Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Презентация на тему "Патриотизм " 11класс

Презентация на тему "Патриотизм " 11класс


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Патриоттық тәрбиеде Виксикология және геральдика ғылымдарының жас ұрпақ үшін маңыздылығы

Жұпарбаев Тұрсынбек Нақыпбекұлы

52 Б .Аралбаев атындағы орта мектебінің ғылыми әдістемелік жөніндегі орынбасары.

Қызылорда облысы,Жаңақорған ауданы,Жұлдыз ауылы

Еліміз тәуелсіздік алғалы жас ұрпақ бойында патриоттық сананы қалыптастыру ,ол үшін патриоттық іс-әрекет ұйымдастыру , отбасы, балабақша мен мектептердегі оқу –тәрбие процесінде патриоттық тәрбие беруді жетілдіру қажеттігі туып отыр. Патриоттық сезім отбасынан басталады. Өкінішке қарай, нарықтық қатынастардың кеңінен орын алуы, ересектердің тәрбиеге жеткіліксіз көңіл бөлуі, ата-аналардың уақытының жетіспеушілігі мен қолдарының тимеуі отбасындағы жастар тәрбиесінің ролін түсірді. Әрине, мұндай жағдайларда өзінің ескі арнасын жоғалтқан патриоттық, отансүйгіштік сезімдерді қалыптастыру мен оған тәрбиелеудің жаңа жолға оңайлықпен түсіп кете алмасы анық. Патриоттық сананы қоғамдық өмірде бекітетін бірден-бір институт — жоғары оқу орындары мен басқа да білім мен тәрбие беру мекемелері. Олардың көмегімен патриоттық сана қоғамдық өмірге бекітіліп, мемлекет тарапынан қолдауға және бағдарлауға ие болады. Бұл туралы Президент Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуына қатысты жақында жазылған Бағдарламалық тапсырмалық мақаласында ерекше ескерте келіп: «Мен жас ұрпақтың ел болашағы үшін маңызын атап көрсетіп келдім және атап көрсете беремін. Мемлекет әрбір жас адамның өз еліне міндетті түрде қажет болуы үшін бәрін де жасайды» — деген болатын. Осы ұстанымды басшылыққа алатын болсақ, бізге, жоғары оқу орындары ұстаздарына, тек оқу және оқыту процестерін төңіректемей, жастар болмысына әсер ететін құбылыстарды тұтастыра қарағанымыз жөн деп айтқан болатын.

Осы орайда патриоттық тәрбиені оқушы бойында қалыптастыру үшін мектепте жас ұрпақ бірлестігінде оқушылармен жүргізілген жұмыс тәжірбиені көпшілік назарына ұсынып отырғанды жөн көрдім. Жүргізілген жұмыс оқушыларға сұрақ -жауап, мәтін, суреттер арқылы төмендегі бағытпен тапсырмалар беріліп отырды.

Виксикология –туларды зерттейтін ғылым саласы

Мемлекеттік ту

1996 ж. 24 қаңтарда Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары (рәміздері) туралы Президенттің Конституциялық Заң күші бар Жарлығы күшіне енді. Осы заңға сәйкес Қазақстаң Республикасының мемлекеттік нышандары: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы, елтаңбасы және әнұраны болып табылады. Заңда Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ Қазақстан аумағында жүрген адамдар ҚР мемлекеттік туын, елтаңбасын, әнұранын құрметтеуге міндетті деп көрсетілген. Сонымен қатар занда мемлекеттік рәміздерді қорлағандардың ҚР заңдарына сәйкес жауапқа тартылатындығы да айтылған. Қазақстан Республикасы мемлекеттік туының түсі — ашық аспан түстес зеңгір көк. Түрлі рәміздерде қолданылатын түстердің өзіндік мән-мағынасы болатыны белгілі. Осы тұрғыда алғашқы геральдистердің бірі Ансельм жасаған кестеге (ХVІІ ғ.) жүгінетін болсақ, көк түс адалдықтың, тазалықтың белгісі екен. Қазақстанның туы - бірыңғай көк. Ол мемлекеттік тұтастық идеясын білдіреді. Туда бейнеленген шуақты күн — байлық пен берекенің, қыран — еркіндіктің белгісі. Ал, туда салынған ұлттық ою-өрнек қазақ халқының өнерін, көркемдік танымын білдіреді.

-Мемлекеттік ту мемлекеттік мекемелерде, шетелдегі елшіліктерде, консулдықтарда, әскери теңіз кемелерінде, әуе кемелерінде және т.б. жерлерде тігіледі немесе орнатылады.

Мемлекеттік тудың барлық белгілері салынған жалаушалар келіссөз үстелдеріне қойылады. Ресми қонақтарды қарсы алғанда, оларды шығарып салғанда машиналарға қадалады.

1-тапсырма. Мәтінді пайдаланып сөйлемдерді толықтырыңыз.

  1. ҚР-дың Мемлекеттік туының түсі...........................................

  2. Бірыңғай көк түс – ......................................................

  3. Туда бейнеленген шуақты күн – ......................., қыран .............................

  4. Мемлекеттік ту .......................................

  5. 1996 ж. 24 қаңтарда Республика Президентінің ......................................................

  6. ............................................ заң күші бар Жарлығы шықты.

  7. ҚР-дың азаматтары, ...................................., құрметтеуге .............................

  8. ................................................................жауапқа тартылады.

2-тапсырма. Бұлар ненің белгісі? Мәтінді пайдаланып жаубын жазыңыз.

Көк түс..................................................................................

Шуақты күн..................................................................................

Қыран.................................................................................

Бірыңғай көк түс..................................................................................

Ұлттық ою-әрнек...................................................................................

3-тапсырма. Үлгі бойынша мысалдарды өзгертіп, жұрнақтардың мәнін түсіңдіріңіз.

Ү л г і: Ту тігу — ту тікті ту тігіп жатыр — ту тігеді — ту тікпекші

Жарлық шығару ................................................

Заң қабылдау......................................................

Күшіне ену..........................................................

Жауапқа тарту...................................................

4-тапсырма. Асты сызылған сөздер мен сөз тіркестеріне сұрақ қойып сұраулы сөйлем жазыңыз.

  1. Мемлекеттік ту мемлекеттік мекемелерде, шетелдегі елшіліктерде, консулдықтарда, әскери теңіз кемелерінде, өуе кемелерінде жөне т.б. жерлерде тігіледі, орнатылады.

  2. Мемлекеттік тудың барлық белгілері салынған жалаушалар келіссөз үстелдеріне қойылады.

  3. Мемлекеттік ту ресми қонақтарды қарсы алғанда, оларды шығарып салғанда машиналарға қадалады.

5- тапсырма. ҚР мемлекеттік туының авторлары кім?

6-тапсырма. Сұрақ бойынша ой бөлісіңіз.

Қазақстанның елтаңбасында не бейнеленген? Олардың мән-мағынасын қалай түсінесіз?


Геральдика –елтаңбаларды зерттейтін ғылым

Елтаңба

Қазақстан Республикасының елтаңбасы шеңбер ішінде бейнеленген. Шеңбер тіршілік, шексіз өмір деген мағынаны білдіреді. Елтаңбадағы ең негізгі белгі — шаңырақ. Шаңырақ - киіз үйдің төбесіндегі күмбез тәрізді бөлігі. Оған уықтар шаншылады. Елтаңбада бейнеленген уықтар күн сәулесіндей айналаға тарап түр. Қазақ халқында "Отан отбасынан басталады" деген мақал бар. Демек, шаңырақ отбасы, үй деген ұғымды білдіреді. Әлемдік геральдика тарихында шаңырақ - тұңғыш рет қолданылған бейне. Шаңырағы бар елтаңба бұрын тарихта болған емес. Елтаңба композициясында - аймүйізді, алтын қанатты қос пырақ бар. Қос пырақтың қанаттары бір қарағанда, бауланған бидайға ұқсайды.

Қазақ — малсақ халық. Ат, жылқы, тұлпар — қазақ халқының тұрмысының негізі болған. Біле білсек, жылқы өз кезегінде адамзат өркениетінің дамуына ықпал еткен қой. Пырақтың мүйізі жеті буыннан тұрады. Жеті буың қазақтың "Жеті ата" ұғымын біддіреді. Жалпы қазақ халқы мүйізді ерекше қастерлейді. Елтаңбада шаңырақ пен қос пырақтан басқа бес бұрышты жұддыз бейнеленген. Елдің аты алтын түсті әріппен жазылған.

1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. ҚР-дың елтаңбасында нелер бейнеленген?

  2. Шеңбер қандай мағынаны білдіреді?

  3. Елтаңбадағы ең негізгі белгі деп нені атауға болады?

  4. Геральдика тарихында алғаш рет қолданылған бейне қалай аталады?

  5. Елтаңбада бұлардан басқа тағы нелер салынған?

2-тапсырма. Сөздер мен сөз тіркестерін оқып аударыңыз, олармен сөйлем құрастырыңыз.

Киіз үй, шаңырақ, күмбез, уық шаншу, қос пырақ, мүйіз, бауланған бидай, бес бұрышты жұлдыз, шеңбер, шексіз өмір, мағына, ұғым, малсақ халық, тұрмыс-тіршілік, адамзат өркениеті, тарихта болған емес, біле білсек, буын, қастерлеу, ұқсау, ықпал ету, бейнелеу, білдіру, алтын әріппен жазу.

3-тапсырма. Сөйлемдерді толықтырыңыз.

  1. ҚР-дың .................... шеңбер ішінде бейнеленген.

  2. Шеңбер .................... деген мағынаны білдіреді.

  3. Шаңырақ - киіз үйдің төбесіндегі күмбез тәрізді бөлігі. Оған уықтар ....................

  4. Елтаңбада бейнеленген уықтар .................... айналаға тарап түр.

  5. Қазақ халқында "Отан .................... " деген мақал бар. Демек, шаңырақ отбасы, үй

деген...................

  1. Әлемдік геральдика тарихында шаңырақ - тұңғыш рет .................... бейне.

  2. Шаңырағы бар елтаңба бұрын .................... болған емес.

  3. Елтаңба композиниясында — .................... қос пырақ бар.

  4. Қос пырақтың қанаттары бір қарағанда, .................... ұқсайды.

  5. Қазақ ................ халық.

  6. Ат, жылқы, тұлпар — қазақ халқының ........................... негізі болған.

  7. Пырақтың мүйізі жеті .................. тұрады.

  8. Жалпы қазақ халқы ............................ ерекше қастерлейді.

  9. Елтаңбада шаңырақ пен қос пырақтан басқа ............................ бейнеленген.

  10. Елдің аты алтын..............................жазылған.

4-тапсырма. Бұлар ненің белгісі?

Шаңырақ.............................................................................................................

Ұлттық ою-өрнек...............................................................................................

Шеңбер................................................................................................................

Қыран..................................................................................................................

Бірыңғай көк түс................................................................................................

5-тапсырма. Дұрыс па? Бұрыс па?

  1. ҚР-ның мемлекеттік туы шеңбер ішінде бейнеленген.

  2. Шеңбер тіршілік, шексіз өмір деген мағынаны білдіреді.

  3. Елтаңбадағы ең негізгі белгі — қыран құс.

  4. Уық — киіз үйдің төбесіндегі күмбез тәрізді бөлігі.

  5. Әлемдік геральдика тарихында шаңырақ - тұңғыш рет қодданылған бейне.

  6. Шаңырағы бар елтаңба бұрын тарихта болған емес.

  7. Мемлекеттік туда — аймүйізді, алтын қанатты қос пырак бейнеленген.

  8. Қос пырақтың қанаттары бір қарағанда, күн сәулесіндей айналаға тарап түр.

  9. Елтаңбада шаңырақ пен қос пырақтан басқа қазақтың үлттық ою-өрнегі бейнеленген.

  10. Елдің аты зеңгір көк түсті әріппен жазылған.

6-тапсырма. Тиісті септік жалғауларын жалғаңыз.

  1. Қазақстан Республикасы... елтаңбасы шеңбер іші ... бейнеленген.

  2. Шеңбер тіршілік, шексіз өмір деген мағына – ... білдіреді.

  3. Елтаңба – ... бейнеленген уықтар күн сәулесіндей айналаға тарап түр.

  4. Қазақ халқында "Отан от басы... басталады" деген мақал бар.

  5. Шаңырағы бар елтаңба бұрын тарих – ... болған емес.

  6. Қос пырақ – ... қанаттары бір қарағанда, бауланған бидай – ... ұқсайды.

  7. Пыракгың мүйізі жеті буын – ... тұрады. Жеті буын қазақтың "Жеті ата" ұғымы – ... білдіреді.

  8. Жалпы қазақ халқы мүйіз – ... ерекше қастерлейді.




7 тапсырма. Тест сұрақтарына жауап беріңіз.


1.Шуақты күн ненің белгісі?

а)адалдықтың,тазалықтың,

ә)байлық пен берекенің,

б)шексіз өмір,

в)еркіндік

г)көркемдік таным белгісі.

2.Туда бейнеленген қыран ненің белгісі ?

а)шексіз өмірдің.

ә)адалдықтың.

б)тазалықтың.

в)еркіндіктің.

г)байлықтың.

3.Туда бейнеленген ою-өрнек қазақ халқының … білдіреді.

а)өнерін, көркемдік танымын.

ә)шексіз өмірді.

б)молшылықты.

в)байлықты.

г)берекені.

4.Бірыңғай көк түс қандай мемлекеттік идеяны білдіреді?

а)бөлектену идеясын.

ә)бәсекелесу идеясын.

б)бөлісу идеясын.

в)ажырасу идеясын.

г)тұтастық идеясын.

5.Көк түс ненің белгісі ?

а)шексіз өмірдің.

ә)бостандықтың және еркіндіктің.

б)Адалдық және тазалықтың.

в)байлық пен берекенің.

г)тұтастық және қосылу.

6.Елтаңбадағы шаңырақ қандай ұғымды білдіреді?

а)Пырақ жеті буыннан тұрады.

ә)Алтын қанатты қос пырақ.

б)Шексіз өмір.

в)Көркемдік таным.

г)Отбасы, үй.

7.Елтаңбадағы шеңбер қандай ұғымды білдіреді?

а)Шексіз өмір.

ә)Адалдықты.

б)Тазалықты.

в)Бостандықты.

г)Еркіндікті.

8.Туда бейнеленген қыран ненің белгісі?

а)Байлықтың.

ә)Бірліктің.

б)Еркіндіктің.

в)Тазалықтың.

г)Адалдықтың.

9.Туда салынған … қазақ халқының өнерін, көркемдік танымын білдіреді:

а)Шеңбер.

ә)Шаңырақ.

б)Қос пырақ.

в)Қыран.

г)Ұлттық ою-өрнек.

10..Қазақстан елі ....

а)егеменді, тәуелді

ә)егеменді, тәуелсіз

б)егеменсіз, тәуелді

в)тәуелді, егеменсіз

г)тәуелсіз,егеменсіз

11.Қазақстанның туында ... бар.

а)ою-өрнек, қыран, күн

ә)қыран, алтын жұлдыз

б)қыран,шаңырақ

в)пырақ,жазу

г)күн сәулесі,жұлдыз

12.Елтаңбада ... бар.

а)шаңырақ, алтын жұлдыз

ә)алтын жұлдыз,қыран

б)кереге, шаңырақ

в)күн,ою-өрнек

г)ою-өрнек, жазу

Қорытынды

Біз патриоттық тәрбие беру шеңберінде азаматтық-патриоттық тәрбие, қоғамдық-саяси және құқықтық тәрбие, рухани-адамгершілік тәрбие беру секілді бағыттарды дамытуды көздейміз. Аталмыш бағыттар бойынша жұмыстар оқушы бойында нық азаматтық ұстаным мен патриоттық сананы қалыптастыруға септігін тигізеді.Сондай-ақ білім беру мекемелерінде мемлекеттік Рәміздерді білуге арналған конкурстар мен олимпиадалар, «Бұл — біздің Ту!», «Бұл — біздің Елтаңба!», «Бұл — біздің Гимн!» патриоттық акциялары, Қазақстан тарихын білуге арналған конкурстар мен олимпиадалар, өзге ұлт өкілдері болып табылатын оқушылар арасында әдеби конкурстар, патриоттық әндер конкурстары, мемлекеттік мерекелер — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне, Наурыз мейрамына, Қазақстан халқының бірлігі күніне және т.б. арналған мерекелік бағдарламалар жиі өткізілсе оқушы бойында өз отаны үшін мақтаныш сезімін қалыптастырудың тиімді тәлім-тағылымдық жолдарын қарастыру бағытындағы ізденістерін жалғастыра береді деп сенім білдіремін

Пайдаланылған әдебиеттер:


1.Қ.Ә.Қарабаева «Қазақ тілі», Алматы «Қазақ университеті» 2004.

2.2011 жылғы Қазақстан Республикасының Президентінің 28 қаңтардағы жолдауы

3. ҚР Білім беру мекемелерінде тәрбенің кешенді бағдарламасы

4. Құттыбаева С.Ж. Қазақстандық патриотизм мен толеранттыққа тәрбиелеу-мұғалімнің басты борышы. // Тарих Қазақстан мектебінде. - №4. - 2010.




Автор
Дата добавления 09.08.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров380
Номер материала ДA-002768
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх