Инфоурок Другое КонспектыПрезентация на тему "Мүсін жасау"

Презентация на тему "Мүсін жасау"

Скачать материал

Балаларға мүсін жасауды үйрету

 

Қызылорда облысы

Жаңақорған ауданы

Сунақата ауылы

№194. Мектеп жанындағы «Жәннәт» шағын орталығы

Ашимова  Жаудир Тұрмағанбетқызы

Мүсіндеу  балалардың  сезінуін, қабылдауын және  көрнекі  түсінігін дамыту  үшін  қажет. Нақты  дүние заттарын  тануда  көру   басты деп саналады,  бірақ  балаларда бейне қалыптасуының  алғашқы кезеңдерінде көрудің тірегі затты түйсіну болып табылады. И.М. Сеченов: «Заттардың  денелік  пішінін  көзге қарағанда қол басқаша айқындайды  және де біз қолдың алақанын әрдайым  көзден біршама таса заттардың бүйір беттеріне , сондай-ақ көз мүлдем көре алмайтын артқы жақтарына  тигізе алудың арқасында ,  оны  толығырақ  айқындайды».    Мектеп жасына дейінгі балаларға затты білу ұшін   оның кейбір жалпы белгілері ғана жеткілікті   Мүсіндеу алдында  затты  белсенді зерттеу — балалардың сезімдік тәжірибесін ұйымдастырудың  педогогикалық   әдісі.Бұл кезеңді шартты түрде  төрт  кезеңге  бөлуге болады.

1 кезең- бұл затты қабылдауды ұйымдастыру. Ол-жоғары  нүктеден  бастап  төмен қарай, негізгі сипаты  сызықтар  бойынша  саусақтар мен көздің  бір  қалыпты  және  үздіксіз   қозғалысы. Зат  әрдайым  белгілі  бір күйде  тұрады(сол қолымен затты  ұстап  тұрады, оң  қолымен  оны  зерттейді, зат  столда  қозғалыссыз  тұра алады).

2 кезең- Затты қолмен  және   көзқараспен  зерттеу  оның  негізгі  бөліктерін  саралаумен  және  олардың  қасиеттерін  айқындаумен  қоса  жүреді, саусақтардың  қозғалысы  тереңдік  қатынасын  өлшегендей   болады  және  бөліктердің  кеңістіктегі  өзара қатынасын  анықтайды.

3 кезең- заттың ең ұсақ  бөліктерін  көрсету  және оларды  формасынының , көлемінің, негізгі  бөліктерге  қарағанда  кеңістіктегі  орнын  анықтау.

Мысалы:

Тауық пен үйрек суреті бойынша әңгімелесу.
- Мына суреттен не көріп тұрсыңдар?
- Тауық пен үйректі
- Бұлар үй құстары. Ал олардың балаларын қалай атайды?
- Балапан
- Тауықтың балапанын «шөже», ал үйректің балапаны «балапан» деп аталады.
- Тауық пен үйрек үлкен, ал шөже мен балапан қандай?
- Кішкентай
- Тауық қалай дыбыстайды? Балалар құстардың дауысын салады
- Ал үйрек ше?
- Үйректің балапанын қарастыру.
Тақтада үйрек балапанының суреті (екі түрде көрсетілген. Біреуінде үйрек балапанының суреті болса, екіншісінде үйректің балапанының пішіні басы – дөңгелек, денесі сопақша түрінде көрсетілген)
- Балалар тақтадан ненің суретін көріп тұрсыңдар?
- Балапанның суретін
- Қай құстың балапаны? - Үйректің
- Екінші суреттегі балапанның суретінің дене бөліктері қандай пішінге ұқсайды? - Басы дөңгелек, денесі – сопақша.
- Қане, дөңгелекті, сопақшаны ауада сызып көрсетейік.
- Біз бүгін ермексаздан үйрек балапанын мүсіндейміз.
- Балапанның түсі қандай екен?
- Сары

Қортындылай   келіп, түрлі жастағы  топтарда  пішінін  жасау  жөніндегі  сабақтарда  балалар  творчествосын  дамыту үшін  оқып  үйретудің сан  алуан  әдістері  және ең алдымен   балалар дербестігін,  белсенділігін , инициативасын  көтермелейтін, бала қиялы  мен  түсінігін  дамытатын әдістер қолданылады  деп айтуға болады.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Презентация на тему "Мүсін жасау""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Культуролог-аниматор

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 631 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.02.2016 843
    • DOCX 32 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Данебекова Бану Турсынбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Данебекова Бану Турсынбековна
    Данебекова Бану Турсынбековна
    • На сайте: 8 лет и 8 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 86456
    • Всего материалов: 46

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой