Инфоурок Иностранные языки ПрезентацииПрезентация на тему "ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫҢ АҒЫЛШЫН ТІЛІ ПӘНІН ОҚЫТУДАҒЫ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ "

Презентация на тему "ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫҢ АҒЫЛШЫН ТІЛІ ПӘНІН ОҚЫТУДАҒЫ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ "

Скачать материал
Скачать материал "Презентация на тему "ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫҢ АҒЫЛШЫН ТІЛІ ПӘНІН ОҚЫТУДАҒЫ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ""

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Заведующий хозяйством

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • Оңтүстік Қазақстан  облысы,  Мақтарал  ауданы,  Жетісай қаласы 
“Тұран”  мект...

    1 слайд

    Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Жетісай қаласы
    “Тұран” мектеп –гимназия” коммуналдық мемлекеттік мекемесі
    ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫҢ АҒЫЛШЫН ТІЛІ ПӘНІН ОҚЫТУДАҒЫ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

  • Ағылшын тілі пәні мұғалімі Сафарова Асем Муратовна

    2 слайд

    Ағылшын тілі пәні мұғалімі Сафарова Асем Муратовна

  • Қазақстан Республикасындағы  мектеп оқушыларының  ағылшын тілі пәні бо...

    3 слайд


    Қазақстан Республикасындағы мектеп оқушыларының ағылшын тілі пәні бойынша функционалдық сауаттылығын дамыту
    Мақсаты:

  • Міндеттері:  Функционалдық  сауаттылықтың мазмұнындағы  ерекшеліктердің етене...

    4 слайд

    Міндеттері:
    Функционалдық сауаттылықтың мазмұнындағы ерекшеліктердің етене байланысына тоқтам жасау
    Функционалдық сауаттылықтың мемлекет дамуына қосар үлесінің өзектілігі
    2012-2016 жылдарға арналған Ұлттық іс –қимыл жоспарының ағылшын тілі пәнін оқу мен оқытудың қажеттілігі мен бірізділігіне әсер етуі
    Тілді меңгерудегі және меңгертудегі әдіс-тәсілдер мен жаңа технологиялардың тиімді қолданылуы және жақсы нәтиже көрсету мақсатын негізге алу жолдары

  • “ Келер ұрпақ алдында  зор  жауапкершілік 
 жүгін  арқалап келеміз ! ”...

    5 слайд

    “ Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік
    жүгін арқалап келеміз ! ”
    Н. Ә. Назарбаев.

  • Функционалдық сауаттылық

    6 слайд

    Функционалдық сауаттылық

  • Функция сөзі “ Атқаратын қызметім ” деген мағынаға  ие....

    7 слайд

    Функция сөзі “ Атқаратын қызметім ” деген мағынаға ие. Ал, сауатсыздыққа жол бермеу мақсатында сауатты қоғам қалыптастыру үшін атқарылатын қызмет , яғни « Функционалдық сауаттылық » ұғымы алғаш рет өткен ғасырдың 60-шы жылдары ЮНЕСКО құжаттарында пайда болды және кейіннен зерттеушілердің қолдауына енді. Функционалдық сауаттылық , кеңінен алғанда , білім берудің негізінде жалпы білім беру көп жоспарлы адамзат қызметімен байланысын біріктіретін тұлғаның әлеуметтік бағдарлану тәсілі ретінде түсіндіріледі. Қазіргі тез құбылмалы әлемде функционалдық сауаттылық адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына, сондай-ақ ғұмыр бойы білім алуына ықпал ететін базалық факторлардың біріне айналуда.

  • ХХ ғасырдың 60-70-жылдары орын алған әлемдік білім д...

    8 слайд



    ХХ ғасырдың 60-70-жылдары орын алған әлемдік білім дағдарысы халықтың функционалдық сауаттылығына ауыр да, қатал әсерін тигізді. Мамандардың айтуынша, тіпті бұл дағдарысқа міндетті білім алу шарасы ғасыр бойы жүргізіліп келе жатқан дамыған елдер де ұшыраған. Ресми дерек бойынша, 90-жылдары АҚШ-та 25 миллион функционалдық сауатсыз адам тіркеліпті. Ал 2007 жылы АҚШ-тың Ұлттық комиссиясы төмендегідей сандық мәлімет келтірген: ересек американдықтардың 23 миллионы сауатсыз болса, оның ішінде 40 пайызы – жастар. 2009 жылы Еуропалық Одақтың мәлімдеуінше, Польша мен Германиядағы мектеп жасындағы балалардың 40 пайызы әдеби мәтінді түсінуге қиналатындығы дәлелденген. Голландияда 250 мың жалпы сауатсыз (тұрғындардың 1,5 пайызы) және 1,3 миллион (тұрғындардың 7,9 пайызы) функционалдық сауатсыз адам тіркеліпті. Орта мектепті тәмамдаған ирландиялық жастардың 25 пайызы функционалдық сауатсыз көрінеді. Ал ирландықтардың 20 пайызы тек қана қарапайым мәтіндерді ғана оқып-жаза алады екен. Мұның өзі ел тұрғындарының 45 пайызын құрап отыр. Бұлар мектептен білім алса да, қызмет жасауға келгенде қарапайым жазу үлгісін білмейтіндігін көрсеткен.



  • Функционалдық сауаттылық – тілдік тұлғаның әлеуметтік-қоғамдық ортада...

    9 слайд

    Функционалдық сауаттылық – тілдік тұлғаның әлеуметтік-қоғамдық ортада сөйлесім әрекетінің түрлерін (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым, тілдесім) өзінің мақсатына қарай еркін қолдана алу мүмкіндіктерінің қалыптасқан жүйесі.
    Ағылшын тіліне қатысты функционалдық сауаттылық ұғымы білім кеңістігіндегі білімді құзіреттілікке бағыттау парадигмасына байланысты туындап отыр. «Қазіргідей пәндік білімге ғана негізделіп отырған оқу үдерісінде баланың жалпы дүниетанымының қалыптасуы, өміртанымдық дағдыларының жетілдірілуі, білімнің күтілетін нәтижеге бағытталуы қоғамдық-гуманитарлық пәндердің жаңарған мақсат-міндеттерінен бастап оқытудың әдістемелік жүйесінің әр бөлігінің (білім мазмұны, оқыту түрлері, оқыту әдістері, білім нәтижелері) түбегейлі өзгертілу деңгейіне қатысты екені сөзсіз».

  • Қазақстан Республикасының Президенті – ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарб...

    10 слайд

    Қазақстан Республикасының Президенті – ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауы аясында білім беру саласындағы стратегия мен саясатты қайта пайымдау жүргізілді.

  • Елбасы «Қазір біз балаларымыз қазақ тілі мен қатар орыс және ағылшын тіл...

    11 слайд

    Елбасы «Қазір біз балаларымыз қазақ тілі мен қатар орыс және ағылшын тілдерін де белсенді меңгеру үшін жағдай жасауға шаралар қабылдап жатырмыз» деп, осы мәселеге орай белсенді түрде іс жүргізу қажеттігін белгілеп берді.

  • Елбасы  Н.Ә. Назарбаев  2012 жылғы...

    12 слайд

    Елбасы Н.Ә. Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік – экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша бес жылдық ұлттық жоспарды қабылдау жөнінде нақты міндет қойды.


  • Аталған міндет Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті  30 елді...

    13 слайд

    Аталған міндет Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіруі процесінде де маңызды роль атқарады. Еліміз үшін маңызды болып тыбылатын аталған стратегиялық міндетті шешу жағдайында тұлғаның ең басты функциялық сапалары белсенділік, шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай алуға, кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік, өмір бойы білім алуға дайын тұруы басты назарда болуы керек. Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады. Ал, ұлттық жоспарды жүзеге асыру әрбір көзі ашық, көкірегі ояу, елдің патриот ұстаздарының негізгі парызы екенін айтпай-ақ түсінуге болады.

  • Функционалдық  сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республ...

    14 слайд

    Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында анық көрсетілген. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның физикалық құбылмалы әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру.

  • Осы мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 20...

    15 слайд

    Осы мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары немесе Ұлттық жоспар мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту процесін мазмұндық оқу-әдістемелік, материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін қамтиды. Ұлттық жоспар Қазақстан Республикасындағы білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары ретінде мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту іс-қимылдарының мақсаттылығын, біртұтастығы мен жүйелілігін қамтамасыз етуге арналған. Ұлттық жоспардың мақсаты - Қазақстан Республикасындағы мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдай жасау.

  • Ұлттық жоспарды жүзеге асыру Білім ТәжірибеИнновация және ғылымға көңіл бөлу

    16 слайд

    Ұлттық жоспарды жүзеге асыру
    Білім
    Тәжірибе
    Инновация және ғылымға көңіл бөлу

  • Білім Функционалдық  сауаттылықты тармақтасақ Оқу мен жазуДенсаулық сақтауЖан...

    17 слайд

    Білім
    Функционалдық сауаттылықты тармақтасақ
    Оқу мен жазу
    Денсаулық сақтау
    Жанұялық өмір мәселелері
    Математикалық сауаттылық
    Компьютерлік сауаттылық
    Жаратылыстану ғылымы
    Заң сауаттылығы

  • 18 слайд

  • Мемлекетімізде  мектеп оқушыларының функционалдық сау...

    19 слайд


    Мемлекетімізде мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту
    мақсатында жүргізіліп жатқан іс –шаралардың бағыттары:
    1. Ғылыми-зерттеушілік қамтамасыз ету
    2. Білім беру мазмұны: стандарттар, оқу жоспарлары, бағдарламалар
    3. Білім беру процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету
    4. Мектеп оқушыларының білім сапасын бағалау және оған мониторинг жүргізу жүйесі
    5. Мектептердің және қосымша білім беру жүйесі ұйымдарының материалдық-техникалық базасы
    Қарастырылған қаржы ресурстары
           Ұлттық жоспардың іс-шараларын мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру
    көлемі 24,6 млрд. теңгені, оның ішінде республикалық бюджеттен 22,7 млрд. теңгені құрайды:
          2012 жылы – 1,3 млрд.теңге;
          2013 жылы – 6,6 млрд.теңге;
          2014 жылы – 4,6 млрд.теңге;
          2015 жылы – 5,7 млрд.теңге;
          2016 жылы – 4,5 млрд.теңге.
    Функционалдық сауаттылықтың мемлекет дамуына қосар үлесі

  • Тәуелсіз Қазақстан Республикасы       Еліміздің тәуелсіздігі нығайып, қоғамда...

    20 слайд

    Тәуелсіз Қазақстан Республикасы
    Еліміздің тәуелсіздігі нығайып, қоғамдағы демократияның өрісі кеңейген шақта адамның қоғамдық та, тұлғалық та рөлі жаңа сипатқа ие болып отыр. Соған орай рухани құндылықтар жаңарып, адамның зияткерлік әлеуетін қалыптастырудағы білімнің маңыздылығы туралы қағидалар түбегейлі өзгерді. Жалпы білім беретін мектепте оқытылатын әрбір пән оқушы тұлғасын жетілдірумен қатар оның шығармашылық қабілеттерін дамытуды көздейді. Оқушының жан-жақты білім алуына бағыт-бағдар беруші мұғалім мәдениеттілік, шығармашылық, инновациялық тұрғыдан ойлай алатын және бірнеше тілді білетін маман болуы шарт.

  • Білім сапасына қойылатын жаңа талаптар білім мазмұнын игеру...

    21 слайд


    Білім сапасына қойылатын жаңа талаптар білім мазмұнын игеруде мұғалімнің оқушымен қатар тұруын қажет етеді, бұл жағдайда мұғалім өзінің ұстаздық позициясын жоғалтпайды, керісінше, білім алушыны мотивациялау, оған кеңес беру мұғалімдіктің жоғары деңгейін талап етеді. Себебі, оқушыға білімді, ақпаратты алудың жолдары мен амалдарын беруде, оны түсіну мен тиімді пайдалануға үйретуде, өзін бағалау, өз біліміндегі олқылықтар мен жетістіктерді білуде және олармен жұмыс істеуде, оқу материалдарын сұрыптау мен оқыту үрдісін тиімді ұйымдастыруда мұғалімнің жетекшілігі қажет екені белгілі. 

  • Еліміздің орта мектептеріндегі оқыту...

    22 слайд



    Еліміздің орта мектептеріндегі оқыту процесінде көптілділікті дамытудың басты тұжырымдары: Тәуелсіз Қазақстанның үш тілді қатар пайдалана алатын мемлекет ретінде дамуы; «Үштұғырлы тіл» ұлттық жобасы – қоғамдық келісімді нығайтудың негізгі факторы; көптілділік – тілдер мен мәдениеттер байланысын дамытушы құбылыс.
    Тәуелсіз елімізде негізгі үш тілді дамытуға басымдық беріле отырып, мемлекетімізде өмір сүріп жатқан басқа халықтардың тілдері де назардан тыс қалған жоқ. Өйткені, мәдениет мен тілдердің саналуандығы – бұл Қазақстанның ұлттық байлығы. Яғни, еліміздегі кез-келген этностың өкілі қай тілде білім алатынын ерікті түрде таңдай алады. Қоғамымызда барлық этностардың мәдениеті мен тілін дамытудың бірегей формуласы жасалып отыр. Қазақстан қоғамының әлеуметтік-экономикалық, рухани қалыптасуының жаңа міндеттерін іс жүзінде асыруға дайын жас ұрпақты тәрбиелеудің негізгі факторларының бірі – мектепте көптілді білім беруді жолға қою болып табылады.

  • Көптілді білім – көп мәдениетті тұлғаны қалыптастырудың өз...

    23 слайд


    Көптілді білім – көп мәдениетті тұлғаны қалыптастырудың өзегі. Қазақ тілі – мемлекеттік тіл, ал орыс тілі мен шетел тілдерінің бірін білу тұлғаның ой-өрісін кеңейтеді, оның «сегіз қырлы, бір сырлы» тұлға болып дамуына жол ашады, ұлтаралық қатынас мәдениетін, толеранттылығын және планетарлық ойлауының қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Қазақ тілін тереңдетіп оқыту, сонымен қатар көптілділікті меңгертуді жолға қою – бүгінгі таңда орта білім жүйесіндегі педагогикалық үдерістің негізгі бағыттарының бірі.
    Тілдердің үштұғырлығы туралы идея 2006 жылдың қазанында Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІІ сессиясында ресми түрде мәлімделді. Ол мемлекетіміздің әлемдік қоғамдастыққа енуіндегі өмірлік қажеттіліктерге негізделді. Дамыған әлемдік тілдер ішінде ағылшын тілі ел мен халықтың коммуникациялық және интеграциялық қабілеттерін кеңейтетін тіл ретінде таңдалды. Президент 2007 жылы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Жолдауында «Тілдердің үштұғырлылығы» мәдени жобасын кезеңді жүзеге асыруды бастауды ұсынды.

  • 2017-20202014-20162011-2013

    24 слайд

    2017-2020
    2014-2016
    2011-2013

  • .           
         
            «Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020...

    25 слайд

    .


    «Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» іске асырылуы үш кезеңге бөлініп отыр. 2011-2013 жылдар аралығында (бірінші кезең) тілдерді дамыту мен қолданудың нормативтік-құқықтық және әдіснамалық негізін арттыруға арналған шаралар кешенін өткізу жоспарланған. 2014-2016 жылдарда (екінші кезең) мемлекеттік тілді оқыту мен қолдану технологиялары мен әдістерін енгізу практикалық шаралар кешенін жүзеге асыру және тілдердің көптүрлілігін сақтау жұмыстары көзделіп отыр. 2017-2020 жылдар аралығында (үшінші кезең) өзге тілдердің қолданысын сақтаумен қатар, қоғамдық өмірдің барлық салаларында мемлекеттік тілдің қажеттілік деңгейін, оның қолданылу сұранысының сапасы мен меңгерілуін жүйелі мониторинг арқылы нәтижесін шығару белгіленген. Бағдарлама бойынша мемлекеттік тілді қазақстандық өзге ұлт азаматтарының 2014 жылы – 20%-ы, 2017 жылы – 80 %-ы, 2020 жылы – 95 %-ы, сонымен қатар, орыс тілін 2020 жылы қазақстандықтардың 90%-ы, ағылшын тілін 2014 жылы – 10%-ы, 2017 жылы - 15%-ы, 2020 жылы -20%-ы меңгеру керек деген мақсат қойылуда. Үш тілді меңгерген халықтың бөлігі 2014 жылы - 10%, 2017 жылы - 12%, 2020 жылы - 15% құрау керек деген міндет қойылып отыр.

  • 2012-2016 жылдарға  арналған Ұлттық  іс –қимыл жоспарының  ағылшын  тілі пәні...

    26 слайд

    2012-2016 жылдарға арналған Ұлттық іс –қимыл жоспарының ағылшын тілі пәнін оқу мен оқытудың қажеттілігі мен бірізділігіне әсер етуі


    Ағылшын тілін  жаңаща  оқыту  соңғы  жылдары  жоғары  қарқынға  ие болды. Ұстаздардардың сабақты  жобалаудағы   жауапкершілігі   оқушылардың шетел  тілінде  нәтижелі  тілдік  қарым-қатынас  жасауына  мүмкіншіліктер  туғызады Олар  аз  уақытта  жаңа технология  жәрдемінде үлкен  жетістіктерге  жете  алады Оқудың  дәстүрлі   үрдісіне  инновациялық технологияны  ендіру, оқытушылар  мен  студенттерге дәстүрлі  формаларды  және әдістерді жетілдіруге  мүмкіндік береді, сонымен  қатар  жаңаларды  да, атап  айтқанда : тренингтер, дөңгелек үстелдер, пресс-конференциялар  және  т б . Оқытушылардың  біліктілігі  олардың  педогогикалық қарым-қатынаста  жағдаят  жасауда  көрінеді, онда оқытушылар  да, шәкірттер де таңдау және  бағалау, бақылау мүмкіншілігіне  ие  болады.   Инновация  дегеніміз тек ғана жаңалық енгізу емес, сонымен  қатар жаңаны дәстүрлі  оқу- тәрбие  үрдісіне  қолдана  білу.Білім  беру үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану мәселесі өзекті мәселелердің қатарынан орын алуда. Шетел тілін оқытудың мақсаты субьектінің мәдениетаралық  қарым-қатынас  біліктілігін қалыптастыру  десек, онда  сол шетел  тілін оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды қолдану шетел тілін оқытудың мақсатынан туындап отырған қажеттілік болмақ.

  • Болашақ ұрпақтың білімділігімен оның рухани байл...

    27 слайд


    Болашақ ұрпақтың білімділігімен оның рухани байлығы – адамзат тарихында күн тәртібінен ешқашан түспейтін, уақыт өткен сайын өзектілігі арта түсетін білімді де білікті тәрбиелі де текті ұрпақ қалыптастыру.Бүгінгі қоғам талабына сай мектептегі мұғалім ой-өрісі жаңашыл шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын, дүниетаным мәдениеті жоғары ізденімпаз ғалым, нәзік психолог, тынымсыз еңбекқор, терең қазыналы білімпаз, кез келген ортаның ұйытқысы болатын өнерлі рухани бай, шеберліктің шыңына шыққан ұстаз болуы қажет.Қазіргі педагогика теориясы елеулі өзгерістерге еніп, білім беру мазмұны жақсарып, жаңа көзқарас пайда болуы мен білім беру құрылымында жаңа технологиялар өмірге келуде.
    Еліміздің шет елдермен қарым-қатынасы күшейіп отырған кезде оқушылардың ағылшын тіліне қызығуын, білімге құштарлығын ояту, танымдық белсенділігін арттыру әрбір ағылшын тілі пәні мұғалімінің міндеті. Ағылшын тілі пәндері мектепте білім, тәрбие берумен қатар жасөспірімдердің жеке бас қасиеттерін тұлға ретінде жетілдіруге, қоғамдағы өз орнын табуға ерекше ықпал етеді.

  • Ағылшын  тілі пәнін үйретудің базалық деңгейі мектептің...

    28 слайд


    Ағылшын тілі пәнін үйретудің базалық деңгейі мектептің түріне және оқу курсының ерекшелігіне қарамастан барлық оқушыға бірдей міндетті түрде меңгерілуге тиісті мемлекеттік стандарт болып табылады. Базалық курс шеңберіндегі ағылшын тілдерін оқытудың басты мақсаты – оқушыларды ағылшын тілінде қарым-қатынас жасай алуға дағдыландыру, сондай-ақ білім беру барысында шәкірттерді тәрбие, білім беріп, жеке басының жан-жақты жетілген тұлға ретінде қалыптастыру. Ағылшын тілінде оқушының қарым-қатынас жасай алуы оның тілдік білімі мен дағдысы, елтану білімінің негізінде қалыптасқан шетел тілінде қарым-қатынастық білііктер жеткілікті дәрежеде меңгерілуіне тікелей байланысты.

  • Тілді   меңгерудегі  және  меңгертудегі  әдіс-тәсілдермен жаңа  технологияла...

    29 слайд

    Тілді меңгерудегі және меңгертудегі әдіс-тәсілдер
    мен жаңа технологиялардың тиімді қолданылуы және жақсы нәтиже көрсету мақсатын негізге алу жолдары

    Жалпы орта мектепте көптілділікті дамыту әдістемесі Тілдік пәндерді функционалдық-коммуникативтік технологиямен оқыту
    Тілдік пәндер бойынша экстралингвистикалық материалдарды іріктеу механизмі
    Көптілдікті дамытуға арналған тілдік материалдың ерекшеліктері
    Тілдік материалдың минимумын анықтайтын механизм
    Көптілділікті дамытуға арналған сабақтар типологиясы
    Жай сөйлемдердің семантикалық түрлері – көптілділіктің грамматикалық негізін қалайтын құралдар
    Негізгі орта мектепте көптілділікті дамыту әдістемесі
      Екінші/үшінші тілді оқытуды жоспарлау және қорытындылау әдістемесі
    Оқушылардың диалогтік сөйлесу дағдысын дамыту
    Диалогтік және полилогтік қатынас икемділігін қалыптастыру және жетілдіру сабағы
    Сөйлеу үдерісінде монологтік тілдесімге үйрету сабағы
    а) Микромонолог құрастыруды үйрету сабағы
    б) Продуктивтік монолог тіліне үйрету сабағы
    Мектептің негізгі орта деңгейінде оқушылардың мемлекеттік тілді меңгеруіне жүргізілген эксперимент қорытындысы болуы керек

  • Тiлдi меңгеруде грамматиканың орны ерекше, өйткені...

    30 слайд


    Тiлдi меңгеруде грамматиканың орны ерекше, өйткені онсыз ойды жинақтап сөйлемге айналдыру, байланыстырып жеткiзу мүмкiн емес. Сондықтан грамматика толыққанды тiлдесiмге жетудің құралы ретінде қарастырылады. Бірақ, үйренетiн тiлдiң ауқымындағы грамматикалық жүйе туралы ережелер, категориялар, ұғымдар туралы бiлiмдер сол тiлдi меңгергендiктiң көрсеткiшi бола алмайды. Үйренiп отырған тiлде шынайы коммуникациялық тiлдесiмге түскенде ғана сол тiлде сөйлеу сауаттылығына қол жеткізіледі. Ағылшын тілін қарым-қатынас құралы ретінде функционалдық тұрғыдан оқытуда грамматика сөйлеуді үйретуге қызмет етеді және қолданбалы мәнге ие болады. Себебі,ол оқушылардың өзге тілде сөйлесімді дұрыс құрастыра алуына; айтылған сөзді бақылап, талап етілген грамматикалық форма мен құрылымды саналы түрде құра алуы үшін керек. Грамматикалық дағды, оның түрлері және дағдының қалыптасуы туралы тұжырымдар болуы керек. Дағдыны қалыптастыруда жүргізілетін жаттығу түрлері саралану қажет. 

  • Ой-пікір      Әлемдік «Мак Кинзи» компаниясының кеңесшісі, Ұлыбританиядағы бі...

    31 слайд

    Ой-пікір
    Әлемдік «Мак Кинзи» компаниясының кеңесшісі, Ұлыбританиядағы білім сапасының сарапшысы М.Барбер «білім беру нәтижесін түбегейлі өзгертудің басты үш факторы бар, олар: педагогтік қызметке соған лайық адамдардың келуін қадағалау, оларды оқытушылық қызметін тиімді жүргізуге қажетті деңгейде даярлау және әрбір білім алушыға  сапалы білім беруге қолайлы жағдай туғызу. Өйткені, кез-келген білім беру ұйымындағы білім сапасы онда жұмыс істейтін оқытушылар сапасынан жоғары болуы мүмкін емес» деген. Ол сонымен қатар, өзінің көптеген елдерде жасалған зерттеулеріне сүйене отырып, «әлемдегі нәтижесі жоғары білім беру ұйымдарын басқарудағы бәріне ортақ қасиет – ұйым жұмысындағы сапалы өзгерістерге қол жеткізудің бірден-бір факторы педагогтерді дамытуға қажетті жағдайлардың жасалуы» деп тұжырым жасаған. 

  • 32 слайд

  • 33 слайд

  • 34 слайд

  • 35 слайд

  • 36 слайд

  • 37 слайд

  • Жаңа технологияның педагогикалық қағидалары
Шығармашылық қабілеттерін дамыту...

    38 слайд


    Жаңа технологияның педагогикалық қағидалары

    Шығармашылық қабілеттерін дамыту

    Оқушының қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту

    Өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгеру

    Оқушыларға ізгілік тұрғысынан қарау

    Танымдық көшін қалыптастыру,дамыту

    Оқыту мен тәрбиенің бірлігі

    Оқу үрдісін оқушының сезінуі
    Танымдық шығармашылық икемділігін дамыту

  • 39 слайд

  • 40 слайд

  • 41 слайд

  • 42 слайд

  • 43 слайд

  • 44 слайд

  • 45 слайд

  • Reduction-қысқарту, жүйелеуRed-қызыл
Nut-жаңғақ
Cut-кесу
Ten-он
Not-жоқ, еме...

    46 слайд

    Reduction-қысқарту, жүйелеу

    Red-қызыл
    Nut-жаңғақ
    Cut-кесу
    Ten-он
    Not-жоқ, емес
    Rind-сыртқы қабығы
    Riot-шу, тәртіпсіздік
    Rite-рәсім, әдет-ғұрып
    Roc-арабтың ертегісіндегі құс
    Round- дөңгелек
    Rout-жерді жару, жарылыс
    Route-маршрут
    Rue- өкіну, қайғыру
    Rude-тәрбиесіз, дөрекі
    Ruin-апат, төтенше жағдай
    Run-жүгіру
    Rut-саяхатта жүру, әдет
    Net-таза, салмақ
    Nice-сүйкімді, талапшыл
    Oct- сегіздік, сегізден
    Ode-ода
    One-бір
    Out-сыртта, сырт
    Tend-қамқорлық жасау
    Tenor-жалпы мазмұн

  • Tern- теңіз қарлығашы
Tic- тик
Tie-галстук, байлау
Tier- қатар, сөре, аялдама...

    47 слайд

    Tern- теңіз қарлығашы
    Tic- тик
    Tie-галстук, байлау
    Tier- қатар, сөре, аялдама (теңіздегі)
    Tin-темір
    Tire-шаршау
    Toe-бас бармақ ( аяқтағы )
    Tod- диалог. түлкі
    Ton-тонна
    Tone- тонус, ырғақ, тон
    Tor- шың
    True-рас,шындық

    Tun-шарапқа арналған бөшке
    Tune- гармония
    Tunic-туника
    Turn-бұрылу
    Under-астында
    Unit –элемент, бірлік
    Unite- байланыстыру, қосу
    Cent-цент
    Cod- үрлеу
    Code-кодекс
    Coir- кокосты түк
    Coin-тиын
    Cone-конус
    Reduction-қысқарту, жүйелеу

  • Corn-дән
Cornet-мүйізше
Count-санау
Court-патша сарайының ауласы
Cruet-сұйық...

    48 слайд

    Corn-дән
    Cornet-мүйізше
    Count-санау
    Court-патша сарайының ауласы
    Cruet-сұйық майға бөтелке
    Crude-піспеген, шикі
    Cud-сағыз
    Cue-реплика
    Cure-дәрі, ем
    Curt-қысқа
    Die-өлу, қаза табу
    Diet-тағам, диета

    Dint-таңба, із қалдыру
    Din-шулау, шу
    Dine-түстену
    Dirt- қоқыс, шаң -тозаң
    Do-жасау, істеу
    Doe-ұрғашы( қоян )
    Douce-тыныш, салмақты
    Dour-ешкімге бас имейтін
    Dune-дюна, құмды төбе
    Dunce-оқуға ықыласы жоқ
    Dun-қарызын сұрау, қара қошқыл түс

    Reduction-қысқарту, жүйелеу

  • Let’s write poems! Today is Christmas date,
I want a cake to make.
I play wit...

    49 слайд

    Let’s write poems!
    Today is Christmas date,
    I want a cake to make.
    I play with my mate,
    And I dream on the lake.
    I don’ t like a gun,
    Because I want peace.
    My dog is fun,
    It wears ball’ s piece.
    I make using rice,
    Our toys mice.
    I like drawing,
    I pain with bice.

  • Synonyms. Match the words. The Noun1. Land
2. Labour
3. Way out
4. Gift
5. Ce...

    50 слайд

    Synonyms. Match the words.
    The Noun
    1. Land
    2. Labour
    3. Way out
    4. Gift
    5. Cereal
    6. Woman
    7. Painting
    8. Adult
    9. Captain
    10. Reply
    The Noun
    Answers
    h
    i
    g
    a
    e
    j
    b
    f
    c
    d
    a) Present
    b) Picture
    c ) Leader
    d) Answer
    e ) Grain
    f) Grown-up
    g) Exit
    h) Ground
    i) Work
    j) Lady

  • Қорыта келгенде, оқытудағы басты назар оқушыға білімді түсіндіру арқ...

    51 слайд


    Қорыта келгенде, оқытудағы басты назар оқушыға білімді түсіндіру арқылы беруге емес, оның өзінің жаңа тақырыпты игеруіне әдістемелік қолдау көрсетуге аударылуы тиіс. Бұл міндеттер педагогтерде қалыптасқан ойлау мен іс-әрекеттік дағдыларын, оқытудың қалыптасқан әдістерін өзгертуді талап етеді. Сондықтан педагогтер қатарында инновациялық-коммуникациялық, әдістемелік-ақпарттық  проблемаларды шеше алатын, оқушымен бірлесіп әрекет етудің жаңаша үлгілерін жасай алатын адамдар болуы – бүгінгі басты сұраныстардың бірі. Сонда ғана мұғалімдер білім стандарттарын меңгертудің тиімді жолдарын жақсы игеріп, оқушылардың оқудағы жетістіктері объективті бағаланады және шын мәніндегі білім сапасына қол жеткізеді дей аламыз. 

  • Елбасымыз Н.Назарбаевтың 2014 жылғы 17 қаңтарда...

    52 слайд


    Елбасымыз Н.Назарбаевтың 2014 жылғы 17 қаңтардағы « Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында: [6] «Стратегия – күннен күнге, жылдан жылға елімізді, қазақстандықтардың өмірін жарқын ете түсетін нақты практикалық істер бағдарламасы. Бірақ нарықтық жағдайда аспаннан нәпақа күтпей, тиімді еңбектену керектігін әркім-ақ түсінуі тиіс. Мемлекеттің міндеті – осыған барлық жағдайды жасау. Мен әлемнің озық елдері арасындағы Отанымыздың лайықты Болашағы ғана қазақстандықтарды мәңгілікке біріктіретініне сенімдімін! »- деп айтқан ойларында терең мағына жатқанын және тынбай еңбек етудің жемісін теріп жеу, адамды шаттыққа бөлейтінін, келешек ұрпаққа жарқын өмірдің есігін ашу үшін бәсекеге қабілетті елдер қатарында тереземіз тең болуға ұмтыла отырып, қол жеткізу керектігін және қазақстандықтардың күш-жігерінен қуат алып, биіктерден көрінетініне күмәнданбайтынын ұғуға болады.

  • Функционалдық сауаттылық - сапалы білім берудің кепілі...

    53 слайд


    Функционалдық сауаттылық - сапалы білім берудің кепілі болатынына барлық халық сенеді. Дегенмен, шәкірт тәрбиелеп, білімге баулитын ұстаздар қауымына артылар жүк еселенуде. Дөңгеленген дүниенің ағысына ілесу үшін көп ізденіс пен жаңашылдық білімімізге білім қосатынын түйсігімізге түйсек болғаны.
     

  • 
Тыңдағандарыңызға рақмет!

    54 слайд


    Тыңдағандарыңызға рақмет!

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 490 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 07.01.2016 4125
    • PPTX 9 мбайт
    • 99 скачиваний
    • Рейтинг: 1 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сафарова Асем Муратовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сафарова Асем Муратовна
    Сафарова Асем Муратовна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 11835
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (немецкий язык)

Учитель немецкого языка

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Немецкий язык: теория и методика преподавания с применением дистанционных технологий

Учитель немецкого языка

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика преподавания иностранных языков в профессиональном образовании: английский, немецкий, французский

Преподаватель иностранного языка

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 108 человек из 42 регионов

Мини-курс

Психологические основы профессиональной деятельности педагога-психолога

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Проведение и применение трансформационных игр

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 70 человек из 37 регионов

Мини-курс

Эффективное продвижение и организация проектов в сфере искусства

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
Сейчас в эфире

Восстановительные и медиативные практики в профилактике кибербуллинга

Перейти к трансляции