Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / География / Презентации / Презентация на тему: "Алакөл- табиғат сыйлаған шипа!"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • География

Презентация на тему: "Алакөл- табиғат сыйлаған шипа!"

библиотека
материалов
Алакөл-табиғат сыйлаған шипа Алакөл - Қазақстандағы Алматы және Шығыс Қазақст...
Алакөлде курортты демалыс орындарының орналасу себебі-суының минералдарға бай...
Алакөл – емдік қасиеті өте мол ағынсыз су қоймасы. Мұндағы Арқаның қуаң далас...
Көл жағалаулары тек емдік саяхаттар үшін ғана емес, тыныштықты қалайтын турис...
Туризм бұл аймақта 10 шақты жыл дамып келеді,сондықтан көл жағасынан комфортт...
Алакөл – орта ғасырларда «Гургенор», кейін «Алактогол» , «Алакта» деп те атал...
Алакөл туралы деректер сонау ерте ғасырдың тарихи жылнамаларында кездеседі. 1...
Алакөл маңынан Ұлы Жібек жолы керуені жүріп өткен. Алыс жолдан келген саяхатш...
Ұйғыр, найман жасақтарымен қақтығысқан қанды шайқастардан кейін Шыңғыс хан ос...
Алакөлдің жағалауынан мамонттармен бірге өмір сүріп бүгінгі күнге дейін жетке...
. Демалушылардың көбі Алакөлге шипа іздеп келеді. Көл суы радикулит, артрит,...
Алакөлдің суы ғана емес, қара балшығы да ем. Оны тізе, бел сияқты буындарға ж...
         Қазақстан туристтік саланы дамыту үшін елеулі әлеуеті бола тұра, елд...
Көшпелі туризмге кірмелі туризммен қатар елімізде барлық мүмкіндіктері бар жә...
Алайда, бүгінгі қалыптасқан жағдайда Алакөлдегі туристік дүрмектің артуы тура...
Осыған байланысты  1.     «Алакөл» туристтік еркін сауда аумағын құру; 2.    ...
          5. Алакөл көлінің жағалауы, Қабанбай батыр атындағы ауыл, Шығыс Қаз...
Жоғарыда аталған мәселелерді шешу кезінде 2-3 жылдың ішінде екі жағалауында д...
18 1

Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 Алакөл-табиғат сыйлаған шипа Алакөл - Қазақстандағы Алматы және Шығыс Қазақст
Описание слайда:

Алакөл-табиғат сыйлаған шипа Алакөл - Қазақстандағы Алматы және Шығыс Қазақстан облысының аумағында орналасқан тұйық көл,Қазақстандағы ең ғажайып көлдердің бірі.Аумағы 20 мың гектардан асатын өлке. Көлдің орташа тереңдігі - 22 метр, ең терең жері - 54 шақырым.

№ слайда 2 Алакөлде курортты демалыс орындарының орналасу себебі-суының минералдарға бай
Описание слайда:

Алакөлде курортты демалыс орындарының орналасу себебі-суының минералдарға бай болуында,оның құрамында Менделеев кестесінің элементтерінің көбі кездеседі, құрамы жағынан Қара және Өлі теңізге ұқсайды. Сондықтан бұл аймақта демалушылар емдік туризммен шұғылданады.

№ слайда 3 Алакөл – емдік қасиеті өте мол ағынсыз су қоймасы. Мұндағы Арқаның қуаң далас
Описание слайда:

Алакөл – емдік қасиеті өте мол ағынсыз су қоймасы. Мұндағы Арқаның қуаң даласындағы құрғақ ауа теңіз бетіндегі дымқыл ауамен араласып жағасындағы адамға жағымды әсер береді. Көл суы да минералды ресурстарға, йодқа, тұзға, химиялық элементтерге бай болғандықтан, судың денсаулыққа пайдасы медицинада дәлелденген.

№ слайда 4 Көл жағалаулары тек емдік саяхаттар үшін ғана емес, тыныштықты қалайтын турис
Описание слайда:

Көл жағалаулары тек емдік саяхаттар үшін ғана емес, тыныштықты қалайтын туристерге де көп ұсыныс жасайды.Бұл ретте Алакөл аумағында балық аулау мен аңшылық өте танымал.

№ слайда 5 Туризм бұл аймақта 10 шақты жыл дамып келеді,сондықтан көл жағасынан комфортт
Описание слайда:

Туризм бұл аймақта 10 шақты жыл дамып келеді,сондықтан көл жағасынан комфортты қонақ уйлер мен демалыс уйлері қызмет корсетеді. Сонымен қатар Қабанбай мен Көктума ауылдарында демалыс аймағы салынып, туристтік қызметтер ұсынылып келеді. Бірақ та бұл демалыс аймақтарының барлығы дерлік жеке-меншікте. Мемлекет тарапынан Бурабайдағы сияқты емдеу – сауықтыру орындары , шипажайлар ашылмаған.

№ слайда 6 Алакөл – орта ғасырларда «Гургенор», кейін «Алактогол» , «Алакта» деп те атал
Описание слайда:

Алакөл – орта ғасырларда «Гургенор», кейін «Алактогол» , «Алакта» деп те аталған. «Алакөл» атауы ежелгі түрік және моңғол сөздерінен аударғанда «ұлы көл» немесе «таулы көл» деген мағына береді.

№ слайда 7 Алакөл туралы деректер сонау ерте ғасырдың тарихи жылнамаларында кездеседі. 1
Описание слайда:

Алакөл туралы деректер сонау ерте ғасырдың тарихи жылнамаларында кездеседі. 10-шы ғасырға дейін көл Итішпес деп аталған екен. Балқаш, Алакөл, Сасықкөл мен Эби - нур көлдері кезінде Балқаш-Алакөл ойпатында шалықтап жатқан көне Ханхай теңізінің қалдығы болып табылады.

№ слайда 8 Алакөл маңынан Ұлы Жібек жолы керуені жүріп өткен. Алыс жолдан келген саяхатш
Описание слайда:

Алакөл маңынан Ұлы Жібек жолы керуені жүріп өткен. Алыс жолдан келген саяхатшылар жағалауда демалып, көл суынан нәр алған екен. Оның суы мен ауасы ұзақ жолдан науқас меңдеген адамдардың денсаулығын құр аттай қылып, емдеп жібергені ерте кезден байқалған.

№ слайда 9 Ұйғыр, найман жасақтарымен қақтығысқан қанды шайқастардан кейін Шыңғыс хан ос
Описание слайда:

Ұйғыр, найман жасақтарымен қақтығысқан қанды шайқастардан кейін Шыңғыс хан осы Жалаңашкөл мен Тоқта-Барлық арасындағы тау алқабындағы Алакөл жазығында бір-екі ай дамылдап, жараларын тау алқабындағы Алакөл жазығында бір-екі ай дамылдап, жараларын балшықпен емдеп сауығып кеткен дейді. Содан болар, Шыңғыс хан әлемдік жорығы аяқталғаннан кейін «Жер кіндігі осы, демек туымды осында тігемін!» депті.

№ слайда 10 Алакөлдің жағалауынан мамонттармен бірге өмір сүріп бүгінгі күнге дейін жетке
Описание слайда:

Алакөлдің жағалауынан мамонттармен бірге өмір сүріп бүгінгі күнге дейін жеткен реликт шағаласын көруге болады. Бұл қарабас шағалалар тек осы Алакөлде ғана сақталып қалған. Латынша «Relict» деген сөздің мағынасы, ежелден бері тіршілік етіп, бүгінге дейін жеткен, табиғатта кездесетін жануарлар мен өсімдіктер дегенді білдіреді. Демек, ең ежелгі құстың тұқымын сақтап қалған Алакөлдің суына ерекше қасиет бар.

№ слайда 11 . Демалушылардың көбі Алакөлге шипа іздеп келеді. Көл суы радикулит, артрит,
Описание слайда:

. Демалушылардың көбі Алакөлге шипа іздеп келеді. Көл суы радикулит, артрит, тері ауруларына шипа болып , адам денсаулығына жағымды әсерін тигізеді. Алакөл суының құрамында фтор мен бромның деңгейі жоғары. Судың тұздылығы өз алдында , жеті пайызын йод құрайды екен. Денедегі қотыр, жарақаттардың аузы тез тартылып, екі-үш күн шомылғаннан кейін жоқ болып кететіні сондықтан болса керек.

№ слайда 12 Алакөлдің суы ғана емес, қара балшығы да ем. Оны тізе, бел сияқты буындарға ж
Описание слайда:

Алакөлдің суы ғана емес, қара балшығы да ем. Оны тізе, бел сияқты буындарға жағып, сүйекті сырқырататын суықты алады.

№ слайда 13          Қазақстан туристтік саланы дамыту үшін елеулі әлеуеті бола тұра, елд
Описание слайда:

         Қазақстан туристтік саланы дамыту үшін елеулі әлеуеті бола тұра, елдегі бар ірі ресурстарды барынша пайдалана алмай, Турция, Қырғызстан, Қытай, БАЭ, Тайланда, Испания және басқа да елдердің туризмі үшін «ақылы донор» болып отыр. Мысалы, жыл сайын 380-400 мың қазақстандық туристтер Турцияда демалғанды ұнатады. Ыстық-көл маусымына 1 000 000 туристті қабылдайды, оның басым көпшілігі – қазақстандықтар.

№ слайда 14 Көшпелі туризмге кірмелі туризммен қатар елімізде барлық мүмкіндіктері бар жә
Описание слайда:

Көшпелі туризмге кірмелі туризммен қатар елімізде барлық мүмкіндіктері бар және экономиканың жедел дамуына, жаңа жұмыс орындарының құрылуына, халықтың сауығуына, оның әл-ауқатының артуына ықпал ететін ішкі экотуризм балама бола алады. Бүгінгі күннің өзінде экотуризмді дамытуда Алакөл көлінің рөлі зор. Мысалы, 2014 жылы Алакөлдің шығыс жағалауында 120 мың адам, оңтүстік жағалауында – 140 мың адам демалды. Минералдарға қанық көл суы құрамының бірегейлігі ескеріле отырып, Алакөл ірі емдеу-сауықтыру орны, сондай-ақ отандық, және шетелдік туристер үшін демалыс және шомылатын орын бола алар еді.    

№ слайда 15 Алайда, бүгінгі қалыптасқан жағдайда Алакөлдегі туристік дүрмектің артуы тура
Описание слайда:

Алайда, бүгінгі қалыптасқан жағдайда Алакөлдегі туристік дүрмектің артуы туралы айту проблемалық мәселе болып отыр. Көлік инфрақұрылымы, кәріз жүйесі, сумен жабдықтау, электр тарату желісі, медициналық пункттер мен ауруханалардың және басқа да толық дем алу және емделу үшін қажетті қарапайым жағдайдың жоқтығы Алакөл көлінің тартымдылығына кері әсер алып келеді.

№ слайда 16 Осыған байланысты  1.     «Алакөл» туристтік еркін сауда аумағын құру; 2.    
Описание слайда:

Осыған байланысты  1.     «Алакөл» туристтік еркін сауда аумағын құру; 2.     Қазақстан Республикасын дамытудың басымдық туристік аймақтарына Алакөл көлін (Бурабай, Қарқаралы, Зеренді, Баянауыл, Қатон-Қарағаймен қатар) қосу; 3.  Отандық, сондай-ақ шетелдік туроператорларды тарту мақсатында Алакөл көлінің суы мен балшығының емдік қасиеттерін ғылыми зерттеу; 4.  Көлік инфрақұрылымын дамыту мәселелерін шешу: -         Алматы ст. – Жалаңашкөл ст. теміржол байланысы бойынша тұрақты рейс; -         Үшарал – Достық автожолдарын жөндеу; -         Таскескен – Үржар автожолын қайта жаңартуды аяқтау;   -         Жалаңашкөл станциясынан Қабанбай батыр атындағы ауылға дейінгі ұзындығы 60 шақырым автожолды жөндеу (асфальт қабатын жабу, негізі дайын); -         Қабанбай батыр атындағы ауылдан Алакөл көліне дейінгі ұзындығы 40 шақырым жолды жөндеуді аяқтау; -         Жалаңашкөл - Қабанбай батыр атындағы ауыл учаскесінде ұзындығы 60 шақырым теміржол тарауын салу; -         1 маусымнан бастап 30 қазанға дейін Алматы - Үржар, Семей - Үржар, Өскемен – Үржар, Астана – Үржар авиарейстерін қамтамасыз ету; -         жазғы маусымдағы шағын авиация үшін Қабанбай батыр атындағы ауылдағы қолданыстағы ұшу алаңын қайта жаңарту.

№ слайда 17           5. Алакөл көлінің жағалауы, Қабанбай батыр атындағы ауыл, Шығыс Қаз
Описание слайда:

          5. Алакөл көлінің жағалауы, Қабанбай батыр атындағы ауыл, Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауылының ішкі инфрақұрылымын дамыту мәселелерін шешу:            - Алакөл көлінің жағалауы, жақын орналасқан елді мекендердегі құрылыстың бас жоспарын, детальдық жоспарлау жоспаларын бекіту (қазіргі кездегі ретсіз құрылыстар көл аумағындағы экожүйенің бұзылуына әкеліп соғады);            - қазіргі уақытта жалға берілген жер учаскелерін тексеріс жүргізу;            - Алакөл көлінің жағалауын нығайту бойынша гидрологиялық жұмыстар жүргізу; -  сумен жабдықтау, электрмен қамтамасыз ету және кәріз жүйелерін салу (қазіргі уақытта көлдің ластануына әкеліп соғатын ағынды сулардың көлге құйылу жағдайлары орын алған);            -  судың қолданыстағы скважиналардан Алакөл көліне құйылуы үшін бетонды арықтық жүйе салу. Ашық скважиналар көлге құйылмай, демалыс аймақтары мен шипажайларды қамтамасыз ету үшін бұрғыланған, ол саздың пайда болуы мен патогендік микроорганизмдер, шыбын-шіркей, жыландардың және т.б. көбеюіне ықпал етеді);            -  жазғы уақытта халықтың көп жиналуына байланысты жағалаудан L=1 шақырым балшықты орындарды өңдеу мақсатында СЭС құру;            - медициналық қызметпен қамтамасыз ету (жағалауда медициналық пунктер салу);            - жазғы кезеңде Алакөл көлінің жағалауында құқық қорғау жұмыстарын күшейту.

№ слайда 18 Жоғарыда аталған мәселелерді шешу кезінде 2-3 жылдың ішінде екі жағалауында д
Описание слайда:

Жоғарыда аталған мәселелерді шешу кезінде 2-3 жылдың ішінде екі жағалауында демалушылар санын 400 мың адамға жеткізе алады, ол қазақстандықтардың денсаулығына, еліміз бен жақын өңірлер экономикасының артуына сөзсіз ықпал етеді.


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 05.04.2016
Раздел География
Подраздел Презентации
Просмотров1158
Номер материала ДБ-010072
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх