінде де оқушыларға денсаулықты сақтау туралы білім беріп, тә...
І дәрежелі күйік Терінің қызаруы, ауырсыну, ашуы ІІ дәрежелі күйік ІІІ дәреже...
Көрсетілетін алғашқы жәрдемді айта кету керек. I дәрежелі күйікте қызарған те...
«Қышқылдар» тақырыбында қышқылдарға сипаттама берген соң, олардың теріге, көз...
«Су.Ерітінділер.» тақырыбында судың ағза тіршілігіндегі маңызына кеңінен тоқт...
Хлордың басқа минералды заттар сияқты ағзаның тіршілігінде маңызы зор. Қан ме...
«Бензол» тақырыбын оқуда ғылыми тұрғыда темекі шегуге қарсы күрес жүргізуге к...
Майлар Майлар жасушаның құрылымдық элементі болғандықтан физиологиялық маңызы...
КӨМІРСУЛАР Көмірсулар – ағзадағы энергия көзі. Ағзада аэробты немесе анаэробт...
Ақуыздың мөлшері 1 кг дене салмағына 1,5 г (90 -130 г). Алмастырылмайтын амин...
1. Құмырсқа шаққанда ауырсыну байқалады. Егер шаққан жерді мүсәтір спиртімен...
15 1

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 Жакудина Әлия Ерғалиқызы Алға ауданы Тоқмансай негізгі мектебінің химия-биол
Описание слайда:

Жакудина Әлия Ерғалиқызы Алға ауданы Тоқмансай негізгі мектебінің химия-биология пәні мұғалімі ХИМИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ОРТАСЫН ҚҰРУ  

№ слайда 2 3 1. химия сабағында денсаулыққа қажетті бөлімнің мазмұнын оқып,түсіну; 2.жек
Описание слайда:

3 1. химия сабағында денсаулыққа қажетті бөлімнің мазмұнын оқып,түсіну; 2.жеке және топтық ізденіс шараларын ұйымдастыру Адамның бақытты болуының негізгі құрам бөлігі - оның денсаулығы. Себебі мектептің ең басты міндеттерінің бірі – оқушылардың денсаулығын сақтап, нығайту. Ол үшін жасөспірімдерді салауатты өмір сүруге тәрбиелеуде жаңа шығармашылық талап қажет. Денсаулық сақтау ортасын құруды жүзеге асыру бірнеше бағытта жүргізіледі: 3.сыныптан тыс жұмыстар жүргізу.

№ слайда 3 Сабақ үрдісі кезінде де оқушыларға денсаулықты сақтау туралы білім беріп, тә
Описание слайда:

Сабақ үрдісі кезінде де оқушыларға денсаулықты сақтау туралы білім беріп, тәрбиелеуді жүзеге асыруға болады. Тақырыпты оқыту барысында қосымша қызықты есептермен, тестік тапсырмалармен, танымдық сұрақтармен толықтыруға болады. 8 сыныпта «Ауаның құрамы» тақырыбын оқытқанда оқу бөлмесіндегі санитарлық – гигиеналық талаптардың орындалуына баса назар аударудың маңыздылығына көңіл бөлген жөн. Құрамында көп мөлшерде көмір қышқыл газы бар ауаны, су буын, шаңды жұту жоғарғы тыныс жолдарында олардың жиналып, өкпе ауруларының пайда болуына әкеп соғады. Одан басқа оқушылардың бактериялармен ластанған, ауру тудырушы микроағзалар көп жабық бөлмеде ұзақ отыруы әртүрлі жұқпалы аурулардың дамуына себепші болары сөзсіз. Мұндай жағдайлардың оқушылар денсаулығына зиянды әсері байқалып, бас ауруы, әлсіздік, ой еңбегі қабілетінің төмендейтіні анықталған. Әр оқушыға темекі шегудің зиянын санасына жеткізіп, түсіндіру керек. Темекі түтінінің 2/3 қоршаған ортаға бөлініп, оны никотинмен ластайды. Нәтижесінде тыныс алу жүйесінің дамуы бұзылып, өкпедегі газ алмасу нашарлайды. Сөйтіп мүшелер мен ұлпаларды оттекпен қамтамасыз ету әлсірейді, қанайналым, орталық жүйке жүйелерінің қызметіне әсер етеді.

№ слайда 4 І дәрежелі күйік Терінің қызаруы, ауырсыну, ашуы ІІ дәрежелі күйік ІІІ дәреже
Описание слайда:

І дәрежелі күйік Терінің қызаруы, ауырсыну, ашуы ІІ дәрежелі күйік ІІІ дәрежелі күйік сулы көпіршік пайда болады тері жансызданып, терең қабаттағы ұлпаларды зақымдайды «Жану» тақырыбын өткенде жанған заттардың, киімнің жануы адам денесінде күйіктердің пайда болуына әкеп соғатынына назар аударылады. Оқушыларға күю дәрежелері туралы қосымша ақпарат беруге болады.

№ слайда 5 Көрсетілетін алғашқы жәрдемді айта кету керек. I дәрежелі күйікте қызарған те
Описание слайда:

Көрсетілетін алғашқы жәрдемді айта кету керек. I дәрежелі күйікте қызарған теріні сумен жуып, салқындатып, вазелин немесе өсімдік майын жаққан жөн. II дәрежелі күйік кезінде көпіршіктің айналасын, бетін спиртпен сүрту керек. Жаруға болмайды. Зарарсыздандырылған дәкемен байлап тастау қажет. Қатты күйгенде құрғақ дәкемен байлап, емханаға жіберу керек. Адамның үстіндегі киімі жанғанда үстіне су құяды. Су болмаған жағдайда пальто, одеяло т.б. қымтап жабу керек. Жалын тоқтаған соң, жанған киім бөліктерін алып тастаған жөн. Егер мүмкіндік болса қиып алған дұрыс .

№ слайда 6 «Қышқылдар» тақырыбында қышқылдарға сипаттама берген соң, олардың теріге, көз
Описание слайда:

«Қышқылдар» тақырыбында қышқылдарға сипаттама берген соң, олардың теріге, көзге әсері, алдын алу және көрсетілетін алғашқы жәрдем туралы айтқан жөн. Егер қышқыл теріге тисе химиялық күйік пайда болатынына назар аударылады. Зақымданған жерді 10-15 минут суық сумен шайып, 5% сода ерітіндісімен сүртеді. Тұз қышқылының маңызын айтқанда, әсіресе, ас қорытудағы қызметіне толық тоқталып, асқазанда тұз қышқылы секрет бездерінен бөлінетінін айту керек. Сонымен бірге асқазанға келіп түскен ауру тудырушы бактерияларды жойып, қорғаныш қызметін атқарады. Егер асқазанда тұз қышқылының мөлшері көбейсе қыжыл пайда болады. Оны басу үшін 1 шай қасық соданы 1 стақан суға ерітіп ішу керек.

№ слайда 7 «Су.Ерітінділер.» тақырыбында судың ағза тіршілігіндегі маңызына кеңінен тоқт
Описание слайда:

«Су.Ерітінділер.» тақырыбында судың ағза тіршілігіндегі маңызына кеңінен тоқталу керек. Заттардың айналымы сулы, сұйық ортада жүреді. Су қоректік заттарды ерітіп, жасушадағы әртүрлі реакцияларға қатысады. Ағза қалыпты тіршілік етуі үшін адам тәулігіне 2 – 2,5 л су қолдануы керек. Шығындалған су мөлшері осы сумен толықтырылады. Ағза қоршаған ортаның температура әсерінен қызып кетпеуі үшін қарқынды түрде тер бөлінеді. Көп мөлшерде су бөлінгенде адам шөлдейді. Сөйтіп мөлшерден тыс су ішуге мәжбүр болады. Кейбір жағдайда бұл дұрыс емес. Себебі алғашқыда рецептордың қозуы нәтижесінде шын шөлдеу байқалады. Содан қажетті мөлшердегі сумен шөлді басады. Бірақ рецептор қозуының жалғасуы жалған шөлдеуге әкеп соғады да, су ішуге қажеттілік байқалмайды. Мұндай жағдайда ауызды сумен шайған дұрыс. Суды қолданғанда гигиеналық талаптарға назар аударған жөн. Өйткені, сумен бірге ағзаға әртүрлі микроағзалар түсуі мүмкін. Сондықтан қайнаған су ішкен дұрыс.

№ слайда 8 Хлордың басқа минералды заттар сияқты ағзаның тіршілігінде маңызы зор. Қан ме
Описание слайда:

Хлордың басқа минералды заттар сияқты ағзаның тіршілігінде маңызы зор. Қан мен зәр құрамындағы хлоридтер қышқыл-сілтілік тепе –теңдіктің сақталуына қатысады. Жазда су мен тұз алмасудың күшеюінен, тердің көп бөлінуінен термен бірге көп мөлшерде хлоридтер бөлінеді. Нәтижесінде хлорид мөлшері қанда, зәрде азаяды. Натрий хлоридінің тәуліктік мөлшері жасөспірім үшін 8 – 10 г. Бұдан басқа, хлор қосылыстарының суды, бөлмелерді зарарсыздандырудағы ролін айта кету керек. Мектепте күнделікті тазалау жұмысы кезінде ыстық су, хлорлы ізбестің 2% ерітіндісін щетка, қолжуғыш, дәретхананы тазалау үшін де қолданады. Фтор тістің өсуіне, дентин мен тіс кіреукесінің қалыптасуына қатысады. Сүйек түзуге қатыса отырып, фосфор-кальций алмасуын реттейді. Мөлшері көбейсе флюороз, жетіспесе тіс жегісі пайда болады. Судағы қалыпты мөлшері -0,5 -1,2 мг/л. Йод – ең маңызды биомикроэлемент. Қоректің құрамында йод мөлшері аз болса, қалқанша без қызметі бұзылып, эндемиялық зоб ауруы пайда болады. Тәуліктік мөлшері – 100-150 мг. Сонымен бірге антибактериялық әсері бар. Сондықтан медицинада зарарсыздандыру үшін қолданады.

№ слайда 9 «Бензол» тақырыбын оқуда ғылыми тұрғыда темекі шегуге қарсы күрес жүргізуге к
Описание слайда:

«Бензол» тақырыбын оқуда ғылыми тұрғыда темекі шегуге қарсы күрес жүргізуге көмектеседі. Темекі түтіні құрамындағы канцерогенді заттардың өкпе рагіне әкеп соғатынын түсіндіре отырып, көз жеткізуге болады. Сонымен бірге күйеде болатын қатерлі ісіктің дамуына әсер ететін химиялық стимулятор да еріп, тіл, өңеш, жұтқыншақ, асқазан, зәр жолдарының қатерлі ісігіне ұшыратады. «Спирттер» тақырыбын өткенде пән мұғалімінің антиалкогольдік тәрбие беруде зор мүмкіндігі болады. Этил спиртінің бүкіл ағзаға, дене мүшелеріне( әсіресе өсіп келе жатқан жас ағза) әсері туралы айтқан жөн. «Майлар», «Көмірсулар», «Ақуыз» тақырыптарын өткенде оқушыларды тамақтанудың физиологиялық – гигиеналық негізімен таныстыруға болады. Тиімді тамақтану, сапалық және сандық қатынастарының сәйкестігі ағзаның өсіп, дамуын, оның дене және ой еңбегіне қабілетін, қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларына қарсы тұра білу қамтамасыз етеді.

№ слайда 10 Майлар Майлар жасушаның құрылымдық элементі болғандықтан физиологиялық маңызы
Описание слайда:

Майлар Майлар жасушаның құрылымдық элементі болғандықтан физиологиялық маңызы бар қосылыстардан құралған: фосфатид, полиқанықпаған май қышқылдары, стериндер. Маймен ағзаға майда еритін дәрумендер келеді. Тағаммен бірге келіп түскен майлар ас қорыту кезінде глицерин мен май қышқылдарына ыдырап, содан соң қанға және лимфаға сіңеді. Фосфатидтер мидың жүйке ұлпаларының қалыпты жұмыс жасауына қатысады, жасушалық зат алмасуды жақсартады. Сонымен бірге сары май, жұмыртқа, өсімдік майымен ағзаға түседі. Холестерин жыныс гормондарының, бүйрекүсті бездерінің гормондарының түзілуіне қатысады. Тәулігіне 1 кг дене салмағына тағаммен бірге 80 – 100 г май қажет. Артық мөлшері зат алмасуға, өсу процесіне кері әсерін тигізеді.

№ слайда 11 КӨМІРСУЛАР Көмірсулар – ағзадағы энергия көзі. Ағзада аэробты немесе анаэробт
Описание слайда:

КӨМІРСУЛАР Көмірсулар – ағзадағы энергия көзі. Ағзада аэробты немесе анаэробты жолмен тотығады. Бұлшықет қызметіне байланысты қажеттілігі артады. Көмірсу көздері: астық, бұршақ дақылдары, көкөніс, жеміс-жидектер. Тәуліктік мөлшері – 600г(оның 80%- крахмал түрінде, 20% - қант) Қанттың орталық жүйке жүйесіне жағымды әсер етіп, еңбек қабілетін арттыратынын атап өткен жөн. Бірақ аз қозғалыста оның артық мөлшері семіздікке, атеросклерозға ұшыратады

№ слайда 12 Ақуыздың мөлшері 1 кг дене салмағына 1,5 г (90 -130 г). Алмастырылмайтын амин
Описание слайда:

Ақуыздың мөлшері 1 кг дене салмағына 1,5 г (90 -130 г). Алмастырылмайтын аминқышқылдары көбінесе ет, балық, сүт, жұмыртқада болады. Жетіспеуінен жүйке жүйесінің қызметіне, бауыр, эндокриндік бездер қызметіне әсер етіп, өсіп – даму, жыныстық жетілу тежеледі. Артық болса ішекте шіру процестерін күшейтіп, зәр шығару жүйесінің қызметіне күш түсіреді АҚУЫЗ

№ слайда 13
Описание слайда:

№ слайда 14 1. Құмырсқа шаққанда ауырсыну байқалады. Егер шаққан жерді мүсәтір спиртімен
Описание слайда:

1. Құмырсқа шаққанда ауырсыну байқалады. Егер шаққан жерді мүсәтір спиртімен сүрткенде, ауырғаны басылады. Неге? Жауабы: Құмырсқа шаққанда жараға құмырсқа қышқылын шашады. Ол ауыртады. Егер мүсәтір спиртімен сүртсе ауырсыну басылады. Себебі спирт – негіз:аммоний гидроксиді. Ол қышқылды нейтралдайды. 2. Француз суретшісі Жан Франсуа Милленің «Кір жуушылар» суретіндегі әйелдердің қолдары қызарып,ісіп кеткен. Неге? Жауабы: Ыстық суда сабын гидролизденеді. Нәтижесінде теріні жейтін сілті түзіледі. 3. Адамның шаршау себебінің физиологиялық механизмі қандай? Жауабы: Себебі гликолиз нәтижесінде бұлшықетте сүт қышқылы жиналады.Көп мөлшері адам денсаулығына кері әсерін тигізеді. Тыныштық күйдегі бұлшықеттегі бұл қышқыл гликоген ретінде қоектік зат ретінде қорға жиналады. 4. Неліктен адамның көз жасы бактерицидтік қасиет көрсетеді? Жауабы: Адам көз жасында 0,1% ақуыздан тұрады.Оның ішінде бактерицидтік қасиет көрсететін фермент – лизоцим бар. Өсіп келе жатқан жас ұрпақты тәрбиелеп, білім беруде химиялық және денсаулық сақтау туралы білімді ұштастыра жүргізудің маңызы өте зор. Берілген сұрақтарға баса назар аудару гигиеналық тәрбие беруге зор ықпал етеді. Сол арқылы оқушылардың денсаулығын қорғай отырып, еңбек ету қабілеттерін, дене дамуын жақсарту, денсаулығын күшейтуге көмектеседі.

№ слайда 15
Описание слайда:

Краткое описание документа:

Адамның бақытты болуының негізгі құрам бөлігі - оның денсаулығы. Себебі мектептің ең басты міндеттерінің бірі – оқушылардың денсаулығын сақтап, нығайту. Ол үшін жасөспірімдерді салауатты өмір сүруге тәрбиелеуде жаңа шығармашылық талап қажет.

Сабақ үрдісі кезінде де оқушыларға денсаулықты сақтау туралы білім беріп, тәрбиелеуді жүзеге асыруға болады. Тақырыпты оқыту барысында қосымша қызықты есептермен, тестік тапсырмалармен, танымдық сұрақтармен толықтыруға болады.

Құрамында көп мөлшерде көмір қышқыл газы бар ауаны, су буын, шаңды жұту жоғарғы тыныс жолдарында олардың жиналып, өкпе ауруларының пайда болуына әкеп соғады. Одан басқа оқушылардың бактериялармен ластанған, ауру тудырушы микроағзалар көп жабық бөлмеде ұзақ отыруы әртүрлі жұқпалы аурулардың дамуына себепші болары сөзсіз.

Общая информация

Номер материала: 273412


Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG

Похожие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Химия окружающей среды»
Курс профессиональной переподготовки «Химия: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Нанотехнологии и наноматериалы в биологии. Нанобиотехнологическая продукция»
Курс повышения квалификации «Экономика предприятия: оценка эффективности деятельности»
Курс повышения квалификации «Организация практики студентов в соответствии с требованиями ФГОС юридических направлений подготовки»
Курс повышения квалификации «Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по химии в условиях реализации ФГОС ООО»
Курс профессиональной переподготовки «Организация менеджмента в туризме»
Курс профессиональной переподготовки «Биология и химия: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Основы менеджмента в туризме»
Курс повышения квалификации «Современные образовательные технологии в преподавании химии с учетом ФГОС»
Курс повышения квалификации «Мировая экономика и международные экономические отношения»
Курс профессиональной переподготовки «Техническое сопровождение технологических процессов переработки нефти и газа»
Курс профессиональной переподготовки «Организация системы учета и мониторинга обращения с отходами производства и потребления»
Курс профессиональной переподготовки «Организация маркетинговой деятельности»
Курс профессиональной переподготовки «Управление корпоративной информационной безопасностью: Администрирование и эксплуатация аппаратно-программных средств защиты информации в компьютерных системах»