Инфоурок Другое ПрезентацииПрезентация на тему «Тіл білгірі» интеллектуальды сайысы

Презентация на тему «Тіл білгірі» интеллектуальды сайысы

Скачать материал

 

 «Тіл  білгірі» интеллектуальды сайысы

 

Мақсаты: Қазақ тілінде ауызекі тілде сөйлеу дағдыларын  әдебиет пәнімен ұштастыра отырып қалыптастыру арқылы өз тілін,туған жерін құрметтеуге тәрбиелеу, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру.

(Бұл интеллектуальды сайыс 7 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылады. Әр  топ төрт - бес оқушыдан  құрылады.. Әр топтың аты, топ басшысы болады.)

Барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Қымбатты  ұстаздар, оқушылар!  Бүгінгі  7 "б" сыныбы оқушыларымен өткізілгелі отырған «Тіл білгірі» атты сайысымызға қош келдіңіздер!

           Қазақ тілі - өте бай тіл. Ана тілінің күші мен құдіретін туған халқымыз әуелден-ақ бағдарлап, сөз өнерін барлық өнердің басы деп санаған. Сөз өнері –халық даналығының жемісі. Әдебиет –халқымыздың рухани өмірінің айнасы, ана тіліміздің өміршеңдігінің, ұлттығымыздың, халықтығымыздың белгісі. Олай болса,  бүгінгі сайыс барысында осы  қазақ тілі мен әдебиет  пәні  бойынша оқушыларымыздың ой-өрісін,білімдерін,ақылы мен ептілігін сарапқа салатын боламыз.

 

Сыныпты топқа бөлу. 

1-топ: Мұқағали Мақатаев

            Қалқам,

Мен Лермонтов, Пушкин де емен,

Есенинмiн демедiм еш кiмге мен,

Қазақтың қара өлеңi – құдiретiм,

Онда бiр сұмдық сыр бар естiлмеген.

           Түзу-түзу тілінген таспадайын,
Қамшы өремін таспадан басқадайын.
Қаламасаң қамшымды аулақ жүргін.
Қараша үйдің есігін ашпа, ағайын!

           Жат жердi жастанғанда жазатайым,

Қанымен жазды, мүмкiн, ағатайым.

...Қасиетiңнен, қара өлең, айналайын,

Қазақтың дәл өзiндей қарапайым.

          Ақынмын деп қалай мен айта аламын,
Халқымның өзі айтқанын қайталадым.
Күпі киген қазақтың ңара өлеңін,
Шекпен жауып, өзіне қайтарамын...

 

2-топ: М.Әуезовтың шығармасы

       Құрмаш қанша тәрбиелесе де, Көксерек ұрлық пен адал астың айырмасы не екенін ұға алмады.

       Құрмаш қасында болғанда таяқ жемейді. Бірақ ер жете бастаған сайын бұдан иесі көз жазып қала берді.

 

     Әлі күнге бір рет жадырап ойнап көрген емес. Татулық жоқ, суық. Жалғыз-ақ атын біледі. Құрмаш пен әжесі шақырса – келеді.

     Көзін ауылға келгесін екі күннен соң ашты. Жұрт асырауға көнеді десті. Кішкене Құрмаш «Көксерек» деп ат қойып алды. 

 

3-топ:  Абай Құнанбаев

             Өлең – сөздің патшасы сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы.

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

Теп-тегіс, жұмыр келсін айналасы.

             Ғылым таппай мақтанба,

орын таппай баптанба,

құмарланып шаттанба

Адам болам десеңіз.

             Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге

Кетігін тап та, бар қалан!

 

Топты таныстыру.

Біреу озса сайыста,біреу артта қалады,

Ренжімей тараса,озбағандар жарады.

Жарыс заңы ежелден-жеңімпазды анықтау,

Озат болу шарты сол-еңбектену,жалықпау, - дей отырып, сөз кезегін топ басшыларына береміз.

(Әділқазылармен  таныстыру)

-Әділ қазы, ақ қазыға сәлем бер,

Әділдікке бас иеді күллі әлем.

Жүйрік озар, сайыстарда неше бір

Сарапқа сал, әділдікпен шеше біл,- дей келе сайысымызды бағалайтын әділқазылар алқасымен танысыңыздар:  ...    

Бүгінгі сайысымыздың кезеңдерімен таныстырып өтейін:

І. Оқушылық деңгей. «Бәйге»

ІІ. Алгоритмдік деңгей. «Сөз тапқанға қолқа жоқ»

ІІІ. Ізденімдік деңгей. «Кейіпкерлер әлемі»

ІҮ. Шығармашылық деңгей. «Рөлдік ойын»

 

 Оқушылық деңгей. «Бәйге» кезеңі

-Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер,-деп сайысымыздың алғашқы  шарты  «Бәйге» кезеңін бастаймыз.

Бұл кезеңде сіздер 2 минут ішінде қазақ тілі пәні бойынша10 сұраққа жауап берулеріңіз керек. Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.

Бәйге кезеңін бастау үшін топ басшалары келіп жеребе суырып, кезегін анықтасын.

 

І-топ

1. «Сұлу» сөзінің синонимін табыңыз. (* Әдемі).

2. Жалғаудың түрлерін ата. (көптік, септік, тәуелдік, жіктік)

3. «Қап-қара,аппақ» сөздері қай шырайда қолданылып тұр? (Күшейтпелі шырай)

4. Есімшенің жұрнақтары? (-ған, -ген, -қан, -кен, -ар,-ер, -р, ма+с, -атын, -етін, -йтын, -йтін,     -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек)

5.         Қашан? Қалай? Қайтіп? Не үшін? деген қай сөйлем мүшесінің сұрақтары? (Пысықтауыш)

6.  Бес асыл істі ата (Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым)

7. «Қоян жүрек» фразеологизмінің мағынасын табыңыз. (қорқақ)

8. Мақалды толықтырыңыз: «Білім -теңіз...» (Мектеп- кеме)

9. Ұлы жүздің биі (Төле би)

10. Тіл сөзінің орыс, ағылшын тіліндегі аудармасы (Язык, language)

 

 ІІ-топ

1.         Көсемшенің жұрнақтарын ата? (-а, -е, -й, -ып, -іп, -п, -ғалы, -гелі, -қалы, -келі)

2. –мен, -бен, пен қай септіктің жалғауы? (Көмектес)

3. Тіл білімінің дыбыстық жағын зерттейтін сала? (Фонетика)

4. Қандай? Қай?  Қанша? Неше? деген қай сөйлем мүшесінің сұрақтары? (Анықтауыш)

5. Белгілі бір аймақта ғана қолданылатын сөздер тобы? (диалект сөздер)

6. Берілген сөйлемді дұрыс аяқтаңыз. 16 желтоқсан -... (Тәуелсіздік күні)

7. Жақтың қатысына қарай дауысты дыбыстар қалай бөлінеді?

8. Бес дұшпанды ата (Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)

9. «Қолы ашық» фразеологизмінің мағынасы (жомарт)

10. Астана сөзінің орыс, ағылшын тілдеріндегі аудармасы (столица, capital)

 

ІІІ-топ

1. Әліпбидегі таңбалар қалай аталады? (Әріп)

2. Сөздің әрі қарай бөлінбейтін, мағыналы бөлігі? (Түбір)

3. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері (бастауыш, баяндауыш)

4. «Жақсырақ, әдемірек» қай сөз табы? (Сын есім)

5. ҚР Елбасы Н.Назарбаев президент болып қай жылы    сайланды? (1991ж)

6. «Ит арқасы қияңда» фразеологизмінің мағынасы? (алыс)

7. Мақалды жалғастыр Жалқаудың жаны тәтті... (Еңбектің наны тәтті)

8. Кімнің? ненің? Қай сөйлем мүшесінің сұрақтары? (Анықтауыш)

9. Берілген сөйлемді дұрыс аяқтаңыз. 1-мамыр -... (Бірлік күні)

10. Ел сөзінің орыс, ағылшын тілдеріндегі аудармасы (Страна, country)

 

Алгоритмдік деңгей. «Сөз тапқанға қолқа жоқ»

Алдымен жеребе бойынша бұл кезеңді кім бастайтынын анықтап алайық.

Топ мүшелері кезегімен тақтадағы ұяшықтарды таңдап, қойылған сұраққа ұяшықтағы таңдалған әрібінен басталатын сөзбен жауап береді. 

(А,Ә,Б,Е,Ж,К,Қ,М,Н,О,Р,С,Т,Ү,Ш)

 

І-топ

1.Сен бүгін нешеде тұрдың?

3.Наурыз мейрамы қай айда тойланады ?

3.Сен қандай үйірмеге барасың?

4.Сен қай қалада тұрасың?

5. Бірінші сабақ нешеде басталады?

ІІ-топ

1. Сенің мінезің қандай ?

2. Қай көшеде тұрасың?

3.Анаңның аты кім?

4.Анаңа қандай сыйлық сыйлағанды ұнатасың?

5. Сыныпта неше оқушы бар?

 ІІІ-топ

1. Анаң қандай тамақ пісіреді?

2.Мерекелік кештерге кіммен барасың?

3. Досыңның аты кім?

4. Жазғы демалыста қалай демалдың

 

Ізденімдік деңгей. «Кейіпкерлер әлемі»

Әдеттегідей жеребе бойынша бұл кезеңді кім бастайтынын анықтап алайық.

Шартымен таныстыру.

Қима қағаздарда өткен сыныптарда оқыған шығармалардағы кейіпкерлер не ақын жазушының аты жазылған. Топтың бір оқушысы қағазды таңдап, ішінде жазылған кейіпкердің атын айтпай, кім екенін тобына түсіндіру.

1.         Абай Құнанбаев

2.         Қазыбек би

3.         Жиренше шешен

4.         Алпамыс батыр

5.         Алдар көсе

6.         Мұқағали Мақатаев

7.         Дулат Бабатайұлы

8.         Баян сұлу

9.         Бауыржан Момышұлы

10.       Қожанасыр

11.       Қарабай

12.       Ыбырай Алтынсарин

13.       Жамбыл Жабаев

14.       Махамбет Өтемісұлы

15.       Мұхтар Әуезов

 

Шығармашылық деңгей «Рөлдік ойын».

РАФТ стратегиясы бойынша қала әкімінің рөліне еніп, қала тұрғындарына арналған «2016 жылдан бастап...» деп басталатын бұйрық шығару.

Р –  қала әкімі

А – қала тұрғындары

Ф – бұйрық

Т – 2016 жылдан бастап...

 

Сергіту сәті: «Психогеометрия»- өзін - өзі тану. Шарты:

Оқушылар өзіңе ұнаған геометриялық фигуралардың кез - келгенін таңдауы тиіс. Әр фигура қандай да бір адам бойындағы қасиетті, қабілетті білдіреді. Әрқайсысымыз өзімізді танып көрелік.

Квадрат. Сенде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналана адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу және жүйелеу қабілетін баршылық. Сенен үздік администратор шығады

Зигзаг. Сенде әсемдікті көре білу қабілетін жоғары қалыптасқан, сондай - ақ шығармашылық қабілетін, ой - өрісін дамыған. Сенде табиғи өткіройлылық бар, өз айналана қабілетті адамдарды жинай аласын. Сені шаблондар, ережелер, нұсқаулар қызықтырмайды. Бастаған істі аяқтауға төзімділіктің жоқтығы бөгет жасайды.

Шеңбер. Сенде адамгершілік жоғары дамыған. Сен өз әріптесінді тыңдай аласың және оның қайғысы мен қуанышын бірге бөлісесін, басқаның ауарпатылығына жәрдемдесу қабілетін жоғары қалыптасқан. Саған жеке адамдар арасындағы кикілжіңдер тән емес, өзіңді олардан аулақ ұстайсың Сенен үздік психолог шығуы мүмкін.

Үшбұрыш. Саған басқарушылық қасиет тән. Өз көздеген мақсатына қол жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді жасайсың. Өзіңе сенімдісің және жеңіске, жетістіктерге, ұтыстарға оңай қол жеткізесің. Айтқаныннан шықпайсың, абыройлысың. Сен қоғамда, өмірде жоғары жетістіктерге қол жеткізесің, жұмысыңда жоғарыға көтерілуге бейімділігін бар.

 

Осымен сайысымыздың төрт кезеңі де аяқталды.

     Болмасын ешбір сын – өкпе,

     Әсері қалды жүректе.

     Қазылар берген бағалар,

     Ұштассын айтар тілекке!

  «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші бүгінгі сайысымызды таразылап, әділ бағасын береді деген оймен келесі сөзді әділқазылар алқасына береміз.

Демеңіз біз өнерді аяп келді,

Уақыт біраз жерге таяп қалды.

Көріскенше қош сау болып тұрыңыздар,

Осыменен сайысымыз аяқталды!

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Презентация на тему «Тіл білгірі» интеллектуальды сайысы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель ремонтной службы

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 855 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.01.2016 2921
    • DOCX 23.4 кбайт
    • 85 скачиваний
    • Рейтинг: 4 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Турымбетова Молдир Болатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Турымбетова Молдир Болатовна
    Турымбетова Молдир Болатовна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 13740
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 21 региона

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 281 человек из 66 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 457 человек из 66 регионов

Мини-курс

Интерактивные материалы на печатной основе

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 22 регионов

Мини-курс

Психоаналитический подход: изучение определенных аспектов психологии личности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективное создание и продвижение школьной газеты

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе