Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Информатика / Другие методич. материалы / Презентация. Мультимедиялық презентациялар конструкторы. Программа интерфейсімен танысу. 6 сынып

Презентация. Мультимедиялық презентациялар конструкторы. Программа интерфейсімен танысу. 6 сынып

  • Информатика

Поделитесь материалом с коллегами:

Күні:15.03.16

Пәні

информатика

Джалмаганбетова Р

6 «а, ә, б, в, г» сыныптар

Оқу-ісінің меңгерушісі

__________Сарғожаева А

Тақырыбы

Презентация. Мультимедиялық презентациялар конструкторы. Программа интерфейсімен танысу.

Жалпы мақсаттар

Сабақтың білімділік мақсаты: Оқушыларға MS Office дестесінің бір бағдарламасы-

MS Power Point- тың құрылымы, мүмкіндіктерімен таныстыру.

Сабақтың дамытушылық мақсаты: Жаңаша, шығармашылық тұрғыда

ойлай алатын, іздендіру, танымдық біелсенділіктілерін арттыру, оқушылардың компьютермен жұмыс істеудегі жетістіктерін одан әрі арттыра түсіп, алған білімдерін басқа пәндер үшін, сабақтан тыс жұмыстар үшін және келешекте өздері үшін пайдалана білулеріне ықпал ету.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Еңбекке баулу, ұлттық салт-дәстүрге тәрбиелеу

Әдіс-тәсілдер

Топпен, АКТ, кері байланыс.

Күтілетін нәтиже

  • MS Power Point- тың құрылымын, мүмкіндіктерін біледі

  • MS Power Point- та мәтінді редакциялауды үйрене алады;

  • мәтінді өңдей алады(барлығы);

Сабақтың түрі

Аралас

Сабақтың көрнекілігі

Интерактивті тақта, оқулық, дербес компьютер, мультимедиялық проектор.

Сабақтың жоспары

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының

іс-әрекеті

Топқа бөлу

Бойымен тұрғызып топқа бөлу

Топ ережесін құру

Бойы бойынша топқа бөлініп отырады

Үй тапсырмасын тексеру


«MS Office» ассоциациясы


  1. Microsoft Word дегеніміз не?

  2. Microsoft Word программасын іске қосу жолдары

  3. Microsoft Word терезесінің құрылымын атаңыз?

  4. Microsoft Word құжатының кеңейтілімін ата?

  5. Мәтіндік редакторда құжатты қалай сақтайды?


Топ болып өздерінің ойларын айтады.


Жаңа сабақ
































































ІІІ. Жаңа сабақ.

Тақтаға күннің реті мен жаңа тақырыпты жазу

Power Point презентацияны дайындау және өткізудің ең жақсы бағдарламаларының бірі. Ол MS Office 2000-ның құраушы болып табылады және презентациялық материалдарды слайд түрінде жасау және оларды қағазға, экранға, мөлдір пленкаға немесе 35-миллиметрлік пленкаға шығаруға арналған. Power Point презентацияны жоспарлауға жасауға және көрсетуге мүмкіндік береді. Пайдаланушыға шаблондардың модификацияланатын жиынтығы, слайдтар редакторы, схема құру құралы ұсынылады. Power Point презентацияның барлық құрауыштарын экранға шығаруға немесе басуға және презентацияларды кейін басып шығаруға сақтауға мүмкіндік береді.

Power Point бағдарламасы мына әмірлерді орындау арқылы іске қосылады:

Бастау-Барлақ Бағдарламалар- MicrosoftOffice -Microsoft Power Point





hello_html_m245095dd.png















Power Point терезесінің құрылымы Windows қосымшалары терезесінің дәстүрлі құрылымындай, үстелер мен әмірлердің негізгі міндеттерін қайталайды, бірақ жекелеген элементтерімен ерекшеленеді

  • Тақырып жолағы- құжат атауын және терезені басқару батырмаларын қамтиды

  • Стандартты құралдар үстелі- Power Point әмірлерінің басым бөлігінің батырмаларынан тұрады.

  • Пішімдеу құралдар үстелі- пішімдеу әміріне арналған батырмаларды қамтиды

  • Слайдтардың кішірейтілген үлгілері- көрме слайдтары арасында жылдам ауысып жүруге арналған

  • Жұмыс аймағы- слайдтарды жасауға, онда нысандарды мәтінді, суреттерді диаграммаларды, клиптарды, дыбыстарды орналастыруға арналған аймақ.

  • Тапсырмалар аймағы- ағымдағы тапсырмалар тізімін қамтиды

  • Күй жолағы- құжат ақпаратын қамтиды

  • Сурет салу құралдар үстелі- сызбалық нысандармен жұмыс істеуге арналған әмірлерді қамтиды, қарапайым әсерлі суреттер, эмблемалар жасауға, мәтінді әдемі етіп безендіруге мүмкіндік береді.

Microsoft Power Point- та көрме жасау барысы жалпы безендіруді таңдау, жаңа слайдтарды және олардың мазмұнын үстеу, слайдтарға шен салуды таңдау, қажет болса слайдтардың безендірілуін, түс сұлбасын өзгерту, түрлі безендіру қалыптарын және слайдтарды көрсету кезіндегі жан бітірім мен басқа да пәрмендерді қолдану сияқты әрекеттерден тұрады.

Power Point- та Жұмысқа кірісу тапсырмалар аймағы жаңа көрмені жасау үшін бірқатар нұсқаларды ұсынады:

Көрмені жасау. Слайдтар безендіру элементтерінің ең аз санын қамтиды, оларға қатысты түстер қолданылмайды.Пайдаланушы слайдтарды өз қалауынша безендіреді.

Ашу. Көрме бұрыннан бар безендірілген көрмеге негізделіп жасалады. Қолда бар көрменің бастапқы нұсқаның мазмұны мен безендірілуіне өзгерістер енгізе отырып, жаңа көрме жасауға мүмкіндік беретін көшірмесі жасалады.

Безендіру қалыбынан. Көрме негізгі безендіру элементтерін, қаріптерді және түс сұлбасын қамтитын қолда бар Microsoft Power Point қалыбы негізінде жасалады.


Көзді талдыртпау және шаршатпау жаттығулары:

Сабақты бекіту


  1. Power Point программасын іске қосу үшін қандай команда орындалады?

  2. Терезе элементтерін ата?

  3. Қаріптің әлпетін, өлшемін өзгерту қалай жүзеге асады?

  4. Слайдты құрайтын объектілер?

  5. PowerPoint бағдарламасының кеңейтімі

  6. PowerPoint дегеніміз не?

Бағалау кезеңі


Оқушылардың пікірімен санаса отырып бағалайды

Бір-бірін бағалайды.

Үйге тапсырма


Мұғалім үй тапсырмасын жариялайды.

Күнделіктеріне үйге берілген тапсырманы жазып алады.


Автор
Дата добавления 25.04.2016
Раздел Информатика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров84
Номер материала ДБ-052749
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх