Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Биология / Презентации / Презентация на тему "Қазақ жылқылары"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Биология

Презентация на тему "Қазақ жылқылары"

библиотека
материалов

hello_html_648175e3.gifhello_html_648175e3.gifhello_html_m6d7d0e9b.gif

https://encrypted-tbn2.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcTXtlhDfM--PuTmlDiY1zpmQxxIKQMbeeo967-KDqOLZuMbvKHC

http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/d/de/Nokota_Horses_cropped.jpg/250px-Nokota_Horses_cropped.jpghttps://encrypted-tbn0.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcRy5js09x7RTSy3kLsDDJIUW14z8HHbVx7SGq1KLkgJnESFY_ZMrwhttp://qazaq-el.narod.ru/olderfiles/1/horse.jpg

http://www.minbermedia.kz/wp-content/uploads/2010/01/11.jpeghttps://encrypted-tbn2.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcSZy9B0geLfSePZLKsqNncRzHnyWe6pINCLd77-EC08bLMUm9fPzAhttps://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQNHtvfAuOJZtdehgfmCcp1LmEkwufuF3mtGk8Oa3QP7PLspFBbeQ

https://encrypted-tbn1.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcRklxsZ1jTsiEX3YnORsfa9rha5cDMLovJzCOEgms816oYSSvtS



http://neo-kids.ru/wp-content/uploads/2010/07/55.jpg

https://encrypted-tbn0.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcSDhHOoqmEVUaaTMEo_iV4c1Edix_g2mPU17qrIvERl-9amcQOVк жануар…

Иә, қазақ жері мен елі – ежелден жылқының мекені болған дейміз. Бірақ, соны айдай әлемге ұқтырып, құжат түрінде дәйектей алдық па? Жылқы өнімдеріне патенттеріміз бар ма? Ағылшын ғалымдары осыдан 6 мың жылға таяу уақыт бұрын қазақтың арғы бабалары жылқыны қолға үйреткенін тайға таңба басқандай дәйектеп берді. Мұны ғылымның жетістігі десек, өз заманынан озып туған, бастарына қайыс ноқта да, темір ноқта да сыймаған алыптарымыз жылқыны әспеттегенде аспанға көтеріп, жаратылысымыздың алтын діңгегіне балады. Арғы ғасырда қасқа жолдың иесі Қасым хан: «…Біздің асыл дүниеміз – бір ғана жылқымыз, ләззат алатын асымыз – ет, сүйетін сусынымыз – қымыз… қызық көретініміз – өрістегі жылқымыз» десе, өткен ғасырда Бауыржан Момышұлы: «Дарвин маймылдан туса туған шығар, ал мен өзім көк бөріден туғанмын», деді. Болмысы бөлек, жаратылысы ерен жазушы Асқар Сүлейменов: «Басқа халықтар маймылдан жаратылды деген Дарвиннің іліміне таласпаймын. Қазақтың жылқыдан жаралғанына еш күмән келтірмеймін», дейді айбыныңды асырып.

«Дарвиннің «Біз маймылдан жаралдық!» деген теориясының күл-талқанын шығаратын ұрпақ келеді әлі жер үстіне» деген екен  Бауыржан Момышұлы болашаққа нық сеніммен қарап.

Текті жануарды біздің бабаларымыздың осыдан мыңдаған жылдар бұрын қолына үйретіп, мұңдас та сырлас болғаны санаға сіңеді. Байырғы аталарымыз жылқыны  қаһарман әскердің тұлпары дәрежесіне жеткізіпті. Осындай құндылығымызды зерттеп, зерделеуге саналы ғұмырының 30 жылын арнаған, тарих ғылымдарының докторы Ахмет Тоқтабаймен әңгіме дүкен құрған едік. Бір айта кетерлігі, ғалым осы жылдар ішінде әлемнің көптеген елдерін аралап, көшпенді ұлыстардың, оның ішінде қазақ халқының өткенін жылқы тарихымен ұштастыра зерделеп, этнографиялық материалдарды, көне жазбаларды, аңыз-әңгімелерді, батырлар жырын, архив және ауызша деректерді көз майын тауыса салыстырып «Қазақ жылқысының тарихы» атты кешенді еңбегін өткен жылы «Алматыкітап» баспасынан жарыққа шығарыпты. Бұл энциклопедиялық  кітаптан алар дерегіміз, үйренер үлгіміз аз емес.

Қазақ тарихы – жылқы тұяғы, ат жалында жасалған тарих, – деп бастады ғалым әңгімесін. – Көшпенділер жылқы арқылы әлемге танылды. Өз өркениетін қалыптастырды. Орта Азиядан шығып Еуропа, Египетке дейін барды. Жылқы – қоғамның қозғаушы күші болды. Атқа мінген адамның жүрісі озық, қолы ұзын. Ол кездердегі жылқысы бар елді – атом қаруы бар елмен бірдей деуге болатын еді. Біздің адамзат өркениетіне қосқан үлесіміз – жылқыны қолға үйретуіміз, қуатты тамақ көзіне айналдырғанымыз еді.

Кешегі кеңестік дәуірде жылқыны физиологиялық, анатомиялық, зоотехникалық жағынан, ауыл шаруашылығы мен экономикаға қажеттілігі тұрғысынан зерттеді. Ондай еңбекпен санаулы адамдар ғана танысатын да, көпшілік хабарсыз қалатын. Мен сол тар шеңберден шығып, жылқының адамзат дамуына қосқан үлесін өркениет өресінен,  мәдениеттің салиқалы саласынан іздедім. Сөйтіп, көлемді кітап жаздым. Қазақ жылқысының өркениетке қосқан өзіндік үлесін әлем ғалымдары, зиялылары ерте танып, жоғары бағалаған. Оны өз еңбектерінде бүкпесіз тарау-тарау етіп жазып та, айтып та кеткен. Мәселен, А.Вилькинс «Қазақ жылқысы арқылы біз, орыстар жылқыға қолымыз жетті» десе, орыс армиясының генералы И.Бабков: «Қазақтар казактарға қарағанда тамаша шабандоз, жақсы жауынгер болуы үшін оларға тек қару жетпейді. Егер де қарулары болса, олар біздің емес, біз олардың айтқанымен жүріп, айдағанына көнер едік», деп мойындайды. Ал ХІХ ғасырдың аяғында Зайсан казак-орыстарының атаманы Н.Рябушкин: «Қазақ атқа мінсе… қашса құтылады, қуса жетеді, аттан түсіп жаяу жүрген қазақты көріңіз, бұдан момын, бұдан бағынышты халық жоқ. Сондықтан бұл халықты мүлдем атсыз қалдыру керек», депті. Шынында, атқа мінсе арқаланып, жаяу қалса халқымыздың жасықтық танытатыны әлімсақтан белгілі ғой. Ондай күнді ұлтымыз өткен ғасырда көп көрді. Сол жасықтықтан әлі арыла алмай келеміз-ау!

Сол секілді атақты ғалым В.И.Даль «лошадь» деген сөз алаштың аттары, яғни алаш жылқылары деген сөзден шыққан дейді. Мұны атақты филолог О.Н.Трубачев та қолдап, ат «конь» дегенді білдіреді депті.

Ахмет Уәлханұлы, жылқының арғы тегі туралы да мәлімет бере кетсеңіз.

Жылқының тегі миллиондаған жылдармен есептеледі. Нақтылай түссем, осыдан 65 миллион жыл бұрын жылқының арғы тегі  пайда болған. Қарап отырсаңыз, дүниеде бірде бір жануар адамзат тарихында жылқыдай жасампаздық рөл атқармаған екен. Адамның озық ақыл-ойы, әдіс-тәсілі жылқыны қолға үйретуге әкелген. Энеолит дәуірінде, б.з.б. IV мыңжылдықтарда, яғни осыдан 6 мың жыл шамасында ғана оған қол жеткізіпті.

Жылқының арғы тегі жылқы пішіндес жануарлардан дами келе, тарпаңға, құлан, зебраға жеткен көрінеді. Осылардың ішінде тарпаңның бітімі бөлек болғаны тарихтан мәлім. Бірақ, нағыз тарпаңды 1879 жылы өлтіріп тыныппыз. Мен жылқы туралы әңгімелегенде өз сөзімнен гөрі арғы-бергі ғасырлардағы тарихи деректерге жүгінгенді жөн деп білемін.

Себебі, айтқаным артық әңгімеге арқау болмасын дейсіз ғой.

Ішкі ойымның төбесінен түстіңіз. Мысалы, 1762 жылы тарпаң туралы П.Рычков: «Жайықтың арғы бетінде, кейде бергі бетінде жабайы жылқылардың екі түрі кездеседі, олар тарпаңдар мен құландар. Тарпаңдардың бойлары жылқыдан аласалау, денесі тығыршықтай томпақ, түстері құла және көк болып келеді. Басқа түстері де бар, бірақ өте аз кездеседі. Қазақ жылқыларынан ерекшелігі, бастары үлкен және маңдайында ойыстары бар. Жиырма шақты қазақ жиналып, қосарларына бір-бір тарпаңды ұстап алып, аттарының мойнына арқан байлап, бір айдан артық ұстап мініске үйретеді», дейді. А.Формозов деген зерттеуші тарпаң Семей түбінде ХVІІІ ғасырдың аяғына дейін болған дегенді алға тартады. Тіліміздегі шәлгез, тарпаң деген сөздер бізге сол замандардан жетіп отыр.  «Бұрқылдаған қақ көзі, Суат болмас демеңіз. Жер тағысы керқұлан, Жылқы болмас демеңіз», деп ата-бабаларымыз түз тағысын қолға үйретіп, жылқының атасы атаныпты. Тек осыны төрткүл дүниеге шашау шығармай танытсақ, қане.

Ботай жылқысы туралы да айтар әңгіме аз болмаса керек.

Әрине. Ботай мәдениетінің тарихтағы ізі шүбәсіз айқындалған. Ал жылқының қай жерде пайда болғаны, қай жерде қолға үйретілгені туралы дау-дамайға Ботайда табылған дерек көздері нүкте қойды. Ол қандай дерек көздері дегенге келер болсақ, Қазақ елінің жерінен энеолит дәуіріндегі Ботай қонысынан қазылып алынған жылқы сүйектері еді. Жылқы тарихымен шұғылданып жүрген әлем ғалымдары бұған ерекше назар аударды. Дәл мұндай тарихи қазына бұрын-соңды кездеспеген болатын. Ботай Көкшетау өңірінде екені белгілі. Ежелгі қоныстан табылған 15 тоннадан астам сүйектердің 99,9 пайызы жылқынікі екені анықталып, 15 гектар аумақтағы жерге археологиялық қазбалар жүргізгенде 200-300 үйдің орны айқындалған. Әлгі 15 тонна сүйек 70 мың жылқының қаңқасы екен. Үйлердің орнынан шығарылған топырақты сумен араластырып, кірпіш сияқты етіп қабырға қалапты. Оның сыртын жылқы сүйектерімен бекітіпті. Үйлердің айналасында сүйектерді тастайтын арнайы орындар болыпты. Ал кесек-кесек жылқы еттерін сақтайтын қазан шұңқырлар қазылыпты. Оған етті тастаған соң үстін жылқының терісімен қымтап, топырақпен жауып, ауасы шығып кеткенше от жаққан. Ауа кірмеген ет ұзақ сақталатыны белгілі. Мұндай тәсіл Сарыарқа қазақтарының арасында өткен ғасырдың басына дейін жалғасқанын көне көздер қазір де айтып отырады екен. Үй ішіндегі тіршіліктің басты заты ыдыс-аяқ десек, қазба жұмыстары кезінде табылған 15 мыңнан астам қыш көзелдердің сынықтарын құрастырып көргенде сыйымдылығы 02,03, 20-30 литр, кейде 40 литрге дейін құмыра ыдыстардың болғаны да анықталды. Мұның өзі қазақ жерінде өркениеттің ерте кезде-ақ қалыптасқанын дәйектейді.

Скиф – сақ, ғұндар, көне түркілер мен қыпшақтар, моңғолдар, яғни көшпенділер дәуіріндегі жылқының жайы да қалың жұртты қызықтырмай қоймайды. Осы жайлы да айта кетсеңіз жөн болар еді.

Скиф-сақтардың жылқышылығы да жатқан бір әлем. Көшпенділік өмір салты әлемдік мәдениеттегі қайталанбайтын құбылыс қой. «Ал осы скифтер қашып бара жатып соғысқанда, қуып бара  жатқаннан кем  түспейді», деп Сократ айтқандай, салт атты жауынгерлердің пайда болуы скиф-сақтардың еншісінде. Олардың жылқыларының түр-түсі Никополь құмырасының (б.з.д. ІV ғ.) бүйіріне жапсырылған алтын қапсырмаларда айқын көрсетілген. Аттың күшін сақтау, 15-20 биеге бір айғыр жететінін ерте аңғарған олар пішпе ісін жүргізген. Бұл туралы Страбон: «Аттар тіл алғыш, бой ұсынғыш болсын деп барлық скиф және сармат тайпалары жылқыларды пішеді, олардың жылқылары биік болмағанмен қызуқанды және асау болып келеді», дейді. «Илиада» дастанында «Скиф жылқының кісінеуін ең жақсы музыкадан жоғары қояды», деп атап көрсеткен. Скифтер патша өмірден өткенде ең жақсы деген 50 жылқысын құрбандыққа шалған. Жақсы аттарын адамша «жерлейтін» болған.

Әлемнің жартысын жаулап алған жиһангер Ескендір Зұлқарнайынның елшілері сақтарға келіп: «Біздер жеңілу дегенді білмейтін ұлы патша Александр Македонскийдың елшілеріміз!» деп үстем сөйлегенде: «Сендерде жеңілмейтін тек патшаларың ғана, ал біздерде әрбір сақ жеңілмейді!» деген екен. Бұл аталарымыздың ақиқат жолындағы әңгімесі екені анық қой.

Рас, байтақ даланы мекендеген бабаларымыз даласына сай батыр, дана, көреген болған. Көшпенділер көлеңкеде жатып, күн көрмеген. Ақыл мен ерлікті ұштастырған. Өзгелерге өздерін ерлігімен де, өрлігімен де танытқан. Сіз айтып отырған мысал соның бір ғана дәлелі. Мұндай өміршең дәстүр ғұндар заманында да жалғасқан. Осыдан мыңдаған ғасыр бұрын ғұндар Еуразияның далаларында тұңғыш қаһарлы әскери империя құрып, Қытай мен Орталық Азияға үнемі қауіп төндіріп отырған. Ғұндар мен Қытай халықтарының саны жөнінде нақты деректерді Қытай жазбаларынан көптеп табуға болады. Мысалы, «Ғұндардың (сюну) саны Қытайдың бір облысы халқының санына жетпейді, бірақ олардың киімі мен тамағы күшті, бұл жағынан Қытайға тәуелді емес», деген дерек алдағы сөзімізді дәйектей түседі. Қытайлардың саны 60 миллионға жеткенде ғұндар 1,5 миллионнан аспапты. Бірақ, Қытайдың тағы бір дереккөзінен мына бір жолдарды оқығанда, бабаларымыздың осал болмағанын көреміз. «Ғұндар өздерінің салттары бойынша тәкаппарлық пен күшті бәрінен жоғары қояды, біреуге міндеттенуді, борышқорлықты намыс көреді, олар ат жалында жүріп мемлекет құрды, сондықтан басқа халықтардың арасында беделді, даңқы зор болды», дейді. Құдай көп көрмесін, жаттың сұқ көзі тимесін. Сондай күн бүгінде басымызда тұр.

Сәл шегініс жасасақ, ол кейін де жалғасқан. Мысалы, Цинь патшалығы тұсындағы мына бір деректі дәйек келтірер болсақ, онда: «Пекин әкімшілігі қазақтар жаман маталарын алмай қойып, Цинь армиясын жылқымен, малмен қамтамасыз ету жолдары іске аспай қалар деп, белгілі дәрежеде қауіптеніп отырған» дейді. Сол секілді Цинь патшалығының тағы бір құжатында: «Қазақ саудагерлері жібек, торқа, кездеме маталарына талғаммен қараған… Қазақтар сауданы бүгін ғана істеп отырған жоқ… Базар заңдылығына қайшылық жасалмасын. Жұмыста туындаған қателіктердің шегі болуға тиіс» деп атап көрсеткен. Ал орыс халқы ежелгі Русьтен бастап, Ресей империясына дейін, ұзақ уақыттың арасында қазақ хандығымен жылқы саудасын жүргізуге мүдделі болған. Иван Грозный патша 1574 жылы ағайынды көпестер Строгоновтарға тапсырған грамотасында жылқы беріп тұрған қазақ ордасымен кеден салығынсыз сауда жүргізуді тапсырған.

Шерағаң – Шерхан Мұртаза жиі айтатын Мөде хан дәуірі де осы кезге сай келеді емес пе?

Иә, қазақ Отан деген нақты ұғымды жермен байланыстырады. Жер-ана дегеніміз – Отанның баламасы. Осы арада мына бір нәрсені назарға сала кеткенді құп көремін, б.з.д. І ғасырда ғұндардың бұрынғы даңқы азайған еді. Қытай императоры Мөдеден сүйікті жарын, мінетін тұлпарын сұрағанда берген. Ал жер мәселесі туындағанда шиыршық атып  Қытайдың 320 мың армиясына 10 мың, яғни бір түмендей әскерімен қарсы шыққан.

Жылқы мінез қазақ жылқы қасиетін тануда да қате баспаған ғой.

О, не дегеніңіз. Жаратылысынан жылқы да, қазақ та сергек. Қандай жағдайда да рухтағы таза тек, биіктік аңғарылмай қалмайды. Жөні келгенде бір айғыр үйірден тұлпар болар құлынды артық көретін қасиет өзге жұрттардың бірде-бірінде жоқ екен.

Оған Ақан сері мен Құлагер мысал бола алады емес пе?

Солай. Күні ертең тұлпар болар жүйрікті тап басып айтатын қасиет көрегендікке де, көріпкелдікке де келіп тұр ғой. Жақсы аттан барын аямаған. Граф Гуттен-Чапский жақсы жылқы кездессе, қазақ асыл бұйымдарын қуана-қуана бере салатынын айтады. Атқа мінсе, аруақтанып кететініне нақты мысалдар келтіреді. Әлем тарихшыларының жылқы туралы жазбаларын оқып отырғанда, сол жылқы пайда болған қазақ жеріндегі толқын-толқын адамдар мен жылқы арасындағы байланыс туралы олар жан-жақты мәлімет беріп, екеуін бірінен-бірін бөліп алу қиянат екенін еске салады.

Сол қасиетті жылқы өткен ғасыр басында, одан кейін де оқтын-оқтын «репрессияға» ұшырады. Қазан төңкерісіне дейін қазақ даласында 8 миллион (одан да көп болуы мүмкін) жылқы болды деген дерек бар. 1929-1931 жылдардағы аласапыранда содан қалған 4 миллион жылқының 80 пайызы қырғынға ұшырады. Тіпті, асыра сілтейтін белсенділер арасынан қазақ жылқысының тұрқы әлемдік стандартқа келмейді деп тірідей шыңғыртып атқандар да кездесіпті. Мұның астарында қазақты жуасытудың бір жолы осы деген арам пиғылдың жатқаны анық. Оған Голощекиннің: «Ең бірінші қазақтарды жылқысынан айыру керек, сонда олардан жуас, бейшара халық болмайды», деуі жоғарыдағы сөзімізге дәлел. Сонау замандарда Американың тұрғылықты халқы болып есептелетін үндістерге басқыншылардың шамасы жетпей, шарасы таусылғанда ойлап тапқан тәсілдері кәсібінен айырып, нәсібінен қағу болған. Қазақ қызыл империяның алғашқы жылдары осындай жолдан өтті. Енді өткен зұлымдықты тәркі ете отырып, жаңаны қалыптастыру барысында ұлттың ежелгі құндылықтарын адалдықпен жаңғырту міндет болып тұр.

«Арыстан – аң патшасы, жылқы – мал патшасы» деген сөз бар. Жылқының иесіне адалдығынан, тектілігінен алар тағылым аз болмаса керек.

Бұл сұраққа да нақты деректерге сүйеніп, жауап берсем деймін. Алдымен тектілік туралы әңгіме қозғағанда Аристотельдің: «Скиф патшасының үнемі құлындайтын жақсы мама биесі болады. Оның құлындарының бәрі жақсы жетіледі. Құйрық-жалы сүзілген сондай құлынның біреуін айғыр салып қоя береді. Осыдан  да жақсы құлын туар деген оймен оны енесіне салмақшы болады. Құлын-айғыр бұған көнбейді. Биенің үстіне жабу жауып, құлын-айғырды қосады. Айғыр шабады. Шапқаннан соң биенің жабуын алғанда енесін тани кеткен құлын-айғыр шапқылай жөнеліп, шыңғырып барып жартастан құлап өледі», деген сөзі ойға оралады. Бұл аңыз тәрізді естілер. Бірақ астарында үлкен шындық жатқаны анық. Жоғарыдағыдай жат әдет ата-бабасынан жылқы бағып, оны қастерлеген халықтар үшін төбе шашыңды тік тұрғызатын мәңгүрттік қылық саналады.

Мәңгүрттенуді осылайша қолдан жасау арқылы малды да, адамды да бұзуға болатынын білеміз. Бұған есе бергендер есерлікке ұрынады. Естілер есесін жібермейді, елдігін сақтайды, ұрпағының жанын да, қанын да таза ұстайды.

Бұған дау бар ма, жер бетінен жоғалғысы келген жұрт сондай қылыққа барады… Жылқыда тіл жоқ, бірақ бәрін түсінеді, түйсінеді. Жылқы еркіндікті сүйетін, бостандықтың символы. Қазақ та жылқы сияқты кіршіксіз тазалықты қадірлеп, басынан сөз асырмайды. Ат пен қазақтың сезімталдығына тағы бір мысал келтіре кетейін. Өткен ғасырдың басында Мәлғажы есімді кедей қойшы арық атымен мал жайып жүреді. Бір күні қастарынан бәйге аттары оқтай зулап өтіп бара жатқанда, қойторы күрсінген көрінеді. Сонда ердің айылы үзіліп кетіпті. Мәлғажы кедей қойшы болғанмен, ойы сергек, зердесі терең жан болса керек. Мынадан кейін қойды өгізбен жаяу жүріп бағып, арық атын баптай бастайды. Бабына келгенде, бәйгеге қосады. Арығы тұлпар болып шығыпты. Бәйгенің алдын бермепті. Кедей қойшыға  шыр бітеді.  Тоғыз тайлақ босағасына байланып, менсінбей жүргендердің сәлемі түзіледі. Жақсы ат ауызды ағартады деген осы шығар.

«Шер батса кім іздемес туған елін, Тұлпар да көксемей ме туған жерін» деп Мағжан ақын айтпақшы, жылқы жершіл деп жатады. Жылқыны қай жерге апарса да оның жанарынан туған жерінің келбеті көрініп тұрады деген сөз бар. Сіз бұған не алып қосасыз?

Ат сырын жетік білетіндерден осындай сөзді мен де естігем. Жалған деуге аузым бармайды. Жылқының жершілдігіне еш нәрсені теңгере алмайсың. Жылқыға жерін ұмыттыру үшін іскекпен кірпігін жұлады деген дерек бар. Арыға бармай, өткен ғасырдан нақты мысалдар келтірейін. 1910 жылдары Жәмеңке батыр Ташкентте тұратын қырғыз досы Қыдыреке ағайыншылап келгенде Қарқара жайлауында күтіп, қайтарында бір ат мінгізіп жіберіпті. Ташкентке барғаннан кейін әлгі ат бір күн тұрып, одан кейін қашып кетеді. Он сегіз күн дегенде Қарқараға келеді. Айтушылардың сөзіне қарағанда, ат күндіз-түні жорыта бермеген. Түнде, көбіне ел көзіне түспей жүрген көрінеді. Қыдыреке аттың Қарқараға жеткенін естіп, «Бұл тілі жоқ демесең, адамнан артық жануар екен. Өз жерінде жүре берсін», деп сәлем айтыпты.

Ат та тойған жерінде жүре бермейтін болғаны ғой.

Әрине, тағы бір мысалға жүгінейін. 1960 жылдардың ортасында Моңғолиядан Вьетнамға көп жылқы әкетіледі. Соның ішінде Арбайкер деген ат Архангей аймағына қайта қашып келіпті. Бұл аңыз емес ақиқат.  Келген соң үш күн бір төбенің басында сенделіп тұрып, одан кейін жан тапсырыпты. Атты сол кездегі Моңғолия басшысы Ю.Цеденбал келіп көріпті. Қазір сол Архангей аймағында Арбайкер деген қала бар. Арбайкерге моңғолдар қала төрінен үлкен ескерткіш орнатқан. Сол елдегі Баян-Өлгей аймағының 10 жылдық тойына Чойболсан да қатысады. Қазақтар маршалға күміс ер-тоқымымен Күнгейбай деген азаматтың жорға атын мінгізеді. Атты Улан-Баторға мәшинемен жеткізіп береді. Бірақ сол ат екі рет өз жеріне қашып келіпті. Осының өзінен-ақ жылқының кіндік қаны тамған жеріне деген адалдығын аңғару қиын болмаса керек.

Тарихтың атасы саналатын Геродот  біздің бабаларымыз туралы: «Киіз үйде тұрып, жылқы асырап, қымыз ішеді» деп жылқы өнімдерінің ішіндегі қымызды жоғары бағалағаны белгілі…

Бұл рас сөз. Шынында, осыдан жиырма бес ғасыр бұрын өзіңіз айтқан Геродоттың: «Олар бие сүтін ағаш күбілерге пісіп, бетін қалқып алады, бетіндегі қалқымасы ең жақсы деп саналады. Оны аса қадірлейді, құпия сақтайды» деген сөзі дәл бүгін айтқандай естіледі. Осының өзінен-ақ біздің арғы аталарымыз қымызды қалай ашытқанын көруге болады. Бұл аз десеңіз, Ботай заманындағы қыш құмыраларды зерттегенде, оның ішінен бие сүтінің қалдығы сақталғанын Англия ғалымдары осыдан екі жыл бұрын (2009 ж.) дәлелдеп шықты. Олар атам заманғы бие сүтінің жұғындыларының құрамын бүгінгі қымызбен салыстырғанда, көп айырмашылығы жоқ екеніне көздері жеткенде, үлкен таңданыс білдіріпті.

Жылқыны жетік зерттеген оқымыстылар өзге жұртқа нан қандай керек болса, қымыз қазаққа да сондай қажет болғанын айтқан. Мысалы, атақты ғалым В.И. Даль: «Қымыз ішуді әдетке айналдырсаң, басқа сусындардан гөрі оның артықшылығын ерекше сезінесің. Осынау шипалы сусын аштық пен шөлді бірден басады, денеңді салқындатады. Егер қымызды үзбей ішсең, бір аптадан соң өзіңді сергек сезінесің. Денсаулығың түзеліп, тынысың кеңиді, жүзің жарқырап шыға келеді. Оны басқа қорек түрлерімен ешбір салыстыруға болмайды» десе, атам заманғы грек дәрігері Гиппократ: «Олар бір жерде малдың шөбі біткенше отырады. Шөп біткен уақытта басқа жерге көшеді. Өздері пісіріп ет жейді, бие сүтін ішеді» депті. Ал қазақтың «Қымызды күміс ыдысқа құйса, дәмі бал татиды» деген сөзінің де астары енді ақиқатқа айнала бастады. «Қымызды ойлап тапқан көшпенділер, себебі, нағыз көшпенді тұрмыс шыдамды да, жүріске мықты жылқы өсірумен байланысты болды. Негізі қазақтарда қымыз ашытудың көне әдісі әлі күнге сақталған, қымызды тері ыдыстарда сақтайды» деген Л.Потаков, күміс ыдыс туралы: «Алтайдың тас мүсіндерінде кескінделген зерендер мен түркі заманындағы бай молалардан табылған күміс зерендер көшпенді малшылардың ең сүйікті сусыны қымыз құюға арналған болуы керек» деген байлам айтады.

Бүгінде қымыз өндірумен тек қана Германия емес, Австрия, Голландия, Италия мемлекеттері де айналыса бастапты. Олар сусын жасаумен қатар, қымыздан косметика, балаларға балмұздақ, т.б. дайындайтын көрінеді. Ал профессорлар Зұлхарнай Сейітов пен Абай Жанғабылов қымыздың Германияда емге сатылатынын айтып, негізі сүттің екі топқа бөлінетінін, бірі – казеиндік, екіншісі – альбуминді сүттер екенін, қойдың, ешкінің, сиырдың, түйенің сүттері казеиндік сүттер тобына кіретінін, альбуминді топқа ана сүті мен биенің сүті жататынын айтады. Сол секілді бие сүтінде лактоферрин атты ақуыз түзілетінін, одан қазір Ресей ғалымдары қатерлі ісікке қарсы дәрі жасап жатқанын, сол ақуыздың 1 грамының құны 4 мың АҚШ долларына тең екенін тілге тиек етеді.

Мен – жылқы, оның өнімдері, ат әбзелдерін зерттеп жүрген тарихшымын. Ал бие сүтінің химиялық, биологиялық құрамы туралы өзіңіз айтқан ғалымдар секілді таратып айта алмаймын. Ал қымыздың адам денсаулығына ем екені еш шүбә келтірмейді. «Қымыз қырық түрлі дертке ем» дейді қазақ. Шындығына келсек, жылқының басынан бастап бақайына дейінгі барлық өнімдері, ту биенің терісі, терлігі, қылы, т.б. адамның қажетіне жаратылады. Бір кездері еліміздің біраз өңірінде қымызбен емдейтін шипажайлар болып еді. Қазір олардың бірде бірі жоқ.

Сахалар қымыз туралы заң қабылдаса, Ресейде қымыз өндіретін 80-нен астам фирма, 48 санаторий бар екен.

Бұған қосылудан басқа қолымнан келетін еш айла болмай тұр. Қазіргі қымыз деп жүргеніміздің көбі менің топшылауымша, талапқа сай келмейтіні бесенеден белгілі. Сондықтан қымыздың атажұрты, атасы ретінде бұл істі мемлекеттік дәрежеде қолға алып, өзгелерден асып түссек, кеткен «мал» қайтар, берекесі кірер. Сонда аталар сенімін ақтармыз.

Қазақтың абыройын қымыздан өзге де жылқыға тән қасиеттермен шығаруға болатын шығар. Бұл тұрғыдан келгенде қандай ұсыныстар айтар едіңіз?

Орнына келтіре алсақ, сол қымыз құятын ыдыстарымыз, ер-тұрманымыз қандай? Қамшы және қамшыгерлік өнер ше?! Салт атқа мінудің қазақы үлгісі, жылқы терісінен жасалатын бұйымдар, ат тағалау, халық медицинасындағы жылқының рөлі, аттың бабы мен сыны, жылқы және сөз, саз өнері, «Ту ұстап құлан жалды тұлпар міндім», деп «Ту түбінде тулап өлген Қазымбет» Қабанбай батырдың туын: «Қос жебе өндіршектен қадалса да, Қазымбет тудың сабын жібермеген» – намыстың киелі рәмізі тұлпар мен ту, өнегесі жылқыға қатысты мерекелер – осылай кете береді. Жылқы түстерінің өзі 360-қа жетеді. Мысалы, қаракөктен басталатын жылқы түсі 50-ге таяу болса, ер-тұрманның 15 түрі бар екен. Қамшы 23 түрге бөлінсе, қамшылаудың өзі 25-ке жетіп жығылады. Қазы  атаулары 20-дан асады. Шіркін, осы қазы-қарта, жал-жаямыздың өзін заманға қарай жаңғыртсақ, талапқа сай өңдеп-өндірсек, талайды өзімізге тартар едік-ау! Қымызмұрындық, ас, бәйге, қазір төрткүл дүние бейбітшілікке ұмтылып отырғанда, жылқы және әскери істі жаңғырту жайын ойластырсақ, осының бәрі дәуірге қарай қазақтың миынан жаңғырып шыққан құндылық деген ойды саналарға сіңірсек ұтылмас едік. Мұны сөз жүзінде емес, нақты іспен атқарсақ, ұтылмас едік.

Кейбір елдер жоққа жүйрік жетпейді деп, жоқтан бар жасап жатса, біз барымызды бағалай алмай, өзгелердікін өрге шығарып, өзіміздікін төмен сүйреп, Абай айтпақшы, барымызбен  көзге ұрмай, күмілжи беретініміз бар…

Жоғарыда айттық, Қазақ елі мен жері жылқының отаны екенін. Ендеше, жылқының Отанында жылқының музейі міндетті түрде ашылуы керек деп білеміз.  Жылқының елі болмаса да жылқыға музей ашқан мемлекеттер әлемде аз емес. Олардың қатарында АҚШ, Англия, Жапония, Франция, жылқы бағуды көшпенділерден үйрендік дейтін Ресей, тағы басқалар бар. Бұл игілікті істі қалай жүзеге асыруға болады деген сергек жандар табылып жатса, менде оның концепциясы дайын тұр. Көрші Қытай елінің Үрімжі қаласының жанындағы сұлу Сәнгу өзенінің жағасынан ондағы бауырларымыз 5-6 гектар жер алып, «Қазақ мәдениеті мен өнерінің» ашық аспан астындағы музейін жасаған. Бұл Қытайдағы қандастарымыздың ерекше отансүйгіштігін, ұлтының өткеніне сергек қарайтынын көрсетеді. Осыған қол ұшын созып, қаржылай көмектескен Қытай мүсіншісі және миллионері Жан Уини деген азамат екен.

Ақа, бізде миллионерлер емес, миллиардерлер де бар ғой.

Иә, бар екенін білемін. «Қазағым, халқым, мінезің жарқын. Қазақтың ұмытпайық ата салтын», деп солардың құлағына жетер ме деп айтып жатқаным ғой. Жалпы, біздің халық Қамбар ата «ұрпағына» қарыздар. 5 мың жыл бойы мінсек көлік, ішсек ас болып келеді. Осы күнімізге жеткізген де сол қылқұйрықтар десем, біреулер дауласа қоймас. Шынына келгенде, жылқымен тағдырласпыз ғой. Кеңес тұсында қайта-қайта қуғын-сүргінге ұрына бергеніміз де жасырын емес. Ендігі жерде, ұлтымызды өркендетумен қатар, жылқыны да өсірсек, оның терең тамырлы тарихын өзге жұрттарға түсіндірсек, онымен мінезіміздің де бір жерден шығып жататынына көздерін жеткізсек, қазақ жұрты тағы бір қырынан танылар еді. Жылқы – тілі жоқ демесең текті ғой. Елдің ұранына үйренген жүйрік аттар, сол елдің ұранын айғайламаса, иесінің атын атамаса шаппай қояды екен.

Жылқы (лат. Equus ferus caballus) – тақтұяқтылар отрядының бір тұқымдасы. Жылқы адамзат өркениетіндегі, әсіресе, дала өркениетіндегі дамудың жарқын да елеулі көрсеткіштерінің бірі болады. Жылқыны қолға үйрете бастау көшпелі шаруашылық пен өркениет дамуының негізін қалады. Қолға үйретілген жылқының (E. caballus) шаруашылықта маңызы зор. Ол – ет және қымыз өндіру, салт міну, арбаға не шанаға жегу, әскери және спорттық бағыттарда өсіріледі.
Қазба қалдықтары жылқының б.з.б. 7000 ж. бұрын-ақ Азия мен Еуропада қолға үйретілгендігін дәлелдейді. Жылқы тұқымдасы есек, құлан, зебр, жабайы жылқы болып 4 туысқа бөлінеді. Үй жылқы жабайы жықыға жатады, одан басқа оған керқұлан (немесе Пржевальский жылқысы) және қазір жойылып кеткен Тарпан жатады. Соңғысы 19 ғ. дейін Батыс Қазақстан, Батыс Сібір, Ресейдің еуропалық бөлігінің оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарын және кейбір Еуропа елдерін мекен еткен. Керқұлан үйірлері қазір Моңғолияда ғана кездеседі. Көптеген ғалымдардың зерттеулері бойынша үй жылқысының ең жақын тегі осы керқұлан. Жабайы жылқының сүйегі Францияның солтүстігінен көп табылған. Америкада жабайы жылқы болмаған, қолға үйретілген жықылар кейін тағыланып (мустанг деп аталады) кеткен.
Ежелгі дәуірлерде-ақ қазіргі Қазақстан аумағы жылқының қолға үйретілген мекені болғандығын археологиялық қазбалар дәлелдейді. Солтүстік Қазақстандағы Ботай мәдениеті энеолит дәуірінде (б.з.б. 4 – 3-мыңжылдық), Арқайым ескерткіштері орта қола дәуірінде (б.з.б. 2-мыңжылдық), Қазақстанның барлық аймақтарынан кездесетін арий, сақ, ғұн кезеңдерінің ескерткіштері (б.з.б. 1-мыңжылдық – б.з. 2 ғ.) ежелгі Қазақстанда жылқының қолға үйретіліп қана қоймай, бұл малдың ерекше қастерленіп, әдет-ғұрыптық рәсімдердің ажырамас бір бөлігіне айналғанын көрсетеді.
Түріне, күтімі және өсу айналасына байланысты қазіргі үй жылқысы орташада 25-30 жыл жасайды.Кей кезде, кейбір жануарлар жасы 40-тан асады.Жазу деректеріне сай ең көп 19 ғ. Ескі Билли деген ат 62 жыл өмір сүрген.Қазіргі заманда, Шуга Пафф деген пони 2007 ж. 56 жаста өліп Гинесс кітабына енген.

Жылқы төлдерін былай бөледі:

* құлын (биенің жас төлі),

* жабағы (6 айдан асқан құлын),

* тай (1 жастан асқаны) деп атайды.

Ал бұдан әрі ұрғашы жылқыны яғни байталды:

* құнажын байтал (2 жастан асқаны),

* дөнежін шығар (3 жастағы байтал),

* дөнежін байтал (3 жастан асқаны),

* бесті бие (4 жастан асқаны),

* қасабалы бие (7 – 8 жастағы бие),

* кәртамыс бие (11 – 14 жастағы бие),

* жасаған бие (20 жастан асқан бие), т.б. атайды.

Піштірілмеген еркек жылқының яғни айғырдың атаулары:

* құнан айғыр (2 жастан асқаны),

* дөнен айғыр (3 жастағысы),

* сәурік айғыр (3 – 4 жастағы үйірге салынбағаны),

* бесті айғыр (5 жастағысы),

* сақа айғыр (11 – 12 жастағысы), т.б.



















Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 21.11.2015
Раздел Биология
Подраздел Презентации
Просмотров695
Номер материала ДВ-176617
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх