Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Презентации / Презентация мен ғылыми-зерттеу жұмыстары
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Презентация мен ғылыми-зерттеу жұмыстары

библиотека
материалов

hello_html_m4cdfd742.gifhello_html_55d822f0.gifhello_html_m57d31b27.gifhello_html_m4cdfd742.gifhello_html_m4cdfd742.gifhello_html_m4cdfd742.gifhello_html_1117d6c5.gif«Қостанай қаласы әкімдігінң білім бөлімінің

Чапаев негізгі мектебі» ММ












Ғылыми зертттеу жұмысы


Тақырып: «Қазақтың зергерлік бұйымдары»




Орындаған: 4 сынып оқушысы Қуанышова Гүлназ

Жоба жетекшісі: Рахилина А.Ж.






















қ. Қостанай

2014-2015 оқу жылы




Бұл ғылыми жұмысын 4 сыныптың оқушысы Қуанышова Гүлназ зерттеген. Зерттеу барсында осы жоба бастауыш сынып оқушыларын өз Отанының тарихын, мәдениетін, оның ішінде ерекше көзге түсетін қазақтың ұлттық зергерлік бұйымдарын бағалауға, олардың жасалу жолдарын танып, қазіргі заманда қолданылуы мен ерекшеліктерін тани білуге үйрету мәселері қарастырады.


Мақсатым:

  • Қазақ ұлттық зергерлік бұйымдардың мән - мағынасын білу.


Міндетім:


- Қазақ ұлттық зергерлік бұйымдардың тәрбиелік мәнін түсіну.

  • Қазақ ұлттық зергерлік бұйымдар туралы жалпы мағлұматтар жинау.

  • Қазақ ұлттық зергерлік бұйымдардың тарихын зерттеп білу.


Болжам

  • Зергерлік бұйымдар мәдени өмірімізде ерекше орын алады ма?


Зерттеу әдістері:

  • Мағлұматтар жинау

  • Сауалнама жүргізу

  • Мұражайға экскурсия

  • Энциклопедиямен жұмыс

















Мазмұны



  1. Кіріспе 4


  1. Зергерлік бұйымдар дегеніміз не? 5



  1. Қазақ зергерлік бұйымдар тарихынан 6


  1. Қазақтың ұлттық зергерлік бұйымдарының 7



түрлері.


  1. Қорытынды 11


  1. Қолданылған әдебиеттер





























1.Кіріспе


Қолөнер – ғасырлар бойы дамып, қалыптасып келе жатқан қастерлі

өнер, атадан балаға мұра ретінде бізге жеткен дәстүрлі де халық шығармашылығының сарқылмас қайнар көзі. Қандай халықтың қолөнері болса да оның тарихымен, қоғамдық құрылысы, әдет — ғұрпы, жөн- жоралғысы, салт — санасымен астасып қатар өркендейді. Қолөнер адам баласының көркемдікке, нәзіктікке , сұлулыққа деген ұмтылысын, сол бағытта табиғатты өзінше таңбалап бедерлеуін, сұлулықты іздеуге деген құштарлығын танытады. Сан қилы кезеңдерден өтсе де, көркемдік бейнелердің өзіндік ерекшеліктерін бұлжытпай сақтай отырып, ұрпақтан ұрпаққа мирас ретінде жалғасын тауып келе жатқан қолөнеріміздің ішіндегі киелі әрі күрделілерінің бірі – зергерлік өнер. Қазақ халқының ерте заманнан бастау алған зергерлік өнері халық өмірімен, тарихымен, шаруашылығымен тығыз байланыста дамып келеді. Адам баласы ежелден әшекей бұйымдарды киімнің ажырамас бөлігі ретінде санаған. Кез келген қыз-келіншектің зергерлік бұйымдары, асыл тастары, оларға бейнеленген ою-өрнектері олардың әсем келбетіне әдемі үн қосып, сымбатын одан әрі ажарландырып, тартымдылығын арттыра түседі.  Қазақтың зергерлік өнері ежелгі дәстүрлердің сабақтастығы мен көрші халықтар мәдениетінің өзара ықпалы арқылы қалыптасқан.
























4

2.Зергерлік бұйымдар дегеніміз не?


 
«Зергер» парсы тілінен ауысқан «Зәргәр» сөзі. Парсы тілінде алтыннан, күмістен суырып, созған жіңішке сымды «зәр» дейді. 
Халық арасында зергерлер өте жоғары құрметке ие болып, елдің сүйікті адамына айналған. Қазақ зергерлері көбіне жеке – дара жұмыс істеп, өз өнерінің қыр – сырын ұрпақтан – ұрпаққа үйретіп отырған. Зергерлердің басты жұмысы – қоғамның барлық әлеуметтік топтарының сұранысына ие болған - әйелдердің әшекей бұйымдарын жасау. Ол тек эстетикалық сұраныстан ғана емес, сондай – ақ діни – идеологиялық, әдет – ғұрыптық, салт – дәстүрлік қажеттіліктен де туындап жатты.
 
Негізгі материал ретінде тіл – көзден, пәле – жаладан сақтайтын тылсым күші, қасиеті бар деп танылған алтын, көбінесе күміс пайдаланылды.
 
Таза күміс ірімей жақсы соғылады және сымға салып жіңішкерте отырып созуға да ыңғайлы. Таза күміс жай қарағанда да көрікті. Сондықтан қазақ зергерлері ең таза күміс деп жамбы күмістерді ұстайды. Жамбы деп қорытылып құйылған кесек күмістерді атайды. Жамбының үлкендігі мен формасына қарай, қазақ арасында белгілі алты түрлі атауы бар. Оларды үлкенінен бастап айтқанда: «бесік жамбы», «ат бас жамбы», «қой бас жамбы», «тай тұяқ жамбы», «қой түяқ жамбы», «асық жамбы» деп атайды. Бұрынғы кезде күмісті базарларда сатып алатын. Олардың пішінін жанурлардың тұяқтарындай болатын аттың тұяғындай, сиырдың тұяғындай, ең кішкентайы қойдың тұяғындай.





















5

3.Қазақ зергерлік бұйымдар тарихынан


Қазақтың халықтық зергерлік өнері ұлттық мәдениет тарихынан ерекше орын алады. Өнердің бұл түрінің түп төркіні мыңдаған жыл әріде жатыр. Археология мен топонимиканың деректеріне қарағанда, Қазақстан территориясында мыс, қалайы, алтын, тағы басқа асыл және түсті металдарға бай кен орындарын игеру ісінің ежелгі замандарда – ақ қолға алынғандығын айғақтайды.  Қазақ халқындағы зергерлік бұйымдарының бастау кезін алғашқы тайпалық бірлестіктер дәуірлерінен іздеген жөн. Неолит немесе мыс (б.д.д 3-2 мың жылдықтар), қола ( б.з.б. 2 ші мың жылдық – VIII ғғ) замандары мен алғашқы темір кезеңіне (б.д.д. VII-IV ғғ) байланысты қазбалардан шеберлердің зергерлік өнермен айналысқанын айғақтайтын жекелеген заттар мен заттардың фрагменттері табылған. Сондай — ақ, Биғазы, Дәндібай, Отырар төбе, Маңғыстау, Бесшатыр, Шілікті және басқа да обалар мен қорғандарды қазу барысында табылған зергерлік бұйымдары қазақ халқында бұл өнердің ертеден — ақ қанат жайып, өркендегенін дәлелдейді. Бұл адамның өмір сүрген кезінен бері қарай 2000 жыл өтті деп есептеген күннің өзінде зергерлік өнердің қандай деңгейде дамығанын айқын аңғаруға болады. Біздің заманымызға дейінгі бірінші мыңжылдықта Солтүстік Қытайдан Алтай және Жетісу өңіріне дейінгі аумақты Хунну (Ғұн) ірі тайпалар одағы мекендеген. Олардың бай тарихи мұрасы алтын және күміс әшекейлерінде бейнеленген. Көптеген археологиялық қазбалар мен этнографиялық зерттеулер Қазақстан жерінде ерекше шеберлікпен жасалған бұйымдарды бізге жеткізді. Қарғалы қазынасынан табылған әйелдің бас киімі, түйенің мүсіні салынған алтын жүзік, алтын сырға, Ақтас – 1 қорымынан б.з. 2-5 ғ. Жарқырауық тас орнатылған сырғалар табылған. Бұл бұйымдарды әшекейлеуде де қазіргі заманда қолданылып жүрген барлық техникалық тәсілдер қолданылған. Ежелгі сақ, ғұн, үйсін зергерлерінің қолымен жасалынған жүзіктерде, білезіктерде, алқаларда шолпыларда «мүйіз» оюының түрлері, арқардың басы кездескен. Зергерлік бұйымдардың көздеріне шеберлер ақық (агат), теңбіл тас (сланец), перуза (бирюза), маржан (коралл), лағыл (рубин), янтарь сияқты асыл тастарды пайдаланған. Әр зергердің өз қолтаңбасы болған «шебердің қолын» соған қарап таныған. Дәстүрлі қазақ тұрмысында тастарға деген оң көзқарас бүгінге дейін сақталып отыр. Інжу көзге түсетін катарактыны, янтарь зоб ауруын емдейді десе, маржан көз бен тіл тиюден сақтайды, қарғыстан қорғайды, перуза бақыт әкеледі дейді. Зейнет пен қуаныш тасы деп танылған ақық тас қай кезде де үлкен сұранысқа ие.






6

4.Қазақтың ұлттық зергерлік бұйымдарының түрлері.

Зергерлік бұйымдарды саралау бағытында, әйелдерге қатысты зергерлік бұйымдарды шартты түрде:

1. Бас киімге тағылатын зергерлік әшекейлер;

2. Шашқа тағылатын зергерлік әшекейлер;

3. Сырт киімге тағылатын зергерлік әшекейлер;

4. Бойға тағылатын зергерлік әшекейлер;

5. Қолға тағылатын зергерлік әшекейлер, – деп беске бөлген.

Негізгі материал ретінде тіл-көзден, пәле-жаладан сақтайтын тылсым күші, қасиеті бар деп танылған алтын, көбінесе күмісті пайдаланған. Бірақ алтынның қасиеті басқа металдарға қарағанда ерекше деп есептелген. Сәндік бұйымдардың көбіне металдан жасалуы да осыған байланысты болған. 
Анасын, әйелін, қызын ардақтаған қазақ халқы олардың ішкі жан дүниесінің мөлдірлігімен қатар сыртқы келбеті мен тұлғасының да сұлу болғанын қалаған. 
Сақина – жүзіктер
. Сақина, жүзіктерді сиқырлы күші бар заттар деп қарастыру Шығыста кеңінен таралған түсінік.  Сақина мен балдақ саусаққа салынады. Бұлар да негізі әйел жиһаздары болып саналғанмен, оларды ерлер де салады. Бірақ әйелдер барлық саусақтарына екі-үштен қосарлап сала береді де, ерлер бір ғана саусағына және біреуін-ақ салады. Сақина – жүзіктердің үш – төртеуі әдетте сәндік үшін киілген. Ал үлкен айтулы жүзіктерді мереке – тойларда егде әйелдер тағып шыққан. . Кез келген әйел ас тазалығы үшін күміс сақина не жүзік салып жүруге тиіс болды. Бұл ретте қазақтың: «Тамақ адал болуы үшін қолда жүзік болуы керек» - деген қағидасы бар. Қазақ халқы нәрестені шомылдырғанда суға күміс теңге тастап: «Баланың күні күмістей жарық болсын» деп жоралғы жасаған екен. Сақина мен жүзіктің киелігі мен қасиеттілігіне сену ғұрпы Шығысқа кең тараған түсінік.

Құдағи жүзіктер. Батыс Қазақстандық «құдағи жүзіктер» екі бастаудың, екі шаңырақтың ілік жекжат болуын бейнелейді. Бұл жүзікті келінге деген жылы қабағы, қамқорлығы үшін қыз шешесі құдағиына салады.
Сырғалар. Қыз-келіншектердің аса сүйіп тағатын әсемдік бұйымдарының бірі – сырға. Қазақ зергерлері жасайтын ай сырға, тас көзді сырға, күмбез сырға, салпыншақ сырға, сабақты сырға,шашақты сырға деп әр өңірде алуантүрлі аталатын сырғалардың түрлері өте көп. Әшекейлердің тіл – көзден сақтау қасиеті бар деген түсінік ертеден қалыптасқан. Солардың көнеден келе жатқандарының бірі – сырға. Ол әйел затының бала кезден


7


бастап өмірден өткенше тағып жүретін әшекейі. Сырғалардың көптеген түрлері бар. Ширатпа сырғалар шебер әшекейленгендігімен әрі нәзіктігімен ерекшеленеді. Ол жеңіл келген, қиюы жарасқан ширатпа сырғалар қоңырау қалыпты салпыншақтарымен жақсы үйлеседі. Халықтың көне діни сенімімен астарланып жатқан ай сырғалар бұрын да, бүгін де кеңінен таралған. Пішіміне орай бұл сырғалар космологиялық – ғарыштық нақыштармен әшекейленген. Ұзын шынжырлы ілдіргілерге бекітілген дөңгелек бітімді

сырғалар да өте сәнді көрінеді. Салмақты және көлемді бұйымдарды Батыс Қазақстандық шеберлер құйып жасамаған, оларды қапталған күмістен соққан. Оның бетіне қалыпты өрнектер мен бедерлерді зерлеу жеңіл болған.

Білезік. Білезік әдетте бір қолға кейде екі қолға да тағылады. Білезіктер жәй және топсалы болып бөлінеді. Сондай – ақ саусақтарға тағылған жүзіктердің білезікпен қоса жасалуы «бес білезік» деп аталады. Білезіктің ашпалы – жаппалы түрін қақпақ білезік дейді. Иіліп істелетін жұмыр білезіктердің екі қоспасын кигенде жыланның бас пішініне келтіріп, ортаңғы бөлігін жуандау етіп жасайды. Формасы ХХ ғасырда қалыптасқан сағат білезік түр ерекшелігімен қызықтырады. Қыздардың тағуы үшін нәзік те сымбатты өрнектеліп жасалатын жұқа селдір білезіктердің іс –мәнері де арнайы атап өтуге тұрарлық. 

Қапсырма. Қапсырма, қаптырма, ілгектер ілмек пен сақина тәріздес дөңгелекшелерден құралған екі бөлшектен тұрады. Зергерлер қапсырмалардың гүл, жапырақ, таңба пішінде түрлерін соққан. Қаптырма камзолдардың түймелігі қызметін атқарады. Қапсырма киімнің екі өңірін біріне – бірін қаусырып тұру үшін белдің тұсына ғана, кейде жалпы сәндік үшін өңірдің ұзына бойына бірнеше жерден де тағыла береді. 
Шекелік. Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде өзіндік пішімін сақтап қалған самайлық әшекейлер – шекелік көп тараған. Бұйымның композициясына назар аударсақ. Оның барлық құрамдас бөліктері – қалыпқа құйылған күн бедерлі белгілері мен қиықша тәріздес пішіндері әсемдік сымдармен жалғанып келіп, шілтерлі қондырғы құрайды да, ұзынша түзу өзекке бекітіледі. 

Тұмарша. Бұл – ырымдық зат. Оған кез-келген бұйым (ұлутас, сүйек, т. б. ) немесе арнайы жасалған қымбат заттар да алынған, оларға жазу жазылып, бедер суреттер түсірілген. Бойтұмарды алқаға, кішкене қорапшаға, әмиянға салатын болған. Болмаса былғарыдан, шүберектен жасаған қалташаға тігеді. Үлкендігі мен пішіні әртүрлі болады. Ол көз тиюден, пәле-жаладан, апаттан қорғайды деп сенген. Әсемдік бұйымдар ішінде мойынға тағатын әшекейлер де өзінше қызықты. Олар – эстетикалық қызметпен бірге тіл – көзден қорғаушы қызметін қатар атқаратын: түмарша, бой тұмарлар. Тұмарда тылсым күш, қасиет бар деп саналған. Құран үзінділері, теңіз, өзен бақалшақтары, үкі қауырсыны, қой, түйе жүндері тұмардың ішіне салынатын болған.


8


Өңіржиек. Омырау әшекейінің тағы бір түрі - өңіржиек те арнайы назар аударуды қажет етеді. Өңіржиек бала емізетін әйелдің міндетті әшекейі болып саналған себебі, ол әйел омырауын тіл – көзден сақтайды деп есептеген. Батыс Қазақстанның ұзатылатын қыздарына арналған әшекей бұйымдарының жиынтығы өзінің ерекше салтанаттылығы және салиқалылығымен ерекшеленеді. Кеудеге тағатын әшекейлердің басты құрамдас бөлігі - өңіржиек. Өзара бір – біріне шашбау секілді етіп үзбелеп

бекітілген әлденеше үлкенді – кішілі өрнекті шытыралармен безендірілетін бұл бұйым кейде сансыз салпыншақтармен күрделене түседі. Күміс шытыралар оюлармен, бүршіктермен зерленіп, асыл тастар қондырылады. Аса көп еңбек пен шеберлікті талап ететін бүршікті зерлеу тәсілі ХІХ ғасырдың соңында кең тараған қалыптау әдісімен жиі ауыстырылады. Басқа өңір әшекейлері алқа, түйреуіштер, салпыншақтар, бойтұмарлары, Батыс Қазақстан әшекейлерінің кешеніндегі басқа бұйымдар сияқты осы тәсілдермен жасалады, ал даралық мәнер сирек кездеседі.

Шолпы, шашбау. Халық арасында «Адам жанының бір ұшы шашының арасын мекендейді» деген наным сақталған. Сондықтан да шолпының ұшына бәле – жаланы маңайлатпайды деп қоңыраулы сылдырмақ тағатын болған. Шолпы, шашбаулар бір жағынан әшекей болып саналса, екіншіден, қыз шашының ұзындығы мен қалыңдығын көрсетіп тұрады. Шашбау асыл тастар мен күміс теңгелерден, ортасына ақық орнатылған шілтерлі майда таналардан құралып, қыз бұрымының ұшына тағылады. Бұрымға тағылған шолпы сыңғыры қара ниетті күштерден қорғауды көздеген. Шолпының тәрбиелік мәні де зор. Жас қыздарға аналары: «Секеңдеп қатты жүруге болмайды. Шолпыңның сылдырлаған дауысы қатты естілсе, сені әдепсіз қыз екен деп айтады» деген сияқты тәлім –тәрбие беріп отырған.

Кейде бұрымға тағылған шолпы мен шашбаулардың салмағы үш келіге дейін жеткен, сөйтіп ол қыздардың жүрісі мен бойын тік ұстау мәнерін қалыптастырған. Қазақ салтында шолпыны қыздар мен жас келіншектер тағады, ал егде тартқан әйелдерге ерсі болса керек.

Мектеп ішінде 30 қыз балалардан сауалнама алдым. Соның талдауы бойынша әшекейлік бұйымдары қыздардың баршасына ұнайды, барлығы да әшекелер тағады. Оның ішінде сақина киетіндер: 8%, алқа мен сырға тағатындар- 48% -дан, кейбіреулері сырға да алқа да тағады. Ал қандай металдан жасалған әшекейлер тағады десек, онда алтыннан 56%, күмістен 36% және бижутерия 8% қыздарда.

Сауалнама

  1. Әшекейлік бұйымдар ұнай ма?

1) иә

2) жоқ

3) білмеймін




9


2. Әшекейлік бұйымдар тағасың ба?

1) иә

2) жоқ

3) кей кезде

3. Қандай әшекейлер ұнайды?

1) сақиналар

2)сырғалар

3)алқалар



4. Туғандарың әшекейлер таға ма (анаң, апа-сіңлің)?

1) иә

2) жоқ

3) білмеймін

5.Әшекейлерің қандай металдан жасалған?

1) алтын

2) күміс

3)бижутерия









10



Қостанай қаласы өлкетану мұражайында қазақтың ұлттық зергерлік бұымдарының көрмесі бар. Онда жоғарыда айтылған зергерлік бұйымдарының барлығы көрсетілген. Әшекейіне қарай әйелдің жасын, әлеуметтік тобын, қай аймақтан екендігін ажыратуға болады. Мысалы, ауқатты отбасынан шыққан әйелдің әшекейлерінде бағалы тастардан көз салынған алтын әшекейлер көп кездеседі. Олар күрделі көркемдік шешімдерімен, техникалық жағынан мінсіз орындалуымен ерекшеленеді. Бай, ауқатты жерден шыққан әйелдер зергерге бірыңғай нақышта жасалған әшекей бұйымдарының толық жинағына тапсырыс бере алады. Бардам жердің қыздары салмағы үш келі шамасы күміс әшекейлер тағынған. Әйелдердің жасы үлкейген сайын үстіндегі әшекейлер саны азаяды.


5.Қорытынды

Қорыта айтқанда, барлығы да зергерлік бұйымдардың халық шеберлері – зергерлердің эстетикалық және шеберлік дағдыларын танытады. Қазақтың басынан қаншама қилы кезеңдер өтсе де, зергерлер мен олардың шебер қолдарының табы болған атадан балаға мирас болып қалған киелі өнер өз орнын табуда және таба бермек. Бүгінгі таңда қазақтың дәстүрлі өнерін, оның мәдениеттанулық негізін көрсете білуіміз қажет. Бар әдемі құндылықтарды сырттан іздемей, оны өзіміздің асыл мұралардан іздеу, оны жандандыру, қалпына келтіру, мәдениеттанулық деңгейге көтеру, оған дәнекер болу, қазақтың әрбір зергерлік мұрасын, ұлттық мәдениеттанулық деңгейге көтеру – бүгінгі күнгі өзекті мәселелердің бірі. Қазіргі таңда жаһандану заманында қазақтың зергерлік бұйымдарын жан-жақты әсіресе мәдениеттану тұрғысынан зерттеудің, оның мәнін ашудың ғылым


11

үшін де, өмірлік тәжірибе үшін де маңызы өте зор. Қазақстанның мәдени мұрасын зерттеу кезеңінің маңызды оқиғасы – 2003 ж. еліміздің Президентінің халыққа жолдауы еді. Мәдени мұра бойынша ҚР – ның Ұлттық Кеңесінің 3-ші отырысында Н. Ә. Назарбаев былай деді: «Бүгінде мемлекет мәдениетті дамыту мәселелерінің бұдан бұрынғы «қалдықтық» тәжірибесінен біржолата қол үзбеуге мүмкіндік алды. Және де бұл мүмкіндігімізді барынша іске асыруымыз қажет».


 


































12

Подарки Женщинам на 8 марта, ЧТО подарить на 8 марта?,



http://kaz.alemproject.kz/templates/Default/images/gallery/07.jpg


13


http://images.satu.kz/1233771_w200_h200_07112011399.jpg




http://art-kaz.kz/published/publicdata/DB1063001AK/attachments/SC/products_pictures/sergi_s_3_podveskami_10229_srednjaja.jpg

14


http://museum-pavlodar.ucoz.kz/_ph/7/2/329137657.jpg


http://www.vkoem.kz/catalogs_vkoem/kazahskie_juvelirnye_ukrashenija/images_foto/46.jpg


15





http://go2.imgsmail.ru/imgpreview?key=6322fea3c01a8898&mb=imgdb_preview_39














16


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1. Қазақтың зергерлік әшекейлері. Алматы «Өнер», 1985ж.

2. Арғынбаев Х. Қазақ халқының қолөнері. Алматы: Өнер, 1987.

3. Ә.Тәжімұратов. Шебердің қолы ортақ. Алматы, Қазақстан, 1977.

4.Шойбеков Р.Н. Қазақ зергерлік өнерінің сөздігі. – Алматы, Ғылым, 1991.

5.Қасиманов С., «Қазақ халқының қол өнері» Алматы, Қазақстан 1995ж,




Автор
Дата добавления 15.10.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Презентации
Просмотров1226
Номер материала ДВ-065368
Получить свидетельство о публикации

Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх