Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
1 слайд
Айтыс, оның түрлері мен ерекшеліктері.
2 слайд
Айтыс дегеніміз не?
Айтыс — ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр, топ алдында қолма-қол суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы. Айтыс — синкреттік жанр, ол тұрмыс-салт жырларынан бастау алып, келе-келе ақындар айтысына ұласқан.
Айтыс деген өлеңнің майданындай,
Сынға тілді болмайды найза қылмай.
Берекесіз көп сөздің жұғымы жоқ,
Іріген салақ әйел айранындай.
Нәрлі сөзің нұрланып бой балқытсын,
Азанғы қой сүтінің айранындай
3 слайд
Айтыстың түрлері
Жар-жар
Бәдік айтысы
Салт айтысы
Осы күнгі айтыс
Жұмбақ айтыс
Жануарлар мен иесінің айтысы
Өлі мен тірінің айтысы
4 слайд
Айтыстың ерекшеліктері
Ақындар өлеңді табан астында шығарады, тосыннан айтысады. Айтыс үстінде талай күтпеген жайлар кездеседі. Айтысар тақырыбы белгісіз, тосын сұрауларға тап болады. Екі ақын да бірін-бірі тығырыққа қамау үшін, бірін-бірі сүріндіру үшін, өмір құбылыстарын жұмбақ етіп те тартады.
Айтыста халықтың әдет - ғұрпы, салт - дәстүрі, дүниетанымы, эстетикалық рухани және әлеуметтік көзқарасы, қалыптасу байқалады.
Айтысу қара сөзбен де, күй тарту арқылы да, суырып салма өлеңмен де болуы мүмкін.
5 слайд
Ақындар айтысының тағы бір ерекшелігі "ойында өрелік жоқ" дегендей, айтысқа үлкен де, кіші де, еркек те, әйел де қатынаса береді. Тек талант-дарыны болса, бәйгеге түсер шамасы болса болғаны.
Ақын өзінің жеңілгенін білу де айтыстың негізгі шартының бірі болып саналады. Сөзге сөз табу, орынды жерінде ұтымды сөз айту сияқты өзінің, жеңілгендігін білу де жоғары бағаланады.
6 слайд
Бәдік айтысы
Бәдік айтысы-айтыстың ең көне түрі. Бір ауруды малды емдеу үшін айтылатын өлең болған.
Көшер болсаң, әй, бәдік, арқаға көш әй,
Қой ішінде жайылған, марқаға көш бәдік әй,
Көшер болсаң, әй, бәдік, жылқыға көш,
Жапырақтың ішінде жалқыға көш, әй, көш, бәдік.
Көшер болсаң, әй, бәдік, жыланға көш, ай
Құйрығы жоқ, жалы жоқ, құланға көш ай, көш!
Көш айласын білмесең, мен айтайын ай,
Жердің жүзін қаптаған тұманға көш, көш, көш, көш, бәдік ай!
7 слайд
Жар-жар айтысы
Жар-жар айтысы - қызды ұзатар алдында айтылатын айтыс. Той тарқар кезде бозбалалар қыз отырған үйге келіп, өлеңмен қоштасады. Бозбаланың қоштасып айтқан әрбір өлеңіне ұзатылған қыз жауап береді.
Жігіт: Қара насар, замандас, қара насар, жар-жар!
Қара мақпал сәукелең шашың басар, жар-жар!
Мұнда әкем қалды деп, қам жемегің, жар-жар!
Жақсы болса қайын атаң, орын басар жар-жар!
Қыз: Есік алды қара су, майдан болсын жар-жар!
Ақ жүзімді көргендей айнам болсын жар-жар!
Қайын атасы бар дейді, көп жігіттер, жар-жар!
Айналайын әкемдей қайдан болсын, жар-жар!
8 слайд
Айтыстың атақты ақындары
XIX ғ. өмір сүрген атақты ақындар: Шөже, Балта, Орынбай, Кемпірбай, Тезекбай, Сүйінбай, Түбек, Омарқұл, Тәбия, Мұрат, Сүгір, Жаскілең, Бала Омар, Біржан, Сара, т.б.
9 слайд
Назарларыңызға рахмет!
Дерек көздер:
https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D0%B9%D1%82%D1%8B%D1%81
http://bigox.kz/ajtys/
http://kaz2.docdat.com/docs/index-119372.html
Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
6 653 462 материала в базе
Настоящий материал опубликован пользователем Оспанова Лейла Тургуновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт
Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
Удалить материалВаша скидка на курсы
40%Курс профессиональной переподготовки
500/1000 ч.
Курс повышения квалификации
36 ч. — 144 ч.
Курс повышения квалификации
36 ч. — 144 ч.
Курс профессиональной переподготовки
300/600 ч.
Мини-курс
3 ч.
Мини-курс
4 ч.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.