Инфоурок Другое ПрезентацииПрезентация. Интернатішілік "Мейірім" үнпарағы

Презентация. Интернатішілік "Мейірім" үнпарағы

Скачать материал
Скачать материал "Презентация. Интернатішілік "Мейірім" үнпарағы"

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор дома творчества

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • 1№3   Желтоқсан, 2016 ж.
МейірімБүгінгі санда:

  1 желтоқсан – тұңғыш презид...

    1 слайд

    1
    №3
    Желтоқсан, 2016 ж.


    Мейірім
    Бүгінгі санда:

    1 желтоқсан – тұңғыш президент күні.
    Тұлға: ҚР президенті – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
    Тәуелсіздік хабаршысы –Желтоқсан.
    Жаңа жылға дайындық. Интернат ғимаратын безендіру.
    “Қош келдің, Мешін жылы”
    (Интернат тәрбиеленушілерінің мерекелік кеші)
    1 желтоқсан –Қазақстан Республикасының
    тұңғыш президенті күні
    Қазақстан Республикасының тұңғыш
    президенті күні – 1 желтоқсанда жыл
    сайын аталып өтетін Қазақстандағы
    мемлекеттік мейрам. 2011 жылғы 10
    желтоқсанда парламент сенатының
    толық отырысында “ҚР-ның
    мерекелері туралы” заңына толықтық-
    тырулар енгізу туралы заңнамасына қол қойылды. Қазақстан Республика-сының алғашқы президенті күнін атап өту Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев-
    тың мемлекет алдындағы дүр жетістіктерін тану мақсатымен ұйымдасты-
    рылған. Бұл мейрамның аталуының негіз і және алғышарты болып 1 желтоқсан күні болған президент сайлауы болды. Алғашқы бүкілхалықтық
    сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы алғашқы президент атанды.
    (Мәлімет ғаламтор желісінен алынды.)
    “ Мейірімді жүрек” интернаттық өзін-өзі басқару ұйымының үнпарағы.

  • 2ТұлғаНұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев     Нұрсұлтан  Әбішұлы Назарбаев -1940 жылы...

    2 слайд

    2
    Тұлға
    Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
    Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев -1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының
    баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың
    шаңырағында дүниеге келді. Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға
    айналды. Тойға жиналған ағайын- туыс түрлі есімдерді тұс- тұстан айтып
    жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс
    білдірді: “ Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты
    Нұрсұлтан болсын”. Әлемдегі барлық әжелер секілді Мырзабала да немересінің азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді.
    Нұрсұлтан тек өз сыныбында ғана емес, мектептегі ең үздік оқушының
    бірі болды, сабақты зор ынта –ықыласымен оқыды. Ол өзінің аса құштарлығын білетін ағайын –туыстары әкеп берген кітаптарының бәрін оқып шығуға жан –тәнімен кірісті. Жас кезінде Іле Алатауының баурайында
    жазғы демалыс күндерінде әкесіне көмектесіп жүргенде тұңғиық жұлдызды аспан астында жанған алау, маңына түнеген сәттері де болды. Әке –шешесі осы өлкеде ежелгі заманда өмір сүрген бабалардың берік түп- тамырынан сыр шертетін салиқалы әңгімелер айтып, жан –дүниені тербейтін әндер шырқайтын.
    Н.Ә.Назарбаев 1960 жылы Днепродзержинск техникалық училище-
    сін, 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орнын, 1976 жылы Кеңес Одағы коммунистік партиясы Орталық комитетіне қарасты Жоғары партия мектебін бітірген. Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті. 1960-1961 жж. –Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді. 1969-1973 жж.- Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия –комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды. 1977- 1979 жж.- Қарағанды облыстық партия коммитетінің хатшысы, 2-ші хатшы. 1979-1984 жж.- Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы.


  • 31984- 1989 жж. – Қазақ  КСР  Министрлер  Кеңесінің  төрағасы..  
1989-1991 ж...

    3 слайд

    3
    1984- 1989 жж. – Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы..
    1989-1991 жж.- Қазақстан КП ОК бірінші хатшысы.. 1990 ж. ақпан –
    сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің төрағасы. болды.
    1990 ж. Сәуірінен Қазақ КСР президенті. 1991- 2016 жж. Қазақстан
    Республикасының Президенті.
    Бетті әзірлеген: Ажигулова Қымбат,
    Әлмұхамбетов Әлішер


    16 – желтоқсан ата –бабамыздың арманы орындалып, жасампазды-
    ғымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні. Тәуелсіздік 1991 жылғы 16 желтоқсанда Президент Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған Конституциялық заңнан бастау алады. Тарихқа көз жіберетін болсақ, Тәуелсіздік -1986 жылғы Желтоқсан оқиғасында аланға шыққан жастардың ерік –жігері, ең алдымен барша қазақстандықтардың арман- мұратының салтанат құруы. Патша дәуірінде де, Кеңес Одағы кезінде де тәуелсіздікке деген ұмтылыс халықтың едәуір бөлігінде қалыптасты.
    Біз бірнеше жүз жыл отаршылдықтан кейін ΧΧ ғасырдың аяғында қайта жаңғырған мемлекетпіз. Тәуелсіздік сияқты ұлттық мерекені бүгінгі таңда қазақ халқы жүрегімен сезіну керек. Тәуелсіз елдің ең басты тұғыры ол қоғамның, сол мемлекеттегі жергілікті ұлттың рухы,
    жігері, қоғамдық санасы. Басты байлық жай ұлттық мүдде емес, азаматтардың мүддесі мен қажеттігі.
    Тәуелсіздік күні

  • 4    Мемлекетіміздің  тәулсіздігіне  орай  интернат  тәрбиеленушілерімен 
“Тә...

    4 слайд

    4
    Мемлекетіміздің тәулсіздігіне орай интернат тәрбиеленушілерімен
    “Тәуелсіздік хабаршысы – Желтоқсан” тақырыбында тәрбие сағаты
    өткізілді. Мақсаты: оқушылардың бойында Қазақстанның өткені мен
    бүгінгі өмірін салыстыра отырып, еліміздің даму тарихы туралы
    танымдарын қалыптастыру. Оқушылар сабақ барысында желтоқсан
    оқиғасы туралы білімдерін, өз ойларын ортаға салып бөлісті. Бастауыш
    сынып оқушылары тәуелсіздік туралы өлең жолдарын оқыды. Тәрбие-
    ленушілерге “Желтоқсан желі” әніне түсірілген бейнебаян көрсетіліп
    талқыланды.
    Мақаланы әзірлеген: Исатаева Жанаргүл.
    «Тәуелсіздік хабаршысы –Желтоқсан»
    Жаңа жыл мерекесіне оқушылардың
    дайындығы.
    Келе жатқан жаңа жыл мерекесіне орай тәрбиеленушілер интернат
    ғимаратын қолдан түрлі мүсіндер жасап безендірді. Бастауыш сынып оқушылары қағаздан мүсіндер жасаса, жоғары сынып оқушылары жасалған мүсіндерді фаеге іліп көркемдеді.

  • 5 «Қош  келдің,  Мешін  жылы»  Ембі  қалалық  жанындағы  интернат  пен  №7  о...

    5 слайд

    5
    «Қош келдің, Мешін жылы»
    Ембі қалалық жанындағы интернат пен №7 орта мектеп интернатында
    25 желтоқсан күні “Қош келдің, Мешін жылы” тақырыбында мереке-лік кеш өтті. Кешті “Мейірімді жүрек” интернаттық өзін –өзі басқару ұйымы ұйымдастырды. Жаңа жыл кешіне оқушылардың ата –аналары мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мусин Марат Орманұлы мен 10 сынып оқушысы Әлмұханбетова Ақсамалдың сынып жетекшісі Есбосынова Гүлжиһан келіп қатысты. Кеш ойдағыдай көңілді өтті. Оқушылар бар өнерлерін ортаға салып, көрермендердің көңілінен шықты. Аға тәрбиеші Гүлмира Жарменқызы, тәрбиеші Айслу Еркінқызы,
    Психолог Лаура Аманжолқызы өз кезегінде тәрбиеленушілерге шағын жаңа жылдық сыйлық дайындап табыстады.

  • 6Психолог айдарыСуреттен өзіңізге ұнаған ағашты таңдаңыз, артынша ағашыңыздың...

    6 слайд

    6
    Психолог айдары
    Суреттен өзіңізге ұнаған ағашты таңдаңыз, артынша ағашыңыздың нөміріне сәйкес келетін жауаптарды оқыңыз:

    1. Кемелділікке ұмтылатын, өте сезімтал әрі мейірімді адам. Аздаған менмендігі бар. Адамдармен бірден сөйлесіп кете алмайды. Еңбекқор. Өзін ренжітпейінше, барлығына жақын адамындай қарайды. Достарын қандай жағдай болмасын қадірлей біледі. Біреу ренжітсе, көпке дейін ұмытпайды.  
    2. Жауапкершілігі мол, шыншыл әрі айналадағыларға өте қызықты адам. Пысық, өзінен сөз асырмайды. Әңгімелесуші адамның сеніміне бірден ие болады.
    3. Ақылды әрі терең ойлайтын адам. Өзі секілді адамдармен ғана жақсы сөйлеседі. Қоғам үшін маңызды әрі көп адам басын қатыра бермейтін істермен айналысады.
    4. Зерек адам. Бұл адамның қылықтарын айналадағы адамдар түсінбей, жүрегіне тиетін сын айтулары мүмкін. Аздаған философиялық ойлары бар, махаббат пен мейірімділікті талап ететін, эмоцияға берілгіш жан.
    5. Өзіне сенімді әрі мықты адам. Өте белсенді, басқаруды ұнатады. Өмірде табысқа қол жеткізетін жан деуге болады. Шындыққа тура қарай біледі, өмір қиындықтарынан еш қорықпайды. Бұндай адамдар қорқақ, өтірікші адамдармен бірге болуды ұнатпайды.
    6. Мейірімді әрі барлығымен тіл табыса білетін адам. Жүрген ортасының «гүлі» болуды ұнатады. Бұл адаммен сөйлескен өте қызық. Ол айналасындағыларға үнемі жақсылық жасап жүреді.
    7. Бақытты да мейірімді жан. Өзгелерді сөйлесіп отырғанда жүрегімен тыңдай біледі, дос болып, сүйе де біледі. Күйзеліске оңай төтеп беретін оптимист. Алдына қойған мақсатына жетпей тынбайды.
    8. Энергияға толы әрі қызықты адам. Қызық оқиғаларға тап болғанды ұнатады. Саяхаттағанды жақсы көреді. Қайда жүрсе де көңілді жүреді. Өзінің хоббиін жиі ауыстырады.
    9. Оптимист әрі көңілді жүретін адам. Бұл адамдар өмірдің әрбір тағатын бағалай біледі. Қолында барын өзгелерден аямайды. Әрдайым қуануға асығады.

  • 7Ғибратты әңгіме оқы, көңіліңе тоқы!                                    “ Бәр...

    7 слайд

    7
    Ғибратты әңгіме оқы, көңіліңе тоқы!
    “ Бәрі сенің қолыңда”

    Ежелде бір данышпан өмір сүрген, адамдар одан
    ақыл –кеңес сұрайтын. Ол бәріне көмектескен, оған
    сеніп, оның жасын, өмірлік тәжірибесін және дана-
    лығын құрметтейтін болған. Бір күні бір қызғаншақ
    адам данышпанды көп адамдардың алдында ұятқа
    қалдыруды ойлаған. Қу, әрі қызғаншақ адамға қалай жасау керектігі жөнінде “Мен көбелекті ұстап, алақанға салып, менің қолымдағы көбелек тірі, әлде өлі екендігін сұрау үшін данышпанға алып барамын” деген ой келді. “Егер данышпан көбелектің тірі екендігін айтса, онда мен алақанымды қатты қысып, көбелекті таптаймын да, қолымды ашып данышпанның қателескендігін айтамын. Егер данышпан көбелекті өлді десе, мен алақанымды ашқанда көбелектің тірі және еш жарақатсыз болып, ұшып кеткендігін көрсетсем, онда мен біздің данышпанымыздың қателескенін дәлелдеймін деп қызғаншақ адам өз ойын жүзеге асырмақшы болып, көбелекті ұстап данышпанға барады. Оның қолын-
    дағы көбелектің қандай екендігін данышпаннан
    сұрағанда, данышпан келесідей жауап береді:
    “Бәрі сенің қолыңда”
    Дәл осылай барлық адамдар өз таңдауын жасап
    өз тағдырын өзі анықтайды.
    Интернат тәрбиеленушілерінің сурет көрмесі
    Елемес М.
    Ерсейт Ж.
    Төлеу А.

  • 8Құттықтау    Интернат   тәрбиеленушілерін  Туған 
күндерімен құттықтаймыз....

    8 слайд

    8
    Құттықтау
    Интернат тәрбиеленушілерін Туған
    күндерімен құттықтаймыз.

    1. Абубакиров Тимур -04.12.2002
    2. Ерсейт Нұржан -06.12.2008
    3. Жарасова Зарина - 28.12.2003
    4. Ажигулова Қымбат -29.12.2003

    .
    Бас редактор : Әлмұхамбетова Ақсамал Талғатқызы.
    Тарату бөлімі: “Мейірімді жүрек” ұйымы.
    Телефон: 22- 6- 45
    Мекен-жайы: Ембі қаласы, Айтеке би №21.
    №7 орта мектеп жанындағы интернат.
    Сөзжұмбақ
    м
    е
    ш
    і
    н
    Ара ұясы
    Құмырсқа үйі
    Ым, тұспал
    Тон
    Тігу құралы

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 267 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 27.01.2016 1469
    • PPTX 3.2 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Баракова Айслу Еркиновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Баракова Айслу Еркиновна
    Баракова Айслу Еркиновна
    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 1534
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой