Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Рабочие программы / Презентация на тему "Сын есім" (4 класс)

Презентация на тему "Сын есім" (4 класс)

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Сын есім

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың есіне заттың түрін, түсін, сапасын, дәмін, көлемін білдіретін сөздер туралы 2-сыныпта алған білімдерін еске түсіру.Сөз табының бірі сын есіммен,қойылатын сұрақтарымен таныстыру,мысалдар келтіре отырып түсіндіру.

Дамытушылық: Оқушылар сын есімнің мағынасын дұрыс түсініп, сонымен қатар сөйлеу және жазу стилінде дұрыс колдана білу дағдыларын арттыру.Сауатты жаза,сөйлей білуге үйрету.

Тәрбиелік: Оқушыларды дәптерге әдемі,таза жазуға дағдыландыру. Өз бетінше жұмыс жасай білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап,түсіндіру,әңгімелесу,тіл дамыту

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, презентация

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Сәлемдесу.

  2. Психологиялық дайындық

Асыр салып ойнадық,

Тамашалап тойладық.

Балақайлар енді тез,

Кітап оқыр келді кез.

Бір,екі,үш

Бойға жинап күш!

Жалқаулықты тастаймыз,

Сабақты біз бастаймыз!

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру,сұрау.

1.Оқушылардың өткен сабақты қаншалықты меңгергенін,түсінгенін байқау,анықтау.

2.Оқушының сөйлеу қабілетін,сөйлеу тілін,сөздік қорын байқау.

ІІІ.Өткен сабақты пысықтау

1.Ой қозғау

«Сиқырлы сандық» ойыны

Бұл ойында оқушылар сиқырлы сандықтағы сұрақтарға жауап береді.

1.Қазақ тіліндегі қанша сөз табы бар және оларды ата?

2.Зат есім дегеніміз не?Мысал келтір.

3.Сан есім дегеніміз не?Мысал келтір.

4Етістік дегеніміз не?Мысал келтір.

5.Етістік нешеге бөлінеді және оларды ата?

6.Дара етістік дегеніміз не?

7.Күрделі етістік дегеніміз не?

8.Болымсыз етістік қандай жұрнақтар арқылы жасалады?

9.Сын есім дегеніміз не?Мысал келтір.

ІV.Жаңа түсінікті қалыптастыру.

Есіңе сақта!

  • Заттың түрін, түсін,дәмін, сапасын, көлемін білдіретін сөздерді сын есім дейміз.

  • Қандай? Қай? деген сұрақтар қойылады.

Суретпен жұмыс.

Оқулықпен жұмыс.

1-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз.Сын есімдерді тауып, сұрақ қой.

1.Қайсар қиын есепті тез шығарды.2.Демалыс күні парктеқызықты ойындар ұйымдастырылды. 3. Алыстан биік үйлер көрінді. 4.Аңшылар қалың тоғайды аралады. 5.Кешке қарайсамал жел соқты.

2-жаттығу. Көп нүктенің орнына сын есімдерді тауып жаз.

......домбыра, .....ат, .......көл, ......қала, ......қарындаш, ......жол, .......өрік.

Өзің таңдаған үш сөзге сөйлем құрастырып жаз.

Сергіту сәті.

Біз жаздық, біз жаздық,

Қолымыз шаршады.

Ақырын демалып,

Қайтадан жазамыз!

Сипаттамасы бойынша анықта

3-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқы.

Тау суреті

4-жаттығу. Мәтінді оқы.Сын есімдерді өзімен байланысты зат есімдермен қоса теріп жаз.

Күріш суды көп қажет етеді. Күріш дәні қатты қауызбен қапталған.Оны қауыздан тазартса, ақ күріш алынады. Одан дәмді палау пісіруге болады.

Күріштің сабаны да пайдалы.Сабаннан жұқа, әрі мықты қағаз жасайды. Сондай-ақ сапалы картон жасауға пайдаланады. Әдемі сөмке де тоқылады.

V.Үйге тапсырма.

5- жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз. Заттың сынын білдіретін сөздерді тауып, сұрақ қой.

VІ.Бағалау.

Әр оқушының алған бағасын талдай отыра,кім не себепті қанша баға алды,қалай алғанын түсіндіру.Оқушының күдігін сейілту,мүмкіндігін айту.


Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 21.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Рабочие программы
Просмотров150
Номер материала ДВ-364866
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх