Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / География / Презентации / Презентация на тему "Расселение населения мира"

Презентация на тему "Расселение населения мира"

Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • География
Халық тығыздығы Халықтың қоныстануы. Халықтың ауылдық және қалалық болып елді...
Халық тығыздығы деп территорияның қоныстану дәрежесі, халықтың территориядағы...
Жылдар	Халықтың барлық саны	Барлық халық санындағы үлесі, %	 2000	барлығы	қал...
Әлемнің жекеленген елдері ішінде халықтың қоныстануы көбінесе ергежейлі мемле...
«Қоныстану» термині күрделі болып табылады және мәні бойынша біріншіден, халы...
Көшпелі және жартылай көшпелі қоныстану. Бұл форма көбіне әлемдегі ондаған мл...
Дүние жүзінде қалаларды бөліп қарастыру үшін басқа да критерийлер де қолданыл...
Ауылдық елді мекендердің нақты және толық сипаты жоқ. Олай болатын болса, ауы...
Ауыл шаруашылықты елді мекендерге негізгі қызметі ауыл шаруашылық және ауыл ш...
Су жүйелерінің және т.б рельефтің жекелеген элементтеріне байланысты топограф...
Ауылдық елді мекендер генезис бойынша да (шығуына байланысты) классификацияла...
Қалалар адамдар артық өнім шығарып, өзінен артық қалған жағдайда оны сатуға м...
Қалалармен қатар территориялық тұтастықтармен функционалды өзара байланысқан...
Әлемдегі ірі астаналық орталықтар, яғни ірі қалалардың халық саны төмендегіде...
Қалақұрылымдаушы салалармен қатар қалаларға қызмет көрсетуші салалар да бар....
Урбандалу (латын тілінен urbus – «қала») – қалалардағы халық пен өнімнің конц...
Қала агломерациялары – өндірістік, әкімшілік, еңбек, мәдени-тұрмыстық байланы...
№ р/с	Мегаполис атауы	Құрамындағы агломерациялар саны 	Халық саны, млн.адам...
Дамыған мемлекеттің агломерациясында субурбандалу, яғни агломерация мен қала...
1 из 20

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1
Описание слайда:

№ слайда 2 Халық тығыздығы Халықтың қоныстануы. Халықтың ауылдық және қалалық болып елді
Описание слайда:

Халық тығыздығы Халықтың қоныстануы. Халықтың ауылдық және қалалық болып елді мекен құру ерекшеліктері Ауылдық мекендердің географиясы

№ слайда 3 Халық тығыздығы деп территорияның қоныстану дәрежесі, халықтың территориядағы
Описание слайда:

Халық тығыздығы деп территорияның қоныстану дәрежесі, халықтың территориядағы 1 км2 аумағына келетін тұрақты санын атайды. Қоныстанудың ұзақ процесі мен Жердегі ұзақ шаруашылықтың игерілуі жеке райондардағы нақты табиғи, тарихи және экономикалық шарттарына тығыз байланысты. Халықтың қоныстануы мен тығыздық көрсеткіштеріне халықтың жалпы демографиялық айырмашылықтары көп ықпалын тигізді. Қоныстанған құрлықтағы (ойкумен) халықтың орта тығыздығы шамамен 40 адам/км2 сәйкес келеді. Олай болатын болса, адамдардың шамамен 70%-ы жер құрлығының 7%-да тұрады да, ал өмір сүруге болатын құрлықтың жартысы шамамен халық қоныстануының 5адам/км2 –қа сәйкес келеді. Адамдардың аяғы бірде рет басылмаған құрлықтардың әлем бойынша үлесі 15 %-ға келеді, олар: поляр қасындағы аумақтар, шөлді жерлер мен биік таулар жоталары болывп табылады. Бұл жерлер табиғи шарттары бойынша адам өміріне өте экстремалды болып келген. Әрине, адамдардың көп бөлігі өмірге қолайлы және табиғи шарттары қалыпты, шаруашылық ұйымдастыруға да тиімді жерлерге шоғырланған: қоңыржай, субтропикалық және субэкваториалды белдеулердің қастарында, теңіз деңгейінен 500 м болатын ойпаттар мен жазықтықтарда және теңіздер мен мұхиттар айналысынан шамамен 200 км жерлерде таралған. Халықтың тек 10%-ы ғана тау жоталарында (теңіз деңгейінен 1000 м биіктікте) және ішкіконтиненталдық кеңістіктерде (жиектерден 1000 км жерлерде) өмір сүреді. Егер де халықтың біркелкі емес қоныстануының географиялық мысалдарын жалғастыра берсек, онда мынаны айтып кету керек: Оңтүстік жарты шарында халықтың жалпы 86%-ы шоғырланған, ал Солтүстік жарты шарында халықтың 90%-ы шоғырланған екен. Еуропа мен Азия елдеріндегі халықтың қоныстануы ірі региондар ішіндегі ең ірілері болып табылады-әлемдегі халықтың орта тығыздық көрсеткішінен шамамен 3есе үлкен (100 адам/км2 –дан аса), ал Америкада ол көрсеткіш 2есе кіші болса, Австралия мен Океания елдерінде 10 есе кіші болады.

№ слайда 4 Жылдар	Халықтың барлық саны	Барлық халық санындағы үлесі, %	 2000	барлығы	қал
Описание слайда:

Жылдар Халықтың барлық саны Барлық халық санындағы үлесі, % 2000 барлығы қала ауыл Қала Ауыл 2001 14901641 8397566 6504075 56,3 43,7 14865610 8413399 6452211 56,5 43,5 2002 14851059 8429331 6421728 57 43 2003 14866837 8457152 6409685 57 43 2004 14951200 8518242 6432958 57 43 2005 15074767 8614651 6460116 57 43 2006 15219291 8696520 6522771 57 43 2007 15396878 8833249 6563629 57,3 42,7 2008 15571506 8265935 7305571 53 47

№ слайда 5 Әлемнің жекеленген елдері ішінде халықтың қоныстануы көбінесе ергежейлі мемле
Описание слайда:

Әлемнің жекеленген елдері ішінде халықтың қоныстануы көбінесе ергежейлі мемлекеттер ішінде аса үлкен дәрежеде болады. Мысалы, Монако мемлкетінде ол көрсеткіш 15,5 мыңнан тұрса, Сингапурда 4,5 адам/км2 –қа сәйкес келеді. Ірі елдердің ішінде ол көрсеткіш көбінесе Бангладеш елінде – 800 адам/км2-ден асады. Әлемдегі ірі қалалардың орта тығыздығы мынаған тең: Қытай – 125 (таулы жоталарды санамағанда – 200), Үндістан – 300, АҚШ – 27 адам/км2 . Әлемдегі халықтың тығыздық картасында анық түрде жоғары тығыздықтың бес негізгі ареалы еркшелініп бөлінеді. Алғашқы үшеуі Азияда орналасқан. Еі ірі ареал – Шығыс Азияда (Қытай, Корей Республикасы, Жапония және ҚХДР). Орта тығыздық жалпы орын түрде (таулы жоталарынан басқасы) 200 адам/км2 –нан асады, ал Янцзы жазығында, Корея мен Жапония Республикасында 300 адам/км2 –асады. Мұнда 1,5 млрд адам шамасында тұрады. Халықтың екінші ірі топтасуы-Оңтүстік Азияда (Үндістан, Бангладеш, Пакистан, Шри-Ланка), оның орта тығыздығы шамамен 300 адам/км2 –ға сәйкес келіп, оның көп дәрежедегі қоныстануы Ганг пен Брахмапутра жазықтығына сәйкес келді – 500 адам/км2 шамасында. Бұл жерлердегі халық саны шамамен 1 млрд адамға сәйкес келеді. Үшінші ареал – Азияның оңтүстік-шығыс жағы (Индонезия, Таиланд, Филиппин). Оның халығы шамамен 300 млн адамнан тұрады. Төртінші ареал – батысеуропалық (Ұлыбритания, Бенилюкс, Францияның солтүстігі, Германия), оның орта тығыздығы 200 адам/км2 шамасында. Қоныстанудың бесінші ірі топталуы АҚШ мемлекетінің солтүстік-шығысында және Канаданың оңтүстік-шығысы мен Атлант жиегі мен Ұлы көлдері аралығында таралған. Егер де тығыздықтың осы үлкен сандық көрсеткіштерін Ресейдегі көрсеткіштермен салыстыратын болсақ, онда осы сандық көрсеткіштер Ресейдің тек Мәскеу аумағында (Мәскеу мен Мәскеу облысы) ғана кездеседі, оның халық тығыздығы 300 адам/км2 шамасында, ал орта деңгейде қоныстанған Орталық экономикалық районында ол көрсеткіш 60 адам/км2 шамасына тең. Жалпы түрде Ресей аумағында халық тығыздығы 8.4 адам/км2 (ауылды жерлерде – 2.3) шамасына тең. Ресейдегі халық тығыздығының картасы Ресей аумағындағы батыс шекаралардан Тынық мұхитына қарай халық тығыздының тарлану процесін анық түрде көрсетеді: Орталық Ресейден Поволжье, Орталық және Оңтүстік Орал, Батыс пен Шығыс Сібірдің оңтүстігінен Алыс Шығыстың оңтүстігіне дейін, негізінде Транссібірлік магистраль бойымен келеді. Осы халық қоныстануының негізгі магистралінен қосымша басқа жақтарында қоныстанудың көп топталуы Кавказдың солтүстік бөлігінде де кездесе береді (көбінесе оның батыс жақтарында). Табиғи жақтан қарайтын болсақ, негізгі магистраль жолы далалық, дала-орманды зоналар мен тайганың оңтүстік региондарына сәйкес келеді. Бұл зоналар көбінесе ауыл шаруашылығымен айналысуға қолайлы, біздің халық осы жерлерде баяғыдан бері тұрып, халық шаруашылығымен баяғы заманнан бастап айналысуда. Негізгі магистраль шекараларында жалпы қоныстану әлем бойынша халықтың 2/3-не сәйкес келеді.

№ слайда 6 «Қоныстану» термині күрделі болып табылады және мәні бойынша біріншіден, халы
Описание слайда:

«Қоныстану» термині күрделі болып табылады және мәні бойынша біріншіден, халық орналасуының тарихи процесін көрсететін болса, екінші жағынан халықтың көші-қон процесін де білдіруі мүмкін. Сонымен қатар ол халықтың жалпы бір территорияны басып алу немесе қоғамдағы жалпы ұйымдардың кеңістік формаларын да білдіруі мүмкін. Халықтың қоныстануы – халықтанған пункттері бойынша белгіленген территориялардың халықпен толық қамтылу процесін атайды. Әлемдегі түк болмаса бір адаммен болса да қоныстандырылған жер халықтанған немесе қоныстандырылған пункт деп аталады. Егер баяғыда қоныстану қосымша болып, өндірістің динамикалық өзгертпелі географиясынан кейін тұратын болса, қазіргі кезде көбінесе дамыған елдерде өндірістік халықтың қоныстануына қарай негізделеді, себебі қазіргі уақытта халық орналастырудың негізгі факторы болып табылады. Әлемнің ірі кеңістіктерінде кездесетін елді мекендер алуан түрлі болып келеді және нақты түрде мөлшерлері, функциялары, табиғи және территориалды ерекшеліктері, жобалануы бойынша, материалдық жағдайы және т.б. қасиеттері бойынша бір-бірінен ерекшелінеді. Осы айтылған параметрлер бойынша елді мекедердің классификациясын жасауға болады.

№ слайда 7 Көшпелі және жартылай көшпелі қоныстану. Бұл форма көбіне әлемдегі ондаған мл
Описание слайда:

Көшпелі және жартылай көшпелі қоныстану. Бұл форма көбіне әлемдегі ондаған млн адамға ғана тән, олар көбіне Африканың солтүстігінде орналасқан шөлді және шөлейтті жерлерінде және Орталық Азия жерлерінде таралған. Қоныстанудың осы формасымен тұратын адамдар тобы көбіне мал шаруашылығымен айналысып, таулы және жазықтықты жайлау жерлерін белгілі бір мезгіл бойынша пайдаланды. Елдердің көбісінде көшпелі және жартылай көшпелі қоныстанумен тұратын халық қазіргі кезде отырықшылыққа көшіп жатыр. Мысалы, Ресей жеріндегі жылқы шаруашылығы бағу тәсіліне ауысуда, яғни енді мал бағу бақташылар тобы арқылы жүзеге асатын болады. Отырықшы қоныстану Топтық (ауылдық және қалалық) және дисперсиялық (аграрлық және қызметтік елді мекендер) қоныстанудан тұрады. Ауылдық және қалалық болып бөлінуінде өзінің ашылмаған нәрселері көп. Қала – халқы ауыл шаруашылығымен түк байланысы жоқ қызметтің басқа салаларымен айналысатын ірі қоныстанған пункт болып табылады. Қаладағы халықтық критерий Данияда 200 адам айналысында тұрақталады, мұнда көбінесе хуторлық қоныстану таралған, ал Қытай елінде 100 мың адам шамасында. АҚШ елінде адамдардың бастапқы қоныстану саны 2,5 мың адамнан басталады. Әлемдегі қалаларды бөліп қарастыру үшін административті критерий (Алжир, Эквадор) пайдаланылады. Революцияға дейінгі Ресейдегі барлық административті орталықтар (уездтік, губерниялық) олардың өлшеміне немесе ондағы халық қызметіне қарамастан қала болып саналды. Ал административті функцияларды атқармайтын ірі қалалар, мысалы, Иваново, «штаттық емес» деп айтылды.

№ слайда 8 Дүние жүзінде қалаларды бөліп қарастыру үшін басқа да критерийлер де қолданыл
Описание слайда:

Дүние жүзінде қалаларды бөліп қарастыру үшін басқа да критерийлер де қолданылды, мысалы, қоныстану тығыздығы немесе құрылыс тығыздығы. Олай болатын болса, Жапонияда қала деп халық тығыздығы шамамен км2 -на 4 мың адам болып, ондағы халық топталуы 50 мың адам шамасында болатын қоныстанған пункттерді атайды. Кейбір дамушы елдерінде (Замбия, Индонезия, Перу) қала белгілері дейтін жаңа критерийлер енгізілген. Яғни ол критерий материалдық жағдай мен белгілі бір өмірге қолайлы шарттардың (жабдықталған көшелер, электр тогының болуы, канализация, мәдени-тұрмыстық мекемелердің желісі) болуы деп түсіндіріледі.

№ слайда 9 Ауылдық елді мекендердің нақты және толық сипаты жоқ. Олай болатын болса, ауы
Описание слайда:

Ауылдық елді мекендердің нақты және толық сипаты жоқ. Олай болатын болса, ауылдық елді мекендер деп қалалық елді мекендердің критерийлеріне сәйкес келмейтін барлық елді мекендер жатады. Олай болатын болса, ауылдық елді мекендерге мемлекеттің барлық өндірістік, транспорттық, орман шаруашылығымен айналысатын және де санаторий, демалыс үйлерінде және насосты станцияларда, орман мектептерінде және ғылыми саладағы объектілерде пайда болған жұмыстық ауылдардың барлығы да жатады. Сонымен қатар дисперсиялық қоныстануға (латынша dispersis- «таралған») бірлік құрылыстардың жалпы массасы жатады: жолдық өтушілердің үйлері, орман күзетшілерінің үйлері, маяк қарайтындардың үйлері және т.б. Дүние жүзіндегі ауылды елді мекендердің саны бойынша нақты деректер жоқ, себебі әлем бойынша ауылды елді мекендердің нақты саны анықталмады. Жалпы түрде олардың санын 12-20 млн шамасында деп санап жүр. Ауылды елді мекендерді фукционалдық жағынан ауыл шаруашылықты, ауыл шаруашылықты емес және аралас деп бөлуге болады. Ауыл шаруашылықты елді мекендерге негізгі қызметі ауыл шаруашылық және ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру болып саналатын елді мекендерді жатқызуға болады. Жердегі ауылды елді мекендердің көбісі ауыл шаруашылығымен айналысады. Сондықтан да ауылды елді мекендердің басым бөлігі ауыл шаруашылықты емес саламен айналысатын елді мекендер жатады. Олардың дамитын елдердегі жалпы үлесі 30 дан 70 % шамасында болатын болса, дамушы елдерде – 100%. Біздің елде ол көрсеткіш шамамен 50 %.

№ слайда 10 Ауыл шаруашылықты елді мекендерге негізгі қызметі ауыл шаруашылық және ауыл ш
Описание слайда:

Ауыл шаруашылықты елді мекендерге негізгі қызметі ауыл шаруашылық және ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру болып саналатын елді мекендерді жатқызуға болады. Жердегі ауылды елді мекендердің көбісі ауыл шаруашылығымен айналысады. Сондықтан да ауылды елді мекендердің басым бөлігі ауыл шаруашылықты емес саламен айналысатын елді мекендер жатады. Олардың дамитын елдердегі жалпы үлесі 30 дан 70 % шамасында болатын болса, дамушы елдерде – 100%. Біздің елде ол көрсеткіш шамамен 50 %. Ауылшаруашылық емес елдік мекендердің тұрғындары қоныстану пункттерін рекреационды жақтан қамтамасыз етеді (алдымен қалалықты), сонымен қатар қорық және қорғау зоналарында табиғи қорғау функцияларын қамтамасыз етеді. Бұл елдік мекендер маятникті мигранттеар қалаларында жұмыс жасайтын адамдардың негізгі тұратын жерлері болып табылады. Үшінші функционалдық топты құрайтын аралас ауылдық елді мекендерге біріншіден, аграрлы-индустриялды елді мекендер; екіншіден, жергілікті әкімшілік және мәдени-тұрмыстық функцияларды атқаратын елді мекендер; үшіншіден, тұрақсыз мигранттардың үлес салмағы көп мигранттар орналасқан қала шетіндегі елді мекендер жатады.

№ слайда 11 Су жүйелерінің және т.б рельефтің жекелеген элементтеріне байланысты топограф
Описание слайда:

Су жүйелерінің және т.б рельефтің жекелеген элементтеріне байланысты топографиялық жағдайларға жіктеледі. Ресейдің Еуропалық бөлігінің солтүстігінде өзен бойындағы елді мекендер көп, өзендер ерте заманнан бері хабар жеткізу пунктарының ролін атқарды. Өзен аңғарларында ауыл шаруашылығына жарамды жерлер орналасқан. Орман зонасының территориясында жердің суайрықты типі көптеп кездеседі: оның оңтүстік жағында орналасқан жерлері жақсы қызуға бейім және өнімділігі жоғары. Орманды-далалы және далалы елді мекендер өзен аңғарларында орналасқан. Тау аңғарлары мен тауаралық ойыстардағы қолайлы жағдайларға байланысты таулы аудандарда елді мекендердің аңғарлық түрлері басым. Су жүйелерінің және т.б рельефтің жекелеген элементтеріне байланысты топографиялық жағдайларға жіктеледі. Ресейдің Еуропалық бөлігінің солтүстігінде өзен бойындағы елді мекендер көп, өзендер ерте заманнан бері хабар жеткізу пунктарының ролін атқарды. Өзен аңғарларында ауыл шаруашылығына жарамды жерлер орналасқан. Орман зонасының территориясында жердің суайрықты типі көптеп кездеседі: оның оңтүстік жағында орналасқан жерлері жақсы қызуға бейім және өнімділігі жоғары. Орманды-далалы және далалы елді мекендер өзен аңғарларында орналасқан. Тау аңғарлары мен тауаралық ойыстардағы қолайлы жағдайларға байланысты таулы аудандарда елді мекендердің аңғарлық түрлері басым.

№ слайда 12 Ауылдық елді мекендер генезис бойынша да (шығуына байланысты) классификацияла
Описание слайда:

Ауылдық елді мекендер генезис бойынша да (шығуына байланысты) классификацияланады. Русьта ауылдық жерлер деп князьдың орналасқан қала шетіндегі иеліктері аталды. Кейін олар ауылдық жерлер үшін орталық рөлін атқарған шіркеулері мен дүңгершіктері бар, салыстырмалы түрде көп халқы бар ауылдық елді мекендерге айнала бастады. Ауылдар (деревнялар) («драть» етістігінен, жерді орманнан тартып алу немесе тыңды игеру деген мағынаны береді) шағын территориясымен ерекшеленеді, онда шіркеулер мен дүңгершіктер болған жоқ. Олардың басым бөлігі Еуропалық бөліктің орталығында шағын елді мекендер, Еуропалық солтүстікте починкалар («почин» сөзінен – бастама деген ұғымда ), Сібірде заимкалар ретінде пайда болды. Сақтау қоймалары және шіркеулері бар елді мекендер ертеректе погостолар деп аталды (ертеректе бұл жерлерге ірі қонақ-көпестер келіп сауда жасаған). Хуторлар деп шарулардың тұратын мекендерін атайды. Ресейдің оңтүстік бөлігіндегі ірі мекендерді казактардың станицалары құрайды. Елді мекендердің жоспарланған формалары табиғи зоналар бойынша сызықтық (солтүстіктегі өзен бойындағы елді мекендер), біріккен және кварталды (оңтүстікте) формаларының сипаттамалық түрлерін жасайды. Елді мекендер құрылыс материалдары бойынша да жіктеледі: орман зонасында – ағаштан жасалынған үйлер, ал даладық елді мекендер мен оңтүстікке қарай – шикі және күйдірілген кірпіш, саз, тастан жасалынған. Ерекше формаларымен қыстаулар мен жайлаулар ерекшеленеді. Төрт түлік малды өсіретін аймақтардағы мал өсіру және мал азығын дайындаумен айналысатындар үшін уақытша мекендер болып табылады. Мысалы, Башқұртстан жерлері.

№ слайда 13 Қалалар адамдар артық өнім шығарып, өзінен артық қалған жағдайда оны сатуға м
Описание слайда:

Қалалар адамдар артық өнім шығарып, өзінен артық қалған жағдайда оны сатуға мүмкіндік туғандағы адам дамуының тарихи кезеңінде, яғни I революция (ауылшаруашылық революциясы) нәтижесінде пайда болды. Бұл жағдай жер өңдеудің дамуымен, жануарларды қолға үйретумен, техникалық құралдарды ауыл шаруашылығына енгізумен, дөңгелектің ойлап табылуымен, металл өнімдерін, соқа, кеме және т.б қолданумен тығыз байланысты. Алғашқы қалалар ирригационды жер өңдеуге негізделген, ежелгі өркениет дамыған Үнді, Ніл аңғарларында және Тигр мен Евфрат қос өзен аралығында пайда болды. Ежелгі өркениеттің ірі қалалары: Сузы және Вавилон, Афина мен Спарта, Троя мен Карфаген, ежелгі Рим және т.б. Ең халқы көп қалалар болып құл иеленушілердің көптеп жиналған жерлері болды. Үнді аңғарындағы ежелгі қалалар мен Тигр мен Евфрат қос өзен аралығындағы шумерлік қалаларда, археологиялық деректер бойынша, 7-20 мыңнан астам халық тұрған. Вавилон өзінің өркендеу кезінде 80 мың халқы бар ірі қала болған, ал Ежелгі Римнің халқы 700 мыңға дейін жеткен. Орта ғасырларда қалалар мүлдем пайда болған жоқ, қалалардың өсуі X-XI ғасырдан XIV-XV аралығында басталды, сауда мен қолөнердің пайда болуымен түсіндіріледі. Қалалардың өсуі өндірістік революцияданм кейін басталды, ал қарқынды түрде өсуі «ғылыми-техникалық революция» барысында «урбандалу» феноменімен қатар XX ғасырдың ортасынан басталды. Қала халқының саны жер халқының санының жартысын құрайды, дамушы мемлекеттерде қала санының артуымен халық саны да артып келеді. Дүние жүзінде 100 мыңнан астам тұрғыны бар қалалар саны 2,5 мыңнан асады, оның 200-ден астамы «миллионер» қалалар.

№ слайда 14 Қалалармен қатар территориялық тұтастықтармен функционалды өзара байланысқан
Описание слайда:

Қалалармен қатар территориялық тұтастықтармен функционалды өзара байланысқан орналасу жүйесі деген де ұғым бар. Бұл термин бұрыннан қолданылып келеді, ол шағын ауылдық мекендер (әкімшілік облыстар мен аудандар) мен салалы жүйелерден (мысалы, ағаш өндірісіне бағытталған мекендер) бастап қалалық мекендерге дейінгі барлық территорияларды қамтиды. Бұл жүйеде қалалар жүйедегі рангтелген орны бойынша, көлемі, тұрғындар саны және т.бфункциялары бойынша жіктеледі. Орналасу жүйесінің саны мен түрлері көп: өндірістік, ұйымдастыру-шаруашылықтық, әкімшілік, еңбектік, оқулық, мәдени-тұрмыстық, ақпараттық. Орналасу жүйесін зерттеу бұрыннан жүргізіліп келеді. Нарықтық оптимизацияны қарастыратын В.Кристаллер мен А.Лешаның орталық орындардың теориясы деп аталатын теориясында түрлі рангтерді орналастыруда әкімшілік және транспортты құрылым ескеріледі. Халық санының бастапқы мөлшері жоғарыда аталып кетті. Ресейде қалалардың төмендегідей классификациясы кеңінен таралған: шағын қалалар – 20 мың тұрғыны бар, орташа қалалар – 20 мен 100 мың арасы, үлкен қалалар – 100 бен 500 мың арасы, ірі қалалар – 500 мың, ал ең ірі қалаларда тұрғындардың саны 1 млн.нан астам. Зерттеулердің нәтижесі бойынша, қалалардың сан бойынша топталуы, олардың сапалық ерекшеліктерінің нәтижесі болып табылады. Мысалы, 100 мыңнан астам тұрғыны бар қалаларда функционалдық құрылымда өндірістің рөлі төмендейді, ал миллиондық тұрғыны бар қала метрополитен атты транспортты қажет етеді. Басқа қалалармен салыстырғанда, «миллионер» қалалар тез қарқынмен өсуде, бұл жағдай кез келген мемлекеттің «урбандалу» деңгейін көрсетеді. 1900 жылдары олардың саны әлемде тек 10, ал Ресейде 2 болса, қазіргі кезде олардың саны 200, ал Ресейде 13.

№ слайда 15 Әлемдегі ірі астаналық орталықтар, яғни ірі қалалардың халық саны төмендегіде
Описание слайда:

Әлемдегі ірі астаналық орталықтар, яғни ірі қалалардың халық саны төмендегідей млн.адамды құрайды: Мехико – 25, Пекин – 11, Буэнос-Айрес – 10, Токио – 20, Париж – 10, Лондон – 10, Сеул – 13, Каир – 10, Мәскеу – 10. Аталған қалалардың халық саны, Мәскеуден басқасы, қала маңындағы халық санын қосқандағысымен бірге есептелген. Ал Мәскеу халқының саны оған бағынышты қалалық типтегі елді мекендерді (Зеленоград және қала типтес 7 елді мекен) қосып есептегенмен бірге алынады. Егер Мәскеуді оған қоса қала маңындағы мекендермен есептеген жағдайда Мытищи, Химка, Балашиханы қосамыз. Бұл жағдайда жалпы халық саны 11-12 млн.адам болады. Осылайша Мәскеу әлемдегі ірі қалалар қатарына енеді, тек Мехико мен Токиоға орын береді. Қалалардың функциясы – қалақұрылымдаушы (базалық) саладағы халықтың өндірістік қызметі сыртқы әлеммен (аудан, мемлекет) байланысқа негізделген. Бұл қызметті қаланың мамандығы деп те атауға болады. Мысалы, білетініміздей, Детройт (АҚШ), Нижнекамск және Тольятти автомобиль жасау орталықтары болып табылады, ал Дюнкерк (Франция), Одесса (Украина), Владивосток, Мурманск; Кембридж (АҚШ-та да, Ұлыбританияда да), Хайдель (Германия) атты портты қалалар ірі транспорт орталықтары болып табылады, ғылыми орталықтар – Дубна, діни орталықтар – Варанаси (Үндістан), Мекке (Сауд Арабиясы); музей-қалалар: Дубровник (Хорватия), Суздаль; рекреакциялық орталықтар: Баден- Баден (Германия), Инсбург (Австрия), Кисловодск және т.б. Кейбір қалалар өндірістік емес салаларға, яғни ғылыми-техникалық салаларға маманданған (Дубна, Королев, Пущино, Реутов, Химки), сонымен қатар рекреакционды қалаларда (Звенигород) бар. Транспорттық функцияға негізделген қалалардың мысалына Лобно мен Ожерельені келтіруге болады. Бұл қалаларда халықтың 70-80%-ы транспорт саласында қызмет атқарады.

№ слайда 16 Қалақұрылымдаушы салалармен қатар қалаларға қызмет көрсетуші салалар да бар.
Описание слайда:

Қалақұрылымдаушы салалармен қатар қалаларға қызмет көрсетуші салалар да бар. Қалаларға қызмет көрсетуші салалар – өнімдері негізінен қала тұрғындарының сұраныстарын қанағаттандыруға бағытталған салалар: ішкі қалалық транспорт, тігін өндірісі, бөлшек сауда. Қала тұрғындарын қамтамасыз ететін өнім үлесін анықтау мүмкін емес. Қалалардың генезисі – бұл олардың пайда болуының, экономикалық географиялық жағдайының, жоспарлауының, функциясының генезисі. Қалалардың пайда болуының уақыты мен себептері, тарихи ерекшеліктерінің сақталуы туралы мәліметтер беріледі. Қалаларды жоспарлау, олардың орналасу деңгейі. Қазіргі заманғы еуропалық қалалар ескі орталықтары мен шеткі жаңа бөліктерінің болуымен ерекшеленеді. Американдық қалаларға коттеджді құрылымдардың болуы және ірі қалалардың («Сити») шаршылық жобалау ерекшеліктері (автомобиль қозғаласына ыңғайлы) тән. Ал Азиялық қалалардың көпшілігі аз қабатты ғимараттармен ерекшеленеді. Араб және Латын Америкасы мемлекеттерінде қала шетінде биндонвилдер деп аталатын лашықтардың көп болуы байқалады.

№ слайда 17 Урбандалу (латын тілінен urbus – «қала») – қалалардағы халық пен өнімнің конц
Описание слайда:

Урбандалу (латын тілінен urbus – «қала») – қалалардағы халық пен өнімнің концентрациясы, сонымен қатар қалалық өмір сүру образының таралуы. Урбандалу – халық өмірінің барлық салаларын (демографиялық, әлеуметтік, экономикалық) қамтитын күрделі процесс. Урбандалудың негізгі көрсеткіші қала тұрғындарының санының артуы және барлық тұрғындарға шаққандағы үлесінің артуы болып табылады. Ал ауылдық жерлерге қаланың өмір сүру образының таралуы рурбанизация (ағылшын тілінен rural – «ауылдық») деп аталады, ол қала маңындағы зоналарда кеңінен таралған. Қала халқының жоғарғы көрсеткіштері дамыған мемлекеттерге тән: АҚШ-та 75%-дан астам, Ұлыбритания, Жапония, Швеция, Германия (94%). Азия мен Африканың дамушы мемлекеттерінде бұл көрсеткіш төмен (11-14%). Ауғаныстан, Эфиопия, Египет пен Түркияда 45%-ға дейін. Ал Ресейде қала халқының саны 73% құрайды. Қазіргі заманғы урбандалуға ірі қалалардың қала маңындағы мекендермен, яғни қала агломерацияларымен қосылуы тән.

№ слайда 18 Қала агломерациялары – өндірістік, әкімшілік, еңбек, мәдени-тұрмыстық байланы
Описание слайда:

Қала агломерациялары – өндірістік, әкімшілік, еңбек, мәдени-тұрмыстық байланыспен территориялдық жүйеге біріккен қалалардың жиынтығы. Англияда бұл жиынтық конурбация (латын тілінен «con»-бірге, «urbus»-қала), АҚШ-та метрополис (грек тілінен «metropolis» – басты қала, астана) деп аталады. Қала агломерациясының құрамын екіге бөліп көрсетеді: басты қала (агломерация ядросы) және оны қоршайтын қалалар. Бұл агломерацияларды моноорталықты деп атайды (мысалы, Мәскеулік). Егер орталық қалалар бірнеше болса, оларды полиорталықты деп атайды (мысалы, Кузбасс, оның құрамына: Новокузнецк, Киселевск, Прокопьевск, Белово). Моноорталықты агломерациялардың территориясы сәулелері бар теңіз жұлдызшасы тәрізді, яғни бұл транспортты бағыттарды көрсетеді. Мәскеу агломерациясында олардың саны – 11, ал Екатеринбургте – 6. Ал көлдер мен жағалаулардағы агломерациялардың формасы шығыңқы болып келеді (Волгоград, Пермь). Агломерациларға орталық пен периферия арасындағы тұрақсыз жұмыс миграциясы тән. Мысалы, Мәскеу агломерациясында, Мәскеуге күніне облыстан жұмысқа 700 мың адам келсе, Мәскеуден облысқа 200 мыңы кетеді.

№ слайда 19 № р/с	Мегаполис атауы	Құрамындағы агломерациялар саны 	Халық саны, млн.адам
Описание слайда:

№ р/с Мегаполис атауы Құрамындағы агломерациялар саны Халық саны, млн.адам Территория ауданы, мың.км² Қашықтығы 1 Босваш 40 45 100 800 2 Чипитс 35 35 160 900 3 Сан-Сан 15 18 100 800 Барлығы 90 98 360 2500

№ слайда 20 Дамыған мемлекеттің агломерациясында субурбандалу, яғни агломерация мен қала
Описание слайда:

Дамыған мемлекеттің агломерациясында субурбандалу, яғни агломерация мен қала орталықтарымен салыстырғанда, халық саны мен қала сыртындағы елді мекендердің санының арту процесі байқалады. Оған бірнеше себептер бар: орталықтағы жер учаскелерінің бағасының артуы, соған сәйкес тұрғын үй бағасының қымбаттауы, қоршаған ортаның нашарлауы, транспорттың шектен тыс көбеюі. Агломерация орталықтары маргиналды халықтың мекендеу ортасына айналып отыр (мысалы, АҚШ-та негрлер, мексикандықтар, пуэрторикандықтар). Халықтың қала шетіне көшуі өндірістің де сол жаққа көшкендігін көрсетеді. Дамыған мемлекеттерде агломерациялық үрдістер одан әрі тереңге кетуде – жеке агломерациялар бірігіп мегаполистер құрауда (грек тілінен megalu – «үлкен», polis – «қала»). АҚШ-та мұндай үш мегаполис бар: Солтүстік-Шығыстық немесе Атлантикалық («Бостваш» - агломерациялардың шеткі қалаларының Бостон Вашингтон атауына байланысты), оның ені 200, ал ұзындығы 1000 шақырымды құрайды, халық саны – 50 млн.нан астам. Көл жағасындағы («Чипиттс» - Чикаго және Питсбург) – 40 млн. адам. Тынықмұхиттық («Сансан» - Сан-Францискодан Сан-Диегоға дейін) – 20 млн. адам. Ал әлемдегі ең ірі агломерация «Токайдо» (Токио – Кобе) болып табылады, онда халықтың жартысы, яғни 60 млн. адам тұрады. Батыс Еуропада да мегаполистер, бар алайда олардың көлемі шағын болып келеді. Англияда Лондон, Бирмингем, Ливерпуль, Манчестер агломерациялары бірігіп, шамамен 35 млн. халқы бар мегаполисті құрайды. Мемлекетаралық мегаполиске Францияның солтүстік аумағын, Бельгия, Нидерланды, Германияның Рейн бойы аумағын қамтитын Париж, Амстердам, Кельн мегаполисі жатады. Осылайша урбандалудың жаңа формалары – ауылдық мекендер мен қалалардың шекарасы айқын көрінетін территориялар, зоналар пайда болады.

Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy

Автор
Дата добавления 14.10.2015
Раздел География
Подраздел Презентации
Просмотров348
Номер материала ДВ-061597
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх