Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Биология / Научные работы / Word. Қырыққабаттың адам ағзасына пайдасы ғылыми жоба 30 бет
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Биология

Word. Қырыққабаттың адам ағзасына пайдасы ғылыми жоба 30 бет

библиотека
материалов

«Қырыққабаттың адам ағзасына пайдасы» ғылыми жоба


МАЗМҰНЫ



І. Кіріспе …................................................................................................3

ІІ. Негізгі бөлім


2. 1 Қырыққабаттың шығу тегі ............................................................5

2. 2 Қырыққабатқа сипаттама және оның түрлері............................8

2. 3 Қырыққабаттың адам ағзасына пайдасы ...................................13


ІІІ. Қорытынды .......................................................................................27

ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер.............................................................28
















Кіріспе


Мәдени өсiмдiктер жабайы өсiмдiктердiң түрлерiнен шыққан. Алғашқы адамдар өсiмдiктердiң жеуге келетiн жемiстерi мен тамырларын тауып қолданған. Жабайы өсiмдiктердi жинап  алып, оларды өздерi тұрған жердiң айналасына егiп, өсiре бастаған. Адамадар топырақты қопсытқанда, арамшөптерiн өлтiргенде, суғарғанда өсiмдiктiң жақсы өсетiнiн бiлген. Олардың жемiстерiнiң, тұқымдарының, тамыржемiстерiнiң әрi үлкен, әрi дәмдi болып қалыптасатынын байқаған.

Мәдени өсiмдiктердiң көпшiлiгiнiң тарихы еретеден басталады, бiрақ олардың бiрқатары кейiнгi кезде себiле бастады. Мысалы, бидай бiздiң эрамызға дейiнгi VII мыңжылдықта, картоп, қызанақ (сурет), күнбағыс XVI ғасырда, ал қант қызылшасы XIX ғасырдың бас кезiнен өсiрiледi. Табиғи өсiмдiктердi мәденилендiру қазiр де жүрiп жатыр. Ғалымдар жабайы өсiмдiктердiң құндыларын зерттеп, ең жақсыларын таңдап алады. Оларды өсiрудiң агротехникасын жолға қояды. Өсiмдiктердi өсiрудiң тәжiрибесi ұрпақтан ұрпаққа берiлiп келедi. Адам қай кезде де өз қажетi үшiн, сапасы ең жоғары өсiмдiктердi таңдай бiлген.

Мәдени өсiмдiктердiң көпшiлiгiнiң көп өзгергенi сондай, олар өздерiнiң жабайы туыстарына мүлдем ұқсамайды. Сондықтан көп жағдайда мәдени өсiмдiктердiң шығу тегiн анықтау оңайға түспейдi.

Агрономия ғылымының  дамуына байланысты адамның өсiмдiкке  әсер ету қабiлетi өсiп келедi. Мәдени өсiмдiктердiң әр түрлi сорттары шығарылады. Сорт дегенiмiз – өзiне тән белгiлерi мен қасиеттерi бар бiртектес өсiмдiктердiң тобы. Егiн шаруашылығында дәндi дақылдар мен көкөнiстiк  өсiмдiктер  негiзiнен тұқымдары арқылы өндiрiледi. Бұл жағдайда сорттың белгiлерi мен қасиеттерi  сақталып отырады.

Қазақстанда көкөнiс дақылдарының 70-тей түрi себiледi. Оларға қырыққабат (капуста — Brossica), картоп (картофель – Solanum tuberosum), қызанақ (томат съедобный – Lucopersicon esculentum), екпе қияр (огурец посевной – Cucumis sativus), пияз (лук репчатый – Allium cepa), сарымсақ (чеснок – Allium sativum), шалқан (репа – Brassica rapa), шалғам (редис – Raphanus sativus var. radicula), иiстi аскөк (укроп похучий – Anethum graveolens), кәдiмгi ақжелкен (петрушка обыкновенная – Petroselinum sativum) тағы басқалар жатады. Бұлардың iшiнде қолданылуы және маңыздылығы жағынан қырыққабат мен картоп бiрiншi арында тұрады. Қырыққабат осыдан 4 мың жылдан астам уақыт бұрын өсiрiле бастаған. Ол орамжапырақтар тұқымдасына жатады. Европалық елдерде, оның iшiнде славян елдерiнде қырыққабатты IX ғасырдан бастап еге бастаған. Алғаш рет қырыққабатты тұздап, ашытудың тәсiлдерiн де осы славяндар тапқан.

Мақсаты: Қырыққабаттың өзіндік ерекшеліктерін таныта отырып, оның адам ағзасына тигізетін пайдалы жақтарына терең талдау жасау. Қырыққабатты тұрмыста пайдалану және оның емдік қасиеттерін ашып көрсету.

Міндеттері:

- Қырыққабаттың шығу тегін анықтау;

- Қырыққабатқа сипаттама жасау және оның түрлеріне зерттеу жүргізу;

- Қырыққабаттың адам ағзасына пайдалы жақтары мен одан жасалынатын тағамдарды айқындау.












Негізгі бөлім


2. 1 Қырыққабаттың шығу тегі


Қабат-қабат тоны бар...

hello_html_m505a761e.jpg

Бүгінге дейін әңгімемізге арқау болған барлық көкөністер мен жеміс-жидектерге қарағанда, орамжапырақтың шығу тарихы өте қызықты. Ғалымдардың бұл көкөністің тарихына деген қызығушылықтары да өте ерекше.

Көптеген тарихшылар, медицина қызметкерлері және ең озат деген аспаздар өскелең ұрпаққа орамжапырақ хақында небір өсиеттер айтып келеді.

hello_html_m3fe546a1.jpg

Сондай аңыздардың бірі былай деп сыр шертеді: ертеде Юпитер атты құдай сәуегейлік кітабының афоризмдерін құрастыру барысында қатты қиналып, әбігерге түседі де, терлей бастайды. Нәтижесінде, жер бетіндегі барлық құдайлардың әкесінің маңдайынан біртіндеп тер тамшылары ағады. Жерге түскен осындай бірнеше тер тамшыларынан орамжапырақ өсіп шыққан.

Әрине, бүгінде мұндай аңыздарға балабақшадағы баланы сендірудің өзі қиын. Алайда, көпшілігіміз жиі қолданатын «капуста» сөзі көне рим тіліндегі «капутум», яғни «бас» деген сөзден шыққан. Осы сәйкестікке қарап,  көптеген ғалымдарымыз жоғарыдағы аңыздың ақиқат болуы мүмкін деген болжамдар айтады да, орамжапырақтың отаны – Рим деген қорытынды шығарады.

Итальяндықтар мен гректер де орамжапырақтың отаны ретінде өз елдерін таныстырады. Ал, Джапаридзе атты орамжапырақтың пайда болуын зерттеуші профессор бұл тізімге Грузия мемлекетін қосады. Және бұл пікірін тек қана грузиндіктердің жерінде өсетін, еш жерде қайталанбайтын орамжапырақ тектес көптеген көкөністердің кездесетіндігін айта отырып дәлелдеуге тырысады. Ертеде орамжапырақты ол мекенде «кежера» деп атаған екен.

hello_html_m7cf6e0ec.jpg

Орамжапырақты тағам ретінде пайдалану осыдан бірнеше ғасыр бұрын-ақ қалыптасқан. Әсіресе ежелгі тайпалар оны тұздалған етпен жесе, жапырақтарын салатқа пайдаланған.

Білесіз бе, көне грек ғалымы, философ Хрисипп орамжапыраққа кітап арнаған екен. Онда көкөністің адам ағзасына тигізер пайдасы туралы баяндалған. Кітапқа сенсек, гректер мен римдіктер орамжапырақтың көптеген кеселдерге шипа болар, емдік қасиеті бар деп санаған. Орамжапырақ бас ауруды басып, саңыраулықты емдейді және ұйқысыздықтан құтқарып, ішкі ағза ауруларына шипа бола алады.









2. 2 Қырыққабатқа сипаттама және оның түрлері

hello_html_5751ba29.jpg

Қырыққабат – қырыққабат (Brassica) туысына жататын екіжылдық бақша өсімдігі. Құнды дәрумендерімен, дәрілік қасиетімен және айрықша дәмімен ерекшеленетін қырыққабат Жер шарының барлық аймақтарында кездеседі. Қырыққабаттың 8 түрі ең танымал болып саналады: кәдімгі қырыққабат, савой қырыққабаты, түсті қырыққабат (цветная қырыққабат), кольраби, қытай қырыққабаты, жапырақты қырыққабат, брюссель қырыққабаты және пекин қырыққабаты. Қырыққабаттың жапырақтары бір сабақтың түбінен шығып, кезектесіп орналасады. Астыңғы бөлігіндегі жапырақтары үлкен, біршама қалың, етті, жиі орналасқан, ал сабақты бойлай шыққан жапырақтарының пішіні сопақтау болып келеді. Қырыққабаттың отаны анықталмаған. Дегенмен, А.Декандольдің айтуынша, ҰлыбританияИрландияДанияжәне Францияның солтүстік-батысында бұл өсімдіктің табиғи түрлері кездесуі мүмкін.

Қырыққабаттың құрамында қант, минералды тұздар (кальций, калий, фосфор), майлар, лактоза, липаза, протеаза, А, В1, С, P, К, В6 және тағы басқа дәрумендер бар. Қырыққабат жеуге жарамды, оны пісіріп, қуырып, ашытып, тағамдарға қосып және табиғи күйінде жейді. Қырыққабаттың шырыны асқазан, бауыр ауруларына жылдам әсер ететін дәрі ретінде қолданылады. Табиғи қалпында (қуырылмаған, қайнатылмаған) жиі қабылданған жағдайда қырыққабат ағзаның зат алмасуын реттеп, денеде май жиналуын болдырмайды. Бұған қоса дем алу жүйесіанемия, демікпе ауруларын емдейді.

Капустаның мәдени сорттарының арғы тегi жабайы капуста болып табылады. Қазiргi уақытта ол Жерорта теңiзi жағалауында өседi. Бұл сабағы биiк, жапырағы дөңгелек қаудан (кочан) байламайтын, өсi онша үлкен болмайтын өсiмдiк. Көптеген ғасырлар бойы адам жабайы капустаны сеуiп жапырақтары үлкен өсiмдiктерден тұқым жинаған. Осылайша аса құнды көкөнiс дақылы капуста алынған.

Қазiргi уақытта капустаның көптеген мәдени түрлерiн өсiредi.

Ақ қауданды (кочанды) капустадан (капуста белокачанная – Brassica oleracea var. capitata) басқа, гүлдi капустаны (капуста цветная – Brassica oleraceae var. sabauda) отырғызады. Оның тығыз орналасқан, толық жетiлмеген, ақ түстi гүлшоғыры тамаққа пайдаланылады. Брюссель капустасы (капуста брюссельская – Brassica oleraceae var. gemmifera) қолтық бүршiктерiнен пайда болатын кiшкентай қаудандары (кочандары) үшiн отырғызады. Кольраби капустасын (Brassica oleracea var. gongiloides) тарнаға (брюква – Brassica napobrassica) немесе шалқанға (репа – Brassica rapa) ұқсас жуан етжендi сабағы үшiн отырғызады.

hello_html_m73c2a92b.jpg

Аққауданды қырыққабат. Ақ қауданды (кочанды) капуста – екi жылдық шөптесiн өсiмдiк. Бiрiншi жылы тұқымнан кiндiк тамыры мен қысқарған сaбақ өсiп шығады. Осы сабақтан дөңгелек орам жапырақтары бар қаудан (кочан) түзiледi, оның ортасында өзегi болады. Сабақтағы жапырақтардың арасында шағындау қолтық бүршiктерi мен бiр төбелiк бүршiк жетiледi.

Қауданның (кочанның) сыртқы жапырақтарының түсi жасыл болады. Осы жапырақтарда фотосинтез процесiнiң нәтижесiнде қант түзiледi. Ол соңынан  суда ерiп, қауданның iшкi ақ жапырақтарына өтедi.

Барлық жерде өсіріліп, өнімі жинап алынады. Жабайы қырыққабат Атлант мұхиты мен Жерорта теңізі жағалауларында кездеседі. Қырыққабаттың мынандай түрлері бар: қауданды, савойя, брюссельдік, кольраби, жапырақты, Қытай, Пекин, түсті капусталар. Бұлардың ішінде түсті және Пекин капусталарынан басқалары түгелдей дерлік екі жылдық өсімдіктер, қырыққабаттың барлық түрлері де жарық сүйгіш, суыққа төзімді. Ал енді ыстыққа төзімділері: жапырақты және кольраби деп аталатын сорттары.

Вегетациялық кезеңінің ұзақтығына сәйкес қырыққабат түрлері төмендегідей топтарған бөлінеді: өте ерте пісетін (65-100 күнде, «Куузику вараяне»), ерте пісетін (100-115 күнде, «Грибовский – 147»), ертелеу пісетін (115-130 күнде, «Алтын гектар»), орташа мерзімде пісетін (130-145 күнде, «Даңқ 1305», «Надежда»), кештеу пісетін (145-160 күнде, «Сыйлық»), кеш пісетін (160 күннен артық, «Амагер 611», «Заводская»). Қауданды қырыққабат Қазақстанда негізгі дақылдық көкөністердің бірі ретінде өсіріледі. Оның диаметрі 10-45 сантиметр, салмағы 16 келіге дейін тартады. Ақ қауданды қырыққабатты жаңа піскен күйінде, қайта өңделген қалпында жыл бойы ас мәзірінде пайдаланады. Қырыққабаттың қауданын ашытады, бұқтырады, бұрыш, қияр, қызанақ, сәбіз, қызылша, алма, жасыл бұршақ, пияз, сарымсақ қосып тұздап та жейді. Біз енді қырыққабаттың кейбір түрлерінің табиғаты мен сипаттамасына тоқталсақ.


Ғылыми жобалар жалпы қойылатын талапқа сай дайындалған.Уорд нұсқасы, аңдатпалар, пікірлері, күнделігі және көрнекі жасалынған тұсаукесері (презентация) ғылыми жобаның құрылымы жүйеленген толық нұсқасын құрайды.

Ғылыми жобаның толқы нұсқасын жүктеу ақылы.

Ол үшін халық банкінің 4402 5735 5419 3229 шотына (ЖСН 750115401055) немесе

Qiwi кошелек арқылы 8-701-859-48-75 (телефонға емес) номеріне 2500 теңге аударып, осы номерге телефон соғып, қажетті ғылыми жобаңызды айтасыз немесе saulealt@mail.ru поштасына не ватсапқа түбіртектің сканерленген түрін салып, қажетті ғылыми жоба тақырыбын жазып жібересіз.

Хабар алынысымен Сіздің поштаңызға қалаған ғылыми жобаңыздың толық нұсқасы салынады.

Сондай-ақ, өзіңізде бар ғылыми жобаның толық нұсқасымен айырбас жасауға болады, сіз онымен сайтымыздың толыға түсуіне көмектесесіз!!!





Ғылыми жобаның толық нұсқасын talshin.ukoz.net сайты

арқылы да ала аласыз!




10

Автор
Дата добавления 21.06.2016
Раздел Биология
Подраздел Научные работы
Просмотров775
Номер материала ДБ-129065
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх