Инфоурок Социальному педагогу ПрезентацииПрезентация на тему "Адаптация 5 классов"

Презентация на тему "Адаптация 5 классов"

Скачать материал
Скачать материал "Презентация на тему "Адаптация 5 классов""

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Микробиолог

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • 5 сынып 
оқушыларының орта буынға
 бейімделуі  

                 Құрастыр...

    1 слайд




    5 сынып
    оқушыларының орта буынға
    бейімделуі

    Құрастырған:
    Турсын Маржан Май ауданы Каратерек ауылы


    2015-2016 оқу жылы.

  • Өзектілігі:
    Оқушылардың бастауыш буыннан орта буынға көшу кезеңін қалыпты...

    2 слайд

    Өзектілігі:
    Оқушылардың бастауыш буыннан орта буынға көшу кезеңін қалыпты психологиялық ахуалмен өтуге жағдай жасалуы қажет. Оқушының жаңа жағдайға бейімделу барысында түрлі әлеуметтік-психологиялық қиындықтарға тіреледі. Бір мұғалімнен бірнеше мұғалімдермен қатынасқа түсу; оқу пәндерінің өзгеріп, көбеюі, күн тәртібіндегі өзгерістер т.б. Осының бәрі: тез шаршау, көңіл-күйінің бұзылуына, оқу үлгерімінің төмендеуіне, мазасыздануына, қобалжуының пайда болуына әкеліп соқтырады. Осы кезеңде оқушыларға педагогикалық-психологиялық көмек қажет.

  • Мақсаты:
   Ауыспалы кезеңдегі тұлғаның жас және жеке ерекшеліктерін зер...

    3 слайд

    Мақсаты:
    Ауыспалы кезеңдегі тұлғаның жас және жеке ерекшеліктерін зерттеп, кездесетін психологиялық сәтсіздіктерін болдырмаудың жолын іздестіру
    Міндеттері:
    1.            Танымдық процестерін, қарым-қатынасын, өзіне деген көзқарасын, тәртібін бақылау.
    2.             Орта буындағы сыныпта оқушыға қажет қасиеттермен таныстыру.
    3.             Орта буынға ауысуға дайын екендіктеріне сенімділіктерін арттыру.
    4.            Жұмыс жасауға жақсы көңіл-күй орнату.
    5.            Мұғалімдерге, ата-аналарына бесінші сыныпқа бейімделу ерекшіліктері, үлкендер қандай көмек бере алатыны туралы кеңес беру.
    6.            Оқушыларға сабақ арқылы бейімделуге көмек беру.
    7.            Бейімделу деңгейін казан айында және оқу жылдың аяғында зерттеу.
    8.            Өткізген жұмыстарға анализ жасау.



  •   Іс-шаралардың жоспары. 
1.     Танысу. 5 сыныппен танысу, сабақта не істелі...

    4 слайд

      Іс-шаралардың жоспары.
    1.     Танысу. 5 сыныппен танысу, сабақта не істелінеді, мақсатын, кездесіп отыру.
    2.     Диагностикалық минимум. Өзіне деген көзқарасы. Өз-өзін бағалау. Зейін деңгейі. Ақыл-ойының қабілеті, даму деңгейі. Мотивация ерекшелігі.  Мектепте мазасыздану.
    3.     Дамыту сабақтар,
    4.     Ата-аналар жиналысы. Кеңес беру.
    5.   Психолого-педагогикалық ойын. Ақ жол.
    6.    Пән мұғалімдерімен таныстыру, кабинеттердің орналасуы, топта бірігіп жұмыс істеу.
        7. Семинар мұғалімдермен.
    Оқушылардың бейімделуі, жас ерекшелігі туралы кеңес беру.
    8. Бейімдеу сабақтары.-Аптасына 1 рет.
    9. Диагностикалық минимум.- Филлипс тесті.
    10. Бақылау диагностикасы.
    Өзін-өзі бағалау. Мазасыздану, мотивациясы



  • 5 слайд

  •     Сабақ 1 Танысу 
Мақсаты: Тренинг ережесімен танысу, бір-бірімен қарым-қат...

    6 слайд

        Сабақ 1 Танысу
    Мақсаты: Тренинг ережесімен танысу, бір-бірімен қарым-қатынас жасау әдістерін талдау.
    Сабақ барысы
    Кіріспе
    Жаттығу. Аты және қасиеті. Допты кезекпен бір-біріне лақтырып өзің де айтып шығады.
    Бізге ереже қажет. Талдау.
    Оқушылар сабаққа неге келеді?
    Сабақта тәртіп ережесі бар ма?
                         

  • Негізгі бөлім. 
Ойын менің мекен жайым. Барлығы бір уақытта өз адресін айтады...

    7 слайд

    Негізгі бөлім.
    Ойын менің мекен жайым. Барлығы бір уақытта өз адресін айтады, әр біреуі оны естісе екен деп қатты айтады. Жүргізуші біреудің адресін сұрайды. Бірінші ереже бір- бірін тыңдау.
    Екінші-басқаға кедергі жасамау.
    Дұрыс немесе қате жауап жоқ. Бір-бірін ренжітпеу.
    Сен өзіне сенімді боласың егер саған кедергі жасамаса.
    Басқаға кедергі жасамайтындай қылып барлығын істеуге болады Сенімді болуға болады, сені ешкім ренжітпесе.
    Қорытынды.
    Менің көңіл-күйімнің түсі.
    Қоштасу ритуалын келісіпорындау.


  • 2-сабак: Бесінші сыныпқа бейімделуге көмек. 
Мақсаты: 5-ші сыныпқа орта буын...

    8 слайд

    2-сабак: Бесінші сыныпқа бейімделуге көмек.
    Мақсаты: 5-ші сыныпқа орта буынға бейімделуге мұғалімдердің көмек беру мотивациясын дамыту, кездесетін қиындықтарды талдау, дезадаптацияның алдын алу.
      Сабақ жабдықтары:
      1.           Сұрақтар оқушыларға қойылатын бірыңғай  талаптар бойынша.
    2.           Жадынама. «Бағалау қауіпсіздік техникасының ережесі».
    3.           Қасиеттер жазылған үлестірме кағаз.
    4.           Люшер тесті. 8 түсті үлестірме кағаз.
    5.           Оқушылардың мұғалімдерді эмоционалдық қабылдау кестесі.
      Сабақ барысы.
      I.                   Кіріспе сөз.
    -Бүгін біз семинар-тренинг «Бесінші сыныпқа бейімделуге көмек» өткізуге жиналдық. Осы семинарда өздеріңізге кажетті, күнделікті жұмыста қолданатын кеңес аласыздар деп  сенеміз.
    Мұғалімдер атап шығады: кабинеттерді табу, мұғалімдердің әр түрлі талаптары, мұғалімдердің әр турлі эмоционалдқ қабылдауы.

  •   II.                Қатысушыларды сергіту. 
Біз шеңбер жасап отырдық. Күндел...

    9 слайд

      II.                Қатысушыларды сергіту.
    Біз шеңбер жасап отырдық. Күнделікті отырыстан айырмашылығы бар екенін білеміз. Осындай отырыстын жақсы, жаман жағын атап шығайық шеңбер бойымен.
      III.             Еске түсіру.
    -         Өздеріңіздің бастауыш сыныптан орта буынға ауысу кезеңді еске түсіріңіздерші. Қандай қиыншылықтар еске түседі?
    Мұғалімдер атап шығады: кабинеттерді табу, мұғалімдердің әр түрлі талаптары, мұғалімдердің әр турлі эмоционалдқ қабылдауы.
    IV.            Бірыңғай талаптар.
    Мұғалімдерге сұрақтар.
    -Дәптерді толтыру, орындалған жұмыстарды жазу талаптары. Неше тор, нешежол қалтыру қажет?
    - Қазақ тілін бермейтін мұғалімдерге дәптердегі қателіктерін түзеп, оған сол үшін бағасын төмендеткен дұрыс па?
    - Сынып кезекшісі нені орындауы міндетті?
    - Сонымен мұғалімдердің қойятын талаптары әр түрлі. Қалай ойлайсыздар әр түрлі талаптар алған оқушы  осындай сәтте нені сезінеді?  Мазасызданған, қобалжыған оқушыға кандай көмек беру болады? Осыған біз не істей аламыз?


  • V. Ассоциация. 
өзіне сенімді                      өзіне сенімсіз      шынд...

    10 слайд


    V. Ассоциация.
    өзіне сенімді                      өзіне сенімсіз      шындық
    көнушілік                          ашулы                қайсарлық
      біреуге тәуелді                  белсенді              мінезі ашық
    Түсті төртбұрыштар осы қасиеттердің жанына ілінеді.
    -Енді біз бесінші сынытың ассоциациясын ілеміз.Балалар сіздерді қалай қабылдайды екенін көріңіздер.
    Егер сіздер жақсы немесе жаман  эмоционалдық қарым-қатынас деңғейінде болсаңыздар нені сезінесіздер.
    Балалар қара түспен мұғалімді көрсетпес үшін не істеу керек?
                    VI. Басқаға ауысу.
    –Енді сіздердің қажу деңгейлеріңізді анықтайық.Егер жоғары болса-отырып иықтарыңызды түсіріңіз, орташа болса-тұрып қолды төмен түсіріңіз, аз ғана болса тұрып қол көтеріңіз. Сәл ғана болса қалай көрсетесіз? Рахмет, орындарыңызға отыруға болады.
     

  •   VII. Жұмыс орындау динамикасы. 
Сергіту сәті оқушының қажығаның азайтады бі...

    11 слайд

      VII. Жұмыс орындау динамикасы.
    Сергіту сәті оқушының қажығаның азайтады бірақ орта буында оны орындауға уақыт шектеулі деп назар онша аударылмайды.
    Жұмыс орындау механизмінің циклі.
    3-5 минут – дайындық
    15-20 минут –  оптимум
    20-шы минуттан кейін қажу
    Табиғи биоритммен қажуды сабақта қалай реттеп отырасыз?  
    VIII.      Баға қою қауыпсыздық ережесі.
    Екі немесе үш баға жеткілікті жазалау. Ата-анасынан жазалауды талап етпеңіз, бала үйде өзің жақсы сезіну керек.
    Орындаушыны мақтаңыз, сын беріңіз орындалғанына, өзіне емес.
    Мақтауға аянбаңыз. Балаға шамасы жететін талаптар біртіндеп қойыңыз.
      IX. Қорытынды жасау.

  • 3 сабақ. «5-ші сынып дегеніміз не ?»
Мақсаттары:  балаларды сабақтың мақсатта...

    12 слайд

    3 сабақ. «5-ші сынып дегеніміз не ?»
    Мақсаттары:  балаларды сабақтың мақсаттарымен жұмыс түрімен таныстыру, сабақта өзін-өзі ұстау ережелерін қабылдау; ішкі ресурсты іске асыру, құрдастарымен бірге пікірталастарға қатысу және сұрақтарға жауап беру.
    Міндеттері: Бастауыш мектеп оқушысымен салыстырғанда бесінші сынып оқушысының мәртебесі туралы түсінікті дамыту; әрбір баланың өзі басқаларға таныстыруына мүмкіндік беру.
    Көрнекіліктер: дәптерлер, қаламдар, жазуға арналған шағын қағаздар, альбом беттері.  «Школьный путь» суреті бар ватман парағы, жұмсақ ойыншық немесе доп. Портфельдің суреті А3 форматты парақ.
    Сабақтың барысы:Танысу  «Есім және гүл» жаттығуы
    Ережелерді қабылдау. Тақырып бойынша жұмыс:
    «Сөйлемді жалғастыр» ойыны
    Тақтада немесе орташа шеңберде «Оқушының жолы» суреті бекітіледі. Онда 1-ші сыныптан 10-шы сыныпқа дейін мектеп жолын бейнелейтін тау суреттелген.
    Қатысушыларға сөйлемдерді жалғастыру ұсынылады: «Бастауыш мектептен менің есімде қалғаны...», «Бесінші сыныпта менің .... көргім келеді...».
    Барлығы шеңбер бойынша, бір-біріне допты немес жұмсақ ойыншықты бере отыра, өз ойларын айтады.Жүргізуші неғұрлым қызықты және оптимистік пікірлерді атап өтеді, оқушылардың мектептік тәжрибесінің жоғары екендігін, сондықтан да олардың одан арғы жолы жеңіл болатындығын айтады. Ол қандай болады ?
    Жүргізуші 5-ші сыныпқа көшуге байланысты, оқушылардың мектеп өмірінде жаңадан не пайда болғандығы туралы айтуды ұсынады.
    тұрғандығы туралы әңгіме өткізеді.
    Біздің сабақ қалай өткендігін қарайық. әрқайсысы жазылған төрт бет пішіннен екеуін таңдап алайық: қызықты ма немесе қызықсыз ба; қиын ба әлде оңай ма? Өздеріңнің нұсқаларыңды өздерің салған портфелдеріне жазыңдар.
    Үй тапсырмасы
    Сен үшін, сені қоршаған адамдардың бойындағы қандай қасиеттер маңызды деп есептелінетіндігін үйде жаз (10 нұсқадан артық болмауы қажет).

  • Жаттығу: «Кім... нені»
Кім тәттіні жақсы көреді, солар бір адым алға шығады;...

    13 слайд


    Жаттығу: «Кім... нені»
    Кім тәттіні жақсы көреді, солар бір адым алға шығады; кімде мысық бар, солар оң қолдарын көтереді; футбол ойнау кімге ұнайды, солар тізерлеп отырады; және т.с.с.
    Жаттығу аяқталғаннан соң кім 5-ші сыныптың оқушысы болып енеді соларға қолдарын көтеру ұсынылады. Осы сәтте жүргізуші қатысушылардың ортақ істерінің көптігін атап өтеді.
    «Мектеп жолы» жаттығуы.
    Жүргізуші балалармен олардың өткен жолдары және алда не күтіп тұрғандығы туралы әңгіме өткізеді.
    «Мен үшін не маңызды?» жаттығуы.
    Балаларға өздерінің ата-аналарымен ұзақ уақытқа  каникулға кететіндігін, демалыстарын елсіз аралда өткізетіндіктерін көз алдарына елестетулері қажет. Ата-аналары балаларға тек қана оларға ең маңызды  үш затты жол сандығына салу керектігін айтады.
    -           Сендер нені таңдайсыңдар? Осы заттардың аталуын қағаз бетіне жазыңдар (5 минут).
    Одан әрі балалар тізімді оқып, неліктен нақ осы заттарды таңдағандарын айтып берулері қажет.
    Талқылау
    -           Сен таңдағанды таңдаған біреу бар ма?
    -           Кімнің жазбалары сені таң қалдырды?
    -           Сендердің көпшілігіңде қызықты және маңызды заттар бар ма ?
    -           Кім туралы жаңа нәрсе білдің ?
     Сабақтың талдауы (кері байланыс)
    Біздің сабақ қалай өткендігін қарайық. әрқайсысы жазылған төрт бет пішіннен екеуін таңдап алайық: қызықты ма немесе қызықсыз ба; қиын ба әлде оңай ма? Өздеріңнің нұсқаларыңды өздерің салған портфелдеріне жазыңдар.
    Үй тапсырмасы
    Сен үшін, сені қоршаған адамдардың бойындағы қандай қасиеттер маңызды деп есептелінетіндігін үйде жаз (10 нұсқадан артық болмауы қажет).

  • «Мен және біз» 
  Бесінші сынып оқушыларының әлеуметтік дағдыларын дамыту тре...

    14 слайд

    «Мен және біз»
      Бесінші сынып оқушыларының әлеуметтік дағдыларын дамыту тренинг-сабақтар.
      Ата-аналарға жадынама
    ·        Балаңызға өзіңіз мектепте оқығаныңыз туралы әңімелеп көңілін көтеріңіз.
    ·        Сабақ үлгерімі, тәртібі, басқалармен қарым-қатынасы туралы үнемі мұғалімдермен әңгімелесіп отырыңыз.
    ·        Сабақ үлгерімінің бағасын өзіңіздің жазалау немесе мақтаумен байланыстырмаңыз.
    ·        Өз балаңыз оқитын мектептің еркшілігін, бағдарламасын біліңіз.
    ·        Үй жұмысын орындауға көмектесіңіз, бірақ өзіңіз орындамаңыз.
    ·        Мектепте нені оқытатынына баланың  қызғушылығын арттыруға көмектесіңіз.
    ·        Мектеп өмірінде өзгеріс болып жатқанда, үйде бірқалыпты, жайбарақат атмосфера орнатуға тырысыңыз.     

  • .     Біз және біздің әдеттеріміз. 
Мақсаты: Күн тәртібін жасау, оны орындау...

    15 слайд

    .     Біз және біздің әдеттеріміз.
    Мақсаты: Күн тәртібін жасау, оны орындау өздігімен жұмысын жоспарлай білу.
    Сабақ барысы
    Кіріспе. Ойын. Мұрын-еден-төбе. .Кемпір-қосақ үстімен.
    Әдет-дегеніміз... талдау.
    Кім сабағын келе сала орындайды, кім демалып алған соң.
                  
    Күн тәртібінің қажеті.Менің жұмыс аптам.
    Кесте құру. Күндерді түсті қағазбен орындау.
    Қорытынды.Күн тәртібі немен ассоциацияланады.

  • 5 сынып оқушыларында кездесетін қиын жағдайлар:
Әр түрлі мұғалімдер көп (барл...

    16 слайд

    5 сынып оқушыларында кездесетін қиын жағдайлар:
    Әр түрлі мұғалімдер көп (барлығын есте сақтап олардың талаптарына үйрену керек);
    Үйреншіксіз жаңа сабақ кестесі (жаңа режим);
    Көптеген жаңа кабинеттер, олар әртүрлі жерде орналасқан;
    Сыныпта жаңадан келген оқушылар пайда болып жүреді;
    Жаңа сынып жетекші;
    Жоғары сынып оқушыларымен тіл табыса алмайтын кездер болады (асханада, үзілісте).
    Бейімделу кезеңіндегі проблемалар
    Соматикалық проблемалар – баланың деңсаулығындағы ауытқулар;
    Эмоционалдық қиыншылықтар, қобалжу, мектептегі проблемалар туралы уайымдау;
    Бейімделу кезеңінің дұрыс өтпеуі дезадоптацияға әкеледі, яғни бала өз еркімен  қиыншылықтарға төзе алмауы;
    Интеллектуалдық іс-әрекеттің бұзылуы;
    Өз сыныптастарынан  даму жағынан қалып қоюы;
    Тәртіптілік – моральдық және құқықтық нормаларға сәйкес келмейтін тәртіптің түрі;
    Коммуникативтік проблемалар – үлкендермен өз құрдастары мен қарым-қатынас жасай алмауы.
     

  • Қобалжуды қалай тануға болады.
-Бейімделуде қиыншылықтар бар болса мынадай бе...

    17 слайд

    Қобалжуды қалай тануға болады.
    -Бейімделуде қиыншылықтар бар болса мынадай белгілер арқылы білуге болады:
    –Баланың сыртқы келбеті шаршаған, шалдыққан.
    –Өткен күн туралы айтпайды
    –Мектептен тыс басқа тақырыптарға әңгімелесіп кетуі
    –Үй жұмысын орындауға еріну
    –Мектеп атына, мұғалімдерге, оқушыларға кір келтіріп сөйлеу.
    –Мектепке байланысты кейбір оқиғаларды жамандау.
    –Тұрақсыз ұйқы.
    –Таңертең тұрғанда қиналу.
    –Үнемі өзін жаман сезіну.
    Мен осы баяндамамды шығыс данасы Абдул Баханың сөзімен аяқтағым келеді: Мұғалімнің еңбегі бағбан еңбегімен пара-пар, өйткені бағбан әртүрлі өсімдіктерді күтіп, баптайды. Кейбір өсімдіктер күн сәулесін сүйсе, кейбіреулері- салқын самал көлеңкені, кейбіреуі ағынды су жағасын, ал кейбірі тау шыңын сүйеді. Кей өсімдік құмдақты жерді, кейбірі құнарлы, шұрайлы жерлерді ұнатады. Әрқайсысы өзіне тиімді күтімді қажет етеді, ал олай болмаған жағдайда нәтижесі қанағаттандырылмайды.


  • Бастауыш буыннан орта буынға өту кезеңінде 
туындаған қиындықтарды анықтау
М...

    18 слайд

    Бастауыш буыннан орта буынға өту кезеңінде
    туындаған қиындықтарды анықтау

    Мақсаты:
    Бастауыш буыннан орта буынға өту кезеңіндегі әлеуметтік және психологиялық бейімделу деңгейін анықтау.
    Әдістеме:
    Филлипстің мектептегі мазасыздық деңгейін анықтауға арналған тесті.

    Пайдаланылған әдебиет:
    Психология подростка. Практикум.
    Тесты, методики для психологов-педагогов, родителей. Ред. А.А.Реана. – СПб.:
    ”Прайм-Еврознак”, 2003 г.
    Жалпы мектептегі мазасыздығын;
    әлеуметтік қобалжуды басынан өткізуін;
    жетістікке жету жолындағы қажеттіліктерді өтеудегі кедергілерін;
    өзін-өзі көрсетудегі қорқыныш сезімдерін;
    білім тексеру барысында пайда болатын сенімсіздіктерін;
    “қоршаған ортаның талабына сай болмай қаламын-ау” деген қорқыныш, үрейлерін;
    физиологиялық стресске қарсы күресінің төмендігін;
    мұғаліммен қарым-қатынас жасау кезіндегі пайда болған қорқыныш сезімі мен келелі мәселелерін анықтау.



  • Мектептік мазасыздық деңгейін анықтау тестінің сұрақтары1.Сынып оқушыларыны...

    19 слайд

    Мектептік мазасыздық деңгейін анықтау тестінің сұрақтары

    1.Сынып оқушыларының деңгейінде өзіңізді ұстау қиынға соғады ма?
    2.Материалды қаншалықты меңгергенін білу мақсатында мұғалім сізге сұрақ қойса сіз мазасызданасыз ба?
    3.Мұғалімнің талап қойғанындай сынып ішінде жұмыс істеу қиын ба?
    4.Сіздің сабақ білмей қалуыңыздан мұғалім ашуланып тұрғанын түсіңізде жиі көресіз бе?
    5.Сыныптастарыңыз сізді ұрған кездері болды ма?
    6.Мұғалім жаңа материалды түсіндірген кезде жай, асықпай, сізге түсінікті етіп сөйлесе екен деп ойлайсыз ба?
    7.Тапсырманы орындағанда, жауап бергенде сіз мазасызданасыз ба?
    8.Сіз «қате жіберіп қоямын» деген қорқынышты сезімнен өз ойыңызды ашық айта алмайтын кездеріңіз болады ма?
    9.Жауап беруге шақырған кезде сіздің тізелеріңіз дірілдеп кетеді ме?
    10.Әртүрлі ойындар ойнаған кезде сыныптастарыңыз сізді келеке-келемеждеп, мазақтайды ма?
    11.Сіз күткеннен төмен бағалар қоятын кездер болады ма?
    12.«Мені екінші жылға қалдырады» деген қорқыныш сізді мазалайды ма?
    13.«Мен таңдалмай қаламын» деген күдікті ойдан сіз сынып ішіндегі таңдау арқылы ойналатын ойындардан бас тартасыз ба?
    14.Сізге сұрақ қойғанда, жауап беруге шақырғанда бүкіл денеңіз дірілдеп кететін кездеріңіз болды ма?
    15.«Менің істеген іс-әрекетімді басқа сыныптастарым істегісі келмейді» деген күдікті ойлар жиі толғандырып тұрады ма?
    16. Тапсырманы орындамас бұрын сіз өте қатты мазасызданасыз ба?
    17. Ата-анаңыздың сізден күтетін бағаларын алу сізге қиындыққа түсе ме?

  • 18. Сынып ішінде мазаққа қаламын деп қорқатын кездеріңіз жиі бола...

    20 слайд


    18. Сынып ішінде мазаққа қаламын деп қорқатын кездеріңіз жиі бола ма?
    19. Жауап берген кезде қате жіберіп қойсаңыз, қателессеңіз сыныптастарыңыз сізге күлмей ме?
    20. Сіз өз сыныптастарыңызға ұқсайсыз ба?
    21. Тапсырманы орындап біткеннен кейін «дұрыс па?», «бұрыс па?» деп ойлайсыз ба?
    22. Сыныпта жұмыс істеп отырған кезде барлығын «есімде сақтап қаламын» дегенге сенімдісіз бе?
    23. Сіздің түсіңізге мектептегі мұғалімнің сұрағына жауап бере алмай тұрған кездеріңіз жиі кіре ме?
    24. Сізге көпшілік оқушылар достық қарым-қатынаспен қарайды ма?
    25. Егер де сіздің жұмысыңыздың қорытындысын басқа сыныптастарыңызбен салыстыратынын білсеңіз, сіз тереңдетіп айналысып, жұмыс жасайсыз ба?
    26. Сізге сұрақ қойғанда мазасызданбай жауап бере алатындай жағдайға жетуді армандайсыз ба?
    27. Бәстесуге түсіп қаламын деп қорықпайсыз ба?
    28. Мұғалім сіздердің сабаққа дайындықтарыңызды тексеруге ниеттене бастағанда, сіздің жүрегіңіздің қатты соғатынын сезесіз бе?
    29. Сіз қандай да бір пәннен жақсы баға алдыңыз делік, сіздің достарыңыздың біреуі «бұл бағаны сіз жағымпазданып алды деп ойлайды» деп ойламайсыз ба?
    30. Өз сыныптастарыңыздың арасындағы сыйлы оқушылардың арасында өзіңізді жақсы сезіне аласыз ба?
    31. Сыныптастарыңыз сіздің намысыңызға тиетін сөздерді айтатын кездері болды ма?
    32. Оқуда үлгермейтін оқушылардың алатын орны өзгереді деп ойлайсыз ба?
    33. Сыныптастарыңыздың басым көпшілігі сізге мән бермейтін сияқты көрініп тұрады ма?

  • 34. Күлкілі көрініп қаламын деп ойламайсыз ба?
    35. Мұғалімдерд...

    21 слайд


    34. Күлкілі көрініп қаламын деп ойламайсыз ба?
    35. Мұғалімдердің сізге деген қарым-қатынасы сізді қанағаттандырады ма?
    36. Басқа сыныптастарыңыздың анасындай сіздің анаңыз сыныпішілік мерекелік іс-шараларды ұйымдастыруға көмектесе ме?
    37. «Қоршаған ортадағы адамдар мен туралы не дейді?» деген ой сізді мазалайды ма?
    38. Болашақта бұрынғыдан гөрі жақсы оқимын деп үміттенесіз бе?
    39. Сіз сыныптастарыңыз сияқты мектепке жақсы киімдер киемін деп санайсыз ба?
    40. «Мен сабақта жауап беріп тұрған сәтте басқалар мен жайлы не ойлайды екен» деп ойлайсыз ба?
    41. Сыныптастарыңыздың ішінде басқа сыныпта жоқ, ерекше қабілетті оқушы бар ма?
    42. Сыныптастарыңыздан жоғарғы деңгейде көрінген кезде олар сізге ашулана ма?
    43. Сыныптастарыңыздың сізге деген қарым-қатынасына қанағаттанасыз ба?
    44. Мұғаліммен бірге жалғыз қалғанда өзіңізді жақсы сезінесіз бе?
    45 Сіздің сыртқы пішініңізді, тәртібіңізді сыныптастарыңыз мазақтайды ма?
    46. Басқа сыныптастарыңызға қарағанда сізді мектептегі іс-әрекет көптеп мазалайтын сияқты көрінеді ме?
    47. Сіз қойылған сұрақтың жауабын білмей қалсаңыз міне-міне жылап жібе

  • «5-ШІ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АТА-АНАЛАРЫНА ПСИХОЛОГТЫҢ ҰСЫНЫСЫ»
 
      Бесінші с...

    22 слайд

    «5-ШІ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АТА-АНАЛАРЫНА ПСИХОЛОГТЫҢ ҰСЫНЫСЫ»
     
          Бесінші сыныпта оқыту жағдайы түбегейлі өзгереді. Балалар негізгі мұғалімнен «сынып жетекші» жүйесіне, сабақ беруші ұстаз – мұғалімге ауысады. Сабақтар әр түрлі кабинеттерде жүреді.
         Негізінен бастауыш сыныптан орта буынға көшу балалық шақтың аяқталуымен сай келеді. Тәжірибе көрсеткендей бұндай кезеңді көптеген балалар өз өмірлеріндегі ең негізгі кезең деп қабылдайды. Олар өздерінің «кіші сыныптағы оқушымын» деп санамайды, және бұл кезеңді мақтан тұтады.
         Бастауыш сыныптан орта буынға көшу оқушының психикасының жүктемесінен өсуімен байланысты. Психологиялық және психофизиологиялық зерттеулер көрсеткендей оқушылар жаңа оқу барысына бейімделу кезеңін бастан кешіреді.
         Оқытудың шарттарның күрт өзгеруі, талаптардың әр түрлі болуы, бастауыш сыныптағы «үлкен» деген атаудан күрт «ең кішілер» деген позияцияда болуы оқушы психикасы үшін күрделі тәжірибе болып табылады.

  • Баламен мектептегі өмірі туралы әңгімелесіңіз:
      Өзіңіздің қызығушылық сұ...

    23 слайд

    Баламен мектептегі өмірі туралы әңгімелесіңіз:
          Өзіңіздің қызығушылық сұрақтарыңызды «Сенің мектептегі күнің қалай өтті?» деген қарапайым сұрақтармен шектемеңіз. Әр жұма сайын балаңызбен мектеп жайлы әңгімелесіңіз. Балаңыз айтқан әр есімді, болған оқиғаларды есте сақтаңыз. Бұл есімдерді балаңызбен мектеп жайында әңгілемелескеде қолданасыз. Сонымен қатар балаңыздан өзінің сыныптастары жайлы, сыныптағы іс-әрекеттер жайлы, мектептік пәндер туралы, ұстаздар туралы сұраңыз.
       Сынып жетекшімен әрқашан тығыз қарым-қатынаста болыңыз. Сынып жетекшімен өз балаңыздың тәртібі, үлгерімі, сыныптастарымен қарым-қатынасы жайлы сұраңыз. Қажет болмаған жағдайдың өзінде сынып жетекшімен кемінде бір айда бір рет кездесіп отырыңыз. Сынып жетекшімен әңгімелесу барысында балаңыздың оқуы үшін барлық жағдай жасайтыныңызды айтыңыз. Егер сынып жетекшімен келіспейтін жағдайда мәселені ұрыссыз шешуге тырысыңыз.
         Балаңыздың үлгерімі үшін алған бағасын өзіңіздің  жазалау немесе мақтау  жүйесі есебінде қолданбаңыз.
         Сіздің балаңыз үлгерімі үшін алған жақсы бағаны  мақтау ретінде, нашар бағаны жаза ретінде есептеуі тиіс. Егер балаңыздың үлгерімі жақсы болса, өзіңіздің қуанышыңызды көрсетіңіз, кейде бұл үшін кішігірім мерекелер де ұйымдастыруға болады. Бірақта өзіңіздің қамқорлығыңызды мектепте барлығы ойдағыдай болмаған жағдай
    да көрсетіңіз. Ата-ана үшін баға емес, баланың алған білімі маңызды екенін түсіндіріңіз. Сондықтан да балаңызға білімнің қашан және не үшін керек екендігін түсіндіріңіз.

  • Мұғалімдерге психологиялық кеңес
Бала сізден қорықпасын десеңіз:
§Оның қателе...

    24 слайд

    Мұғалімдерге психологиялық кеңес
    Бала сізден қорықпасын десеңіз:
    §Оның қателерін кешіруге,
    §Жазаламауға,
    §Айтқандарына мән беруге,
    §Ол үшін барлық нәрсеге дайын екендігіңізді көрсетуге,
    §Досы секілді жақындауға,
    §Мейіріміңізді аямауға,
    §Сүйіспеншілігіңізді көрсетуге тырысыңыз.
     
    Балалар сізден жалықпасын десеңіз: 
    §Сан рет қайталаудан,
    §Үстіне түсіп әрдайым өбектеуден,
    §Әр қадамын аңдудан,
    §Берген сөздеріңізді ұмытудан!
     
    Оқушыларға сабақ беретін ұстаз:
    -Өзінің педагогикалық концепциясы бар
    -Өз мамандығы бойынша құзыретті
    -Коммуникативті
    -Эмоционалды жағынан бір қалыпты
    -Жан-жақты дамығын
    -Жаңашыл

  • Күтілетін нәтиже:

     Психологиялық дені сау тұлға қалыптастыру;...

    25 слайд

    Күтілетін нәтиже:

    Психологиялық дені сау тұлға қалыптастыру;
    Мектептегі, жанұядағы басқа адамдармен жақсы қарым-қатынас;
    Өз-ойын еркін жеткізе алуы;
    Болашақта қоғамның негізін қалаушы, мәдениетті, рухани бай адамзатты тәрбиелеу.

  • Қолданылған әдебиеттер тізімі:
Арутюнян Ю.В. Этносоциология/Ю.В.Арутюнян. Л.М...

    26 слайд

    Қолданылған әдебиеттер тізімі:
    Арутюнян Ю.В. Этносоциология/Ю.В.Арутюнян. Л.М.Дробижева . М, 1999. С .271.
    Бектаев Қ. Сөздік/Қ. Бектайұлы. Алматы.2001. 704бет
    Безруких М.М. Ефимова С.П. Знаетели вы своего ученика?/М.Просвещение .1991.С.176
    Битянова М.Р.Организация психологической работы в школе.Моква,издательство Совершенство.,1997.с298
    Большой толковый психологический словарь/Сост.А.Вебер.-м.:Вече,2000.-597с.
    ГуревичК.М. Что такое психодиагностика/ К.М.Гуревич.-М.: 1985.-80с.
    Диагностика самоактуализации личности (А.В.Лазукин в адаптации Н.Ф.Калина) / Фетискин Н.П., Козлов В.В., Мануйлов Г.М. Социально-психологическая диагностика развития личности и малых групп. - М., 2002. C.426-433.
    Дубовицкая Т.Д. Методика диагностики направленности учебной мотивации // Психологическая наука и образование. –2002. –№2. –C. 42 - 45
    Жарықбаев Қ.Табылдиев Ә. Әдеп және жантану. Атамұра-Қазақстан, 1994.144бет.
    Жарықбаев Қ. Психология. Алматы, «Білім», 1993.272
    Крысько В.Г. Этнопсихологическии словарь./В.Г.Крысько.М.1999. С.342
    Қазақша – орысша сөздік. Алматы, «Атамұра» баспасы, 2000 ж.
    Немов Р.С., «Психология» пособие для учащихся 10-11классов.
    Немов Р.С. Практическая психология./Немов Р.С. М.1998.С.320.
    Романова Н. Этнопсихологические процессы в Республике Казахстан/Вопросы психологии №5. 2002.
    Руководство практического психолога. Готовность к школе:развивающие программы.под.ред.И.В.Дубровиной, Москва.,Аcadem A.,1998.
    Тихомирова Л.Ф. Басов Л.В. Развитие логического мышления детей. Ярославль. 1998.С.240.
    Ресми – іскери тіл: Қазақша – орысша тіркесімдер сөздігі. Алматы.Арман ПВ. 2005,-376 б.
    Рогов Е.И. Настольная книга практиического психолога. М.: Издательство ВЛАДОС-ПРЕСС,2006. – 383с..

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 995 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 21.11.2015 4740
    • PPTX 218.2 кбайт
    • 58 скачиваний
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Турсын Маржан Канатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Турсын Маржан Канатовна
    Турсын Маржан Канатовна
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 18711
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Основы деятельности социального педагога с детьми с ОВЗ

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 328 человек

Курс повышения квалификации

Профориентационная деятельность для лиц с интеллектуальными нарушениями и выпускников коррекционных школ

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 92 человека

Курс профессиональной переподготовки

Организация психолого-педагогической и социальной работы с несовершеннолетними

Специалист органа опеки и попечительства в отношении несовершеннолетних

600 ч.

9500 руб. 4750 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 43 человека из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 108 человек

Мини-курс

Успешая команда: опросы, сторис

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Развитие дошкольного мышления

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 19 человек

Мини-курс

Психология и педагогика в работе с подростками

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 54 человека из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 28 человек