Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Иностранные языки / Презентации / Презентация на тему "Ұлттық музыкалық аспаптары"

Презентация на тему "Ұлттық музыкалық аспаптары"



  • Иностранные языки

Поделитесь материалом с коллегами:

қазақ ұлттық музыкалық аспаптары
Үрмелі аспаптар арасында сыбызғы - халық үшін ең сүйікті аспап болып табылад...
Саз сырнай, үскірік және тастауық. Саздан жасалынып, үрлеп тартылатын аспапт...
Шаңқобыз -қазақтың көне музыкалык аспабы. Ағаштан, темірден кейде күмістен ж...
Жетіген - қазақ халқының көп ішекті шертпелі аспабы. Жалпы тұрқы ұзынша, жәш...
Шертер – ежелгі шекті аспап. Шертерде домбыра сияқты ойнайды. Шертердің көле...
1 из 6

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 қазақ ұлттық музыкалық аспаптары
Описание слайда:

қазақ ұлттық музыкалық аспаптары

№ слайда 2 Үрмелі аспаптар арасында сыбызғы - халық үшін ең сүйікті аспап болып табылад
Описание слайда:

Үрмелі аспаптар арасында сыбызғы - халық үшін ең сүйікті аспап болып табылады. Ол халықтық музыкалық өнердің ажырамас бөлігіне айналды. Сыбызғы шопандардың отар бағып жүрген кезде жалғыздығын жебейтін аспап ретінде, ал кешкі демалыс мезгілінде музыканттар ол арқылы ескі аңыздар-жырларды айтқан. Сыбызғышылар барлық тойлар мен мерекелердегі құрметті қонақтар болған. Сыбызғының кең таралуы, қолданылуы оның қарапайымдылығымен түсіндіріледі. Сыбызғыны қуыс талдан жасаған, одан үш саңылау ойған. Қурайдан, ағаштан, кейде жезден де жасалады. Ұзындығы 600 – 650 мм немесе 700 – 800 мм болады; 3 – 4 ойықты. Дыбыс қатары диатоникалық, көлемі 2 1/2 октава. Сыбызғы ойықтарынан демді жай немесе күшті шығару арқылы түрлі дыбыс әуендері туады. Сыбызғы негізінен бақташылар арасында кең тараған. Сыбызғылық күйлер әдетте екідауысты болып келеді. Бір дауыс аспаптан шықса, екінші дыбыс орындаушы-музыканттың тамақты дыбысынан пайда болған. Осы екі дыбысты қатар орындау техникасын меңгерген адам сыбызғыда ойнай алатын болған. Сыбызғы тектес аспаптар басқа халықтарда да (абхаз, адыгей, өзбек, тәжік, татар, башқұрт, т.б.) бар. Бұл аспап алғаш 1934 ж. қазіргі Қазақтың мемлкеттік академия халық аспаптары оркестрінде пайдаланылды. Қазір оның жетілдірілген түрі фольклорлық-этнографиялық ансамбльдер мен оркестрлерде (“Сазген”, “Шертер”, “Отырар сазы”, т.б.) қолданылады

№ слайда 3 Саз сырнай, үскірік және тастауық. Саздан жасалынып, үрлеп тартылатын аспапт
Описание слайда:

Саз сырнай, үскірік және тастауық. Саздан жасалынып, үрлеп тартылатын аспаптардың бірегей түрлері табылып отыр. Олар — саз сырнай, үскірік және тастауық. Бүл аспаптар «окарина» тектестер қатарына жатады. Мүндай аспаптар СССР-дің көптеген халықтарында кездеседі, оны марийлер — шун мушпык, чуваштар — там-шахлыча, там-шахран, там-шахаркач немесе там-кавалкал, эстондар — сави пиилу, латыштар — свилуе, литвалықтар — молинукас, армяндар — пепук, грузиндер — булбуль дейді. Бұл аспаптарды саздан жасап, кейін отқа күйдіреді. Олардың көлемі де, түрі де әр қилы келеді. Олардың сыртын көмкеріп ою-өрнек салған, кейде глазурьмен жылтыратады. Аталмыш аспаптардың ішінде диапазоны терция, одан да жоғары, кейде, тіпті, октаваға жететіндері кездеседі. Бағзы заманда бұл аспаптармен балалар халық әндерін орындаған. Мұндай аспаптардың бәрі де ысқырып ойналатын флейтаның тобына жатады. Кейбір халықтарда олардың ысқырғыш тетігі болмайды. Мысалы, қазақтың саздан жасалған аспаптарында ысқырғыш тетік жоқ. Бұл күнде окарина тектес аспаптар балалардың ысқырып ойнайтын ойыншықтары ретінде ғана қолданылып жүр. Олардың ішінде үш-төрт ойнау ойықтары барлары анағүрлым кең тараған.

№ слайда 4 Шаңқобыз -қазақтың көне музыкалык аспабы. Ағаштан, темірден кейде күмістен ж
Описание слайда:

Шаңқобыз -қазақтың көне музыкалык аспабы. Ағаштан, темірден кейде күмістен жасалады. Ағаштан жасалған шаңқобызға жіп байланып, сол жіпті серпіп тарту арқылы ортасындағы тілше тербеліп дыбыс шығарады. Ол ашалы сым темірден не күмістен жасалған. Шаңқобыз арасына бекітілген тілін саусақпен шалып тарту арқылы орындалады. Негізгі дыбысы (тоны) тілдің мөлшеріне байланысты. Дыбыс көлемі бір октава шаңқобыз тартушы тіл қимылы арқылы да түрлі дыбыстар шығарып отырады. Кейде орындаушылар саусақтарына коңырау іліп алып та ойнайды. 19 ғасырда музыкалық аспап ретінде көбіне әйелдер пайдаланды. Шаңқобызға арналған "Қыз зары", "Қыз ұзату", "Қыздың мұңы" әндері мен "Шаңкауыздың толғауы" секілді күй де бар. Шаңқобыз халық аспаптар оркестрінде, ансамбльдерде қолданылады әрі жеке де ойналады. Ш. тектес музыкалық аспаптар моңғол, өзбек, қырғыз, орыс, украин, т.б. халыктары арасында да кең тараған

№ слайда 5 Жетіген - қазақ халқының көп ішекті шертпелі аспабы. Жалпы тұрқы ұзынша, жәш
Описание слайда:

Жетіген - қазақ халқының көп ішекті шертпелі аспабы. Жалпы тұрқы ұзынша, жәшік тектес етіп жасалады. Бетіне жұқа тақтайдан қақпақ жабылып, үн беретін ойықтары салынады.

№ слайда 6 Шертер – ежелгі шекті аспап. Шертерде домбыра сияқты ойнайды. Шертердің көле
Описание слайда:

Шертер – ежелгі шекті аспап. Шертерде домбыра сияқты ойнайды. Шертердің көлемі домбырадан көп кіші, бірақ сыртқы түрі қобызды еске салады, оған жұмыр түр беріп, сыртын терімен қаптайды, аттың қылынан екі шек тартылады. Аспап бір ғана бұрандалы болып келеді, шектің бір басы бұрандаға, екіншісі басына бекітіледі. Шертер аспабы аңыз, ән, ертегілерді айтқанда қолданылған. Ол бақташылар арасында кең тараған. Қазақтың көне музыкалық аспаптарының біріне жататын ол шертіп ойнау тәсіліне байланысты шертер деп аталған. Шертер екі немесе үш ішекті болып келеді. Ертедегі шертерлер ағаштан ойылып, шанағы көнмен (терімен) қапталған. Дыбыс күші қапталған терінің жұқа-қалыңдығына, ішегінің жуан-жіңішкелігіне байланысты. Пернесі болмайды, ішегіне ызған жылқы қылы тағылады. Жалпы тұрқы 650 — 700 мм. Ойнау тәсілі домбыраға жақын болғанымен, жасалуы жағынан қылқобызға көбірек ұқсайды. Бұл аспаптың өткен ғасырларда негізінен малшылар арасында кең тарағандығы жайлы халық аңыздарында айтылады. Шертердің суреті Б.Залесскийдің 1865 жылы Париж қаласында басылып шыққан “Қырғыз (қазақ) далаларындағы тіршілік” атты альбомынан (бұл аспапты ол Маңғыстау қазақтары арасынан кездестірген) табылды. Музыка аспабын жасаушы шебер О.Бейсембаев осы альбомдағы сурет бойынша шертерді қайта жасап шығарды; ал шебер Ә.Аухадиев оның жетілдірілген түрін (1972) әзірледі. Шертердің бір үлгісі Санкт-Петербург этнографиялық мұражайында сақтаулы. Шертердің құлақ күйі кварта не квинта бұрауында болады. Дыбыс көлемі екі жарым октава. Шертерді оркестр мен ансамбльде, сондай-ақ жеке орындау үшін де пайдалануға болады. Кезінде Шертердің жетілдірілген түрі “Айгүл”, “Ғасырлар пернесі”, “Сазген”, т.б. ансамбльдерде пайдаланылды. Торғайдың Арқалық қаласында “Шертер” атты қазақтың халық аспаптарының фольклорлық ансамблі ұйымдастырылды.


Автор
Дата добавления 10.09.2015
Раздел Иностранные языки
Подраздел Презентации
Просмотров328
Номер материала ДA-037004
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх