Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Презентации / Презентация на тему "ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ"

Презентация на тему "ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ"


  • История

Поделитесь материалом с коллегами:

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқ...
І. Жаңа жаһандық нақты ахуалдың сын-қатерлері ІІ. Қазақстанның дағдарысқа қар...
Біріншіден, қазіргі жаһандық дағдарыс жаппай қамту сипатына ие Екіншіден, әле...
Біріншіден, қазірдің өзінде индустриялық-инновациялық дамудың екінші бесжылды...
Біріншіден, Давос экономикалық форумының Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индек...
Қазір және кез келген басқа уақытта біздің дағдарысқа қарсы басты стратагемам...
БІРІНШІ. Қаржы секторын тұрақтандыру Біздің маңызды міндетіміз – қаржы жүйесі...
«Көрпеге қарап көсілу» – бұл, әсіресе, жаһандық дағдарыстың ықпалы жағдайында...
Бүгінде тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету үшін ішкі ресурстарды бары...
Таяудағы онжылдықта Қазақстанның алдында тұрған міндеттер: — экономиканың жыл...
Біріншіден, трансұлттық корпорацияларға екпін түсіре отырып, жеке инвестициял...
2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің еңбе...
Бүгінде тек Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы ғана сыртқы сілкіністерге орнықты, тиі...
2014-2015 жылдары шағын және орта бизнесті дамытуға 1 триллион теңге бөлініп...
ҚХР-мен 23 миллиард долларға шикізаттық емес сектордағы ынтымақтастық туралы...
Дағдарыстардың бәрі өткінші, өтеді де кетеді. Ел тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұр...
1 из 17

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқ
Описание слайда:

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ. 30 қараша 2015 жыл

№ слайда 2
Описание слайда:

№ слайда 3 І. Жаңа жаһандық нақты ахуалдың сын-қатерлері ІІ. Қазақстанның дағдарысқа қар
Описание слайда:

І. Жаңа жаһандық нақты ахуалдың сын-қатерлері ІІ. Қазақстанның дағдарысқа қарсы мүмкіндіктері ІІІ. Біздің дағдарысқа қарсы басты стратагемамыз

№ слайда 4 Біріншіден, қазіргі жаһандық дағдарыс жаппай қамту сипатына ие Екіншіден, әле
Описание слайда:

Біріншіден, қазіргі жаһандық дағдарыс жаппай қамту сипатына ие Екіншіден, әлемнің барлық экономикаларында да экономикалық өсімнің баяулауы байқалуда Үшіншіден, бүгінде мұнайдан түсетін супертабыстар жоқ. Төртіншіден, жаһандық экономика саяси факторлардың қысымын сезінуде. І. Жаңа жаһандық нақты ахуалдың сын-қатерлері

№ слайда 5 Біріншіден, қазірдің өзінде индустриялық-инновациялық дамудың екінші бесжылды
Описание слайда:

Біріншіден, қазірдің өзінде индустриялық-инновациялық дамудың екінші бесжылдығын бастадық, яғни шикізат ресурстарына ғана қарап қалмайтын экономика құрудамыз. Екіншіден, «Нұрлы Жол» Мемлекеттік инфрақұрылымдық даму бағдарламасын қабылдадық. Үшіншіден, 5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асырудамыз. Төртіншіден, қажетті мемлекеттік қор мен алтын-валюта резервін жинақтадық. Бесіншіден, мұнай бағасы барреліне 30-ға дейін және 20 долларға дейін төмендеген жағдайларға ойластырылған іс-қимылдар нұсқасы әзірленді. Алтыншыдан, Қазақстанда инновациялық индустрияландыру шеңберінде құрылған экономиканың жаңа секторлары экономикалық өсімнің драйверлеріне айналуда. Жетіншіден, қазақстандықтардың экономикалық мінез-құлықтары өзгеруде. Еңбек өнімділігінің 60 пайыздан астамға артқаны байқалып отыр. ІІ. Қазақстанның дағдарысқа қарсы мүмкіндіктері

№ слайда 6 Біріншіден, Давос экономикалық форумының Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индек
Описание слайда:

Біріншіден, Давос экономикалық форумының Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі көрсеткіші бойынша Қазақстан әлемде 42-ші орынға ие болды. Екіншіден, бизнес үшін барынша қолайлы жағдайлар жасайтын елдердің әлемдік рейтингінде Қазақстан 41-ші позицияны иеленді. Үшіншіден, 30 қарашада Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымының заңды түрдегі толыққанды мүшесі болды. Ол туралы ДСҰ-ның Бас кеңесінің отырысында ресми түрде хабарланатын болады. «Қазақстан -2050» Стратегиясын жүзеге асыру

№ слайда 7 Қазір және кез келген басқа уақытта біздің дағдарысқа қарсы басты стратагемам
Описание слайда:

Қазір және кез келген басқа уақытта біздің дағдарысқа қарсы басты стратагемамыз үш қарапайым, бірақ маңызды – өсім, реформалар, даму ұғымдарымен үндес. Біріншісі – өсім. Ағымдағы міндеттерге қатысты алғанда бізге Қазақстанның әлемнің неғұрлым дамыған отыздығына енуін қамтамасыз ететін экономикалық өсім қарқынын қалпына келтіру қажет. Екінші – реформалар. Олар экономиканың, қоғам мен мемлекеттің тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Қазір біз «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асырып жатырмыз. Үшінші – даму. ХХІ ғасырда қоғамның барлық салаларын үздіксіз жаңғырту дамудың басты факторына айналып отыр. ІІІ. Біздің дағдарысқа қарсы басты стратагемамыз

№ слайда 8 БІРІНШІ. Қаржы секторын тұрақтандыру Біздің маңызды міндетіміз – қаржы жүйесі
Описание слайда:

БІРІНШІ. Қаржы секторын тұрақтандыру Біздің маңызды міндетіміз – қаржы жүйесін жылдам тұрақтандыру, оны жаңа жаһандық нақты ахуалға сәйкестендіру. Екіншіден, инфляциялық таргеттеу шеңберінде Ұлттық банк орта мерзімді болашақта инфляция деңгейін 4 пайызға дейін төмендетуі керек.. Үшіншіден, Ұлттық банктегі институттық кемшіліктерді жою қажет. Төртіншіден, 2016 жылы зейнетақы активтері жеке қазақстандық немесе шетелдік компаниялардың басқаруына берілуі тиіс. Біздің бәріміздің де ұлттық валютамыз – теңгеге сенуіміз қажет. Теңге салымдары – бүгінде азаматтардың жиналымдарын сақтаудың ең үздік құралы. Дағдарысқа қарсы және құрылымдық жаңарулардың бес бағыты

№ слайда 9 «Көрпеге қарап көсілу» – бұл, әсіресе, жаһандық дағдарыстың ықпалы жағдайында
Описание слайда:

«Көрпеге қарап көсілу» – бұл, әсіресе, жаһандық дағдарыстың ықпалы жағдайында біз үшін тексерілген қағидат және бюджет саясатының дұрыс моделі. Бізге мемлекеттік кірістер мен шығыстардың бүкіл жүйесін қайта қарау қажет. Салық саласының мөлдірлігін арттыру Үкіметтің басты міндеті болуы тиіс. Тек осылай еткенде ғана экономиканың әрбір субъектісі салықтарды толық көлемде төлеуге мүдделі болмақ. Үкімет салықтық әкімшілендірудің тиімділігін қамтамасыз етуі керек. Бүгінде мүлікті жария ету мерзімдері 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылды Енді бюджет шығындарын оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы. Мемлекеттік шығындар мен субсидиялар жүйесін де қайта қараған жөн. ЕКІНШІ. Бюджет саясатын оңтайландыру

№ слайда 10 Бүгінде тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету үшін ішкі ресурстарды бары
Описание слайда:

Бүгінде тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету үшін ішкі ресурстарды барынша босатудың маңызы зор. «Самұрық-Қазына» және «ҚазАгро» холдингтері өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының орасан зор активтеріне тиімді бақылау жасай алмайды. «Самұрық-Қазына» қорының активтері ІЖӨ-нің 40 пайыздан астамын құрайды, Жекешелендіру әділетті нарықтық баға бойынша, ашық және бәсекелі жүзеге асырылуы керек. Үкімет еркін және саламатты бәсеке үшін жағдайлар жасауы тиіс. Біріншіден, Үкіметке антимонополиялық қызметті күшейту бойынша нақты ұсыныстар жасауды тапсырамын. Екіншіден, бағаны жасанды реттеу түрінде нарықтық ынталандыруларға қатысты бұрмалауларды жою қажет. Үшіншіден, бәсекелестік саласындағы саясат банкроттық және тиімсіз компанияларды оңалтуды тиімді реттеу үдерістерімен қоян-қолтық жүруі тиіс Мен сіздерді капиталдарды заңдастыруға, жекешелендіру тендерлеріне белсенді қатысуға шақырамын. Осылайша сіздер өздеріңізге және Қазақстанға, барша халқымызға жәрдемдесетін боласыздар. ҮШІНШІ. Жекешелендіру және экономикалық бәсекелестікті ынталандыру

№ слайда 11 Таяудағы онжылдықта Қазақстанның алдында тұрған міндеттер: — экономиканың жыл
Описание слайда:

Таяудағы онжылдықта Қазақстанның алдында тұрған міндеттер: — экономиканың жыл сайынғы өсімін 5 пайыз деңгейінде қамтамасыз ету; — өңделген тауарлардың экспортын 2015 жылмен салыстырғанда кем дегенде екі есе ұлғайтып, оны жылына 30 миллиард долларға дейін жеткізу; — экономикаға жыл сайынғы инвестициялардың көлемін 10 миллиард доллардан астамға ұлғайтып, тұтастай алғанда 10 жыл ішінде – кем дегенде 100 миллиард долларға жеткізу; — 660 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құру, еңбек өнімділігін 2 еседен астамға арттыру. Экономикалық өсімнің мұндай қарқыны тек экспорттық табыстар ағынын мүмкін ететін жаңа драйверлер қалыптастыру есебінен ғана қамтамасыз етіле алады. ТӨРТІНШІ. Жаңа инвестициялық саясаттың негіздері

№ слайда 12 Біріншіден, трансұлттық корпорацияларға екпін түсіре отырып, жеке инвестициял
Описание слайда:

Біріншіден, трансұлттық корпорацияларға екпін түсіре отырып, жеке инвестициялар тарту маңызды. Екіншіден, экономикалық өсімнің өңірлік драйверлерін қалыптастыру маңызды. Барлық инвестициялық жобалар тікелей өңірлерде жүзеге асырылады. Сондықтан, 6 макроөңірлер – Оңтүстік, Солтүстік, Орталық – Шығыс, Батыс, Алматы және Астана үшін жеке бағдарламалар жасау қажет. Үшіншіден, қазір әлемдік және өңірлік рыноктарда экспорттық тауашаларды белсендірек игерген жөн. Төртіншіден, бізге техникалық кадрлар дайындау жүйесін барынша дамыту қажет. Бесіншіден, Қазақстан экономикасының инновациялық әлеуетін арттырған жөн. Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу бізге «жасыл технологияларға» негізделген жаңа энергетиканы белсенді дамытуға жақсы мүмкіндік береді. ТӨРТІНШІ. Жаңа инвестициялық саясаттың негіздері

№ слайда 13 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің еңбе
Описание слайда:

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің еңбекақысы орташа алғанда – 28 пайызға дейін, білім беру саласы қызметкерлерінікі – 29 пайызға дейін, әлеуметтік қорғаудағы қызметкерлердікі 40 пайызға дейін артатынын жариялаймын. Алдағы жылы мүгедектігі мен асыраушысынан айырылуға байланысты әлеуметтік жәрдемақылардың 25 пайыздық өсімі, сондай-ақ, стипендиялар қамтамасыз етілетін болады. 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап біз инфляция деңгейінің алдын ала отырып, ынтымақты зейнетақыны 2 пайызға индекстейміз. 2016 жылы «Б» корпусындағы мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысы 30 пайызға арттырылатын болады. БЕСІНШІ. Жаңа әлеуметтік саясат

№ слайда 14 Бүгінде тек Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы ғана сыртқы сілкіністерге орнықты, тиі
Описание слайда:

Бүгінде тек Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы ғана сыртқы сілкіністерге орнықты, тиімді экономиканың нақты негізі болуға қабілетті. . Мемлекеттің әлеуметтік саладағы рөлі әлсіз қорғалған азаматтарды қолдаумен және адам капиталына инвестицияларды қамтамасыз етумен шектелетін болуы тиіс. Атаулы әлеуметтік қолдау тек мұқтаж адамдарға, олардың нақты табыстары мен өмір сүру жағдайын бағамдау негізінде, көрсетілетін болады. Басқалар ақшаны өздері, өздерінің еңбектерімен табулары тиіс. Азаматтарымыздың жекелеген топтарының ерекше сұраныстарын ескере отырып, өмір сүрудің ең төменгі деңгейінің құрылымдарын қайта қарау және оның түрлі деңгейлерін белгілеу қажет. Үкіметке үш ай ішінде әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін оңтайландыру бойынша ұсыныс енгізуді тапсырамын. Біз бұған дейін қабылданған бағдарламаларға сәйкес, білім беру және денсаулық сақтау салаларын жаңғыртуды жалғастыруымыз керек. Мен 2017 жылдан бастап жаңа жоба – «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім» бағдарламасы басталатынын жариялаймын. Мен жастарымызды жұмысшы мамандығын белсенді меңгеруге шақырамын БЕСІНШІ. Жаңа әлеуметтік саясат

№ слайда 15 2014-2015 жылдары шағын және орта бизнесті дамытуға 1 триллион теңге бөлініп
Описание слайда:

2014-2015 жылдары шағын және орта бизнесті дамытуға 1 триллион теңге бөлініп үлгерілген болатын. «Нұрлы Жол» бағдарламалары жобаларына – 2,7 триллион теңге. 2,7 триллион теңге Қазақстанға халықаралық қаржы ұйымдары тарапынан бөлінді. Қытай Халық Республикасынан 2,7 миллиард доллар көлемінде несие берді. Тұтастай алғанда, осы Жолдау жобаларын жүзеге асыруға 7,5 триллион теңге тартылмақ. Осы қаржыларды тиімді пайдалану – Үкіметтің басты міндеті және жауапкершілігі. Жолдауда ілгерілетіп отырған шаралардың барлығы нақты сипатқа ие және әдеттегісінше, сенімді қаржыландырумен қамтамасыз етілген.

№ слайда 16 ҚХР-мен 23 миллиард долларға шикізаттық емес сектордағы ынтымақтастық туралы
Описание слайда:

ҚХР-мен 23 миллиард долларға шикізаттық емес сектордағы ынтымақтастық туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Бұл – 40-тан астам жаңа кәсіпорын салынады. Лондон мен Парижге сапарларым да, экономикалық ынтымақтастық тұрғысынан алғанда, табысты болды. Жасалған келісімшарттардың жалпы сомасы 11,5 миллиард долларды құрайды. Елімізге Ресей Президентінің сапары біздің дәстүрлі ізгі көршілестік қарым-қатынастарымыздың тұрақтылығы мен беріктігін және экономикалық интеграцияның дамып келе жатқанын көрсетті. Жапония премьер-министрінің сапары инвестициялық және технологиялық ынтымақтастықтың көкжиегін кеңейтетін болады. Бізге тұңғыш рет «Тойота» концерні келіп, Қазақстанда автомобильдер шығарады. Біз әлемдік қоғамдастықпен ядросыз әлем үшін, терроризм мен экстремизмге қарсы күресте біргеміз. Біз кез келген жанжалдардың бейбіт жолмен шешілгенін қалаймыз және осы үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз. Өзіміздің салмақты сыртқы саяси қызметімізбен біз бүкіл әлем бойынша көптеген достар таптық.

№ слайда 17 Дағдарыстардың бәрі өткінші, өтеді де кетеді. Ел тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұр
Описание слайда:

Дағдарыстардың бәрі өткінші, өтеді де кетеді. Ел тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты ұлы құндылықтар ғана мәңгі. Біз көлденең шыққан кедергілерге кідірмей, дамыған 30 елдің қатарына қосылу мақсатына қадам басамыз. Рухы биік, еңбегі ерен, бірлігі мығым Мәңгілік Ел болу үшін бізде бәрі бар. Тәуелсіздіктің туын желбіретіп, тұғырын нығайтқан біздің тарих алдында жүзіміз жарқын! Біздің тірегіміз – тәуелсіздік, тілегіміз – тұрақтылық, білегіміз – бірлік! Көк байрағымыздағы алтын қырандай еліміз қанатын кеңге жайып, асқар биіктерден көрінсін! Барды бағалап, жоқты жасай білген жасампаз жұртымыздың көк байрағы әрдайым биікте желбіресін! Н.А. Назарбаев


Автор
Дата добавления 04.01.2016
Раздел История
Подраздел Презентации
Просмотров637
Номер материала ДВ-304839
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх