Инфоурок Начальные классы ПрезентацииПрезентация на 8 марта «Ана өмірдің шуағы».

Презентация на 8 марта «Ана өмірдің шуағы».

Скачать материал
Скачать материал "Презентация на 8 марта «Ана өмірдің шуағы»."

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Заведующий доп. образованием

Описание презентации по отдельным слайдам:

  •  Қош келдіңіз!! Қош келдіңіз!!

    1 слайд

    Қош келдіңіз!! Қош келдіңіз!!

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

«Ана өмірдің шуағы».

Мерекелік кештің басты мақсаты: Нәзік жанды аруларымыздың қоғамдағы рөлінің айтарлықтай екендігін дәлелдеп, оларға қуаныш сыйлау. Оқушылардың оларға деген ізгі ниеттерін көрсету.

Кештің көрнекілігі: Жазылған қағаздар, ұлағатты сөздер, суреттер, шар, шақыру билеті, үнтаспа, гүл т.б.

Кештің барысы: Қонақтарды кешке шақыру, оларды қарсы алу, тілек білдіру, өнер көрсету, құттықтау сөздер, қорытынды сөз, жалпы қорытынды жасау. Асылбек Еңсеповтың «Детство» күйі қосылып тұрады. (Сахна төрінде ән Асибек Сапиянның орындауында «Мама» вальс Біләл Ақниет,Садуақас Едіге,Райымбек Абу,Әбдірасылқызы Сымбат)

Сынып жетекшісінің құтықтау сөзі:

Бар тіршіліктің тұтқасын ұстап тұрған аналар, мейірімді әжелер, әдемі арулар!

Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мейрамымен шын жүректен құттықтаймын. Көктем мерекесі көңілдеріңізге қуаныш сыйлап, жүздеріңізге нұр шашсын.Әрқашан шаңырақтарыңыздың берекесі болып, үйіңізден жылылық кетпесін. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, жанұяларыңызға береке-бірлік тілейміз!Жер бетіндегі жақсылық атаулы аналардың үлкен жүрегімен әрленеді десек, жылына бір тойланатын мерекеде олардың еңбектерін бағалап, сый құрмет көрсету парызымыз.

Міне, алдарыңызда сіздердің балаларыңыз, еліміздің болашағы, менің шәкірттерім бар өнерін көрсетпек.

Құрметті жиналған қауым бәріміз ана деген асыл жаннан жаралған бір тұлғамыз. Сол аналарымызға ұзақ өмір, талмас қанат, таусылмас бақыт тілей отырып, мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.

1-жүргізуші: Армысыздар, аяулы аналар, ардақты әжелер, гүлдей құлпырған қыздар! халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын, сіздерге зор денсаулық, мол бақыт тілеймін.
Ана, Ана, Ана!... не деген мейірлі, не деген шапағатты сөз еді осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түп төркінінде қаншама ұлы сезім жатыр десеңізші. Сезім мен қасиетті, бар махаббатпен шапағатты тудырып тұрған ұлы ана сезімін қадірлемейтін жан бар ма екен бұл өмірде? Жақсылық атаулының барлығы да ананың сүтінен таралған. Сондықтан да құрметті асыл аналар, ардақты әжелер, қадірлі апайлар, қызғалдақ қыздар бүгінгі «Ана өмірдің шуағы» атты тәрбие сағатымызды сіздердің құрметтеріңізге арнаймыз.
2жүргізуші: Барша ана құтты болсын мерекеңіз,
Әрқашан ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,
Сонда біз кісілікке теңесеміз,-дей отырып ұл-қыздарыңыз жүрекжарды тілектерін ұсынайық.

1-оқушы: Мағжан

Бас қосты бүгін жиынға
Аналардың қауымы
Таусылмасын әрдайым
Отбасының сауығы
Ана өмірдің қуанышы, тірегі
Бала – оның жұбанышы, жүрегі
Ана алдында ел жауы да бас иген
Олар дәйім тыныштықты тіледі.

2-оқушы Алихан

Дүниенің ең қымбаты ана екен,
Ананың ең тәттісі бала екен.
Түн ұйқысын төрт бөліп тәрбиелеген,
Ананың орыны бөлек дара екен
Балаға ана еңбегі парыз деймін,
Еңбегін өтеу бізге қарыз деймін.
Меккеге апарса да өтелмеген,
Ұрпаққа бұл өсиет аңыз деймін,
Ана мерекесі құтты болсын

3-оқушы Б. Нұрдәулет

Тірегі болып жанында
Бірге еріп жүремін
Жанашырым жанымда
Тек әжем деп білемін

Немересін жанындай
Әжем жақсы көреді
Қонаққа барса ұмытпай
Кәмпит әкеп береді

Ақ әжемді арқашан
Сыйлап жақсы көремін

4-оқушы Әділет

Ақ сүтінен жаралған,
Ақ сүтінен нәр алған.
Анаға бас иеміз!
Туған жердің тілі деп,
Туған жердің үні деп
Анаға бас иеміз!

5-оқушы: Жайнарбек.

Өзіңсің сүйікті ана, құдіретім
Жанымды жадыратып күлдіретін
Сендегі маған деген махаббатты
Нұр толы қос жанарың білдіретін
Бар ана туған елдің гүлі дер ем
Анажан қайғың болса күңіренем
Таусылмас тау суындай ақылың бар
Сен барда менің әр бір күнім өлең

6-оқушы:Абу

Аяулы да алтын нұрлы анашым
Жүрегімнен мәңгі бірге боласың
Сен арқарсың, сен аспансың,биіксің
Сен дархансың сен жомартсың данасың
Қайда барсам қалмайсыз, сіз ойымнан,
Сіз бұлбұлсыз, мен сізге жай балапан.

Уайым салып, шет жүрсем, сағынасыз,
Мен кіршіксіз, ыстық-ыстық,«салем» салам.

1-жүргізуші:

Мерекеге арналады бүгін билер.
Көтерілсін, қанекей, көңіл-күйлер.
Алдарыңызда қазіргі үзбек биі,
Таң қалдырып қанекей би билеңдер, – демекші, ендігі кезекте «Үзбек биі», қабыл алыңыздар!(Өмірбек Нұрсая , Мәлік Арай, Қыдырәлі Ақбота)

2-жүргізуші:

Аяулысың, ауылымның асылдары,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Сендер үшін ән мен әзіл, өлең мен би,
Сендер үшін мереке шашулары.-деп оқушылардың әзіл-қойылымдарың тамашалаңыздар! (ШарипуллаТалғат,Өмірбек Нұрсая,Мәлік Арай,Махмутова Адина,Ахметқалиев Мағжан,Паридон Нұрай,Ерәліұлы Алихан Төлепберген Жайнарбек)

(Екі жүргізуші сөзін аяқтай салысымен сахна төрінде тұрған оқушылар, квн ойыншылары секілді қысқа би билейді де, әзілдерін бастайды).

1-жүргізуші:

Құлақтан кіріп, бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй, – деп, Бақытбек Нұрдәулет,Жұмали Дильназ оқушыларымыздың орындауындағы «Ана жаным» әнін қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші:

Ана десем алғыс алам халқымнан
Ана десем теңіз болам шалқыған
Ана десем ,ашылады қабағым
Ана десем әділдікті ұғамын.-дей отырыпбалалардың мерекелік құттықтауларын қарсы алыңыздар !

1-оқушы Бақдәулет

Құшағыңа кіргенде,
Жылынамын бір дем де.
Не жетеді көзіңе,
Мейірімді күннен де.
Үн қатасың бал тілмен,
Еркелеймін әр күн мен.
Құттықтаймын анашым,
Сегізінші наурызбен!!!

2-оқушы: Нұрай

Қадірлі аналар көңілі
Көктемдей жайнап гүл ашсын
Бақытқа толып өмірі
Шаттыққа шаттық ұлассын

Құтты болсын осы шаттық күніңіз
Бақытты да,ұзақ өмір сүріңіз
Қуанышты жүзіңізбен әрдайым
Бұл өмірде күліп қана жүріңіз

3-оқушы: Едіге

Аналарды сүйеміз
Сөзін ойға түйеміз
Әжені де ардақтап
Әдеппен бас иеміз

Бөбегіңнің сыйлығын
Қабыл алшы анашым
Ұзақ өмір жүз жасап
Ауырмашы анашым

Жанымызды жайнатқан
Сіздер ғой ол аналар
Зор денсаулық мол бақыт
Тілейміз біз балалар

4-оқушы: Талғат

Ақ самайлы әжем, 8 Наурыз мерекесі құтты болсын! Жан жадыратар қуаныштарың мол болсын! Асыл армандарың орындалып, денсаулығың мұқалмасын!

Балалар жетіп мұратқа, немерелер...

Қызығын тауыса алмай кенеле бер.

Әже, саған тілеймін ұзақ ғұмыр,

Жүзден асып, жүзге де келе берер.

Әр таңың арайлап атып, күнің нұрға толсын! Көктем мерекесі көңіліңе қуаныш сыйлап, жүзіңе нұр шашсын! Шаңырақтың берекесі таусылмай, ортамызда ақылшымыз болып отыра бер!

5-оқушы: Мади

Аяулы анам, сені көктемнің 8 наурыз әйелдер күнімен құттықтаймын! Мереке күні адал махаббат жылуын, шынайы сүйіспеншілік шуағын тілеймін! Асқаралы атақ пен берекелі беделің болсын, ана!

Маған арнап бар асылды жинадың,

Мейіріміңді, жүрегіңді сыйладың,

Әлем сенің табаныңда бас иер,

Жан анашым, құтты болсын мейрамың!

6-оқушы Шамшырақ

Баланың да тірегі
Даланың да тірегі
Шаншымасын ешқашан
Аналардың жүрегі
Бәріңізде анасың
Біз үшін күн боп жанасың
Құтты болсын мейрамың
Құттықтаймын анашым

1-жүргізуші:
Бишілер бар бізде қыздар мен ұлдар тобы,
Мерекеге келген бүгін өнерімен
Таң қалдырып, қанекей би билеші,
Қол соғып, демеу берсе көрермені! - деп кезекті Амандықов Азимбектің орындауында «Жаяу» әні және сыныптың байсалды да байыпты бишілеріне береміз.

2-жүргізуші: Десек те уақытпен жарыспайды,
Қиялға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,
Өнерін аналарға бағыштайды -дей отырып, Өткелбай Бақдәулет, Қыдырәлі Ақбота орындауында «Алло» қарсалыңыздар!

1-жүргізуші:
Жыр арнайық оларға жігері ассын,
Гүл арнайық көңілі шалқып тассын.
Сыр арнайық жүректі жарып шыққан,
Нұр арнайық қуатын беріп жастың,- Хор «Балалық шақ»тамашалаңыздар!!

2-жүргізуші:
О,анашым неткен жансың мейірімнен жаралған
Мәнгілікке арамызда шалқып-тасып жүр аман
Егер де сен еш ауырмай,күліп-ойнап қуансаң
Бұл тәңірден одан басқа,ешбір тілек сұрамаймың
Өмірдегі ең асыл жан- АНА. Сол үшін балалар аналарымызды сыйлайық, ардақтайық, еш уақытта ренжітпейік.

1-жүргізуші:

Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше
Осымен концертіміз аяқталды.

Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Мен ана деген сөзді қанша айтсам да жалықпаймын.Ана баланың амандығын бақытты, абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды.. Ана-тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі.. Ендеше, анамызды сыйлап, құрметтейікші! Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар! 8 наурыз құтты болсын!

2-жүргізуші:

Балаларыңыздың шын жүректен еңбектеніп жасаған сыйлықтарын тапсыруға руқсат етіңіздер.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 379 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.03.2016 1308
    • PPTX 197.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жакыпова Улжалгас Адилхановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жакыпова Улжалгас Адилхановна
    Жакыпова Улжалгас Адилхановна
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6464
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Ресурсы библиотерапии в работе с детьми дошкольного и младшего школьного возраста

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 49 человек

Курс повышения квалификации

Проективные методики в начальной школе в соответствии с ФГОС

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 59 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 450 человек

Курс повышения квалификации

Теория, методика и практика обучения младших школьников основам шахматной игры в условиях реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 48 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 188 человек

Мини-курс

Психология развития и воспитания детей: особенности и подходы

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 15 регионов

Мини-курс

Основы искусствознания

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 10 человек

Мини-курс

Культурное наследие России: язык и фольклор

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 17 человек