Инфоурок Другое ПрезентацииПрезентация к уроку "Шоқан жүрген жерлерде".

Презентация к уроку "Шоөан жүрген жерлерде".

Скачать материал
Скачать материал

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • ШОқан жүрген жерлерде. І бөлімСуретші М.Ержанов

    1 слайд

    ШОқан жүрген жерлерде. І бөлім
    Суретші М.Ержанов

  • СырымбетСырымбет-Шоқан Уәлихановтың әжесі Айғанымның патша әкімшілігі арқылы...

    2 слайд

    Сырымбет
    Сырымбет-Шоқан Уәлихановтың әжесі Айғанымның патша әкімшілігі арқылы бекіттіріп алған мекен-жайы. Ұлы ғалымның балалық және жастық шағы осында өтті. Жас Шоқанның бұл мекен-жайдың жалпы көрінісін бейнелеген сурет бар.
    Өткен ғасырдың ортасындағы Сырымбеттің сырт бейнесін патшаның әскери қайраткері А.К.Гейнс өзінің жол жазбасында былайша келтірген: «...Біздің орта қол помещиктеріміздің көңілінен шығатындай бірнеше үйді көрдік, ортада мешіт орналасқан. Шыңғыс пен әйелі отырған үйдің жалпы жиһаз-мүлкі біздің помещиктердікіне келеді. Залда он екі пьесаға дейін орындауға ыңғайланған орган, терезелер арасындағы тар қабырғаларда айналар жарқырайды, асыл шынылардан салпыншағы бар қола шырағдан, қабырғадағы шамдар да әлгілер секілді, есіктердегі кішкене жібек шымылдықтар, бұлардың бәрі шебер қолмен өте әшекейлі кестеленген...». Мекен-жай қазір жоқ. Суретші М. Ержанов Шоқанның өз суретінен негізінде Сырымбеттің көркем бейнесін бояумен келтірген.

  • Омбы кадет корпусыБұл үй 1826 жылы Сібір казак әскерлерінің училишесіне салын...

    3 слайд

    Омбы кадет корпусы
    Бұл үй 1826 жылы Сібір казак әскерлерінің училишесіне салынған. Мұнда 1827-1834 жылдары Шоқанның әкесі Шыңғыс Уәлиханов та оқыған. 1846 жылы училищеде сегіз жылдық оқу мерзімімен Омбы кадет корпусы болып қайта құрылды. Мекен-жайдың алдыңғы беті өзгеріссіз сол қалпында келеді, ал ішкі құрылысы көп өзгеріске енген. Бұл үйдің қабырғасында бірнеше әйгілі адамадарға арнайы мемориалды тақта қойылған. Солардың бірі Шоқан Уәлихановка арналған: онда 1847-1853 жылдары қазақ ғалымының осы корпуста оқығандығы жазылған.

    Омбы кадет корпусының казармалары
    Омбы кадет корпусының оқуына тіркелген Шоқан Уәлихановты казармаға, эскадрон шәкірттерінің бірі Григорий Потанинмен бір бөлмеге орналастырды. Казак офицерінің баласы Гриша қазақ тілін едәуір түсініп, сөйлесе алатын. Корпусқа келген алғашқы кезінде Шоқан орыс сөздерін түсінбейтін, балалар тез достасып, Шоқан Гришаның көмегімен орыс тілін тез игере бастады. Омбы кадет корпусы казармалары бүгінгі күнге дейін дұрыс сақталған құрылыс болып есептеледі.

  • Гауптвахта үйі1781-1784 жылдары салынған Гауптвахта үйі-Омбыдағы ең көне құры...

    4 слайд

    Гауптвахта үйі
    1781-1784 жылдары салынған Гауптвахта үйі-Омбыдағы ең көне құрылыстардың бірі. Ол Омбы қорғаның аумағына кіріп, алаң ансамбілінің бір бөлігін құрастыратын. Батыс Сібір генерал-губернаторы адъютантының міндетін атқарып жүргенде Шоқан Уәлиханов гауптвахта үйінде қызмет бабымен талай рет болған.
    Омбы госпиталі.
    Қабырғалары сарымен боялған ағаш үйде әскери госпиталь орналасқан. Бұл мекен-жайдың іргетасы 1850 жылы қаланса керек. 1859 жылдың екінші жартысында Қашқар сапарынан сырқаттанып оралған Шоқан Уәлиханов осы госпитальда емделді.

  • Омбы қамалының кеңсесіХVII ғасырдың соңғы жылында қызыл кірпіштен тұрғызылған...

    5 слайд

    Омбы қамалының кеңсесі
    ХVII ғасырдың соңғы жылында қызыл кірпіштен тұрғызылған үйде қамал кеңсесі орналасып, кейбір офицерлер отбасымен тұрды. Шоқан Уәлиханов кезінде бүл мекен-жайға Ф. М. Достоевский де келіп-кетіп жүрген. Салтанатты күндерде Батыс Сібір генерал-губернаторы да бұл үйге кіріп, кеңсе қызметкерлерінің хал-жайын білетін болған. Ф. М. Достоевскийдің туғанына 100 жыл толу қарсаңында мұнда қаламгердің Омбыдағы өмірін баяндайтын музей ашылды.

    Омбыдағы пошта үйі
    Бұл мекемеге Шоқан Уәлиханов жиі келетін: кейде Петербургке хабар-корреспонденциялар жіберетін, кейде Сырымбеттегі ағайын-туыстарына сәлем хат жолдайтын. Пошта үйінің бөренеден өрілген қабырғасында ою-өрнек мол болатын, терезелері де сол кезге тән әшекеймен безендірілген еді.

  • Тобыл қақпасы1716 жылдың көктемінде орыс отрядының лейб-гвардия полковнигі И....

    6 слайд

    Тобыл қақпасы
    1716 жылдың көктемінде орыс отрядының лейб-гвардия полковнигі И.Д.Бухгольцтің басқаруымен Ертістің оң жағалауы мен Омбы өзенінің құйылысында жаңа қорғанның негізі қаланды. XVIII ғасырдың алпысыншы жылдарынан бастап Омбы қорғаны Батыс Сібір бекініс шептерінің басшылық орталығы статусына ие болды. Сол ғасырдың аяғында бұл қорғанның жан-жағына монументалды қақпалар салынды. Омбы қорғанында мұндай қақпалар төртеу болды: Омбы, Тара, Ертіс және Тобыл қақпалары. Бұлардың бәрі де бір жобамен салынды, бір-біріне өте-мөте ұқсас құрылыстар еді. Бүгінгі күнге дейінгі тек қана Тобыл қақпасы сақталып келеді. Мұндай қақпалар арқылы Дала уәлаятына жорыққа солдаттар, казактар аттанатын. 1853-1859 жылдары бұл қақпалар арқылы Шоқан Уәлихановтың ресми сапарларға аттанғанда талай қабат өткеніне ешбір шүбә келтіруге болмайды. Қазіргі Тобыл қақпасы тарихи ескерткіш ретінде мемлекеттік қорғауға алынды.

  • Омбыдағы Ф.М.Достоевский тұрған үйіАйдалу мерзімі аяқталғаннан кейін, Сібір л...

    7 слайд

    Омбыдағы Ф.М.Достоевский тұрған үйі
    Айдалу мерзімі аяқталғаннан кейін, Сібір линиялық батальонына тағайындалу рұқсатын күткен Ф.М. Достоевский Омбы кедей мещанының шағын үйіне орналасты. Сол кездегі тұрғылықты алым-салық өтеу ережесі бойынша, үй иесі пәтерге алған адамның жылы орынмен қамтамасыз етіп, төсек-орын және жуыну үшін жылы су әзірлеп тұруы қажет болған. «Ажал үйінің» лас, азынаған қараңғы бөлмелерінен кейін бұл шағын мекен-жайдан өзі қаламгерге салтанатты сарайдай көрінуі мүмкін. Бұл үйде Ф.М. Достоевский 1854 жылдың ақпан айының аяғына дейін бір айдай уақыт тұрды.

    Батыс Сібір генерал – губернаторының Сарайы
    Кадет корпусын бітіргеннен кейін Шоқан Батыс Сібір генерал-губернаторының адъютанты болып тағайындалды. Омбы өзенінің теріскей жағалауында генерал-губернатор Сарайының құрылысы 1859 жылы аяқталды. Бұл зәулім үй толық бітпей тұрып-ақ, генерал-губернатор Г.Х. Гасфорт осы мекен-жайға орналасқан еді. Сондықтан да Шоқан Уәлиханов қызмет бабымен де, басқа кезде де болып тұрды. Бұл үйде қазір Омбы тарихи өлкетану музейі орналасқан. 1984 жылы бұл құрылыста жаңадан жөндеу-өндеу жұмыстары жүргізілді.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 000 717 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.10.2021 121
    • PPTX 1013.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Альмишева Ляззат Шайзаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Альмишева Ляззат Шайзаевна
    Альмишева Ляззат Шайзаевна
    • На сайте: 6 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 251579
    • Всего материалов: 154

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой