1280121
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
+Добавить материал
и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Дистанционные курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации для педагогов

Дистанционные курсы для педагогов - курсы профессиональной переподготовки от 5.520 руб.;
- курсы повышения квалификации от 1.200 руб.
Престижные документы для аттестации

ВЫБРАТЬ КУРС СО СКИДКОЙ ДО 70%

ВНИМАНИЕ: Скидка действует ТОЛЬКО сейчас!

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности № 5201 выдана ООО "Инфоурок")

ИнфоурокНачальные классыПрезентацииПрезентация ұлттық ойындар"Асық ойыны"

Презентация ұлттық ойындар"Асық ойыны"

библиотека
материалов
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Ақмола облысы,Сан...
 Орындаған: Мусин Аждар Жетекшісі: Абильдина Ш.Қ.  
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Шаңтөбе кенті В.Комаро...
Кіріспе бөлім Осы жоба қазақ халықтарының салт – дәстүрлерінің ішіне кіретін...
Ұлттық ойындар «Аударыспақ». Ол – қазақ, қырғыз халықтарының арасында кең тар...
Ұлттық ойындар Ат сайысы. Спорттық ойын. Оның түрлері: ат омырауластыру, ауда...
Асық - қазақ халқының дәстүрлі ойыны. Бұл ойын негізінен күндіз де, түнде де...
Асық ойыны негізінен ер балаларға тән. Асық ойнау үшін керекті құралдың ең н...
"Асық ойнаған азар, доп ойнаған тозар" деп мақалдап та жүрдік. Тәуелсіздік ал...
Бір қарағанда, мұнда тұрған ештеңе жоқ сияқты. Асық дегенді иісі қазақ балас...
Ендеше , асық ойындарының өскелең ұрпақтың дене тәрбиесіне , ой - өрісінің д...
Асық ойнаған ,озар «Бес асық» ойыны «Алтыатар» ойны
Қолданылған әдебиет пен ақпарат құралдары: 1. «Қазақстан. Ұлттық энциклопеди...

Описание презентации по отдельным слайдам:

1 слайд ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Ақмола облысы,Сан
Описание слайда:

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Ақмола облысы,Сандықтау ауданы, Шаңтөбе кенті В.Комаров атындағы орта мектебі « Қазақ халқының ұлттық ойындары (асық ойындары) БАҒЫТЫ : ЭТНОМӘДЕНИЕТТАНУ

2 слайд  Орындаған: Мусин Аждар Жетекшісі: Абильдина Ш.Қ.  
Описание слайда:

Орындаған: Мусин Аждар Жетекшісі: Абильдина Ш.Қ.  

3 слайд Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Шаңтөбе кенті В.Комаро
Описание слайда:

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Шаңтөбе кенті В.Комаров атындағы орта мектеп Шаңтөбе кенті В.Комаров атындағы орта мектебінің 4 «А» сынып оқушысы Мусин Аждардың « Қазақ халқының ұлттық ойындары, ( асық ойындары)» атты ғылыми жобасы Пікір Жоба келесі бөлімдерден тұрады : а) Кіріспе ә) Зерттеу бөлімі б) Қорытынды Зерттеу тақырыбы: Қазақтың ұлттық ойындарының оқушылардың тәрбиесіне әсері. Зерттеу мақсаты: Ұлттық ойындар тарихымен оқушыларды таныстыру, зерттеу арқылы салт—дәстүрін дәріптеуге баулып, белсенділікке, тапқырлыққа, көрегендікке және күштілікке тәрбиелеу. Ол ойындар жасөспірімдер мен жастардың бос уақытын көңілді өткізуіне, денсаулықтарын шыңдай түсуіне септігін тигізумен қатар, олардың халқымыздың әдет-ғұрыптарын, салт-санасын біліп өсерлеріне, тілін дамытуға да жәрдемдеседі.Оқушыларды шапшаңдыққа, мергендікке, ептілікке, жылдамдыққа әдептілікке тәрбиелеу. Оқушылардың ой өрісін, таным қабілеттерін дамыту Зерттеу кезеңдері: 1 кезең – зерттеу жұмысының жоспары мен құрылымы, міндеттері, әдістемелері , ғылыми болжамы анықталды . 2 кезең – деректі материалдарды жинақтау . 3 кезең – қазіргі кездегі өмірде қолданудың маңыздылығын зерттеу. 4 кезең – жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижелерін қорытындылау. Зерттеу әдістері . Зерттеу барысында философиялық , тарихи әдебиеттерді талдау , ұлт ойындарының жас ұрпақ тәрбиелеудегі маңызына байланысты мәліметтерді жинақтау, интервью , әңгіме, сұхбат әдістерін қолдану. Зерттеу жұмысының нәтижесі мен қорытындысы: Азаматтық тәрбие негізінде қоршаған табиғатқа , Отанға , жерге деген адамгершілік , эстетикалық , жан –жақты дамыған , өзіндік ұлттық намысы мен көзқарасы бар тұлғаны тәрбиелеудегі мәні. Зерттеу нәтижелерін практикалық қолдану салалары: -- Ұлттық ойындар арқылы тұлға дамуының деңгейін анықтау. – Тәрбиелік бағдарламаларды жасау үшін ұстаздар, сынып жетекшісі, тарих, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері қолдануы мүмкін.

4 слайд Кіріспе бөлім Осы жоба қазақ халықтарының салт – дәстүрлерінің ішіне кіретін
Описание слайда:

Кіріспе бөлім Осы жоба қазақ халықтарының салт – дәстүрлерінің ішіне кіретін ұлттық ойындарының бала тәрбиесіндегі маңызы мен үлесі бағытында орындалған. Этнограф – ғалымдардың пайымдауынша, ата-бабаларымыздан бізге жеткен ұлттық ойындарымыздың тарихы Қазақстан жерінде б.з.б. бірінші мыңжылдықта-ақ қалыптасқан. Ахмет Жүнісовтың айтуынша (Фәниден бақиға дейін, - Алматы: «Қайнар», 1994), «Өзге халықтар сияқты қазақтың да ертеден қалыптасқан, атадан – балаға мұра болып жалғасып келе жатқан ұлттық ойын-сауық түрлері бар. Зер салып байқап отырсақ, ол ойын-сауықтар қазақтың ұлттық ерекшелігіне, күнделікті тұрмыс-тіршілігіне тығыз байланысты туған екен және адамға жастайынан дене тәрбиесін беруге, оны батылдыққа, ептілікке, тапқырлыққа, күштілікке, төзімділікке т.б. әдемі адамгершілік қасиеттерге баулуға бағытталған екен». Ал енді, «Қазақстан. Ұлттық энциклопедия» кітабында қазақтың ұлттық ойындарының мән-маңызы туралы былай деп жазылған: «Қазақ ұлты негізінен ұрпақ қамын басты мақсат етіп қойып, балалардың нағыз азамат болып қалыптасуына аса зор мән берген. Қазақтың ұлттық ойындары Халқымыздың мәдени асыл мұрасы Қазақтың ұлттық ойындары бес түрге бөлінеді. Олар: аңға байланысты, малға байланысты, түрлі заттармен ойналатын, зеректікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін, соңғы кезде қалыптасқан ойындар. Олардың негізгілерінің өзі жүзден астам. Бұл ойындардың көбісінің ежелден қалыптасқан арнайы өлеңдері бар. Өлеңдер ойынның эстетикалық әсерін арттырып, балалардың өлең-жырға деген ыстық ықыласын оятып, көңілін көтереді, дүниетанымын арттырып, еңбекке баулиды, ширықтырып, шынықтырады.  

5 слайд Ұлттық ойындар «Аударыспақ». Ол – қазақ, қырғыз халықтарының арасында кең тар
Описание слайда:

Ұлттық ойындар «Аударыспақ». Ол – қазақ, қырғыз халықтарының арасында кең тараған ойын. Атқа мінген екі жігіт жекпе-жекке шығып, бірін-бірі аттан аударып тастауға тырысады. Аударыспаққа үлкен тойларда арнайы жүлде тағайындалады. Оған он сегіз жастан асқан қарулы жігіттердің қатысқаны жөн. Аударыспақ ойынының ережесі бойынша сайысқа қатысушылар салмақтарына қарай үш топқа бөлініп, күш сынасады. Ептілікті, күштілікті, тапқырлықты, батылдықты талап ететін спорттық ойын.  Күресе қазақ халқымен бірге жасасып келе жатқан, ұзақ тарихы бар ойын. Адамның жеке күш-қайраты сынға салынады.Бұл тұста ел жастарды «Күш – атасын танымас» деп қайрайды. Бұл күштілерді дарақылыққа итермелеу емес. Жігіттер сайыс майданына түскен кіммен болса да тайсалмай күресуге тиіс. Қарсыласқысы келгеннен аянбау керек. Курес қазақ арасында күні бүгінге дейін сақталып келеді. Халық оның тәлімдік маңызына ерекше көңіл бөліп, дәріптеген.

6 слайд Ұлттық ойындар Ат сайысы. Спорттық ойын. Оның түрлері: ат омырауластыру, ауда
Описание слайда:

Ұлттық ойындар Ат сайысы. Спорттық ойын. Оның түрлері: ат омырауластыру, аударыспақ, жорға жарыс, көкпар тарту, теңге алу, қыз қуу, қыз жарыс, сайысу т.б. Олар үлкен тойларда ұйымдастырылады. Сайысқа түсетін аттар алдын-ала жаратылады. Ат сайысындағы кейбір ұлттық ойындар Олимпиада ойындарының жоспарына енгізілген.  Аламан бәйге. Мұнда жүйрік, жарыс аттар 25-100 шақырымдық қашыққа шабады. Оның жолында айналып өтетін көл, сай-сала, бел-белестер тәрізді кедергілі жерлер болуға тиісті. Аламан бәйге үлкен тойда, үлкен аста, торқалы тойлар мен зор мерекелерде жарияланады.  Көкпар. Ұлттық ат ойыны. Этнографтардың айтуынша, әуелгі атауы «көк бөрі» сөзінен шыққан. Бұрындары мал баққан көшпелі халықтар көк бөріні соғып алғанда өлігін ат үстінде сүйрелеп, бір-бірінен ала қашып, мәз-мәйрам болған. Кейін ол ұлттық ойынға айналған. Көкпар Орта Азия халықтарының да сүйікті ойыны. Көкпар жаппай тартыс және дода тартыс болып екіге бөлінеді. 1949 жылы елімізде көкпар жарысының жаңа ережесі бекітілді. Алаң көлемі қатысушылар санына сәйкес. Егер әр команда 5 адамнан болса, алаңның аймағының ұзындығы 300 метр, ені 100 метр; 10 адамнан болса, 500х200 метр; 15 адамнан болса 700х300 метр; 20 адам болса, 1000х500 метр. Көкпарда басы кесілген серке тартылады. 

7 слайд Асық - қазақ халқының дәстүрлі ойыны. Бұл ойын негізінен күндіз де, түнде де
Описание слайда:

Асық - қазақ халқының дәстүрлі ойыны. Бұл ойын негізінен күндіз де, түнде де ойналады. Асықтың күндізгісі адамды – мергендікке, түнгісі – ептілікке үйретеді. Иіргенде түскен қалпына қарай асық – алшы, тәйке, бүк, шік деп аталады Асық ойындарының көптеген түрлері біздің заманымызға дейін де жетті. Қазіргі кезде кей мектептерде әр түрлі үйірмелермен қатар асық үйірмелері де бар. Алысқа бармай-ақ қояйық, біз де сыныпта, үзіліс кезінде асық ойнап, бой жазамыз. «Асық ойынын ауыл баласының еншісінде қалдырмай, ұлттық спорт түріне көтерсек» - деген Қазақпараттағы мақаласында Айбын Бақытұлы былай дейді: «Асық – қазақ балаларының ежелден келе жатқан ұлттық ойындарының бірі. Ауылдан шыққан қай-қайсымыздың да бала күнімізде құмартып асық ойнамағанымыз кемде-кем. Өкінішке орай, бұл күнде асық ойнайтын бала азайып, қалалы жердегі балалар мұндай ұлттық ойын бар екенін де ұмытып барады». Асық ойындары қазақ халқының өмірінде ерекше орын алғандығына мынандай мысалдар бұлтартпас дәлел болады деп ойлаймын: Бірінші мысал. Халқымызда «асығың алшысынан түссін» деген жақсы тілек бар. Асық ойынында кімнің сақасы алшысынан түссе, сол бірінші атады немесе басымдыққа ие болады.

8 слайд Асық ойыны негізінен ер балаларға тән. Асық ойнау үшін керекті құралдың ең н
Описание слайда:

Асық ойыны негізінен ер балаларға тән. Асық ойнау үшін керекті құралдың ең негізгісі – сақа. Әдетте оны үлкен оңқай  асықтан шіге жағынан қорғасын құйып ауырлатып, тәйке жақ табанын, шіге жақ бетін тегістеп, оң қолға ұстап асық атуға ыңғайлап жасайды. Асық ойынын жазды күні тақыр жерде ойнайды. Бір-біріне қарсы екі бала не бірнеше бала екі топқа бөлініп ойнаулары мүмкін. Ойынның негізгі шарты бір-бірінен асық ұту. Асық ойынының үштабан және алтыатар деп аталатын өте кең тараған түрлері болған Үштабан ойнау үшін тақыр жерге көлденең сызық сызылады да, оған әр ойыншы бір бірден арасын сиректеу етіп кеней тігеді.Содан соң ойнаушы балалардың барлығының сақаларын біреуі  жиып иіреді. Қімнің сақасы шықса сол бірінші болып сақасын көннен алысырақ жерге иіреді. Сақасымен тігулі кенейді атып, үштабаннан артықтау жерге жіберуі керек үш табаннан кем, я болмаса сақасы кенейге тимей кетсе, ойынды сақасы шыққан келесі ойыншы бастайды. Ойын көндегі кенейді ұтып біткенше созылады. Алтыатар ойыны бұдан басқаша. Көндегі кенейледің бір шетіне түпте қалған  ( сақасы шықпаған) баланың сақасы тігіледі. Кенейдің арасында саңлау болмай тіркестіріле қойылады. Көннің екі жағына 1м жерден су (сызық) ал 5-6 м жерден қарақшы белгілейді. Кімде кім түптегі сақаны жұлып кетсе (судан шығарса) бүкіл кенейді сол алады. Ал сақаға тимей кенейді ұшырса, оның судан шыққаны ғана соныкі болып табылады. Ату саны-6 рет. Алғаш сақасы шыққан бала, қалғандары одан кейінгі кезекте атады. Алты рет атыстан қалған кенейдің бәрі түпте қалған баланікі болып есептеледі.    

9 слайд "Асық ойнаған азар, доп ойнаған тозар" деп мақалдап та жүрдік. Тәуелсіздік ал
Описание слайда:

"Асық ойнаған азар, доп ойнаған тозар" деп мақалдап та жүрдік. Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстанның жетістіктерін шет ел мойындай бастаған уақытта, ұлттық құндылықтарымызды жаңарту кезеңі келді. Кейбір жерлерде осы ойынды қазақшалап "Табан" деп те атайды. Шеңберге тігіп ойнайтын қаланың кеңес дәуіріндегі шығарған асық ойындары. Сақа арқардың асығы болуы шарт. Ертеде бай қуаттының балалары ұстайтын, "Қоңқар" немесе "Құлжа" арқардың еркегінің асығы. Салмақты қолға қолайлы және ойнағанда мерейің жоғары болып жүреді. Тиген асықтар быт-шыт болып жан-жаққа бытырай ұшады. Мықты ойнайтын кедей кепшіктің балалары "қой асығы демеңіз, қолға жақса сақа тұт, жасы кіші демеңіз ақылы асса аға тұт" - деп қулана мақалдап та қоятын. Қазағымның кең пейіліндей Сарыарқа даласында көсіле жазықта ойналған. Кемі екі баладан бастап қанша бала ойнаса да болады. Үлкен мен кіші бір-біріне қамқор болып келісіп ойнаса да, құрдас пен құрдас бір-біріне бәсекелесіп ойнаса да, үлкен мен кіші бір біріңді сынай ойнаса да әбден болады. Жүгіресің, секіресің, көздейсің, тигізесің, ерегесесің, жеңесің, жеңілесің, ұтасың, ұтылысың, асыққа бай боласың, жоқ боласың. Таза бәсеке, таза тәрбие. Өтірігі, арамдығы, жалғандығы жоқ. Болмайды да. Ұлттық тәрбие. Ұлттық ойын. Спорт ойыны, спорттық бәсеке. Шеберлікке, мергендікке, батылдыққа, шешімдікке, ырымға ырысқа-тәрбиелейді  

10 слайд Бір қарағанда, мұнда тұрған ештеңе жоқ сияқты. Асық дегенді иісі қазақ балас
Описание слайда:

Бір қарағанда, мұнда тұрған ештеңе жоқ сияқты. Асық дегенді иісі қазақ баласы түгел білетіндей. Бірақ, күн санап, сағат санап көшпелі өмір салтынан алыстап бара жатқан, заман ыңғайымен мал шаруашылығына қатысты ұғым-түсініктерден алыстай түсіп, неше ғасырлық тіл байлығынан, бабалар мұрасынан – әдет-ғұрып, салт-дәстүр жиынтығынан жерініп келе жатқан мына кезеңде асық деген де құр нәрсе тәрізді көрінеді-ау! Оның балаларға да, үлкендерге де берері мол, ойын ләззаты ерекше, жіті қимыл, әбжіл әрекет, әдемі әдіс екені енді бір аз уақытта мүлдем ұмытылып та кететіндей көрінген соң, еріксіз осы тақырыпқа тереңдей үңілгенді жөн көрдік».

11 слайд Ендеше , асық ойындарының өскелең ұрпақтың дене тәрбиесіне , ой - өрісінің д
Описание слайда:

Ендеше , асық ойындарының өскелең ұрпақтың дене тәрбиесіне , ой - өрісінің дамуына тигізетін әсері мол екеніне зерттеу барысында көзіміз жетті. Қазіргі кезде, әсіресе, оқушылардың күнделікті өмірде дене қозғалысының азайуына байланысты, ұлттық ойындармен айналысу өте пайдалы және болашақта кең қолданыс табады деген ойдамыз.  

12 слайд Асық ойнаған ,озар «Бес асық» ойыны «Алтыатар» ойны
Описание слайда:

Асық ойнаған ,озар «Бес асық» ойыны «Алтыатар» ойны

13 слайд Қолданылған әдебиет пен ақпарат құралдары: 1. «Қазақстан. Ұлттық энциклопеди
Описание слайда:

Қолданылған әдебиет пен ақпарат құралдары: 1. «Қазақстан. Ұлттық энциклопедиясы» 2. «Фәниден бақиға дейін» А.Жүнісов. Алматы «Қайнар» баспасы 1994 ж. 3. «Қазақ мақал - мәтелдері». Алматы «Ана тілі» баспасы 1993 ж 4. «Қазақ халқының салт - дәстүрлері» Қазақстан Республикасы Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігінің «Рауан» баспасы, 1994 ж. 5. «Тілашар тойы». Алматы «Өнер» баспасы , 1992 ж. 6. «Интернет» . «Қазақтың ұлттық ойындары» - сайты.

Общая информация

Номер материала: ДВ-035167

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Роль педагога в реализации концепции патриотического воспитания школьников в образовательном процессе в свете ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности педагога-воспитателя группы продленного дня»
Курс повышения квалификации «Использование мини-проектов в школьном: начальном, основном и среднем общем и среднем профессиональном естественнонаучном образовании в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Сетевые и дистанционные (электронные) формы обучения в условиях реализации ФГОС по ТОП-50»
Курс «Сопровождение детского отдыха. Школа вожатых»
Курс повышения квалификации «Сопровождение детского отдыха: от вожатого до руководителя детского лагеря»
Курс повышения квалификации «Средства педагогического оценивания и мониторинга в работе учителя в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Система образовательной организации в начальном общем образовании в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО»
Курс повышения квалификации «Формирование мотивации учебной деятельности младших школьников с ограниченными возможностями здоровья»
Курс повышения квалификации «Мотивационное сопровождение учебного процесса младших школьников «группы риска» в общеобразовательном учреждении»
Курс повышения квалификации «Применение современных педагогических технологий в образовательном процессе в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Организация рабочего времени учителя начальных классов с учетом требований ФГОС НОО»
Курс повышения квалификации «Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ) в соответствии с ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Инклюзивное образование в начальной школе»

Благодарность за вклад в развитие крупнейшей онлайн-библиотеки методических разработок для учителей

Опубликуйте минимум 3 материала, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную благодарность

Сертификат о создании сайта

Добавьте минимум пять материалов, чтобы получить сертификат о создании сайта

Грамота за использование ИКТ в работе педагога

Опубликуйте минимум 10 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Свидетельство о представлении обобщённого педагогического опыта на Всероссийском уровне

Опубликуйте минимум 15 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данное cвидетельство

Грамота за высокий профессионализм, проявленный в процессе создания и развития собственного учительского сайта в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 20 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Грамота за активное участие в работе над повышением качества образования совместно с проектом "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 25 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Почётная грамота за научно-просветительскую и образовательную деятельность в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 40 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную почётную грамоту

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.