Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / ИЗО, МХК / Презентации / Презентация на тему Портрет "Коллаж"

Презентация на тему Портрет "Коллаж"



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • ИЗО, МХК

Поделитесь материалом с коллегами:

Пәні

Бейнелеу өнері.

Сыныбы

4-сынып.

Уақыты

27.11.2014ж.

Сабақтың тақырыбы:

Портрет. (коллаж). Ашық сабақ.

Сабақтың мақсат, міндеттері:



Оқушылардың портрет өнері туралы білімдерін арттыру. Бейнелеу өнері тілін түсінетін зейінді де сергек көрермендерді тәрбиелеу. Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, өнерге қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту.


Сабақтың әдісі:


Теориялық, машықтық, сұрақ –жауап.

Көрнекілігі:


Суретшілердің шығармашылық туындылары,сөзжұмбақ,мата ,қағаз түрлері.

Пән аралық байланыс:

Ана тілі, дүниетану,еңбек, психология,музыка.

Сабақтың барысы

Мұғалімнің қызметі

Оқушының қызметі

Күтілетін нәтиже

IҰйымдастыру бөлімі

Оқушыны түгендеу,назарларын сабаққа аудару.

Бар зейіндерін сабаққа аудару.


IIӨткен материалды қайталау.

1.Портрет деген не?

2.Қандай суретшілердің портреттерін білесіңдер?


Үй тапсырмаларын сұрақтар арқылы зейіндерін аудару.

Сұрақтарға жауап беруін қадағалау.


III. Жаңа материалды түсіндіру. Балалар мына жұмбақты шешейікші:

Бір топ адам көрдім,

Жүрмей тұрған жабысып.

Түсін танып тұрсаң да,

Жауап айтпас танысып. (адамның суреті.)


Екі бала қатар тұрса да,

Бірін-бірі көрмейді.(көз).

Күмбір-күмбір қарағым,

Қартайғанша жарадың. (құлақ).


Міне балалар осы жұмбақтар адамның бет құрылысына байланысты айтылған жұмбақтарды шештік. Өткен сабақта біздер портрет тақырыбын өттік енді сол тақырыпты жалғастырамыз. Портрет тақырыбын бүгінгі сабағымызда коллаж өнерімен бастағалы отырмыз. Сендер білесіңдер коллаж- аппликацияға ұқсайды, бірақ коллажда түрлі түсті қағазбен қатар мата, газет,фольга, журнал суреттері, кептірілген өсімдіктер, құс қауырсындары және басқа көптеген материал қолданылады.

Сарамандық жұмыс: Оқушыларға коллаж тәсілімен портрет жасап шығатынымызды айтып түсіндіремін. Екі оқушыдан бірігіп жасау.

1.Портретте бейнелегелі отырған адамның мінез-құлқын көрсетіп, тұлғалық ерекшелігін беру маңызды.

2. Портреттің композициясы, көлемі мен пішімі де маңызды. Бір адам отырған жағдайда қағазымызды тігінен, ал бір топ адамды салғанда қағазымызды көлденеңнен пайдаланамыз.

3. Біз де портрет салып көрейік. Ол жай портрет қана емес, стильді үлгіде болсын.

4. Портрет салғанда өзіңнің бақылағаныңды, нақты бір адамды бейнелеп жасау. Сарамандық жұмыс кезінде кампютерден «Көңіл толқыны» атты әуен жаймен орындалып тұрады.

Оқушылар түрлі түсті қағаздар, мата қиындылар, клей,тоқыма жіптер пайдаланады. Әр оқушыны аралап жасап жатқан жұмыстарына қадағалап қараймын. Жұмыс соңында оқушылар өздерінің жасаған жұмыстарын таныстырып, қандай материалдардан жасағаны жөнінде айтады. Содан соң балалардың жұмыстарынан шағын көрме жасаймыз.

Сарамандық жұмыс аралығында музыкалық сергіту сәтін жасаймыз.

Егер уақыт қалып жатырса, оқушыларға шаршау, досымен ойын ойнау, қабағын түйю, күлу, өлең айту, кітап оқу, сабақ жазу деген сөздерді конвертке салып, сөздердің мағынасын балалар мимика арқылы қандай екенін көрсетеді.

hello_html_50dab69d.gif

IV. Жаңа білімді бекіту.

Өткен материал бойынша пысықтау сұрақтар қою.

«Портрет» сөзжұмбағын шешу


Берілген тапсырмалар мен сұрақтарға мұқият тыңдап жауап беру.

Жаңа сабақ бойынша білімдерін тексеру.

Сөйлеу мәдениеті шыңдалып,ойын толық айту.

Оқушылардың жауабын тыңдау.

V. Үйге тапсырма.

Досыңның суретін салу.

Қорытындылау.

Жұмыстарды оқушылармен бірге көре отырып, ондағы ең шынайы және қызық жұмыстарды атап өту керек.

Көрме ұйымдастыру.

Бағалау.




57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 25.01.2016
Раздел ИЗО, МХК
Подраздел Презентации
Просмотров74
Номер материала ДВ-376449
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх