Инфоурок Классному руководителю ПрезентацииПрезентация на тему "Қыздарға өнегелі тәрбие беру жолдары"

Презентация на тему "Қыздарға өнегелі тәрбие беру жолдары"

Скачать материал
Скачать материал "Презентация на тему "Қыздарға өнегелі тәрбие беру жолдары""

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Менеджер гостиничного комплекса

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • «ҚЫЗДАРҒА ӨНЕГЕЛІ ТӘРБИЕ БЕРУ ЖОЛДАРЫ»

    1 слайд




    «ҚЫЗДАРҒА ӨНЕГЕЛІ ТӘРБИЕ БЕРУ ЖОЛДАРЫ»

  • Қыз – өмірдің қызғалдағы
«Жаманнан жирен, жақсыдан үйрен» 
«Қызға 40 үйден ты...

    2 слайд

    Қыз – өмірдің қызғалдағы
    «Жаманнан жирен, жақсыдан үйрен»
    «Қызға 40 үйден тыйым»
    Қорытынды

    Ж о с п а р:

  • Адамзат баласы өз ұрпағын тәрбиелеумен келеді, ұрпақ тәрбиесі – ұлт тәрбиесі....

    3 слайд

    Адамзат баласы өз ұрпағын тәрбиелеумен келеді, ұрпақ тәрбиесі – ұлт тәрбиесі. Адамзат ес білгелі бері өз баласын өте тәртіпті, кішіпейіл, білімді, шебер, еңбекқор, үлгілі отбасы иесі, үлгілі әке мен шеше, бақытты әже ретінде көргісі келеді. Сол арман, сондай тұлға әр адамның бойында қалыптасқан. Әркім өз баласының бойынан осындай қасиеттерді көргісі келеді.

  • Отанымыздың да, отбасымыздың да алтын босағасы – әйел адам, әйел – адал ана,...

    4 слайд

    Отанымыздың да, отбасымыздың да алтын босағасы – әйел адам, әйел – адал ана, ол да қыз болған. Әрбір ана қыз баласын елге сыйлы, өнегелі, кішіге үлгі болатындай әркез жақсы жағынан көрсем деп өзінің бойындағы өмірден алған тәлім-тәрбиесін үйретумен болады. Міне, сондықтан, анаға кір келтірмейтін, мақтанышы болам деген қыз баланың ойында анаға деген сүйіспеншілік болуы қажет. «Аяғына қарап асын іш, анасына қарап қызын ал» деген ата-бабамыздың асыл сөзі осының айғағындай. Өнегелі, тәрбиелі қыз бала қандай болуы керек? Қыз – өмірдің қызғалдағы, қыздар болашақ ана, бақыт-байлық ошағы, адамзаттың өсіп-өркендеп, тәлім-тәрбие алатын қасиетті ұясы. «Тәлімді ана, тәрбиелі келін» атанады.

  • Адамның сыртқы бейнесі оның ішкі жан-дүниесімен тығыз байланысты. Ендеше,...

    5 слайд





    Адамның сыртқы бейнесі оның ішкі жан-дүниесімен тығыз байланысты. Ендеше, ішкі жан дүние – мінез-құлық. Дауыс көтеріп, оспадарсыз сөйлесең, сыртқы бейнең қанша сұлу болып, әдемі киініп тұрсаң да жарасым таппайды. «Киіміне қарап қарсы алып, ақылына қарай шығарып салады» деген ұғым осыны меңзеп тұрған секілді. Адаммен қарым-қатынас – сөйлесе білу ғой, міне сондықтан да айналаңнан күнделікті өмірде жақсы, жанға жағымды сөзбен дауысыңды, сөйлеу мәнеріңді түзетіп, жақсылықты бойыңа жина. Рухани байлығың – білім мен тәрбиеде. Сыртқы киім киісі, жүріп-тұрғаны көңілге қонымды, күнделікті сабағын тиянақты оқып жүретін оқушыны ұстаз да, ата-ана да мақтаныш тұтады.

  • Теледидардан, журналдан көргеннің бәріне еліктеуге болмайды....

    6 слайд


















    Теледидардан, журналдан көргеннің бәріне еліктеуге болмайды. «Жаманнан жирен, жақсыдан үйрен» деген бар ғой, жақсы мен жаманның арасын ажырата білу керек. Батыстың мәнсіз музыкасын тыңдап, соған бой алдырып, еліріп қисаңдаған қыздардан не күтесің? қазақтың әсем сазын, асқақ әуенін бағалап, тыңдай білген жөн болар. Мұқасан мен Нұрланның «Әзіл шумақтарынан» бір дәлел:
    «Көйлек киіп бір қыз жүр,
    Жарты қарыс етегі.
    Жалтыраған жамбасы,
    Бұлтың-бұлтың етеді.
    Ашық-шашық борбайға,
    Суық тисе тоңбай ма?
    Ұят қайда, ар қайда?
    Ұрсу керек мұндайда!»
    Ашық-шашық киінгеннен жақсы көрінбейсің, керісінше көрген адам «Мынаны айтаптын ата-анасы, ұстазы жоқ па?» деген ойға қалады

  • Ерсі бояну да көруге қолайсыз әсер қалдырады. Көпшілік орындарда қатты күлу,...

    7 слайд

    Ерсі бояну да көруге қолайсыз әсер қалдырады. Көпшілік орындарда қатты күлу, қатты сөйлеу, мініп келе жатқан көлік ішінде үлкенге орын бермеу, ешкіммен санаспай, өз беттерінше даурығып, дөрекі сөздер айтып, айғайлап сөйлеу өзімшіл, өркөкіректікті көрсетеді. Қалай болса солай сөйлеп, киіну – талғамсыздық пен тұрпайылық белгісі. Үлкеннің сын айтқан ескертпесін, ақылын өзімдікі дұрыс демей «қалай айтты, неге айтты?» деп талдау жасаған дұрыс. «Сын түзелмей, мін түзелмейді» деген бар ғой, әрбір қыз бала өзінен кейінгілерге үлгі бола білулері керек. Үлкенді сыйлайтын, кішіні қамқорлайтын қыз – жақсы, тәрбиелі қыз. Әрбір отбасында «баланы жастан...» деп басталатын тәрбие қандай, тағылым қандай десеңізші? Оны ата-бабаларымыз қоғамдық тәрбие ортасымен шебер ұштастыра білген.

  • Адамның басшысы – ақылы,
Жетекшісі – талап.
Жолаушысы – ой.
Жолдасы – кәсіп....

    8 слайд

    Адамның басшысы – ақылы,
    Жетекшісі – талап.
    Жолаушысы – ой.
    Жолдасы – кәсіп.
    Қорғаны – сабыр.
    Қорғаушысы – мінез.
    Сынаушысы – жолың.

    Адамды ақ жолға бастайтын жеті жетекшісі бар, осыны бойына сіңіріп, қалыптастыра білген адам – тәрбиелі адам

  • Қазақ халқы қызының жазылмас дертке ұшырамауы үшін, жаза қадам баспау үшін қы...

    9 слайд

    Қазақ халқы қызының жазылмас дертке ұшырамауы үшін, жаза қадам баспау үшін қыздарына қандай талаптар қойған?

  • Әдепті
Ар-ожданы пәк болу
Кеңпейіл, кешірімді болу
Мейір-шапағатты болу
Сабыр...

    10 слайд

    Әдепті
    Ар-ожданы пәк болу
    Кеңпейіл, кешірімді болу
    Мейір-шапағатты болу
    Сабырлы-салмақты болу
    Адал, ақжарқын болу
    Моральді, мұратты болу
    Өжет, батыл болу
    Ұят, намысты болу
    Ақыл-парасатты болу.

    Қазақ халқы қызының жазылмас дертке ұшырамауы үшін, жаза қадам баспау үшін қыздарына мынадай он түрлі талап қойған:

  • Қазақ халқының «Қызға 40 үйден тыйым» деген мақалының мағынасы қандай?

    11 слайд

    Қазақ халқының
    «Қызға 40 үйден тыйым» деген мақалының мағынасы қандай?

  • Инабатты қыз өсіру ниетімен тыйым сөздерінде де пайдаланған, «қызға 40 үйден...

    12 слайд

    Инабатты қыз өсіру ниетімен тыйым сөздерінде де пайдаланған, «қызға 40 үйден тыйым» деген содан шыққан:

    1. Жарыса сөйлеуге тыйым
    2. Жалғыз қыдыруға тыйым
    3. Жыртақтап күліп, сыпсыңдап сөйлеуге тыйым
    4. Орынсыз ұрынуға тыйым
    5. Басқаларға қол тигізуге тыйым
    6. Өтірікке, өсекке тыйым
    7. Суық жүріс, сумаң қылыққа тыйым
    8. Кісіге қарай керіліп, есінеуге тыйым
    9. Талтайып отыруға тыйым
    10. Шалқайып отыруға тыйым

    11. Тамақты обырлана асауға тыйым
    12. Ұрлық-қарлыққа тыйым
    13. Ұятты мүшелерін ашып жүруге тыйым
    14. Бұраңдап қылымсуға тиым
    15. Қызыл іңірден жатуға тыйым
    16. Түске дейін жатуға тыйым
    17. Кісі алдында қасынуға, киім ауыстыруға тыйым
    18. Салт – дәстүрден аттауға тыйым
    19. Елді ғайбаттауға тыйым
    20. Үлкендердің жолын кесіп, атын атауға тыйым

  • 21. Ішімдік пен шегімдікке тыйым
22. Ұрыс-керіске тыйым
23. Беттен алып, төск...

    13 слайд

    21. Ішімдік пен шегімдікке тыйым
    22. Ұрыс-керіске тыйым
    23. Беттен алып, төске шабуға тыйым
    24. Қараулыққа, ысығандыққа тыйым
    25. Рахымсыздық пен қатігездікке тыйым
    26. Түнде суға баруға тыйым
    27. Жат жыныстылармен араласып жатуға тыйым
    28. Күйеуге қашып тиюге тыйым
    29. Әдепсіз сөзден тыйым
    30. Тарс-тұрс жүріске тыйым

    31. Адам мен жануарларды тебуге тыйым
    32. Кісіні қорлап, жәбірлеуге тыйым
    33. Тәкәппарлық пен сайқымазақ жасануға тыйым
    34. Айғай-сүреңге тыйым
    35. Шектен тыс сыланып, жасануға тыйым
    36. Қызғаншақтық пен күншілдікке тыйым
    37. Менмендік пен өзімшілдікке тыйым
    38. Алдап-арбауға тыйым
    39. Көрсеқызарлыққа тыйым
    40. Нәпсіқұмарлыққа тыйым

  • Бұл тыйым сөздердің мағынасын түсініп, есте сақтау қажет. Қыз балалардың ан...

    14 слайд

    Бұл тыйым сөздердің мағынасын түсініп, есте сақтау қажет.

    Қыз балалардың анасынан жасыратын сыры болмауы қажет. Түсінбеген, өз басына кездескен кейбір жағдайларды айтып пікірлесу де адамдықтың белгісі.
    Ұстаз – ақылшың, оқытушың, шын досың. Әр уақытта пікірлесіп ішкі жан-дүниеңізді ашуда ата-анаңмен бірдей адам. Ата-ана мен ұстаздың арасына қаяу түсірме. Сыйла, айтқанын тыңда. Олар сені қолдайды да, қорғайды да.

  • Қазақ қыздарының ұлттық әшекей бұйымдары

    15 слайд

    Қазақ қыздарының ұлттық әшекей бұйымдары

  • Ай қабақ, ақша жүзді, жазық маңдай...

    16 слайд

    Ай қабақ, ақша жүзді, жазық маңдай...

  • Қазақтың арулары-ай, тілерсекке соғылған қос білектей бұрым қандай...

    17 слайд

    Қазақтың арулары-ай,
    тілерсекке соғылған қос білектей бұрым қандай...

  • Болашақта ақ некелі, адал жар болу, ана атану –  әр қазақ қызының парызы...

    18 слайд

    Болашақта ақ некелі, адал жар болу, ана атану –
    әр қазақ қызының парызы...

  •  Сонымен, қорытындылай келе, қыздарымызға айтарым: 

«Кез-келген көргеніңе...

    19 слайд


     
    Сонымен, қорытындылай келе, қыздарымызға айтарым:

    «Кез-келген көргеніңе еліктемей, қазақ қыздарына тән қасиеттерді бойыңа сіңіріп, үлкеннен өнеге алып, ұлттық дәстүрімізді жалғастыратын ибалы, инабатты, білімді қазақ қызына лайық бол!» демекпіз.
    Анаға сөз келтірмейтін, ата-ананың мақтанышы болыңдар!
    Тәртібіңмен, өнеріңмен ұлтыңның намысын қорғайтын мектеп мақтанышы болыңдар!

  • 20 слайд

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 960 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.01.2016 6813
    • PPTX 5 мбайт
    • 348 скачиваний
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мамышева Жанат Нысановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Мамышева Жанат Нысановна
    Мамышева Жанат Нысановна
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 203992
    • Всего материалов: 40

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Деятельность классного руководителя в соответствии с ФГОС в условиях современной школы

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 760 человек из 75 регионов
  • Этот курс уже прошли 6 979 человек

Курс повышения квалификации

Работа классного руководителя по организации взаимодействия семьи и школы

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 410 человек из 64 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 542 человека

Курс повышения квалификации

Современные технологии профилактики зависимого поведения среди подростков и молодежи

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 112 человек

Мини-курс

Организация и планирование воспитательной работы в СПО

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология сиблингов в семейной структуре

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 16 регионов

Мини-курс

Интегративные технологии в коррекции учебно-поведенческих нарушений

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе