Инфоурок Всеобщая история ПрезентацииПрезентация на тему "Шоқанның өзге әлемі"

Презентация на тему "Шоқанның өзге әлемі"

Скачать материал
Скачать материал "Презентация на тему "Шоқанның өзге әлемі""

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Старший рекрутер

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • ШОҚАННЫҢ ӨЗГЕ ӘЛЕМІ

    1 слайд

    ШОҚАННЫҢ ӨЗГЕ ӘЛЕМІ

  • Шоқан (Мұхаммед Қанафия) Уәлиханов Шыңғысұлы (1835 – 1865) – қазақтың ұлы ғал...

    2 слайд

    Шоқан (Мұхаммед Қанафия) Уәлиханов Шыңғысұлы (1835 – 1865) – қазақтың ұлы ғалымы: ориенталист, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы, демократ. Әжесі бала күнінде «Шоқаным» деп еркелетіп айтуымен, «Шоқан» аталып кеткен.

  • «Жеті жұрттың тілін білуге тиісті» хан тұқымы болғандықтан, ауыл мектебінде о...

    3 слайд

    «Жеті жұрттың тілін білуге тиісті» хан тұқымы болғандықтан, ауыл мектебінде оқып, арабша хат таныған Шоқан араб, шағатай тілдерін меңгереді. Кадет корпусына алғаш оқуға түскен кезде Шоқан орыс тілін білмесе де өзінің зеректігімен тілді тез үйренеді, Пушкин, Гоголь, Лермонтов, Герцен,Белинский т.б. орыс классиктерін және батыс әдебиетінен Диккенс, Теккерей, Руссо шығармаларын, «Современник» журналын үзбей оқып, әлеуметтік өмірдің және әдебиет ағымының қай бағытта, қалай дамып бара жатқанын қадағалап отырған.

  • Өз дамуында алға кеткен елдердің оқу-білім, ғылым саласындағы жетістіктерімен...

    4 слайд

    Өз дамуында алға кеткен елдердің оқу-білім, ғылым саласындағы жетістіктерімен жете танысу үшін Шоқан кадет корпусында жүргенінің өзінде шет тілдерді оқып үйренуге зер салды. П.П.Се­менов – Тянь-Шанский Шоқанның тілдерді үй­ренудегі аса қабілеттілігін, француз, неміс тілдерін жақсы меңгергендігін жазады. Ол қытай, монғол және түрік сөздерінің сөздігін құрастырды. Ғалымдар Шоқанның араб тілін білгендігі жө­нінде де жорамал жасайды. Оған татар, өзбек, қырғыз, ұйғыр және басқа да туыстас тілдерде түсінісу де, жаза білу де қиынға соқпаған.

  • Студент­тік кезінің өзінде ол ағылшын, француз, неміс әде­биетінің үздік туын...

    5 слайд

    Студент­тік кезінің өзінде ол ағылшын, француз, неміс әде­биетінің үздік туындыларын оқи бастайды. Шоқан әсіресе, Чарльз Диккенс (1812-1870) пен Уильям Теккерейдің (1811-1863) шығармаларын ерекше ұнатады. Ш.Уәлиханов дүниетанымының қалыптасуына батыс философтарының еңбектері ерекше ықпал еткен. Оның назарына ең алдымен француз философы Жан Жак Руссоның (1712-1778) “Ғылым мен өнер жайындағы пайымдаулар”, “Адамдар арасындағы теңсіздіктің шығуы мен негіздері жөніндегі” еңбектері ілігеді.

  • Ағылшын философы, әрі тарихшысы Томас Карлейльдің (1795-1881) 1837 жылы жарық...

    6 слайд

    Ағылшын философы, әрі тарихшысы Томас Карлейльдің (1795-1881) 1837 жылы жарық көрген “Франция революциясының тарихы” деген үш томдық кітабын Шоқан түпнұсқада, ағылшын тілінде оқыған секілді. Шоқан көптеген елдердің қоғамдық өміріне ықпал етіп келе жатқан ұлы Француз революциясының тарихымен танысуды аса қажеттілік ретінде санап, кітапты оқып қана қоймай, оны конспектілеп, өз еңбектерінде бірнеше жерде пайдаланады. Қазақтар арасындағы шамандық туралы еңбегінде Ш. Уәлиханов “Көк тәңіріне табынатын шамандық жөніндегі тамаша түсініктемені біз Карлейльдің жауабынан табамыз” деп жазады.

  • Қазақ даласындағы орыс әкімшілігінің зорлық-зомбылықтарын көзімен көрген Шоқа...

    7 слайд

    Қазақ даласындағы орыс әкімшілігінің зорлық-зомбылықтарын көзімен көрген Шоқан, халықтың прогресс жолына түсуінің алғы­шарттары ретінде: “Өркендеудің қандай сатысында тұрса да, халықтың қалыпты өсуі үшін өздігінен дамуы, өзін-өзі қорғай білуі, өзін-өзі басқаруы және өзіндік сот жүргізу ісі қажет”,­ – деп көрсеткен.Шоқан философиясының өзегі ретінде танылуға тиісті бұл сөздеріне қарағанда, ол “өзін-өзі басқару” принципін халықтың ұлттық бостандығы ретінде түсінген

  • Шоқан ең алдымен өз халқының тарихын жете зерттеуге ұмтылады. Халыққа өз атау...

    8 слайд

    Шоқан ең алдымен өз халқының тарихын жете зерттеуге ұмтылады. Халыққа өз атауын қайтару, оның этностық бірегейлігін анықтау жер-суына ие болуы үшін, отарлық үстемдік жағдайында жойылып кетпеуі үшін қажет болғандығын патша идеологтары әуел баста аңғара алмай да қалған шығар. Қазақтардың “қырғыздар”, “қырғыз-қайсақтар” аталуы уақыт өте келе оның тарихсыз халық, басқа жақтан ауып келген “келімсек” аталуына жол ашатын еді. Бұл болса өз кезегінде қазақтың байырғы атамекенінен айырылуына әкелетін.

  • Шоқан қазақ даласындағы географиялық нысан­дарға, өзендері мен көлдеріне, та...

    9 слайд

    Шоқан қазақ даласындағы географиялық нысан­дарға, өзендері мен көлдеріне, таулары мен қырат­та­рына, сай-саласы мен қойнауларына, олардың түр­кі­лік-қазақылық атауларына үңіледі. Қазақ жерін Сол­­түстіктен Оңтүстікке, Шығыстан Батысқа дейін кар­­та­ға түсіріп, оған қазақ тілінде (араб қарпінде) түсін­дірмелер береді. Сонымен ол болашақ ұрпаққа оның этностық территориясы туралы баға жетпес тарихи құжаттар қалдырады.

  • Академик Ә.Марғұлан Омбы кадет корпусындағы оқу бағдарламасында Ресей империя...

    10 слайд

    Академик Ә.Марғұлан Омбы кадет корпусындағы оқу бағдарламасында Ресей империясының физи­ка­лық және экономикалық географиясы бойынша дә­рістерде Қазақстан географиясына да көп көңіл бө­лін­гендігін айта келіп, алайда бұл: “Оның табиғи байлықтарын игеру мақсатында емес, әскери-стратегиялық тұрғыдан қаралды”, – деп көрсетеді.

  • Қазақ халқы мекенінің кеңістігі, өзен-көлдерінің…,т.б. нысан­дар­дың көне ата...

    11 слайд

    Қазақ халқы мекенінің кеңістігі, өзен-көлдерінің…,т.б. нысан­дар­дың көне атаулары секілді ізденістер халық бо­лашағын ойлаған зерделі жанның қам-қарекеті деуге негіз баршылық. Осыны түсінген патша цензурасы Н.Веселовскийге Шоқан Уәлихановтың жеке мұра­ға­тындағы оның топонимика мен ономастика сала­ла­ры бойынша материалдарын жариялауға рұқсат бер­мейді

  • Ол еуропалық типтегі қазақ интел­лигенциясының қалыптасу процесінің қайнар кө...

    12 слайд

    Ол еуропалық типтегі қазақ интел­лигенциясының қалыптасу процесінің қайнар көзі болды. Қазақ халқының этногенезі, атақонысы, жер-суының ежелгі атаулары туралы Шоқан еңбектері болашақ ұрпақ үшін тәуелсіз Қазақстанның территориялық, этностық тұтастығын сақтап қалу жолындағы аса маңызды тарихи құжат болып табылады. Сол себепті Шоқан шыққан биік ешқашан аласармайды.
     

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 614 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.02.2016 738
    • PPTX 1.3 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Карабалина Гульнар Сабитовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Карабалина Гульнар Сабитовна
    Карабалина Гульнар Сабитовна
    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 33784
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Федеральный государственный образовательный стандарт ООО и СОО по истории: требования к современному уроку

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 151 человек из 52 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 278 человек

Курс повышения квалификации

Достижение эффективности в преподавании истории на основе осуществления положений историко-культурного стандарта

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 43 человека из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 638 человек

Курс повышения квалификации

Организация проектно-исследовательской деятельности в ходе изучения курсов истории в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 46 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 398 человек

Мини-курс

Общественные движения и организации

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Личностное развитие и отношения

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Интегративные технологии в коррекции учебно-поведенческих нарушений

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе