Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Доп. образование / Презентации / Презентация на тему "Мәлік Ғабдуллиннің туғанына100 жыл"

Презентация на тему "Мәлік Ғабдуллиннің туғанына100 жыл"


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Доп. образование
Мәлік Ғабдуллин 2015 жыл Т.Бигелдинов атындағы ЖОМ
Өмірбаяны Мәлік Ғабдуллин (15.11.1915, Көкшетау облысы, Зеренді ауданы, —2.01...
Өмірбаяны 1937-1983 жылдары - «Социалистік Қазақстан» газетінің әдеби қызметк...
Өмірбаяны Соғыстан кейінгі жылдары ғылыми-педагогикалық салада қызмет атқарға...
Өмірбаяны Мәлік Ғабдуллиннің зерттеген негізгі еңбектері - қазақ халқының бат...
М.Ғабдуллиннің ғылыми-творчестволық жұмысы 1938 жылы КСРО ғылым академиясыны...
М.Ғабдуллин ғылыми-зерттеу саласында көп еңбек етті. "Қазақ халқының ауыз әд...
М.Ғабдуллин ӀӀ-ӀV сайланған КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты. КСРО Жоғарғы Ке...
Менің майдандас достарым, А., 1947; Алтын жұлдыз, А., 1948; Май­дан очерктері...
Сөз өнерін ардақтап кие тұтқан, қазақ баласына деген өлшеусіз құштарлықтың,...
Қазақтың жарық жұлдызы Абылайды хан көтерген шешен, батыр Қанай би екен. Ал Қ...
Қазақтың жарық жұлдызы Көкшетауда Мәлік Ғабдуллиннің мұражайы халқымыздың қас...
1 из 12

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 Мәлік Ғабдуллин 2015 жыл Т.Бигелдинов атындағы ЖОМ
Описание слайда:

Мәлік Ғабдуллин 2015 жыл Т.Бигелдинов атындағы ЖОМ

№ слайда 2 Өмірбаяны Мәлік Ғабдуллин (15.11.1915, Көкшетау облысы, Зеренді ауданы, —2.01
Описание слайда:

Өмірбаяны Мәлік Ғабдуллин (15.11.1915, Көкшетау облысы, Зеренді ауданы, —2.01.1973, Алматы) — қазақ жазушысы, әдебиетзерттеуші, қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы (1959), профессор (1959), КСРО Педагогика ғылым академиясының академигі (1959), Кеңес Одағының Батыры (1943). Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1961). Кедей шаруа отбасында туған. М.Ғабдуллин 1935 жылы Қазақтың Абай атындағы мемлекеттік педагогикалық институтын бітірген. 1936 ж. әскер қатарына барып, әскери борышын өтеп қайтқаннан кейін осы институттың аспирантурасында оқыды.

№ слайда 3 Өмірбаяны 1937-1983 жылдары - «Социалистік Қазақстан» газетінің әдеби қызметк
Описание слайда:

Өмірбаяны 1937-1983 жылдары - «Социалистік Қазақстан» газетінің әдеби қызметкері, «Қазақстан пионері» газеті редакторының орынбасары, КСРО Ғылым Академиясының Қазақстандық Филиалындағы Тіл және Әдебиет Институтының ғылыми қызметкері қызметтерін атқарған. 1938-1946 жылдары Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының аспиранты болған. 1941-1945 жылдары - Генерал И.В.Панфилов бастаған даңқты 28-ші гвардия дивизиясы құрамында Ұлы Отан соғысына бастан-аяқ қатысқан. 1942 жылы Новгород облысына қарасты Холм қаласының маңында болған ұрыста Мәлік солдаттардың біразына басшылық етеді. Ол басқарған сарбаздар фашистердің тісіне дейін қаруланған әскеріне тойтара соққы береді. Кескілескен ұрыстың нәтижесінде жаудың екі таңкісін гранатамен жарып, жаудың 12 солдатын тұтқынға алады. Ұрыс кезінде Мәлік Ғабдуллин жарақат алады. алайда алған жарақатына қарамастан жауға қарсы оқ боратады. Осы ерлігі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен (№ 1035) Мәлік Ғабдуллинге 1943 жылдың 30-қаңтарында Кеңес Одағының Батыры атағын беріліп, Ленин ордені және «Алтын жұлдыз» медалімен марапатталған.

№ слайда 4 Өмірбаяны Соғыстан кейінгі жылдары ғылыми-педагогикалық салада қызмет атқарға
Описание слайда:

Өмірбаяны Соғыстан кейінгі жылдары ғылыми-педагогикалық салада қызмет атқарған. 1946-1951 жылдары - Қазақ КСР Ғылым академиясының Тіл және әдебиет институты директорының орынбасары, директоры. 1951-1963 жылдары - Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының ректоры, 1963 жылдан өмірінің соңғы күніне дейін Қазақ КСР ҒА-ның М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты фольклор бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1947 жылы «Қобыланды батыр» жырын ғылыми зерттеудің проблемалары» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. «Қазақ халқының ауыз әдебиеті» деген монографиясында халқымыздың лиро-эпосы, батырлық жырлары, ертегі-аңыздары, тұрмыс-салт өлеңдері, жұмбақтар, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, суырыпсалма өнері туралы ғылыми зерттеулер мен қорытындылар жасады. Оның қазақ фольклоры мен әдебиеті туралы жазған 100-ден астам мақалалары республикамыздың газет, журналдарында жарияланды.

№ слайда 5 Өмірбаяны Мәлік Ғабдуллиннің зерттеген негізгі еңбектері - қазақ халқының бат
Описание слайда:

Өмірбаяны Мәлік Ғабдуллиннің зерттеген негізгі еңбектері - қазақ халқының батырлық эпостары, мақал-мәтелдері, айтыстары, ергешілері мен халық әндері болады. Қазақ әдебиетінің көптомдық тарихын шығаруға ат салысады. Оның «Қазақтың батырлық эпостары» зерттеу еңбегі 1972 жылы Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлыққа ие болады. КСРО Жоғарғы Кеңесінің 2-4-шақырылымдарының депутаты. «Менің майдандас достарым», «Алтын Жұлдыз», «Майдандық очерктер (Фронтовые очерки)», «Будни войны», «Достар, жолдастар жайлы», «Ызғарлы жылдар (Грозные годы)» атты көркем әдеби шығармалардың авторы. Әдеби туындылары И. П. Щеголихин көмегімен орыс тіліне аударылған. Мәлік Ғабдуллиннің Алматыда тұрған үйі мен қызмет атқарған Институтында батырға арнап мемориалды тақта орнатылған. Өзі туып-өскен аудандағы мектеп пен көше аттары Мәлік Ғабдуллиннің есімімен аталады. Көкшетауда батырға арналып арнайы мұражай ашылған. Алматы, Астана және Көкшетау қалаларындағы көшелерге есімі берілген. Ленин орденімен, «Қызыл Ту» орденімен, Бірінші дәрежелі Отан соғысы орденімен және екі рет «Қызыл жұлдыз» орденімен, көптеген медальдармен марапатталған. 1973 жылы 2 қаңтар күні Алматы қаласында дүниеден озды.

№ слайда 6 М.Ғабдуллиннің ғылыми-творчестволық жұмысы 1938 жылы КСРО ғылым академиясыны
Описание слайда:

М.Ғабдуллиннің ғылыми-творчестволық жұмысы 1938 жылы КСРО ғылым академиясының Қазақстандағы филиалында кіші ғылыми қызметкерліктен басталды. 1941- 1946 жылдары Кеңес әскерінің генерал И.Панфилов бастаған даңқты 8-гвардия дивизиясы сапында болып, Ұлы Отан соғысына қатысты. Ғабдуллиннің Ұлы Отан соғысындағы ерлік даңқы бүкіл одаққа әйгілі. Оның бұл ерлігі алғаш рет белгілі жазушы Б. Полевойдың "Правдада" жарияланған "Эпостың тууы" атты очеркінде баяндалды. Көптеген қазақ ақындары Ғабдуллинге арнап, өлең-жырлар шығарды. Соғыс аяқталып, армиядан қайтқаннан кейін Ғабдуллин республиканың ғылыми-педагогикалық мекемелерінде қызмет атқарды. Қазақ КСР ғылым академиясының Тіл және әдебиет институтының директоры (1946-51), Қазақтың Абай атындағы мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры (1951-63) болды. 1963-1973 жылдары Қазақ КСР ғылым академиясының М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты фольклор бөлімінің меңгерушісі болды. Қызмет бастамасы

№ слайда 7 М.Ғабдуллин ғылыми-зерттеу саласында көп еңбек етті. "Қазақ халқының ауыз әд
Описание слайда:

М.Ғабдуллин ғылыми-зерттеу саласында көп еңбек етті. "Қазақ халқының ауыз әдебиеті" (1958, 1964) атты күрделі монографиялық еңбегінде Ғабдуллин ауыз әдебиетін зерттеудің ғылыми-методоло-гиялық негіздерін айқындап, қазақ ауыз әдебиетіндегі батырлар жыры, лиро-эпостық дастандар,  айтыс өлеңдері,  мақал-мәтелдер, жұмбақтар, ертегілер туралы жан-жақты терең ғылыми талдаулар жасады, олардың ғылымдық, тәлім-тәрбиелік мәнін ашып көрсетті. Бұл еңбек жоғары оқу орындарына арналған оқулық ретінде бірнеше рет қайта басылып шықты. Ол 8-сыныпқа арналған "Қазақ әдебиеті" оқулығын (1952-1957) жазды. М.Ғабдуллиннің көркем шығармадағы тырнақ алды туындылары дивизиялық, майдандық газеттерде жарық көрді. Шығармалары жеке жинақ болып, соғыстан кейін жарияланды. "Менің майдандас достарым" (1947), "Алтын жұлдыз" (1948), "Майдан очерктері" (1949), "Сұрапыл жылдар" (1971) атты кітаптарына енген әңгіме, очерктерінде М.Ғабдуллин майдан өмірін суреттеп, жауынгер тұлғасын, кеңес өкіметінің адамдарының Ұлы Отан соғысы кезіндегі қаһармандық бейнесін суреттеді. Педагог-жазушы ретінде ол жас ұрпақтың тәрбиесіне де ерекше көңіл бөлді. "Ата-аналарға тәрбие туралы кеңес" (1966) деген кітабында М.Ғабдуллин бесік жырынан бастап, батырлар жырына дейінгі халық поэзиясының тәрбиелік мәнін ашып, оны іс жүзінде пайдаланудың тәсілдерін көрсетеді. Сонымен бірге балаларды патриотизмге, шыншылдыққа тәрбиелеу, олардың болашаққа сенімін арттыру, жас баланы дұрыс сөйлеуге үйрету жөнінде ата-аналарға педагогтық кеңес береді. Әдебиетке қосқан үлесі

№ слайда 8 М.Ғабдуллин ӀӀ-ӀV сайланған КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты. КСРО Жоғарғы Ке
Описание слайда:

М.Ғабдуллин ӀӀ-ӀV сайланған КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты. КСРО Жоғарғы Кеңесінің парламенттік тобының құрамында Финляндияда (1953), Бельгияда (1957),Югославияда (1957) болды. Ғабдуллин еңбекшілер депутаттарының Алматы облыстық, қалалық Кеңестерінің депутаттығына, Қазақстан КП Алматы облыстық, қалалық, Фрунзе аудандық комитеттерінің мүшелігіне бірнеше рет сайланды. Ленин ордені, Қызыл Ту, Еңбек Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз, Ұлы Отан соғысы ордендерімен марапатталған. "Қазақ халқының батырлар жыры" кітабы авторларының бірі. Қызметтері

№ слайда 9 Менің майдандас достарым, А., 1947; Алтын жұлдыз, А., 1948; Май­дан очерктері
Описание слайда:

Менің майдандас достарым, А., 1947; Алтын жұлдыз, А., 1948; Май­дан очерктері, А., 1949; Проблема народ­ности қазахского героического эпоса, А., 1953. Қазақ халқының ауыз әдебиеті, А., 1958; Майдан очерктері, А., 1959; Ел намысы - ер намысы, А., 1966; Ата-аналарға тәрбие туралы кеңес, А., 1966; Сұрапыл жылдар. А., 1972; Қазақ эпосы, А., 1971; Менің майдандас достарым, А., 1985. Шығармалары

№ слайда 10 Сөз өнерін ардақтап кие тұтқан, қазақ баласына деген өлшеусіз құштарлықтың,
Описание слайда:

Сөз өнерін ардақтап кие тұтқан, қазақ баласына деген өлшеусіз құштарлықтың, ізгілік –адамгершілік қасиеттің, рух-жігері асқақ қайраттың иесі Ер Мәлік лапылдаған оттың, «көкала түтіні бұрқырап» гүрсілдеген оқтың ішінде жүріп, өнімді, өнікті еңбектеніп телегей шығармалар туындатқанына қайран қалмасқа болмайды. Сұрапыл соғыста бірге болған майдангер жолдастарының ерлігі мен батылдығын қас жау мен күресіп қана қоймай, ақ парақ бетіне мемуар естелік ретінде түсірген Мәлік соғыстан кейін қаншама шығармаларды дүниеге әкелді. Мысалы, «Досыма хат» дейтін жазбаларындағы мына бір ой-толғамын еске алсақ; «... Ай артынан ай туып, жыл соңынан жыл да келер». Бүгінгі ауырлық, сұрапыл соғыстың дәуірі ертең-ақ шаттық, алтын нұрын шашқан сәулет күніне жеткізер. Сол кездерде өткен уақыттың оқиғаларына көз салармыз. Адам тарихынан ғасырлар бойы өшпестік орын алған талай-талай белестерді, мақтаныш етерліктей болып жасалынған мазмұнды істерімізді, халқымыздың абырой-атағы, даңқы, намысы үшін жас өмірін қаза еткен батыр бауырларымызды еске түсірерміз. Олардың ерлік істерін, олардың бізге қосқан аманатын «қасықтай қаның қалғанша халқыңа қызмет ет» деген тапсырмаларын еске алармыз. Осындай қайратты терең ойлы тұжырымдар айтып кеткен батыр бабамызды мәңгі есте сақтау біздің қазақ жастарының борышы, міндеті деп есептейміз. Қазақ халқының біртуар батыр ұлдарының бірі болған, ұлағатты ұстаз, қоғам қайраткері Мәлік Ғабдуллин кезіндегі қазақ әдебиетіне қарсы жүргізілген солақай саясаттан талай мұрамызды сақтап қалған. Артына өшпес мұра қалдырған азаматтарды құрмет тұту өскелең ұрпақтың парызы болғандықтан қазір ол кісінің еңбектері қайта зерттелу үстінде.  Қазақтың жарық жұлдызы

№ слайда 11 Қазақтың жарық жұлдызы Абылайды хан көтерген шешен, батыр Қанай би екен. Ал Қ
Описание слайда:

Қазақтың жарық жұлдызы Абылайды хан көтерген шешен, батыр Қанай би екен. Ал Қанай бидің текті ұрпағы Мәлік Ғабдуллин. 1915 жылы Көкшетау облысы, Зеренді ауданы Қойсалған ауылында дүниеге келген. 1929 жылы Көкшетауда жеті жылдық қазақ мектебінде оқыған. Қазір осы оқу орны №3 қазақ орта мектебі Батыр Мәліктің есімімен аталады. И.В. Панфилов бастаған даңқты 8-ші гвардиялық дивизия құрамында Мәскеу іргесіндегі шайқаста қаһармандық көрсетіп Мәлік бастаған автоматшылар ротасы тастай түйіліп 200 фашисті жер жастандырады. Мәліктің өзі 2 танкіні жойып жі­береді. Осындай ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры атағын алды.  Соғыста қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметоваға қамқоршы аға болады. Мәншүктің қазасынан кейін Мәскеуге барып «Мәншүк Батыр атағын алмаса, мен өз «Алтын Жұлдызымды» беруге дайынмын» - деп оған Батыр атағын алып бергені үлкен мақтаныш. Ерлігі үшін «Қызыл Жұлдыз», І-дәрежелі Отан соғысы ордені және «Москваны қорғағаны», «Германияны жеңгені», «Венаны алғаны » үшін медальдарымен марапатталды.

№ слайда 12 Қазақтың жарық жұлдызы Көкшетауда Мәлік Ғабдуллиннің мұражайы халқымыздың қас
Описание слайда:

Қазақтың жарық жұлдызы Көкшетауда Мәлік Ғабдуллиннің мұражайы халқымыздың қасиетті ордасына айналды. Биыл Мәліктің Ғабдуллиннің  туғанына 100 жыл ел Президенті Н.Ә. Назарбаев мұражайда өзінің қолтаңбасын қалдырып батыр рухына тағзым етті. Біз 3-сынып оқушылары сынып жетекшіміз Имаканова Кульмайра апаймен бірге Көкшетау қаласындағы мұражайға бардық. Батырдың туған жерінен топырақ әкелініп, мұражайға салтанатты түрде  қойылыпты. Батыр жас кезінде жазушысы Сәбит Мұқанов, ақын Жамбыл Жабаевтан тәлім алған. Майданда Төле­ген Тоқтаровты өзіне баулы­ған ұстазы  болған екен.  «Қобыланды батыр» жырын зерттеп кандидаттық диссертациясын қорғаған.  Көкшетау қаласында жыл сайын «Қобыланды батыр» жырынан жоғары сынып оқушылары сайысып, жеңімпазы батырдың ескерткішіне «Мәңгілік от алауын» жағады екен.     Біз бүгінгі ұрпақ Мәлік Ғабдуллин сынды асыл да, абзал тұлғаның өз туған елі мен халқы үшін, жалпы адамзат  игілігі үшін жасаған жанқиярлық ерлігі мен өлшеусіз еңбегінің алдында мәңгілік қарыздармыз. Сол мәңгілік қарыздардың бір өтеуі оның ерлігін үнемі айтып, үлгі тұтып отырамыз.


57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Автор
Дата добавления 08.02.2016
Раздел Доп. образование
Подраздел Презентации
Просмотров160
Номер материала ДВ-427464
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх