Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Биология / Презентации / Презентация на тему "Мәдени өсімдіктер"

Презентация на тему "Мәдени өсімдіктер"

  • Биология

Поделитесь материалом с коллегами:

Аты-жөні: Керимбеков Мухтар Капанович Қызметі: Қосымша білім беру педагогы Ж...
Оңтүстік қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқа...
Түсіндірме жазба «Мемлекет жаңа буынның алдында барлық есіктер мен жолдарды...
Білім алушылар бос уақытын тиімді, мазмұнды салауатты түрде өткізеді. Өсімді...
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес. Сабақтың типі: аукцион. Әдіс-тәсілдері: сұрақ-ж...
Ұйымдастыру Жаңа сабақ Мәдени өсімдіктер  (plantae cultae) – адамдар өздеріні...
Мәдени өсімдіктердің сан алуандығы және шығу орталығын орыс ғалымы генетик,...
.  Қазақстанда қант қызылшасы мен кендірді биологиялық сұрыптау жағынан ғылым...
Мәдени өсімдіктердің таралу аймақтары Қытай мен Жапониядан күріш, тары , қыта...
Адамзат үшін мәдени өсімдіктердің маңызы зор. Бау-бақшадағы, егін алқабындағ...
Мәдени өсімдіктер
Біз осы өсімдіктердің ішінен өзімізге қажетті, күнделікті тұрмыста жиі қолда...
Аукционға қойылатын өсімдіктер
Аукцион дегеніміз не? – осы сұрақты талқылап алайық. Аукцион — көпшілік алды...
Практикалық бөлім 1 кезеңде Оқушыларға жетон таратылады. Жетонда қызанақ, қи...
2 кезеңде Ортаға арнайы қорапқа салынған ұрықтар (қызанақ, қияр, пияз, сәбіз...
3 кезеңде 3 кезеңде Оқушылар өз өсімдіктерінің өсіп, өнуі үшін қажетті топыр...
4 кезеңде Бұл кезеңде өсімдіктердің өніп, өсіп, гүлдеу, жеміс салу процесі ж...
Өсімдіктер 4 кезеңнен өтіп жеміс салып, дайын өнім алу сәтіне де келіп жетті...
Викториналық сұрақтар Қызанақ туралы 1. Мақал-мәтел құрастыру 2. Әзірленетін...
Сәбіз туралы 1. Мақал-мәтел құрастыру 2. Әзірленетін салат түрлері 3. Сәбізд...
5 кезеңде Тапсырманы орындап болғаннан соң аукционды бастаймыз. Әр топтан бі...
Екінші болып аукционға қияр өнімі қойылады. Қияр – шығу тарихы, маңыздылығы...
Төртінші болып аукционға сәбіз өнімі қойылады. Сәбіз – таралу аймақтары, елім...
Сұрақтарға толық, жан-жақты жауап берген топ өнімді жеңіп алады. Егер жауабы...
Қорытынды Балалар аукцион сабағымыз өз мақсатына жетті, барлығың да белсене...
Үйге тапсырма Мәдени өсімдіктер туралы сөзжұмбақ, ребустар құрастыру. Емдік...
Пайдаланылған әдебиеттер 1. Асхат Әлімов. Интербелсенді әдістерді жоғарғы оқ...
Назарларыңызға рахмет
1 из 34

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 Аты-жөні: Керимбеков Мухтар Капанович Қызметі: Қосымша білім беру педагогы Ж
Описание слайда:

Аты-жөні: Керимбеков Мухтар Капанович Қызметі: Қосымша білім беру педагогы Жұмыс орны: “Экологиялық орталық” МКҚК, Үйірме: “Табиғат қорғаушылар” E-mail: kmk-02.18@mail.ru

№ слайда 2 Оңтүстік қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқа
Описание слайда:

Оңтүстік қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының «Экологиялық орталық» МКҚК   Қосымша білім беру педагогы М.Қ.Керімбековтың «Әдістемелік вернисаж» тақырыбындағы әдістемелік идеялардың облыстық сырттай байқауына ұсынған шығармашылық жұмысына ПІКІР Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында: Қазақстанның келешегі халықтың білімінде, біліктілігінде деп көрсетілген. Өйткені өркениетті елдерде адам факторы шешуші өндіргіш күшке айналды. Сондықтан қазақстандықтардың интеллектуальдық рухани әлеуетін арттыру елді алдыға жылжытудың маңызды факторы болмақ. Олай болса, қазіргі білім берудің негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды-машыққа қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады. Мұхтар Керімбеков өзінің өткізіп жүрген сабақтарында үнемі білім алушылардың бойына экологиялық, эстетикалық, логикалық ойлау қабілетін арттырып, шебер сөйлеуге, мәдениеттілікке, шығармашылыққа жетелеп отырады. Білім алушыларды табиғатты қорғауға, Жер Ананы аялай білуге тәрбиелейді. Сабағында халық педагогикасын, жаңа технологияларды тиімді пайдалана біледі. Білім алушылармен тілдесуі жоғары деңгейде. Педагогтың еңбегінен күтілетін нәтиже жоғары. Шығармашылық жұмысы еткен еңбегінің дәлелі.   Әдістемелік бөлім меңгерушісі Ж.И.Исмаилова   Әдіскері У.Ш. Мырзалиева    

№ слайда 3 Түсіндірме жазба «Мемлекет жаңа буынның алдында барлық есіктер мен жолдарды
Описание слайда:

Түсіндірме жазба «Мемлекет жаңа буынның алдында барлық есіктер мен жолдарды ашты! «Нұрлы жол», міне біздің креативті ырғақты жастарымыздың күш-жігер жұмсап, құлаш сермейтін тұсы осы», - деп Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Жолдауында айтқанындай біздің білім алушыларда осы арқылы елімізді абаттандыруға, көгалдандыруға, өсіп-өркендеуіне үлес қосуда. [5] Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының «Экологиялық орталық» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын педагогтары білім алушыларға экологиялық білім мен тәрбие беруде жаңашылдықпен жұмыс істеуде.

№ слайда 4 Білім алушылар бос уақытын тиімді, мазмұнды салауатты түрде өткізеді. Өсімді
Описание слайда:

Білім алушылар бос уақытын тиімді, мазмұнды салауатты түрде өткізеді. Өсімдіктер мен жануарлар дүниесімен танысып, табиғатты қорғауға, қастерлеуге, құрметтеуге және болашақта биолог, химик, эколог мамандарына бейімделіп шығады. Қосымша білім беру орталығы болғандықтан оқушылармен тәжірибелік телімдерде зерттеу жұмыстары үнемі жүргізіліп отырылады. Үйірме мүшелері алған теориялық білімдерін практикада ұштастырады. «Мәдени өсімдіктер» тақырыбындағы сабағымда білім алушылар топырақтың құнарлығын анықтайды, тұқымдардың мөлшеріне қарай егілу ережесін үйренеді. Мәдени өсімдіктер туралы алған білімдерін одан әрі дамыту мақсатында жұмыс жасайды.

№ слайда 5 Сабақтың тақырыбы
Описание слайда:

Сабақтың тақырыбы

№ слайда 6 Сабақтың түрі: дәстүрлі емес. Сабақтың типі: аукцион. Әдіс-тәсілдері: сұрақ-ж
Описание слайда:

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес. Сабақтың типі: аукцион. Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, баяндау, түсіндіру, топқа бөлу. Көрнекілігі: тақтада тақырып жазылып ілінген, мәдени өсімдіктер бейнеленген плакаттар, А4 форматта егіс алқабында өсетін мәдени өсімдіктердің суреттері, жетон, кескіндеме суреттер, топырақтың екі түрі (егістікке жарамды қарашірікті тыңайтылған және сары топырақ), қажетті арнайы ыдыстар, су, аукционға қойылатын бақша көкөністері, балға, т.б.

№ слайда 7 Ұйымдастыру Жаңа сабақ Мәдени өсімдіктер  (plantae cultae) – адамдар өздеріні
Описание слайда:

Ұйымдастыру Жаңа сабақ Мәдени өсімдіктер  (plantae cultae) – адамдар өздерінің әр түрлі қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында өсіретін өсімдіктер. Мәдени өсімдіктердің пайда болуы адамзат мәдениетінің қалыптасуымен тығыз байланысты. 

№ слайда 8 Мәдени өсімдіктердің сан алуандығы және шығу орталығын орыс ғалымы генетик,
Описание слайда:

Мәдени өсімдіктердің сан алуандығы және шығу орталығын орыс ғалымы генетик, ботаник, селекционер, географ, академик Николай Иванович Вавилов (1887-1943 ж) зерттеді. Ол бес континентті айналып шығып, дүние жүзінің 52 елдерінде болды. Н.И.Вавилов өсімдіктердің 400-ге жуық түрінің Оңтүстік Азияда, 200-ге жуық түрінің Оңтүстік Америкада мәденилендірілгенін дәлелдеді. Ол осы сапарында мәдени өсімдіктердің 1000-ға жуық түрін зерттеді. Сөйтіп өсімдіктер сан алуандығының орталықтарын белгіледі.

№ слайда 9 .  Қазақстанда қант қызылшасы мен кендірді биологиялық сұрыптау жағынан ғылым
Описание слайда:

.  Қазақстанда қант қызылшасы мен кендірді биологиялық сұрыптау жағынан ғылыми тұрғыда сипаттаған Қазақ кеңесінің ғалымы, селекционері, биология ғылымының докторы - Кәрім Мыңбаев (1906-1948 ж) болды. Ол көксағыздың биологиялық ерекшеліктерін зерттеп, оны сұрыптау әдістерін тапты. Кандидаттық және докторлық диссертациясын Ленинградта академик Н.И.Вавиловтың жетекшілігімен қорғаған. Кәрім Мыңбаевтың негізгі ғылыми еңбектері өсімдіктер генетикасы мен селекциясына арналған.

№ слайда 10 Мәдени өсімдіктердің таралу аймақтары Қытай мен Жапониядан күріш, тары , қыта
Описание слайда:

Мәдени өсімдіктердің таралу аймақтары Қытай мен Жапониядан күріш, тары , қытай капустасы, бұршақ түрлері, құрма, апельсин, мандарин, шай т.б. өсімдік түрлері;   Австралиядан қияр, кенеп, какос пальмасы, күріштің 2түрі, қара бұрыш;  Орталық Үндістаннан қара бидайдың 2 түрі, бұршақтың 5 түрі, зығыр, мақсары, қарбыз, сәбіз, алма, алмұрт, өрік, шие, жеміс ағаштары;  Орта Азиядан бидай, қара бидай, арпа, сұлы, бұршақ, жоңышқа, қант қызылшасы. алма, жүзім, анар;   Америкадан жүгері, картоп, қызанақ, асқабақтың бірнеше түрі, какао, арахис, топинамбур т.б. мәдени өсімдіктер таралған.

№ слайда 11 Адамзат үшін мәдени өсімдіктердің маңызы зор. Бау-бақшадағы, егін алқабындағ
Описание слайда:

Адамзат үшін мәдени өсімдіктердің маңызы зор. Бау-бақшадағы, егін алқабындағы өсіп тұрған өсімдіктер азық-түліктің, дәрі-дәрмектің, мал азығының негізгі көзі болып табылады. Қазақстанда мәдени өсімдіктердің түрі көп және олар әр түрлі. Олар: [2]

№ слайда 12 Мәдени өсімдіктер
Описание слайда:

Мәдени өсімдіктер

№ слайда 13
Описание слайда:

№ слайда 14 Біз осы өсімдіктердің ішінен өзімізге қажетті, күнделікті тұрмыста жиі қолда
Описание слайда:

Біз осы өсімдіктердің ішінен өзімізге қажетті, күнделікті тұрмыста жиі қолданылатын мәдени өсімдіктер қызанақ, қияр, пияз, сәбіз, картопты аукционға қоюды таңдап алдық.

№ слайда 15 Аукционға қойылатын өсімдіктер
Описание слайда:

Аукционға қойылатын өсімдіктер

№ слайда 16
Описание слайда:

№ слайда 17 Аукцион дегеніміз не? – осы сұрақты талқылап алайық. Аукцион — көпшілік алды
Описание слайда:

Аукцион дегеніміз не? – осы сұрақты талқылап алайық. Аукцион — көпшілік алдында кім артық төлем ұсынса, бұйым және т.б. зат соған сатылатын бәсекелес, жария сауда. Бұл латынның auctіo, яғни бәсеке сауда деген сөзінен шыққан. Мұнда ақша төленсе, біздің аукционда оқушылар білімдері арқылы, яғни сипаттама беру арқылы аукционға қойылған өнімдерді жеңіп алады. Балалар түсінбеген сұрақтарың бар ма? Егер барлығы түсінікті болса аукцион сабағымызды кезеңге бөлу арқылы жалғастыратын боламыз. [3]

№ слайда 18 Практикалық бөлім 1 кезеңде Оқушыларға жетон таратылады. Жетонда қызанақ, қи
Описание слайда:

Практикалық бөлім 1 кезеңде Оқушыларға жетон таратылады. Жетонда қызанақ, қияр, пияз, сәбіз, картоп бейнеленген. Бірдей жетон алған оқушылар бір топ болып саналады. Топ құрамы 2-3 оқушыдан 5 топ құрылады.

№ слайда 19 2 кезеңде Ортаға арнайы қорапқа салынған ұрықтар (қызанақ, қияр, пияз, сәбіз
Описание слайда:

2 кезеңде Ортаға арнайы қорапқа салынған ұрықтар (қызанақ, қияр, пияз, сәбіз, картоп) қойылады. Әр топ өздеріне тиісті өсімдік ұрықтарын танып ажырата білуі тиіс.

№ слайда 20 3 кезеңде 3 кезеңде Оқушылар өз өсімдіктерінің өсіп, өнуі үшін қажетті топыр
Описание слайда:

3 кезеңде 3 кезеңде Оқушылар өз өсімдіктерінің өсіп, өнуі үшін қажетті топырақтың түрлерін (қара шірікті топырақ, сары топырақ, күрделі болу үшін топырақ аздап дымқылданады), суды таңдап алады. Әр топқа қажетті ыдыстар беріледі. Өсімдік тұқымының көлемі, құрлысына қарай топыраққа қанша сантиметр тереңдікте егіледі? Көктем мезгілінің қай айында егіледі? Топырақтың температурасы қанша болу керек?

№ слайда 21
Описание слайда:

№ слайда 22 4 кезеңде Бұл кезеңде өсімдіктердің өніп, өсіп, гүлдеу, жеміс салу процесі ж
Описание слайда:

4 кезеңде Бұл кезеңде өсімдіктердің өніп, өсіп, гүлдеу, жеміс салу процесі жалғасатын болады. Бұл процестің орындалуы барысында оқушылар қима суреттерден өздерінің өсімдіктерін тауып А4 формат қағазға құрап жабыстырады. Қима суреттерді құрастырған әр топ суретке қарап өз өсімдігіне қалай күтім жасағаны жөнінде сипаттама беріп өтеді. Дұрыс сипаттама берген топтың өсімдігі өнім беруге дайын деген сөз.

№ слайда 23
Описание слайда:

№ слайда 24 Өсімдіктер 4 кезеңнен өтіп жеміс салып, дайын өнім алу сәтіне де келіп жетті
Описание слайда:

Өсімдіктер 4 кезеңнен өтіп жеміс салып, дайын өнім алу сәтіне де келіп жеттік. Дайын өнім алу сәті де біраз уақытты алатыны белгілі. Демек осы сәтті пайдаланып викториналық тапсырмаларды орындайтын боламыз. Ол үшін әр оқушы өзінің бір ұсақ затын оқытушыға тапсырады, мәселен қаламсабын, дәптерін, кілтін, көзілдірігін т.б. Бұл заттар портфелге салынып, әр партаға үш-үштен ретсіз түрде қойылады. Оқушылар өздерінің заты қойылған парталарға отыруы керек. Әр топқа қызанақ, қияр, пияз, сәбіз, картопқа қатысты викториналық сұрақтар беріледі. [1]

№ слайда 25 Викториналық сұрақтар Қызанақ туралы 1. Мақал-мәтел құрастыру 2. Әзірленетін
Описание слайда:

Викториналық сұрақтар Қызанақ туралы 1. Мақал-мәтел құрастыру 2. Әзірленетін салат түрлері 3. Ертегі сценарийін құрастыру Картоп туралы 1. Тағамда қолданылуы 2. Тақпақ құрастыру Пияз туралы 1. Мақал-мәтел құрастыру 2. Шығарма жазу (бір абзац)

№ слайда 26 Сәбіз туралы 1. Мақал-мәтел құрастыру 2. Әзірленетін салат түрлері 3. Сәбізд
Описание слайда:

Сәбіз туралы 1. Мақал-мәтел құрастыру 2. Әзірленетін салат түрлері 3. Сәбізден үй тұрғызудың жолдары Қияр туралы 1. Мақал-мәтел құрастыру 2. Жұмбақ құрастыру 3. Қияр мен шырмауықтың айырмашылығын сипаттау

№ слайда 27 5 кезеңде Тапсырманы орындап болғаннан соң аукционды бастаймыз. Әр топтан бі
Описание слайда:

5 кезеңде Тапсырманы орындап болғаннан соң аукционды бастаймыз. Әр топтан бір оқушы ортаға шығып дайындаған өнімін аукционға қояды. Бірінші болып аукционға қызанақ өнімі қойылады. Қызанақ - қандай тұқымдасқа жатады, қанша жылдық өсімдік құрамында қандай заттар кездеседі т.б. сұрақтарға жауап береді.

№ слайда 28 Екінші болып аукционға қияр өнімі қойылады. Қияр – шығу тарихы, маңыздылығы
Описание слайда:

Екінші болып аукционға қияр өнімі қойылады. Қияр – шығу тарихы, маңыздылығы т.б. сұрақтарға жауап береді. Үшінші болып аукционға пияз өнімі қойылады. Пияз – құрлысы, шипалық қасиеттері, қолданылуы туралы т.б. сұрақтарға жауап береді.

№ слайда 29 Төртінші болып аукционға сәбіз өнімі қойылады. Сәбіз – таралу аймақтары, елім
Описание слайда:

Төртінші болып аукционға сәбіз өнімі қойылады. Сәбіз – таралу аймақтары, елімізде кездесетін сорттары, қолданылуы, пайдасы туралы сұрақтарға жауап береді. Бесінші болып аукционға картоп өнімі қойылады. Картоп – шығу тарихы, өсімдіктің құрлысы, қолданылуы, тамыр жүйесі туралы т.б. сұрақтарға жауап береді.

№ слайда 30 Сұрақтарға толық, жан-жақты жауап берген топ өнімді жеңіп алады. Егер жауабы
Описание слайда:

Сұрақтарға толық, жан-жақты жауап берген топ өнімді жеңіп алады. Егер жауабы толық болса сатылды деп балға соғылады. Толықтыру қажет болса келесі топ мүшелері жалғастырады. Осылайша аукционымыз жалғасын табады.

№ слайда 31 Қорытынды Балалар аукцион сабағымыз өз мақсатына жетті, барлығың да белсене
Описание слайда:

Қорытынды Балалар аукцион сабағымыз өз мақсатына жетті, барлығың да белсене қатыстыңдар, жарайсыңдар. Бұл тақырыптың аясында мәдени өсімдіктердің сан алуандылығымен таныстық, оларды адамдар өз қажеттілігі үшін, мал азықтық ретінде, дәрілік зат ретінде пайдаланатынын білдік. Суреттері тақтада ілініп тұр. Қорыта айтқанда мәдени өсімдіктер тас ғасырында пайда болып, содан бері қолдан сұрыпталып, көптеген ғалымдардың еңбектерінің арқасында біз осы өсімдіктерді күнделікті тұрмыста пайдаланып жүрміз. Адам өмірінде үлкен маңызға ие болуымен қатар шипалық қасиеттері де жетерлік. Бұл өнімдерді дұрыс пайдалана білсек денсаулығымыз нығая түсетіні анық.

№ слайда 32 Үйге тапсырма Мәдени өсімдіктер туралы сөзжұмбақ, ребустар құрастыру. Емдік
Описание слайда:

Үйге тапсырма Мәдени өсімдіктер туралы сөзжұмбақ, ребустар құрастыру. Емдік мақсатта қолданылатын мәдени өсімдіктер туралы реферат дайындау

№ слайда 33 Пайдаланылған әдебиеттер 1. Асхат Әлімов. Интербелсенді әдістерді жоғарғы оқ
Описание слайда:

Пайдаланылған әдебиеттер 1. Асхат Әлімов. Интербелсенді әдістерді жоғарғы оқу орындарында қолдану. Оқу құралы. Алматы 2009 2. Ә. Нысанбаев., «Қазақстан» Ұлттық энциклопедиясы., Алматы 1998 жыл., 10 том 3. Балалар энциклопедиясы, 2 том 4. Шаңырақ Үй-тұрмыстық энциклопедиясы., Алматы 1990 5. Оңтүстік Қазақстан \13 қараша 2014ж. № 171, [2]

№ слайда 34 Назарларыңызға рахмет
Описание слайда:

Назарларыңызға рахмет

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Краткое описание документа:

Аты-жөні: Керимбеков Мухтар Капанович
Қызметі: Қосымша білім беру педагогы
Жұмыс орны: “Экологиялық орталық” МКҚК,
Үйірме: “Табиғат қорғаушылар”
E-mail: kmk-02.18@mail.ru

Түсіндірме жазба

«Мемлекет жаңа буынның алдында барлық есіктер мен жолдарды ашты! «Нұрлы жол», міне біздің креативті ырғақты жастарымыздың күш-жігер жұмсап, құлаш сермейтін тұсы осы», - деп Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Жолдауында айтқанындай біздің білім алушыларда осы арқылы елімізді абаттандыруға, көгалдандыруға, өсіп-өркендеуіне үлес қосуда. [5]

Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының «Экологиялық орталық» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын педагогтары білім алушыларға экологиялық білім мен тәрбие беруде жаңашылдықпен жұмыс істеуде.

Автор
Дата добавления 21.05.2015
Раздел Биология
Подраздел Презентации
Просмотров1419
Номер материала 289738
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх