Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Другие методич. материалы / Презентация на тему "Елімен етене Елбасы"

Презентация на тему "Елімен етене Елбасы"

  • История

Поделитесь материалом с коллегами:

Жаңа тарих-жарқын тұлға


Жүргізуші : Ұзақбай Сезім, Мұқыш Нұржан

Көрнекілігі : Елбасы портреті, қабырға газеті,

слайд- «Елімен етене Елбасы» , «ҚР рәміздері», «Астана», шар, кітап көрмесі «Елін сүйген Елбасы» т.б.

Мақсаты: қазақ халқының президенті Н.Назарбаевтың өмір жолы,туып өскен,оқып білім алған,қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру,елбасы өмір жолдарын үлгі ете отырып халқын сүюге,азаматтықа тәрбиелеу.



Барысы:


(музыка ойнап тұрады)

1 жүргізуші:

Сөйлесіп бір жүрген қай сөзіңде де халықты биік қоясың,

Халықпен бір ашығасың да,халықпен бірге тоясың,

Жастықтың жалын шақтарыменен бірге айтып арман әндерін,

Қазақстанның бақтарыменен бірге жапырақ жаясың.

2 жүргізуші: Тұңғыш президентіміздің өмір жолы қиын да қайталанбас көп қырлы.Бұл небір қиындықтар мен қатерлі тосқауылдарды жеңе білген және қиын кезеңдердің өзіне табыстарға қабілет күші жеткен нағыз қажыр қайрат иесі,талантты,адамның өмір жолы.Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналған «Жаңа тарих-жарқын тұлға» атты кешімізді ашық деп жариялаймын.

-ҚР әнұраны орындалады.

-Әдеби монтаж «Балалық шағы»

1 оқушы: Өмір деген бірде толы,бірде бос ала қоржын емес пе.... Қуанышы да,реніші де қатар жүреді.Тату-тәтті,бақытты жас отаудың іргесінен сыз өткендей біртіндеп ызғырық есетін болды.

Тұрмыс құрғандарына үш жыл өтсе де Назарбаевтардың шаңырағынан іңгәлаған нәрестенің үні естілмей қапаланды.Әбіш пен Ұлжан ата-баба аруағына сыйынып,алладан бала тілеуді қош көреді.Содан екеуі Райымбек бабаның басына барып,құрбан шалып,малдың етін жұртқа үлестіріп беріп,моланы жеті рет айналып шығады.Сол күні Әлжан ана түс көреді.Түсінде үлкен теңіз көреді.Буырқанып,дөңбекшіп жатқан мұндай теңізді бірінші көруі.Түсуге жүрексінеді,бірақ бір күш суға қарай сүйрей жөнеледі.Әуелі су тізесінен келеді.ОДан кейін белінен,мойынынан асады.Бір кезде басы көрінбей кетеді. «Тұңшығамын-ау» деп қорқады.Бірақ бір ғажабы еркін тыныстап келе жатыр.Аяғы теңіз түбіне бір тиіп,бір тимей келеді.Өстіп келе жатып су түбінен мылтық тауып алады. «Жақсы болды ғой,Әбішке апарып беріп қуантайын» дейді де мылтықты иығына асынып алады.Сол кезде мылтық иіліп,екі басы да жерге тиеді.Әлжан мылтықты тастамай,аршындай басып теңіздің екінші жағынан бір-ақ шыққан екенмін дейді.Бұл түсін еті жақын туыстары «Алла жар болсын,түсің жақсы екен.Құдай ұл береді сендерге» деп жориды.Қате айтпапты.Құдай жарылқап Назарбаевтар әулетіне Нұрсұлтандай ұл беріпті.

2 оқушы: Н.Назарбаев 6 шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы,Шамалған ауылында,Үшқоңыр жайлауында дүниеге келген.Балалық шағы таршылық жағдайда өтті.Үлкендердің мал бағуына,бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды.Өзі еске алғандай,аз-маз өнімдерін сатып,үйішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару деген керемет мереке саналатын.Мектепті жақсы оқып,жақсы білім алады.Ата-анасын қатты құрмет тұтты.

3 оқушы: Ол ерте есейді,орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатына жұмысшы болып аттанады.

Жұбайы Сара Алпысқызы Халықаралық «Бөбек» қорын басқарады.Елбасымыздың үш қызы бар:Дариға,Динара,Әлия.

-Өскен ортасы.

1 оқушы:Құрыштай қайнаған Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.Шойын құюшы,домна пешінің көмекшісі қызметін атқарады 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бітіреді.

2 оқушы:Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінеді.

1969-1973 жылдары Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.

1973-1977 ж.-Қармет комбинатының партком хатшысы.

1977-1979 ж.-Қарағанды облыстық партия комитетінің 2-ші хатшысы

1979-1984 ж. –Қазақстан Комунистік партиясы Орталық Комитетінің хатшысы.

1984-1989 ж.-Қазақ КСР Министрлер кеңесінің төрағасы.

1989-1991 ж. –Қазақстан Комунистік партиясы Орталық Комитетінің хатшысы.

1990ж.-ақпан-сәуір аралығында КСР Жоғары Кеңесінің төрағасы болды.

3 оқушы: 1991 ж. 1 желтоқсанында жалпыхалықтық сайлау өтті.Сайлау нәтижесінде Н.Назарбаев басым дауыспен /98,7 пайыз/ жеңіске жетті.

1999 ж. 10 қаңтарда 79,78 пайыз, 2005 ж. 4 желтоқсанында 91,5 пайыз дауыс алып, Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды.

4 оқушы: Содан бергі уақыт ішінде Қазақстанның тұңғыш президенті не тындырды? деген сұраққа жауап бере болсақ,ол былай ша өрнектеледі.Қолда бар ядролық қару жарақты жойып,Орталық азияда ядролық қарусыз аймақ құруды қамтамасыз етті.

5 оқушы: Қазақстанның уран өндірісін бейбіт мақсатта пайдалану кешенін қалыптастыру ісін жеделдетті.Қазір Қазақстан ядролық отын өндірісі саласында АҚШ, Франция,Жапония,Қытай,Ресей алып компаниялары бірлескен жоба бойынша жұмыс жүргізуде.Бұл ұлттық сапалық көрсеткіш. Іспетті.

6 оқушы: Дүниежүзі қазақстанды нарықтық және зайырлы мемлекет ретінде толық танып қоюмен шектелмей толық мойындады.Қазақстан халықаралық мәселелерді шешуге тікелей қатысатын,сөзі өтімді,беделді мемлекетке айналды.Еуроапдағы Қауыпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына ТМД аумағынан,Ислам әлемінен төрағалық жасап отырған тұңғыш мемлекет-біздің ел.Біздің елді АҚШ,Ресей,Қытай,Еуроодақ,Жапония стратегиялық әріптес деп таниды.

7 оқушы: ТМД көлемінде тұрғындардың тең құқылығын,ауыз бірлігі мен ынтымағын сақтау мақсатында Халықтар ассамблеямын құрған тұңғыш және жалғыз мемлекет Қазақстан.Соның нәтижесінде 20 жылдан бері елімізде баянды тыныштық орнаған.Бұған әлем жұртшылығы таңданыспен және ризашылықпен қарайды.

8 оқушы. Бүкіл әлемдік дағдарыстан қысқа мерзімде шығып,экономиканы тұрақты даму арнасына сала алған да –Қазақстан.Елбасы осы кезде-де дамудың «Қазақстандық жол» бағдарламасын ұсынып бүкіләлемдік қаржы дағдысынан жас мемлекеттің қиналмай шығуын қамтамасыз етті.

9 оқушы: Қазақстан басшысы әлемде бір-біріне қарама-қарсы тұрып келген,кейбір жағдайларда қақты қақтығыстарға барған діндердің басшыларын Астанада бір дастархан басында жинап,оларға «Бәріміздің жаратушымыз бір,сондықтан да келісіп бейбіт қатар өмір сүруге болады» дегізе алған адамзат тарихындағы жалғыз мемлекет басшысы.

10 оқушы: 2010 ж. Бастап Қазақстан индустриалды-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыруға кіріскен ел.Бұл-тұтастай алғанда ұлттың,мемлекеттің сапалық жаңғыруы.

Жүргізуші:Енднше біздің Елбасымыз – өзінің білім-білігімен тәжірбиесімен,парасатты саясатымен жоғарыда есімдері аталған бірқатар ұлттардың көшбасшылары тындырған істерден де ауқымды.маңызды жүк арқалап,өз елін ғана емес,бүкіл адамзатты бақытты болашаққа бейбіт,интеграциялық жолмен баруға шақырған үлкен тұлға. «Қилы кезеңде» осындай көшбасшы болған қазақ ұлты,Қазақстан халқы шын мәнінде бақытты.

-Ән. «Үш қоңыр»

- Сөз ауылымыздың әкімі Карсембаев Дәурен Құралұлына беріледі.

-Ән: «Елім менің»

-Әдеби монтаж

-Сөз: Ортау ауылдық бастауыш «НұрОтан ХДП» хатшысы Тажигулова Ақбота Мешітбаевнаға беріледі.

-Ән: «Көк тудың желбірегені»

-Музыка ойнап тұрады: Слайд пен көрініс

- Ән: «Жаса Қазақстаным»


Қорытынды:

1жүргізуші: «Жан шуағы» атты шағын жыр жинағында Елбасы ең ыстық сезімдерін,перзенттік тілегін туған жеріне,халқына арнайды:

Тәуелсізбін! Бар ма мұн?

Тәләйлі болсын талғамым!

Өркені өссін қазақтың,

Осы-менің арманым!

Күн тұрғанда тұратын,

Жұртты сайран құратын

Қала болсын Астана,

Осы-менің мұратым!

2 жүргізуші:

О,Ақорда,Ақ шатыр,

Ұлысыма бақ шатыр.

Баянды болсын Азаттық

Осы-менің мақсатым!

Халқым-менің тірегім,

Құрбан жаным,жүрегім!

Атымыз озсын бәйгеде,

Осы-менің тілегім.







Автор
Дата добавления 24.11.2015
Раздел История
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров210
Номер материала ДВ-184582
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх