Инфоурок / Другое / Презентации / Презентация на казахском языке"Көмек Ыбыраев"
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Презентация на казахском языке"Көмек Ыбыраев"

библиотека
материалов
Туған жердің талантты перзенті – Көмек Ыбыраев   Қазақ балалар поэзиясының б...
Жоспар І. Кіріспе 1.1.Поэзия - өмірдің әрі мен нәрі ІІ. Негізгі бөлім 2.1.Тү...
Туған жері-Маңғыстаудың қара ойы қашанда таланттарға бай өлке. Елдің елдігін...
Көмек Ыбыраев есімі алдымен Маңғыстауға, қалаберді иісі қазаққа танымал болд...
Көмек ақын балаларға арналған шығармалардың талап – мүддесінен шыға алар, же...
Көмек шығармаларының тағы бір көңілге алар тұсы – мектеп бағдарламасында мұғ...
Қазақ балалар әдебиетінің көрнекті қайраткері Музафар Әлімбевтың өлеңдер жина...
Ақынның «Жетіген» атты жинағына соңғы жылдары енген ертегі, аңыздар жас ұрпа...
Көмек ақын қай тақырыпта да адамгершілікті қастерлейді, адалдықты уағыздайды...
Көмек ақынның керемет ұсынақтылығы «Адалдық туралы аңыз» шығармасын көрінеді...
Ақынның тағы бір еленер тұсы - қосаяқтан бастап, қоңызға дейін музыкамен ұшт...
Көмек Ыбыраевтың ересектерге арналған «Қызық шұжық» сықақ кітабы сахна қойыл...
12 1

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 Туған жердің талантты перзенті – Көмек Ыбыраев   Қазақ балалар поэзиясының б
Описание слайда:

Туған жердің талантты перзенті – Көмек Ыбыраев   Қазақ балалар поэзиясының белді өкілдерінің бірі - ақын Көмек Ыбыраевтың әр туындысының өмірге келуі кішкентай оқырмандар үшін кішігірім той дерлік. Танымдық, тәрбиелік құндылығы жоғары құйқалы жолдар тез жатталумен бірге, балдарғандар жадында тез сақталады. Қазақстанның халық жазушысы Әбіш Кекілбайұлы

№ слайда 2 Жоспар І. Кіріспе 1.1.Поэзия - өмірдің әрі мен нәрі ІІ. Негізгі бөлім 2.1.Тү
Описание слайда:

Жоспар І. Кіріспе 1.1.Поэзия - өмірдің әрі мен нәрі ІІ. Негізгі бөлім 2.1.Түбек топырағынан шыққын талант 2.2.Бала бақытының жыршысы 2.3.Талантты терең таниық 2.4.Күй тіліндей күмбірлеген Қорытынды Туған жердің талантты перзенті - Көмек Ыбыраев

№ слайда 3 Туған жері-Маңғыстаудың қара ойы қашанда таланттарға бай өлке. Елдің елдігін
Описание слайда:

Туған жері-Маңғыстаудың қара ойы қашанда таланттарға бай өлке. Елдің елдігін, ерлігін,сол өзі өмір сүрген дәуірлерінің не бір қилы көріністерін ақындардың бізге жеткен жыр үздіктерінен бағандаймыз. Әріден алғанда Абыл, Нұрым, Ақтан, Қашаған, Сәттіғұлдар,одан кейінгі Маршал Әбіш бір толқын болса,енді Көмек, Светқали,Сабыр жане марқұм Қыдырбай ақындар тағы бір толқын болып кете береді. Қазақтың осы өлең – жыр ордасына құбылыс болып кіріп, бүгін де әбден шаршысына толған, жазғаны оқырманының да ой қазанын толтырған бір ақын болса, ол-сегіз қырлы, бір сырлы - Көмек Ыбыраев. Ақынның көркемдік әлеміне терең сүңгір болсақ, ерекше айтар кемелдігінен аттап өту мүмкін емес. Ол – балалар ақыны. Балалар әдебиетіне қойылар талап – тілегі, көркемдігі дәл өз мағынасында таба де білетіндігімен өлшенеді. Бала психологиясы деректілікті, қысқалақты, нұсқалықты, ұғынықтылықты, айқын суреттілікті,тапқырлықты қалап отырады.

№ слайда 4 Көмек Ыбыраев есімі алдымен Маңғыстауға, қалаберді иісі қазаққа танымал болд
Описание слайда:

Көмек Ыбыраев есімі алдымен Маңғыстауға, қалаберді иісі қазаққа танымал болды. Әуелі мектеп қабырғасынан үкі тағып, домбыра ішегін қағып елді ұйытқан ұланды ауылдастары танып үлгерді. Кейін бала жанына үңіліп, оларға білім нәрін сіңіріп, Зейнолла Қабдолов айтқандай «Ұлы мамандық - ұстаздықты» ұстанған ақынның көз алдында бал бармақтары майысқан талапкерлердің жасқанып перне қуалағаны, ойлы жанары, таудай талабы, тағысы тағы қызықты қылықтары мен көз сүйсінтер қимылдары, пәк көңілдері тұрды. Сөйтіп, балалар туралы шығармалары ақ қағаз айдынына түсіп, «көбелек» болып ұшып, «көжек» болып жүгіріп кішкентай оқырмандарына жол тартқан еді. Сол шығармаларда ауылдың ажары мен базары, көліктің гүрілі мен бозторғайдың шырылы, иір мойын аруананың боздағаны, қойдың қоздағаны, бұлақтың сылдыры, сәбидің былдыры, қоңырау сыңғыры, домбыра күмбірі – бәрі – бәрі қамтылған. Көмек ақын көзімен көжектер күледі, тиіндер лира яғни музыкалық аспап болып иіледі, барабандар мен далада шапқан тұлпарлардай тарсылдайды.

№ слайда 5 Көмек ақын балаларға арналған шығармалардың талап – мүддесінен шыға алар, же
Описание слайда:

Көмек ақын балаларға арналған шығармалардың талап – мүддесінен шыға алар, жеткеншектер жүрегіне жол табар шымыр да жұмыр, шыншыл да ғибратты жырлар жаза біледі. «Сағат пен айна», «Шымшық пен тасбақа», «Инелік пен кірпі», «Көкек пен аққу», «Түлкі мен қасқыр»,«Қарға мен тоқылдақ», «Сыпырғыш пен бәтеңке» өлеңдерінде ақын едәуір өмір өрнегін, тартысты қарым – қатынасты шебер ашып көрсеткен. Ақын шығармалары саз, дүниетану, әдебиет, қазақ тілі сабақтары үшін таптырмас құрал болып саналады. Қоршаған ортадағы табиғат құбылыстары мен дүниенің тылсым сырларын, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін тануға деген талпыныстары, жалпы тіршілік құпиясыннын қанығуға деген құштарлықтары баланың ұшқыр қиялының биігінен қаз – қалпында көрінеді. Шөлде өсіп тұрады, Көктем шыға гүлдейді. Сынса, Ол морт сынады Майысуды білмейді. Ауылға әкеп ексе, бұл Бап тілейді тым бөлек: Өсу үшін сексеуіл Су емес-ау, құм керек!

№ слайда 6 Көмек шығармаларының тағы бір көңілге алар тұсы – мектеп бағдарламасында мұғ
Описание слайда:

Көмек шығармаларының тағы бір көңілге алар тұсы – мектеп бағдарламасында мұғалімдердің пайдаланатын өте қызықты және қажетті жайттары да көп.Бұндай өлеңдерге оқылған оқушының ойы кеңейіп, білімі молаяды. «Қандай әріптер қойылмаған » деген бөлімде тиісті әріптерді табу қажет. Мысалы: Кішкентай Нәсіп, Тұрды да таңда. Шелекпен тасып, Су құйды(т)...алға. Ал «Ұйқасын тап» бөлімінде аты айтып тұрғандай сөздің ұйқасын тауып қойды. Мысалы: Ішіп болп қымызды, Тартты Сәкен .......... (сыбызды)

№ слайда 7 Қазақ балалар әдебиетінің көрнекті қайраткері Музафар Әлімбевтың өлеңдер жина
Описание слайда:

Қазақ балалар әдебиетінің көрнекті қайраткері Музафар Әлімбевтың өлеңдер жинағында «Сөз мәнісін айыра біл» айдарында бір сөздің көп мағына беретінін (яғни қазақ тілінде омоним деп аталады) жеткеншектерге құнарлы да шұрайлы жолдармен кестелі өлең туғызса, Көмек ақын да озық дәстүрді меңгере отырып, тың ізденіс, жаңаша бояумен сөз мағыналарын шебер жеткізе білді. Мысалы: Мылтықтын оғы - қорғасын, Қасқырдан малды қорғасын. Немесе Ауыр екен қап, Әттеген – ай, қап!

№ слайда 8 Ақынның «Жетіген» атты жинағына соңғы жылдары енген ертегі, аңыздар жас ұрпа
Описание слайда:

Ақынның «Жетіген» атты жинағына соңғы жылдары енген ертегі, аңыздар жас ұрпақты жақсы өнегеге, ерлікке, әділдікке, тапқырлыққа, патриоттыққа тәрбиелейді. Көмек ақын мектеп жасына дейінгі балалар мен бастауыш сынып оқушыларына арналған ойлы да, ойнақы жаңылтпаштар, жұмбақтар, санамақтар, руханги бағыт алатын ,ертегілер мен мысал өлеңдері арқылы тақырлығы, саналылығымен қайран қалдырады. Аңыздар мен ертегілері, өтірік өлеңдері, санамақтары, жаңылтпаштары, хикаялары адамгершілік, адалдық, ақтықты, тапқырлықты паш етеді. Әсіресе, мынау адамның жан дүниесіне көптеген қопарылыстар бар заманда туған елді, жерді, табиғатты, өнерді суреттеулерінің тәрбиелік мәні зор.

№ слайда 9 Көмек ақын қай тақырыпта да адамгершілікті қастерлейді, адалдықты уағыздайды
Описание слайда:

Көмек ақын қай тақырыпта да адамгершілікті қастерлейді, адалдықты уағыздайды, әділдікке жүгінеді, жамандықты жоққа шығарып, жақсылық үшін терлейді. «Құрбақа қалай тасбақаға айналды?» шығармасында төзімділікті, уәдеге берік болуды әспеттеп, тойымсыздықты, қанағатсыздықты әшкерелейді. «Сазайын тартқан түлкіде» қулық – сұмдықтан қашқақтайды. «Ерлік жасамақшы болған көжек» шығармасы күлкі туғызады. «Сынықшы туралы аңызда» ұлтқа, руға бөлінудің теріс салдарын сынап, халықтың бүтіндігіне ден қояды, ынтымақ – бірлікке үндейді. «Әке аманатында» жинаған байлықтын қадірін ұғындырады. Ысырапшылық пен шашпаңдықты шенейді. Бүлдіргі әрекеттің бір тосқандығы «Шардың ерлігі» шығармасында көрінеді. «Төле бидің билігінде» отбасындағы татулықты тұрақтандырудың жайы өте жарасымды баяндалады. «Жыланға ақ құйып шығару қайдан шыққан?» деген сұраққа аңыздан жауап іздеген ақынның ақ берген келіншектің шелегіне алтын құсып кеткен айдаһар туралы айтқандары ақымақты да ақылға аялайтындай. «Құлын дауы» шығармасы да - алауыздық деген пәлені аластататын дәрежедегі асыл туынды.

№ слайда 10 Көмек ақынның керемет ұсынақтылығы «Адалдық туралы аңыз» шығармасын көрінеді
Описание слайда:

Көмек ақынның керемет ұсынақтылығы «Адалдық туралы аңыз» шығармасын көрінеді. Аңызда болмашы ғана ағаттығы үшін балықшы жігіт бір ақсақалдан кешірім сұрайды. Шал қызын алса ғана жігіт айыбын кешетінін айтады. Және де «Қызымның құлағы керең, аяқ – қолы жоқ» дейді. Жігіт не де болса қиын шартқа көнеді. Бақса, оның мәні басқада екен. Шал мұның шешуін былайша мағыналы сөздер, тапқырлық пен тұспалдаулар арқылы шебер түсіндіреді: Аяғы жоқ дегенім – Лас жерді баспайды. Оған шындық - керегі, Ақиқаттан аспайды. Қолдары жоқ дегенім – Істемейді іс жаман. Тек қолы бар дер едім Бақыт кілтін ұстаған. Ал көзі жоқ дегенім – Жүрегімен көреді. Құлағы жоқ дегенім – Жақсылықты тереді. Осылайша қаламгер құнды дүниелер арқылы естелікті екшелеу, ұғынықтылықты ұлықтау ұмытылып бара жатқанда мұндай мысалдарды алға тарту – ардың ісі.

№ слайда 11 Ақынның тағы бір еленер тұсы - қосаяқтан бастап, қоңызға дейін музыкамен ұшт
Описание слайда:

Ақынның тағы бір еленер тұсы - қосаяқтан бастап, қоңызға дейін музыкамен ұштастырады. Ақын жаны қашанда тебіреністі музыкамен мен музасы қатар жүреді. Көмек сазгер алпыс шақты ән мен өлеңнің авторы. «Жиделер гүлдегенде» атты жинағында ақынның отыз жеті күйі енген. Күйлерінде Тәттімбет күйлерінің тәттісі, Құрманғазы күйлерінің қуаты, Маңғыстау күйлерінің мақамы тіл табысып нәр бергендей. Жинаққа енген күйлерге тоқталсақ, «Сөз басы» күйі өзара сыйластыққа шақырады. «Іңкәр дүние» күйі орташа екпінмен орындалады, сабырлы күй сарыны арман шыңына жетелейді. «Шабыт» - өнер адамдарында болатын сезім ләззаты туралы күй. Сазгердің нағашы жұрты сонау бір аумалы - төкпелі нәубет жылдарында қайғылы қазаға ұшырағанда шығарған «Нағашы» күйінде өкініш пен аңсау қатар жүреді. Өзіндік күй тарту дәстүрі бар Қазанғаптың күйінің сарыны бар «Қазанғап» күйі орташа екпінмен тартылып, сабырлы да, жай аяқталады. «Шоң аға» күйі қырғыз халқының дүниежүзіне белгілі жазушы Шыңғыс Айтматовқа арналып, қырғыз халқына тән әуенмен өріліп, күйге ерекше бір рең береді. Маңғыстау тарихандағы қасиетті үш жүз алпыс екі әулие туралы «Баба рухы» күйін шығарған. Бұл күйлер жинағы музыка мамандары мен студент жастар үшін көмекші құрал есебінде игілікке асып келеді.

№ слайда 12 Көмек Ыбыраевтың ересектерге арналған «Қызық шұжық» сықақ кітабы сахна қойыл
Описание слайда:

Көмек Ыбыраевтың ересектерге арналған «Қызық шұжық» сықақ кітабы сахна қойылымдарында қойылып жүр. Танымал сазгердің алпыс бес әннен тұратын балаларға арналған «Апа, туған күніңмен!» кітабы, кеңестік саясаттан ада, оқушыларды елжандылық, отансүйгіштік рухта тәрбиелеуде үлкен рөл атқарып келеді. Ақынның жаныңды тербейтін, көңілді нұрландыратын әсем де әуезді «Сағымсың  ба,  сен?», «Аяулым», «Бір шағала», «Ақ  кеме», «Іңкәр  сезім»,«Қайдасың», «Сол  күндер - ай»  әндерін Айгул Қосанова, Ұлықпан Жолдасов, Айжан Нұрмағанбетова,  Ақылбек Жеменей сияқты  белгілі  жерлес әнші аға – апаларымыз нақышына келтіре   орындап  жүр. Киелі Маңғыстау топырағынан нәр алып, өнерін ұштаған Көмек Ыбыраев кезінде оркестрде ойнап, домбырада күй шертті. Сол сан қырлы өнері таныта отырып, көптеген шәкірт тәрбиеледі. Көмек ағаның шәкірттері: Ғаділбек Жаңай, Баймурзин Жолдасбаев, Көңдібай Шалабаев, Рысгүл Қонарбаев,  Насихат Толымбаев, Қоңырбасов Жексенбай т.б. Балалар ақыны, мемлекеттік сыйлықтың иегері көрнекті ақын Қадыр Мырза – Әлі:«Көмек Ыбыраев - ең алдымен көрудің, елестеудің, әр нәрсе, әр құбылысты қатар қойып өзара ұқсастық таба білетін ассациацияның ақыны» - деп жоғары баға берген болатын.


Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-421270

Похожие материалы