Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Научные работы / Презентация казахскому языку на тему "Кім тапқыр" (4 класс)

Презентация казахскому языку на тему "Кім тапқыр" (4 класс)

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_m73d5fdb7.jpg



Амирова Актоты Мырзакуловна

Бастауыш сынып мұғалімі



Оңтүстік Қазақстан облысы,

Мақтарал ауданы,

Асықата кенті

«Қайнар» мектеп-гимназия» мемлекеттік мекемесі









Кім тапқыр? Тәрбие сағаты

Мақсаты:Оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру,ойлау қабілетін дамыту,алған білімдерін тереңдету,кеңейту,есептеу дағдыларын жетілдіру.

Түрі:Сайыс сабақ Топпен жұмыс.1.Ұйымдастыру кезеңі. 2.Психологиялық дайындық. Мұғалім:Хош келдіңіздер,қадірлі ұстаздар,әділқазылар және оқушылар! Уа,халайық,халайық, Бәріңе жар салайық! Бүгін сайыс төріне, Есеп шешіп таласып, Жұмбақ айтып аңдысып, Шабыт тасып шалқысып, Кең пейілді жігермен, Келді міне көп білген.

Бүгінгі «Кім тапқыр»сайысымызға, қош келдіңіздер!

Шын жүйрік шабысынан танылады Нақты білім терең ой сыналады Баға берер әділқазы ортамызда Сіздерге құрметпенен қол соғады.

Ендеше ортамыздан әділдікті орнықтырар әділқазыларды сайлап алайық.

Бүгінгі күн сайыста Ешкімнен сен қалыспа Білімі кімнің көп болса Сол озады сайыста. Дегендей сайысқа қатысушы топтар:

1-топ «Тапқырлар», 2-топ: «Алғырлар»

Ойын кезеңдері:

1.Таныстыру: «Мыңның жүзін білгенше ,бірдің атын біл» 2. «Капитандар сайысы» 3. «Ойлы болсаң ,озып көр» шарты:қойылған сұраққа мақалмен жауап береді. 4.Мақалдар жарысы 5. «Ия»және «Жоқ» 6. «Ұшқыр ой»(Атамекен,Болашақ)

1-кезең. «Сәлемдесу,таныстыру»



Мұғалім: Жақсы ғой мүшелермен таныс болу. Екі жұлдыз,бір тілек,ізгі ниет. Қошеметтеп баршаңыз ниет қылу .Шақырайық келіңдер жарысуға Күш, өнер, білімменен алысуға Бар өнерді салайық ортамызға Қанекей кім шығады сайысуға? Топ алдына шыққанда басын иіп, Сәлемдесу-парызы әрбір жастың Өнерлерін паш етіп топтарменен, Сәтте келіп қалғандай танысатын.

Сонымен 2-топпен танысып алсақ.

Ескендір:Сәлеметсіздер ме, ұстаздар. Айтар ойын тұспалдар. Сіздер оқытқан оқушылардың , Сәті келді сыналар.

Айдана:Сәлеметсіздер ме оқушылар! Нақты ғылымға қызығушылар. Естігенін естіп тұрып, Оқығанын миға тоқушылар.

Ахмедияр:Келешекте үмітіміз талапты, Атақ-даңққа бөленеміз қазір біз. Сегіз қырлы бір сырлы боп тұрғандар, Оза шауып бәйге атындай жарап тұр.

Ақмарал:Есепті түрлі-түрлі шығарамыз ,Арасында ойын ойнап жарысамыз. Ойламды сұрақ,қиын сұрақ бәрі бар, Әзіл есепке де басымызды қатырамыз.

Ержан:Өмірде ойлап тұрсаң бәріде есеп, Ауырсаң ішетұғын дәрі де есеп. Есепсіз өмір сүру мазмұнсыз-ау, Дүниенің бар тұлғасы есеп десек.

Әсем:Ой-сананы арттыру – Бүгінгі күн талабы. Біле білсең бұл дәуір, Математика заманы.

Санжар:Дүниедегі құбылыстың мәні не, Табиғаттың,құбылыстың бәрін де. Мүмкін емес есептерсіз түсіну, Есебіңіз- дүние кілті әліде.

Салтанат:Қазылар орнықтырар әділдікті, Кімдердің жауаптары кәміл шықты. Біліммен тапқырлықтың жарысында, Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.

«Тапқырлар тобы»

Осындай алғыр достар кез келгенде Жетсін-ау жарыстарда жеңгенге не? Қарсылас балғанымен құрбысыңдар, Тілейміз ізгі тілек сендерге біз. Құрметтеп алғырларды ой-саналы, «Тапқырлар»сәлем беріп,ән салады. Бүгінгі сайыста достарына Қашанда тапқыр бол деп ой салады.

Біздің топ ұранымыз: «Нақты жауап,саналы шешім таба біл!»

Әділқазыларға сәлем:Достық пен бірлікті етіп тұлға,

Жеңіске жеткен едік талай сында. Қара қылды қақ жарып ,әділқазым, Еңбегін «Тапқырыңның»әділ сына.

«Алғырлар» тобы:

Шақырып жарыстарға сан-салалы, «Алғырлар»топ жарғалы жар салады. Ту етіп достықпенен татулықты, Тапқырлар командасын қарсы алады. «Алғырлар»биіктерде қалықтасын, Жеңіспен көк жүзінде шарықтасын, Жеңіс туы желбіреп,алауласын, Бәйгені сенен ешкім ала алмасын.

Біздің топ ұранымыз:Қандай сынақ болса дағы беріспе,

Әрқашанда ұмтыла біл жеңіске.

Әділқазыларға сәлем:Әділқазы,ақ қазыға бір сәлем, Әділдікке бас иеді күллі әлем. Жүйрік озар сайыстарда неше бір, Сарапқа сап әділдікпен шеше біл.

«Тапқырлар тобы»

Дайындықпен келіп тұрмыз жарысқа, Есеп білсек жетеміз ғой табысқа, Сайыстарда біз оңай беріспейміз, Тең ойынға тағы да келіспейміз, Тапқырлықпен алдыға жан салмаймыз, «Алғырлардан» ешқашанда қалмаймыз.

«Алғырлар» тобы:

Білімге толы санамыз, Бүгінгі күн жеңісі Алғырлықпен аламыз, Есепті біз шешеміз Оны мақтан етеміз «Тапқырларға»бүгінгі Кете қоймас есеміз.

2 кезең. «Капитандар сайысы»

1)Қазақ әліпбиін құрастырған қазақ зиялысы кім? (Ахмет Байтұрсынұлы)

2)Тәуелсіздік алған жыл? (1991 жылы)

3)Рәміздер қай жылы қабылданды? (1992 жылы)

4)Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі? (қазақ тілі)

5)Уақытты өлшейтін аспап? (сағат)

6)Әбәлмансұр деген кім? (Абылай хан)

7)Үш биді ата. (Төле,Әйтеке,Қазбек би)

8)Бір ғасырда неше жыл? (100жыл)

9)Әлемдегі бойы ең биік жануар. (керік)

10)Күйді орындаушы адам. (күйші)



1)Суда жүзетін көлік?(Қайық)

2)Бәр жылда неше мезгіл бар?(4)

3)кемпірқосақта неше түс бар?(7)

4)Қр-ның рәміздерін ата?(Ту,елтаңба,әнұран)

5)22-наурыз қандай мейрам?(Наурыз тойы)

6)Жыл басын көрген жануар?(Тышқан)

7)ҚР туының авторы кім? (Ш.Ниязбеков)

8)Тұңғыш қазақ ғарышкері кім ,ғарышқа қашан ұшты? (Т.Аубакиров 1992 жылы)

9)ҚР жер көлемі бойынша нешінші орында? (9)

10)ҚР қай мемлекеттермен шектеседі?(Қытай,Ресей,Өзбекстан,Қырғызстан,Түркіменстан)

3-кезең. «Ойлы болсаң, озып көр »(Шарты: қойылған сұраққа мақалмен жауап береді.)

1.Қар жана ма? Инемен құдық қазуға бола ма? Аппақ қарға бола ма? Тастың жеңілі бола ма? Елу құлағы бар, кім? Тауық түс көре ме? Оттан да ыстық болып тұрған не? Адам денесіндегі қорқақ, батыр мүшелер?



2.Көрдім, көрмедім дегендер неше сөз бола алады? Жаман атты, жаман жолдасты немен алмастыруға болады? Бір рет өлуге де болады, немесе мың рет өлуге де болады? Балға , тең тәттілер не екенін білесің бе? Отқа түсіп күймеуге бола ма? Қарныңды қалай тойғызар едің? Намыстан,қамыстан ажал табушылар? Өрге шыға алмайтын қандай сөз?

4-кезең. Мақалдар жарысы

5-кезең: «Ия»және «Жоқ»

1.Дауыссыз дыбыстар 3-ке бөлінеді (ия,қатаң,ұяң,үнді) 2.Өмір сүру үшін адамға ең керекті нәрселер үй,киім,көлік,теледидар (жоқ.Тамақ ауа,су,жарық,жылу) 3.Судың 4 күйі бар (жоқ,3 күйі бар) 4.120 минутта 3 сағат бар (жоқ 2 сағат бар) 5.Қандай?қай? сын есімнің сұрақтары (ия) 6.9 бен 4-тің көбейтіндісі 32-ге тең (жоқ 36) 7.Тіктөртбұрыштың периметрін табу үшін ұзындығы мен енін қосамыз) 8.9 бен 9-дың көбейтіндісі 81-ге тең (ия)

1.Сын есім кім?не?деген сұраққа жауап береді (жоқ.қандай?қай?) 2.Өмірде болған адамға қатысты құрылған халық шығармасыертегі (жоқ.Аңыз) 3.Жер бетінің қағазға кішірейтілген бейнесі карта (ия) 4. 45-тің 5-ке бөліндісі 8-ге тең (жоқ.9-ға тең) 5.Үш биді ата.Олар Қазыбек би,Төле би, Әйтеке би (ия) 6.Іс-қимыл иесін білдіретін баяндауыш (жоқ бастауыш) 7.Шаршы деген барлық қабырғасы тең төртбұрыш (ия) 8.Абылайға Төле бидің қойған аты Сабалақ (ия)

Білген сайын келеді біле бергім, Біле беру емес пе тілегі елдің. Белден ассаң, алдыңда бел көрінсе Қызыққаннан келмей ме жүре бергің. Сондықтанда келеді біле бергім, Білімдіні сүйерін білем елдің,-

деп Асқар Тоқмағамбетов ағамыз айтып кеткендей,қазір тек білімді,тәрбиелі,озық ойлы адам ғана өмірден өз орнын ойып тұрып алады.Олай болса,біз бүгінгі жастарымызға тек оқудан,ізденуден , тер төгуден жалықпаңыздар дегіміз келеді.

6-кезең. «Ұшқыр ой»

(Атамекен, Болашақ) сөздерден барынша көп сөз құрау қажет.

Қорытындылау.

Сайыстың ақыры да таяп қалды, Топтағы өрендерде шаршап қалды. Сайыстың қорытындысын білу үшін , Қазыларға сөз кезегін ұсына Қош болыңдар ,тыңдаушылар ,көрермен, Шықты - ау деп ойлап тұрмыз көңілден. Сайысымыз аяқталды бүгінгі, Өрелі ой жұмбақ сөзден өрілген.

Осымен ойынымыз шарықтау шегіне жетті.

Жарыс заңы ежелден, Жеңімпазды анықтау. Жеңімпаз болу шарты сол, Еңбектену,жалықпау,-деп,сөз кезегі әділқазыларға беріледі. Жеңімпаздарды марапаттау





















Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 23.11.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Научные работы
Просмотров18
Номер материала ДБ-383365
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх