Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Доп. образование / Презентации / Презентация на тему "Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығы"

Презентация на тему "Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығы"

  • Доп. образование
Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығы 2016 жыл Т.Бигелдинов атындағы ЖОМ
Өмірбаяны Жабаев Жамбыл (1846-1945) – қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы,...
Жамбылдың өсіп-өнген топырағында ән-күй, ақындық –жыраулық өнер айрықша биік...
Осындай өнер бесігінде тербеліп өскен Жамбылдың ақындық дарыны жас кезінен а...
Жамбылдың ақын-жырау ретінде қалыптаса бастаған кезі Ресей отаршылдары – бір...
Жамбыл - әрі эпик, әрі айтыс ақыны; абыз жырау әрі жауынгер жыршы. Ол шын ма...
Жамбылдың қанатты шабытпен дүниеге келген шығармалары әлемнің ондаған тіліне...
Жылдар бойынша хронология 1937 жылы бүкіл еліміз Жамбылдың шығармашылық қызме...
Шығармалары Өлеңдер Атаның әлдиі Балаларға Балама хат Бесік жыры Жастық жыры...
Сараң бай мен жомарт кедей Малы көп бай жылайды қар жауғанда, Бәрін тастар ни...
Ленинградтық өренім 1941 жылдың басында «Кәрілік» атты өлеңінде «Босатып буын...
Ленинградтық өренім, Мақтанышым сен едің. Нева өзенін сүйкімді, Бұлағымдай к...
1 из 12

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығы 2016 жыл Т.Бигелдинов атындағы ЖОМ
Описание слайда:

Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығы 2016 жыл Т.Бигелдинов атындағы ЖОМ

№ слайда 2 Өмірбаяны Жабаев Жамбыл (1846-1945) – қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы,
Описание слайда:

Өмірбаяны Жабаев Жамбыл (1846-1945) – қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы. Туған жері – Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының етегі. Топырақ бұйырған жері – Алматы облысының Ұзынағаш елді мекені. Шыққан тегі – Ұлы жүз Шапырашты тайпасының ішіндегі Екей руы. 

№ слайда 3 Жамбылдың өсіп-өнген топырағында ән-күй, ақындық –жыраулық өнер айрықша биік
Описание слайда:

Жамбылдың өсіп-өнген топырағында ән-күй, ақындық –жыраулық өнер айрықша биікке көтерілген. М. Әуезовтың «қазақ халқында ерекше дамыған айтыс өнері ХІХ ғасырдан бергі жерде өзге жерлерде саябырсып, Жетісу, оңтүстік өлкелерінде шоғырлана бастайды» деуінде үлкен тарихи себеп бар. Біріншіден, Қазақстанның өзге өңірлерін ертерек шарпыған отаршылдық ел ішінің дәстүрлі қалпына өктемдігін жүргізіп, шырқын бұзып үлгергенде, Жетісу алабы әзірше қағаберісте еді. Екншіден, бұл өңірдің ертеден тамырын тереңге жайған өнерпаздық дәстүрі шын мәнінде ХІХ ғасырдан бергі жерде айрықша биік өреге көтеріліп еді. Осы кезеңде Жетісуға сонау Арқадан ұлы Абайдың келуі, Біржан, Шашубай, балуан Шолақ сияқты дауылпаз әнші-ақындардың келуі, Таластан – Жалайыр Түбектің келуі, оңтүстіктен – Майкөт пен Майлықожаның келуі, Атыраудан – Құрманғазының келуі, сөз жоқ, ең алдымен олардың алыстан жаңғырығы жеткен ұлы өнер мектебіне деген ұмтылыстарына байланысты еді.

№ слайда 4 Осындай өнер бесігінде тербеліп өскен Жамбылдың ақындық дарыны жас кезінен а
Описание слайда:

Осындай өнер бесігінде тербеліп өскен Жамбылдың ақындық дарыны жас кезінен ақ таныла бастаған . Ол бозбала шағының өзінде ақ өскен ортасын ән мен жырға кенелтіп, тіптен көршілес қырғыз еліне де даңқы жайылып үлгерген. Осы кезде өрттей жалындап, жұрт аузына іліккен жас Жамбыл Жетісудың дүлдүл ақыны Сүйінбайға жолығып, оның арқалы өнеріне құныға ден қойып батасын алады. Мұнан әрі жал –құйрығы сүзілген жүйріктей арындап, сол кездегі Айкүміс, Бақтыбай, Сары, Сарбас, Досмағанбет, Шашубай, Құланаян Құлманбет сияқты ақындықтың жылжыған жорға, жылмиған жүйріктерімен айтысқа түскен Жамбыл ұдайы шоқтығын асырып отырған. Бұлар ғана емес қырғыздың Балық, Тыныбек, Қалығұл, Найманбай, Қатаған, Арыстанбек, Сағымбек сияқты ақын-жырау, манасшылармен өнер өрелестіріп, қырғыздың көл-көсір поязиясынан тағылым алады, ақындық өнерін одан әрі шыңдай түседі. Жамбыл енді ақындық суырыпсалмалық өнеріне қоса «Көрғұлы», «Шаһмардан» сияқты жыр-дастандарды апталап-айлап жырлап, ақындық жыраулық өнерін соны қырымен таныта бастайды.

№ слайда 5 Жамбылдың ақын-жырау ретінде қалыптаса бастаған кезі Ресей отаршылдары – бір
Описание слайда:

Жамбылдың ақын-жырау ретінде қалыптаса бастаған кезі Ресей отаршылдары – бір жағынан, Қоқан хандығы – екінші жағынан, жергілікті жандайшаптар- үшінші жағынан қазақ халқын әлеуметтік саяси қыспаққа алған шақ еді. Жаны сергек, санасы өрелі Жамбыл өзінің «Шағым», «Жылқышы», «Шәбденге», «Сәт сайланарда», «Өстепкеде», «Патша әмәрә тарылды», «Зілді бұйрық» сияқты өлеңдерінде елдің әлеуметтік саяси өмірін ақындық шыншылдықпен азаматтық жауапкершілікпен бедерлейді. Жамбыл Қазан төңкерісінен кейінгі елдің саяси-әлеуметтік өміріндегі тарихи өзгерістерге үлкен үмітпен ден қояды. Оның «Туған елім» атты толғауы 1936 жылы жарық көріп, онан соң орыс тіліне аударылған нұсқасы «Правда» газетінде жарияланып, қарт ақынның даңқы бүкіл әлемге жайылды. Халқына қадірі артып, даңқы өрлеген Жамбыл, шабыт тұғырына қонған Алатаудың ақ иық қыранындай, жыр нөсерін селдетеді. Оның 1936-1945 жылдар аралығында шығарған жырлары 13 мың тармақтан асады екен. Ол ел өміріндегі табыс пен жаңғыруларды, жеңіс пен ерлік істерді ерекше шабытпен жырлайды. Шағын жыр-толғаулар ғана емес, оның қарт көкірегінен «Өтеген батыр», «Сұраншы батыр» сияқты эпикалық туындылар қайта жаңғырып ақтарылады.

№ слайда 6 Жамбыл - әрі эпик, әрі айтыс ақыны; абыз жырау әрі жауынгер жыршы. Ол шын ма
Описание слайда:

Жамбыл - әрі эпик, әрі айтыс ақыны; абыз жырау әрі жауынгер жыршы. Ол шын мағынасындағы биік парасатты өнерпаз, азаматтық саяси поэзияны қалыптастырушы. Жамбылдың ұлылығы оның тек ақындық шеберлігімен ғана емес, сонымен бірге халық поэзиясының бұтақ жайған жаңа бір бәйтерегі болуымен, басқаша айтқанда , халық ақындарының жасампаздық рухтағы жаңа ұлы көшін бастаған даралығымен де өлшенеді. Оның сөздері ұранға айналып, өзі халық поэзиясының атасы аталды. Ол жыраулардың байтақ эпикалық дәстүрін, қазақ сөз өнеріндегі ғажайып импровиза-циялық үрдісті бүтіндей жаңа арнаға бұрып, оған жаңа мазмұн дарытты. Жамбыл – ізгілік жолындағы азатшыл азаматты нәсіліне, ұлтына бөлмеген шын мәніндегі интернационалист ақын. «Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан секілді. Оны жинап алып халқының қолына беру – біздің әрқайсымыздың азаматтық борышымыз» - деген еді Сәкен Сейфуллин. Жамбыл - жырдың толассыз бұлағы, өшпес өнегесі, тозбайтын асылы. Ол жасампаз ұрпақпен сырласындай, қимасындай мәңгі бірге жасай береді.

№ слайда 7 Жамбылдың қанатты шабытпен дүниеге келген шығармалары әлемнің ондаған тіліне
Описание слайда:

Жамбылдың қанатты шабытпен дүниеге келген шығармалары әлемнің ондаған тіліне аударылып дүние жүзіне тарады. Жамбыл көзінің тірісінде ақ КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағын алып, өзінің де, халқының да даңқын дүйім дүниеге паш етті. Жамбыл бейнесі қазақ өнерінің барлық түрінде, барша жанрында шабытпен бедерленіп, ұлттың рухы биік ұлы тұлғасы екенін әйгіледі. 1945 жылы 22 маусымда Жамбыл дүние салды. 1946 жылы февральда Қазақстан жұртшылығы даңқты ақынның жүз жылдығын салтанатпен атап өтті. Мерейтойына қарай ақынның таңдамалы шығармаларының академиялык жинағы орыс және қазақ тілінде басылып шықты. Жамбыл Жабаев Ленин орденімен, Еңбек Қызыл Ту және «Құрмет белгісі» ордендерімен наградталған.

№ слайда 8 Жылдар бойынша хронология 1937 жылы бүкіл еліміз Жамбылдың шығармашылық қызме
Описание слайда:

Жылдар бойынша хронология 1937 жылы бүкіл еліміз Жамбылдың шығармашылық қызметінің жетпіс бес жылдығын аталып өтілді. Бұл күндері халық ақыны дүние жүзінің көптеген озат қайраткерлерінен құттықтау телеграммалар алды. 1941 жылы Жамбылға мемлекеттік сыйлық берілді. Ұлы Отан соғысы күндерінде Жамбыл өзінің өлеңдерінде Кеңес Социо-листік Республикалар халқын Отанды қорғауға, еңбектегі ерлікке шақырды. Совет адамдарының батырлығын, КСРО халықтарының мызғымас достығын жыр етті. 1943 жылы майданда Жамбылдың ұлы Алғадай қаза тапты. Бұл жөнінде ақынға хабар жеткенде, ол біраз үнсіз отырып барып, қайғылы хабарға өлеңмен жауап берді. 1945 жылы 9 мамырда айтылды. Бұл неміс фашистерін біздің халқымыздың қаһармандықпен жеңгендігіне арналған еді. Жүз жасқа небары бірнеше ай қалғанда, 1945 жылы 22 маусымда Жамбыл қайтыс болған. 1946 жылы ақпанда Қазақстан жұртшылығы даңқты ақынның жүз жылдығын салтанатпен атап өтті. Юбилейіне қарай ақын-ның таңдамалы шығармаларының академиялык жинағы орыс және қазақ тілінде басылып шықты. Жамбыл Жабаев Ленин, Еңбек Қызыл Ту және «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған.

№ слайда 9 Шығармалары Өлеңдер Атаның әлдиі Балаларға Балама хат Бесік жыры Жастық жыры
Описание слайда:

Шығармалары Өлеңдер Атаның әлдиі Балаларға Балама хат Бесік жыры Жастық жыры Жаңа жыл Жаңа жыл сәлемі Жеңіс жырын сайраңдар Жүз жасаған жүректен Ленин Ленинградтық өренім Шәкірт балаларға Октябрь толғауы Сәлем саған комсомол Сыйлық Туысқан ел Чапай Халық туысқандығы Өнердің өсуі есік жыры Айтыстар Жамбыл мен Айкүміс Жамбыл мен Құлманбет Жамбыл мен Шашубай Жамбыл мен Досмағанбет Дастандар Өтеген батыр Сұраншы батыр Көрұғлы Бақ, дәулет, ақыл

№ слайда 10 Сараң бай мен жомарт кедей Малы көп бай жылайды қар жауғанда, Бәрін тастар ни
Описание слайда:

Сараң бай мен жомарт кедей Малы көп бай жылайды қар жауғанда, Бәрін тастар ниеті малға ауғанда. Жерден алтын тапқандай кедейлер жүр, Әйелі шелек толы сүт сауғанға. Малы көп бай ертемен жейді қаймақ, Қой шығарып, кедей жүр қозыны айдап. Ең болмаса, айранға тойғызса деп, Жатса, тұрса, тілейді «а, құдайлап». Сараң байдың үйіне қонақ келсе, Қояды кәрі қойын ол ыңғайлап. Кедей жомарт үйіне мейман келсе, Жалғыз қойдың тұрады басын байлап. Бай жалтаң, кедей калтаң, халық дархан, Көп жердің дәмін таттық сыбай-салтаң. Елімнің азаматын таныс қылған, От жырым, қызыл тілім, сенің арқаң!

№ слайда 11 Ленинградтық өренім 1941 жылдың басында «Кәрілік» атты өлеңінде «Босатып буын
Описание слайда:

Ленинградтық өренім 1941 жылдың басында «Кәрілік» атты өлеңінде «Босатып буынымның шегелерін, Сыпырып тұла бойдан күшімді алды» деп кәрілікке мойын бере бастаған ақын 15 республикадан құралған мызғымас Кеңестер Одағына фашистік германия тұтқиылдан шабуыл жасағанда қаламын қолға алып, қайтадан қайраттана, жігерлене түсті. Бұл тұста Жамбыл ақын жауға қаламмен қарсы шығып, «Ата жаумен айқастық», «Өлім мен өмір белдесті», «Ленинградтық өренім!», «Москваға», «Аттан, батыр, ұрпағым», «Кеңес гвардеецтеріне», «Кеңес жауынгерлеріне», «Майданға хат», «Сыйлық», «Тырналар қайтты көріңдер», «Отан әмірі», «Алынбас қамал», «Балама хат», «Воронеж батырларына», «Ленин өреніне», «Қамал бұзған қаһарман», сынды әрбір өлеңін жауға оқ етіп жаудырды. Өмір мен өлім белдескен шақта ақын қуатты жырларымен кеңес жауынгерлеріне жігер берді. Оның жырлары жыл құсындай болып майданға аттанды. Жауынгерлерге Ленинград, Москва, Сталинград сынды ірі қалаларды жау қолына бермеңдер деген ақын жырларында өршілдік рух басым. Кеңес жауынгерлеріне қайратына қайрат, жігеріне жігер қосқан өлеңдерінің ішінен «Ленинградтық өренімді» ерекше атауға болады:

№ слайда 12 Ленинградтық өренім, Мақтанышым сен едің. Нева өзенін сүйкімді, Бұлағымдай к
Описание слайда:

Ленинградтық өренім, Мақтанышым сен едің. Нева өзенін сүйкімді, Бұлағымдай көремін… Жауда қалып Ленинград, Жаралған жоқ көнгелі! — Жасағамын өмірді Жау біткенді жеңгелі; Ұрпаққа үлгі болыңдар, Заманымның өрнегі! Ата-бабаң баяғы Аян еді Жамбылға; Қарсы аттанды жауға жұрт, Көтерілді қалың ел. Жау батпаны жатыр деп, Қайысқан жоқ біздің бел. Келген жауды түйіліп. Жеңген едің бұрын да Жау сүйегі үйіліп Қалған өзен, қырында. Уа, қаһарман, өренім, Мақтанышым, беделім!.. Қаласындағы Лениннің Сайып қыран, өренім! Ұлы Отан соғысы жылдарында патриоттық рухта жазылған толғаулары үшін КСРО Халық Комиссарлар кеңесі 1941 жылы Мемлекеттік сыйлық берді.

Автор
Дата добавления 08.02.2016
Раздел Доп. образование
Подраздел Презентации
Просмотров942
Номер материала ДВ-427448
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх