Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
1 слайд
Саға мектеп-бала бақшасы
География пәнінің мұғалімі
Байгельдинова Асель Мұратқызы
2 слайд
Атмосфералық
жауын-шашын.
3 слайд
Білімділік:
Жауын-шашын түрлерімен таныстыра отырып олардың пайда болуы мен сипатына тоқталу
Тәрбиелік:
География пәніне деген қызығушылықтарын ояту, білімділікке баулу
Дамытушылық:
Атмосфералық жауын-шашын туралы түсінікті қалыптастыру.
Сабақ мақсаты:
4 слайд
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа материалды меңгерту
VІ. Бекіту сұрақтары
V. Үйге тапсырма
Сабақтың жоспары:
5 слайд
Үй тапсырмасын сұрау
6 слайд
7 слайд
КОНВЕРТ
8 слайд
Су буы қалай пайда болады?
7. Ауаның ылғалдылығын қай аспап арқылы өлшейміз ?
8. Ылғалдылық қандай түрлерге бөлінеді ?
9. Абсолют ылғалдылық дегеніміз не ?
10. Қандай градуста су булары мұз кристалдарына айналады ?
11. Су буларының сұйық күйге айналу процесін не деп атайды?
12. Буланатын судың қанша пайызы мұхиттар мен теңіздерге тиесілі ?
БЛИЦ СҰРАҚТАР
9 слайд
Атмосфералық жауын-шашын
Жаңа тақырып:
10 слайд
Бұлттан жер бетіне түсетін сұйық немесе қатты күйдегі ылғалды атмосфералық жауын-шашын деп атайды
Жауын шашынның түрлеріне:жаңбыр,қар,
бұршақ,шық,қырау,
қылау жатады
11 слайд
Бұлтты құрайтын су тамшылары өте майда келеді.олардың диаметрі әдетте 0,01 мм-ден аспайды. Бұлттан жауын жауу үшін су тамшылары іріленіп,салмағы ауырлау керек.Тамшылар бір-біріне қосылу нәтижесінде іріленеді. Сонымен олар ауада қалқып жүре алмайды да,салмағымен төмен қарай құлдилап құлайды. Сөйтіп жаңбыр жауады.
Жазда жер беті өте қатты қызатын жерлерде ауаның жоғары өрлеген күшті ағындары пайда болады.жаңбыр бұлты осындай жерге тап келсе,ондағы су тамшылары өте үлкен биіктікке көтеріп кетеді де,су тамшылары қатып,мұз түйіршіктеріне айналады.Салмақты көтере алмай төмен құлап келе жатқан мұз түйіршіктеріне салқындаған су тамшылары қосылып,жұмырланады әрі үлкейе түседі. Соның нәтижесінде жерге бұршақ жауады.
Қыста үлкен биіктікте бұлттағы су тамшылары қатып,әуелі ине тәрізді мұз түйіршіктерін түзеді.кейін олар бір-бірімен жабысып қарға айналады.
12 слайд
Жауын-шашын түрлері
жаңбыр
Бұршақ
қар
13 слайд
Ауаның жер бетіне таяу қабатынан түсетін ылғал
Ылғал жер бетіне тек бұлттан ғана жаумайды,сонымен бірге тікелей ауадан да бөлініп таралады. Олар:шық,қырау және қылау.
Жаз күндері күндіз булану күшті жүретіндіктен,ауаға су булары көп жинақталады. Бұлтсыз,ашық түнде жер беті күндіз жылынған жылуынан тез айырылып,салқындайды.Бұл кезде әлі де жылы қалпын сақтаған ауа жер бетіндегі салқындаған заттармен (шөп,бұта т.б.)жанасқанда,бойындағы су тамшыларын бөліп шығарады,яғни шық түседі.Шық әсіресе жаздың соңғы айларына қарай жиі түседі.Күзде қыста және көктемде тап осындай жолмен қырау пайда болады.
Қатты аязда жер бетіне жақын қабаттардағы су буы мұз түйіршіктеріне айналады.Мұндай ұсақ қиыршық мұз тартылған сымға,ағаш бұтақтарына,үйлердің желдің өтіндегі қабырғасына ақ борпылдақ зат түрінде ілігіп тұрып қалады. Оны қылау деп атайды.
14 слайд
Атмосфералық жауын-шашынның су буына қаныққандағы түрөзгерістері
көктайғақ
шық
15 слайд
Атмосфералық жауын-шашынның су буына қаныққандағы түрөзгерістері
қылау
қырау
16 слайд
жаңбыр
17 слайд
қар
18 слайд
Бұршақ
19 слайд
Бұлттың түрлері
Бұлттардың төмендегідей негізгі типтері болады:
шарбы бұлттар — 10 км биіктікте кездеседі, жекелеген жұқа және сирек бұлттар, түрі ақ, шарбы немесе қауырсын тәріздес
будақ бұлттар — 1-2 км биіктікте пайда болады, негізі жайпақ горизонтальды және басы күмбездер не кертпештер тәрізді жеке қалың бұлттар
қатпарлы бұлттар — 1 км-ден аз биіктікте пайда болады, бір беткей бұлтты тұман құрады
найзағайлы немесе будақ-жаңбыр бұлттары — негізі 1-4 км және басы 3-тен 5 км-ге дейін биіктікте болады, тау немесе мұнара тәрізді оте қалық бұлт массалары
жаңбыр бұлттары, немесе қарабұлт 2,5 км биіктікте, түрі — шеттері ыдыраған формасыз массалар тәрізді; олардан ұзақ ақ жауын немесе қар жауады. Осы негізгі бұлттар типтерінің арасында ауыспалы, қатпарлы-будақ, қазбауыр-қатпарлы бұлттар және тағы басқа түрлері бар.
20 слайд
Бұлттың түрлері
Шарбы бұлт
21 слайд
Бұлттың түрлері
Будақ бұлт
22 слайд
Бұлттың түрлері
Қарабұлт немесе жаңбырлы бұлт
23 слайд
Бұлттың түрлері
Қатпарлы бұлт
24 слайд
Будақ бұлттардан жазда нөсер жаңбыр,қыста жапалақтап қар жауады
Қабат бұлттан ұзаққа созылатын ақ жаңбыр жауады
Жаңбырдың түрлері
25 слайд
Жауын өлшеуіш
Қар өлшеуіш
Жауын-шашынды өлшеу
26 слайд
Жауын-шашынды өлшеу
Тәулігіне 2 мезгіл жауған жауын-шашын өлшеніп тұрады.Жауын-шашын миллиметрмен өлшенеді
27 слайд
Жауын-шашынның аймақтық өзгерістері туралы мәліметтер
жергілікті жерлердегі метеорологиялық стансаларда жинақталады.
28 слайд
Жауын-шашынды есептеу
Жауын-шашынның тәулік,ай және жыл ішіндегі мөлшері есепке алынып отырады. Ауа температурасы сияқты жауын-шашынның да көп жылдық орта мөлшері шығарылады. Мысалы орташа жылдық жауын-шашын Астанада 411 мм,Алматыда 629 мм.Экватор маңында жылдық жауын-шашын 2000 мм-ге дейін барады.Жауын-шашынның ең көп жауатын жері –Тынық мұхиттағы Гавай аралдары мен Гималай тауының етегі,Үндістандағы Черапунджи елді мекені. (12000 мм астам)
Жауын-шашынның таралуына аумақтың мұхитқа алыс-жақындығы,жер бедері,басым желдер ықпал етеді.Қазақстан мұхиттардан алыс,Еуразия материгінің түкпірінде жатыр.Сондықтан біздің елімізге жауын-шашын аз түседі.(көпшілік бөлігінде 200-300 мм)
29 слайд
Жауын-шашынды өлшеу
30 слайд
Қазақстан аумағындағы жауын-шашынның таралуы
31 слайд
Жауын-шашын ең көп түсетін аймақтар
Үндістандағы Черапунджи елді мекені
Гималай тауының етегі
Гавай аралдары
32 слайд
Жауын-шашын ең аз
түсетін аймақтар
Сахара шөлі
33 слайд
Қазақстанда жауын-шашын ең көп
түсетін жер-Батыс Алтай тауы
34 слайд
Ең аз түсетін жері-Арал теңізі мен балқаш көліның батыс бөлігі
арал
БАЛҚАШ
35 слайд
Булану және буланушылық
Жер бетінің ылғалдану дәрежесін анықтау үшін тек қана түсетін жауын-шашынды білу жеткіліксіз. Екі нүктенің жауын-шашын мөлшері бірдей болғанымен,температурасы әртүрлі жағдайда ылғалдану дәрежесі әртүрлі болады. Себебі неғұрлым жылу мөлшері көп болған сайын түскен жауын-шашынның көбі буланып кетеді.
Булану дегеніміз-судың сұйық күйден газ тәріздес күйге өтуі.Булану мен буланушылықты бір-бірінен ажырата білу керек.
Буланушылық су қоры жеткілікті болған жағдайда булануға мүмкіндігі.
36 слайд
37 слайд
38 слайд
Бекіту
тапсырмалары
39 слайд
INSERT кестесі
40 слайд
1. Ауаның жер бетіне түсіретін күші:
А. Ауырлық күші В. Атмосфералық қысым С. Дене салмағы
2. Қалыпты атмосфералық қысым
А. 750 В. 780 С. 760
3. Температурасы бірдей нүктелерді қосатын сызықтар
А. Изотерма В. Изобара С. Изогиета
4. Атмосфера қысымын анықтайтын аспап
А. Термостат В. Барометр С. Сейсмограф
5. Ауаның ылғалдылығын өлшейтін аспап
А. Флюгер В. Барометр С. Шаш гигрометрі
6.Су буының сұйық күйге айналу процесі
А. Жаңбыр В. Конденсация С. Абсолютті ылғалдылық
Жауын-шашын мөлшерін анықтайтын аспап:
А. Шаш гигрометрі В. Барометр С. Жауын-шашын өлшеуіш
Тест
41 слайд
Сөзөрім «Атмосфералық жауын-шашын»
1.ЖАЗДА НӨСЕР ЖАҢБЫР,АЛ ҚЫСТА ЖАПАЛАҚТАП ҚАР ЖАУАТЫН БҰЛТ ТҮРІ
2. АПТА КҮНІ
3. НӘЗІК,ШІЛТЕР ТӘРІЗДІ ЖАҢБЫР ЖАУҒЫЗБАЙТЫН БҰЛТ
4. ЖЫЛ БАСЫ БОЛҒАН ЖАНУАР
5. АУА ҚҰРАМЫНДАҒЫ ЕҢ КӨП ГАЗ
6. ЖЫЛДЫҢ ЕКІНШІ АЙЫ
42 слайд
Сөзөрім «Атмосфералық жауын-шашын»
1.ЖАЗДА НӨСЕР ЖАҢБЫР,АЛ ҚЫСТА ЖАПАЛАҚТАП ҚАР ЖАУАТЫН БҰЛТ ТҮРІ
2. АПТА КҮНІ
3. НӘЗІК,ШІЛТЕР ТӘРІЗДІ ЖАҢБЫР ЖАУҒЫЗБАЙТЫН БҰЛТ
4. ЖЫЛ БАСЫ БОЛҒАН ЖАНУАР
5. АУА ҚҰРАМЫНДАҒЫ ЕҢ КӨП ГАЗ
6. ЖЫЛДЫҢ ЕКІНШІ АЙЫ
43 слайд
Бұлттан жауын-шашын жауу үшін қандай жағдай қажет?
Бұршақ қалай пайда болады ?
Шық пен қырау қандай жағдайда түседі ?
Жауын-шашынды қалай өлшейді?
Булану дегеніміз не?
Жауын-шашынның ең көп түсетін жерін ата
Жауын-шашынның таралуына қандай жағдайлар әсер етеді ?
Жаңбыр қалай пайда болады?
Атмосфералық жауын-шашын деп нені айтамыз?
Қар жамылғысының қалыңдығын немен өлшейді?
Қазақстандағы жауын-шашын ең көп түсетін жер
Қазақстандағы жауын-шашын ең аз түсетін жер
Бекіту сұрақтары
44 слайд
Картамен жұмыс
Кескін картаға жауын-шашынның жер шарындағы ең көп түсетін және ең аз түсетін жерлерін белгіле
45 слайд
Үйге тапсырма:
Атмосфералық жауын-шашын оқу.
46 слайд
Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
Тақырыбы: Атмосфералық жауын - шашын
Мақсат - міндеттер:
Білімділік мақсаты – оқушыларды жалпы географиялық заңдылықтар туралы өткен ұғымдары мен түсініктерін жинақтап, «Тұман және бұлт» тақырыбын қорытындылау негізінде білімді қалыптастыру, оқушыларға атмосфералық жауын - шашын түрлері мен олардың пайда болу жолдары туралы түсінік беру
Дамытушылық мақсаты – Оқушылардың географиялық ой - өрісін дамыту. Жалпы оқу, шығармашылық іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру.
Тәрбиелік мақсаты – Экологиялық тәрбие беру, еңбек тәрбиесін, патриоттық тәрбиесін беру, оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым - қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.
Оқу құралдары: интерактивтік тақта, тест, кестелер
Сабақ түрі: Ашық сабақ
Оқыту әдістері: Сұрақ - жауап
Сабақтың жоспары:
І кезең – ұйымдастыру (2 мин) ІІ кезең – өткен тақырыпты сұрау (19 мин)
ІІІ кезең – жаңа тақырыпты түсіндіру, білім мен икемділіктерін бекіту (20 мин)
ІV кезең – бағалау кезеңі (2 мин) V кезең – қорытынды (2 мин)
Сабақ барысы:
Мұғалім әрекеті
Мұғалім оқушылармен амандасып, тыныштыққа орнатады. Сосын балалармен танысып, өзінің жұмыс тәртібін орнатады. Балалардың кім - жоғын сынып әкіміне сабақ соңында параққа түсіріп жазып беруін сұрайды.
Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.
Ең алдымен мұғалім оқулықпен жұмыс істеу тәртібімен таныстырады. Содан кейін үй тапсырмасын сұрайды. Үй тапсырмасы сұрақ - жауап түрінде болады.
Миға шабуыл стратегиясы.
Үй тапсырмасын тексеру
1. Тұман дегеніміз не? Олар қалай пайда болады?
2.. Бұлт қандай түрлерге бөлінеді?
3. Будақ бұлт жайлы мәлімет
4. Қабат бұлт қандай болады?
5. Шарбы бұлт қандай болады?
6. Күн мен Ай қандай жағдайда қораланады?
7. Бұлттылық деген не?
8. Бұлттылық неше баллмен өлшенеді?
9. Біздің жерімізде бұлттың қандай түрі болады?
Тамшылар бір - біріне қосылу немесе төңірегіндегі су буының суға айналып қонуының нәтижесінде іріленеді. Сөйтіп олар ауада қалықтап жүре алмайтын халге келеді де, салмағымен құлдилап құлайды,
яғни ЖАҢБЫР жауады
Жаңбыр бұлты жоғары өрлеген жерге тап келсе, ондағы су тамшылары өте үлкен биікке көтеріліп кетеді де, қатып мұз түйіршіктеріне айналады. Мұндайда салмағымен құлап келе жатқан мұз түйіршіктері салқындаған су тамшыларына қосылып жұмырланады әрі үлкейе түседі. Соның нәтижесінде
жерге БҰРШАҚ жауады.
Қыста үлкен биіктікте бұлттағы су тамшылары қатып, әуелі ине сияқты мұз түйіршіктерін түзеді. Кейін олар бір - бірімен жабысып ҚАРҒА айналады
Күзде, қыста және көктемде жылы қалпын сақтаған ауа жер бетіндегі салқындаған заттармен жанасқанда бойындағы су тамшылары мұз қатып, шөп, бұта т. б. байланысқанда ҚЫРАУ пайда болады
Қалың тұманда немесе қатты аязда ауаның жер бетіне жақын қабатындағы су буы мұз түйіршіктеріне айналып, ұсақ қиыршық мұз сымғағ ағаштың қылқанына, үйлердің желдің өтіндегі қабырғасына ақ борпылдақ зат түрінде ілігіп тұрып қалады. Оны ҚЫЛАУ деп атайды.
Жаз күндері күндіз булану күшті жүретіндіктен ауаға су булары көп жинақталады. Жылы қалпын сақтаған ауа жер бетіндегі салқындаған заттармен (шөп, бұта, т. б.) жанасқанда бойындағы су тамшыларын бөліп шығарады, яғни ШЫҚ түседі
ТЕСТ
1. Өте биікте, жауын - шашын жаумайтын бұлт:
A) Будақ
B) Қабат
C) Шарбы
2. Ауаның жер бетіне түсіретін салмағы
А) Ауа температурасы.
В) Атмосфералық жауын - шашын.
С) Атмосфералық қысым.
3. Атмосфераның төменгі қабаты
А) Тропосфера.
В) Стратосфера.
С) Мезосфера.
4. Тәулік ішіндегі ең жоғарғы және ең төменгі температура арасындағы айырмашылық
А) Тәуліктік орташа температура.
В) Температураның тәуліктік амплитудасы.
С) Ауа-райыныз өзгерісі.
5. Ауаның құрамындағы ең көп кездесетін газ.:
A) оттегі
B) азот
C) көмір қышқыл газ.
6. Белгілі бір жағдайда су буларының сұйық күйге айналуы:
A) Ылғадылық
B) Конденсация
C) Амплитуда
6 653 485 материалов в базе
Настоящий материал опубликован пользователем Байгельдинова Асель Муратовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт
Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
Удалить материалВаша скидка на курсы
40%Курс повышения квалификации
72 ч. — 180 ч.
Курс профессиональной переподготовки
300/600 ч.
Курс повышения квалификации
36 ч. — 144 ч.
Мини-курс
3 ч.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.