Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Доп. образование / Презентации / Презентация на тему "Бүкіләлемдік кітап және авторлық құқық күні"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Доп. образование

Презентация на тему "Бүкіләлемдік кітап және авторлық құқық күні"

библиотека
материалов
Бүкіләлемдік кітап және авторлық құқық күні - 23 сәуір 2016 жыл Т.Бигелдинов...
1616 жылы сәуірдің жиырма үшінші жұлдызында М.Сервантес, У.Шекспир және Инка...
Өзіңді-өзің тану үшін кітап керек. Өзгені де тану үшін кітап керек Расул Ғамз...
Кітап жинай берген мұрат емес, оқыған мұрат Плутарх Қай елдің, қай халықтың б...
Алдымен таңдаулы кітапты оқыңдар, әйтпесе оларды мүлде оқи алмай қаласыңдар Г...
Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік Дени Дидро Қазақ жерінде кіт...
Кітап – өмір ұстазы. Сондықтан, жастар кітап оқуды күнделікті әдет қылуы тиіс...
Кітап оқудан артық ермек жоқ және одан гөрі ұзақ рақат та жоқ Мишель де Монте...
Өз бойымдағы барлық ең жақсы қасиеттерім үшін кітапқа қарыздармын Максим Горь...
Кітапты мөлшерлеп оқып, өлшеммен үйреніңдер, көбірек толғаныңыздар – ұстаздар...
Кітап аяулы досы бола бастаған шақтан былай ғана әрбір жан өзін интеллигент б...
Кітап ғасырларға сапар шеккен ақыл ескерткіші Уильям Дэвенант Сыныптың білім...
12 1

Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 Бүкіләлемдік кітап және авторлық құқық күні - 23 сәуір 2016 жыл Т.Бигелдинов
Описание слайда:

Бүкіләлемдік кітап және авторлық құқық күні - 23 сәуір 2016 жыл Т.Бигелдинов атындағы ЖОМ

№ слайда 2 1616 жылы сәуірдің жиырма үшінші жұлдызында М.Сервантес, У.Шекспир және Инка
Описание слайда:

1616 жылы сәуірдің жиырма үшінші жұлдызында М.Сервантес, У.Шекспир және Инка Гарсиласо де ла Вега сынды тұлғалар қайтыс болған. Сондай-ақ, Морис Дрюон, Хальдоур Лакснесс, Дж.Пла және Мануэль Мехиа Вальехо атты авторлардың туылған немесе дүние салған күндері саналады. 1995 жылы Париж қаласында өткен ЮНЕСКО-ның Бас конференциясында осы күнді кітап пен оның авторларына арнау туралы шешім қабылданды. Күннің басты мақсаты – адамдарды, әсіресе жастарды кітап оқуға шақыру, одан ләззат алуға баулу және адамзаттың мәдени және әлеуметтік өрлеуіне үлес қосқан авторларды құрметтеу, есімдерін ұлықтау. Ә.Науаи айтқандай: "Кітап – ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына". Біз кітап арқылы білімге ғана жол ашпаймыз, жаңа идеяларға кілт табамыз, рухани және материалдық құндылықтарға қол жеткіземіз, сұлулықты түсінеміз. 2014 жылғы "әлемдік кітап астанасы" ретінде Порт-Харкорт (Нигерия) қаласы танылды. Бұл күні әлемнің түкпір-түкпірінде әртүрлі кітап көрмелері мен жәрмеңкелері, акциялар, конкурстар өтеді. Артық ғылым кітапта Ерінбей оқып көруге Абай Құнанбаев

№ слайда 3 Өзіңді-өзің тану үшін кітап керек. Өзгені де тану үшін кітап керек Расул Ғамз
Описание слайда:

Өзіңді-өзің тану үшін кітап керек. Өзгені де тану үшін кітап керек Расул Ғамзатов Кітап (араб.: ‎ – жазба) — мерзімсіз баспасөз басылымы; көркем-әдеби, қоғамдық-саяси, ғылыми-практикалық мазмұндағы туынды. Кітаптың алғашқы түрлері ежелгі Шығыс елдерінде, Грекияда, Римде қыш текшелеріне, тақта тастарға сына жазуымен жазылды. Біздің заманымыздан бұрынғы 25-ғасырда Мысырда қыш текшелердің орнына қамыс (папирус) қолданылды. Біздің заманымыздан бұрынғы 7-ғасырда қамысқа кітап жазу ісі Грекия мен Римде кең өріс алды. Осыған байланысты кітапты көшіріп жазуға машықтанған көшірушілер мен қолжазбаны көркемдеуші суретшілер пайда болды. Біздің заманымыздан бұрынғы 2-ғасырда қамыстың орнына тері жарғақ қолданыла бастады. Ежелгі Рим мәдениеті мен ғылымы өкілдерінің туындылары жарғақ кітаптарға жазылып таралды. 105 ж. қытай шебері Цай Лунь қағазды ойлап тауып, 13-ғасырда қағаз жасау өнері Шығыстан Батысқа тарай бастады. Осыған орай, Еуропада қолжазба кітап қауырт өркендеп, түрліше әріптер, бас тақырыптар (айдарлар) қолданыла бастады. Кітап мұқабалары алтын, күміс, т.б. металмен өрнектелді. 15-ғасырдың ортасында неміс өнертапқышы Иоганн Гутенбергтің баспа қалыбын ойлап табуына байланысты, жылжымалы құйма қаріппен құйылатын баспа кітап пайда болды. Осы заманғы кітап — мұқабаға дәптерлер түрінде өзара тіркестіріліп бекітілген кітап блогі үлгісінде жасалады.

№ слайда 4 Кітап жинай берген мұрат емес, оқыған мұрат Плутарх Қай елдің, қай халықтың б
Описание слайда:

Кітап жинай берген мұрат емес, оқыған мұрат Плутарх Қай елдің, қай халықтың болмасын оның мәдени деңгейі, сауаты, әрине, кітаппен байланысты. Америка Құрама Штаттарындахалықтың тең жартысы кітап оқымайтын көрінеді. Соның да салдары шығар, сұрақ-анкета нәтижесіне үңілгенде студенттердің 40 пайызы Израиль - араб елдерінің бірі деп жауап берген. Франклин Рузвельт АҚШ-тың Вьетнам соғысы кезіндегі президенті деп түсінеді екен. Ал сол студенттердің тең жартысы Черчилльдің кім екенін білмей шыққан... Кітап оқудың ұлт болашағы үшін маңызы зор. Білімсіз қоғам ешқашан да өрге басқан емес. Назарларыңызға кітаптар мен кітапханаларға қатысты бірнеше қызықты дерек ұсынамыз. Финляндияда «Скепсис» деген қоғам бар. Оның мүшелері әр жылдың аяғында бас қосып, ақылдаса отырып, жылдың ең нашар кітабына «Құрмет грамотасын» беретін көрінеді. Бұрынғы батыс Германияда шығып тұратын «Конкрет» атты журналдың жылдың ең жаман шығармасына, яки ең дарынсыз авторына беріп тұратын сыйлығы бар екен. Оны алған адам бұдан былай қарай мұндай кітап жазбауға және осы сыйлыққа келген ақшаға басқа бір мамандық алам деп уәде беруге тиіс екен. Шри-Ланкада археологиялық қазба жұмыстарымен шұғылданған Америка ғалымдары әр парағы таза алтыннан дайындалған ғажап бір кітап тауып алыпты. Онда көне Үндістанның белгілі бір дастаны басылған дейді.

№ слайда 5 Алдымен таңдаулы кітапты оқыңдар, әйтпесе оларды мүлде оқи алмай қаласыңдар Г
Описание слайда:

Алдымен таңдаулы кітапты оқыңдар, әйтпесе оларды мүлде оқи алмай қаласыңдар Генри Дейвид Торо Францияның Нанта қаласында тұратын бір дәрігер-фармацепт отыз бес жыл бойына әр елдің гимндерін жинаумен шұғылданыпты. Франс Пресс агенттігінің хабарлауына қарағанда оның коллекциясы бүгінде жүз елудің үстіне шығыпты. Бұдан дәл он жыл бұрын (2004 ж.) Сирия ғалымдары басқа ағайындас әріптестермен біріге отырып, «Бүкіл арабтық энциклопедия» шығаруға кіріскен. Бұл жиырма томдық үлкен еңбектің әрқайсысы мың беттен тұрады. Францияда небары сегіз сағат ішінде бір өлеңдер жинағын басып шығарған. Таңғы сағат тоғызда қолжазбасын әкеліп тапсырған автор кешкі сағат бесте жырқұмарларға қолтаңба үлестіре бастаған. Біздің жыл санауымыздан бұрынғы үшінші ғасырдың басында тұрғызылып, жаңаша жыл санаудың басында римдіктердің шабуылы кезінде өртенген дүниенің сегізінші ғажабы – Александр кітапханасы қалпына келтірілді. Кезінде теңдесі жоқ бұл кітапханада мыңдаған папирус оралымдары болған. Франция президенті болған Франсуа Миттеранның артында қалған өлмес еңбегі – Парижде салынған еш жерде, еш елде болмаған теңдесі жоқ супер кітапхана. Ол осы өткен жиырмасыешы ғаырдың ғылыми-техникалық жаңалықтарының ұлы жемісі

№ слайда 6 Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік Дени Дидро Қазақ жерінде кіт
Описание слайда:

Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік Дени Дидро Қазақ жерінде кітаптың шығуы Қазақстанның Россияға қосылуымен байланысты. Бұған дейін қазақ халқының кітаптары көбінесе араб әрпімен жазылып, қолжазба түрінде тарады.1800 жылы патша үкіметі Россия халықтарының тілдерінде кітап шығаруға рұхсат етті. Осыған орай Қазақстанның: Қазан, Уфа, Орынбор, Ташекент, Семей, Омбы қалаларында кітаптар шыға бастады. Кітап таңдап талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсеріңді өмір қажетіңе жарата білу – әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі. Міне осы асыл қазынаны оқу қазіргі таңда төмендеп отыр. «Кітап маған тақтан да қымбат», - деп атап көрсеткен Шекспир.

№ слайда 7 Кітап – өмір ұстазы. Сондықтан, жастар кітап оқуды күнделікті әдет қылуы тиіс
Описание слайда:

Кітап – өмір ұстазы. Сондықтан, жастар кітап оқуды күнделікті әдет қылуы тиіс. Кітап оқымай өмірді білу, білім алу мүмкін емес Серәлі Қожамқұлов Осы күні кітап оқу туралы әралуан пікірлер бар. Қалай десек те, арғы-бергі тарихты қамтитын, көркем дүниенің келісті кестесі саналатын кітаптың қай уақытта да жөні бөлек. Анау заманда «Жабайылардан басқа ұлттардың бәрін тәрбиелеуге болатын бірақ нәрсе бар, ол – кітап», деген екен Вольтер. Кейбіреулер бұл сөздің заманы өтіп кетті дер. Әйтсе де, төрткүл дүниені алақандағыдай көрсететін телмірген техникадан гөрі кітап оқудың адам денсаулығына зия­ны жоқ екені белгілі. Қанша жерден өркениет жолына түстік, қарыштап дамыдық деген елдердің қай-қайсысы да мерзімдік басылымдардан, кітап оқудан ат-тонын мүлдем ала қашқаны әлі жоқ. Қайта денсаулықтың жайын ойлаған озық жандар қағаздағы дүниенің қапысыз екеніне көздерін жеткізіп, оның пайдасын алға тарта бас­тады. Бұл арада тізсек оған мысалдар жеткілікті. Кітап оқу дағдарысы, кітап қадірінің кете бастауы қазіргі қоғамның басты проблемаларына айналып отыр. Кейінгі ұрпаққа «толқынмен жүзу немесе серфинг» әсері тиесілі.  Бұл дегеніміз жастар кітапты терең түсініп оқымай, оған талдау жасай алмайды. Мұндай үрдістің орын алуының себебі: ғаламтордың, медиаортаның дамуы, ақпарат толқынының шамадан тыс көбеюі. 

№ слайда 8 Кітап оқудан артық ермек жоқ және одан гөрі ұзақ рақат та жоқ Мишель де Монте
Описание слайда:

Кітап оқудан артық ермек жоқ және одан гөрі ұзақ рақат та жоқ Мишель де Монтень Авторлық құқық — программалық бұйымды әзірлеуге қатысты автордың құқықтық жағдайын анықтайтын заң шығаратын нормалар жиынтығы. Авторлық құқық ғылым, әдебиет, өнер шығармаларын шығару және пайдалануға байланысты қатынасты реттейтін азаматтық құкық тарауы; ол ұлттық құқық пен авторлық құқықты қорғау жөніндегі халықаралық конвенциялармен реттеледі. Ғылым, әдебиет және өнер шығармаларын жасаумен және пайдаланумен (басып шығару,орындау және т.б.) байланысты қатынастарды реттейтін азаматтық құқықбөлімі. Авторлық құқықты қорғау жөніндегі ұлттық құқықпен және халықаралық конвенциялармен реттеледі. Құқықты калпына келтіру, сондай-ақ келтірілген залалды өтеу туралы талап арыздың көмегімен, бұзылған құқықтарды қорғау, сотта істі қарау тәртібімен жүзеге асырылады. Авторлық шарт Автор(немесе оның мұрагерлері) мен баспа, театр, киностудия және т.б. арасында әдебиет, ғылым немесе өнер шығармаларын қолдану жөніндегі шарт. Авторлық шарт жағдайы азаматтық заңнамалармен айқындалады.

№ слайда 9 Өз бойымдағы барлық ең жақсы қасиеттерім үшін кітапқа қарыздармын Максим Горь
Описание слайда:

Өз бойымдағы барлық ең жақсы қасиеттерім үшін кітапқа қарыздармын Максим Горький Электронды кітап ол бір кітапты ғана емес, қажет десеңіз, сіздің үйіңіздегі бүкіл кітапхананы оңайлықпен алмастыра алатын ыңғайлы және ықшамды электронды құрылғы. Оны пайдалану жай кітапты оқығаннан гөрі өте ыңғайлы. Өйткені сіз аталған электронды кітаптан өзіңіздің көзіңізге ыңғайлы мәтін және шрифтін көлемін, тіпті беттерінің түсін таңдай аласыз. Қалтаға салып жүруге де болады. Электроника тілінде М-Воок деп аталатын бұл құралды  оқуға арналған кішкентай компьютер десек те болады. Оның экраны электронды сия технологиясын қолдану арқылы жасалған. Бұл  мәтінді сапалы әрі анық етіп көрсетуге және ұзақ уақыт пайдаланғанда көз жанарының тез шаршамауына мүмкіндік береді. Электронды кітаптың басқа құрылғылардан басты артықшылығы  бұл қазіргі кең таралған мәтін форматтарын (FB2, TXT, PDF, HTML, DjVu, DOC, CHM, WOLF) қабылдап, оқи алады. Аталған құралға тек қана кітаптардын мазмұнын ғана емес, қажетті материалдардың, құжаттардың, сонымен қатар интернеттен алынып, сақталған беттерді жүктеуге болады. Керек мәтінді көшіріп алып, оқуға болатын мұндай кітаптардың кейінгі нұсқаларында МРЗ форматтағы аудиофайлдарды да ойнату мүмкіндігі бар. Аталған кітаптағы ақпаратты сақтау үшін флеш-карта қолданылады. Мысалы, 1ГБ көлемді жады картасында 2000-ға жуық кітап сақтауға болады. Ал аккумулятордың қуаты шамамен 5-8 мың парақ оқуға жетеді.

№ слайда 10 Кітапты мөлшерлеп оқып, өлшеммен үйреніңдер, көбірек толғаныңыздар – ұстаздар
Описание слайда:

Кітапты мөлшерлеп оқып, өлшеммен үйреніңдер, көбірек толғаныңыздар – ұстаздардан да, кітаптардан да қажеттісі деп қалағандарыңды ала біліңдер Лев Толстой Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Ал білім сипаты алуан түрлі. Ол ұрпақтан – ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе көркем әдебиет арқылы да жеткен. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл – ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік» - деген еді Ғабит Мүсірепов. Өкінішке орай көркем әдебиетке деген өз бетімен балалардың қызығушылығы азайды. Әдебиетке деген құлықсыздық пайда болды. Оның себептерін күнделікті қолданысқа енген ғалам торабын , компьютер секілді құралдардың әсері деп білеміз. Бұдан соңғы себеп, аттаған әр қадамыңыз ақша керек болатын күнделікті тіршілік қамы адамдардың кітапқа деген ынтасын төмендетіп жіберетіндігі. Бала кітап оқып, ойын қорытудың орнына теледидардан дайын өнімдерді көруге бейім. Мұның барлығы балалардың кітап оқуына үлкен кедергі келтіреді. Ал ата – аналар тым жұмысбасты. Баланың теледидар қарауын белгілі бір уақытқа ғана шектеп, кітап оқуына арнайы көңіл бөліп, қадағалап отыруға олар уақыт таппайды. Әрине, мұны жауап деуге де келе қоймас, өйткені, бұл себеп көзіқарақты адамның бәріне мәлім. Қоғамымыздың рухани әлемін жұтаңдатып әкетіп бара жатқан осы мәселеге ден қоюымыз да тегін емес. Мақсатымыз – кітап неге оқылмайды деген сауалдың жауабын жан – жақты іздеу.

№ слайда 11 Кітап аяулы досы бола бастаған шақтан былай ғана әрбір жан өзін интеллигент б
Описание слайда:

Кітап аяулы досы бола бастаған шақтан былай ғана әрбір жан өзін интеллигент бола бастадым деп санауына болады Мұхтар Әуезов Қазақ балаларын қазақ әдебиетінен алыстатып алмаудың амалын бірлесіп табу. Кітапқа деген баланың қызығушылығын арттыру. Менің ойымша қазіргі кезде оқырман баланың қызығушылығын арттыру үшін «балабақша - мектеп – кітапхана – мұғалім – ата – ана» деген ара – жігі ажырамайтын схемамен жұмыс жасау қажет. Бала балабақша табалдырығын аттаған күннен бастап кітаптың құдіретін ұғындыру. Жыртпауға, сызбауға, боямауға үйрету. Бірінші сыныпта өзінің алғаш бастап оқыған пән оқулығы туралы мағлұмат беру. Мысалы: мектептегі бірінші сыныпта әліппе пәнін оқып бітіргеннен кейін кітапханашылар мұғалімдермен тығыз байланыстағы бағдарламаны жыл көлеміне ұйымдастырса. Алғашқы күннен бастап «Біздің кітапхана» деген балалар кітапханасында жыл көлемінде акция ұйымдастырылса.. Кітапханашыларға көмекші ретінде оқушылар арасынан кітапханашыларды сайлап қойсақ. Барлық оқушы кезекпен кітапханашы болып шыққаны дұрыс. Акцияға кезекші баланың ата – анасының біреуі айына бір – рет баласының жұмысын кітапхана келіп көрсе, танысса. Мүмкін болған жағдайда бірге бір күн жұмыс жасасса. Ол апта сайын ауысып, кезек келе береді. Бұл жұмыс оқушылардың кітапханаға деген қызығушылығын арттырады деп ойлаймын. Олар өзімен бірге басқа оқушыларды тартары сөзсіз. Кітапханаға деген дұрыс көзқарасы қалыптасып өседі, кітапты ұқыптап ұстауына, уақытында алған кітапты қайтаруына, кітпаханашы маманыдығына деген үстірт ой, жаңсақ мінез қалыптаспауына болысады.

№ слайда 12 Кітап ғасырларға сапар шеккен ақыл ескерткіші Уильям Дэвенант Сыныптың білім
Описание слайда:

Кітап ғасырларға сапар шеккен ақыл ескерткіші Уильям Дэвенант Сыныптың білім сапасы жоғарылайды, жолдастық сезімі оянады. Ата – ана жауапкершлігі артады. Қорытынды шығарылып «Кім көп кітап оқыды?», «Кім жылдам?» деген сайстар өткізу. Сайыста зейінді, жылдам, оқымысты, мәнерлеп оқитын, сауатты оқушыны аңғарып мадақтау. Басқа оқырмандар да соған ұқсау , не жаңаны ойлап табуы қалыптасады. Кітап оқымайды деп байбалам салғанша жан – жақты болып қызмет жасауымыз керек. Оқырман мен кітап оқушы қоғамды қалыптастыру ата – ана, мектеп, кітапханашы қызметі жоғары дәрежеде болуы керек. Әрине сауалдар мен себептер көп. Одан қалды түрлі сылтауға кезігеді екенбіз. Ал ол себептердің ар жағынан әдеби кітаптың оқылуы үшін кім қандай күш жұмсауы тиіс деген қисынды сауал туады. Кітапханашылар жас ұрпақты әдебиеттен тыс елеңдететін ақпарат түрлері көп, қазақ тілінде балаларға арналған әдебиеттер тым аз деп шырылдайды. Әр баланың жасына сай, тіліне жатық, безендірілуі көркем орыс тілінде басылған кітаптар сияқты қазақ тіліндегі басылымдардың сапасы осындай болуын өтінеді.Әр түрлі саладағы баларға арналған ана тіліндегі энциклопедиялардың жоқтығы. Қазақтың көркем тілі – қазақ тілі қазақтың көркем әдебиетінде. Ал әр ұлттың әдебиеті мен тілі ең алдымен әр ұлттың әдебиеті мен тілі ең алдымен әр ұлттың өзіне керек. Қазіргі қазақ қоғамының алдында жас ұрпақты кітапқа, оның ішінде қазақ тілінде жазылған кітапқа баулу.


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 08.02.2016
Раздел Доп. образование
Подраздел Презентации
Просмотров527
Номер материала ДВ-427467
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх