Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Логопедия / Презентации / Презентация на тему "Табан және аяқ бұлшықетіне жаттығулар"

Презентация на тему "Табан және аяқ бұлшықетіне жаттығулар"

  • Логопедия

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы: Табан және аяқ бұлшықетіне

жаттығулар

Мақсаты: Табан және аяқ бұлшықетіне

жаттығулар жасауға үйрету


Дамытушылық: Майтабанның алдын алу және нерв талшыктарын босаңсыту

Тәрбиелік мақсаты: Денсаулық мәдениетін өзінің денсаулығы

үшін жауапкершілікті сезінуге тәрбиелеу


Пәнаралық байланыс: Ырғақ, дене тәрбиесі


Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Қатарға тұрғызу және Сәлемдесу сабаққа қатысқан балаларды журнал бойынша тексеру. Сабақтың мақсатын түсіндіру.

1. Балалардан емдік денешынықтыру,дене шынықтыру сабағыны қажеттілігін сұрау.

2. Балалардан денсаулық және спорт жайында қандай мақал -мәтел білетіндерін сұрау.

Жүру түрлері: Денені тік ұстап, екі қолды жоғары көтеріп аяқтың ұшымен жүру, екі қолды желкеге қойып өкшемен жүру, екі қолды белге қойып табан ішімен (пингвин секілді) жүру, екі қолды белге қойып табан сыртымен (аю секілді) жүру. Ізді жолмен жүру.

Бой жазу жаттығулары:

- Бас пен мойын бұлшық еттерін дамыту жаттығулары

- Иықты алға- артқа қозғалту жаттығулары

- Сиқырлы қалам жаттығулары

- Белді айналдыру жаттығулары

- Аяқты және тобықты айналдыру жаттығулары

- Терең тыныс алу жаттығулары


Көзге сергіту жаттығулары:

Қар жауды - басымызды жоғары қаратып екі саусақпен жоғарыдан бетімізге кезек-кезек қар жаудырамыз, бетіміздегі қарды алақанымызбен сүртеміз, оң қолмен сол иықтан саусақ ұшына дейін қарды қағамыз, сол қолымызды да қағамыз осы қимылдың барлығын көзіміздің қарашығын қозғалту арқылы жасаймыз. Денемізді сілкілейміз, аяғымызды қағамыз, қос аяқтап секіріп, орын ауыстыру.

Негізгі бөлім:

Жаңа тақырып:«Заттарды пайдалана отырып

жасалатын жаттығулар»

1. Таяқшаны қолға ұстап оңға, тік, солға иілу жаттығулары.

2. Таяқшаны қолға ұстап оңға және солға аяқты алмастыра қоя отырып, алға қарай тартылу жаттығулары.

3.Таяқшаны артқа қойып, шынтағымызды тірей отырып омыртқаны түзеу мақсатында оңға-солға бұрылу.

4. Таяқшаны екі қолмен көкірек тұсына келтіріп, терең тыныс алу арқылы алға қарай қолды созып жаттығуды жүзеге асыру.

5.Таяқшаны екі қолмен көкірек тұсына келтіріп, жоғарыдан төмен қарай көкірек тұсымызға жанай отырып, бұл жолы да терең тыныс алу.

Балалардан қазақтың қандай ұлттық ойындарын білетіндері жайлы сұрау.

Ойын: Ханталапай - шарты балалар үлкен шеңбер құрып отырады, мен ойын бастаушы болып, ортаға асықтарды шашамын кімде – кім бірінші болып қызыл түстегі хан асығын алса, сол жеңіске жетіп «Хан» атағын алады.

Асық ату – шарты он асықты алшысына қойып, бір қатарға тізіп қоямыз да 2 метр арақашықтықтан сақа асықпен сол асықтарды дәл көздеп құлату – бұл ойын баланың көзінеде мол пайдасын тигізеді.

Сиқырлы сандық - шарты ақ алаша төсеп, сол алашаның бір басына ішіне сыйлық салынған сандықты орналастырып, баланың көзін байлау арқылы сандыққа алаша бойымен беттетіп сол сандықтан оз қолымен алынған сыйлығының не екенін анықтап басқа оқушыларға айту, не екенін тапқан жағдайда сол сыйлыққа ие болады. Бұл ойын арқылы баланың сипап сезу, ойлау және тепе-теңдік сақтау қабілеттіліктерін арттырамыз..

Қорытынды бөлімі:

Сабақты қорытындылау.

Жасалған жаттығуларды үйде қайталау.

Ұйымдасқан түрде сыныптан оқушыларды саппен шығару.

5 «көру қабілеті бұзылған балалардың арнайы (түзету)

мектеп – интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі




.


Ашық сабақ







Пәні: Емдік дене шынықтыру


Тақырыбы: Табан және аяқ бұлшықетіне

жаттығулар

Өтілген күні: 27.02.2015ж


Сыныбы: 4 «б» сыныбы


Өткізген: Тажбан Клара Жақанқызы






Қызылорда қаласы 2015ж



Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 11.02.2016
Раздел Логопедия
Подраздел Презентации
Просмотров109
Номер материала ДВ-443587
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх