Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Презентации / Презентация "Кауіпті діни агымдар"

Презентация "Кауіпті діни агымдар"

Международный конкурс по математике «Поверь в себя»

для учеников 1-11 классов и дошкольников с ЛЮБЫМ уровнем знаний

Задания конкурса по математике «Поверь в себя» разработаны таким образом, чтобы каждый ученик вне зависимости от уровня подготовки смог проявить себя.

К ОПЛАТЕ ЗА ОДНОГО УЧЕНИКА: ВСЕГО 28 РУБ.

Конкурс проходит полностью дистанционно. Это значит, что ребенок сам решает задания, сидя за своим домашним компьютером (по желанию учителя дети могут решать задания и организованно в компьютерном классе).

Подробнее о конкурсе - https://urokimatematiki.ru/


Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • История
Сүйіншалина Мейрамгүл Сейілханқызы Мамандығы: Тарих пәні мұғалімі Стажы: 16...
Қауіпті діни ағымдар Сабақ - уикипидия
“Біз бұқара санасындағы діншілдіктің артуына әзір болуымыз керек , онда тұрғ...
Қазіргі кезде кеңінен қолданылатын классификациялар: I.Табыну обьектісіне қат...
. - – -– Соңғы кездерде пайда болған , шығу тегінен ұлттық немесе әлемдік ді...
Діндерді исламдық тұрғыдан бөлу
1 Дәстүрлі діндер Бірнешеғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрі, діни әдет – ғұрып...
Дәстүрлі емес діни қозғалыстарға генетикалық тұрғыда берілген классификациясы...
Шет ел мемлекеттерінің және олардың белсенді қолдауымен кейбір деструктивті д...
Қазақстан Республикасы территориясында тыйым салынған діни ұйымдар туралы ақп...
2012 жылдың 25 қазанындағы жағдай бойынша Қазақстанның діни алаңында 17 конф...
Ислам – VII ғасырдың басында пайда болған әлемдік монотеистік дін. Қазақ жер...
2011 жылдың басында Қазақстанда 2 811 исламдық діни бірлестік болған. 2012 ж...
Қазақстандағы ҚМДБ филиалдары (мешіттері) . Ақмола обл. Павлодар обл. Қостана...
Православие – христиан конфессияларының бірі. Елімізде православиелік Қазақс...
2012 жылдың 17 қазанында 9 епархия мен 261 приходты біріктіретін Митрополиял...
Қазақстандағы православ шiркеуiнiң приходтары Ескерту: Бұған қосымша Алматы қ...
Католиктік – христиандық конфессиялардың бiрi. Діни ілімі Библияға және Қаси...
Қазақстандағы католик шiркеулерi . ОҚО Алматы обл. Жамбыл обл. Қызылорда обл....
Лютерандық – христиан дініндегі протестанттық ағымдардың бiрi. Лютерандық XV...
Баптизм – XVII ғасырдың басында пайда болған христиан дініндегі протестантты...
Методизм XVIII ғасырда Англияда пайда болды. Методизм діни ілімі классикалық...
Қайта тіркеуден бір жергілікті діни бірлестік өтті. 2011 жылдың басында елім...
Елуіншілер Сун Бок Ым «Агапе» миссиясы «Жаңа өмір» «Жатва» «Өмір бұлағы» Елуі...
Пресвитериандық протестанттық ағымдардың бірі болып табылады. Пресвитерианды...
«Ехоба куәгерлері» XIX ғасырдың 70 жылдары АҚШ-та пайда болды. Діни ілімінің...
Жетінші күн адвентистері – АҚШ-та 1843 жылы пайда болған протестанттық ағым....
Жаңа апостолдар шіркеуі 1832 жылы Англияда пайда болды, ол католиктік пен лю...
Иудаизм – бұл еврей халқының ұлттық діні. Иудаизм ілімінің негізінде иудейле...
Буддизм – ежелгі әлемдік дін. Б.д.д. VI-V ғғ. Үндістанда пайда болды. Басқа...
«Кришна Санасы Қоғамы» 1966 жылы Нью-Йорк қаласында Бенгаль монахы Бхактивед...
Бахаи қауымы XIX ғасырдың ортасында пайда болды. Оның негізін «Бахаулла» есі...
Иса Мәсіхтің соңғы қасиетті күндері шіркеуінің (мормондар) негізін 1830 жылы...
Жалпы алғанда, 2012 жылғы 25 қазанға дейін 17 конфессияны құрайтын 3 088 дін...
- дәстүрлі діндерді және діни ілімдерді мойындамай, бөлек ірткі салушы діни ұ...
- Ұйым мүшелерінің сыртқы бейнесін өзгерту үшін , оларға жаңа діни лақап атта...
 Діни секталардың адам психологиясына кері әсері:
Көшеде діни сектаның жиналысына шақырған миссионермен қарым – қатынас жасамау...
Діни кеңеске жалғыз бармауға тырысыңыз, қасыңызға жолдасыңызды немесе жақын б...
Деструктивті діни ұйымдарға арбалып қалмаудың жолдары Жалған діни ұйымдарды д...
 Рефлексия Не білдік? Не үйрендік? Не білгімізкеледі?
Пайдаланылған әдебиеттер 1.Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің сай...
1 из 48

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 Сүйіншалина Мейрамгүл Сейілханқызы Мамандығы: Тарих пәні мұғалімі Стажы: 16
Описание слайда:

Сүйіншалина Мейрамгүл Сейілханқызы Мамандығы: Тарих пәні мұғалімі Стажы: 16 жыл Білімі : Жоғары Санаты: І санат Проблемалық тақырыбы: Ұлы тұлғалар есімдері арқылы оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеу Жетістігі: Аудандық білім бөлімінің Алғыс хаты 2011ж Аудандық тарих,құқық,дінтану пәндерінің семинар- кеңесінде оқылған баяндамасы үшін Білім беру курсы: «Дінтану негіздері»курсын оқытудың теориялық әдістемелік ерекшеліктері 07-11.01.2011; “Дінтану курсын оқытудың теориясы және әдістемелік ерекшеліктері” 20 – 24.10.2014ж

№ слайда 2 Қауіпті діни ағымдар Сабақ - уикипидия
Описание слайда:

Қауіпті діни ағымдар Сабақ - уикипидия

№ слайда 3 “Біз бұқара санасындағы діншілдіктің артуына әзір болуымыз керек , онда тұрғ
Описание слайда:

“Біз бұқара санасындағы діншілдіктің артуына әзір болуымыз керек , онда тұрған қатерлі ештеңе жоқ . Жалпы дін өздігінен өнегелі ақиқаттан бөтен ештеңе үйретпейді.Жалғыз- ақ ,бізге қауіп төндіретіні діни біліміміздің деңгейі онша жоғары болмай отырғаны ... ” Н.Ә.Назарбаев «Тарих толқынында »

№ слайда 4 Қазіргі кезде кеңінен қолданылатын классификациялар: I.Табыну обьектісіне қат
Описание слайда:

Қазіргі кезде кеңінен қолданылатын классификациялар: I.Табыну обьектісіне қатысты бөлу:

№ слайда 5 . - – -– Соңғы кездерде пайда болған , шығу тегінен ұлттық немесе әлемдік ді
Описание слайда:

. - – -– Соңғы кездерде пайда болған , шығу тегінен ұлттық немесе әлемдік діндерден бөлініп шыққан , бірақ қазір қайнарынан байланысын үзген ,өзіндік ерекшелік пен әмбебаптыққа ұмтылатын жаңадан шығып жатқан діни сенімдер.Олар әлеуметтік тұрғыда діни секта деп аталады. II. Әлемге таралуына байланысты бөлу:

№ слайда 6 Діндерді исламдық тұрғыдан бөлу
Описание слайда:

Діндерді исламдық тұрғыдан бөлу

№ слайда 7 1 Дәстүрлі діндер Бірнешеғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрі, діни әдет – ғұрып
Описание слайда:

1 Дәстүрлі діндер Бірнешеғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрі, діни әдет – ғұрыптары, қоғамдық қатынас нормалары мен отбасылық қарым – қатынасы және белгілі бір ұлттың дәстүрлі өмір сүру формасы мен мәдени құндылықтарын жоққа шығармай , өз ілімдері тұрғысынан қабылдап, оған қарсы келмей ұрпақтан ұрпаққа мұра етіп қалдыратын ерекше құбылыс. 2 Дәстүрлі емес діндер Қоғамдатарихи – мәдени тұрғыда қалыптасқан құндылықтарды , салт – дәстүрлерді танымайтын,оны жоққа шығаратын негізгі діндерден бөлініп шыққан діни ағым

№ слайда 8 Дәстүрлі емес діни қозғалыстарға генетикалық тұрғыда берілген классификациясы
Описание слайда:

Дәстүрлі емес діни қозғалыстарға генетикалық тұрғыда берілген классификациясы 1 Жаңа христиандық діни секталар Иегова куәгерлері, мормондар, Христос тәні т.б 2 Жаңа шығыстық діни ғұрыптар Кришна қоғамы, Йога, т.б 3 Саентологиялық бағыттағы діни секталар Саентология шіркеуі,Ақыл ілімі,Христиан ғылымы 4 Синкреттік бағыттағы діни секталар Бірігу шіркеуі,Бахай сенімі,Ұлы Ақ ағайындар т.б 5 Шайтанға табынушылық бағыт Зұлымдықты насихаттайды,зорлық-зомбылық тән

№ слайда 9 Шет ел мемлекеттерінің және олардың белсенді қолдауымен кейбір деструктивті д
Описание слайда:

Шет ел мемлекеттерінің және олардың белсенді қолдауымен кейбір деструктивті діни ұйымдардың мақсаты Шетелдік ұйымдардың белсенді қаржылай және саяси қолдауымен ҚР территориясындағы деструктивті діни ұйымдардың болуы мүмкін мақсаттары 1.Саяси мақсатта Ресей қоғамының діни негізіне соққы беру арқылы Ресей мемлекетін әлсірету. Тіпті, дәстүрлі діндер деструктивті діни ұйыдардың кесірінен соққығы жығылуда, соның бірі православие дініне деген көзқарас. Бұл дегенің, бәрінің жағдайы осының кебін киіп тұр деген сөз. 2.Діни ұйымдардың православияға қарсы жасырын, айқындалмаған күресі 3.Діни сектанттықты пайдалану арқылы билікке мықты потенциальды саяси қысым көрсету 4.Шетелдік арнайы мамандарды пайдалана отырып, діни деструктивті ұйымдармен бірлесіп құпия ақпараттарды жинау 5.Әртүрлі мемлекетердің шенеуніктерінің үстінен деструктивті діни ұйымдардың жетекшілерінің күші арқылы бақылау орнату. (пара беру, шантаж, алдау, санаға бақылау орнату арқылы)

№ слайда 10 Қазақстан Республикасы территориясында тыйым салынған діни ұйымдар туралы ақп
Описание слайда:

Қазақстан Республикасы территориясында тыйым салынған діни ұйымдар туралы ақпарат Қазіргі таңда ұлттық деңгейде Қазақстан территориясында тыйым салынған террористік және экстремистік құрылымдармен бірге, мынадай діни ұйымдар да қосылды: 1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 15 қазандағы шешімі негізінде: 1) «Аль-Каеда» 2) «Шығыс Түркістандағы исламдық қозғалыс», 3) «Өзбекстандағы исламдық қозғалыс» 4) «Күрд Халық Конгресі» («Конгра-Гел»). 2. Жоғарғы Соттың 2005 жылғы 15 наурыздағы шешіміне сәйкес: 1) «Асбат аль-Ансар», 2) «Братья-мусульмане», 3) «Талибан» қозғалысы, 4) «Боз гурд» 5) «Орталық Азиядағы Жамаат моджахедтар», 6) «Лашкар-е-Тойба», 7) «Әлеуметтік реформалар Қоғамы». 3. Астана қаласы сотының 2006 жылы 17 қарашадағы шешіміне сәйкес: 1) «АУМ Синрикё», 2) «Шығыс Түркістанды азат ету ұйымы». 4. Астана қаласы сотының 2008 жылғы 5 наурыздағы шешіміне сәйкес: «Түркістан ислам партиясы» 5. Астана қаласы сотының 2005 жылғы 28 наурыздағы шешіміне сәйкес: «Хизб-ут-Тахрир» 6. Мамандандырылған ауданаралық Алматы қаласы сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы және Астана қаласы сотының 2009 жылғы 12 қаңтардағы шешімімен: Адамдарды қозғалыс методы (өзін-өзі емдеу) арқылы емдеу деп бұқаралық ақпарат құралдары арқылы үгіт насихат таратқан Абдуллаев Ф.М. (Фархат-ата), ол «Алла-Аят» деген атауға ие 7. Мамандандырылған ауданаралық Алматы қаласы сотының 2009 жылғы 5 ақпандағы шешімімен: «Ата жолы» және «Ақ жол»

№ слайда 11
Описание слайда:

№ слайда 12
Описание слайда:

№ слайда 13
Описание слайда:

№ слайда 14
Описание слайда:

№ слайда 15
Описание слайда:

№ слайда 16
Описание слайда:

№ слайда 17 2012 жылдың 25 қазанындағы жағдай бойынша Қазақстанның діни алаңында 17 конф
Описание слайда:

2012 жылдың 25 қазанындағы жағдай бойынша Қазақстанның діни алаңында 17 конфессияны құрайтын 3 088 діни бірлестік пен олардың филиалдары қалды 2011 жылдың 1 қаңтарында Қазақстанда 46 конфессия 4 551 діни бірлестік пен олардың филиалдары және заңды тұлға белгісі жоқ саны аз діни топтар есепте тұрған. Діни бірлестіктердің 32%-ы, яғни үштен бірі қысқарды

№ слайда 18 Ислам – VII ғасырдың басында пайда болған әлемдік монотеистік дін. Қазақ жер
Описание слайда:

Ислам – VII ғасырдың басында пайда болған әлемдік монотеистік дін. Қазақ жеріне ислам осыдан 12 ғасырдан астам уақыт бұрын келген. ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңының преамбуласында Қазақстан халқының рухани өмірі мен мәдениетіндегі исламның сунниттік бағыттағы ханафи мазхабының тарихи рөлі атап көрсетілген.

№ слайда 19 2011 жылдың басында Қазақстанда 2 811 исламдық діни бірлестік болған. 2012 ж
Описание слайда:

2011 жылдың басында Қазақстанда 2 811 исламдық діни бірлестік болған. 2012 жылдың 19 маусымында «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» республикалық ислами бірлестігі тіркелді. Оның филиалдары ретінде еліміздің барлық аймағында 2 228 мешіт қайта тіркеуден өтті.

№ слайда 20 Қазақстандағы ҚМДБ филиалдары (мешіттері) . Ақмола обл. Павлодар обл. Қостана
Описание слайда:

Қазақстандағы ҚМДБ филиалдары (мешіттері) . Ақмола обл. Павлодар обл. Қостанай обл. ОҚО Алматы обл. Қарағанды обл. Жамбыл обл. Қызылорда обл. Ақтөбе обл. Атырау обл. Маңғыстау обл. БҚО СҚО ШҚО Астана қ. Алматы қ. Барлығы: 2 228 (25.10.2012 ж.) 7 28 43 26 18 66 139 122 670 266 388 189 93 77 64 32

№ слайда 21 Православие – христиан конфессияларының бірі. Елімізде православиелік Қазақс
Описание слайда:

Православие – христиан конфессияларының бірі. Елімізде православиелік Қазақстан Православ шіркеуі, Армян апостолдық шіркеуі және көне әдет-ғұрыптық қауымдар қызмет атқарады. 2011 жылдың басында 304 православ діни бірлестігі болған.

№ слайда 22 2012 жылдың 17 қазанында 9 епархия мен 261 приходты біріктіретін Митрополиял
Описание слайда:

2012 жылдың 17 қазанында 9 епархия мен 261 приходты біріктіретін Митрополиялық округ республикалық діни бірлестігі тіркелді. Сонымен қатар бұрын қызмет атқарған Армян апостолдық шіркеуі мен 8 көне әдет-ғұрыптық қауым қайта тіркеуден өтті.

№ слайда 23 Қазақстандағы православ шiркеуiнiң приходтары Ескерту: Бұған қосымша Алматы қ
Описание слайда:

Қазақстандағы православ шiркеуiнiң приходтары Ескерту: Бұған қосымша Алматы қаласында Армян апостолдық шiркеуi және ШҚО (4 ), БҚО (2 ), Алматы қ. (1 ), Қостанай обл. (1 ) көне әдет-ғұрып шiркеулерi жұмыс iстейдi. Ақмола обл. Павлодар обл. Қостанай обл. ОҚО Алматы обл. Қарағанды обл. Жамбыл обл. Қызылорда обл. Ақтөбе обл. Атырау обл. Маңғыстау обл. БҚО СҚО ШҚО Астана қ. Алматы қ. Барлығы: 261 (25.10.2012 ж.) 4 12 13 2 1 6 1 24 18 6 45 35 14 24 29 27

№ слайда 24 Католиктік – христиандық конфессиялардың бiрi. Діни ілімі Библияға және Қаси
Описание слайда:

Католиктік – христиандық конфессиялардың бiрi. Діни ілімі Библияға және Қасиеттi жазбаға негiзделеді. Негiзгі қағидалары Католик шiркеуiнiң катехизисында баяндалған. Қазақстанда Рим-католик шiркеуінің 79 субъектісі қызмет атқарады.

№ слайда 25 Қазақстандағы католик шiркеулерi . ОҚО Алматы обл. Жамбыл обл. Қызылорда обл.
Описание слайда:

Қазақстандағы католик шiркеулерi . ОҚО Алматы обл. Жамбыл обл. Қызылорда обл. Ақтөбе обл. Атырау обл. Маңғыстау обл. БҚО ШҚО Астана қ. Алматы қ. Барлығы: 79 (25.10.2012 ж.) Қостанай обл. СҚО Қарағанды обл. Ақмола обл. Павлодар обл. 4 3 2 1 2 18 1 6 6 8 12 11 5

№ слайда 26 Лютерандық – христиан дініндегі протестанттық ағымдардың бiрi. Лютерандық XV
Описание слайда:

Лютерандық – христиан дініндегі протестанттық ағымдардың бiрi. Лютерандық XVI ғасырда Германияда реформация қозғалысының нәтижесінде пайда болды. Қайта тіркеуден 13 жергілікті діни бірлестік өтті. 2011 жылдың басында елде 32 дiни бiрлестiк есепте тұрған. № облыс, қала тіркелгені 1 Астанақаласы 1 2 Алматықаласы 3 3 Алматы облысы 2 4 Ақмолаоблысы 1 5 Жамбылоблысы 1 6 Қарағандыоблысы 1 7 Шығыс Қазақстан обл. 1 8 Қостанай облысы 1 9 Солтүстік Қазақстанобл. 1 10 Павлодар облысы 1

№ слайда 27 Баптизм – XVII ғасырдың басында пайда болған христиан дініндегі протестантты
Описание слайда:

Баптизм – XVII ғасырдың басында пайда болған христиан дініндегі протестанттық бағыттардың бірі. Өз діни ілімі бойынша баптизм жалпыхристиандық және жалпыпротестанттық Үшбірлік пен Иса Мәсіхтің құдайға тән табиғаты, сондай-ақ жалпыпротестанттық құтқарылу туралы қағидаларды ұстанады. Қайта тіркеуден 100 жергілікті діни бірлестік өтті. 2011 жылдың басында елде 364 діни бірлестік, саны аз діни топтар мен филиалдар есепте тұрған. № облыс, қала тіркелгені 1 Астанақаласы 4 2 Алматықаласы 12 3 Ақмола облысы 5 4 Ақтөбе облысы 4 5 Алматы облысы 23 6 Атырау облысы 2 7 Шығыс Қазақстан облысы 4 8 Жамбыл облысы 8 9 Батыс Қазақстан облысы 1 10 Қарағанды облысы 9 11 Қостанай облысы 5 12 Қызылорда облысы 3 13 Маңғыстау облысы 1 14 Павлодар облысы 2 15 Солтүстік Қазақстан облысы 6 16 Оңтүстік Қазақстан облысы 11

№ слайда 28 Методизм XVIII ғасырда Англияда пайда болды. Методизм діни ілімі классикалық
Описание слайда:

Методизм XVIII ғасырда Англияда пайда болды. Методизм діни ілімі классикалық протестантизм қағидаларын ұстанып, Библияны мойындайды. Сонымен қатар діни ұйғарымдарды әдістемелік тұрғыдан сақтауды талап етеді. Қайта тіркеуден 11 жергілікті діни бірлестік өтті. 2011 жылдың басында елімізде 18 діни бірлестік есепте тұрған. № облыс,қала тіркелгені 1 Алматықаласы 3 2 Астанақаласы 1 3 Алматыоблысы 2 4 Ақмола облысы 1 5 Жамбылоблысы 1 6 Қарағанды облысы 1 7 Павлодароблысы 2

№ слайда 29 Қайта тіркеуден бір жергілікті діни бірлестік өтті. 2011 жылдың басында елім
Описание слайда:

Қайта тіркеуден бір жергілікті діни бірлестік өтті. 2011 жылдың басында елімізде 6 діни бірлестік есепте тұрған. Меннониттер алғашқы протестант-тық ағымдардың бірі болып табылады. Атауы осы ілімнің негізін қалаушы Менно Симонсқа байланысты қойылған. № облыс,қала тіркелгені 1 Қарағанды облысы 1

№ слайда 30 Елуіншілер Сун Бок Ым «Агапе» миссиясы «Жаңа өмір» «Жатва» «Өмір бұлағы» Елуі
Описание слайда:

Елуіншілер Сун Бок Ым «Агапе» миссиясы «Жаңа өмір» «Жатва» «Өмір бұлағы» Елуіншілер XIX ғасырдың соңы - XX ғасырдың басында АҚШ-та пайда болған. Елуіншілердің діни ілімінің ерекшелігі Қасиетті Рухтың елуіншілер күнінде жерге түскендігі және соның нәтижесінде Апостолдар мен Иса Мәсіхтің басқа да шәкірттерінің Қасиетті Рух күшіне ие болғандығы туралы жеке тармақтың бекітілуі болып табылады. 2011 жылдың басында елімізде 400 діни бірлестік, саны аз діни топтар мен филиалдар есепте тұрған. Қайта тіркеуден 189 жергілікті діни бірлестік өтті. 2011 ж. 2012 ж. 11 9 2011 ж. 2012 ж. 46 23 2011 ж. 2012 ж. 55 38 2011 ж. 2012 ж. 10 5 2011 ж. 2012 ж. 55 28

№ слайда 31 Пресвитериандық протестанттық ағымдардың бірі болып табылады. Пресвитерианды
Описание слайда:

Пресвитериандық протестанттық ағымдардың бірі болып табылады. Пресвитериандық кальвинизмнің және кең ұғыммен алғанда реформаттық шіркеу тармақтарының бірі ретінде қарастырылады. Пресвитериандық доктрина Құдайдың жоғарғы күшіне сенуге және құдайдан құт-береке келуі үшін тек сенім ғана керек екеніне негізделеді. 2011 жылдың басында елімізде 229 діни бірлестік, саны аз діни топтар мен филиалдар есепте тұрған. Қайта тіркеуден 55 жергілікті діни бірлестік өтті. Пресвитериандық

№ слайда 32 «Ехоба куәгерлері» XIX ғасырдың 70 жылдары АҚШ-та пайда болды. Діни ілімінің
Описание слайда:

«Ехоба куәгерлері» XIX ғасырдың 70 жылдары АҚШ-та пайда болды. Діни ілімінің негізгі ережелері осы ілімнің негізін салушы Чарльз Расселдің «Қасиетті Кітап зерттеулері» атты жеті томдық еңбегінде жазылған. 2011 жылдың басында елімізде 70 діни бірлестік есепте тұрған. Қайта тіркеуден 59 жергілікті діни бірлестік өткен. № облыс, қала тіркелгені 1 Астана қаласы 1 2 Алматы қаласы 5 3 Ақмола облысы 1 4 Ақтөбе облысы 1 5 Алматы облысы 10 6 Атырау облысы 1 7 Шығыс Қазақстан облысы 5 8 Жамбыл облысы 9 9 Батыс Қазақстан облысы 1 10 Қарағанды облысы 8 11 Қостанай облысы 5 12 Қызылорда облысы 1 13 Маңғыстау облысы 1 14 Павлодар облысы 3 15 Солтүстік Қазақстан облысы 1 16 Оңтүстік Қазақстан облысы 6

№ слайда 33 Жетінші күн адвентистері – АҚШ-та 1843 жылы пайда болған протестанттық ағым.
Описание слайда:

Жетінші күн адвентистері – АҚШ-та 1843 жылы пайда болған протестанттық ағым. Адвентистік діни ілімінің негізін бұрынғы баптист Уильям Миллер қалаған. Адвентистер сенім мен өмір сүрудің жалғыз ережесі ретінде Библияға сүйенеді, Иса Мәсіхтің екінші рет тіріліп келетін күнінің жақын қалғанына сенеді және сенбіні демалыс күні ретінде ұстанады. 2011 жылдың басында елімізде 67 діни бірлестік есепте тұрған. Қайта тіркеуден 42 жергілікті діни бірлестік өтті. № облыс,қала тіркелгені 1 Астанақаласы 2 2 Алматықаласы 3 3 Ақмола облысы 4 4 Ақтөбе облысы 1 5 Алматыоблысы 4 6 Атырауоблысы 1 7 Шығыс Қазақстан облысы 2 8 Жамбылоблысы 4 9 БатысҚазақстан облысы 1 10 Қарағанды облысы 7 11 Қостанай облысы 5 12 Қызылорда облысы 13 Маңғыстау облысы 1 14 Павлодароблысы 4 15 Солтүстік Қазақстан облысы 1 16 Оңтүстік Қазақстан облысы 1

№ слайда 34 Жаңа апостолдар шіркеуі 1832 жылы Англияда пайда болды, ол католиктік пен лю
Описание слайда:

Жаңа апостолдар шіркеуі 1832 жылы Англияда пайда болды, ол католиктік пен лютерандықтан кейінгі Германияның негізгі шіркеулерінің бірі болып табылады. Жаңа апостолдар шіркеуі апостолдардың ерекше рөлін тани отырып, Библияны өздерінің негізгі оқулығы деп санайды. Қайта тіркеуден 8 жергілікті діни бірлестік өтті. 2011 жылдың басында елімізде 47 діни бірлестік есепте тұрған. № облыс,қала тіркелгені 1 Астанақаласы 1 2 Алматықаласы 1 3 Ақмолаоблысы 1 4 Жамбылоблысы 1 5 Қарағандыоблысы 1 6 Павлодароблысы 1 7 СҚО 1 8 ОҚО 1

№ слайда 35 Иудаизм – бұл еврей халқының ұлттық діні. Иудаизм ілімінің негізінде иудейле
Описание слайда:

Иудаизм – бұл еврей халқының ұлттық діні. Иудаизм ілімінің негізінде иудейлер өмірінің барлық салаларын реттейтін қатаң монотеизм жатыр. 2011 жылдың басында елімізде 26 діни бірлестік есепте тұрған. Қайта тіркеуден 4 жергілікті діни бірлестік өтті. № облыс, қала тіркелгені 1 Астана қаласы 1 2 Алматы қаласы 1 3 Павлодар облысы 1 4 Оңтүстік Қазақстан облысы 1

№ слайда 36 Буддизм – ежелгі әлемдік дін. Б.д.д. VI-V ғғ. Үндістанда пайда болды. Басқа
Описание слайда:

Буддизм – ежелгі әлемдік дін. Б.д.д. VI-V ғғ. Үндістанда пайда болды. Басқа діндерден ерекшелігі буддизмде Құдайдың әлемнің жаратушысы және оның билеушісі екендігі туралы идея жоқ. Буддизм ілімінің мәні әрбір адамды азаптан арылу жолына түсуге шақыру болып табылады. 2011 жылдың басында елімізде 4 діни бірлестік есепте тұрған. Қайта тіркеуден 2 жергілікті діни бірлестік өтті. № облыс, қала тіркелгені 1 Батыс Қазақстан облысы 1 2 Алматы қаласы 1

№ слайда 37 «Кришна Санасы Қоғамы» 1966 жылы Нью-Йорк қаласында Бенгаль монахы Бхактивед
Описание слайда:

«Кришна Санасы Қоғамы» 1966 жылы Нью-Йорк қаласында Бенгаль монахы Бхактиведанта Свами Прабхупада негізін салған неоиндуистік діни бірлестік. Кришнаиттер Кришнаға құдайдың құдіретті бейнесі ретінде табынады. 2011 жылдың басында елімізде 14 діни бірлестік есепте тұрған. Қайта тіркеуден 8 жергілікті діни бірлестік өтті. № облыс,қала тіркелгені 1 Астанақаласы 1 2 Алматықаласы 1 3 Алматыоблысы 1 4 Ақтөбеоблысы 1 5 ШығысҚазақстаноблысы 1 6 Қарағандыоблысы 1 7 Қостанайоблысы 1 8 Павлодароблысы 1

№ слайда 38 Бахаи қауымы XIX ғасырдың ортасында пайда болды. Оның негізін «Бахаулла» есі
Описание слайда:

Бахаи қауымы XIX ғасырдың ортасында пайда болды. Оның негізін «Бахаулла» есімімен танылған парсылық Мирза Хусейн Али қалаған. Бахаи ілімі әлемдік және дәстүрлі діндердің жекелеген қағидаларын негізге ала отырып синтезделген ілім болып табылады. 2011 жылдың басында елімізде 20 діни бірлестік есепте тұрған. Қайта тіркеуден 6 жергілікті діни бірлестік өтті. № облыс,қала тіркелгені 1 Астанақаласы 1 2 Алматықаласы 1 3 Алматыоблысы 1 4 Ақмолаоблысы 1 5 Қарағандыоблысы 1 6 ОңтүстікҚазақстаноблысы 1

№ слайда 39 Иса Мәсіхтің соңғы қасиетті күндері шіркеуінің (мормондар) негізін 1830 жылы
Описание слайда:

Иса Мәсіхтің соңғы қасиетті күндері шіркеуінің (мормондар) негізін 1830 жылы АҚШ-та Джозеф Смит қалады. «Мормон» термині 1830 жылы қасиетті жазба ретінде жарияланған, мормондар Библиямен қатар қолданатын «Мормон кітабынан» шыққан. 2011 жылдың басында елімізде бір діни бірлестік есепте тұрған. Қайта тіркеуден 2 жергілікті діни бірлестік өтті. № облыс,қала тіркелгені 1 Астанақаласы 1 2 Алматықаласы 1

№ слайда 40 Жалпы алғанда, 2012 жылғы 25 қазанға дейін 17 конфессияны құрайтын 3 088 дін
Описание слайда:

Жалпы алғанда, 2012 жылғы 25 қазанға дейін 17 конфессияны құрайтын 3 088 діни бірлестік қайта тіркеуден өтті. * Бұдан басқа 20 дәстүрлі емес діни бірлестік қайта тіркеуден өтпеген № Конфессиялар 01.01.2011ж. 25.10.2012 ж. 1 Ислам 2811 2229 2 Православие 304 280 3 Елуіншілер шіркеулері 400 189 4 Інжілдікхристиан-баптистер 364 100 5 Католиктік 118 79 6 Ехобакуәгерлері 70 59 7 Пресвитериандық шіркеулер 229 55 8 Жетінші күнадвентистері 67 42 9 Інжілдік-лютераншіркеуі 32 13 10 Методистер 18 11 11 Жаңа апостолдаршіркеуі 47 8 12 Кришнаиттер 14 8 13 Бахаи 20 6 14 Иудаизм 26 4 15 Буддизм 4 2 16 ИсаМәсіхтіңсоңғықасиеттікүндері(мормондар) шіркеуі 1 2 17 Меннониттер 6 1 Жалпы 4 551* 3 088

№ слайда 41 - дәстүрлі діндерді және діни ілімдерді мойындамай, бөлек ірткі салушы діни ұ
Описание слайда:

- дәстүрлі діндерді және діни ілімдерді мойындамай, бөлек ірткі салушы діни ұйымдардың ілімдерін дәріптеуші мүшелерінің уағызы. - Басқа дәстүрлі діндерді сынау және оларға кереғар пікірлер туғызып, мүшелерін «құдайдың жазасы күтіп тұр» деп сендіру. - Іріткі салушы ұйымның жетекшісі немесе діни насихатшысы (миссионер) болып табылатын харизмалық басшысының болуы. - Белсенді миссионерлік қызметтер ,соның ішінде -көшелерде сұхбатқа шақыру ,діни әдебиеттер үнпарақтар тарату, электронды БАҚ бағдарламаларын көрсету - Діни ұйымдарының мүшелерін көбейту мақсатында көпшілік жиналатын орындарда арнайы іс –шаралар ұйымдастыру. - Діни ұйымның құрамындағы жасөспірімдерге ерекше назар аудару. - Ұйым мүшелеріне және әлеуметтік жағдайы нашар адамдарға жеке мүдделері үшін қамқорлықтар көрсету. - Түрлі әдіс – амалдар мен психотехникалық жүйелер арқылы адам санасын бақылауда ұстау. - Ұйымның жаңа мүшелері үшін арнайы діни дәрістер өткізу . - Жалған діни «кереметтерін» көпшілікке жарнамалау үшін жарымжан немесе психикасы қалыпсыз адамдарды секта мүшелігіне тарту Тоталитарлық ұйымдар миссионерлер және шіркеу қызметтерінің негізгі белгілері:

№ слайда 42 - Ұйым мүшелерінің сыртқы бейнесін өзгерту үшін , оларға жаңа діни лақап атта
Описание слайда:

- Ұйым мүшелерінің сыртқы бейнесін өзгерту үшін , оларға жаңа діни лақап аттар қойып және діни дәрежелер беріп, арнайы культтік киім киюлеріне талап қою. - Қатаң діни тәртіптерді сақтау. - әлеуметтік жағдайда қорғалмаған адамдарға рухани қамқорлық көрсету және материалдық қолдау көрсету арқылы ұйым мүшелігіне тарту. - Ақша төлеуге мәжбүрлеу немесе «десятиналық» төлемге отырғызу . - әдебиеттерін тегін әрі жиі тарату. - Жастардықызықтыру үшін діни жиналыстар ұйымдастыру және ғылыми жаңа әдістерді кеңінен пайдалану - Ұйым кәсіпорындарында тегін жұмыс істеуге , діни әдебиеттерін тегін тарату және қайыр жинауды талап ету. - Білім беруге аса көңіл аудару ,миссионерлік оқу орталықтарын құру. - Кітапханаларға ,мәдени және білім мекемелеріне әдебиеттерін тегін тапсыру. - Ұйым ішінде күзету ,насихаттау және т.б. мәселелерді шешу үшін арнайы бөлімшелердің болуы. - Ұйым мүшелерінің санын арттыру мақсатында - балалар және жастар мекемелерін ,оңалту орталықтарын , жазғы лагерлер мен қоғамдық бірлестіктер құру Тоталитарлық ұйымдар миссионерлер және шіркеу қызметтерінің негізгі белгілері:

№ слайда 43  Діни секталардың адам психологиясына кері әсері:
Описание слайда:

Діни секталардың адам психологиясына кері әсері:

№ слайда 44 Көшеде діни сектаның жиналысына шақырған миссионермен қарым – қатынас жасамау
Описание слайда:

Көшеде діни сектаның жиналысына шақырған миссионермен қарым – қатынас жасамауға тырысыңыз Кез келген діни сектаның сеніміндегі адаммен және миссионерлерімен өзіңіздің діни көзқарастарыңыз туралы пікірталасқа түспеңіз. Қоғам мен адам өміріне зиянды діни секталардан қорғану үшін мына әдістерді әрдайым есте сақтаңыз! Егер де сіз діни сектаның құрылымы туралы білгіңіз келсе мұны еш қарсылықсыз және кекесінсіз істеңіз. Егер сізге діни тақырыптағы парақша , кітапша немесе журнал ұсынса рахмет айтып , сыпайы түрде бас тартыңыз. Діни жиналысқа барадан бұрын алдымен өз достарыңызбен , туыстарыңызбен немесе жақын адамдарыңызбен кеңескеніңіз жөн. Егер де сіз діни сектаның жиналысына қатыссаңыз миссионердің негізгі мақсаты сізді өз нанымына алдап кіргізу екенін ескеріңіз және діни секта мүшелерінің алдауына түсіп қалмаңыз.

№ слайда 45 Діни кеңеске жалғыз бармауға тырысыңыз, қасыңызға жолдасыңызды немесе жақын б
Описание слайда:

Діни кеңеске жалғыз бармауға тырысыңыз, қасыңызға жолдасыңызды немесе жақын бір адамыңызды ала барыңыз. Қандайда бір жағдайда бір – біріңізден ажырамауға тырысыңыз және бұл туралы секта жетекшісіне ескертіңіз , егер жетекші бұл ұсыныңызға көнбей өз дегеніне көндіргісі келсе, онда кеткендеріңіз жөн. Жан саулығы және тән саулығы үшін дәстүрлі емес діни ағымдардың қатарына қосылмас бұрын өз туыстарыңыз бен жақындарыңызға зияныңыз тиетінін ойланыңыз Дәстүрлі емес діни ұйымдардың мүшесі болып, жетістік пен бақыт тауып өмірлік мақсат – мүддеме жетемін деп ойламаңыз. Сену немесе сенбеу еркі тек қана сіздің өз қолыңызда , сондықтан шешім қабылдау дан бұрын оның қажеттілігі жайлы ойланыңыз.Ойланып дұрыс қабылдаған шешім сіздің жан саулығыңыз ғана емес , өміріңізді де сақтауы мүмкін. Егер қиындықтар туындаса, өз бетіңізше дұрыс шешім қабылдай алмасаңыз дінтанушы мамандармен хабарласыңыз.

№ слайда 46 Деструктивті діни ұйымдарға арбалып қалмаудың жолдары Жалған діни ұйымдарды д
Описание слайда:

Деструктивті діни ұйымдарға арбалып қалмаудың жолдары Жалған діни ұйымдарды дәстүрлі діндерден қалай ажыратып алуымыз керек? Бірінші ереже Сізге таныс емес, көшеде кездескен адаммен дін тақырыбындағы диалогқа араласпа! Екінші ереже Егер, диалог жалғасып кетсе,оны доғаруын өтін. Қызықпа! Бұл қоғамның тарихымен, оның қаншалықты дәрежеде дәстүрлі дін екеніне көзіңді жеткіз. Осылай ғана Сіз таңдау еркіндігіне ие боласыз! Үшінші ереже Бұл діни миссиялар светтік атауларды жамылады. Егер де Сізді, ағылшын тілінің ақысыз курсына шақырса – бұған сеніп қалма, олар жаңа ілімді жаймен оқуға сені көндіруге тырысады. Төртінші ереже Кейбір деструктивті діни ұйымдарда жаңа адамдармен танысқанда қолданатын термин сөздері бар: «Осыған дейін Сізге, осыншама ақылды екендігіңізді қалайша ешкім айтпаған!», «Сізге бұндай қасиет қайдан дарыды!» және т.б. Бесінші ереже Егер сіз, қандай да болмасын діни ұйымға қатысқыңыз келсе, ата-анаңызбен, Сіз үшін беделі басым адамдармен кеңесуді ұмытпа! Алтыншы ереже Егер, Сіз дінге бет бұруды қаласаңыз, жалғыз бармаңыз, туыстарыңызды немесе достарыңыздан көмек сұраңыз! Жетінші ереже Миссионерлердің басты мақсаты – сізді ұйымға қалай да болса кіргізу. Сондықтан да өте сақ болғаныңыз жөн! Сегізінші ереже Егер басқа конфессия туралы сыни пікірлер айта бастаса, онда бұл деструктивті діни ұйымдардың белгілері болып табылады. Тоғызыншы ереже Есіңде болсын! Есте сақта! Құдайға сену яки сенбеу - өз қолыңда! Өзге діннің жетегінде кетем деп достарың мен жақындарыңнан айырылғың келмесе, Ойлан! Жадынама диакон А..Кураеваның материалдары негізінде жасалды. Жастарға арналған жадынама

№ слайда 47  Рефлексия Не білдік? Не үйрендік? Не білгімізкеледі?
Описание слайда:

Рефлексия Не білдік? Не үйрендік? Не білгімізкеледі?

№ слайда 48 Пайдаланылған әдебиеттер 1.Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің сай
Описание слайда:

Пайдаланылған әдебиеттер 1.Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің сайтынан алынған мәліметтер. Астана ,2012 қараша 2.А.Айталы “Дін және мемлекет” №213-214 ”Ақтөбе газеті “2011 3.”Дінтану негіздері” Ғ.Есім 4. ”Дінтану негіздері” әдістемелік құрал Т.Талдыбаев

Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy



Автор
Дата добавления 14.11.2015
Раздел История
Подраздел Презентации
Просмотров540
Номер материала ДВ-156327
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх