Инфоурок / География / Презентации / Презентация на казахском языке на тему Балқаш экологиясы 8-класс
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ)" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 27 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 203 курсов со скидкой 40%

Презентация на казахском языке на тему Балқаш экологиясы 8-класс

библиотека
материалов
Балқаш экологиясы Аты – жөні: Әбілқасым Назгүл Талғатқызы Сыныбы: 10 Пән мұғ...
Балқаш – Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы тұйық көл. Аумағы жөнінен Каспий,...
Балқаш экологиясы – Балқаш көлі алабындағы табиғи ресурстарды (әсіресе, су қ...
1986 жылдың аяғында Балқаш көліне құятын Іле өзенінің тармақтарынан Шұбарқұн...
Ластаудың негізгі көздері Ауыл шаруашылығында жерді улы химикаттармен тыңайт...
Су қорына аса қауіп-қатер туғызатындар: мұнай, пестицидтер, түсті металдарды...
Өндіріс, ауыл шаруашылығы қалдық суларынан басқа табиғи сулар құрамына хлори...
Ластаушы заттардың негізгі үлесін ЖШС «Қазақмыс корпорациясының»(2008 ж. – 1...
Іле — Балқаш алабының ауыл шаруашылығында барынша пайдалануымен 1965-1990 жы...
Көлемі жағынан әлемде 13-орында тұрған Балқаш жыл сайын ластану деңгейі арты...
Іле Қытайдан келіп ағады. Балқашқа құйылатын судың 80 пайызы Іле өзенінен ке...
Балқаш көлін құтқару бүгінгі күннің талабы. Арал мен Балқаш сияқты су экожүй...
 Назар аударып тыңдағандарыңызға рахмет! Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін!
13 1

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 Балқаш экологиясы Аты – жөні: Әбілқасым Назгүл Талғатқызы Сыныбы: 10 Пән мұғ
Описание слайда:

Балқаш экологиясы Аты – жөні: Әбілқасым Назгүл Талғатқызы Сыныбы: 10 Пән мұғалімі: Байкенжеева Роза

№ слайда 2 Балқаш – Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы тұйық көл. Аумағы жөнінен Каспий,
Описание слайда:

Балқаш – Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы тұйық көл. Аумағы жөнінен Каспий, Арал теңіздерінен кейінгі үшінші орында. Балқаштың батыс бөлігіне Іле (жер бетімен келетін судың 78,2%-ын береді), шығыс бөлігіне Қаратал (15,1%), Лепсі (5,4%), Ақсу (0,43%) өзендері құяды. Солтүстіктен ағатын Аягөз, Бақанас, Тоқырауын, Жәмші, Мойынты, т.б. өзендер әдетте көлге жетпей сарқылады. Судың минералдылығы мен тұздылығы бұл екі бөлікте екі түрлі. Көлге ағып келетін судың негізін Іле өзені құрайтындықтан, батыс бөлігінің суы тұщы , түсі сарғылт-сары, лайлы. Шығыс бөлігінің суы тұздылау , түсі көгілдір, ашық көк. Балқаш фаунаға бай. Көлде балықтың 20-дан астам түрі бар.Көл суы жағалауындағы өнеркәсіп орындары (Балқаш кен-металлургия комбинаты, т.б.) мен елді мекендер қажетіне пайдаланылады. Жылы мезгілде Балқашта су көлігі қатынайды. Басты айлақтары: Балқаш, Бурылбайтал, Бөрлітөбе.

№ слайда 3 Балқаш экологиясы – Балқаш көлі алабындағы табиғи ресурстарды (әсіресе, су қ
Описание слайда:

Балқаш экологиясы – Балқаш көлі алабындағы табиғи ресурстарды (әсіресе, су қорларын) тиімсіз пайдаланудың нәтижесінде Қазақстанның  оңтүстік-шығыс аймағында 20 ғасырдың аяғында қалыптасқан табиғи, әлеуметтік және экономикалық жағдай. Оны негізгі 2 себеп тудырды. Ішкі себеп – Қапшағай су электр стансасының салынуына байланысты (1970) Іле өзені арнасының бөгелуі. Оған дейін Балқаш көлінің экологиялық тепе-теңдігін көлге құятын өзендер суы мен көл айдынынан буланған ылғал мөлшерінің тұрақтылығы қамтамасыз ететін. Жыл сайын көл алабындағы 15,0 км³ су қорының 11,9 км³-і (80%) Іле өз-мен келсе, қалған 3,0 км³ су көлдің батыс бөлігінен шығыс бөлігіне ығысады. 1970 –1985 жылдардағы Балқаш көліне құятын өзендер суының жалпы ағымы 14,9 км³-ден 11,8 км³-ге кеміді, яғни көл жылына шамамен 3,0 км³ су жоғалтып отырды. Көл алабынан алынатын су мөлшері жылына 7,0 – 8,0 км³-ге дейін өсті, оның 6,5 км³ суы егін суғаруға, Қапшағай және басқа да бөгендерді толтыруға жұмсалды. Булануға кететін шығыны жылына 2,0 км³-ге жетті. Осы себептерден 1970 жылдан су деңгейі күрт төмендеді. 1986 жылдың аяғында көл деңгейінің абсолют биіктігі 340,54 м болды. Көл деңгейінің құлдырау жылдамдығы жылына 15,6 см-ге жетті, бұл көрсеткіш 1908 – 1946 жылдардағы төмендеу жылдамдығынан (9,2 см/жыл) біршама жоғары. Іле өзені атырауындағы батпақты-сулы алаптардың 2/3 бөлігі қысқарды. Қапшағай СЭС-і іске қосылған соң, тасқын су шығымы 1600 – 1800 м³/с-тан 700 – 800 м³/с-қа дейін төмендеді. СЭС-тен төмен қарай өзен тасындылары (судағы қатты заттар) тоқтап, олар толығымен  Қапшағай бөгенінде шөгетін болды.

№ слайда 4 1986 жылдың аяғында Балқаш көліне құятын Іле өзенінің тармақтарынан Шұбарқұн
Описание слайда:

1986 жылдың аяғында Балқаш көліне құятын Іле өзенінің тармақтарынан Шұбарқұнан, Иір, Базарбай және Қалғаніле ғана қалды. Су шығымының 90%-ы тек Иір тармағымен қосылған Қоғалы тармағына жинақталып, бір арнаға айналды. Кезінде суы арнасына сыймай жататын Жиделі тармағы шөгіндіге тола бастады. Көлдің оңтүстік жағалауындағы балықтардың уылдырық шашу аймағы түгелдей жойылып, атыраудағы 15 көл жүйелерінен тек 4 – 5-еуі ғана қалды. Осының салдарынан жыл сайын ауланатын балық мөлшері 17 – 18 мың тоннадан 10 – 11 мың тоннаға дейін төмендеп, балық сапасы да нашарлады. Мысалы, бұрын негізінен сазан ауланатын болса, кейін ауланатын балықтың 90%-ын табан, жайын, көксерке, т.б. құрады. Ал аты әйгілі көкбас, Балқаш қарабалығы 1970 жылдан бері кездеспейтін болды. 1980 жылдан бастап көлдегі балықтар судағы пестицидтер мөлшерінің көбеюінен жаппай фибриалды саркома (қатерлі ісік жаралары) кеселімен ауыра бастады. Көл суының минералдығы күрт өсті. Балқаш металлургия кәсіпорындарының өндіріс қалдықтарының әсерінен суда ауыр металдар (мыс, мырыш, қорғасын, кадмий, т.б.) мен күкірт оксидтерінің мөлшері көбейді. Балқаш алабынан атмосфераға түсетін әр түрлі газдардың көлемі жылына 250 мың тоннаға жетті. Бұл газдар көл бетінен буланған ылғалмен қосылып, жерге қайтадан қышқыл жаңбыр болып жауады.Жауын-шашынның минералдығы 3 еседен астам өсті. Құрғап қалған аумақтардан көтерілген шаң-тозаңның әсері биік таулы аймақтардағы мұздықтардың еріп, ұсақтануына әкелді. Мысалы, 1974 жылдан бері Іле Алатауындағы аумағы 1 км²-ден астам 86 ірі мұздықтың 6-уы ғана қалды. 1980 – 1990 жылдры Іле – Балқаш табиғи-шаруашылық жүйелеріне кешенді ғылыми-зерттеу жүргізіліп, олардың қорытындысы бойынша берілген ұсыныстарға сәйкес, Қапшағай бөгенінің деңгейі 10 метрге төмендетілді, сөйтіп, көлемі 2 есеге (28 км³-дің орнына 14,5 км³) кеміді де, жер суғаруға алынатын су мөлшерінің өсуі тоқтатылды. Осы шаралар Балқаш көлінің деңгейін тұрақтандырғанмен, су сапасы жылдан-жылға нашарлады. Сыртқы себеп – Балқаш алабындағы су қорының жартысына жуығы Қытай мемлекетінің аумағында қалыптасады. 

№ слайда 5 Ластаудың негізгі көздері Ауыл шаруашылығында жерді улы химикаттармен тыңайт
Описание слайда:

Ластаудың негізгі көздері Ауыл шаруашылығында жерді улы химикаттармен тыңайтудан қалған қалдық сулардың қайта келіп өзендерге, көлдерге құюы. Кен орындарын пайдаланудан болатын өндіріс қалдықтары Су және темір жолдарының лас қалдықтары Техникалық өсімдіктердің алғашқы өңдеудің қалдықтары

№ слайда 6 Су қорына аса қауіп-қатер туғызатындар: мұнай, пестицидтер, түсті металдарды
Описание слайда:

Су қорына аса қауіп-қатер туғызатындар: мұнай, пестицидтер, түсті металдардың, күрделі химиялық қосылыстары. Әсіресе, оның құрамында әртурлі зиянды заттар көп. Өнеркәсіптік өндіріс орындарымен қатар ауыл шаруашылығы өндіріс орындарының су қорына тигізетін әсері де молшылық. Ал  лас суларды ауыл шаруашылығына пайдаланудыңда зияны өте көп. Мысалы, ауыл шаруашылығы дақылдарын ластаған сулармен суару, біріншіден олардың шығымдылығы өте төмен, ал екіншіден адам денсаулығына қауіпті болады. Сонымен қатар топырақтың тұздылығы көтеріледі, топыраққа биохимиялық процестердің жүруі төмендейді. Сулардың ластануы әсіресе балық қорына тікелей зиян келтіреді. Бұл айтылған су қорларының ластану көздерінің ішіндегі ең қауіптісі балықтарға зиянды әсер ететін құрамында химиялық улы заттар бар өндірістің қалдық сулары. Оған: целлюлоза-қағаз фабрикалары, химия өндіріс орындары, мұнай өңдеу, металлургия заводтары, мал шаруашылығы өнімдері – жүнді, теріні өңдейтін заводтар т.б. жатады. Тек қана Қазақстан түсті металлургия кәсіпорындары тәулігіне 168,8 мың текше ластанған суды өзендер мен көлдерге жібереді. Соңғы жылдары егіс далаларында химиялық тыңайтқыштарды кеңінен пайдалануға байланысты, суларды ластауды пестицидтердің зиянды әсері көп болып отыр. Пестицидтер суға араласқаннан кейін биологиялық жағынан ажырамай ұзақ сақталып, балықтың, планктонның денесіне орнығады да биологиялық тізбек арқылы адам денесіне көшеді.

№ слайда 7 Өндіріс, ауыл шаруашылығы қалдық суларынан басқа табиғи сулар құрамына хлори
Описание слайда:

Өндіріс, ауыл шаруашылығы қалдық суларынан басқа табиғи сулар құрамына хлоридтер, жолдардың қатып қалуына қарсы қолданылатын және жер суғарған кезде топырақтан жуылып шығатын тұздар өте зиянды әсер етеді. Өнеркәсіптік өндіріс орындарымен қатар ауыл шаруашылығы өндіріс орындарының су қорына тигізетін зиянды әсері зор. Әсісере, өзен, көлдер бойына шошқа фермаларын орналастыру бұл су көздерін түгелдей жойғанға тең. Бір шошқа фермасының өзі  суларды ластау дәрежесі жөнінен 2-3 өндіріс орнына тең. Балқаш суын негізінде ластайтын көздерге өнеркәсіптік және коммуналдық канализациялық ақаба сулары және де басқа өндіріс қалдықтары, құрамында әртүрлі агрохимикаттары (пестицидтері, тыңайтқыштары, т.б.) бар егістік жер қыртысының шайындысы, суармалы жүйенің дренажды суы, мал шаруашылығының ағындылары, су қоймаларына жауын-шашын арқылы әкелінетін аэрогенді ластағыштар жатады. Балқаш көлінің тағы бір ластаушы көзі-Балқаш балық шаруашылығы. Балқаш балық шаруашылығы дамыған аймақ. Балық аулаудан және өңдеуден кейінгі шыққан қалдықтардың көп мөлшері, әсіресе ақаба сулары Балқаш көліне тасталып тұрады.   

№ слайда 8 Ластаушы заттардың негізгі үлесін ЖШС «Қазақмыс корпорациясының»(2008 ж. – 1
Описание слайда:

Ластаушы заттардың негізгі үлесін ЖШС «Қазақмыс корпорациясының»(2008 ж. – 1006,08 мың тонна, 2009 жылы – 922,6 мың тонна) мыс қорыту барысында бөлінетін күкірт газы заттары  құрап отыр. Балқаш көлі мен оның маңындағы аймақтардың экологиялық жүйесіне осындағы кəсіпорындар мен Сарышаған əскери полигонын пайдаланудың техногендік қызметі де зиянды əсерін тигізуде. Əсересе, Балқаш жағалауының Қарағанды облысына кіретін солтүстік аймағы техногендік əсерге көбірек ұрынып отыр. Көлдің солтүстік аймағын ластандырушы ең үлкен көз Балқаш кен- металлургия комбинаты. Комбинаттың мыс зауыты, байыту фабрикасы, түсті металл өңдеу зауыты, жылу-электр орталығы, тағы басқа қосалқы өндірістік буындары ондаған жылдар бойы көлге ластанған, тазаланбаған ағын суын жіберіп келеді. Көлге тұзды су мен ауыр металдар қосылуын тоқтату мақсатында комбинат тоғандары арқылы қайталама су көздерін тазалаудың кешенді шараларын жүзеге асыруда. Мұның өзі судың сапалық құрамын жақсартуга жағдай жасайды. Балқаш көлінің солтүстік жағалауының атмосфералық ауасын БКМК көп жыл бойы өзінің күкіртті ангидридімен ластау үстінде. Бұл қазір ғана туындап отырған мəселе емес. Ол Балқаш комбинатындағы ауаны қорғау жұмысының тиімсіз жүргізілуінің салдары.Бұл өңірдегі экологиялық ірі мәселелер қатарына Балқаш көлі бойындағы Балқашмыс комбинаты, Приозер, Ақсүйек кен рудаларын байыту кешендері, Текелі қорғасын-мырыш комбинаттары осы аймақта тұрақты тұрғындарға өз зардабын тигізіп отыр.

№ слайда 9 Іле — Балқаш алабының ауыл шаруашылығында барынша пайдалануымен 1965-1990 жы
Описание слайда:

Іле — Балқаш алабының ауыл шаруашылығында барынша пайдалануымен 1965-1990 жылдар аралығында Балқашқа құятын судың көлемі 25 %-ға азайды. Іленің орта ағысы мен төменгі сағасында Шарын күріш, Шеңгелді көкөніс, Ақдала күріш алқаптары пайда болды. Осының бәрі Іле — Балқаш су алабының табиғи жүйесінде қалпытасқан тепе-теңдік заңын бұзды. Іле — Балқаш экожүйесіндегі өзгерістер (әсіресе Қапшағайдан төменгі бөлігі) өте сирек кездесетін Іле тоғайын, өзен жағасындағы шұрайлы жайылымдар мен оның сағасындағы қамыс-қоғаның жойылуына себепші болды. Көлдің жағалаулары кеуіп, тұзды шаң жиі көтерілді. Ауа райы өзгеріп, қуаншылық пен аңызақ желдер үдеді. Балқаш көлі соңғы жылдары 2 метрге жуық төмендеп отыр. Сонымен көл жағалаулары батпақтанып, сорланып, тақырлар мен шөлдерге айналуда.Көлдің фаунасы мен флорасы зардап шегуде. Балық аулау соңғы жылдары 5 есе төмендесе, уылдырық шашу (Қапшағай су қоймасы) тіпті азайды. Сонымен қатар балықтардың Іле бойындағы егіс, көкөніс алқаптарына пайдаланылған пестицидтер, гербицидтер және минералды тыңайтқыштар қалдықтарымен улануы жиі байқалуда. Іле — Балқаш алабы ит тұмсығы батпайтын тоғайлар, кішігірім көлдер, аралдар, аңдар мен құстар мекені болатын. Әсіресе 1960 жылдары жылына 1,5 млн-ға жуық бұлғын терісі дайындалатын болса, қазір бұл шаруашылық жойылған. Іле бойында және көл жағасындағы тіршілік ететін құстардың түрлері де азайып кеткен. «Қызыл кітапқа» енген аққу, бірқазан, көк-құтан, т.б. құстар қазір өте сирек кездеседі. Балқаш көлі жыл бойына тек Іле өзенімен ғана 23 мың тонна жеңіл органикалық заттармен, 8 мың тоннадай минералды азотпен, 5 мың тонна фтормен, 2 мың тонна темірмен, 1,5 мың тонна бормен, 0,7 мың тонна броммен, 70 тонна минералды фосформен, 60 тонна пропанамидпен, 3,4 тонна дихлоранилинмен, т.б. улы заттармен ластанады. Мұнымен қоса Балқаш көліне металлургия комбинаты су шығындыларын, улы заттардың қоспасын жіберуде.  

№ слайда 10 Көлемі жағынан әлемде 13-орында тұрған Балқаш жыл сайын ластану деңгейі арты
Описание слайда:

Көлемі жағынан әлемде 13-орында тұрған Балқаш жыл сайын ластану деңгейі артып, табаны батпақтанып, айдыны зауыт қалдықтарымен уланған. Балқаштың әу бастағы тылсым жаратылысы оның қазіргі тағдырына айналып бара жатқан тәрізді. Бір бөлігі ащы судан, бір бөлігі тұщы судан тұратын көлдің қазір тұзды бөлігі ұлғайып келеді. Бұған басты себептердің бірі – Іленің бастау қайнарында отырған қытайлықтардың өзен суын шаруашылыққа мейлінше молынан тұтынуында. Соның салдарынан көлге құятын тұщы су мөлшері азайып отыр. Балқаштың балық қорының соңғы жылдары күрт азайып кетуінің негізгі көзі де осы қытай көршімізге байланысты болып отыр. Қазір көл табанында ондаған шақырымды алып Қытайдан әкелінген сапасы нашар аулар жатыр. Бір салғанда-ақ сетінеп кететін аулардың талайы су түбінде қалғанын, ол аулардың балықтар үшін құрылған нағыз ажал тұзағы екенін Балқаш жағалауындағы кез келген балықшы айтып береді. Балқаштың балығы мен байлығы кемуіне бірнеше себеп бар. Елге Қытай тарапынан полиамидті және пластик жіппен тоқылған ауларды әкелуге тыйым салу керек және ол аулардың ел ішінде сатылуына толығымен шектеу қою керек. Балқаш айдынын мекен еткен алабұға балығы өт­кен ғасырдың 70-жылдары жойылып кетсе, сол дәуірде бекіре мен ақбалық, патшабалығы тұқымымен тұздай құрығанын қазір біреу білсе, біреу білмейді. Көлдегі балықтар патшалығының «құлдырауына» қазіргі басты себеп – тек қытайлық сапасыз аулардың теңіз табанында шөгіп жатуы ғана емес, бұл мәселеге Жетісудан құятын өзендердің жағаларындағы ирригациялық және су шаруашылықтары құрылғыларының тозығы жетуін, Көкше теңіздің солтүстік жағалауындағы мыс қорыту зауытының қалдықтарын залалсыздандыратын орынның ескіріп кетуін де айтуға болады.

№ слайда 11 Іле Қытайдан келіп ағады. Балқашқа құйылатын судың 80 пайызы Іле өзенінен ке
Описание слайда:

Іле Қытайдан келіп ағады. Балқашқа құйылатын судың 80 пайызы Іле өзенінен келеді. Осы Іле өзенінің 70 пайызы көрші Қытай мемлекетінің территориясынан өтеді де, 30 пайызы біздің елге тиесілі. Көлдің су көлемі кейінгі 2 мыңжылдықта теңіз деңгейінен 338-346 метр биіктікте болған. 2012 жылы орташа деңгей 342,8 метрді құрады. Балқаштың өмір сүруіне қауіп тудыратын негізгі фактор – кезінде Аралдың түбіне жеткен жағдай – судың бақылаусыз қалуы. Судың  алапат тұтынушысы саналатын Қытайдың антропогендік әсері Балқашқа кері ықпалын тигізіп отыр. Қытай болса, Іле суын Батыс Қытай аймақтарын дамыту үшін елеулі көлемде қолданайын деп отыр.Қытайдың Шыңжанға хань ұлты өкілдерін көшіру саясатының нәтижесінде Іле өзені алабында тұратын адамдар саны 1 миллионнан асты, жақын арада 3 миллионға жетуі ықтимал. Бұл өз кезегінде суарылатын жердің көлемін күрт өсіруді талап етеді, яғни, жаңа бөгеттер мен тоғандар салынады деген сөз.              Бұл мәселені шешудің бір жолы – тамшылатып суару әдісіне көшіп, көлге құятын үлкенді- кішілі өзендердің арнасын Балқашқа бұру. Бірақ бұл тәсіл мәселені толығымен шешуге мүкіндік бермейді. Ең негізгісі – Іленің су ресуртарын елімізге толыққанды жеткізу.

№ слайда 12 Балқаш көлін құтқару бүгінгі күннің талабы. Арал мен Балқаш сияқты су экожүй
Описание слайда:

Балқаш көлін құтқару бүгінгі күннің талабы. Арал мен Балқаш сияқты су экожүйелерінен айырылу Қазақстанды ғана емес,Еуразияны да бұрын-соңды болмаған экологиялық анаттың ошағына айналдыруы мүмкін. Сондықтан әрбір табиғи экожүйені көздің қарашығындай сақтау мен қорғау адамзат баласының парызы. Балқаштың құрғап қалуы еліміздің бүкіл оңтүстік-шығысын экологиялық апатқа ұшыратуы ықтимал. Топырақтың тұздануы, оазистердің құрғауы, Алатаудың мұздықтарының жойылуы – Балқаштың құрғауына алып келеді. Сондықтан да біз оның алдын алуымыз керек.Ол ұшін: Еліміздегі экологиялық мәселелерді зерттеп, сараптама жасап, оңтайлы шешудің тетіктерін қарастыратын орталық қажет; Суды май, сүрек ағаш, химия, мұнай және басқа өнімдер ысыраптарымен ластану мен былғанудан қорғау,су көлігі құралдарын, құбыр желілерін, сутоғандарындағы жүзбелі және басқа құрылыстарды иеленушілер, ағаш ағызушы ұйымдар, сондай-ақ басқа заңды ұйымдар мен азаматтардың май, сүрек ағаш, химия, мұнай және өзге де өнімдер ысыраптарының салдарынан судың ластануы мен былғануына жол бермеу керек; БҰҰ мінберінен Қытайдан келетін трансшекаралық су ресурстарын тұтынуда Қазақстан мүдделерінің ескерілмей отырғанын ашық мәлімдеуіміз керек!

№ слайда 13  Назар аударып тыңдағандарыңызға рахмет! Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін!
Описание слайда:

Назар аударып тыңдағандарыңызға рахмет! Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін!



Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 27 сентября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-401061

Похожие материалы

2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации. Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии.

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"