Инфоурок Другое ПрезентацииПрезентация на тему: Бақылау әдісі

Презентация на тему: Бақылау әдісі

Скачать материал
Скачать материал "Презентация на тему: Бақылау әдісі"

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по корпоративной культуре

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • Бақылау әдісіСыныптағы бақылау методикасы

    1 слайд

    Бақылау әдісі
    Сыныптағы бақылау методикасы

  • 2 слайд

  • 3 слайд

  • 4 слайд

  • Бақылау — зерттеу не тексеру әдісі. Бақылау арнайы жоспар бойынша жүргізіледі...

    5 слайд

    Бақылау — зерттеу не тексеру әдісі. Бақылау арнайы жоспар бойынша жүргізіледі. Жоспарда Бақылаудың мақсаты мен міндеттері, объектісі (сабақ, саяхат,лабораториядағы, шеберханадағы, оқу-тәжірибе учаскесіндегі оқушылардың жұмыстары), жүргізу әдісі мен жолдары дұрыс көрсетілуі тиіс. Ғылыми негізде шығармашылықпен жасалған жоспар зерттеу жұмысының нәтижелі болуына игі әсер етеді. Ғылыми Бақылау зерттелетін педагогикалық құбылысты дұрыс әрі дәл жазып алуды талап етеді. Сондықтан Бақылаудың нәтижесі зерттеушінің педагогикалық іскерлігіне, қабілетіне және сауаттылығына байланысты. Зерттелетін тақырыптың мақсаты мен мазмұнына қарап, Бақылауды жаппай және ішінара жүргізуге болады. Оқу-тәрбие барысында жалпы мәселелерді (сабақ үстіндегі оқушылардың танымдық іс-әрекеті, оқушылар зейінін жандандыру, балалардың ұжымдық іс-әрекеті, т.б.) зерттеу үшін жаппай Бақылау әдісі пайдаланылады. Жеке оқушының іс-әрекеті мен мінез-құлқын зерттеу үшін ішінара Бақылау әдісі қолданылады. Бақылау нәтижелері дұрыс шығу үшін түрлі формулалар, кестелер,фотосуреттер, сұлбалар, әсіресе, техника құралдарды (киноға түсіру, магнитофонға жазу, т.б.) кеңінен пайдаланады. Бақылау материалдары арнайы күнделікке, хаттамаға жазылады. Зерттеуші педагогикалық Бақылау материалдарын анкета мәліметтерімен де толықтырады. Бақылау — сондай-ақ, педагогикалық құбылыстың ішкі процесі (оқушы санасында болатын психикалық процесс) жайлы толық мәлімет алу үшін қолданылатын әдістердің бірі.

  • Оқыту процесіндегі Бақылаудың психологиялық, педагогикалық мәні — оқушыларға...

    6 слайд

    Оқыту процесіндегі Бақылаудың психологиялық, педагогикалық мәні — оқушыларға дер кезінде көмек көрсету; олардың шығармашылық күшіне, қабілетіне сенім білдіру, оқушылардың оқу тапсырмасын нәтижелі етіп орындау үшін ынталандыру, іске жұмылдыру. Бақылаудың бірнеше түрлері бар: тақырыптық Бақылау, тараулар бойынша жүргізілетін Бақылау, қорытынды Бақылау Тақырыптық Бақылау оқу бағдарламасындағы белгілі тақырыптар бойынша өткізіледі. Сабақтың тақырыбы және әрбір кезеңдері негізінде оқушылардың білімді, іскерлікті, дағдыны игеруі тексеріледі. Тараулар бойынша жүргізілетін Бақылау әрбір тоқсанның аяғында оқу бағдарламасының белгілі тарауын оқып болғаннан кейін өткізіледі. Бұл Бақылаудың мақсаты — оқу бағдарламасы негізіндегі Бақылау жұмыстары мен түрлі техника құралдар (оқыту машинасы,компьютер, электронды-есептеуші машина, т.б.) арқылы әрбір тоқсанның аяғында оқушы білімінің көлемі мен сапасын, іскерлігін, дағдысын анықтау. Қорытынды Бақылау жыл аяғында өткізіледі. Мұнда тақырыптық және тараулар бойынша жүргізілетін Бақылау нәтижелері есепке алынады. Оқушылардың жыл бойына алған теориялық және практикалық білім деңгейі анықталады. Қорытынды Бақылаудың негізі емтихан және оқушылардың жылдық үлгерім бағалары болып есептеледі. Бақылау әдісінің ішінде бағдарламалап Бақылау әдістерінің өзіндік ерекшелігі бар. 

  • Машинасыз бағдарламалап Бақылау әдістері бойынша перфокарталар және Бақылау к...

    7 слайд

    Машинасыз бағдарламалап Бақылау әдістері бойынша перфокарталар және Бақылау карталары қолданылып, оқушылардың теориялық және практикалық білімдері анықталады. Бақылау карталарын пайдалану оқушылардың білімін аз уақыттың ішінде анықтауға мүмкіндік береді. Машиналы бағдарламалап Бақылау әдістері мектептерде, арнайы орта және жоғары оқу орындарында қолданылады. Техникақұралдар оқушылардың білімін тексеру, Бақылау және өзін-өзі Бақылауда қолданылады. Оқыту процесінде оқушылардың өзін-өзі Бақылауы өте қажет. Өзін-өзі Бақылау олардың игерген оқу бағдарламасы, материалы мен дағды, іскерлігінің беріктігін қамтамасыз етеді. Өзін-өзі Бақылау арқылы оқушылардың өз біліміне сенімі артып, орындаған жұмыстарының нәтижесін бағалайды. Оқыту процесінде Бақылаудың жаппай, топтық және дербес формалары бар. Жаппай Бақылауда барлық оқушыларға мазмұны бірдей сұрақтар немесе тапсырмалар беріледі, орындалған жұмыстарды олар тексеріп, іске асырады. Топтық Бақылауда зерттелетін оқушылардың белгілі бір тобы тапсырмалар орындайды. Бақылаудың дербес формасы әрбір оқушының білімін, іскерлігін және дағдысын анықтайды. Дербес Бақылау бағдарламалап және дифференциялап оқыту барысында жақсы нәтиже береді.  

  • Бақылау — тәртіптің мәні мен мазмұнын анықтау үшін қолданылатын жүйелі және...

    8 слайд


    Бақылау — тәртіптің мәні мен мазмұнын анықтау үшін қолданылатын жүйелі және бағытты психологиялық-педагогикалық зерттеу әдісі.
    Педагогика саласындағы зерттеудегі бақылау екі қызмет атқарады:
    а)теориялың зерттеуді эмпириялық ақпаратпен қамтамасыз ету;
    б)теорияның тәжірибедегі тепе-теңділігі мен шын-шылдығын тексеру.
    Бақылау әдісі — ұзақ мақсатқа бағытталған және жоспарды қабылдауға негізделген педагогикалық үрдіс танымының әдісі.
    Бақылаудың негізгі міндеті — тәжірибе мәселесіне жауап беретін ғылыми-зерттеу мәселелерін дұрыс анықтап алу. Бақылау әдеттегідей алдын-ала белгіленген жоспар бойынша нақты бақылау нысандарын анықтау арқылы жүзеге асырылады. Мақсатты түрде бағытталған бақылау ғылыми қызметкерге қызығушылық тудырған құбылыстарды айқындайтын жағымды және жағымсыз факторларды жинастыруға мүмкіндік береді.
    Алайда, бақылау алға қойылған сұраққа анық жауап бере алмайды, олар тек эмпириялық таным тудырады. Эмпириялық білім толық түрде анық емес, дәлелсізі көбінесе қате болады. Педагогикалық ғылымнын міндеттері осы кемшіліктерді жеңу, педагогикалық білімді тереңдету, нақтылау, дәлелдемелі қылу, себебі осыларға сүйене отырып педагогикалық үрдіске одан да тиімді түрде басқару жүргізу.

  • Бақылауды жіктеудің түрлі жолдары бар. Бақылау жиілігіне қарай тұрақты, қайта...

    9 слайд

    Бақылауды жіктеудің түрлі жолдары бар. Бақылау жиілігіне қарай тұрақты, қайталанбалы, біржолғы болып бөлінеді.
    Тұрақты бақылау, мысалға белгілі бір уақыт жиілігінде кейбір пән бойынша сабақты қамтиды; қайталанбалы белгіленген мезгіл аралығында, біржолғы — бір сабақтағы көрініс қана тіркеледі.
    Нысанды қамту көлемі жағынан тұтас және тұтас емес бақылау болып бөлінеді. Бірінші жағдайда барлық зерттелетін нышандар бақыланса, екіншісінде, оның бөлігі ғана. Мәлімет жинау тәсіліне қарай бақылауды тікелей және қосалқы деп бөледі. Тікелей немесе тура бақылауда зерттеуші бақылау кезінде көрген деректерді тіркейді. Қосалқы немесе жанама бақылауда нысанның өзі емес, тек оның нәтижесі бақылауға түседі.
    Бақылаудың қосылған түрі болады, мұнда зерттеуші бақылау жүргізілетін топ мүшесі болып қосылады. Және «қосылмаған» түрі болады, яғни «сырттан» (инкогнито). Сонымен қатар тұтас, таңдамалы түрлері болады.

  • Оқытудың бақылау және өзіндік бақылау әдісі
Оқытудың бақылау және өзіндік бақ...

    10 слайд

    Оқытудың бақылау және өзіндік бақылау әдісі
    Оқытудың бақылау және өзіндік бақылау әдісі. Оқыту үрдісінің құрылымында оның бағалаушы-шешуші компонентінің маңызы зор. Жыл бойы оқушылардың оқу үлгерімін тексеру мен бағалау оқытудың белгілі кезеңдеріне тығыз байланысты.

    Бұл топқа бақылаудың ауызша әдістері — дербес, фронтальді, тығыздалған сауалнамалар жатады. Соңғысы дара жұмыстардың кателіктерін жоюға негізделген. 15-20 минут аралығында кішкене топтың оқушылары тақтага қысқа жазулар жазумен, карточкамен жұмыс істеумен айналысса,
    кейбір оқушылар жауап алушы мұғалімнің орнында болуы мүмкін. Нәтижесінде сыныптың жартысы бағаланса, келесі жолы екінші жартысы бағаланады. Ал мұғалім бүкіл осы жұмыстарды үйлестіріп тұрады.
    Бақылаудың жазбаша әдістеріне әр түрлі өзіндік қорытынды жұмыстар: диктант, мазмұндама, шығарма, реферат, баяндама т.б. жатады.
    Оқытушы сабақ ерекшелігіне байланысты көптеген кестелер мен сызбаларды оқу материалын түсіндіру барысында қолданса, мұны білімді тексерудің графикалық әдісі деуге болады. Бақылау кезінде оқушыларға кесте толтыру, сызба және сызу немесе өтілген тақырып бойынша графикалық жұмыс жасау ұсынылады.

  • Бағдарламалы оқыту әдісі. Бағдарламалап оқыту машинасыз немесе машиналық тәсі...

    11 слайд

    Бағдарламалы оқыту әдісі. Бағдарламалап оқыту машинасыз немесе машиналық тәсілде ұйымдастырылады. Алғашқы тәсілде оқу материалы программаланған оқулық кітаптарында беріледі, екіншіде дисплей экранға шығарылады. Оқу материалдарын бағдарламалап оқытудың үш жүйесі бар; бір бағытты материал кішкене бөлшектерге бөлінеді (доза), содан кейін біртіндеп игертуге бағытталады. Оқушылар қателескен немесе жауап бере алмаған жағдайда тармақталған бағдарламаларға қосымша түсініктемелер беріледі. Аралас бағдарлама тармақталған комбинацияда құрылған.
    Бағдарламалап оқытуда тапсырмалар мен жаттығулардың орындалуы әр түрлі ерекшелікте берілген. Бұндай тапсырмалар оқыту материалдарының әр порциясын игергеннең кейін беріледі. Үш мақсатта тренажды берген білімді қабылдау және бақылау жаттығулар мен тапсырмалардың үйымдастырылу тәсілі машинамен жэне машинасыз орындалады. Машиналы тәсілде жаттығулар мен бақылау тапсырмалары дисплей экранында орындалады. Оқушылар өздерінің жауаптарының дұрыстығын бірден көреді. Сондықтан да бағдарламалап оқыту тиімді.
    Ең кең тараған бақылауды ұйымдастыру әдісі. Бағдарламалап оқытуда ұқсас жауаптардан дұрыс жауапты табу ұсынылады. Қазіргі компьютерлер құрылған жауаптарды өздігінен талдап, ұсыныс түрінде, сөз, формула, түрлі бірлікте өндіре алады.

  • Білімді беруді бақылау.а) Фронтальды және жеке дара жолдармен сұрақ қойып ау...

    12 слайд

    Білімді беруді бақылау.
    а) Фронтальды және жеке дара жолдармен сұрақ қойып ауызша бақылау, дұрыс жауап мұғаліммен бірге анықталады.
    б) Жазбаша бақылау аз уақыт немесе көп уақыт аралығында орындалып, сонымен қатар кең диагностикалық анықтамасымен ерекшеленеді.
    в) Лабораториялық бақылау сабақ барысында пайдаланатын оқушылардың құралдармен жұмыс жасай білу. Бұл іс- тәжірбиелер өткізуде,
    298
    эксперименталды жұмыстың шешімін шығаруда, биологиялық-географиялық және жазба жұмыстарда өтіледі.
    г) Машиналы бақылау. Барлық оқыту пәндерін кезеңдер бойынша игеру барысында, бағдарлама жасалынып электронды-есептеу машинасы қолданады.
    д) Текстік бақылау машинамен немесе машинасыз өтіледі.
    е) Өздік бақылау-жіберілген қателерді өз бетімен тауып алу, дұрыс еместігін, оны жою тәсілдерін іздестіру бірлігін қалыптастырады.
    Оқыту әдісін таңдау. Әдістер өте көптүрлі және шексіз болып келеді. Осыдан келіп оқушылардың оқу-танымдық белсенділігін қалыптастыруда әдісті таңдап алу күрделі, индикативты қолданылуда байқалады. Мұғалім оқыту әдісін таңдап алуда басшылықты оқушылардың өздігінен білімді
    игеру мен оқу практикалык даярлығын қалыптастыруға бағыттаса, окушы жеке тұлғалық ерекшелігін ашық шығармашылығын дамытатын потенциальды оқу-танымдық ерекше қасиетін, зерттеушілік ізденімпаз іс-әрекетке бағыттайтын, ғылымды берудің спецификалық таным әдістерін таныстыру, жеке дара психологиялық даму ерекшелігін, оның табиғи және әлеуметтік өндірістік ортасын, мектепке арналған оқыту құралдармен жабдықтаудың, кәсіби даярлық деңгейін, өмірлік іс-тәжірибесі мен мұғалімнің шығармашылықтық ерекшелігін, оның әдістемелік және педагогикалық шеберлігін алу керек.

  • Мұғалімнің таңдап алған әдістері, жұмысындағы дидактикалық шеберлігі оқу таны...

    13 слайд

    Мұғалімнің таңдап алған әдістері, жұмысындағы дидактикалық шеберлігі оқу танымдық стилімен ерекшеленеді, стандартты емес оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастырудан жеке дара және инновациялық-шығармашылық танымдылығын, қоғамдағы жаңаша белсенді өзгерістерге гуманистік және демократиялық көзқарасын жетілдіретіндігін байқатады. Мұғалімнің оқыту әдістері басқа да дидактикалық қызығушылығы, оларға оқыту формасы мен принциптерге оқушының білім алуға деген қызығушылығы, оқу тақырыбының көлемінің күрделілігіне, техникалық оқу құралдары мен жабдықтануы, сынып оқушыларының саны мен олардың дене тәрбиесі, психикалық және интелектуалды денсаулығының деңгейі, оқу сабақтарының кұрылымы, өзара қарым-катынас ерекшелігі, мұғалімнің әлеуметтік-кәсіби жеке басының даярлығы, сонымен қатар басқада өлшемдер, көрсеткіштер, талаптармен қоса жаңаша технология, оқу танымдылық іс-әрекетте қызмет ету және оқушының жеке тұлғасының шығармашылықта дамуына байланысты.

  • Психологиядағы  негізгі  әд...

    14 слайд

    Психологиядағы  негізгі  әдістер
    1. Бақылау әдісі

    Балалар психологиясын зерттеудің негізгі әдістері — бақы лау және эксперимент.
    Бақылау. Бақылау кезінде зерттеуші баланын мінез-кұлқын табиғи жағдайда белгілі бір мақсат көздей отырып кадағалай-.ды және көріп байқағандарын көзден таса қылмай есепке ала­ды. Бақылаудың табысты болуы оның мақсатының қаншалықты дұрыс тұжырымдалғандығына байланысты. Егер зерттеуші бақылау басталмас бұрын бала мінез-құлқынын қай жағына көбірек көңіл аударуы керек екенін анықтап алмаса, онда әсері бытыраңқы, тұрақсыз болады. Бала жақтағы бөлмеден бұл әйнек айна сияқты болып  көрінеді де, бақылаушы жақтан терезеге үқсайды. Жасырын бақылау үшін телевизиялық қондырғылар да  пайдаланылады.
    Бақылау процесінде зерттеуші бала мінез-құлқындагы сыртқы белгілерді ғана оның әр түрлі заттармен іс-әрекетін, сөйлеген   сөздерін, мәнерлі   қимылдарын   т. б. қадағалай алады. Бірақ психологты сыртқы көріністер ғана емес, сонын астарында жасырынған психикалық процестер, сапалар, көңіл күйлер де қызықтырады.   Өйткені белгілі   бір   көріністердін, өзі түрлі ішкі жай-күйде   білдіруі   мүмкін   ғой.  
    Мысалы, қандай да бір-жағдайда бір бала қалжыңға күлуі, ал екінші бала жолдасына еліктеп қана күлуі мүмкін. Бақылаулар жүргізгендегі ең қиын нәрсе б;ала мінез-құлқындағы ерекшеліктерді   елеп   қана қоймай, он ыдұрыс түсіндіру болып табылады.
    Жақсы бақылаушылар бақылаулар материалы мен оны түсіндіруін арасын қатақ шектейді. Өйткені түсіндіру қате бо­лып қалуы да мүмкін. Ол үшін бақылау парақ қағаз екі бөлімге бөлініп жазылады. Сол жақ бөліміне баланын. сыртқы белгілерін жазады да, он. жағына оны өзінше түсіндіреді.
    Жаппай және ішінара бақылаулар болады. Жаппай бақылаулар  ұзақ уақыт бойы жүргізіледі де, бала мінез-құлқының көп жағын  қамтиды. Ол бір немесе бірнеше балаға қатарынан жүргізледі. Әрине баланың әр қимылын, әр сөзін қалт жібермей есепке алып отыру мүмкін емес. Жаппай бақылаулар әрқашан азды-көпті іріктеліп жасалады: бақылаушыға манызды көңіл аударарлық болып есептелгендер, баланың жаңа сапасы мен мүмкіндігін көрсететіндер ғана жазылып отырылады.

  • Жаппай бақылаулар   нәтижелері   әдетте   күнделік   ретінде сақталады, олар ...

    15 слайд

    Жаппай бақылаулар   нәтижелері   әдетте   күнделік   ретінде сақталады, олар   баланың   психикалық   даму   заңдылықтарын анықтау   үшін   пайдаланылатын фактілердің маңызды қайнар-көзі болып табылады. Көптеген белгілі психологтар өз балаларының даму күнделіктерін жүргізген. Неміс психологи В. Штерн (1871 — 1938)  әйелі   (К. Штерн)   екеуі жүргізген күндедігіндегі жазбаларды баланың психикалық дамуына әсер ететін себептер жөніндегі болжамына талдау жасауға және көркемдеп көрсетуге пайдаланған. Белгілі швейцар психологы Ж. Пиаже (1896 жылы туған) сәбилік шақтағы балалардын ақыл-ойының  даму кезеқдерін бөліп  көрсете отырып,  немерелерін  бақылау қорытындыларына жиі сүйенеді.
    Совет зерттеушісі Н. Н. Ладыгина-Коте  (1889—1963)  кішкентай шони шимпанзе мен өз ұлы Рудиге жүргізген ыждағатты бақылаулар  нәтижесінде бала  мен жануарлар   балалары   дамуынын ерекшеліктерін салыстырды. Маман-психологтар  сияқты,  ата-аналар   да   күнделікті жиі жүргізеді. Бүл күнделіктерді, әдетте психологтар  мен педагогтар жиі пайдаланады  (мысалы, А. Д. Павлованың, Э. И- Станчинскаяныңкүнделіктері)
    Ішінара  бақылаулардың жаппай бақылаулардан айырмашылығы сол, мұнда баланың мінез-құлқының бір жағы немесе онын белгілі бір мерзімдегі (мысалы, тек онын кезіндегі, тек тамақтану кезіндегі) мінез-құлқы есепке алынады. Ч. Дарвиннің өз ұлынын эмоцияларды білдіруін бақылауы ішінара бақылаудың классикалық үлгісі болып табылады. Осындай алынған материалдар «Адам мен жануарлардың сезім білдіру белгілері» (1872) деген кітапта пайдаланылды. Екінші мысал — совет лингвисі А. Н. Гвоздев өз ұлының тілі шығуын сегіз жыл бойы күн сайын бақылап, содан кейін «Балада орыс тілінің грамматикалық құрылысының қалыптасуы» деген кітап жазды  (1949).
    Фактыларды алғаш рет жинақтау үшін бақылау әдісі өте тиімді. Бірақ ол уақыт пен күшті көп жұмсауды қажет етеді. Баланың психикалық өмірінін оны қызықтыратын фактылары қатаң өзінен-өзі пайда болғанынша зерттеушінің күтуіне тура желеді. Оның үстінде (ең маңыздысы да осы) бала өмірі мен тәрбиесіндегі күрделі жағдайлар кейбір мінез-құлықтың себебін ашуға мүмкіндік бермейді. Көптеген зерттеушілер біз бакы­лау жүргізе отырып, өзіміз білетіндерімізді ғана көретінімізді, ал белгісіз нәрселердің әлі де назардан   тыс   қалатынын байқаған.

  • 2. Эксперименттік  әдіс
Эксперимент. Бақылауға зерттеуш...

    16 слайд

    2. Эксперименттік  әдіс
    Эксперимент. Бақылауға зерттеушінің бала психикасындағы өзін қызықтыратын белгілерді табуына әсер ететін неғұрлым белсенді әдіс көмекке келеді. Ол — психологиялық эксперимент. Эксперимент кезінде зерттеуші баланың іс-әрекеті  өтетін жағдайды әдейі жасайды және түрін өзгертеді, олардың алдына белгілі міндет қояды. Осы міндеттің қалай шешілуіне қарай -сыналушының психологиялық ерекшеліктері қаралады. Мәселен, бір зерттеу кезінде мектепке дейінгі балалық шақта ойлау мүмкіндігі кимылдардың, бейнелердің, сөздердің көмегімен қалай дамитынын бақылаған. Мектепке дейінгі түрлі жастағы топтардың балаларына «тетікті» міндеттер сериясы ұсынылған. Оның мәнісі бала «тетіктің» алыс жатқан иініне бекітілген суретті алуы үшін «тетіктің» өзіне жақын жағын қалайша бұру керектігін білуі керек. Міндеттер үш түрде берілген. Бірінде нақтылы тетіктер баланың алдында, столға бекі­тілген. Демек, бала оны өз қолымен ұстап, қажет деген жағына карай бұра алады. Екінші жағдайда, осының бәрі сурет арқылы көрсетілген. Ал үшінші жағдайда балаға бұл туралы ауызша айтылып түсіндірілген. Сонда мыналар анықталған: үш жасар балалар міндетті нақты жағдайда ғана шешкен, сурет бойынша кейінірек, ал, ауызша айту бойынша шеше алатын мүмкіндік одан да кейін болған. Мұндағы балаларға берілген экспери­мент тапсырма тетікті қолданып затты алу, соның өзінде тапсырманың түрі өзгертіліп тұрады (нақты тетік, суреттегі және ауызша айтып түсіндіру). Нәтиже әрбір жас айырмашылығына байланысты бөлікген топтардын дұрыс жауаптарының санына  қарай шығарылады.
      Қосалқы зерттеу әдісі
    1. Анкеттік  әдіс. 2. Әңгімелесу  әдісі 3. Тест әдісі 4. Әлеуметтік  өлшем  әдісі

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 034 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.11.2015 31489
    • PPTX 943.9 кбайт
    • 519 скачиваний
    • Рейтинг: 3 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Асылбекова Улжан Бактыбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Асылбекова Улжан Бактыбаевна
    Асылбекова Улжан Бактыбаевна
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 47530
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 21 региона

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 457 человек из 66 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 281 человек из 66 регионов

Мини-курс

Эффективная самопрезентация

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 28 регионов

Мини-курс

Основы русского языка: морфология, синтаксис, лексика

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Оказание первой помощи

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 482 человека из 69 регионов