Курс повышения квалификации
Курс повышения квалификации
Курс повышения квалификации
1 слайд
Мырзахметова Баян
Шымкент қаласы
Сабақтың тақырыбы: §23. Комбинаториканың негізгі ұғымы
2 слайд
3 слайд
Сабақтың мақсаты:
а)Білімділік: Комбинаториканың негізгі ұғымдарымен танысу
ә) Дамытушылық: Есеп шығару барысында комбинаториканың негізгі ұғымдарын қолдана білу
б) Тәрбиелік:Оқушылардың білімге құштарлығын ояту,төзімділікке тәрбиелеу.
4 слайд
Табиғатта, қоғамда, ғылым мен техникада, өндіріс орындарында, күнделікті өмірде қандай да бір оқиғаның мүмкін болатын жағдайларын орналастыру немесе санаудың нұсқалар санын табу талап етілетін есептер жиі кездеседі. Осындай есептерді «Комбинаторика» («Қосылыстар») деп аталатын алгебра бөлімі қарастырады. Комбинаторика жоғары математиканың көптеген бөлімдерінде қолданылады. Комбинаториканың қарапайым бөлімдері орналастырулар, алмастырулар және терулер деп аталады.
5 слайд
І. п элементтен алынған m-нен құралған орналастырулар және оның саны.
Анықтама. п элементтен алынған m-нен құралған орналастырулар деп берілген n элементтерден әр топта m элемент (m < n) болатын топтарының бір-бірінен өзгешелігі ең болмағанда элементтерінің біреуінің өзгешелігінде немесе элементтерінің алыну реттерінде болатын қосылыстар (комбинациялар) топтарын атаймыз.
6 слайд
Орналастырулардың белгіленуі: Аmn, мұндағы m, n – натурал сандар, n – берілген элементтер саны, m - әрбір топқа кіретін элементтер саны және
m ≤ n.
Оқылуы: А2n – n элементтен алынған екіден құралған орналастырулар топтарының саны;
7 слайд
А3n – n элементтен алынған үштен құралған орналастырулар топтар саны;
Аmn – n элементтен алынған m-нен құралған орналастырулар топтар саны
Жалпы, n элементтен алынған m-нен құралған орналастырулар топтарының саны мына формуламен есептеледі:
Аmn = n(n − 1)(n − 2) ... (n − m + 1), мұндағы m < n, m, n € N.
8 слайд
Сонымен n элементтен алынған m-нен құралған орналастырулар топтарының саны n-нен (n − m + 1)-ге дейінгі m тізбектелген сандар көбейтіндісіне тең.
Математикада 1-ден n-ге дейінгі барлық натурал сандардың көбейтіндісін n факториал деп атайды. Және оны n! Белгісімен белгілейді,
яғни 1*2*3 ....(n − 2)(n − 1)*n = n!
Ескерту. 0! = 1
Факториалды қолданып, формуланы түрлендірсек Аmn = n! .
(n − m)!
9 слайд
. а, b, с, d және l элементтері берілген. Осы элементтерден
а) 3-тен алынған барлық орналастырулар тобын жазып, санын есептеңдер.
10 слайд
. п элементтен жасалынған алмастырулар және олардың саны.
Анықтама. п элементтен жасалған алмастырулар деп п элементтен алынған п-нен жасалған орналастыруларды айтады.
Алмастыру Рп әрпімен белгіленеді. Мұндағы п – берілген элементтер саны.
Рп = Апп = п(п – 1)(п – 2)...(п – (п – 1)) =п!
Рп = п!
11 слайд
12 слайд
13 слайд
Енді комбинаториканың терулер ұғымына тоқталайық.
І. п элементтен m-нен жасалған терулер және олардың саны.
Анықтама. п элементтен алынған m-нен құралған терулер деп бір-бірінен тек құрамымен ғана ерекшеленетін m элементтерден тұратын комбинациялар тобы аталады.
Терулердің белгіленуі: Сmn, мұндағы m, n – натурал сандар, n – берілген элементтер саны, m - әрбір топқа кіретін элементтер саны және
m < n.
Жалпы, n элементтен алынған m-нен құралған терулер саны мына формуламен есептеледі:
14 слайд
Сmn = Аmn /Рm.
Аmn = Сmn*Рm;
Рm = Аmn/Сmn
Мұндағы n € N, m € N, m ≤ n.
Жоғарыдағы формулаларды түрлендіріп, мынаны аламыз:
Сmn = n! .
m!(n − m)!
15 слайд
16 слайд
17 слайд
5 892 593 материала в базе
Настоящий материал опубликован пользователем Мырзахметова Баян Сейдахметовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт
Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
Пожаловаться на материалВаша скидка на курсы
40%«Нормативно-правовые и организационные аспекты лицензирования и аккредитации применительно к разным уровням образования»
«Актуальные изменения в системе образования: траектория развития, постановка новых задач, распределение функционала»
«Продуктивность учебной деятельности младших школьников общеобразовательного учреждения»
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.