Инфоурок Дошкольное образование ПрезентацииПрезентация на тему "Ормандағы сұлу ағаштар."

Презентация на тему "Ормандағы сұлу ағаштар."

Скачать материал

Білім беру салалары: Әлеуметтік орта, Қатынас.

Бөлімдер: Қоршаған орта, Тіл дамыту.

Такырыбы: Ормандағы сұлу ағаштар.

Мақсаты:

Білімділік: Балалардың ағаштар туралы білімдерін арттыру.

Дамытушылық: Балаларды дамытушылық ойындар арқылы көркемдік талғамын, ой-қиялын дамыту.

Тәрбиелік: Балаларды табиғат пен адам арасында қарым қатынас арқылы татулыққа, бірлікке, қамқорлық сезімдерін тәрбиелеу.

Әдіс - тәсілдер: Шаттық шеңбер, сұрақ – жауап, тыйым сөздер, тақпақ айту.

Қолданылатын көрнекіліктер: Ағаштардың түрлерінің суреттері. (Слайд)

Емен, қарағай, шырша, қайың, терек, жаңғақ, су, ермексаз, сүлгі, тасбақаның суреті.

Ұйымдастыру кезеңі: Шаттық шеңбер.

Балалар бір – бірімізге, қонақтарға алақан жылуымен, жүректен шыққан ыстық лебізімізді білдірейік.

     Арайланып таң атты,

     Алтын сәуле таратты!

     Жарқырайды күніміз,

     Жайнап түсті даламыз.

     Қайырлы таң, балалар!

     Қайырлы таң, апайлар!

     Біз ерекше баламыз,

     Айтқан тілді аламыз,

     Қонақтарды көргенде,

     Қуана қарсы аламыз.

 

Тәрбиеші: Балалар қонақтарға иіліп сәлем берейік. (Балалар қонақтармен амандасады).

Осы кезде орман дауысы жазылған үн таспа қойылады, табиғат көрінісінің суреті көрсетіледі. (Слайд).

- Балалар сендер орманмен доссындарма?

- Ол адамға не үшін қажет?

- Орман біздін досымыз.

- Орман біздін байлығымыз, орманда таза ауа, орман жануарлармен құстардың мекені.

- Орманда ағаштар көп болады.

 

Тәрбиеші:

- Дұрыс айтасыңдар, біздің табиғатымыз неше түрлі ағаштарға бай екен.

- Сендер ағаштардың түрлерін білесіңдерме?

(Слайд көрсетіледі).

- Емен, қайың, қарағай, шырша.

- Балалар ағаштар қандай бөлшектерден тұрады екен?

- Тамыры, діңі, бұтағы, жапырағы. (Балалардың жауабы)

(Тәрбиеші ағаштын бөлшектерін түсіндіріп айтып береді).

Жұмбақ жасыру:

         Ақ көйлекті көк желек,

         Орманда орны бір бөлек.

         Әннің аты деседі,

         Сазды жерде өседі.   (Қайың)

Балалар ағаштардың суреттеріне қарап сипаттап береді.

Қайың- сәнді, сымбатты, биік болып өсетін ағаштардың бірі.

-  Қайыңның қабығының түсі қандай?

- Ақ, қара сызықтарымен қабығы теріс, жылтыр, жапырағы жүрекке ұқсайды.   

- Қайыңнын тигізер пайдасы барма?

- Қайңнан біз шырын аламыз, онда дәрумендер көп болады.

Шырша- ол үнемі жасыл болып тұратын, жапырақтары тікенекті.

         Шырша адамға қуаныш сыйлайтын ағаш.

         Ал қарағай ағашы несімен көрікті?

         Қарағай биік сымбатты ағаш, денсаулық ағашы. Қарағай дәнімен құстар, тышқандар қоректенеді.

         Терек – біздің жеріміздің барлық жерлерінде өседі. Теректің гүлдері неге ұқсайды?

         Сырғаларға, сырғалары қауызданып ақ мамық тұқымы жан жаққа ұшып жерді ақ қар басады.

Кәне балалар өзімізді бұтақтар деп елестетейік. (Шеңберге тұрады)

 

Сергіту сәті:

Балалар біз кішкентай ғана бұтақтармыз, жарқырап өсіп келеміз. Аспанда жарқырап күн шықты.

Кенеттен аспанда жел пайда болады, аспанды бұлт басып, жаңбыр жауады. Осы кезде бұтақтар тонып жабырқайды. Жаңбырдан кейін күн шығады. Бұтақтар күнге бойын созып тербеледі. (Үн таспа әуені қосылады).

Ғажайып сәт: Осы кезде топқа ормашы келеді.

Сәлеметсіңдерме балалар, мен орманшы боламын.

Тәрбиеші: Сәлеметсің бе орманшы!

Орманшы балалармен танысады.

Сендер мұнда ағаштар туралы әңгімелестіндерме?

Бізге балалар келіп ағаштарды сындырып кетіпті, ол сендер емессіндерме?

Тәрбиеші: Жоқ, біздің балалар жақсы, олар орман тәртібімен табиғатты аялауды біледі.

Балалар: Балалар өз ойларын айтады.

Балалар орманшыға мақал-мәтел, тыйым сөздер айтып береді.

«Ағаш ексең аялап, басында болар саябақ»

«Бір тал ексең, он тал ек»

«Орман ел дәулеті, жер сәулет»

«Атаннан мал қалғанша тал қалсын»

«Жері байдың елі бай»

«Ағашты сындырма»

 

Енді балалар біз сендермен ойын ойнайық: «Жапырағына қарап ажырат»

Ойын барысы: Ағаштардың суретіне қарап әр ағаштың өз жапырақтарын ажыратып табу.

Балалар осы кезде ағаштар туралы тақпақтар айтады:

 

Орманшы: Мен сендерге орманның байлығы ағаштардың жаңғақтарын ала келдім. Жаңғақтарды сендер бақылап көріңдер.

Орманшының әкелген жаңғақтарына тәжірибе жасайды.

Балалар жаңғақты алақанға салып майыстырып көреді.

Неге майыспайды? (Өйткені олар құрғақ, қатты)

Жаңғақты жылы суға саламыз. Не өзгерді?

Жаңғақ судың бетінде қалқиды. Өйткені жеңіл.

Келесі күні жаңғақты көреді, түсі өзгереді, суды бойына сіңіріп жұмсақ қалпына келеді, стаканда су аз қалады.

 

Қорытынды:

Құрғақ жаңғақ қатты, жеңіл суға батпайды.

Ал судағы жаңғақтар жұмсақ, ауыр майысқақ келеді.

Тәрбиеші балаларға орманшы әкелген жаңғақтан тасбақаны мүсіндеуді ұсынады.

Тәрбиеші балаларға мүсіндеу жолдарын түсіндіріп береді. Тақтаға тасбақаның үлгісі қойылады. Балалар тәрбиешінің көмегімен тасбақаны мүсіндейді. (Ермексазбен жұмыс істеу тәсілі көрсетіледі).

(Орманшы балаларға ризашылығын білдіріп қоштасып, шығып кетеді).

 

Қорытынды:

Балалар бүгін біз сендермен не туралы әңгімелестік? (Балалардың жауабы)

- Ағаштардың пайдасы барма?

- Ағаштар ауаны тазартады.

- Біз олардан қағаз аламыз, жиһаз жасаймыз.

- Көрдіңдерме балалар ағаштар біздің өмірімізге ауадай қажет екен. Сондықтан ағаштарды аялап оларға қамқорлық жасап көбейту керек.

Тәрбиеші балаларды мақтап мадақтайды.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Презентация на тему "Ормандағы сұлу ағаштар.""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Садовод

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 033 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.02.2016 1866
    • DOCX 45 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жумабаева Гульмира Абуқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жумабаева Гульмира Абуқызы
    Жумабаева Гульмира Абуқызы
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 1973
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Здоровьесберегающие технологии в физическом развитии дошкольников и их применение в условиях ФГОС ДО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 72 человека из 31 региона
  • Этот курс уже прошли 1 774 человека

Курс профессиональной переподготовки

Система воспитательной работы с одаренными детьми в школе-интернат

Воспитатель

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 85 человек

Курс профессиональной переподготовки

Функциональные основы деятельности специалиста по организации и проведению молодежных мероприятий

Специалист по организации и проведению молодежных мероприятий

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Договоры и их правовое регулирование

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 13 регионов

Мини-курс

Эволюция и современное состояние искусства

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Маркетинг и продажи: стратегии и инструменты для успешного бизнеса

7 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе