Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Рабочие программы / Презентация: КЕРЕЙ МЕН ЖƏНІБЕК ХАНДАР

Презентация: КЕРЕЙ МЕН ЖƏНІБЕК ХАНДАР


  • История

Поделитесь материалом с коллегами:

Әбішева Мөлдір Батырханқызы

Қызылорда облысы

Жаңақорған ауданы

Сүттіқұдық ауылы

52 Б Аралбаев атындағы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі



КЕРЕЙ МЕН ЖƏНІБЕК ХАНДАР



Осыдан көптеген ғасырлар бұрын қазіргі Қазақстан жерінде əр түрлі хандықтар болған. Солардың бірі – Əбілхайыр (Шайбанның ұрпағы) хандығы. Ол қырық жыл ел билеп, өз халқына қаталдық көрсетеді. Сол кезде оның қол астында Керей мен Жəнібек сұлтандар болады. Ол екеуі бір-біріне жақын туыс екен. Екеуінің аталары кезінде ел билеген атақты хандар болған. Керей мен Жəнібек сұлтандар Əбілхайыр ханға бағынбай, еркін өмір сүргілері келіп, қарамағындағы тайпалармен бөлініп кетеді. Олар Шу өзені бойына көшіп келеді. Жасы үлкен болғандықтан халық Керейді ақ киізге көтеріп хан етіп сайлайды. Осылайша, жаңадан хандық құрылады. Оны «Қазақ хандығы» деп, ал оның халқын – қазақ халқы деп атай бастайды. Əбілхайыр ханның қысымына шыдамаған адамдар Керей мен Жəнібекті келіп паналайды. Қазақ хандығының күшеюінен қауіптенген Əбілхайыр хан əскер жиып, ол екеуіне (Моғолстанға) жорық жасайды. Бірақ орта жолда Əбілхайыр хан кенеттен ауырып, қайтыс болады. Оның хандығы ыдырап, халқының көбі Керей мен Жəнібек хандарға келіп қосылады. Сөйтіп, олар өздері құрған жас мемлекеттің іргесін бекітіп, шаңырағын биіктетіп, күннен-күнге нығайта береді. Тарихта Керей мен Жəнібекті – «Қазақ хандығын» құрушылар деп санайды.


Автор
Дата добавления 17.01.2016
Раздел История
Подраздел Рабочие программы
Просмотров219
Номер материала ДВ-348130
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх