Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Русский язык и литература / Презентации / Презентация на тему "Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Русский язык и литература

Презентация на тему "Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы"

библиотека
материалов
Арыстанмын, айбатыма кім шыдар? Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар? Көкте – б...
Мағжанның барлық өмірі - поэзиясында Мағжан – ұлы ақын Мағжан – лирик, сыршы...
«Қазақ жазушыларынан, әрине, Абайды сүйемін. Менің бала күнімнен ішкен асым,...
Мағжан – ең алдымен, сыршыл ақын. Ол жүректің қобызын шерте біледі, оның жүре...
Мағжанның поэмалары Жүсіпхан Қорқыт Батыр Баян
Ақын болу дегенің – теңіздейін тебірені, Ақын болу дегенің – анадайын емірену...
«Әлемдегі ел өмірі ақ қағаздай байқасаң, Депті бір қарт ақиқаттың құдіретіне...
Шыңғыс хан Ұлықбек Есім хан Әл-Фараби Абылай хан Әбуғали Ибн Сина Ақсақ Темір...
Түсіндірме сөздік Екі дүние есігі –	 осы дүние мен о дүниенің түйіскен жері,...
Эпитет: Ер түрік, кең ақыл, отты қайрат, жүйрік қиял. Метафора: от болып туға...
«Артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз – Мағжанның сөзі» 	 					(М.Әуезов)
«М.Жұмабаев – Абай мен қазіргі қазақ поэзиясының арасындағы поэтикалық көпір»...
«Мағжанның ақындығы да, кісілігі де ерекше бөлек еді. Ақындық өміріне, білімі...
29 1

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 Арыстанмын, айбатыма кім шыдар? Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар? Көкте – б
Описание слайда:

Арыстанмын, айбатыма кім шыдар? Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар? Көкте – бұлт, жерде – желмін гулеген, Жер еркесі - желдің жөнін кім сұрар? Мағжан Жұмабаев

№ слайда 2 Мағжанның барлық өмірі - поэзиясында Мағжан – ұлы ақын Мағжан – лирик, сыршы
Описание слайда:

Мағжанның барлық өмірі - поэзиясында Мағжан – ұлы ақын Мағжан – лирик, сыршыл ақын Мағжан – эпик ақын

№ слайда 3 «Қазақ жазушыларынан, әрине, Абайды сүйемін. Менің бала күнімнен ішкен асым,
Описание слайда:

«Қазақ жазушыларынан, әрине, Абайды сүйемін. Менің бала күнімнен ішкен асым, алған нәрімнің барлығы да – Абайдан. Бұдан соң Мағжанды сүйемін. ... Мағжан мәдениеті зор ақын. Сыртқы кестенің келісімі мен күйшілігіне қарағанда бұл бар заманның шегінен асқандай ... бүгінгі күннің бар жазушысының ішінен келешекке бойұрып, артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз – Мағжанның сөзі» Мұхтар Әуезов

№ слайда 4 Мағжан – ең алдымен, сыршыл ақын. Ол жүректің қобызын шерте біледі, оның жүре
Описание слайда:

Мағжан – ең алдымен, сыршыл ақын. Ол жүректің қобызын шерте біледі, оның жүрегінен жас пен қаны аралас шыққан тәтті сөздері өзгенің жүрегіне тәтті у себеді. Мағжан не жазса, сырлы, көркем, сәнді жазады. Оқушының жүрегіне әсер бере алмайтын құрғақ өлеңді, жабайы жырды Мағжаннан таба алмайсыз. Жүсіпбек Аймауытов

№ слайда 5 Мағжанның поэмалары Жүсіпхан Қорқыт Батыр Баян
Описание слайда:

Мағжанның поэмалары Жүсіпхан Қорқыт Батыр Баян

№ слайда 6 Ақын болу дегенің – теңіздейін тебірені, Ақын болу дегенің – анадайын емірену
Описание слайда:

Ақын болу дегенің – теңіздейін тебірені, Ақын болу дегенің – анадайын емірену Ақын болу дегенің – арыңа бір шық тұрмау Ақын болу дегенің – жүректерді тұтқындау. Еркеш Ибрагим.

№ слайда 7 «Әлемдегі ел өмірі ақ қағаздай байқасаң, Депті бір қарт ақиқаттың құдіретіне
Описание слайда:

«Әлемдегі ел өмірі ақ қағаздай байқасаң, Депті бір қарт ақиқаттың құдіретіне бас иген, - Сол қағазда нақыл сөз бен аты қалған жақсының, Тауып айтқан сөздеріне адам түгіл тас иген». Әбдірахман Жәми

№ слайда 8
Описание слайда:

№ слайда 9
Описание слайда:

№ слайда 10
Описание слайда:

№ слайда 11
Описание слайда:

№ слайда 12
Описание слайда:

№ слайда 13
Описание слайда:

№ слайда 14
Описание слайда:

№ слайда 15
Описание слайда:

№ слайда 16
Описание слайда:

№ слайда 17
Описание слайда:

№ слайда 18
Описание слайда:

№ слайда 19
Описание слайда:

№ слайда 20
Описание слайда:

№ слайда 21
Описание слайда:

№ слайда 22
Описание слайда:

№ слайда 23
Описание слайда:

№ слайда 24 Шыңғыс хан Ұлықбек Есім хан Әл-Фараби Абылай хан Әбуғали Ибн Сина Ақсақ Темір
Описание слайда:

Шыңғыс хан Ұлықбек Есім хан Әл-Фараби Абылай хан Әбуғали Ибн Сина Ақсақ Темір "Түркістан" өлеңіндегі тарихи ұлы тұлғалар

№ слайда 25 Түсіндірме сөздік Екі дүние есігі –	 осы дүние мен о дүниенің түйіскен жері,
Описание слайда:

Түсіндірме сөздік Екі дүние есігі – осы дүние мен о дүниенің түйіскен жері, қасиетті жер деген мағынада Несібі – байлығы Тұран – түркілердің астанасы Ұсап – ұқсап Енші алысу – ата-аналарының материалдық байлығынан балаларының алатын үлесі Алаш – қазақ, қарақалпақ, өзбек, қырғыз, түрікмен, әзірбайжан, татар, т.б. Көксеу – сағыну.

№ слайда 26 Эпитет: Ер түрік, кең ақыл, отты қайрат, жүйрік қиял. Метафора: от болып туға
Описание слайда:

Эпитет: Ер түрік, кең ақыл, отты қайрат, жүйрік қиял. Метафора: от болып туған, отқа ұқсап, Арқаның ардагері – қалың алаш, Алаштың арыстаны.

№ слайда 27 «Артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз – Мағжанның сөзі» 	 					(М.Әуезов)
Описание слайда:

«Артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз – Мағжанның сөзі» (М.Әуезов)

№ слайда 28 «М.Жұмабаев – Абай мен қазіргі қазақ поэзиясының арасындағы поэтикалық көпір»
Описание слайда:

«М.Жұмабаев – Абай мен қазіргі қазақ поэзиясының арасындағы поэтикалық көпір» (Ғ.Ибрагимов)

№ слайда 29 «Мағжанның ақындығы да, кісілігі де ерекше бөлек еді. Ақындық өміріне, білімі
Описание слайда:

«Мағжанның ақындығы да, кісілігі де ерекше бөлек еді. Ақындық өміріне, біліміне келсек, алаштың екі күшті адамының бірі, тіпті ең дарындысы, күштісі Мағжан болатын. Бірі – біздің осы күнгі М.Әуезов» (С.Мұқанов)

Краткое описание документа:

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Мағжан Бекенұлы Жұмабай
Magjan.JPG
Қызметі:

Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі

Туған күні:

25 маусым 1893

Туған жері:

Солтүстік Қазақстан облысы

Ұлты:

Қазақ

Қайтыс болған күні:

19 наурыз 1938 (44 жас)

Қайтыс болған жері:

Алматы

Мағжан Жұмабай (Әбілмағжан) Бекенұлы (25 маусым 1893, Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Мағжан Жұмабаев ауданы, Сасықкөл жағасы – 19 наурыз 1938, Алматы) – Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы өкілі.

Мазмұны

[жасыру]

Өмірбаяны

Атасы – Жұмабай қажы. Әкесі Бекен саудамен айналысқан дәулетті адам болған. Анасының есімі – Гүлсім. Мағжан ауыл молдасынан сауатын ашып, 19051910 жылдары Қызылжардағы (Петропавл) №1 мешіт жанында белгілі татар зиялысы, мұсылман халықтарының азаттығы жолында күрескен М.Бегишевтің ұйымдастыруымен ашылған медреседе оқыды. Медреседе Бегишевтен Шығыс халықтарының тарихынан дәріс алды, қазақ, татар әдебиеттерін, Фирдоуси, Сағди, Хафиз,Омар Һайям, Низами, Науаи секілді шығыс ақындарының дастандарын оқып үйренді.

Баспадан 1909 жылы шыққан Абай өлеңдерін оқып, “Атақты ақын, сөзі алтын хакім Абайға” деген өлең жазды. 19101913 жылдары Уфа қаласындағы “Ғалия”медресесінде білім алды. Онда татар жазушысы Ғ.Ибрагимовтен дәріс алып, белгілі қайраткер С.Жантөринмен тығыз қарым-қатынас орнатады, болашақ көрнекті жазушы Б.Майлинмен танысады.

Ибрагимовтің көмегімен 1912 жылы Қазан қаласындағы Кәрімовтер баспасында “Шолпан” атты тұңғыш өлеңдер жинағы басылып шығады. “Садақ” журналын шығаруға қатысады, оған өзінің өлеңдерін жариялайды. 19131916 жылдары Омбы мұғалімдер семинариясында оқыды.

“Бірлік” ұйымы жұмысына белсене араласып, “Балапан” қолжазба журналын шығаруға қатысады. Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы секілді алаш қайраткерлерімен байланыс орнатып, Қазақ газетіне өз өлеңдерін жариялайды.

1917 жылы Ақпан төңкерісінен кейін қалыптасқан саяси жағдайға сай қоғамдық өмірге белсене араласып, Ақмола облыстық қазақ съезін өткізуді ұйымдастырушылардың қатарында болды. Осы жылы сәуірде Ақмола облысы қазақ комитеті құрамына сайланды. Мәскеу қаласында өткен Бүкілресейлік мұсылман съезіне қатысты. Бірінші жалпықазақ съезінің шешімі бойынша Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды.

“Алаш” партиясының Ақмола облысының комитетінің мүшесі болды. Үш жүз партиясы өкілдерінің жалған айыптауымен бір айға жуық абақтыға отырып шықты. Екінші жалпықазақ съезіне делегат ретінде қатысып, онда оқу мәселесі бойынша құрылған комиссияға төрағалық етті.

19181919 жылдары Петропавл уездік земство басқармасында қызмет етті. 1919 – 1923 жылдары Ақмола губерниялық “Бостандық туы” газетінде, “Шолпан”, “Сана”журналдарында, “Ақжол” газетінде қызмет істеп жүріп, халық ағарту жұмысына белсене араласады. Сол кезеңде қалың қауымға таныс поэмасы “Батыр Баянды” жазып, жарыққа шығарады.

19231927 жылдары Мәскеуде Жоғары әдебиет-көркемөнер институтында оқиды. Онда орыс әдебиетін, Батыс Еуропа әдебиетін терең зерттеп, орыс мәдениет қайраткерлерімен жете танысып, көпшілігімен достық қарым-қатынаста болады. Мәскеуде оқып жүргенде оның шығармалары орынсыз сынға ұшырады.

1924 жылы 24 қарашада Мәскеу қаласындағы Шығыс еңбекшілері коммунистік университетінде қазақ жастарының жерлестік ұйымында жиналыс өтіп, олар Жұмабайұлының 1922 жылы қазанда, 1923 жылы Ташкентте басылып шыққан жыр жинақтарын талқыға салды.

Онда ақын шығармаларын теріске шығаратын қаулы қабылданды. Бұл қаулы Еңбекші қазақ газетінің 1925 жылы 14 ақпандағы санында басылды. Орынсыз сыннан көңілі жабыққан ақын “Сәлем хат” деген өлең жазды.

Ол “Тілші” газетінде жарияланды. “Еңбекші қазақ” газетінің 1924 жылы 19 желтоқсанындағы санында С.Мұқановтың “Сәлем хат жазған азамат Мағжан Жұмабайұлына” деген ескертпемен “Сәлемге сәлем” деген жауап өлеңі басылды.

Жаңа құрылысқа, жаңа тұрмысқа қатысты нақтылы өлең жазбаса да, “уралап айқайламадың” деген кінәмен, тап күресіне белсене араласып, кедей сөзін сөйлемедің деген айыппен Жұмабайұлы қатаң сынға алынды. Жұмабайұлы 19271929 жылы Бурабайда, одан соң Қызылжарда оқытушылық қызметтер атқарады.

1929 жылы Жұмабайұлы Алқа атты жасырын ұйым құрғаны үшін деген айыптаулармен Мәскеудегі Бутырка түрмесіне қамалып, 10 жыл айдауға кесіледі. 1936 жылыМ.Горький мен Е.Пешкованың араласуымен бостандық алып, Қазақстанға қайтады.

Петропавл қаласыннда мектепте орыс тілі мен әдебиетінен сабақ беретін мұғалім болып жұмыс істейді. Көп ұзамай қалалық оқу ісінің меңгерушісі оны саяси себептерге байланысты деген айыппен мұғалімдік қызметтен босатады. 1937 жылы наурызда Жұмабайұлы Алматыға келеді. Аударма ісімен айналысады. 1938 жылы қайтадан қамауға алынып, ату жазасына кесілді.

Мағжан шығармашылығы

Ақын тұңғыш өлеңінен бастап әлеуметтік тақырыпқа ден қойып, ағартушылық, ұлт-азаттық, демократияшыл бағытты ұстанды. Абай поэзиясының өшпес маңызын бірден танып, оны хакім деп атады, ұлы ақынның “мың жыл жұтса дәмі кетпес” сөзін жаңа жағдайда ілгері дамытты, Батыс пен Шығыстың рухани қазынасын сабақтастыру негізінде қазақ поэзиясын тақырып, түр мен мазмұн жағынан байытты. Жұмабайұлы ел ішіндегі әлеуметтік мәселелерді көтерді (“Шын сорлы”), халқын өнер-білімге шақырды (“Ләззат қайда?”, “Жазғы таң”, “Өнер-білім қайтсе табылар”, Балалық шақ, “Қазағым”, “Қарағым”, “Осы күнгі күй”, “Мен сорлы”).

Бірқатар өлеңдерін махаббат тақырыбына арнады (“Жас келін, “Зарлы сұлу”, “Сүйгеніме”, “Алданған сұлу”). Өз поэзиясының алғашқы қадамдарынан бастап ақтық демі біткенге дейін Жұмабайұлы ұлт азаттық тақырыбын үзбей толғанды, оны өз поэзиясының өзегі етті. Бүкіл халықты тап, топқа жіктемей, Қазақ елін әлемдік мәдени жетістіктерге қол жеткізуге қандай күш кедергі деген сауал қойып, оған басты кедергі – отаршылдық деген шешімге келді.

Бастапқы кезде бұл тақырып туған жердің табиғатын тамашалаудан барып қайран жердің ендігі күні не болады деген уайым-қайғыға ұласады, ақыры келіп кіндік қаны тамған нулы, сулы өлкені жаулап жатқан қара шекпенді отаршылдыққа қарсы наразылық оты болып тұтанды (“Туған жерім – Сасықкөл”). Ақын халқымен бірге күйзелді, осыдан келіп романтикалық әуенге бөленген жорық идеясы туды (“Жарыма”, “Есімде... тек таң атсын”, “Жаралы жан”, “Мен жастарға сенемін”, т.б.).

Жұмабайұлы шығармаларындағы романтикалық сарын, әсіресе, оның символистік арнада жазған өлеңдерінен айқын көрінеді. Ақын символизмі болашақ пердесін ашатын жаңа мифология туғызды, келешек суретін салу саясатшылардың емес, ақындардың қолында деген сенімге айналды (От”, “Пайғамбар”, “Күншығыс”, “Жаралы жан”, “Айға”, т.б.). Ақын дыбыс-буынның соны үндестіктерін тауып, қазақ жырын байыта түсті (“Шолпы”). Жұмабайұлы поэзиясындағы құнарлы арнаның бірі – түркі тақырыбы. Түркі халықтарының бірлігі тақырыбы Жұмабайұлы поэзиясының әуелден қалыптасқан алтын арқауы іспетті.

Ақын дүниетанымына Қызылжардағы Бегішев медресесінде оқуы көп ықпал етті. Ол жас өрен жүрегіне түрікке деген бауырмалдық сезім туғызды. Шолпанжинағындағы Орал тауы өлеңінде:

“Қосылып батыр түрік балалары,
Таптатпа, жолын кесіп тізгінге орал”

, – деп жазды. Ерекше атап өтетін бір жәйт – Жұмабайұлының түрік халқының шет ел басқыншыларына қарсы азаттық қозғалысына үн қосуы. Мұнда реалистік, романтикалық сарындар бір-бірімен астасып, бірге өріліп отырады.

Түрік тақырыбы қазақ халқының ұлт-азаттық тақырыбына ұласып, отаршылдыққа қарсы күреске алып келді (Орал тауы”, “Алыстағы бауырыма”, “Жер жүзінде”, “Қазақ тілі”, “Тез барам!”, “Түркістан”, “Орал). Сондай-ақ, Жұмабайұлы “Пайғамбар” өлеңінде “Ғұн – түріктің арғы атасы” десе, “Түркістан” атты өлеңінде “Түркістан – ер түріктің бесігі ғой” деп асқақ рухпен жырлады.

түрікшілдік сезімі 19191923 жылы Мұстафа Кемал Ататүрік бастаған түрік халқының азаттық соғысына арналған “Алыстағы бауырыма” атты өлеңінде айрықша байқалады. Оның бұл өлеңін Мұстафа Шоқай “Яш Түркістан” журналында (1930, №1) жариялай отырып, оны түрікшілдік күресі үшін ең қымбатты және ең пайдалы өлең деп бағалады.

Мағжантану ғылымы

Жұмабайұлы – философ ақын. Ақынның философиялық көзқарасы өз өлеңдерінде жақсылық пен жамандық, әділдік пен әділетсіздік тәрізді қарама-қайшылықты философиялық ұғымдарды шебер шендестіре білуінен байқалады. Ол дүниені біртұтас құбылыс ретінде алып, адамды сол ұлы табиғат, жаратылыстың бір туындысы, бөлшегі ретінде суреттейді. Табиғатсыз, жаратылыссыз адам жоқ. Ал табиғат адамсыз да күн көре береді. Бірақ сана оған бағынбайды, дене бағынса да сезім бағынбайды. Сондықтан ол бұлқынады, серпінеді, үстем болғысы келеді (От).

Құбылыстың мәнін кең көлемде, жалпыға бірдей қалыпта тани білуде ақын, ең алдымен, ненің болса да мән-мазмұнына үңіледі, әрдайым жалпы адамзатқа тән әуенге бой ұрады, табиғаттың өз заңына ғана бағынатын құбылыстардың ішкі құпия астарын ұғынғысы келеді. Жұмабайұлының ойынша ақын деген болжап білмес жолға сапар шеккен пір, кейде жын, кейде бала, сол сапарда ол қиындықты қайыспай көтеретін, не дүниені тәрк етіп, бәрінен безінетін жан (“Қиял құлы мен бір ақын”). АқынҚорқыт поэмасында философиядағы мәңгілік тақырып – өмір мен өлім мәселесін Қорқыт пен ажалдың аңдысуы түрінде суреттейді. Ажал – хақ, сондықтан да өмір жібінің түйінінде өлімді болмай қоймайтын өмір ақиқаты ретінде қабылдау қажет деп санайды ол.

Мағжан поэзиясы

Жұмабайұлы қазақ лирикасының сыршылдығын тереңдетті, адамның нәзік сезімдеріне тіл бітіре білді. Бұл қасиет оның, әсіресе, махаббат лирикасына тән (“Сүй, жан сәулем”, т.б.). Жұмабайұлы – әлемдік поэзияда экологиялық тақырыпты алғаш жырлаушылардың бірі (“Айда атыңды, Сәрсембай”, “Шойын жол”). Ол техикалық прогреске қарсы болған жоқ, оның ұлттық-мәдени, рухани дәстүрлерді бұзуына қарсы еді. Техника жетістіктерін қызыға жырлай отырып, туған жердің әсем табиғатынан айырылып қалмауға үндеді.

Мағжан поэмалары

Жұмабайұлы қазақ поэмасының баяндау стилін, шешендік мәнерін өзгерту қажет екендігін алғаш айтқандардың бірі болды. Қазақ поэмасын суреткерлік арнаға бұрды. Адам жанының, психология әлемінің құпия сырларын, иірімдерін, даму диалектикасын шеберлікпен кестелеп өрнектей білді. Жұмабайұлы поэмаларына лирикалықтереңдік пен эпикалық кең құлаштылық бірдей тән.

Жеке адам мен ұлт тағдырын драм. сюжетте үйлестіріп, көркемдік зор қуатпен жырлай білді (“Батыр Баян”, “Оқжетпестің қиясында”, “Қойлыбайдың қобызы”, “Өтірік ертегі”, “Шын ертегі”).

Ақын шығармашылығының үлкен бір арнасы – халыққа білім беру, педагогика саласы. Мектеп оқушыларына, мұғалімдерге арнап “Педагогика” (1922, 1923), “Бастауыш мектепте ана тілін оқыту жөні” (1925) еңбектерін жариялады. Ақан сері, Базар жырау, Әбубәкір Диваев туралы зерттеу еңбектер жазып, ауыз әдебиеті үлгілерін жинауға жәрдемдесті.

Мағжан публицистикасы

Жұмабайұлы аударма саласына үлкен мән берді. И.Гете, Г.Гейне, Әбу Фирас, А.В. Кольцов, М.Ю. Лермонтов, А.А. Фет, И.И. Дмитриев, И.П. Мятлов, А.А. Блокөлеңдерін, А.М. Горький, В.В. Иванов, Д.Н. Мамин-Сибиряк, т.б. әңгімелерін қазақ тіліне аударды. Таңдаулы прозалық шығармалар аударумен қоса Жұмабайұлы“Шолпанның күнәсі” әңгімесі арқылы қазақ әдебиетіне психологиялық талдау, сана ағымы әдістерін енгізді.

Мағжан прозасы

Шығармалар

  • Қазақтың көңіл күйі, өлең, “Үзік” жинағында, Орал, 1912;
  • Шолпан, өлеңдер, Қазан, 1912;
  • Өлеңдері, Қ.-О., 1922;
  • Өлеңдері, Таш., 1923;
  • Шығармалары, А., 1989;
  • Таңдамалы, А., 1992;
  • Шығармалар, 3 т., А., 1995.

Мағжанның әйгілі өлеңдерінің бірі "Мен Жастарға Сенемін" болып табылады.

250px-Stamp_of_Kazakhstan_kz012st.jpg

Мағжан Жұмабайұлының құрметіне почта маркасы

Қайтыс болғаннан кейін

Кеңестік жүйенің қуғын-сүргінінің құрбаны болған Жұмабайұлы есімін ақтау ісі 1958 жылы қолға алынды. Осы жылы ресми комиссия құрылып, ақынның таңдамалы лирикаларын жариялау жөнінде ұйғарым жасалды. Бірақ одан нәтиже шықпай, Жұмабайұлы шығармалары басылмай қала берді.

1960 жылы Түркістан әскери окр. әскери трибуналының алқасы шешімімен Жұмабайұлы толығымен, біржола ақталды. Жұмабайұлы есімі ақталса да ол жөнінде Қазақстан Жазушылар одағы мен ғылыми мекемелерге хабарланбады. Осылайша, Қазақстан халқы ұзақ уақыт бойы Жұмабайұлы шығармаларымен жете таныса алмай келді.

Түркияда ақын кітаптары жарық көргенімен, олар қазақ оқырмандары қолына тимеді. 1969 жылы Жұмабайұлымен қызметтес, таныс болған адамдар Жұмабайұлын ақтау, шығармаларын жариялау керектігі жөнінде Қазақстан басшыларына хат та жолдаған болатын.

Бірақ Жұмабайұлының шығармалары 1989 жылы ғана қайтадан жариялана бастады. 1995 жылдан М.Базарбаев, С.Қирабаев, Х.Абдуллин, Ш.Елеукенов, Б.Дәрімбет,Шөмішбай Сариев бастаған ғалымдар тобы Жұмабайұлының 3 томдық шығармаларын шығаруды қолға алды.[1]

Жұмабайұлы шығармашылығын тереңірек зерттеу еліміздің егемендік алуынан бергі кезеңде ғана нақтылы жолға қойылды. Жұмабайұлы есімін мәңгі есте қалдыру бағытында да біршама жұмыстар атқарылды. Алматы және Петропавл қалаларында бір-бір көшеге Жұмабайұлы есімі берілді. Петропавл қаласында және ақынның туған ауылында ескерткіш қойылған. Солтүстік Қазақстан облысының бұрынғы Булаев ауданы Мағжан Жұмабайұлы ауданы болып аталды (2000).[2]

Мағжан Жұмабайұлының мемориалдық мұражайы

Ақынның 100 жылдық мерейтойына арналып 1993 жылы ашылған. Ол Мағжан Жұмабайұлы аудандағы өзінің туып-өскен Сарытомар ауылында орналасқан. Мұражай бұрынғы Мағжан Жұмабайұлы атындағы кеңшардың мектебінде. Ондағы жиналған қорлар мен материалдар ақынның шығармашылық өміріне арналған. Құжаттардың көшірмесі Алматы, Петропавл, Омбы қалаларында және кейбір аудандарда сақталған. Мұражайдың жалпы аумағы 60м2.

Қазақтың Ұлы ақыны Мағжан Жұмабайұлының ескерткiшi

200px-127116442033_place.jpg

Қазақтың Ұлы ақыны Мағжан Жұмабайұлының ескерткiшi

Мағжан Жұмабайұлы және Интернационал көшелерiнiң қиылысында орналасқан алаңда Солтүстiк Қазақстан жерiнде туған көрнектi қазақ ақыны Мағжан Жұмабайұлының ескерткiшi орнатылған. Оның авторы — Қазақстан Республикасының жетекшi мүсiншiсi, халықаралық конкурстардың лауреаты және дипломанты, Суретшiлер одағының мүшесi Марат Әйнеков.[3]

Ескерткiш Мағжанның граниттен жасалған отырған бейнедегi үшметрлiк мүсiнiн ұсынады. Ақынның иығында ұшқыр ойдың нышаны — қаршыға. Ақын ой үстiнде отыр, оның ойы болашаққа бағытталған. Мүсiн қоңыр түстi күртi гранитiнен орындалған. Мүсiнмен жұмыс iстегенде авторға Мағжанды көрген және жадында ұстаған ақынның жалғыз туысы — Ғадылша Қаһарманов көмек қылған. Оның кескiн-келбетi Мағжанға өте ұқсас. Ескерткiш 1993 жылы ақынның 100-жылдығына ашылған.

Киношежіре

Жанр: “Деректі фильм” Өндіріс: “Қазақтелефильм”

Жанр: “Деректі фильм” Өндіріс: “Қазақтелефильм”

Жанр: “Деректі фильм” Өндіріс: “Қазақфильм” Шәкен Айманов атындағы

Сыртқы сілтемелер

Автор
Дата добавления 27.04.2015
Раздел Русский язык и литература
Подраздел Презентации
Просмотров1933
Номер материала 256511
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх