Инфоурок Информатика ПрезентацииПрезентация на тему: Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары

Презентация на тему: Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары

Скачать материал
Скачать материал "Презентация на тему: Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары"

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист контроля качества

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • Сын тұрғысынан оқыту дегеніміз не?

Ізденсе, талаптанса қолдан жасалмайтын ша...

    1 слайд

    Сын тұрғысынан оқыту дегеніміз не?

    Ізденсе, талаптанса қолдан жасалмайтын шарт жоқ. Құнттамаған ізденбеген, соңына түспеген адамның жұмысы еш уақытта берекелі болмайды.
    Ж. Аймауытов

  • Сын тұрғысынан ойлау – ашық қоғам негізі. Ол – өз алдына сұрақтар қойып және...

    2 слайд

    Сын тұрғысынан ойлау – ашық қоғам негізі. Ол – өз алдына сұрақтар қойып және оларға жауап іздеу, әр мәселеге байланысты өз пікірін айтып, оны дәлелдей алу, сонымен қатар басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол дәлелдемелердің қисынын зерттеу дегенді білдіреді. Бұл оқыту «қарапайымнан күрделіге» деп аталады.

    Сын тұрғысынан оқыту технология емес, ол бағдарлама. Бұл бағдарлама әлемнің түпкір - түпкірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі, мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұны сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету.
    Сын тұрғысынан ойлау - сынау емес, шыңдалған ойлау.


  • Сабақтың құрылымы:1. Қызығушылықты ояту:Бұл кезеңде оқушының тақырып туралы...

    3 слайд

    Сабақтың құрылымы:
    1. Қызығушылықты ояту:
    Бұл кезеңде оқушының тақырып туралы не білетіндігі анықталады, белсенділігі арттырады, оқушыларды сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындай отырып, қызығушылықтарын ояту стратегияларының бірін қолданып, қызықты сұрақтар қою арқылы оқушыларды жаңа сабаққа т арту.
    Бұл жерде дәстүрлі әдістердегі «Кім кезекші?», «Сабақта кім жоқ, неге жоқ?» т. б. деген сұрақтарды алмастырып, керісінше сабаққа жағымды ахуал туғызады.
    Бұл қызығушылықты ояту кезеңі -«жаңа білімге көпір салу». Бұл сәт «Бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз» деп дайын дүниені айтып беруден алыстатады. Орнына, білетін білімді еске түсіре отырып, жаңа білімге көпір салу болып табылады.
    2. Мағынаны ашу:
    Оқушы жаңа ақпаратты бұрынғы білімімен ұштастыра түседі.
    Бұл кезеңді іске асыру үшін бірнеше тәсілдер бар. Олар: болжау кестесі, ойлан, жұптас, ортаға сал, сұрақ қоя білуді, өзара оқыту т. б. Осы әдіс - тәсілдерді қолдану кезеңді ең тамаша кезеңге, яғни оқушының өздігінен білім алу, өзін - өзі өзектілендіру, танымдық қабілеттерінің даму, шығармашылық іс - әрекетінің ояну, бір сөзбен айтқанда, өзіндік еңбек ету кезеңіне айналдырады.
    3. Ой толғаныс:
    Оқуды қорытындылау.
    Оқушылар өз ойлары мен байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта біліп, өзара алмасады. Оқушы алған білімін пайдалана отырып шешім қабылдайды, топпен бөлініп берілген тапсырмалары болса, өздері дәлелдейді, көрсетеді, бағалайды немесе «Эссе жазу, бес жол өлең», т. б. стратегияларды қолданып тәсілдерін қолданып қорытындылайды.

  • Сын тұрғысынан оқыту бағдарламасы стратегиялардан тұрады. Бұл бағдарламада қо...

    4 слайд

    Сын тұрғысынан оқыту бағдарламасы стратегиялардан тұрады. Бұл бағдарламада қолдануға болатын стратегиялар өте бар. Біз оның 25 жиі пайдаланамыз.
    Сабақта пайдаланатын стратегиялар түрі:
    1. Негізгі ойды суреттеу 14. Венн диаграмма
    2. Топтастыру 15. Кубизм
    3. Бес жол өлең 16. Бағытталған оқу
    4. Эссе жазу 17. Кідіріспен оқу
    5. Болжам кестесі 18. Әдебиет үйірмесі
    6. Галереяға саяхат 19. Жол қалдырып жазу
    7. РАФТ 20. Қос жазба күнделік
    8. Блум жүйесі 21. Авторға сұрақ қою
    9. ЖИГСО – 1 22. Үш қарамды сұхбат
    10. ЖИГСО – 2 23. Әлемді шарлау
    11. Қазымыр оқушы 24. Ой қозғау
    12. Автор орындығы 25. Оқиға желісі
    13. Инсерт
    Аталған стратегияларды пайдалана отырып мен көп жетістіктерге жеттім. Ең бастысы – оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артып, олардың бір - бірімен пікір таластырып ашық сөйлеу, еркін сөйлеу дағдылары қалыптаса бастады. Өздеріне сенімсіздік білдіріп, бұйығы отыратын оқушылар өз ойларын аз да болса жүйелеп, еркін айта бастады.
    Бұрын шығарма, мазмұндама жұмыстарында оқушылар өз ойын білдіруге, әңгіме құрауда көптеген қиындықтарға кездесетін.
    Қазір күнде өтілген әңгімеден соң оқушылар ой - толғанысын жасап өз ойын жазбаша білдіреді, кейде мәтіндегі ойға байланысты мақал да кірістіріп жазады.


  • Педагогикалық технологиялар 
Ортақол ұстаз – баяндайды, жақсы ұстаз – түсінді...

    5 слайд

    Педагогикалық технологиялар
    Ортақол ұстаз – баяндайды, жақсы ұстаз – түсіндіреді, көрнекті ұстаз – көрсетеді, ұлы ұстаз – шабыттандырады.
     
     
    ОҚЫТУ ҮРДІСІНДЕГІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
    Жоғарғы сыныптарда тиімді технологиялар
    Өздігінен даму технологиясы      
      Бағдарлап оқыту технологиясы       
    Модульдік оқыту технологиясы
    Сын тұрғысынан ойлау технологиясы .  
    Оқытудың компьютерлік технологиясы
    Орта сыныптарда тиімді технологиялар
    Дамыта оқыту технологиясы       
    Проблемалап оқыту технологиясы       
    Модульдік оқыту технологиясы
    Сын тұрғысынан ойлау технологиясы 
    Түсіндіре басқарып оза оқу технологиясы  
    Тірек сигналы арқылы оқыту технологиясы  
    Бастауыш сыныптарда тиімді технологиялар
    Дамыта оқыту технологиясы       
    Ойын арқылы оқыту технологиясы       
    Білім беруді ізгілендіру технологиясы
    Ақпаратты оқыту технологиясы 
    Түсіндіре оза оқыту технологиясы   
    Зерттеу технологиясы   
    Көрнекілік технологиясы

  • Ойын арқылы оқыту технологиясы
 Дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық, әлеумет...

    6 слайд

    Ойын арқылы оқыту технологиясы
     Дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық, әлеуметтендірушілік мақсатқа жету. Ойындық іс-әрекеттің психологиялық механизмі жеке бастың өзіндік талап-талғамдарына сүйенеді. Баланың бойындағы білімдік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түсуді көздейді.

  • Дамыта оқыту технологиясы
 Баланы оқыта отырып, жалпы дамыту. Даму нәтижесінд...

    7 слайд

    Дамыта оқыту технологиясы
     Баланы оқыта отырып, жалпы дамыту. Даму нәтижесінде әр оқушы өзін-өзі үйренуші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделеді. Оқыту дамытудың алдында жүруі керек, дидактикалық құралдардың дамуға әсері зор. Дамытудың тиімділігі үшін: кешенді даму жүйесі негізінде мақсатты даму, мазмұнның жүйелілігі мен тұтастығы,теориялық білімнің жетекші ролі, жоғарғы қиындық деңгейінде оқыту,материалды меңгеруде жедел ілгерілеу, оқу үрдісін баланың сезіну, оқыту үрдісінің әртүрлілігі, жекелеп оқыту, барлық баланың дамуы жолындағы жұмыстары болуы керек.

  • Түсіндіре оза оқыту технологиясы
 Барлық баланы табысты оқыту. Оқу материадар...

    8 слайд

    Түсіндіре оза оқыту технологиясы
     Барлық баланы табысты оқыту. Оқу материадардың бірізділігі, жүйелілігі, саралау, әр оқушыға берілетін тапсырманың қолайлығы; бағдарламаның, кейбір тақырыптарда біртіндеп ойнату әдісін қолдану. Сабақты пысықтауға әуелі озаттар, сосын ортаншылар, ең соңынан нашар оқушылар қатыстырылады; бірте-бірте толық дербестікке жету; сыныпта қалыпты жағдай қалыптастыру, түсіністік өзара көмек, ынтымақтастық қарым-қатынас; оқушының қателігін ескерту, бірақ жазғырмау; үй тапсырмасы тек оқушының мүмкіндігіне қарай беріледі; білім, білік дағдыны дамыта меңгерту; түсіндіруді қабылдау.

  • Өздігінен даму технологиясы
 Баланы жан-жақты дамыту, дербестікке тәрбиелеу, ...

    9 слайд

    Өздігінен даму технологиясы
     Баланы жан-жақты дамыту, дербестікке тәрбиелеу, бала санасында нәрселер әлемі мен ойлау әрекетінің бірігуі. Оқыту баланың дамуына сәйкес табиғи (жасанды емес) болуы керек, сонда бала өзін-өзі дамытады. Монтессори педагогиканың ұраны баланың мұғалімге: “мынаны менің өзімнің жасауыма көмектесіп жібер” деуіне жету

  • Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан 
ойлауды дамыту
 Оқыту мен үйретудің модел...

    10 слайд

    Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан
    ойлауды дамыту
     Оқыту мен үйретудің моделі: қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс. Сабақтағы аса қажетті мәнді, маңызды әрекет болып табылады. Осы сабақ кезінде үйренуші не  үйренгенін саралап, салмақтап, оны қандай жағдайда, қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізеді. Белсенді түрде өз білім үйрену жолына қайта қарап, өзгерістер енгізеді.

  • Проблемалық оқыту технологиясы
•Оқушыны өз бетімен ізденуге үйрету, олардың т...

    11 слайд

    Проблемалық оқыту технологиясы
    •Оқушыны өз бетімен ізденуге үйрету, олардың танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамыту:
    •-оқушының белсенділігін анықтау;
    •-оқу материалында баланы қызықтыратындай мәселе туғызу;
    •-оқушы материалды сезім мүшелері арқылы ғана қабылдап қоймайды, білімге деген қажеттілігін
    қанағаттандыру мақсатында меңгереді;
    •-оқытудың бала өмірімен, еңбегімен байланыстығы.

  • Оқытудың компьютерлік технологиясы
 Ақпаратпен жұмыс істей білуді қалыптастыр...

    12 слайд

    Оқытудың компьютерлік технологиясы
     Ақпаратпен жұмыс істей білуді қалыптастыруды  және қатынас қабілетін дамыту, жеке басты “ақпараттық қоғамға” даярлау. Мұнда оқыту оқушының тікелей комьпютермен қатынасы арқылы орындалады. Яғни баланың жеке қасиетіне қарай компьютерге бейімделу, т,б

  • Модульдік оқыту технологиясы
 Оқытудың тұтас технологиясын жобалау, алға қойғ...

    13 слайд

    Модульдік оқыту технологиясы
     Оқытудың тұтас технологиясын жобалау, алға қойған мақсатқа жетуді көздейтін педагогикалық үрдіс түзу, мұғалімге нәтижені талдап, түсіндіріп бере алатындай жүйені таңдау және құру. Жобаланған технологияны іске асыратын жаңа тәсіл қалыптастыру. Технология жобасындағы негізгі объект – оқу тақырыптары, дидактикалық модуль. Оқушылар әр сатыға жоғарылаған сайын олардың білімді қабылдауы өзгеріп, өтілетін пәндер жүйесі күрделене түседі. оқушылардың жас ерекшеліктерін, әр сатыдағы қабылдау мүмкіндіктерін ескере отырып...

  • Оза оқыту технологиясы
 Оза оқыту технологиясында грамматикалық ұғым, түсінік...

    14 слайд

    Оза оқыту технологиясы
     Оза оқыту технологиясында грамматикалық ұғым, түсініктер тірек сызбаларды пайдалану арқылы  блок бойынша оза оқытылады. Тірек сызбалардың проблемаларды шешеу құзіреттілігін қалыптастыруда  үлкен рөлі бар. Өйткені мұндай сызбалар арқылы тілдік категориялардың ұқсастығын, айырмашылығын, өзіндік ерекшеліктерін салыстырып көрсетуге болады. Сызбаларда  көбінесе дерексіз байланыстар мен қатынастар көрсетіледі. Мәселен, тірек сызба  бойынша сөйлем құратуға, сөйлемдегі сөздердің байланысын    көрсетуге болады. Сонымен қатар тірек сызбалар дербестікті дамыту үшін де қолданылады.

  • Әдебиеттік оқу" пәнін оқыту технологиясы
Пәнді оқыту барысында  топтық, ұжымд...

    15 слайд

    Әдебиеттік оқу" пәнін оқыту технологиясы
    Пәнді оқыту барысында  топтық, ұжымдық жеке жұмыс түрлері ұйымдастырылады, шығармашылық жұмыс (өлең құрастыру, мәтін түзу, мәтін бойынша сурет салу, кейіпкерге мінездеме беру, хабарлама дайындау, қосымша деректер жинақтау) жүргізіледі. Оқыту барысында мәтіннің білімдік, тәрбиелік, дамытушылық бағыттарына ерекше көңіл бөлінеді, көркем сөздер арқылы оқушының тілін дамыту, сөздік қорларын байытуға назар аударады. Оқыту технологияларын таңдау оқушының өзіндік іс-әрекетін ұйымдастыруына игі ықпал ететіндей мақсатта орындалады. Оқытудың әдістемелік ұстанымдары жеке тұлғаның дербес дамуына жағдай туғызуға, берілген тапсырмаларды орындауда оңтайлы шешім қабылдауға дағдыландыруға бағытталуы тиіс. Оқушының негізгі құзыреттілігін қалыптастыруды көздейтін технологияларды қолдануда ұтымды тәсілдерді пайдаланудың орнын, тиімділігін ажырата білу қажет. Оқушылардың жас және жеке ерекшеліктеріне сәйкес келетін технологияларды (жобалау, зерттеушілік т.б.) игеруге, енгізуге жағдай туғызу қажет. Жаңа технологияларды зерделей отырып, таңдалған әдіс-тәсілдер жиыны мұғалім мен оқушы арасындағы түсіністік қатынасқа негізделеді. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалана отырып, оқушыны дербес, топтық, ұжымдық жұмыс сияқты түрлі формада ұйымдастырылған тәсілдерге төселдіре отырып, өз бетімен ізденуіне бағыт-бағдар беру керек.   Оқу-тәрбие процесінде бірізділік пен біртұтастықты сақтауда оқушының оқу бөлмесі оқыту талабына сәйкес материалдық-техникалық жабдықталып, оқытудың түрлі формаларын ұйымдастыруда жетекші рөл атқаруы тиіс.

  • Жеке тұлғаға бағдарланған технологиясы
Жеке тұлғаға бағдарланған  технологияд...

    16 слайд

    Жеке тұлғаға бағдарланған технологиясы
    Жеке тұлғаға бағдарланған  технологияда (Хуторской А.В.) оқу- тәрбие процесінде балалардың  жеке ерекшеліктерін ескеру, әр білім алушының оқу тапсырмаларын орындауына қолайлы жағдай жасау көзделеді. Аталған технологияның негізгі ұстанымдары төмендегідей:
    - жеке тұлғаның өзіндік ерекшелігін ескеру ұстанымы (әрбір шәкіртті өзіндік еркшеліктері мен қабылдау мүмкіндіктеріне сай оқыту);
    -білім беру траекториясын таңдау еркіндігі ұстанымы  (міндетті білім беру - деңгейінен төмен болмауы тиіс); -оқытудың жағдаяттылығы  ұстанымы (құзыреттілікке бағдарланған -тапсырмаларды орындауға тілдік жағдай туғызу).
    Жеке тұлғаға бағдарланған технология бойынша оқыту мазмұнының әдістері мен тәсілдерін таңдауға төмендегідей талаптар қойылады:
    қарым-қатынастық әрекет; шығармашылық әрекет;
    баланың жеке дамуын қолдау;
    баланың өзіндік және шығармашылық әрекетін дамыту.
    Бұл технологияны іске асыру екі жолмен жүзеге асырылады:
    1) сыныпты дифференциациялау арқылы «жоғары-орташа-төмен» топтарға бөлу және оқу материалын күрделілік  деңгейіне байланысты іріктеу;
    2) білім траекториясын өзіндік мүмкіндіктеріне ыңғайлау.
        Мұны жүзеге асыру оқытудың  ерекше шарттарын қажет  етеді: әр түрлі мазмұн мен көлемдегі білім нәтижелерін әкелетін әрбір білім алушының жеке білім траекторияларын таңдау оқу әрекеті арқылы үйретуші (мұғалім), үйренуші (білім алушы) рөлін өзгертуге ықпал ететін  белсенді оқыту технологиясы шәкірттерді жаңа білімді өздіктерінен ізденіп алуына мүмкіндік  жасайды. Бұл үшін сабақта төмендегі мәселелерге баса назар аударған жөн:
        сабақ құрылымының икемділігі;
        оқығаны бойынша пікірталастың болуы;
        дидактикалық ойындар;
       интенсивті өзіндік әрекет;
    тілдік бірліктерді салыстыруды, топтауды, жүйелеуді және тілдік құбылыстар заңдылықтарын дәйектеуді ұйымдастыруы;
    білім алушының белсенділік көрсетуіне мүмкіндік беретін педагогикалық жағдаяттарды құруы.

  • Саралап (деңгейлеп) оқыту технологиясы
    Саралап (деңгейлеп)  оқыту техноло...

    17 слайд

    Саралап (деңгейлеп) оқыту технологиясы
        Саралап (деңгейлеп)  оқыту технологиясының  психологиялық негізі болып табылатын теория – Л.С.Выготскийдің “оқыту процесінде білім алушының ақыл-ойының дамуы“актуальді даму” аймағынан “жақын арадағы даму” аймағына ауысу “ теориясы.
        Бұл ауысу тапсырмаларды қайталап орындауға арналған 1-деңгейден өнімді іс-әрекетті қажет ететін жоғары деңгейлерге ауысу негізіндегі іс-әрекет арқылы жүзеге асады. Осындай іс-әрекет деңгейлері арқылы білім алушылар оқу материалдарын әр түрлі деңгейде қабылдайды. В.П. Беспалько бұл деңгейлерді төртке бөледі: бірінші деңгей-“міндетті, білім алушылық”, екінші – алгоритмдік, үшінші – эвристикалық және төртінші – шығармашылық деңгейлердегі қабылдау. Бұл деңгей әрбір тақырыптың ең негізгі де, басты қарапайым мазмұнын ашып, сол тақырыптың білуге міндетті тұтас бейнесін береді.
        1 – деңгей базалық деңгей ретінде қабылданған. Бұл міндетті деңгей болғандықтан барлық білім алушы тапсырманы толық орындауы тиіс.
        2 – деңгей Қосымша мәліметтер алғашқы деңгейде алған білімді одан әрі кеңейтіп, тиянақтайды, негізгі мазмұнын нақтылайды, ұғымдардың не үшін, қалай қолданылатынын көрсетеді. Бұл деңгейде өтіп кеткен материалды білім алушы талдап, бұрынғы тапсырмаларға ұқсас орындайды. Бірақ бұларды орындау үшін алған білімдерін түрлендіріп пайдалану керек.
        3 – деңгей Өз бетіндік жұмысты қалыптастыру мақсатында білім алушылар жаңа тақырып бойынша меңгерген қарапайым білімдерін жетілдіріп тереңдетеді. Жаңа білімді талдау, жинақтау, салыстыру арқылы меңгеруіне, қорытындылай білуіне жол ашылады. Бұл деңгейде ребус, сөзжұмбақ, анаграмма құрастырады.
        4 – деңгей Бұл деңгейде берілген тақырып бойынша өз бетімен жұмыс істеуге дағдыланады. Реферат, баяндама, өлең, жұмбақ, жаңылтпаш құрастыру тапсырмалары беріледі.
        Деңгейлеп оқыту, біріншіден, білім алушының жеке қабілетін анықтауға, екіншіден, білім алушылардың бір-бірінен қалмауына мүмкіндік берсе, үшіншіден, әр білім алушы өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады, төртіншіден, әр білім алушы өз деңгейімен бағаланады. 
     

  • Оқытуды ізгілендіру технологиясы
    Оқытуды ізгілендіру технологиясы (Таубае...

    18 слайд

    Оқытуды ізгілендіру технологиясы
        Оқытуды ізгілендіру технологиясы (Таубаева Ш.Т., Апатова Н.В.) шәкірттердің  рухани дамуын (қазақ тілінің мәдени-этникалық лексикасын, сөйлеу әдебі ерекшеліктерін, жағдаяттық қарым-қатынасты игеру), жеке тұлға ретінде қалыптасуын жүзеге асыруға бағытталады.
        Мысалы, 2-сынып Қазақ тілі сабағында “Сөйлеу мәдениеті” тақырыбын өту барысында “Телефонмен әңгіме” ойынында телефонмен сөйлесу мәдениетін үйрету мақсат етіліп, кім сыпайы әрі ұтқыр екенін бағалау көзделеді. Білім алушылардың өздеріне қай жұптың сөйлеу мәнері дұрыс шыққанын таптыруға болады.

  • Кубизм стратегиясы – кубик жасалынып, оның 6 қырына 6 түрлі тапсырма жазылады...

    19 слайд

    Кубизм стратегиясы – кубик жасалынып, оның 6 қырына 6 түрлі тапсырма жазылады. Мұғалім кубті ортаға тастап, қай қыры түссе, оқушы сол қырындағы тапсырмаға жауап береді.
    Білемін. Үйрендім. Білгім келеді. Бұл стратегияны 1984 жылы Чикаго университетінің профессоры Донна Огл шығарған. Оның мақсаты – таным үрдісінде рефлексивтілікті дамыту.
    Ол үшін төмендегі кестені толтыру керек.

    Білемін Үйрендім Білгім келеді

    Топтың мүшелерін дамыту мақсатында уақытты үнемдеу арқылы оқушылардың барлығын тыңдауға мүмкіндік береді. Кестені толтыру барысында ұсыныстар және жаңа ойлар қосуға болады.
    Концептуалдық дөңгелек стратегиясы кластерге ұқсас, бірақ мұнда бір шоқтан таралуы керек. Мысалы 2 сыныпта дүниетану пәні бойынша жүргізген « Бұлар қайдан шығады?» тақырыбында өткізген сабағымда «мал шаруашылығы» ұғымына осы стратегияны қолдандым:

    Бұл тәсіл оқушылардың назарын оқылатын тақырыпқа аударуға, сабақ жоспарын жасауға мүмкіндік береді.

  • «Ирек» стратегиясы. Оқушылардың танып білу қызметін арттыру үшін қолданылады....

    20 слайд

    «Ирек» стратегиясы. Оқушылардың танып білу қызметін арттыру үшін қолданылады. Мұғалім алдын ала мәтінді мағынасына қарай бөліктерге бөліп тастайды. Бүкіл сыныптағы оқушыларды топқа бөліп, әр топқа мәтін үзінділерін береді. Әр топ сынып оқушыларға, өздеріне берілген мәтіндерін түсіндіріп шығады. Мұндағы басты мақсат - әр оқушы осы тақырыпты түгелдей қамтуында. Осы орайда «Бұлар қайдан шығады?» тақырыбын топ бойынша бөліктерге бөліп тастап және интереактивті тақтадан жайлаудың суретін көрсету арқылы мәтін құрастыруына жол сілтедім.


  • Болжам» стратегиясы. Оқиға мазмұны арқылы баланы қиялдату, ойын, сыни көзқара...

    21 слайд

    Болжам» стратегиясы. Оқиға мазмұны арқылы баланы қиялдату, ойын, сыни көзқарасын дамыту, проблемалық мәселе туғызу.
    Осы орайда әр топқа тапсырмалар бере отырып қиялдауына еркіндік бердім. Оқушылар арасынан қиялы жүйрік бала дараланып шығатыны сөзсіз. Тапсырмалар мына тұрғыда жүргізілді.
    «Ботакөз» тобы – Бір сабақ жіпті тастай салмай қалай пайдаға асыруға болады.?
    «Жұлдыз» тобы – Киімді жіпсіз инесіз қалай пайдалануға болады?
    « Мерген» тобы – Кілтті құлыптан ашудан басқа не нәрсеге пайдалануға болады?

  • «Пікір алысу» стратегиясы. Оқушылар бір қорытындыға келетін мәселеге байланыс...

    22 слайд

    «Пікір алысу» стратегиясы. Оқушылар бір қорытындыға келетін мәселеге байланысты пікір таластырады, пайдалы, пайдасыз жақтарын шешеді. Белгілі тақырыпты алып, әлеуметтік өмірмен байланыстыру, өз көзқарасын дамыту, өзгені құрметтеуге үйретеді.

  • Әңгіме» стратегиясы. Өзіне - өзі есеп беру, көзқарасты дамыту, білімін анықта...

    23 слайд

    Әңгіме» стратегиясы. Өзіне - өзі есеп беру, көзқарасты дамыту, білімін анықтау, бағалау.
    Технологияны оқытуда басқа да стратегиялар белгілі: «Жұқа» және «қалың» сұрақтар стратегиясы, Кроссворд стратегиясы.
    Сонымен, сын тұрғысынан ойлаудың әдістемелік тәсілдерін оқу үрдісінде қолданғандағы маңыздылығы мынада:
    - мотивацияның артуы;
    - дербес іс - әрекеттің артуы;
    - ойлаудың белсенді болуы;
    - оқушылардың білігі мен біліктілігінің жан - жақты дамуы;
    - логикалық ойлаудың жүйелілігін меңгеру.
    Сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану нәтижесінде жеке тұлғаның қабілеттері жандана түседі және мынадай білім прагдимасы қалыптасады.
     
     

  • Сабақтың жоспары:
Психологиялық дайындық.
Ой ашар.
Үй тапсырмасын тексеру.
Жа...

    24 слайд

    Сабақтың жоспары:
    Психологиялық дайындық.
    Ой ашар.
    Үй тапсырмасын тексеру.
    Жаңа сабақ.
    І. Қызығушылықты ояту.
    а) Ой қозғау.
    ә) Өзіндік жұмыс.
    б) Түртіп алу ─ + ? v (INSERT)
    ІІ. Мағынаны тану сатысы.
    Топпен жұмыс.
    Бес жолды өлең.
    ІІІ. Ой толғаныс сатысы.
    Венн диаграммасы.
    Бағалау.
    Үйге тапсырма.

  • Венн диаграммасы. Бір-бірімен айқасқан екі шеңбердің екі жағына салыстыруға б...

    25 слайд

    Венн диаграммасы. Бір-бірімен айқасқан екі шеңбердің екі жағына салыстыруға берілетін объектілердің сипаттамалары жазылады. Ал айқасқан жерге екеуіне ортақ сипаттар тізіледі. Салыстыруға арналған тапсырмаларды осы диаграммаға салып, оқушылар қызыға толтырады, яғни салыстыру сияқты күрделі ойлау операциясын меңгереді.
    Біз жобадағы әдістердің тек бірнешеуін ғана сөз еттік. Қалғандары осы тақырыптар арнайы ұйымдастырылатын курс жұмыстарында талқыланады.
    “Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту” жобасында жұмыс жасауды бастаған мұғалімдер бұл сабақтар баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал ететіндігін атап өтсе, оқушылар оқудың (сабақтардың) қызықты, жеңіл өтетіндігін, ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі, әрі тиянақтылығы артатындығын баяндайды.
    Мектеп өмірінде мұғалімдердің аталмыш жобамен жұмысқа дейінгі және кейінгі кезеңін (аралығын) салыстыру оқушылардың оқуға деген ынта-ықыласының артқандығын, адами жақсы қасиеттердің қалыптасқандығын, мұғалімнің шыдамдылық, төзімділік сияқты сапаларымен қатар оқушылардың басқаны қабылдау, түсіну, сыйлауды үйренгендігімен сипатталады.
    Бүгінгі қоғамға, мектепке керегі де осылар.
    Оқытудың осындай жаңа педагогикалық технологияларын сабаққа ендіру бүгінгі таңда әрбір ұстаздың басты мақсаты болуы керек. Себебі, елімізге заман талабына сай қалыптан тыс ойлай алатын, шұғыл шешімдер қабылдай білетін, белсенді, шығармашыл азаматтар қажет. Сабақта тек білімділік мақсаттарды шешіп қоймай, балалардың жекелік қасиеттерін, қабілеттерін дамытудың жолдарын қарастыруда дәстүрлі оқыту мен дамыта оқытудың айырмашылығын салыстыру кестесі арқылы көрсетуге болады. Мұғалім бұл жүйемен жұмыс жасағанда, үнемі оқушы санасында болып жатқан өзгерістерді бақылап, оның дамуын жан-жақты зерттей отырып, өз сабақтарын соған сай өзгертіп отыруы тиіс. Әйтпесе, жаңа жүйенің құны болмайды.

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 669 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.11.2015 13521
    • PPTX 115 кбайт
    • 186 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Асылбекова Улжан Бактыбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Асылбекова Улжан Бактыбаевна
    Асылбекова Улжан Бактыбаевна
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 47810
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Использование нейросетей в учебной и научной работе: ChatGPT, DALL-E 2, Midjourney

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 610 человек из 77 регионов
  • Этот курс уже прошли 945 человек

Курс профессиональной переподготовки

Создание и обеспечение электронного архива с использованием информационно-коммуникационных технологий

Специалист по формированию электронного архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 36 человек

Курс повышения квалификации

Применение компьютерных моделей при обучении математике и информатике в рамках ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 50 человек из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 177 человек

Мини-курс

Управление проектами: концепции, практика и финансы

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Интегративный коучинг: от теории к практике

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 49 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Профориентация детей и подростков

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 36 человек
Сейчас в эфире

Консультация логопеда. Возможно ли продуктивно заниматься с дошкольниками онлайн?

Перейти к трансляции