Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Презентации / Презентация на тему "Фонетика"

Презентация на тему "Фонетика"

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Дауыссыз дыбыстардың жасалу орнына және жасалу тәсіліне қарай жіктелуі Жоспар...
Дыбыс,әріп,фонема Әріп пен дыбысты шатыстыруға әсте болмайды.әріп кейде жеке...
Фонема дегеніміз не? Фонема (гр.phonema-дыбыс)-сөздер мен морфемаларды құрас...
Дауыссыз дыбыстар Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстар-консонантизмдер (лат.con...
Дауыссыз дыбыстар Дауыссыз дыбыстар мыналар:б,в,г,ғ,д,ж,з,й,к,қ,л,м,н,р,ң,п,...
Дауыссыз дыбыстардың үннің қатысына қарай жіктелуі. Дауыссыздар үн мен салдыр...
Үн мен салдырдың қатысынан жасалып,бірақ салдырдан үн басым болатын дыбыстар...
Үн мен салдырдың қатысы арқылы жасалған дауыссыз дыбыстарды ұяң дауыссыздар д...
Ойлан,тап. п_б: ...айдасыз,...аласыз,...аңдық,...алық,са...ар,са...тау,са......
Дауыссыз дыбыстардың айтылу тәсіліне 		қарай жіктелуі. Тоғысыңқы (шұғыл) Жуыс...
Жасалу немесе айтылу (артикуляциялық) орнына қарай дауыссыздар алдымен үш...
 Қазақ тілінің к, орыс тілінің к және қазақ тілінің қ дауыссыз дыбыстарының...
Тіл фонемалары үшке бөлінеді: 1.Тіл алды дыбыстары:н,р,л,ш,ч,ж,ц,т,с,д,з 2.Т...
Қ фонемасы-қазақ тіліндегі ең актив фонема.Ол сөздің барлық позициясында тұр...
“Қазақ тілінің орфографиялық сөздігінде” г әрпінен басталатын 421 сөз бар.Оны...
І.Кеңесбаев “В,Ф,Х” фонемалары-түгелімен орыс тілінен ауысқан фонемалар,көбін...
Үнсіз шұғыл дауыссыздар (б,п,к,қ,г,т,д)дауыстылардың қоршауында ызыңға бейімд...
“Көне түркі сөздігіндегі” й-дан басталатын сөздер төртінші орында тұр.Қазақ т...
Сөз басында мүлде тұра алмайтын й,у,ң үнсіздерінің дауыссыздардан соң тұра ал...
Мұнда қандай сөйлем жазылған? Ұ	З	Ы	Ә	Д	Ы С	Ы	Ұ	К	Е	Й Т	Ң	Л	Е	Й	Л А	Д	Ы	Ң	С	А
Қазақ тілі мен орыс тіліне ортақ дауыссыз фонемалар-он бес:б,г,д,ж,з,й,к,л,м,...
1 из 21

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 Дауыссыз дыбыстардың жасалу орнына және жасалу тәсіліне қарай жіктелуі Жоспар
Описание слайда:

Дауыссыз дыбыстардың жасалу орнына және жасалу тәсіліне қарай жіктелуі Жоспары: Дыбыс туралы түсінік. Дыбыстардың жіктелуі. Дауыссыз дыбыстар Дауыссыздардың айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктер.

№ слайда 2 Дыбыс,әріп,фонема Әріп пен дыбысты шатыстыруға әсте болмайды.әріп кейде жеке
Описание слайда:

Дыбыс,әріп,фонема Әріп пен дыбысты шатыстыруға әсте болмайды.әріп кейде жеке дыбысқа сәйкес келсе (мәселен о,ө,ұ,ү),кейде бір әріп (мәселен ю,я) бірнеше дыбыстың қосындысын (йұу,йүу,йа) өрнектейді.Керісінше,кейбір әріптердің (ь,ъ) дыбыстық мәні жоқ.

№ слайда 3 Фонема дегеніміз не? Фонема (гр.phonema-дыбыс)-сөздер мен морфемаларды құрас
Описание слайда:

Фонема дегеніміз не? Фонема (гр.phonema-дыбыс)-сөздер мен морфемаларды құрастырып,оларды бір-бірінен мағына және форма жағынан ажыратуға септігі бар тілдің ең кішкене функциялық единицасы.

№ слайда 4 Дауыссыз дыбыстар Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстар-консонантизмдер (лат.con
Описание слайда:

Дауыссыз дыбыстар Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстар-консонантизмдер (лат.consonans-дауыссыз дыбыс) сан және сапа жағынан әбден зерттеліп,айқындалып,бірізге түсіп болған жоқ.У дауыссызы тек жуан еріндік (у) және жіңішке еріндік (у) түрде ғана ұшырайды.Мұны алғаш анықтаған Ә.Жүнісбековтың айтуынша,”қазақ тіліндегі консонантизмдер жүйесі 17 сингорматиптен немесе 66 сингармодауыссыздан құралады“.Басқаша айтқанда 17 үндеспе,66 үндес дауыссыз бар деген сөз.Олар:б,ғ-г,д,ж,з,й,қ-к,л,м,н,ң,п,р,ц,т,у,ш.Бұлардың қатарында өзімізге мектептен таныс в,ф,х,һ,ц,ч дыбыстары жоқ.Жоқ болатыны,бұлар-жолдан қосылған,байырғы сөздерде жоқ,кірме дыбыстар.

№ слайда 5 Дауыссыз дыбыстар Дауыссыз дыбыстар мыналар:б,в,г,ғ,д,ж,з,й,к,қ,л,м,н,р,ң,п,
Описание слайда:

Дауыссыз дыбыстар Дауыссыз дыбыстар мыналар:б,в,г,ғ,д,ж,з,й,к,қ,л,м,н,р,ң,п,с,т,ф,х,һ,ц,ч,ш,щ,у

№ слайда 6 Дауыссыз дыбыстардың үннің қатысына қарай жіктелуі. Дауыссыздар үн мен салдыр
Описание слайда:

Дауыссыз дыбыстардың үннің қатысына қарай жіктелуі. Дауыссыздар үн мен салдырдың қатысына қарай қатаң,ұяң және үнді болып үш топқа бөлінеді. Салдырдан жасалған дауыссыз дыбыстарды қатаң дауыссыздар деп атаймыз. Қатаң дауыссыздар мыналар:п,ф,к,қ,т,с,ш,щ,х,ц,ч.

№ слайда 7 Үн мен салдырдың қатысынан жасалып,бірақ салдырдан үн басым болатын дыбыстар
Описание слайда:

Үн мен салдырдың қатысынан жасалып,бірақ салдырдан үн басым болатын дыбыстарды үнді дауыссыз дыбыстар деп атаймыз.Үнді дауыссыздар мыналар:р,л,й,у,м,н,ң.

№ слайда 8 Үн мен салдырдың қатысы арқылы жасалған дауыссыз дыбыстарды ұяң дауыссыздар д
Описание слайда:

Үн мен салдырдың қатысы арқылы жасалған дауыссыз дыбыстарды ұяң дауыссыздар деп атаймыз. Ұяң дауыссыздар мыналар:б,в,г,ғ,д,з,ж,һ. Қатаң,ұяң дауыссыздардың бірімен-бірі жұп құрайтындары бар.Мұндай жұп болып келетін қатаң,ұяң дауыссыздар мыналар:п-б,ф-в,к-г,т-д,с-з,ш-ж,қ-ғ,х-һ.

№ слайда 9 Ойлан,тап. п_б: ...айдасыз,...аласыз,...аңдық,...алық,са...ар,са...тау,са...
Описание слайда:

Ойлан,тап. п_б: ...айдасыз,...аласыз,...аңдық,...алық,са...ар,са...тау,са...ақтас,са...антой,ла...ылда,қа...ылда; т-д ба...пақ,жа...ақ,қа...ақ; к-г ә...е,е...ін,кө...тем,кө...ер; с-з: а...тар,а...амат,ба...тық,сү...бе; ш-ж: ша...пау,ша...амай,қа...ымыс,қа...қын;

№ слайда 10 Дауыссыз дыбыстардың айтылу тәсіліне 		қарай жіктелуі. Тоғысыңқы (шұғыл) Жуыс
Описание слайда:

Дауыссыз дыбыстардың айтылу тәсіліне қарай жіктелуі. Тоғысыңқы (шұғыл) Жуысыңқы (ызың) Діріл дауыссыздар Тоғысыңқы дауыссыздар мыналар:п,б,т,д,қ, к,г,ч,ц. Жуысыңқы дауыссыздар мыналар:в,ф,с,ғ,з,ш,щ,ж,х,һ. Діріл дауыссыздар:р

№ слайда 11 Жасалу немесе айтылу (артикуляциялық) орнына қарай дауыссыздар алдымен үш
Описание слайда:

Жасалу немесе айтылу (артикуляциялық) орнына қарай дауыссыздар алдымен үш топқа бөлінеді. а)ерін(лабиаль) фонемалары:п,б,м у; б)көмей(фарингаль)фонемасы-һ ә)тіл (лингваль) фонемалары:т,д,с,з,ш,ж,ц,ч,к,г,қ,ғ,х,ң,л,р,;

№ слайда 12  Қазақ тілінің к, орыс тілінің к және қазақ тілінің қ дауыссыз дыбыстарының
Описание слайда:

 Қазақ тілінің к, орыс тілінің к және қазақ тілінің қ дауыссыз дыбыстарының жарыспа моделі

№ слайда 13 Тіл фонемалары үшке бөлінеді: 1.Тіл алды дыбыстары:н,р,л,ш,ч,ж,ц,т,с,д,з 2.Т
Описание слайда:

Тіл фонемалары үшке бөлінеді: 1.Тіл алды дыбыстары:н,р,л,ш,ч,ж,ц,т,с,д,з 2.Тіл ортасы дыбыстары:й; 3.Тіл арты дыбыстары:қ,ғ,к,г,ң,х.

№ слайда 14 Қ фонемасы-қазақ тіліндегі ең актив фонема.Ол сөздің барлық позициясында тұр
Описание слайда:

Қ фонемасы-қазақ тіліндегі ең актив фонема.Ол сөздің барлық позициясында тұра береді.Қазіргі қазақ тілі лексикасының 14 проценті (8402) осы дыбыстан басталады.Ал ғ сөз соңында мүлдем кездеспейді,сөз басында 213 кірме сөзде,ал сөз ортасында актив ұшырайды.Қ фонемасы к сияқты көрші дыбыстардың әсерінен ұяңданып (ғ)айтылуға бейім тұрады:қарашғой (қара қой), сарғыз (сары қыз),ағала(ақ ала), ағүй (ақ үй),тарағы (тарақ-ы),құлағы (құлақ-ы).

№ слайда 15 “Қазақ тілінің орфографиялық сөздігінде” г әрпінен басталатын 421 сөз бар.Оны
Описание слайда:

“Қазақ тілінің орфографиялық сөздігінде” г әрпінен басталатын 421 сөз бар.Оның орыс тілі арқылы енген сөздер.Ал қалғандары (гауһар,гүл,гу-гу,гуле дегендерден басқалары) қ әрпінде қайталанады:гуілде-куілде,гүж-күж,гүжбан-күжбан,гүж-күж,гүмбір-күмбір,гүмп-күмп,гүр-күр,гүрс-күрс,гүрсіл-күрсіл,гүріл-күріл т.б.

№ слайда 16 І.Кеңесбаев “В,Ф,Х” фонемалары-түгелімен орыс тілінен ауысқан фонемалар,көбін
Описание слайда:

І.Кеңесбаев “В,Ф,Х” фонемалары-түгелімен орыс тілінен ауысқан фонемалар,көбіне,орыс тілінен келген сөздерде,терминдерде қолданылады...Фамилияның аяғында келетін в қазақтың айтуында,көбіне п-ға айналып кетеді.Мысалы: Жазылуда Айтылуда Боранбаев Боранбайып Сәрсенов Сәрсеніп Күнтуаров Күнтуарып Сергеев Сергейіп

№ слайда 17 Үнсіз шұғыл дауыссыздар (б,п,к,қ,г,т,д)дауыстылардың қоршауында ызыңға бейімд
Описание слайда:

Үнсіз шұғыл дауыссыздар (б,п,к,қ,г,т,д)дауыстылардың қоршауында ызыңға бейімдеу басталады:Абай,Ақан,апа,ақан,ақын,бақыт,Ақан сияқты сөздерде қ орыс тіліндегі х-ға жуықтап кетеді.Содан да болу керек жазуда бахыт,Ахан, болып кетіп жатады,яғни мұндай жағдайда шұғылдар бомаңдау айтылуға тиіс.Оларды сөз басындағыдай етіп,айту,тістеніп тұрған сияқты әсер етеді.

№ слайда 18 “Көне түркі сөздігіндегі” й-дан басталатын сөздер төртінші орында тұр.Қазақ т
Описание слайда:

“Көне түркі сөздігіндегі” й-дан басталатын сөздер төртінші орында тұр.Қазақ тілі бұларды ж-мен айтады және сол үшін де ж тілі делінеді. Парсы тілінен ауысқан я шылауын қара қазақ жә түрінде айтқан,көркем шығармаларда да кездеседі. Ал сөз ішінде буындар й-дан бастала береді:а-йа,ұ-йа,қара-йа,қара-йып,қара-йық,сы-йа,ты-йын,ті-йін т.б.Солай бола тұрса да й әрпін бы,ғы,ды, деген сияқты емес,ый түрінде айту керек болады.Й дыбысы сөз ішіндетек дауысты дыбыстардан соң ғана тұра алады,дауыссыздан соң тұруы мүмкін емес.Бұл да болса,оның дыбысталу ерекшелігін аңғартады.

№ слайда 19 Сөз басында мүлде тұра алмайтын й,у,ң үнсіздерінің дауыссыздардан соң тұра ал
Описание слайда:

Сөз басында мүлде тұра алмайтын й,у,ң үнсіздерінің дауыссыздардан соң тұра алмайтынында да тарихи байланыс,заңдылық болуға тиіс.Бұларды жеке тұрғанда (алфавитте) тек ый,ұу,ың түрінде айтсақ керек.

№ слайда 20 Мұнда қандай сөйлем жазылған? Ұ	З	Ы	Ә	Д	Ы С	Ы	Ұ	К	Е	Й Т	Ң	Л	Е	Й	Л А	Д	Ы	Ң	С	А
Описание слайда:

Мұнда қандай сөйлем жазылған? Ұ З Ы Ә Д Ы С Ы Ұ К Е Й Т Ң Л Е Й Л А Д Ы Ң С А

№ слайда 21 Қазақ тілі мен орыс тіліне ортақ дауыссыз фонемалар-он бес:б,г,д,ж,з,й,к,л,м,
Описание слайда:

Қазақ тілі мен орыс тіліне ортақ дауыссыз фонемалар-он бес:б,г,д,ж,з,й,к,л,м,н,р,п,с,т,ш.Қазақ тілінде бар,орыс тілінде жоқ дауыссыздар- бесеу: ғ,қ,ң,у,һ.Қазақ тілінде бұрын болмаған,орыс тілінен енген дауыссыздар да бесеу:в,ф,х,ц,ч.

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 12.01.2016
Раздел Другое
Подраздел Презентации
Просмотров444
Номер материала ДВ-331960
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх