Инфоурок Начальные классы ПрезентацииПрезентация "Менің анам" әңгімесі

Презентация "Менің анам" әңгімесі

Скачать материал

              Менің анам- мұғалім.Кішкене кезімнен-ақ маған ертегілер айтып беретін.  Қолы бос уақытында ертегілер оқып,кейіпкерлердің атын сұрайтын. Көбіне ұмытып қалатынмын.   Теледидардан көргенде есіме түсіп айтып беретін едім.     Мектепке келгеннен кейін өзім буындап оқып, түсініп алатын болдым.   Кейде теледидардан  көрем.  Ертегілерді оқыған сайын оның түрлерін ажырата алатын болдым. Кейіпкерлерді, олардың іс-әрекеттерін, түр-түсін, сөйлейтін сөздерін бір-бірінен ажырата алатын едім.Өйткені сол ертегілермен бірге өзім де өстім.Ойым да өсті.   

            Ертегі дегеніміз-ойдан, қиялдан шығарылған   оқиғалар.  Ол халық ауыз әдебиетіінің түріне жатады.  Өйткені олар ауызша айтылып, ұрпақтан-ұрпаққа ауызша тарап жеткізілген.  Әр кезеңдегі ертегі айтушыларға байланысты  ертегілердің мазмұны да өзгеріп отырған.  Сөйтіп жаңа оқиғалармен толықтырылып біздің заманымызға жеткен.  

            Халық баяғыдан-ақ жақсы өмір  сүруді аңсаған.  Алыстарға тез жетуді,аспанға ұшуды армандап, ұшатын кілемдерді ойлап тапқан.    Сиқыршыларға сенген. Ғажайып күштер арқылы армандары жүзеге асады деп ойлаған.  

            Ертегілер көбінесе қара сөзбен айтылған.   Әрқашанда ертегілерді мынадай ұйқас сөздермен бастайды. « Ерте-ерте,ертеде,ешкі құйрығы келтеде», «Баяғы өткен заманда бір кемпір мен шал болыпты» - деген сөздермен басталып, «Сөйтіп мұратына жетіпті» - деп жақсылықпен аяқталады. 

              Ертегілер мағынасына қарап: хайуанаттар туралы ертегілер,қиял-ғажайып ертегілер,шыншыл ертегілер болып бөлінеді. Аң,құс,үй жануарлары-хайуанаттар жайлы ертегінің негізгі кейіпкерлері болып саналады. Бұл кейіпкерлер арқылы адамда кездесетін  ұнамды және ұнамсыз  қасиеттерді байқатады. Ал  батыр адамдардың басынан кешкен әр түрлі оқиғалары қиял-ғажайып  ертегілерде айтылады.Олар қиналғанда  өзінің әр түрлі достары ақылдылығымен алып шығады. Мысалы: Таусоғар,Желаяқ,Көлтауысар,,Саққұлақ ділдә тас,сиқырлы  ағаш. Шыншыл ертегілер өмірдегі шындыққа жанасады,тура өмірден алынғандай болады екен...

            Шынымды айтсам, ертегілерді көп оқығым келетіндіктен бе, көп нәрселерді білгім кеп тұрады. Анамнан,мұғалімнен, кейде интернет желілерінен сұрап біліп аламын. Менің түсінгенім: ертегі жанры  алғашқы  қауымда туған көне  мифтер,аңшылық әңгімелер,хикаялар,әр түрлі ырымдар мен аңыздар екен.Өзінің қалыптасу барысында ертегі осы жанрлардың көптеген  белгілерін бойына сіңірген,ал кейбірі  өз бітімін мүлде    жоғалтып,толық ертегіге айналған.Солардың бірі-миф жанры.Миф-алғашқы рулық қауымның қасиетті деп саналған құпия әңгімесі мен шежіресі.Мифте қоршаған ортаның, дүниенің жаратылуы мен аспан әлемі, олардың іс-әрекеттері  қиял ғажайып түрде баяндалған.Бірақ ол кезде  осының бәрі ақиқат деп саналған.Өйткені мифке бәрі сенген.Алайда уақыт өтіп,адам санасы мен мүмкіндігі жетілген сайын миф өзгеріске ұшырап,құпия болудан қалған.Осының нәтижесінде  мифті айтушы  өз жанынан сөз қосып толықтырған екен.Сөйтіп  алғашында шын болған оқиғалар  бірте- бірте хикаяға,одан ертегіге айналған.Хикая жанры мифтің өзімен бірге ертегіге айналған.Қазақ халқы прозасында осы кезеңдер толық сақталған.

              Қазақтың белгілі батыры,аты аңызға айналған жазушы Бауыржан Момышұлы: «Мен бесік жырын айтпайтын анадан, ертегі айтпайтын әжеден қорқам» - дегеніндей, бүгінгі күні  ертегі оқымайтын балалардан қорқуға болатындай.Өйткені ертегі і оқысаң ой-өрісің де,тіл байлығың да арттып, ойда сақтау қабілетің де дами түседі.

              Өзім бос уақытымда ертегілерді оқи отырып,кейбір өзіме ұнаған кейіпкерлердің суретін саламын,кейбіреулерінің көшірмесін шығарып аламын .  Сыныптан тыс уақытымызда сынып жетекшіміз ертегілер оқытып,түсініктерін айтқызады,талдатады.Кейде кейіпкерлердің  рөлдерін бөліп береді. Бұл біздің сөйлеу мәнеріміздің жақсы қалыптасуына көмектеседі.

             Жақында сынып сағатында «Ертегі әлемінің сиқыршысы» атты байқау өткізіледі. Мен оған өзімнің ұнататын ертегілерімнің кейіпкерлеріін қатыстырамын.

              Мен өз құрбыларымның да компьютер, теледидар алдында отырмай, кітапханаға барып, қазіргі күнде балаларға арналған  «Аруна», « Балалар әдебиеті», « Балауса», « Кітап», «Атамұра» сынды баспалардан шығатын кітаптарды оқуға шақырамын.

                Біз, қазақ балалары, білімді,ой-қиялы жүйрік,саналы  болып өскенде ертеңіміз жарқын болады деп ойлаймын. Сол мақсатпен де мен өз тақырыбымды « Ертегім-ертеңім» -  деп атадым емес пе?!  Олай болса,ертеңімізді қиялға толы ертегімізден бастайық...                

 

 

 

 

 

 

 

                               № 1 жалпы білім беру орта мектебі

 

 

 

 

Тақырыбы:           «Ертегім – ертеңім»

 

 

 

 

                                                   Ұсынған : 2 «ә» сынып оқушысы Қанағат Аяулым

                                                  Жетекшісі: Наркулова Эльмира

 

 

 

                                             Приозерск қаласы 2013

                            Пайдаланылған әдебиеттер

1.     М.Ғабдуллин, Б.Ысқақов Халық ауыз әдебиеті, Алматы, Мектеп, 1968 ж.

2.     Қазақ ертегілері. Алматы: Көшпенділер. 2006 ж.

3.     Қазақ ертегілері. Алматы: Алматы кітап. ААҚ, 2004 ж.

4.     Қазақ ертегілері. Алматы: «Жазушы» - 2000 ж. I, II, III том

5.     «Ұлттық энциклопедия»  III том. «Қазақ энциклопедиясы»

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Презентация "Менің анам" әңгімесі"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель образовательного подразделения

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Бастауыш сыныпта оқитын қызымның ертегі оқу жайлы жазған әңгімесін жариялап отырмын.Қазіргі күнде ертегінің де оқылмауы баланың тіл байлығының дамымауына,ойын еркін жеткізбеуіне әкеліп соғуда. Бұған кім кінәлі? Жауап іздейік...Оқиық, ойланайық...Оқушылардың тілді игеруіне көмектесейік. Ұлттық ертегілерімізді оқып, ұгуды насихаттайық...

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 524 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.12.2015 1043
    • DOCX 18.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Хизирова Маржанкул Хожабеккызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 19916
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Развитие критического мышления у младших школьников в условиях обновленного ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 73 человека из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 719 человек

Курс повышения квалификации

Теория, методика и практика обучения младших школьников основам шахматной игры в условиях реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 48 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 188 человек

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации на уроках по продуктивно-творческой деятельности у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 134 человека

Мини-курс

Психология общения: эффективное общение и решение конфликтов

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 832 человека из 78 регионов
  • Этот курс уже прошли 374 человека

Мини-курс

Финансовый анализ

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 12 регионов

Мини-курс

Современные направления в архитектуре: архитектурные решения гениальных изобретателей

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе