Инфоурок Другое ПрезентацииПрезентация на тему "Олжас Сулейменовтың 80 жылдығы"

Презентация на тему "Олжас Сулейменовтың 80 жылдығы"

Скачать материал
Скачать материал "Презентация на тему "Олжас Сулейменовтың 80 жылдығы""

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Научный сотрудник музея

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • Олжас Сулейменовтың 80 жылдығыТ.Бигелдинов атындағы ЖОМ2016 жыл

    1 слайд

    Олжас Сулейменовтың
    80 жылдығы
    Т.Бигелдинов атындағы ЖОМ
    2016 жыл

  • ӨміpбаяныОлжас Омарұлы Сүлейменов 
(1936) — орыс тілді қазақ ақыны, тілтануш...

    2 слайд

    Өміpбаяны

    Олжас Омарұлы Сүлейменов 
    (1936) — орыс тілді қазақ ақыны, тілтанушы, саясаткер, ядролық қару-жарақтарды жаппай қолдануға қарсы тұрушы, Төтенше және Өкілетті Елші.
    1936 ж. Мамырдың 18 Алматыда дүниеге келген.
    1959 ж. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің Геология факультетін, кейін А.М. Горький атындағы Әдебиет институтын бітіреді.
    1962—71 жж. Казахстанская Правда ұнжариясының әдеби қызметкері, Қазақфильм киностудиясы сценарлық-редакцялық алқасының бас редакторы,Просторжурналының бөлім меңгерушісы болып жұмыстар атқарады.
    1971—81 жж. Қазақстан жазушылар одағы басқармасының хатшысы, сонымен бірге 1972 ж. Азия-Африка елдері жазушыларымен байланыс жөніндегі Қазақстандық көмитеттің төрағасы болды.


  • Өміpбаяны1981—83 жылдары Қазақ КСР кинематография жөніндегі мемлекеттік коми...

    3 слайд

    Өміpбаяны

    1981—83 жылдары Қазақ КСР кинематография жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы.
    1983—91 жылдары Қазақстан жазушылар одағы басқармасының бірінші хатшысы болды.
    1989 ж. ақпанында халқаралық Невада-Cемей ядролық қаруға қарсы қозғалысының президенті болды.
    1991 ж. қазанынан Қазақстан Халық конгрессі партиясының төрағасы, құрметті төрағасы болды.
    1994 ж. сәуірде шақырылған ҚР Жоғарғы кеңесі төрағалығына ұсынылады, мәжілісте өз үміткерлігін талаппен алып тастайды.
    1994—95 жж. ҚР Жоғарғы кеңесінің Қоршаған орта және табиғатты пайдалану комитетінің мүшесі.
    1995 ж. тамызынан бастап ҚР Италия республикасындағы, 1996 ж. сәуірінен Грекия республикасындағы, сондай-ақ Мальта республикасындағы төтенше және өкілетті елші міндетін атқарды.

  • Танымыл ақынПоэзия жайлы сөз қозғау қашан да қиын. Бұл әнші құстың дауысын он...

    4 слайд

    Танымыл ақын
    Поэзия жайлы сөз қозғау қашан да қиын. Бұл әнші құстың дауысын оның қауырсынды денесінен бөліп қараумен тең болар еді. Ал өзіңе ұстаз әрі үлгі тұтар тұлға деп санайтын адам туралы сөз қозғау одан да қиын. Дегенмен де айтуға болады, егер Бұл қажеттілік жүректен туған болса... Егер Бұл жағдайда өнегелік Ұстанымдары, оның ең бастылары — адамгершілік, адалдық, борыш үғымдары басшылыққа алынса... Дәл осы жерде Заратуштра заманынан бері айтылып келе жатқан көне даналықты қалай еске алмасқа: "Ӏзгі Сөз — Ӏзгі Ой — Ӏзгі Әрекет". Осы қасиетті өсиет бізге есімдері мен құнды мұралары келіп жеткен менің даңқты бабаларым Ұстанған ақиқаттың басты постулаттарының бірі болған.
    Сол тәрізді ақын Олжас Сүлейменовтің өмірі мен шығармашылығы да осы моральдық үш тағанның (триаданың) бастапқы мәнін бейнелейді. Бүгінгі таңда оның қазақ жеріндегі ең танымал ақын екендігіне күмән келтіретін адам да аз болар.

  • Олжас туралы жазылған дүниелер жетерлік, солардың бәрінің басын қосып жинақта...

    5 слайд

    Олжас туралы жазылған дүниелер жетерлік, солардың бәрінің басын қосып жинақтаса, бірнеше томдық еңбек болары сөзсіз. Оның ақындығы туралы тек өзінің Отанында ғана емес, сонымен қатар алыс елдерде де көп жазылды. Оның шығармашылығына таңдана қарап, осы жайында Памирден Прибалтикаға, Кіші Азиядан Парижге, Күнгей Кавказдан Германияға дейінгі аймақта өз пікірін білдірушілер көптеп табылды. Оның өлең жинақтары 100000 таралыммен жарық көріп, сол сәтте-ақ сирек кездесетін библиографиялық кітаптар қатарына еніп отырды. Ақынның өрбір жаңа ірі туындысы қызу талқыланды.
    Танымыл ақын
    Олжас Сүлейменов — құдіретті рухтың көңілінен шығып, өз замандастарын Ақиқат пен Сұлулыққа жақындата түсу үшін Алланың өділеттілікті аңсау мен соған деген ұмтылысты бүкіл болмысына енгізіп қойған ақындардың бірі. Шындығында, Сұлулықты суреттеген сайын біз оған бір қадам жақындай түсеміз!

  • Олжас қазақтар туралы көп жазды жөне сол жазғандарымен бүкіл әлемді қызықтыра...

    6 слайд

    Олжас қазақтар туралы көп жазды жөне сол жазғандарымен бүкіл әлемді қызықтыра алды. Мәскеуліктердің оның кітаптарын қалай дүкен сөрелерінен сыпырып-сиырып алып кеткендері менің есімде. Ал, "Аз и Я" кітабы туралы ештеңе айта алмаймын, Бұл менің құлшылық етер кітабым..." (Мегаполис, 13,05.2004 ж.). Ақын туындыларынан қазақ халқы бастан өткерген жарқын жылдардың қуанышқа толы сәттері мен қайғыдан көңілі қалған ұлы өмірінің беттерін құрауға болады. Қанша ғасырлар бойы үлесіне тиген көптеген ауыр сынақтарды басынан өткере отырып, өзіндік төл мәдениетін толық дерлік алғашқы қалыпта сақтай алған таң қаларлық және бірегей қазақ елі тағдырының куәсі болады.
    Танымыл ақын
    Ақынның өзі бұл жайлы былай дейді: "Біздің ұрпақ кристалдану үстінде. Халық арасында намыс қозғалысы жүріп жатыр. Қорлықта жүргендерде қуаныш үғымы болуы мүмкін емес. Ақындар халыққа намыс қозғалысына күш-қуат жеткізіп туруға міндетті". 

  • Олжас Сүлейменов — маңызды әрі теңдесі жоқ құбылыс. Оны ақынның әдеби еңбекте...

    7 слайд

    Олжас Сүлейменов — маңызды әрі теңдесі жоқ құбылыс. Оны ақынның әдеби еңбектерінің жоғары деңгейде бағалануы ғана дәлелдеп қоймайды. Сонымен қатар, Олжас — ақын, ойшыл, ғалым, саясаткер. Осы қасиеттердің бәрі де тек бір ғана бірегей тұлғаның эпостастары. Олжас саяси, өлеуметтік және мәдени ортада белгілі бір позиңияға ие ақынның тек о баста өзіне арнап берілген мүмкіндіктерді пайдалана отырып қана әрекет етуі қажет екендігін жақсы түсінді. Ол қаруы — сөз. Ол әдебиетке ерекше дауыспен енді. Оның шығармалары әу бастан-ақ ұлттық өдеби құбылыстарға толы болды, сонымен қатар сөз қадірін түсінер жүрттың көңілінен шықты және бүгінге дейін сол деңгейін жоғалтқан жоқ. Олжас Сүлейменов поэзиясы таусылмас күш-қуатпен сарқырай ағар серпінді ырғаққа негізделген. 
    Танымыл ақын
    Оның поэзиясы сөз қадірін білетіндер мен сөз зергерлеріне, сонымен қатар қарапайым оқырмандарға да орыс тілі арқылы қазақ халқының болмысын ашып көрсетуғе мүмкіндік туғызды. Ақын шығармашылығы өзіндік ерекшелігімен, афористілігімен және қаламғерлік шеберлігінің кемелділігімен таңдандырады. 

  • Ақын мен өлеңОлжас Сүлейменов — табиғатынан рухани бұғауланбаған адам. Еркін...

    8 слайд

    Ақын мен өлең

    Олжас Сүлейменов — табиғатынан рухани бұғауланбаған адам. Еркіндік — үнемі оның шығармашылық және қоғамдық қызметіндеғі негізгі ұстаным болып табылатын-ды. "Еркіндік" сөзінің мағынасы көп қырлы. Ақынның өзі де дәл осы үғымға бірнеше түсініктемелер үсынған. Заңғар биіктікте самғап үшу үшін де ауа қажеттігін ол жақсы түсінді. Сол себепті:
    Суретшінің шаруасы не далада.
    Дімкәс талант — далада емес —Молада.
    Еркіндіктің екінші аты — сол дала,
    Сол даланы жүр өлеңге бала да, —деп жырлайды. Өзіме рухани қырынан соншалықты жақын ақынды кайта-кайта оқи отырып, мен тағы бір керемет ақын әрі ойшыл Джебран Халилдің мына бір сөздерін еріксіз еске аламын. 

  • Ол былай деген еді: поэзия — күлімсіреудің нақты қасиетті көрінісі, ол — көз...

    9 слайд

    Ол былай деген еді: поэзия — күлімсіреудің нақты қасиетті көрінісі, ол — көз жасты құрғатушы белгі, адам болмысында тіршілік ететін рух; қуысы — жүрек, шарабы — махаббат. Дәл осы пікірді Олжас туралы да айтуға болатындай. Оның поэзиясы — өткір, жарқын және кіршіксіз таза. Оның мына бір қарапайым әрі балалық нанғыштық-пен айтқан сөздеріне мен сенемін:
    Мен қайғырам, Зәбір көріп қай халық
    Қасіретке батар болса қайғы алып.
    Айналайын, О, Қара Жер, айналшы,
    Мен өлейін бірге өзіңмен айналып.
    Оның поэтикалық шығармашылығы-ның ерекше белгісі — көркем образдардың айқын көрінісі болып табылады. Дала Олжас шығармашылығында "қыпшақтар" этнонимінің жиынтық атауы, ал Қула дүз көшпелі тайпалардың мекені деген ұғымды береді. Дала образы Олжас түсінігінде еркін әрі ерікті адам образымен тығыз байланысты.

    Ақын мен өлең

  • Уа, аруақ!
Бейбіт күннен өлмейді ер,
Жебедің бе,
Қан майданда жебей гөр!
Мейл...

    10 слайд

    Уа, аруақ!
    Бейбіт күннен өлмейді ер,
    Жебедің бе,
    Қан майданда жебей гөр!
    Мейлі маған жасын лақтыр,
    Жай таста!
    Бас сауғалап көрген емес айқаста.
    Бірінші боп жығылмаспын,
    Жығылсам
    Жығылармын ең ақырғы шайқаста.
    Ағып түскен жүлдызды мен
    Аруларды сүйіп түрып,
    Серт берем.
    Балатонга барар жолды сілтесең,
    Уа, аруақ,
    Айғырымды ерттер ем,
    Аялаған,
    Әлдилеген жан құрсын!
    Ағып өтем,
    Әнімнен түз жаңғырсын.
    Менен калған тостақ ізге қақ түрып.
    Ата жауым Содан шөлін қандырсын!
    Соқпақ-жолсыз сәті болмас сапардың,
    Атпен бірге жығылармын,
    Жатармын.
    Тасбақаша тарғыл құмды жамылып,
    Қатты үйқыға,
    Тәтті үйқыға батармын.
    Ақын мен өлең

  • Ақынның сөздерді аса шеберлікпен қолданатыны соншалықты дыбыстың алғашқы құбы...

    11 слайд

    Ақынның сөздерді аса шеберлікпен қолданатыны соншалықты дыбыстың алғашқы құбылуының таңғаларлық ойынына таңданбасқа шараң жоқ. Дегенмен өздеріңіз зейін қойып тыңдаңыздаршы:
    Балық-суын
    Қыран — оқтай қарқынын,
    Жаңбырлы Бұлт
    найзағайдың жарқылын.
    Қалай сүйсе,
    Сүйсе әлсіздер даңқты,
    Мен де сені солай сүйем,
    Жарқыным!
    Сонымен қатар, автор тек суреттеп қана қоймайды, құпия сезімдер тобын қозғалысқа түсіріп, көрген және естіген жайттардың өте айқын бейнеленген шынайы көрінісін береді. Сол себепті оқырман өзі де күтпеген жерден өлең жолдарының арасына жасырылған, әрең ұстап қалуға болатын интонация көмегімен суреткердің құпия ойларының үстінен шығады. Шынымен де Бұл өлең жолдары алаңсыз, таза өрі мөлдір емес пе?! Ақынның адам жанының ең асыл шектерін қозғайтын қайғы-қасіретті дәл суреттеуі соншалық, дәл сол кезде түйсінген сезімдер қазір де сол қалпында жүректі баурап алатын ерекше қабілетті, тебіреністі де таза өлең жолдарының шынайы құпиясының неде екенін мен біле алмадым. Мәңгілік тақырып — Суреткер мен Уақыт — еш уақытта ақынның назарынан тыс қалмаған және оның бар шығармашылығының қақ ортасын қызыл жолақ болып қиып жатқан өзекті тақырып.

    Ақын мен өлең

  • Алыс және жақын оқырмандар, Сіздер ақынның "ізгі сөз, ізгі ой, ізгі әрекеттер...

    12 слайд

    Алыс және жақын оқырмандар, Сіздер ақынның "ізгі сөз, ізгі ой, ізгі әрекеттеріне" менімен бірге қуансын дедім. Бұл жайлы Олжастың өз айтқаны:
    — Әр адамның өз жұлдызы
    түр пісіп,
    Сол үзілмек,
    Солай тағдыр құрылысы.
    Қалғиды элем,
    Қорылдаған тобырдан
    Ғасыр сайын
    Бас көтерер бір кісі.
    Қарып түскен қызыл
    Күйінде ол
    Айқай салып сасқаннан
    Оянады
    Қарғып тұрған кісідей
    Жүлдызы ағып түскен күні аспаннан.
    Жеті том және сегіз кітаптан тұратын аталған еңбекке енген шығармалар тек олардың жарыққа келу тәртібін ғана көрсетіп қоймайды, сонымен қатар автордың шығармашылық жолының көп қырлы мөдени-тарихи және ғылыми- көркем шындығын көрсететін рухани ізденістерін танытады. Аталған шығармалар жинағы ақынның барлық туындыларын қамтиды деп айта алмаймыз. Бұл тек белгілі бір деңгейде ғана Суреткер шығармашылығының елеулі кезеңін қамтиды

    Ақын мен өлең

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 334 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 08.02.2016 2019
    • PPTX 553.4 кбайт
    • 33 скачивания
    • Рейтинг: 1 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Атабаева Раушан Абдиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Атабаева Раушан Абдиевна
    Атабаева Раушан Абдиевна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 5
    • Всего просмотров: 93448
    • Всего материалов: 25

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой