Инфоурок Другое ПрезентацииПрезентация на тему "Мыржақып Дұлатұлы"

Презентация на тему "Мыржақып Дұлатұлы"

Скачать материал
Скачать материал "Презентация на тему "Мыржақып Дұлатұлы""

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Портной

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • Мыржақып Дулатұлының 130 жылдығы2015 жылТ.Бигелдинов атындағы ЖОМ

    1 слайд

    Мыржақып Дулатұлының
    130 жылдығы
    2015 жыл
    Т.Бигелдинов атындағы ЖОМ

  • ӨмірбаяныМіржақып Дұлатұлы (1885—1935) — қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қо...

    2 слайд

    Өмірбаяны
    Міржақып Дұлатұлы (1885—1935) — қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы, жалынды көсемсөз шебері. Туған жері — Торғай уезінің, Сарықопа облысының бірінші ауылы(қaзipri Қостанай облысының Жанкелді ауданына қарасты "Қызбел" ауылы). Әкесі — Дулат аймағына аты шыққан шебер кісі болған, ер тұрман жасап, етік, мәсі тіккен. Шешесі — Дәмеш ойын тойдың базары, әнші кісі болған. Әкесі балаларын жастайынан оқуға береді. Алғашқыда бала Міржақып ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Молдадан екі жыл оқығаннан кейін, 1897-1902 жылдары, ауыл мектебінде орысша оқытатын Мұқан мұғалімнен дәріс алады. Бұл мектеп Міржақыптың білімін толықтырумен қатар, азамат ретінде қалыптасуына да аса зор ықпал жасайды, Мұқан мұғалім ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин іргетасын қалаған оқу орнының, дәлірек айтқанда,Торғай қаласындағы уездік орыс-қазақ мектебінің түлегі болатын. Өз шәкірттеріне де ол осы рухта тәлім-тәрбие, терең білім береді.

  • 1904 жылы Міржақып Омбы қаласына келеді. Осында ұлт зиялыларының ұстазы Ах...

    3 слайд

    1904 жылы Міржақып Омбы қаласына келеді. Осында ұлт зиялыларының ұстазы Ахмет Байтұрсынұлымен кездеседі. Бұдан кейінгі уақытта біpi — ұстаз, бipi — ізбасары ретінде жұптарын жазбайды. 1905 жылы МіржақыпАхмет Байтұрсынұлымен бipre Қарқаралыдағы саяси-бұқаралық жұмыстарға қатысады. 1905 жылы патша өкіметіне қазақ халкының атынан петиция жазушылардың қатарында болады.
    Кең даласында алаңсыз өмір сүріп, мал бағып жатқан бейқам халқын: «Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты, Өткізбей қараңғыда бекер жасты» деп жырымен жұлқылап оятып, оларды білімге, ел үшін пайдалы іс әрекетке шақырады. Бүкіл халықтың еркіндікке жетуінің басты шарты түнек болып торлаған қараңғылық ұйқысынан ояну, дүр сілкініп, надандықтан арылу деп білген ол: «Оян, қазақ!» деп ұрандаудан танған жоқ. 1906 жылы Петербургке барып қайтады. Бұл сапарынан ол саяси күрескер ғана емес, шабытты ақын болып оралады. 
    1907 жылы Петербургте шыққан "Серке" газетіне “Жастарға" деген өлеңін, бүркенпік атпен "Біздің мақсатымыз" деген мақала жариялайды. 1909 жылы Петербургте М. Дулатұлының "Оян, қазақ!" атты өлеңдер жинағы жарық көреді. Бұл кітап та патша әкімшілігінің қуғындауына ұшырайды. 1913 жылы ол Ахмет Байтұрсынұлымен бipre "Қазақ" газетін шығарып, басылымның бұдан кейінгі жұмысына белсене араласады. 1920 жылы Ташкентке келіп, сондағы “Ақ жол" газетінде қызмет атқарады. 1922 жылы жазықсыз қамауға алынады. Түрмеден шыққан соң, 1922-1926 жылы Орынбордағы ағарту институтында оқытушы болады. 1928 жылдың аяғында бip топ қазақ зиялыларымен бipre қамауға алынады да, он жылға сотталып, 1935 жылы тұтқында қайтыс болады.

    Өмірбаяны

  • Міржақып Дулатұлы — әдебиеттің әр түрлі жанрына қалам тартқан қала...

    4 слайд

    Міржақып Дулатұлы — әдебиеттің әр түрлі жанрына қалам тартқан қаламгер. Алғашқы кітабы — "Оян, қазақ!" деген атпен Петербург қаласындағы жарық көрген өлең жинағы. Одан кейін 1913 жылы Орьнборда "Азамат", ал 1915 жылы "Терме" атты өлеңдер кітаптары басылып шығады. Ақын өлеңдерінің басты такырыбы—ел тағдыры болды. Алғашқы кітабы "Оян, қазақ!" жұртшылық арасында ауыздан-ауызға, қолдан-қолға тез тарап кетеді. Қайта басылады. Кітаптың нeriзгi мазмұны халықты оятуға, әділетсіздікпен күресуге шақырған өлеңдер құрады. Сол себепті де кітап тұтқындалып, авторы қуғынға ұшырайды.
    Өзінің шығармашылық жолын ә дегеннен өлеңнен бастаған Міржақып проза жанрына да қалам сілтейді. 1910 жылы оның осы жанрдағы туындысы "Бақытсыз Жамал"романы Қазан қаласында басылып шықты. Бұл - қазақ әдебиетіндегі таза көркем проза үлгісінде туған тұңғыш роман еді. Кітап 1914 жылы екінші peт басылды.
    Бұл жылдары Міржақып бірқатар мақалалар мен фельетондар жазады. 1922 жылы Ташкентте екі бөлімнен тұратын "Есеп кұралы" оқулығын бастырады. "Балқия" пьесасын жазады.
    М. Дулатұлының шығармалары қазақ елінің тәуелсіздік алған кезінен бастап кеңінен жариялана бастады. 1991 жылы шығармаларының бip томдық, ал 1996-1997 жылдары екі томдық жинақтары жарык көрді. М. Дулатұлы шығармашылығы жөнінде ғылыми зерттеулер жүргізіліп, бірқатар кітаптар мен мақалалар жарияланды.
    Шығармалық мұрасы

  • Өлеңдері       Өзінің алғашқы өлеңдерінен бастап туған халқының тағдырындағы...

    5 слайд

    Өлеңдері
    Өзінің алғашқы өлеңдерінен бастап туған халқының тағдырындағы қиындықтар мен ауыртпалықтардың сырына үңіліп, оның әлеуметтік тамырын әшкерелеуді мақсат еткен ақын Міржақьш "Оян, қазақ!" атты тұңғыш өлеңдер жинағьн мынандай өлең жолдарымен бастайды:
    Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты,
    Өткізбей қараңғыда бекер жасты.
    Жер кeттi, дін нашарлап, хал һарам боп,
    Қазағым, енді жату жарамас- ты.
    Ресей патшасының отарлау саясаты, қазақ жұртының хал-жағдайы, өнер-білімнің аздығы, басқа да түрлі қacipeттep осы төрт жолға сыйып тұрған секілді. Онын үстіне бұл жолдарды Міржақып шығармашылығының өне бойына тартылған темірқазық, идеяның басты бағдардың көрінісі деуге де болады. Ақын үшін халқының өмірін жырлаудан асқан мәртебелі тақырып жоқ. Көп өлеңдерінде ол қазақ елінің ауыртпалықтағы, отарлық езгідегі жағдайын баяндай келіп, елдің мүддесіне қызмет ету—әpбip азаматтың парызы деген тұжырым жасайды. Атап айтқанда, "Қазақ халқының бұрынғы һәм бүгінгі халі", "Таршылық халіміз хақында аз мінәжат", "Сайлаулар хақында", "Жастарға", “Қазақтың ру басшыла-рына", "Атқамінер сұмдарға", тәрізді өлеңдерінде қазақ қоғамының сипаты, ондағы адамдар психологиясы, соларды көрген ақынның өкінішті күйі анық бейнеленген. Ақынның сол тақырыптағы шығар-маларының бipi — "Шағым" өлеңі.
    …Бір қарағанда "Шағым" өлеңі ақынның аз ғана сәттік көңіл күйінен туған тәрізді. Әйтсе де мұнда жеке бастың мұңынан гөpi әлеуметтік ой басым жатыр. Ел ішіндегі білімсіздік, бойкүйездік, жалқаулық, енжарлық, алауыздық тәрізді тольш жатқан кеселдерді көре тұрып, ақын мұңаяды. Тығырыққа тірелгендей болады.

  • ӨлеңдеріЖүректен қашан шығар қадалған оқ,Жандырған жанды нахақ сөнер ме шоқ?...

    6 слайд

    Өлеңдері
    Жүректен қашан шығар қадалған оқ,
    Жандырған жанды нахақ сөнер ме шоқ?
    Қажыған қам көңілді бip көтерер
    Жанымда жан ашитын адам да жоқ, —
    деп Міржақыптың өзі айтқандай, халқының тұрмысындағы әлгіндей керітартпа кемшіліктер оның жүрегіне оқ болып қадалады. Сондай сәттерде айналасынан өзіне серік болатын, тірек болатын адам іздейді. Таппай көңілі құлазиды. Дегенмен ақынның мұңы терең қайғыға ұласьш кетпейді. Өлеңінің соңында: "Әділдік аста қалған еш күні жоқ", — деп, түптің түбінде әділдіктің жеңетініне сенеді. Сол жолда өзінің бар күшін, өмірін аямайтынын былайша жеткізеді:
    Мен біткен ойпаң жерге аласа ағаш,
    Емеспін жемісі көп тамаша ағаш
    Қалғанша жарты жаңқам мен сенікі —
    Пайдалан шаруаңа жараса, алаш!
    Аталған өлең азамат ақынның алдына қойған мақсатын қаншалықты айқын түсінетінін байқатады. Ақынның мақсаты—халқының тағдырына ара түсу, елі үшін еңбек етуге, бел буу. Сол себепті де ақынның өлеңдері ел ішіндегі надандықты, әділетсіздікті әшкерелейді, олардан арылудың жолын іздейді. Мәселен, "Таршылық халіміз хақында аз мінәжат" өлеңінде қазақ ауылының көpiнісі суреттелш, ондағы ішкен-жегенге мәз, жайбарақат тіршіліктің беті ашылады. Ел ішіндегі бірліктің, ынтымақ пен бірауыздылықтың жоқтығын айта отырып, ақын ел билеу жүйесіндегі жүгенсіздік пен әділетсіздікті сынға алады.

  • Міржақьш қаламынан туған көркем де күрделі туынды — "Алашқа" өлеңі. Ақын...

    7 слайд

    Міржақьш қаламынан туған көркем де күрделі туынды — "Алашқа" өлеңі. Ақын халқына қарата сөйлеп, оның өткендегі өмірін есіне түсіріп, жақсы мен жаманды, кешегі мен бүгінгіні салыстыра отырып, бірқатар әлеуметтік шындықтың бетін ашады.
    Ақын алдымен күні кеше төскейі төрт түлік малға толған бетегелі қырлардың, онда көшіп-қонған берекелі ауылдардың сәнін әсем суреттейді, ел баскарған ақылды хандар мен билерді еске алады.
    Салтанат Сарыарқада кұрған қазақ,
    Толықсып жүрген кеше күнің қайда? —
    деп келш, ел ішінен халқының сөзін сөйлейтін шешендер мен елін, жерін қорғайтын ерлер, ақылдың кені іспетті дана қарияларын іздейді. Солар бар жерде елдің берекесі де артык болмақ
    Бірақ өмір Міржақьш ойлағандай емес. Би — парашыл, қарттары — қарау. Бірлік жоқ, алауыздық үстем. Ақын осыған өкінеді.
    Алашым, айтқанды алсаң, без бұлардан
    Еш нәрсе тәуіп бермес, білгенге ермес.
    Қой бағьш қасқыр қашан опа қылған,
    Көре бер өз бетіңмен күніңді өлмес,
    — деп, туған халқын ойлануға шақырады. Қойды қасқырға бақтырғандай әділетсіз заманның жайын түсіндіреді. Ел басқарушы залымдарға сенбей, өз күшімен күн көру қажеттігін айтады.
    Мiржақып ел ішіндегі кемшіліктерді әшкерелей отырып, халқына одан арылудың жолын көрсетеді. Өзінің "Шәкірт", “Насихат ғумумия" тәрізді бірқатар өлеңдерінде өнер мен білім жинаудың пайдасын бipiншi кезекке қояды. Tіпті адамгершіліктің өзі білімнен, оқудан басталады деген ой айтады.
    Өлеңдері

  • Абай шығармашылығын зерттеуі        Дулатұлының Абайға арналған алғашқы қысқа...

    8 слайд

    Абай шығармашылығын зерттеуі
    Дулатұлының Абайға арналған алғашқы қысқа ғана мақаласы татардың «Уақыт» газетінде 1908 жылы жарияланған. Ақынның ой-өрісі, білім деңгейі, туған жері, шыққан ортасы айтылып, әдеби мұрасына жалпылама баға беріліп, оның орыс әдебиетімен, әсіресеЛермонтовпен үндестігі ескертілді. 1914 жылы «Қазақ» газетінде басылған «Абай» мақаласы ақынның опат болғанына он жыл толуына орай арналып жазылған. Мұнда әдебиеттің, оның көрнекті өкілдерінің халық тарихында алатын орны айрықша бағаланады. Абайдың қадірін білмеу, оны елеп ескермеу ұлттың үлкен кемшілігі ретінде аталады, әдебиет елдің жаны деп көрсетіледі. Абайдың ғұмыр жолын қысқаша баяндап, түңғыш кітабының шығу тарихы, оған Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейханұлы және ақын балалары мен інілерінің қатысуы, Семейде Нәзипа Құлжанова өткізген әдеби кеш туралы сөз болады. Ең құнарлы ой -Абай қазақтың жаңа әдебиетінің басы, негізін салушы деген тұжырым, алғашқы жарық жұлдыз деген балама. Орыстың бірінші жазушысы Ломоносов деп санап, Абайдың өз халқының тарихындағы орны онымен қатарлас
    деген салыстырма жасайды.Абай шығармаларын жариялау, насихаттау, оның есімін мәңгі есте қалдыру үшін мұражайлар салдыру керектігін толғана сөз етеді.
    Абайдың қазақ халқы тарихындағы мәртебелі орнын басқа елдер әдебиетімен сабақтастықта алып қарап, дәл тауып, дұрыс бағалап берген Дулатұлының келешек заманда ұлы ақынның атақ-абыройы, мерей-даңқы өсіп, жаңа буынмен емірене табысатынын ерекше әулиелікпен көре білген.

  • АЛАШТЫ ОЯТҚАН – 
«ОЯН, ҚАЗАҚ»     Тарихи деректер бойынша, Міржақып Дулатұлын...

    9 слайд

    АЛАШТЫ ОЯТҚАН –
    «ОЯН, ҚАЗАҚ»
    Тарихи деректер бойынша, Міржақып Дулатұлының «Оян, қазақ» өлең кітабы 1909 жылы Қазан қаласындағы «Шарқ» баспасынан шыққан. Тарихшы ғалым Мәмбет Қойгелдиевтің айтуынша, «Оян, қазақ» кітабы ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамындағы түрлі топтардың бәрінің көңілінен шыққан. 

    – Ресей патшалық үкіметінің шымбайына тиген кітап болды бұл. Бір қызығы, «Оян, қазақ» сол кездегі қазақ зиялыларына да ұнады. Қазақ халқының да ойынан шықты. Сондай-ақ, дін адамдарының да көңілінен шықты. «Оян, қазақтың» елге ұнағаны соншалықты, кітапты мешіттер, молдалар елге таратты. Осыдан-ақ, бұл кітаптың мән-мағынасын, маңызын байқауға болады. Патша өкіметі кітап авторының соңына түсті. Ол кітапты оқуға тыйым салды, – дейді Мәмбет Қойгелдиев.

    Алаштанушы ғалым Тұрсын Жұртбай сол кезде «Оян, қазақ» кітабын Абайдың кітабымен бірге ұзатылған қыздың жасауына қосып беру дәстүрі пайда болғанын айтады.

    – Осы «Оян, қазақ» пен «Бақытсыз Жамал» қазақтың жүрегіне жол тапқан алғашқы көркем шығарма болып табылады. Осы кітаптар арқылы қазақтың ішінде ояну, гүлдену, өркениетке ұмтылу деген аңсар пайда болды. Және қазақ қоғамы «Бақытсыз Жамалдың» тағдыры арқылы өз тағдырын елестетіп, ойлануға мүмкіндік алды, – дейді Тұрсын Жұртбай.

  • «ҚАЗАҚ» СӨЗІ     ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамының өзекті мәселелерін күн тә...

    10 слайд

    «ҚАЗАҚ» СӨЗІ
    ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамының өзекті мәселелерін күн тәртібіне шығарған және қазақ зиялыларының еркін пікір алаңына айналған «Қазақ» газеті 1913 жылы жарық көре бастағанда оның басы-қасында бас редактор Ахмет Байтұрсынұлының орынбасары қызметінде Міржақып Дулатұлы болды.
    Тарихшы Мәмбет Қойгелдиевтің пікірінше, сол кездері көпшілікке танымал болған «Қазақ» газетін Міржақып Дулатұлының қарымды қаламы, көксемсер сөзі, жалынды публицистикасынсыз елестету мүмкін емес.
    – Міржақып өте жылдам жазған және өте өткір тақырыпқа жазған. Елдік сұранысты жақсы білетін журналист болды. «Қазақ» газеті сондай сапада, сондай мазмұнда, сондай биіктіктен көрінуіне меніңше, бірден-бір Міржақып Дулатұлына қарыздар. Жалпы Міржақып Дулатұлы қазақ журналистикасын жаңа сапаға көтерген адам. Біріншіден, қазақ журналистикасын елмен жалғастырды. Қазақ журналистикасына саяси мазмұн, астар беруде меніңше, Міржақып Дулатұлының орны анық аңғарылады, – дейді Мәмбет Қойгелдиев. 

  • Міржақып Дулатұлы 
туралы фильмдерМіржақып неге отырсың қалам тартпай, 
Бәйге...

    11 слайд

    Міржақып Дулатұлы
    туралы фильмдер
    Міржақып неге отырсың қалам тартпай, 
    Бәйге алмас болғанымен жүйрік шаппай.
    Шамаңды кәдәри халі көрсетсеңші,
    Байғұс-ау, оянсаңшы қарап жатпай.
    Міржақып Дулатов

    Тарихшы Мәмбет Қойгелдиевтің пікірнше, сол кездері көпшілікке танымал болған «Қазақ» газетін Міржақып Дулатұлының қарымды қаламы, көксемсер сөзі, жалынды публицистикасының елестету мүмкін емес. Ол еңбектерінде ол Міржақып туралы: «Міржақып өте жылдам жазған және өте өткір тақырыпқа жазған. «Қазақ» газеті  сондай сапада, сондай биіктіктен көрінуіне, меніңше, бірден-бір Міржақып Дулатұлына қарыздар. Жалпы Міржақып Дулатұлы – қазақ журналистикасын жаңа сапаға көтерген адам»,- деген пікір айтыпты.

    1993 — «Міржақыптың оралуы» режиссері: Қ.Умаров
    Жанры: “Деректі фильм” Өндіріс: “Қазақтелефильм”
    1994 — «Алаш туралы сөз» Алашорда режиссері: Қ.Умаров
    Жанры: “Деректі фильм” Өндіріс: “Қазақтелефильм”
    2009 — «Алашорда» Алашордарежиссері: Қ.Умаров
    Жанры: “Деректі фильм” Өндіріс: “Қазақфильм” Шәкен Айманов  атындағы

  • ҰЛТҚА АРНАЛҒАН
 ҒҰМЫР     Міржақып Дулатұлы 1917 жылы құрылған Алашорда үкіме...

    12 слайд

    ҰЛТҚА АРНАЛҒАН
    ҒҰМЫР
    Міржақып Дулатұлы 1917 жылы құрылған Алашорда үкіметінің белді мүшесі, Алашорда үкіметінің бағдарламасын жасағандардың бірі болғаны тарихи деректерден белгілі.

    Ол 1916 жылы бірінші дүниежүзілік соғыс зардабын тартып, қырғынға ұшырап, босқынға айналған елге көмектесу мақсатында, Семей қаласында, қазақ тарихындағы ең алғашқы «Жанар» жәрдем қорын ұйымдастырғандардың бірі.

    1921-1922 жылғы ашаршылық кезінде Алаш зиялылары аштыққа ұшырағандарға жылу жинап беруді қолға алғанда Міржақып Дулатұлы пен Жүсіпбек Аймауытов осы іске басшылық жасап, бірнеше айда 15 мың бас ірі қара жиып, ашыққан елге үлестірген.

    Міржақып Дулатұлы 1928-ші жылы желтоқсан айында қамауға алынып, екі жылдан кейін ату жазасына кесілді. Кейін сот үкімі он жыл абақты жазасымен ауыстырылады. Беломор-Балтық арнасының құрылысы бойында, Сосновск станциясындағы жазалау лагерінде жазасын өтеген Міржақып Дулатұлы 1935 жылы осы лагерде ауыр науқастан көз жұмады.

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 980 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 08.02.2016 5193
    • PPTX 390.4 кбайт
    • 112 скачиваний
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Атабаева Раушан Абдиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Атабаева Раушан Абдиевна
    Атабаева Раушан Абдиевна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 5
    • Всего просмотров: 93693
    • Всего материалов: 25

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой