Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Презентации / Презентация на тему "Деннің саулығы бастың байлығы"

Презентация на тему "Деннің саулығы бастың байлығы"

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_m212c9552.gifhello_html_38bfc369.gifhello_html_m456dcc08.gifhello_html_5aebad15.gif27.11.2015ж Тексерілді: hello_html_m139292f5.png

Сабақтың тақырыбы: Деннің саулығы – бастың байлығы
Мақсаты:
Білімділік: Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажетті бағалы байлық екендігін түсіндіру.
Дамытушылық: Сын тұрғысынан ойлау, шығармашылық қабілетін дамыту, сөйлеу шеберліктерін жетілдіру.
Тәрбиелік: Денесін шынықтыруға, шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, әдемі болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, мақал - мәтелдер, слайдтар.

Барысы:  

Денсаулық - жеке адамның басты байлығы.
Денсаулық - адам тіршілігінің ең бірінші шарты.
Бүгінгі дені сау ұрпақ - елдің ертеңгі жалғасы.


Мұғалім: -Бүгінгі ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбына байланысты әңгімеміз тек денсаулық жөнінде болмақ . Денсаулық деген сөз-деніңнің саулығы деген мағынаны білдіреді. Деніңнің аурудан аман, қайратты, жігерлі, көңілдің көтеріңкі болуының өзі-денсаулықтың белгісі. Дене мүшелерінің, ішкі ағзалардың бірі ауырса, адамның денсаулығы нашарлап, көңіл күйі түседі, еш нәрсеге зауқы болмайды.

Гүл ұстаған балалар шеңберге дөңгелене отырады, бір-біріне жылы,жақсы лебіздерін айтып , денсаулық тілеп, гүл ұсынады. Гүл шоқтары бірте-бірте көбейіп, жылы лебізді бастап тілеген баланың өзіне бір құшақ гүл- «Тілек шоғы» болып оралады.
«Өзгелерге денсаулық тілеп, жақсылық жасаса, ол өзіңе- ақ оралады», - деп мұғалім қорытынды жасайды.
-    Міне, балалар, неткен керемет сөдер айтылды, күнделікті іске асырайық.

 
Сағыныш:  - "Тәні саудың -дені сау" демекші, егер адам әрдайым жақсылық жасап, алғыс алып жүрсе оның жан дүниесі, тәні таза болады. Егер тәнің сау болса, онда денің де сау болады.
Нұртуған: Үлкен кісілермен амандасып жүр. Сау болғың келсе, баршаға саулық тіле.Жалғыз басты кәрі кісілерге, мүгедектерге көмектес. Сонда сен алғыс аласың, достарың да көп болады.
Жасмин: Қызғаншақ болма! Өз бойыңдағы жалқаулықты, қорқақтықты таста! Өтірік айтпа, жаман ойлардан аулақ бол. Ауыра қалсаң, көп уайымдама. Бастаған істі аяқта! Жақсы оқы.
Ернұр: -  Адамның ішкі ойы таза болса, дені де сау болады. Барлық уақытта адамдар мен айналаң туралы жақсы ойласаң және оларға жақсылық тілесең, өзіңді әрқашан жақсы сезінесің..

Аяулым: 
Денсаулық – ол күлуің,
Көңіл-күйің жадырай.
Денсаулық – ол жүруің,
Ешбір жерің ауырмай.

Мұғалім:  - Балалар, деніміз сау және күшті болып өсуіміз үшін не істеуіміз керек?


Ерасыл: - Ол үшін күн тәртібін сақтау керек. Уақытымен ұйықтап, ұйқыдан тұрған соң төсек орнымызды жинап, жуынып таңғы жаттығу жасауды әдетке айналдырып, таза жүрсек, өз-өзімізді күте білсек , деніміз сау болады. Әрдайым күліп жүруіміз керек. Сендердің күлкілерің әдемі болуы үшін тісті күтуге байланысты ережелерді мұқият орындауымыз керек.

Дастан :

1. Тісті күніне екі рет тазалауымыз керек .
2. Тамақтан кейін ауызды шаю керек.
3. Ыстықтамақтан соң суық нәрсе ішпеу керек.
4.Жаңғақты тіспен шақпау керек.
5.Дер кезінде тіс дәрігеріне көріну қажет.
6.Тәттіні көп жеуге болмайды.
7.Әркімнің өзінің жеке тіс щёткасы болуы керек.


Мұғалім:  - Балалар, денсаулыққа байланысты қандай мақал – мәтел білесіңдер?
1.Денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің.
2.Ісің түсіп тақсырға барма,
 Аурулы болып бақсыға барма.
3. Бақсы көрінсе дерт қозады,
 Ұста көрінсе таға тозады.
4.Жарлының байлығы - денінің саулығы.
5..Ауру атанды да шөктірер.
6.Қотыр қолдан жұғады,
   Таз тақиядан жұғады.
7.Бас ауырса жан қорқады.
8.Жұғын бар жерде - шыбын бар,
   Шыбын бар жерде - шығын бар.
9.Екі ауру бір келсе, ажалыңның жеткені.
10.Жан ауырса - тән азады,
   Қайғы басса - жан азады.
11.Өліспеген көріседі.
12.Қасқырдың ойлағаны арамдық,
   Қойдың ойлағаны - амандық.
13.Тәуіптің жақсысы - ауруға ауру қоспағаны.
14.Мың жұмақтан - бір күн тірлік.
15.Қасапшыға мал қайғы,
   Қара ешкіге жан қайғы.
16.Емнің алды - еңбек.
17.Ауру желмен келіп, термен шығады.
18.Аман болса бұл басым,
   Тағы шығар бұл шашым.
19.Азған денеге ауру үйір.
20.Қайғы қартайтады,
   Қуаныш марқайтады.

Мұғалім:      -Біздің денсаулығымызға тағы бір қажетті нәрсе бұл – дәрумендер. Жеміс-жидектер мен көкөністерді өз қажетінше, көп жеу керек, өйткені олар – дәрумендер мен пайдалы заттарға бай. Олардың құрамындағы дәрумендер сіздердің бойларыңыздың өсуіне, ағзаларымыздың дұрыс дамуына және көздің көруінің жақсаруына көмектеседі.

  «Әлемдегі ең пайдалы азықтар»   
Жанар Балық: Қартаюға қарсы ең жақсы азық ,миды және жүректі қорғайды. Рухани жағдайды реттеп, қан құрамындағы шекерді қалыпқа келтіреді.
Інкәр Сүт: Витамин, минерал және пайдалы бактерияларға өте бай. 
Жаңғақтар.  Жүректің қызметін реттейді. Бір күн үшін 25 грамдық, бадам (миндаль), жаңғақ, жержаңғақ, орман жаңғағы жеткілікті.
Әнел Қызыл ет: Жайлауда жайылған малдың еті, яғни өңдеуден өтпеген қызыл еттер пайдалы. 
Аружан Жұмыртқа: Ең зиянсыз ас. Миды қорғайды және көз саулығын күшейтеді.
Нұрай Көк шәй:  Ішектердің, тыныс жолдарының жұмысын реттейді. Салмақ реттелуін оңайлатады.
Исламбек Алма: дәрілерден аспирин орнына жүреді. Сүйекті қуаттандыратын K витамині бар.
Бақытжан Шие: күніне 20 шие бір аспириннің әсерін береді. 
Нұрдәулет Пияз және сарымсақ: инфекцияларды жояды. Жүрек ауруы қаупін 20%-ға азайтады.
Қарақат Айран, сүзбе, ірімшік: тістің саулығы үшін пайдалы, кальцийдің қоры
Даниал Қызылша: бүйректерге пайдалы, тұз мөлшерін реттейді. 
Алина Банан: жүректің соғуын дұрыстайды, қан қысымын реттейді. 
Ерсұлтан Қауын: жарты қауын бір күндік С дәрумені қажеттілігін қамтамасыз етеді. Бүйректерге пайдалы. 

Мұғалім:      -   Балалар, енді жұмбақтар шешіп көрейік.
Дымқылдап күнде сен,
Қолыңа сүйкесең.
Кетіп кір-ласың,
Тап-таза
боласың. (Сабын)

Шомылған баланы,
Аймалап
алады.
Сүртеді
қолын да,
Сүртеді
жонын да. (Сүлгі)

Аузы жоқ, көзі жоқ,
Тілі
жоқ, өзі жоқ.
Бірақ та тісі бар,
Басыңмен ісі бар. (Тарақ)


Тіс кірлесе тазартар
Киімнің кірін азайтар,
Бәтеңкеңді жаңартар.
Бұл не? (Щетка)

 Белінен қыссаң,
Аузынан ақ уыз шығады.

 Бұл не? (Тіс пастасы)


Бір сөзбен қалай атаймыз «Тазалық заттары»


 «Дәрігер мен бала» атты көріністі тамашалайық.

Есік қағылады. Ішке бала кіреді.

Дәрігер:- Қандай себеппен келдің?
Бала:- Басым, көзім ауырады, ұйқым келе береді.
Дәрігер:- Сағат нешеде тұрасың?, нешеде ұйықтайсың?
Бала:- Түнгі 2-3-терде ұйықтаймын, 11 -де тұрамын.
Дәрігер:- Асқа тәбетің қалай? қалай тамақтанасың?
Бала:- Қолыма не түседі, сонны жей саламын.
Дәрігер:- Нені ұнатасың?
Бала:- Теледидар көргенді, компьютерде ойнағанды ұнатамын.
Дәрігер:- Оған қанша уақыт бөлесің?
Бала:- Ұйқым келгенше ойнай беремін.
Дәрігер:- Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, бұл бала неліктен ауырады? Себебін айтып, кеңес беріңдер.

  Мұғалім:  - Газды сусынның құрамында консерванттар, бояғыш пен ароматизатор беретін, иіс беретін заттар кіреді, олар асқазанға жағымсыз әсер етеді. Газды сусында мөлшерден көп қант тіс құртының пайда болуына себепкер. Сусынның құрамында дәрумендер мен минералды заттар жоқ.
     Ал, көп балалар жақсы көретін сағыздың құрамында да қант көп, соның әсерінен іш ауруы, ішегінің тас болып қатып қалуы, абайсызда жұтып қоюуы өте қауіпті.  

 Ал чипсидің құрамында бірнеше зиянды заттар бар, бұл заттар жүйке жүйесіне улы әсер етеді.


Жанар: - Халықданалығында «Денсаулық - зорбайлық» деген сөз бар. Ертезаманнанберіата-бабаларымызденсаулыққа көп көңіл бөлген. Баланыңденісау, шымыр болу үшін 4-5 жастан бастап атқа мінгізген, садақтарту, найзашаншу, күрес секілді денені шынықтыратын жаттығулармен жаттықтырған. Осының нәтижесінде бұлшық ет қатайып, бой өсіп, кеуде кеңейіп, күш молаятынын ертеден – ақ білген.

Інкәр: -Ал қазір мектепте дене шынықтыру сабақтары жүргізіледі. Онда арнаулы мамандар иесі қабілетін анықтап, бағыттап отырады. Спорттың түрлеріөте көп. Стол теннисі, шахмат, хоккей, бокс, баскетбол, футбол сияқты түрлері кеңінен тараған. Кейінгі кездері жылдамдықты, тездікті талап ететін спорттың түрлері де пайдаболды. Олар: у-шу, дзюдо, айкидо, таэквондо. Сонымен қатар денені шынықтыратын ұлттық ойындар да бар. Олар:  «Бәйге», «Қызқуу», «Көкпар», «Аударыспақ», «Жамбы ату».

Мұғалім:      - Олай болса, кезекті спорттық сайыстарға берелік.


І. Қол күрес – білек күштерін сынау. 

Мұғалім:      Сыныбымыздың спорт секторы Дастан жаттығуды орындатады.

Қыздар биі

Әнел: Гимнастикалық жаттығу

Мұғалім:      - Балалар, біз бүгін қандай тақырыпта сөз қозғадық?(Денсаулық)
- Нені ойға тоқып, жадымызда сақтауға тиіспіз?(Жаман әдеттен аулақ болуымыз керек)
- Сіздер, қандай азамат болып өсулерің қажет?(Дені сау, ақылды, білімді, адал болып)
- Балалар, олай болса, денсаулықтың достарын атайықшы.

Д - Дәрі шөптен, ақыл көптен.
Е - Емнің алды - еңбек.
Н - Негізгі байлық - денсаулық.
С - Саулық - байлық негізі.
А - Ас - адамныңарқауы.
У – Уланудан сақтан.
Л - Ластың досы - шыбын.
Ы - Ыдысы тазаның, ырысы таза.
Қ - қотыр қолдан жұғады.


       -Елбасының «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу. Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауында денсаулыққа, спорт пен туризмге көп көңіл бөлінген.
Қазақстандықтар  спортқа тартылсын және де спорттық кешендер салынсын. Дәрі - дәрмектердің 50% өзімізден шығарылуы тиіс делінген. Бұл - үкіметіміздің ұрпақ денсаулығына қатты көңіл бөліп отырғандығы. 7- сәуір –Дүниежүзілік денсаулық күні мерекесі. Бұл күні барлық халықтар осы айтулы мерекені атап өтеді.

   Топтастыру



Денсаулық









Деніміз сау болу үшін қандай нәрселерге мән беруіміз керек:

-Ең әуелі денеміздің тазалығына мән беруіміз керек.
- Жүйелі түрде моншаға түсіп тұруымыз керек.
- Тырнақтарымызды жиі-жиі қысқартып, таза ұстауымыз керек.
- Тамақтан алдын және кейін қолымызды жууымыз керек.
- Тамақ ішіп болған соң және ұйықтар алдында тістерімізді тіс пастасымен жуу керек.
- Жүйелі түрде спортпен шұғылдану.

-Табиғи тағамдармен және үйлесімді қоректену керек.
- Ұйқымыздың жүйелі болуына мән беру керек.

- Ерте жатып,ерте тұру керек.
- Егетін (прививка) дәрілерді уақытында ектірту керек.
- Жеміс, көкөністерді жемес бұрын жақсылап жуу керек.

-Тағамдардың таза болуына аса мән беру керек.

-Беті ашық түрде сатылатын тамақтарды жемеу керек -Терлеп тұрып су ішпеу керек.
- Ата-ананың рұқсатынсыз ешқандай дәрі қолданбау керек.

-Кампютерде 20 минуттан артық отырмау керек  -Теледидарға жақын отырмау керек

-Сағат 10 ұйықтау керек

-Сағызды шайнамау керек

-Чипси жемеу керек

Мұғалім:      -  «Сау дене, азат ақыл, адал көңіл – үшеуімен бақытты болады өмір», - демекші, дені сау, батыл жүректі, салауатты өмір салтын орнықтыруға дайын ұрпақ болып өсейік, ешқашан ауырмай, өз денсаулықтарыңды күтіңдер! . Сондықтан болашақта сендерден дені сау, мықты да шымыр, отбасына тірек болатын азамат, азаматша шығады деп сенемін.

Бәрі:- Тазалықты сүйеміз,
Таза болып жүреміз.
Біз баламыз шыныққан,
Денсаулығы мықты жан.

Мұғалім:      -Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
  

Автор
Дата добавления 01.03.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Презентации
Просмотров142
Номер материала ДВ-497507
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх